ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
ЖАНСҮГІРОВТІҢ шығармашылығы
ЖОСПАР
К І Р І С П Е
І ТАРАУ. І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ-
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
ІІ ТАРАУ. І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ ОРЫС
ӘДЕБИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
К І Р І С П Е
Қазақ әдебиетінің дарынды тұлғаларының бірі – Ілияс Жансүгіров кеңес
дәуіріндегі сөз өнерінің барлық жанрына мол үлес қосты. Ұлттық әдебиетке
ақындық қуатпен де, кең тынысты проза мен мол арналы драма арқылы да рухани
олжалар әкеліп, адам мен оның іс-әрекеттерін, халық өнерпаздарының таланты
мен тағдырын, т.б. реалистік үлгіде бейнеледі. Сондай-ақ, революция
туғызған уақыт шындықтары, халық өміріндегі өзгеріс-құбылыс пен әлеуметтік-
рухани талаптар ақынның Арыным өлеңінде:
...Тапсыз, тату, мерекелі өнерлі,
Ел жасаймыз, еңбегіне қуанған, - деп айқын да бедерлі берілген.
І.Жансүгіров халық поэзиясының озат үлгілерімен сусындады да, кейін
дүниежүзілік әдебиеттің өнегелерін пайдаланып, талантын кең дамытты. Оның
творчествосында халықтың шешен, төкпе жырларының жаңа заман талабына сай
жаңартылған нұсқалары мол.
Ол лирикалық-философиялық поэма үлгісін туғызды. Сюжетті поэмаларының
өзін өмір шындығының қат-қабат, шытырман күйлерін тереңдей барлайтын
ойшылдыққа құрды.
Дала поэмасы – Ілияс жаңашылдығының тамаша көрінісі болды. Қазақ
халқының әр кезде бастан кешкен тарихи жырларының жаңаша жасалған жиынтығы
еді ол. Егер халық өмірінің ертедегі ауыр күйлерін бейнелейтін жырлар
шағын, нақты бір дәуір үлгісінің эпизодтық бейнесін көрсетсе, Ілияс
поэмасында тарих дамуы әр дәуір шындықтарымен ауыстырылып, тұтаса келе
үлкен эпикалық тыныс танытады. Осының негізінде ақын бүкіл даланың
өзгерісін бейнелейді, оның тарихтық-философиялық образын жасайды.
Ақын мұрасының ең қымбат үлгілері – оның өнер тақырыбына жазған
поэмалары болса, бұларда да ол жаңашыл ақын есебінде қазақ поэзиясын өзгеше
үлгілермен байытты.
Күйші поэмасы қазақ ақынының өлеңмен жазылған роман деуге боларлық
шытырман характерлерді терең берілген сезім күйлерімен ашқан осы еңбегінде
ұлылықтың да, шындықтың да тамаша сипаты бар.
Күй поэмасындағы Молықбай күйінің рухани күшінен де, Құлагердегі өз
заманының ауыртпалығын арқалап, дүние пәндешілгінен биік тұрған Ақан
тұлғасынан да Ілияс ұлылықтың сипаттарын таниды.
І.Жансүгіров қаламынан туған халықтық күй сарындарының эпикалық суреті
қазақ поэзиясындағы тың үлгілердің қатарына жатады. Ақын бұларда күй
тудырған оқиғалар мен соларды баяндаған кездегі домбыра ырғағын, сарынын
поэзия тілінде шебер суреттейді. Оның бұл саладағы суреткерлік еңбектері
біздің ұлттық поэзиямызда өз алдына мектеп дерлік.
Ілияс эпикада да, лирикада да терең ойдың, үлкен сезімнің, ұшқыр қиялдың
ақыны болды. Оның поэзиясы әрқашан жүректен жарып шыққан сезімнің шыншыл
күйін бейнеледі.
Айқын ой, биік мұраттар І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылық мұрасына
халықтың өткен тарихы мен тағдырын, тұрмысы мен дәстүр-өнегелерін, ел
ардағы - өнерпаздар өмірін көркем де шындық сипатта суреттеуге негіз болды.
І ТАРАУ. І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ-
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
І.Жансүгіровтің поэзиясына тән халық әдебиетінің үлгілері, эпостық
серпін, ой мен сезім тұтастығы поэма жанры арқылы да кең арна алады.
Әсіресе, ақын поэмаларынан ел өмірінің өткен тарихы, күрделі тұлғалар
тағдыры, басқа да әлеуметтік-қоғамдық жәйттер кең жоспарлы, мол арналы,
сюжеті қызық та ширақ өріс алады. Алайда, маңызды тақырып, сюжетті желіге
құрылған бірсыпыра поэмалары (Мақпал, Көбік шашқан, Исатай)
аяқталмаған, келесілерін (Рүстем қырғыны, Байкал) ақын бас-аяғын жұп-
жұмыр қалпында жариялап үлгермеген. Мұндайда әрине, сырттан тон пішу қиын.
Оның үстіне таланттардың шығармашылық шеберханасына тән құбылыс екені анық.
Мақпал поэмасының тақырып ауқымы мен оқиға өрімінен көлемді туындының
табиғаты танылады. Поэма мазмұны әдебиет тарихында кездесетін, нақтырақ
айтсақ Ұзақ пен Балтаның қарсы құда болуы, Мақпал мен Шабданбектің дос-жар
жүріп, байланыстары, сүйіспеншілікке ұласуы, қызық тұрмысының ауыр сәттері,
әйел теңсіздігі т.б. мәселелерден қоғам жәйі, адам мен уақыт арасындағы
қатынас едәуір көрінеді. Кей тұстары халық әдебиетінің сюжеті Қозы Көрпеш
– Баян Сұлудағы Қарабай мен Сарыбайдың арасындағы қатынастар, классикалық
мұралар (Бозжігіт, Шаһмаран, Шәкір-Шәкірат, т.б.) мен Шығыс
хикаяларының желісіне құрылған қазақ дастандарының (Мұңлық-Зарлық, Ләйлі-
Мәжнүн, Таһир-Зуһра) үлгі-үрдістері де танылады. Алайда, әлеуметтік
теңсіздік сыры, адам портреті мен оған психологиялық мінездеме беру,
көркемдік амал-тәсілдер жүйесінің талап деңгейінен көрінбегенін айту ләзім.
Рүстем қырғыны - қазақ халқы өміріндегі жаугершілік кезеңді – қалмаққа
қарсы күресті, феодалдық дәуірдің кертартпа көріністерін суреттеуге
арналған. Қазақ пен қалмақ арасындағы қақтығыстар азаттық, тәуелсіздік
жолындағы күрес болса, рулық кезеңдегі адамға, малға байланысты күрес,
тартыстар ескілік көзқарасты, соның сарқыншақтарын танытады. Әсіресе,
Үйсін мен Найман рулары арасындағы қақтығыс, адам тағдыры, ел намысы
т.б. сын тезіне түседі. Төре Рүстем ұрыстың батыры боп үмітінен үрейі
басым аз ауылға ойран салады. Барымта, дау-жанжал, адам өліміне жол
беріледі. Үйсіннің төресі Рүстем қарсы рудың үлкен-кішісін, бала-шағасын
еркінен тыс азапқа салып, аяусыз қырады. Поэмадағы:
Келгендер бітім іздеп Рүстемге,
Қапыда қолға түсіп болды пенде.
Сыпырып атын, тонын жалаңаштап,
Масқара қылды әбден әйгілі елге, - дегендей жолдар төре
болмысын, іс-әрекетін аңғартады.
Автор Рүстем қаталдығы мен озбырлығын кезеңнің шындығы, рулық дәуірдің
элементі ретінде көрсетеді.
Бұдан басқа Кәмпесе, Мәйек, Жаңа туған секілді поэмаларда қыр
өмірінің тынысы, ұжымдық еңбекке көшудегі халық санасы, 1930 жылдар
шындығы суреттелінеді.
Осылардың ішінде өзіндік идеялық-көркемдік ерекшелігімен Кәмпеске
поэмасы дараланып тұр. Бұл шағын туындыда автор Мұқан байдың
кәмпелескеленген сәттегі көңіл-күйін, психологиялық күйзелісін суреттейді.
Комиссия келіп, малы алынып, дүние-мүлкі ортаға түсіп, төрт құлақты
бейітке апарып көмген жерінен жамбы, тай тұяқ алтындарынан айырылған, ақ
ордасының ойраны шыққан жуанның қайғысында шек жоқ. Ақын ауыз
әдебиетіндегі жоқтау өлеңнің формасын сәтімен пайдаланады. Мұқанның
бәйбішесі Ұлжан дүние-жиһазын кедей-кепшікке алдырып, су төгілмес боз
жорғасын кедейлер мініп, шарасы шайқалып, сабасы тілінеді, бәйтерегі
құлаған соң зар илеп, запыран құсады. Соры қайнап, сорпасы төгіледі. Содан
кейін көкайыл бәйбіше аруаққа, ата қонысқа, туған топыраққа лағынет айтады.
Коллективтендіру тақырыбына арналған екінші бір шығармасы Мәйек деп
аталады. Туынды лирикалық кейіпкердің алыста қалада жүріп, қырды сағынып,
далаға шығуынан басталады. Қуаң шөлге гүл өнген, түтіні бұлықсыған,
Түрксіб орнаған, еңбек дабылы кернеген дала суреті көз алдына келеді. Араға
он үш салып, өз ауылына келгенде ақын көп өзгерісті көреді. Бұдан кейінгі
әңгіме еңбекте шынығып өскен ел азаматы Қалабай аузымен айтылады. Тағдыры
тас, тар заманда жүдеп-жадап, тозып, тентіреген ауылдың баласы Түрксіб
жолы салынғаннан кейін елге қайта қосылып, ес жинай бастайды.
Бір ауылдың өзгерістерін, жаңару, қайта құрылу тарихын баян етіп,
тебірене толғап отырған Қалабай әлеуметтік тартыстан, тап күресінен
хабардар, саяси сауаты бар шаруа. Оралға жер аударылған жуандар,
кедейлердің ішіне кірмек болған бай тұқымы Бейсембектің сырын жария етеді.
Кедей-кепшік, әр рудан құралған жоқ-жітік ішінде жесір қатын Шәлипан мен
жетім бала Қалқаман да бар, олар бас біріктіріп, Мәйек атты колхоз
құрастырады. Ұжым болып жұмылып егін егу, оны ору, жинау, машина, тракторды
пайдалану, бір жерден орталық салу – осының бәрі жаңа заман белгілері,
өсіп-өркендеу кепілі ретінде баян етіледі. Шығарманы коллективтендіру
жолына түскен қазақ шаруасының монологы, толғау сыры деп бағалауға болады.
Қазақстандағы коллективтендіруге арналған шығармасы Жаңа туған.
Жыршыдан деп аталатын кіріспеде қазақ даласындағы өзгерістер, шаруалардың
ұжымдық еңбекке жұмылуы айтылады. Әуелі жеті үйдің басын қосып артель,
артынан Талап колхозы болғандығы баяндалады. Әбжан есімді жігіттің еске
түсіруі арқылы колхоз құруда кездескен қиындықтар, асыра сілтеу, қылмысты
әрекеттер, ақыры жұртты ашықтыруға дейін апарған авантюристік қылықтар
көрсетіледі. Борсықбай секілділердің Сиырыңды сойып ал, сорпасына тойып
ал деген уағыздарының ақыры неге соққанын ақын жасырмайды. Ал Жылысбай
секілді белсенділер: Бір мен үшін ел құрбан болса-дағы қайғырман, Қалсаң
аман-сөгістен деген принципке түскен. Малдан айырылған шаруалардың
еріксіз сорлы болып, боранда, жол бойында аштан өлуін ақын трагедиялық
суреттер арқылы, әсіресе Әли бейнесі арқылы береді. Басшылық өзгеріп,
елге көмек берілген соң, жұрттың қайта көтерілуі, колхоз дамуы еңбек
көріністерін, қырмандағы қимылды суреттеумен беріледі. Колхоз тойы, бәйге
алғандарға жеке-жеке мінездеме шығарманың оптимистік идеясын көтеріп
тұр.
Азамат соғысы кезеңінің бір эпизодына арналған Кеңес атты шағын
поэмада дұшпанмен күрес үстінде өлген Есім деген жігіттің әйелі Нұрайша
жалғыз ұлды тәрбиелеп өсіреді. Сол ұл үлкен кеңеске кеп отыр. Өзінің аты
да – Кеңес, жұмыс істейтін колхозының аты да - Кеңес. Сөйтіп, ақын
Кеңес сөзіне символдық мән береді.
Ал, Жарық пен Исатай - елдік пен ерлік сипатты, жеке адамның
қасиетін ардақтауға негізделген. Жарық - челюскиншілердің ерлік істерін
әспеттеуге арналғанымен адамдардың типтік тұлғасы, көркемдік шешімі әлсіз
шыққан. Баспасөз беттерінде кезінде поэмадағы оқиғалардың үстірт,
документті-хронологиялық шежіре сипатында шыққаны жөнінде М.Әуезов,
Ә.Лекерұлы, Е.Ысмайылов т.б. пікірлер айтқан.
Исатай поэмасына белгілі Нарын қозғалысындағы еркіндікті, азаттықты
аңсаған оқиға негіз болған. Исатай төңірегіндегі шаруалардың топтасуы,
ортақ жауға деген ашу-ызалары мен хан тұқымынан шыққан Қарлыға арасындағы
сүйіспеншілік, еркіндікке ұмтылулары сендіреді. Автор Исатай бейнесін
төңірегіндегілердің ауыз бірлігін ортақ жауға өшпенділіктері арқылы нанымды
ашады.
Байкал поэмасы Сібір халықтары арасында кеңінен тараған аңыз желісіне
жазылған. Поэма оқиғасы Байкал есімді қатал шал мен оның қыздары
төңірегінде өтеді. Мазмұнынан аңғарылатындай, Ангара атты қыз Енисей деген
жігітке ғашық болады. Байкал оларға қарсылығын араларына тау-қорған қойып
білдіреді. Ангара басындағы ауыр жайды Бұлақ сіңлілеріне айтып, солардың
көмегімен жол тауып Енисейге қосылып, Байкал көлінің дауылды сәттерін
ақын адам өмірінің жастық сәтімен, өмірдегі, отбасындағы көзқарас, тіршілік
тынысымен аңыз негізінде жеткізеді. Мазмұны тартымды, сюжеті қызық,
әсерлі оқылатын бұл поэма – махаббат тақырыбын сәтті суреттеуімен, танымдық-
тағылымдық тұстарымен мәнді.
Негізінен алғанда, жоғарыда еске алған поэмалар қазақ ауылының өмірін,
ондағы таптық тартысты, жаңа дәуір адамының ой-санасын, елдік пен ерлік
жолындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістерді танып-таразылауда берер
дерегі, рухани нәрі мол.
Дала поэмасы – Ілияс Жансүгіровтің тақырыбы маңызды, идеясы айқын, ал
көркемдігі алуан үлгіде көрінетін тағылымды туындылардың бірі. Шығарманың
негізгі тарауларынан ақынның өмірлік, тарихи материалды сәтімен беру үшін
іздеп тапқан өзіндік жаңа көркем форманы айнымай, дәл ұстанып отыратынын
көреміз. Уақыт жағынан екі ғасырды қамтитын поэма ұлы даланың сыры мен
мұңын, қазақ халқының даму тарихының бел-белестерін шабытты сәтпен де,
мазмұндық-көркемдік үйлесіммен де, ең негізгісі нақты оқиға-көріністер мен
бейнелі образ, тартымды тіл, ой-сөз жүйелерімен ден қойғызады.
Ақын поэманың Арнау бөлімінде:
Жүрегім, жырым, сенікі,
Кеңесті далам, кең далам,
Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам – анам, мен балаң.
Туған, өскен, есейген,
Еңбек тулы - ел балаң.
Бұрынғы өткен күніңді,
Берейін жырлап елге, анам,
- деп кейінгі жерде айтылар мақсат, мұраттарын қысқа да көркем үлгіде
береді. Сайын даланың сыры мен мұңын, қазына-байлықтарын, қоғам байлығы –
адам орнын да көркем, кестелі өрнектейді.
І.Жансүгіров Дала поэмасы арқылы поэзиямызда кеңес дәуіріне дейінгі
қазақ өмірінің тарихын жырлайды. Автор тарихшалдың көзімен әр тарауда
(Ақтабан, Құл көгені, Құрбандық, Сандал, Толқын, Бостандық
т.б.) ел өміріндегі елеулі оқиғаларға назар аударып, зор маңыз береді.
Әсіресе, Бұл не дыбыс, не сарын?, Бұл қайнаған неткен күш?, Мынау
дүбір не дүбір, Әлде ұлы той, әлде топ? секілді ортақ сауалдарға тарих-
шалдың көзімен қарап, ұлттық тарихымыздағы әйгілі Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама оқиғасының зардап-зиянын, Боз даланың қос құты - Сыр мен
Шу өңіріндегі қанқұйлы қақтығыстар, Алатау мен Еділдегі адам төзгісіз
қанішерлік оқиға мен аты – қазақ, заты – құл шал, кемпір, қыз бала
тағдыры, жетім-жесірлердің зары мен наласы нанымды да жүйелі жеткізіледі.
Сондай-ақ, патшаның тақтан түсуі, Қазан төңкерісінің көсемі – В.И.Ленин
мен жаңа дүние жұлдызы - Ә.Жанкелдин бейнелері тарихи шындық ретінде
суреттелінеді. Автор қазақ халқы тарихындағы болған оқиғаны, әлеуметтік
жағдай мен саяси тартыстарды әр алуан көркемдік тәсілдермен баяндап, уақыт
сырын әсерлі, нанымды сөз етеді.
Поэманың Алло! Алло, Баяндама, Той бастау тарауларында:
Үн келгендей даладан,
Мерекелі дүбірдей,
Ойдан, қырдан, қаладан,
- деп қазақ жеріне тарап жатқан жеңіс жырын, теңдік сырын терең
тербеніспен, жарқын серпін, сезімдермен суреттейді. Сондай-ақ, кешегі құл-
құтандар еңсесін көтеріп, жесір өзен, қысыр қыр жаңа түске енеді. Қазақ
жеріндегі Сарыарқа мен Сыр өңірі, Ақжайық пен Балхаш жері, Жетісу мен
Қарқаралы, Ертіс, Шу бойы еңбекпен жаңарып, байлығымен, кеңдігімен
көркейгені келісті сомдалады. Ал, Той бастауда Қазақстан даласындағы
еңбек дүбірі, азаттық пен бірлік мерейі шабытты, серпінмен суреттеледі.
Қимылда, тіл, қимылда, Жорғала, тіл, жорғала, Өрмеле, тіл, өрмеле,
Тақылда, тіл, тақылда, Саңқылда, үнім, саңқылда, Қамшыла, тіл,
қамшыла деп қайталанып отыратын градацияға, түйдектеуге, төкпелеуге
құрылған әрбір шумақ айтыс ақынының Қазақстан тойына шашқан інжу-маржаны,
лағыл-гауһары секілді. Алатау, Атырау, Сыр, Ертіс – бұл төрт топоним (жер
аты) ақын поэтикасында Қазақстанның батысы мен шығысын, оңтүстігі мен
солтүстігін көрсететін бейнелі символ ретінде алынады. Соңғы тарауда стиль
де өзгерген, басқы, ішкі, аяққы ұйқастарға құрылған өлең тармақтары нөсер
жаңбырдай құйылады.
Жалпы Дала поэмасы – халық өмірінің тарихи кезеңдерін Дала бейнесі
арқылы биік поэтикалық деңгейге көтерілген, әрі әлеуметтік-философиялық
иірімі мол, қанатты қиялға, деректі детальға, орамды тілге толы тағылымды
туынды.
Күй - І.Жансүгіровтің талант қуаты күшейген, дүниетаным иірімдері
кеңіген тұста туындаған поэмасы. Сюжетті әрекет пен лирикалық толғаныс
қатар келіп отыратын (Р.Нұрғалиев) поэма Матайдағы қобызшы шалдың бес
бұрап, төрт түкіріп, толғап тоғыз тартқан күй өнеріндегі орнын көрсетуден
басталады. Бес тараудан тұратын туындыда Жер қабақ, сида, арсақай шұбар
шал Молықбайдың қазақ халқының даму тарихындағы дауылы мен дүбірі, зары
мен зобалаңы мол аласапыран кезеңді Ақ көбікті аңыратып, Боз інгенді
күңірентіп, Көк көбек, Қарамжан секілді күйлер арқылы қобыз тілінде
сөйлетеді.
Молықбайдың орындауында Қобыздан құздың күйі, мұздың күйі естіледі.
Қырда қызғыш, көлде қаз-қу қиқылдаса, талда бұлбұл сайрайды. Алатаудан
арқырап өзен, Балхаштың ұйқы-тұйқы толқыны, жау тиген ауылдағы дүрбелең
сәт күй арқылы:
Кейде күй талмаураған, толықсыған,
Кейде өжет, кейде долы албытсынған.
Кейде таң, кейде дархан, кейде сергек,
Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған,
- деп естіледі. Күй әсері былай берілген:
...Бой балқып, ой өрістеп, жаның жусап,
Күзетте қалған жалғыз сирек құлақ.
Лирикалық кейіпкерлердің және бір қыры – Бозінгенді ертегі
сипатында тартуы еді. Бағылан байдың тіршілігінен Амударияны қыстап,
құмды қоныс, Сырдың суын мал суаты еткенін байқаймыз. Арқа аттап, асқар
жайлап, құм күзеген іргелі бай екені де кеңінен көрінеді. Көп малдың
ішінен бозтайлақ су ішсе, қырға кетсе, шөбін жесе ерекше назарда
болады. Бозтайлақ жасы келсе де қайымаған соң балгерге бал аштырып, бақсы
ойнатып, құмалақ салдыртады. Жиналған жұртшылық арасынан жетім тазша сөз
алып, бозінгеннің боталайтындығын айтады. Бірақ, боталаған бозінген қолды
болады. Ол туралы:
Бір ұры бұл ботаны ұрлап апты,
Бай дағы, бақташы да білмей қапты.
Ботаны ел аулаққа буып тастап,
Енесін керуенге әкеп сатты, - деп баяндалады.
Қобыз тілі арқылы осы көрініс бозінген зарына, наз-наласы мол ел үніне
ұласып кең даланы күңірентіп жібереді. Көңілді күпті етіп, жүрекке салмақ
салған мұңды да шерлі күйдің пердесін ақын революция шындығымен ашып –
қырда желбіреген Қызыл ту арқылы суреттейді.
Поэма соңында лирикалық кейіпкерлердің күй құдіреті арқылы өмірді
өрнектеп, дала мен тауды асқақтатып, адам әлемін әспеттеуге болатынын
кеңінен көрсетеді. Ол туралы:
Күй күшті, тауды-тасты бұзатұғын,
Орнына өз өрнегін сызатұғын.
Талқандап тас кереңді үн оятып,
Дүкені дүниенің қызатұғын.
Күй күшті, істі, еңбекті сүйдіретін,
Тамырын тас емшектің идіретін.
Жарлының тілек күйі, жүрек күйі,
Өмірді білдіретін, күлдіретін.
Демек Күй - жаңа өмір мен уақыттың көрініс-құбылыстарын бай мазмұн,
терең идея, батыл ойлар арқылы (Бозінген күйінің шығу тарихы арқылы
беріледі) көрсеткен байыпты, толымды туынды.
Күйші поэмасы (1934) - өнер құдіреті арқылы адам тағдырын, өмір сырын,
махаббат пен зұлымдық иірімдерін ашатын кең тынысты туынды. Күй
поэмасынан белгілі қобыз сарыны енді домбыра үні арқылы Терісқақпай,
Қара жорға, Бозінген, Қаромсақтай, Сары өзен болып естіледі.
Арқадан асып, Алатауды бетке алған хан Кене ордасы, қалың көпшілік көңілі –
көл, жүздері – жаз. Домбыра арқылы қазақ даласы, дүбірлі кезең шындығы,
адам өмірінің алуан сәттері сыр болып шертіледі. Күй әуеніне еліткен Батыр
да, хан да, қыз да, қазаншы да, Бәрі бір домбыраға мінгескендей. Күйші
көшкен елдің ой-аңсарын домбыра арқылы тербеп те, тебіреніп те жеткізеді.
Енді бірде:
Шаңқылдап бірде аспанда тау қыраны,
Күрпілдеп бірде бие саудырады.
Майдалап бірде қоңыр самал соғып,
Бұрқ-сарқ бірде нөсер жаудырады,
- деп те сан алуан көріністерді қолмен ұстатқандай бедерлі баяндайды.
Әсем әуенге, күйші құдіретіне тәнті болған хан Кененің қарындасы
әйелдің ақ сұңқары, ақыл дариясы - Қарашаш қалап, біржола алады. Күйші
енді еркіндігінен айрылып, Қарашаш ханзаданың басты тапсырмасы – күй тарту
жұмысымен біржола айналысады.
Қарашаш пен Күйші арасы – психологиялық иірімдерге толы. Күйші алтын мен
жібекке, зер кестелі сарайға кез болады. Ақ отау, асыл бұйым, түрленген
түскиіз т.б. Күйшінің көңілін өсіріп, сезім селін туғызады. Күй сарыны енді
жаңаша түрленіп, өзгеше әуенмен қанат қағады. Айдаһар ханзада енді:
Қара қас, қалың қабақ, керқұба қыз,
Қара шаш, алма, сағақ, құралай көз.
Сырықтай ордадағы сымдай бойы,
Тал шыбық, қыпша белдің өзі нағыз...
Күлкісі тау бұлағы төгілгендей,
Сөйлесе меруерт маржан себілгендей,
Алғандай жерден пішіп - деген сұлу,
Көркіне көз тойынып семіргендей
- деп елес-сағымға айналып, алма ағаштай егіледі, кер маралдай
керіледі, екі ерні піскен бүлдіргендей болып, лебізі сусын қандырып, бой
мен ойды ішпей-жемей мас етеді. Күй-әуенмен жанына – дауа, бойына – нәр
алған Қарашаш Күйшімен көңіл қоссам ба? деген ойға да беріледі. Бірақ,
әлеуметтік теңсіздік, таптық өзгешелік екеуінің арасында мәңгілік қорған
болып тұрады. Оның үстіне серілігі мен кербездігі тең түскен Әлімқұлдың
ұлы Сапақтың Қарашашты ояту сәті Күйшімен арадағы нәзік сәулеге сызат
түсіреді. Сапақтың әрекеті күллі елді дүрліктіргенімен Қарашаштың:
Қайтейін қылышымды қандап соған. Көбіңе қидым деп шешеді.
Күйші бұл көріністерді көзімен көреді. Жансарайы әлденеше құбылып, сан
тараулы күй әуенін төгеді. Көзі мұнартып, сана-сезімі өзгеше күй кешеді.
Күй әсерінен көктен нөсер сорғалап, қыраннан қашқан құсты қорғатты,
айнала-әлем бірде мұң, бірде жалынға айналды. Ақ көбік, Бозінген,
Сары өзен әуені, иірім-сырлары енді жаңаша естілді. Күйші көңілін
сенім, сезімге бөлеген Қарашаш бірде мегежін, енді бірде кесірткеге
айналады. Күй әсерімен, музыкалық әуеннің сарынымен ақын Күйші – Қарашаш
арасындағы тартысты махаббат пен зұлымдық шайқасының сұрапылы ретінде
бейнелейді. Поэмада ондаған күйлердің әлеуметтік мәні, тарихи негіздері,
эстетикалық нысанасы ашылады, олардағы мазмұн, суреттер айқындалады.
Әділетсіздікті, азаттыққа апаратын зор қайрат-өнер деген идеяны ақын тамаша
суреттер, поэтикалық көркем бейнелер арқылы терең толғап, кемел суреттеп
жеткізіп берген. Осылайша, өмір өнерге айналды, адам орны, іс-әрекеттері
күй құдіреті негізінде биік деңгейге көтерілді. Автор өнер адамын, оның
қадыр-қасиетін күй арқылы асқақтатып, заман кедергілерінен, уақыт сынанан
жоғары қояды.
Қысқасы, Күйші өнері, одан естілген сан арналы сөз-сарындар зұлымдық пен
сүйіспеншіліктің ара-қатынасын, өлім мен өмір сырын әр түрлі бедер,
бейнелермен жеткізеді. Ақиқат – жалғанды жеңіп, зорлық-зобалаңға әділдік
үстемдік етеді. Күйші сыры, шындығы осы.
Құлагер поэмасы – ақын шығармашылығының биік шыңы, өлең-өнердің үздік
үлгісі. Поэманың ерекшелігі құрылымы мен көркемдігінен өзге ел суреттері,
өткен өмір оқиғалары мен жеке адамның тағдырын кең де тартымды көрсетуінен
байқалады.
Толғану атты алғашқы тарауда ақынның әлеуметтік-қоғамдық көзқарасы,
елі-жері жөніндегі ой-иірімдері, неше алуан сөз асылы – халық қазыналары
жүрек төрінен тебіреніспен баяндалады.
Толғануда өлеңнің өзені, шат елдің шешені болған ақын Туған жер атты
тарауда елін сүйіп, ертеңіне елеңдеген көңіл-күйін көркем оймен
кестелейді. Тауда туып, таста өскен ақынның:
Жасымнан жырлап едім тауды талай,
Гималай, Кавказ, Жөнке, Алтай, Алай.
Ордасы ой, көңілімнің ала асқарлар,
Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай, - деуінде шындық бар.
Осындағы Сәкен жырлаған Көкшетауды ақынның өздігінше көріп-сезіп,
сомдауы айқын аңғарылады. Ақын Көкше келбетін:
Көкшетау жер жаннаты жеке біткен,
Бұл сұлу кең далада бабын күткен.
Жомарт тау дастарханды, момақан тау,
Шипа тау тазартатын барлық дерттен.
Көкшетау көп жердің бір көркем жері,
Қыз орман, Бурабайдың мөлдірлері.
Жамылып жасыл барқыт, асыл құндыз,
Түрленген тоты құстай тау көркемі, - десе, Арқаның алқасы
ретінде Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртауларды айтады. Бұлақтың тәттісі мен
тазасы, көлдің мөлдірі мен аң-құстар әлемі де сұлулыққа нәр берген.
І.Жансүгіров поэмасының қаһарманы Ақан өмірінің трагедиялық беттері
ақындық баяндауда кеңінен ашылады. Автор өз кейіпкерлеріне деген ілтипатын
жасырмай Тұсымда сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған деп
ашық айтады. Тентіреп, тау-таста жүру себебінің әлеуметтік-қоғамдық сырын
ашады. Ысқырған жылан өмір жанын шағып, жау қанжары жүрегін жаралаған, ащы
тіл, асау мінез, өр талант иесі сұм заманда, кері кеткен дәуірде жалғыздық
құрбаны азабын тартады. Ерге – тұсау, зорға – думан болған зар кезеңнің
құрбаны ақын, сері, әнші дарынын жерге тыққан қара күш, қаңқу сөз, қызыл
көз қызғаныш қана емес, ең басты дерт патша өкіметінің ата қоныс, туған
жерін тартып алып, тентіретіп жіберуі еді. Елдің шерін зарлы өлең, ащы әнге
қосқан Ақынның табынар тәңірісі – табиғат, көздің шарасындай мөлдіреп
жатқан Бурабай көлі, аспанға шапшыған Оқжетпестің бауыры. Сұлулыққа ғашық
сері мөлдір көлге шомылып, орманға ұйықтап, өлең айтып, күй тартып, кір
өмірдің тікен тұрмыс, улы өсегінен аулақ жүреді. Бір кезде төренің қасына
еріп, жүйрік ат, сонар саят қызығын көрген, саңлақ мініп, сұлу сүйген Ақан
мәнсіз, пәтуасыз дырдудан жалығады. Әсіресе Ақмарқа сұлуға үйлене алмай, аһ
ұрып қалған соң, көп ортасынан мүлде жырылып, тағы болып, аулақтанып
кеткен. Ақанның бұл көңіл-күйін ақын былай суреттейді:
Жатталып Ақмарқаның аузында аты,
Телміріп таста отырып жазған хаты,
Жары да, жолдасы да тек біреу-ақ,
Онысы астындағы жалғыз аты.
Автор ақынның өткен өмірін еліне, ортасына қадірін өнері арқылы
асқақтата түседі. Ол туралы:
Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,
Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан.
Молда емес, мешіт салып, зекет алып,
Нәжісін дүниенің бойға жаққан...
Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қарқынмен,
Өмірді өткізген жан өз ырқымен.
Өмірдің ащы емес тұщысын да,
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкімен,
- деп тау мен тасты қорған етіп, қолына құс, жүйрік ат ұстап, әсемдік
әлемді, сыр-сезімді, сұлулықты жырлайды. Ақанның көңіл-күйін Шомылып
мөлдір көлге, орманда ұйықтап, ән – азан, әдемі сөз – намаз десе, елдің
ері екенін:
Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді, - деп Ел мен Ер орнына халықтық
сипат береді.
Ас бөлімінде халқымыздың ескі дәстүрі бойынша дүниеден өткен аруақты
еске алу жәйі баяндалады. Сайын даланы, Ереймендіні мекен еткен Керей
Сағынайдың асы беріледі. Ақын 94 жас жасаған Сағынайдың арғы-бергі жәйін
білмесе де, малы мол, малайы көп байлардың бірі болғанын кемел ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz