Эмбрион жатырдың кілегей


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Жауарлар эмбриондарының имплантация алдындағы даму сатысы
  4. Оргенизімдердің қалыптасуы
  5. СЕГМЕНТАЦИЯ МЕН БЛАСТУЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛіКТЕР
  6. ГАСТРУЛЯЦИЯ МЕН НОТОГЕНЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  7. БЛАСТОГЕ
  8. Қортынды
  9. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Оқу құралы «Биотехнология», «Жануарлар селекциясы және биотехнологиясы» мамандықтарына арналған курстың оқу бағдарламасы негізінде және қолданбалы әрі теориялық материалдармен тығыз байланыста жазылған. Пәнді оқып-үйренуге 3 кредит берілген, оның біріншісі дәрістік, екіншісі зертханалық, үшіншісі - практикалық курстарға бөлінеді. Бұл курс аталған мамандықтар үшін таңдап оқитын пән болып табылады.

Оқу құралы 15 сабақтан тұрады. Әрбір сабақ теориялық, зертханалық және практикалық кұрстарды қамтиды және мынадай төрт жұмыс сатысынан тұрады:

  1. түсіндіру бөлігі, онда сабақтың мақсаты, әдістемелік нұсқаулары және мазмұны баяндалады;
  2. зертханалық және практикалық жұмыс;
  3. оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік аудиториялық жұмыс жүргізуіне арналған әдістемелік нұсқаулар;

4) студенттердің курстық жобаға негізделген өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар.

Студент тапсырманы орындау үшін кеңес және әдістемелік нүсқаулар алуы қажет. 1 және 2-тапсырмаларды орындаған студент әрбір сабақта баға алады, 3-тапсырманың барлық жұмыстарын орындаған соң таңдаған тақырыбы бойынша курстық жобаны қорғайды.

Студенттердің алған білімі олардың коллоквиум тапсыруы арқылы бақыланады, бұл әдіс олардың жоспарлы білім алуына және қажетті нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді. Бұлайша бақылаудың үш түрі бар. Оның соңғы сатысында студент емтихан тапсыруы тиіс, ол дәріскердің таңдауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде өтеді.

Жауарлар эмбриондарының имплантация алдындағы даму сатысы

Оргенизімдердің қалыптасуы

Мақсаты: Жануарлардың, құстардың және кәсіптік балықтардың бластогенез ерекшеліктерін зерттеу.

Студент сабақты оқып, зерттегеннен кейін:

  • бластогенез кезеңдерінің биологиялық мәнін аша алады;
  • бластогенездегі эмбрион дамуының физиологиялык және морфологиялық принциптерін сипаттай алады;
  • жануардың қай түрге жататынына қарай бластогенезді сипаттай алады;
  • «зигота», «бөлшектену», «морула», «бластоциста», «гаструляция», «нотогенез» терминдерінанықтама бере алады.

Бластогенез - организмнің алғашқы даму сатысы. Бластогенез ұрықтанудан басталып, эмбрионның бастапқы негізгі мүшелерінің (ұрық жапырақшалары) пайда болуына дейін өтетін процестерді біріктіреді.

Бластогенез мынадай даму кезеңдерінен тұрады: 1. ұрықтанған жұмыртқа клетканың бөлшектену кезеңі (сегментациялар) . Бұл кезеңде зигота митоздық жолмен бөлініп, өзара тығыз байланысқан бластомерлерді түзеді. Белгілі бір қайталап бөлшектенуден кейін морула пайда болады. Бұл даму кезеңі шар тәрізді клеткалық түйін болып көрінеді. Ондағы бластомерлер жиынтығының сыртқы пішіні таңқурай жидегіне ұқсайды.

2. Бластуляция кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей үш қүрылымнан тұратын бластоциста пай да болады: тро фэктодерма, клетка ішіндегі масса және бластоцель.

  1. Гаструляция кезеңі неғүрлым дамыған және күрделі құрылым гаструла пайда болады. Бұл кезеңде клеткалардың дифференциациялануы басталады да, олар алғашқы екі ұрық жапырақшалары эктодерма және энтодерма топтарына бөлініп, болашақ мүшелердің қалыптасуына алғашқы құрылыс материа лы болып саналады.
  2. Нотогенез кезеңі онда үшінші ұрық жапырақшасы мезодерма пайда болады. Бұл кезеңде күрделі морФогенетикалық процестер (клеткалардың ұрық жапы Рақшаларынан интердермальдік қуыс пен мезенхимаға әуысуы, бір жерде жуандауы, клеткалық топтардың паида болуы т. б. ) арқылы эмбрионның алғашқы қарапаиым мүшелері мен мүшелер жүйесінің негіздері паида болады.

СЕГМЕНТАЦИЯ МЕН БЛАСТУЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Бөлшектенудің жіктелуі :

  1. Толық, яғни голобластық, мұнда барлық клеткалар ұсақ клеткаларға бөлінеді (сүтқоректілер) .
  2. Ішінара, яғни меробластық, бөлшектену жолағ жұмыртқаның ішіне тереңдеп енбейтіндіктен, көп бөлігісегментациядан тыс қалады (балықтар, құстар) .

Ішінара бөлшектену өз кезегінде мынадай болуы мумкін:

1. 1. Үстіңгі (центролецитті жұмыртқа), мұнда бласто-1 мердің екі түрі пайда болады: бірінші түрі, бөлінетін, ұрықты түзетін, ал екінші түрі, бөлінбейтін (вителло-фагтар) - ұрықтың түзілуіне тікелей қатыспайды, бірақ эмбриондық дамуда маңызды қызмет атқарады.

2. 2. Диск тәрізді (полилецитті), бөлшектенетін бластомерлердің мөлшері бірдей.

бөлшектенуден пайда болатын бластомерлердің өлшемі бойынша:

  1. Біркелкі, бөлшектенген бластомерлердің өлшемі бірдей дерлік (олиго- және изолецитті жұмыртқа клеткалар, яғни ланцетник жұмыртқасы және жоғары сатыдағы сүтқоректілер)
  2. Әркелкі, бөлшектөнген бластомерлердің өлшемі түрліше (үлкеніректері макромералар, кішіректері - микромералар деп аталады), құрылымы және биохимиялық қасиеттері (мезолецитті жұмыртқа клеткасы, яғни төменгі сатыдағы балықтар мен қосмекенділердө) .

бластомерлердің бөлшектену қарқыныбойынша :

  1. Синхронды, ретімен бөлшектену бір мезгілде өтеді.
  2. Асинхронды, бластомерлердің бөлшектенуі мегілде өтеді. Сүтқоректілерде екінші бөлінуден кейінбөлшектену асинхронды жүреді.

Бөлшектену барысында сутқоректілердің эмбрионь мынадай даму кезеңдерінен өтеді: эмбрионның ерте бөлшектену кезеңі. Морула және бластоциста. цегментациядағы және бластуляциядағы даму кезеңдері: Зигота -ұрықтанғанудан 1, 5-2 сағат өткен соң понуклеустер қалыптаса бастайды. Аталық пронуклеустің шығу тегі аралас, яғни оның хроматині сперматозоидтан, ал қабықшасы - жұмыртқа клеткадан пайда болған. Пронуклеустің ерекшеліктеріне ірілігі, тығыздығының шамалылығы, ядролық бояулармен нашар боялуы және ядрошықтарға ұқсайтын өзіндік құрылымының болуы жатады.

Екі бластомерлі эмбрион - екі бластомерлік сатының ұзақтығы 18 сағаттан 20-22 сағатқа дейін созылады.

Төрт-сегіз бластомерлі эмбрион - бұл даму сатысындағы эмбриондар ядросының құрылысы бөлшектенудің кейінгі сатысындағы ядроның құрылысына ұқсайды. Онда С-гетерохроматинді блоктардан тұратын кәдімгі ядрошықтар мен хромоорталықтары көрінеді. РНҚ-ның барлық кластары синтезделеді. Ерте кезеңдердегі бластомерлер тотипотентті (олар оқшаулағанда қалыпты ұрыққа дейін дамуы мүмкін) және эмбриондардың реттеушілік қабілеттері жоғары болады.

Морула - эмбрионның ерте бөлшектену кезеңі, моруланың пайда болуына дейін оның дамуында өте маңызды орын алады, сондықтан бұл мезгілде өзгеше «құрылымдық өзгеріс» өтеді. Эмбрион морула пайда [олғанға дейін аналық оріанизмнің бағдарламасы бойынша - жинақталған РНҚ мен белоктардың арқасында дамиды. Эмбрион морула кезеңінен бастап өзінің биосинтез бағдарламасы бойынша дамиды. Морула кезеңіне компактілеу және полюстену тән. Бұл кезеңде компактілеу нәтижесінде бластомерлердің пішіні сфералықтан жалпақтануға дейін езгеріп, бластомерлердің тығыз түйісуіне себепші болады.

Компактілеу бұзылғанда бластоциста түзілмейтіндіктен, эмбрион өледі. Полюстену кезінде ядроның орны өзгереді, органеллалар мен бластомерлер цитоплазмасының басқа да компоненттері қайтадан бөлініп таралады. Полюстену процесі дифференциацияланудың алғышарты болып қызмет етеді.

Бластоциста - имплантацияға қажетті дамудың бейімделу сатысы. Бластоциста - бұл қабырғадан (ТЭ - тро-фэктодерма), сұйықтығы бар қуыстан (бластоцель) және ТЭ полюстерінің біреуінің ішкі бетіндегі клетка жиынтығынан (клетка ішіндегі масса) тұрады. Моруланың кешіккен ке-зеңінде және ерте бластоцистада көптеген тендер, оның ішінде аталық аллельдер экспрессияланады. Моруланың бластоцистаға айналуы бөлшектенудің бесінші бөлінуіндегі транскрипциялаудың генетикалық бағдарламасына байланысты, яғни 16-дан 32 клеткалық даму сатысына өткені.

ГАСТРУЛЯЦИЯ МЕН НОТОГЕНЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Пеллюцид аймағын «жарып шыққаннан кейін» эмбрионда клеткалар орын ауыстыру арқылы қайта бөлінеді де, белгілі бір кеңістіктік құрылысқа ие болады. Нәтижесінде гаструла

қалыптасады. Гаструляция кезеңінде үш қабатты құрылымда гаструляция кезеңінде жекелеген урық жапырақшалары (эктодерма, мезодерма және энтодерма; сурет) пайда болады. Гаструляция мен нотогенезде жұйке түтігіндегі осьтік мүшелердің,

6. 2 сурет . дамып келе

жатқан гаструланың сехемалық беинесы:

1-эктодерма, 2-ендодерма, 3-мезодерма,

4-жуйке пластинкасы,

5-бірінші ішектің қуысы,

6- бластопордың дорсальді ерні,

7-сарыуыз тығыны

Мұндай гаструлада екі қуыс болады: бластоцель жәнебрншы ішектің қуысы (құрт, ұлу, буынаяқтылылар, инетерілілй?хордалылар) .

2. иммиграциялық гаструла - бластула қабырғасында клеткалардың бір бөлігінің белсенді түрде бластоцельдіи ішіне қарай орын ауыстыруы ), олардан келешекте гаструланың ішкі қабаты энтодерма пайда болады. Ұрық, біріншідегідей, екі қабаттанту рады.

3. деляминациялық гаструла - клеткалардың қабатының екіге бөлінуі ( сцифомедузалар) .

  1. эпиболиялық гаструла - телолецитті жұмыртқадан пайда болады. Оларға бластомерлердің екі түрі тән: баяубөлінетін, белоктары көп, орын ауыстыруға қабілетсіз макромерлер және оларды қаптап, бетінде жатқан, тез бөлінетін, ұсақ клеткалар микромерлер деп аталады.
  2. гаструляцияның аралас түрі (амфибиялар) .

БЛАСТОГЕ

Бластогенез кезеңі ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне байланысты бейімделушіліктің нәтижесі болып табылады. Ал жануарлар мен олардың жұмыртқа клеткалары филогенез процесінде дамыған.

Бұл осы мәселені толық ашу бұл оқулықтың міндеті; бластогенез процестері туралы толық мағлұмат алғысы келгендер оны эмбриология оқулығынан таба алады. Сондықтан мұнда тақырыпқа жалпы мағлұмат қана беріледі.

жануарлар олиголе-цитті жұмыртқа клеткаларының бөлінуі толық және әркелкі өтеді, өйткені жүмыртқа клетка голобластық түрге жатады.

Жануарлар эмбриондарының осы бөлшектену сатысынын кезеңдеріне

  1. Имплантация алдындағы даму - зиготаның ұрықтанУорнынан имплантация орнына дейін репродуктивті жолмвн бір мезгілде жылжи отырып, бластуланың пайда болуынокеп соғатын, бірқатар бөлшектенуден өтетін даму кезеңі.
  2. Пайда болған бластомерлер ұлпалар мен мүшелер қүрастыратын құрылыс материалдары болып табылады.

Цитоплазма мен сарыуыздың орын ауыстыруының сын да және олардың екелген клеткалар арасына тралуына баилансты үрық құрылысының жалпы жоспары белгленеды дролық-цитоплазмалық арақатынас қалыпты жағдайға келеді. Сүтқоректілерге тән бөлшектену кезінде бластомерлердың өлшемі азайып, барлық бластомерлердің қосындысы көлемі кішірейеді. Тышқандар эмбриондарының -көлемі 25 %-ға, сиыр эмбрионы - 20 %-ға, ал қой эмбрионы 40 %-га азаяды.

Бөлшектенуші бластомерлер ядроларының өлшемі кемімейді, ал протоплазманың көлемі әрбір бөлшектенуде екі есе азаяды. Сондықтан бластомерлердің алтыншы немесе жетінші бөлшектенуі кезінде эмбрион бластомерлерінде ядро мен цитоплазманың арақатынасы қалыпты жағдайға келеді.

  1. Бөлшектену кезеңінде митоз фазасына баиланысты клетканың мембраналық қуаты өзгереді. Даму сатыларына байланысты олар 15-тен (овуляцияға ұшыраған жұмыртқа клетка) 40-қа дейін (бластоциста) көбейеді. Сүтқоректілерде орта есеппен алғанда бөлшектену ұрықтанудан 27 сағаттан кейін басталып, 72 тәулікке созылады. Алғашқы тәуліктерде күніне бір бөлшектену болса, 4- тәулікке қарай ұрық 8-12бластомерден тұрады. Ал үшінші айналымнан бастап, бөлшектенуде бластомерлер түрлі өзгерістерге ұшырай бастайды.
  2. Эмбриондардың имплантация орнына карай жылжуы. Ұрықтану процесі аяқталғаннан кейін мөлдір қабықшамен Қапталған зигота 1 -4 күн истмустың ішінде болады.

Жануарлар эмбриондарының бөлшектенуі олардың фал-лопий түтігі арқылы баяу жылжуы барысында жүзеге асады. Мүнда қоянның, иттің және жылқының бөлшектенетін эмбриндары жүмыртқа жүретін жолда қалың белок қабатымен жабылады. Бүлшық ет үлпаларының босаңсуының арқасында, жатырдың дистальді мойнағы арқылы истмустан мбриондардың тез арада өтуі олардың ерекшеліктері болып табьілады.

Ұрықтану орнынан (ампула) имплантация (жатыр) орны нына дейінгі жол мүйізді ірі қарада 7-8 (морула), жылқыда (морула - бластоциста ), қойда 4-5 (ерте морула), шоццқада 2-3 (8-16 бластомерлі эмбрион) кун болады. Демек, эмбрион дар жұмыртқа жолынан жатыр муйізіне, әдетте, 3-5 тәулк аралығында жетеді.

Жатыр ішіндегі суйықтық эмбриондардың дамуына қорек ретінде қажет. Мұнда гормондар тепе-теңдігінің өзгеруінен кезінде эмбриондар пайдаланатын субстраттар таңдамалы реттеледі. Жатыр түтіктеріндегі секрецияның мөлшері ондағы аналық жыныс безінің эстрогендік гормоны мен прогестеронның тепе-теңдігіне байланысты өзгеріп отырады. Жатыр түтігі секретінің осмостық қысымы 300-310 шегінде болады.

Эмбрионның жұмыртқа жолы арқылы жылжуы кезінде жатырда имплантацияға байланысты дайындық жұмыстары өтеді: жыныстық актіден қалған өнімдер (сперма) фагоцитоздың көмегімен сыртқа шығарылады. Прогестеронның әсерімен пролиферация, бездердің белсенділігі мен секрециясы артып, гистотроф (жатыр суті) секрециясы бөлінеді.

Бұл айтылғандардан плацөнталық жануарлар эмбриондарының имплантация алдындаәы мынадай ервкшөліктерін бөліп көрсетуге болады:

І. Ұрықтану жұмыртқа журетін жолдың ампуласында өтеді;

2. Белшектену асинхронды, өйткені барлық бластомерлер ар уақытта бөлшектеніп, 2-ші, 3-ші, 4-ші т. с. с. сатыдағы бластомерлер пайда болады;

  1. Морула сатысына дейін эмбрион жұмыртқаның қоректік заттарын пайдаланады;
  2. Бластоциста пайда болған соң эмбрион трофобласттын арқасында сырттан келетін заттармен қоректеніп, осы даму кезеңінде оттегін де қабылдай бастайды;

5. Эмбрион бөлшектену кезеңінде ұрықтану орнынан (фаллопий түтігінің ампуласынан) имплантация орнына (жатырға) дейін жылжиды;

6. Имплантация алдындағы даму кезеңінде эмбрион зиготадан бластоциста сатысына дейін биологиялық мықты қабықша пеллюцида аймағымен қоршалады.

ұрықтанған полилецитті жұмыртқа жартылай, тіңгі ТҮР' бойынша бөлшектенеді, яғни диск тәрізді, ани-аяьді полюстің дөңгелек аймағында бөлшектенеді, оның оо-м Л азмасында сарыуыэ аз болады. .

урықтану жұмыртқа жолының үстіңгі белігінде өтеді. Эмбрион жұмыртқа жолымен жылжуы барысында бірнеше белок кабатымен қапталады. Жұмыртқа жолының кеңейген төменгі бөлігінде белок екі жұқа қабық астындағы қабықшалармен, одан кейін қабықпен қапталады.

Құстардың эмбрионына тән ерекшеліктер:

1. Диск тәрізді белшектенуден дискобластула пайда болады, оның төбесі бластодиск, ал түбі сарыуыздың бөлінбеген белігі болып табылады.

2. Бөлшектенетін жұмыртқа жұмыртқа жолында 4-27 сағат аралығында дамиды.

3. Алынған жұмыртқада ұрық бластула немесе ерте гаст рула сатысында болады.

Балықтар эмбрионының бөлшектену ерекшеліктөрі:

1. Бұл кезең екі кезеңшеден тұрады: 1) уылдырық (нағыз эмбрион) - даму процесі қабықшада өтеді; 2) балапан құрт(личинкалар) алды (еркін эмбрион) - даму қабықшадан тыс өтеді.

  1. Даму процесі организмнен тыс суда өтеді.
  1. Диск тәрізді белшектену жоғарыда айтылғандай, дискобластула пайда болады.
  2. Кейбір балықтарда бластодискі мен сарыуыздың арасында бластоцель болады. .

Гаструляция және нотогенез. Жануарларда эмбрион пеллюцид аймағын «жарып шыққан соң» нәтижесінде қайта бөлініп, белгілі бір кеңістікте орналасады. Соның нәтижесінде гаструла пайда болады.

Гаструляция сатысында эмбрион жатырдың қабырғасына
имплантацияланады. Эмбрион жатырдың кілегей

Кабықшасына бүтіндей немесе тек қана трофобласт өсінділерімен енеді. Трофобласт өесінділері бастапқы бүрлер (ворсинкалар) деп аталады. Кейін дәнекер ұлпалы және қан тамырлы ақырғы бүрлер өседі. Осылайша хорион (бүрлі қабықша) пайда болады, кейін амнион, аллантоис және са рыуызды қапшықша қалыптасады.

Эмбрион аналық организммен плацента бала орны байланысады. Плацентаның мынадай түрлері бар:

1. Эпителийхориалды (шошқалар, жылқылар) . Мұнда харион бурлері жатырдың кілегейлі эпителийінің енгенімеи оның аналық ұлпаларын бұзбайды. Жатыр бездері жаты сүтін бөліп шығарады, оны хорион бүрлері сіңіріп алады Ұрықтың қоректенуі мен тыныс алуы осындай жолмен өтеді Туылған кезде хорион бүрлері жатыр эпителийінен оны бұзбастан ажырайды.

  1. Десмохориалды плацента (күйіс қайыратын жануарларда) бүрлер жатырдың қабырғасына еніп, оның кілегейлі эпителийін бұзады да, ұрық ұлпалары жатыр қабырғасының дәнекер улпасымен түйісіп дамиды. Туғаннан кейін жатыр қабырғасында қалған эпителийі жоқ учаскелер тез арада ре генерацияға ұшырайды.
  2. Вазохориалды плацента (жыртқыштарда) ұрықтың анасымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді, өйткені ха рион бүрлерінің трофобласты қан тамырларымен тікелей жанасады.
  3. Гемохориалды плацентада (кемірушілер, приматтар) анасы мен эмбрион арасындағы байланыс өте жақын болады, өйткені хорион бүрлері анасының қанына тікелей батып тұрады. Сондықтан мұндай жануарларда туу процесі кезінде жатырдың кілегей қабықшасы жарылып кететіндіктен, қан көп кетеді.

Қустардың гаструляциясын шартты түрде екі фазаға белуге болады.

Бірінші фаза. Құстардың салған жұмыртқасы тез суынып ұрықтың әрі қарай дамуы жұмыртқаны құстар басқанға дейін немесе инкубациялағанша тежеледі. Деляминация жолымен жұмыртқа салынғанға дейін энтодерманың тез пайда болуь яғни энтодерма кпеткаларының бластодискіден ажырауы І құстардағы гаструляцияның ерекшелігі болып табыладь Туылғанымен, әлі басылмаған жұмыртқада ұрықтың кішкене ақшыл дақ сияқты, сарыуыз жағында қарай бағытталған екі жапырақшадан (эктодерма жане энтодерма) тұрады. жумыртқа басылуының немесе инкубацияның алғашқы кезеңнде гаструляцияның екінші фазасында мезодерма түзіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төл және төл қабаттарының дамуы
Төлдің даму кезеңдері
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабыну мен өтетін аурулар.аналықтардың бедеулігі олардың жіктелуі
Аналықтардың бедеулігі
Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу
Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары
Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік
Сүтқоректілердің дамуы
ТЕРАТОНДЫ ФАКТОРЛАР
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz