Қозғалыстың басталуы және сол кездегі қазақтардың жағдайы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Қозғалыстың басталуы және сол кездегі қазақтардың
жағдайы

Негізгі бөлім
1. 1905-1917 жж. қазақ интеллегенциясының әлеуметтік қозғалысы.
2. Жанша Сейдалинді бүкіл түрік әлемінің халықтары асқан білімді
заңгер

Қорытынды

Кіріспе

Көтерілістерге қарамастан Қазақстан Ресей империясының капитализмге
дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық өлкесі болды.
Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау
саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылда бай-шонжарлардың езгісінің
ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына Ресей
алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап,
шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-қазақ
әскерлерін орналастыру және басқа да оарлаудан туындайтын мақсаттар үшін
тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған
жылдарында ресейлік отарлаушылыр Қазақстанның 45 млн десятинаға жуық
жерін, басқаша айтқанда ең құнарлы 16 проценттей бөлігіне иелік етті. 1917
жылғы екі революция қарсағында бұл жерлерге келіп орнын тепкен ресейлік
қоныстанушылар сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 процентін
құрды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай
бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да
отарлады: халықты тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағытында
қатігездікпен ойластырылаған шараларды жүзеге асырды.
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған Қазағым менің, елім
менің атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: ...Ең алдымен қазақ
халқы – Ресейге тәуелді халық ... Оның ешқандай құқығының жоқтығы ыза мен
кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті
көп емес нәрселерге жұмсалады... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай ...
чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына
не келсе соны істеді...
Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-
ғұрыптарымызға , біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа
бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...
Өлке өндірісі нашар дамыд, оның өркендеуіне патша үкіметі мен орыс
буржуазиясының отарлық саясаты және қазақ ауылындағы патриархалдық-
феодалдық қатынастардың үстем болуы күшті кедергі жасады.
Қазақстанның қисапсыз табиғи байлықтары өте баяу игерілді. Өлке
өнеркәсібінің көпшілігі ауыл шаруашылғының, оның ішінде мал шаруашылғының
өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар еді. Мұнымен қатар өлкеде біршама тау-кен
рудниктері, көмір шахталары мен түсті металл рудаларын өндіретін
кәсіпорындары болды.
Бұл өндіріс орындарының жұмысшылары өте ауыр жағдайда өмір сүріп, еңбек
етті. Олар 12-14 сағаттық жұмыс күні үшін өлмесі күн-көріске жетер-жетпес
ақы алды. Әсіресе, ешқандай кәсіптік мамандығы жоқ қазақ жұмысшыларының хал-
жағдайлары аса қиын болды. Патша үкіметінің отарлық саясатының нәтижесінде
қазақ өлкесі метрополияның шикізат көзі мен тауар өткізетін өңіріне
айналды.

1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстан Ресей империясының оңтүстік
шығысындағы аса ірі орталық аймағы болды. Оның экономикасының жетекші
саласы мал шаруашылыңы еді.
Патша үкіметі қазақ халқы мекендеген жерді мемлекеттің меншігі деп
жариялап, құнарлы алқаптарды қоныс аудару қорына, қазақ әскерлерін
орналастыру учаскелеріне, патша әулетінің жеке меншігіне күштеп тартып алып
отырды. Қазақ ауылын басқаратын төменгі әкімшілік аппарат, болыстар мен
старшындар патша үкіметінің жергілікті билеу органдарымен біте қайнасып
кеткен бай-феодалдар өкілдерінің қолында болды. Олардың басым көпшілігі
царизмның отарлаушы саясатының қолшоқпаршылары ролін атқарып, өздерінің
тарапынан шаруаларды езіп-жаншыды. Кедейленген қазақ шаруаларының белігілі
тобы аса ауыр шарттармен кулактар мен бай-феодалдардан жерді арендаға алуға
мәжбүр болды. Шаруалар есебінен батрақтар мен маусымдап еңбек ететін
жұмысшылардың саны өсті. Отырықшы және жартылай отырықшы өмір сүруге көшіп,
егіншілікпен айналысатын қазақ шаруаларының қатары да көбейе бастады. Мұны
қазақ шаруаларының қолындағы егіндік көлеміндегі өсуі дәлелдейді. Мәселен,
1906 жылы Семей облысындағы қазақ шаруаларының меншігіндегі егіндіктің
көлемі 57600 десятинаға тең болса, 1916 жылы бұл көрсеткіш жүз он бір мың
десятинаға, ал 1917 жылы жүз он тоғыз мың сегіз жүз елу сегіз десятинаға
жетті.
1917 ж. қарсаңындағы қазақ аулы осы өлкеге, әсіресе, ХХ ғ. басында
көптеп көшіп келген орыс, украин қоңыстанушыларының селоларымен күрделі
этникалық және айтарлықтай тығыз шаруашылық-мәдени өзара қатынас жасады,
1917 жылға дейін Қазақстанд негізінен Орталық Россиядан, Еділ бойына және
Украинадан келіп, қоныс тепкен 1,5 миллионға жуық орыс, украин шаруалары
өмір сүріп, егін шаруашылығымен айналысты.
Қазақстанға көшіп келген орыс, украин еңбекші шаруалары мен қазақ
еңбекшілері арасында шаруашылық және мәдени қарым-қатынастар орнап, нығая
бастады. Қазақ еңбекшілері көшіп келушілерден егіншілік кәсібінің сырларын
үйренсе, қазақтар олармен өздерінің мал өсірудегі ғамырлар бойы жинақтаған
бай тәжірибесімен бөлісті.
Қазақ еңбекшілерінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты 1917 жылғы
ақпанда жеңіске жеткен буржуазияшыл-демократиялық революцияға ұштасты.
1917 ж. ақпанның 27-сінде басталған Петроградтың солдаттары мен
жұмысшыларының стихиялық көтерілісі нәтижесінде монархия құлатылып, елде
ресмубликалық тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, оның ішінде Қазақстандағы
қоғамдық-саяси жағдайды түбірімен өзгертті. 300 жылдан астам Россияны билеп
келген Романовтар әулетінің және осы әулет басқарған патшалық тәртіптің
1917 жылы наурыздың 2-сінде ресми түрде тарих сахынасынан кетуі елдің
өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жасауға мүмкіндіктер
туғызады. Петроградтағы ақпан төңкерісінің жеңісі, Уақытша үкіметтің
құрылуы мен Петроград Советінің іс-әрекеті туралы телеграммалар Қазақстанға
наурыз айының 2-3 күндері жетті. Уақытша үкімет пен Петроград Советі іс
жүзінде өкімет билігі үшін текетірес болуына байланысты елдің орталығында
іс жүзінде қосүкітеметтілік орын алғандығы жөніндегі хабарларда халық
арасына кең тарады.
Россия монархиясы ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап елде орын алған
үздіксіз саяси дағдарыстардың нәтижесінде құлады. Ақпан революциясының
жеңісі саяси жүйенің жоғары сатысы – республикалық құрылысқа көшуге жағдай
туғызып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге
де мүмкіндіктер берді. Осының нәтижесінде ұлттың өзін-өзі билеу проблемасын
шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын
жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Уақытша үкімет іс жүзінде қазақ халқының
1916 жылы өзін-өзі қорғауға құқықты болғандығын мойындады. Жазалау
экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды, көтеріліске белсенді түрде
қатынасқандарға кешірім жарияланды. Алайда бір мезгілде 1916 жылғы
көтерілісті аяусыз басып-жаншуды ұйымдастырған мемлекеттік құрылымдармен
бірге болғандарға да кешірім жасалды. Ақпан революциясы қоғамда азаматтық
келісім орнатуға жағдай туғызды. Бұл қоғамның барлық дерлік әлуметтік
топтарының мүдделеріне сай келетін еді. Ақпан революциясы жеңісінің ең
маңызды нәтижесі елде кең көлемде саяси бостандықтар мен бүкіл қоғамдық
өмірдің демократияландырылуы болды. Алайда Ақпан революциясы жеңісі
қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ. Мәселен, революциясы
соғыс туралы мәселені шешкен жоқ, бірақ оны шешу үшін мүмкіндіктер жасады.
Жер жөніндегі мәселе де өз шешімін таппады, алайда Ақпан революциясы
дворяндардың басты тірегі болған патшалық билікті құлатты, помещиктердің
позициясын айтарлықтай шайқатты, ауыл тұрғындарының қолындағы жерлерді
алуды тоқтатты, алайда қазақ халқының ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басында патша үкіметі тартып алған жерлер заңды иелеріне қайтарылмады.
Ақпан революциясының жеңісінің нәтижесінде майданның қара жұмыстарына
алынған жігіттер ата жұртына, отбасына қайтуға мүмкіндіктер алды, бірақ
келешекте ауыл тұрғындары мен орталық өкіметтің жаңа қаруы қақтығысқа бару
мүмкіндігі жойылған жоқ. Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-
жердегі ескі басқару аппараттарын түбегейлі жоя алған жоқ. Ол бұрынғыша
қалды, тек қана губернаторлардың орындарына облыстық комиссарлар келді, ал
уезд бастықтарын уездік комиссарлар алмастырды. Басқа сөзбен айтқанда,
Ақпан революциясы елдегі өкімет туралы мәселені күн тәртібіне қойғанымен
оны бірден және түпкілікті шеше алған жоқ.
Жаңа өкімет органдарын құру үшін күрес айтарлықтай күрделі болды және
ұзаққа созылды.
Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революцияның Қазақстан үшін де тарихи
кезең болғандығы даусыз факті.Бұл жылдары Ә.Бөкейханов дәл атап
көрсеткендей, Бүкіл дала саясат аясында тартылып, азаттық үшін қозғалыс
тасқыны құрсауына енді. Бірақ тарих ғылымында 1905-1907 жылдардағы
революциялық қозғалыстың Қазақстанға, қазақ қоғамына тигізген ықпалын
талдауда объективті ғылыми әдіс емес, белгілі бір саяси мүдделерді көздеу,
тарихи фактілерді сол тұрғыдан сұрыптау және бағалау үстемдік алып
келді.Негізінен , осы бағытта жазылған кеңестік тарихнаманың басты
тұжырымы мынаған сайды:біріншіден, Қазақстандағы революциялық қозғалыс
Ресейдегі бірінші халықтық революцияның құрамдас бөлігі болды, екіншіден,
бүкіл империя көлеміндегідей мұнда да бұл қозғалыстың гегемоны
большевиктік партия бастаған орыс пролетариатты еді және, үшіншіден,
революциялық қозғалыстың даму барысында қазақ еңбекшілерінің орыс
жұмысшыоларымен және өоныс аударған шаруалармен интернационалдық
ынтымақтастығы нығайды.
1905-1907 жылдардағы революцияға байланысты осындай тұжырымдаманы тарих
ғылымына енгізушілердің алдыңғы сапында С.Брайнин мен Ш.Шафиро сияқты жаңа
әдістеменің белсенді қкілдері тұрды. Олар: “Қазақ бұқарасының ұлттық-
революциялық қозғалысы жалпыресейлік қозғалыспен тікелей өте тығыз
байланыста дамыды, 1905 жылдың қуатты ықпалында болды, большевиктер
партиясы басұарған жұмысшы қозғалысының аясында қалыптасып, жетілді...Бұл
ықпал біздер әлі мүлдем зерттеп білмеген жолдар арқылы бұқараға жетіп, оны
революцияландырған болатын”, - деп жазды.
Г.Сафаров 1905 жылы Түркістанда интернационалдық пролетарлық таптық
қозғалысқа ешқандай да негіздің болмағандығын баса айтып, оның есесіне
татар және қазақ инетеллигенцияларының ықпалымен прогресшіл-ұлттық
қозғалыстың даму алғандығына көңіл аударды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының үлкен бқлігін гимназия мен
прогимназиялардың, медициналық училищелер мен курстардың, мұғалімдер
даярлайтын семинариялардың түректері құрды.Олар дәрігерлік, фельдшерлік,
мұғалімдік кәсіпте, байланыс және банкі қызметінде, газет пен журнал
редакцияларында, баспаханаларда, переселен және басқа мемлекеттік
мекемелерде жұмыс істеді.Интеллигенция тарихын зерттеуші маман профессор
В.К.Григорьевтің есебі бойынша, бұл топтағы ұлттық интеллигенцияның саны
700 шамасында.
Бұл топтың қатарында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров,
Мырғазы Есболов, Телжан Шонанов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов,
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Омар Қарашев,Сағындық Досжанов, Отыншы Әлжанов
сияқты және бас белгілі көптеген қайраткерлер болды. 1916 жылы 21-28 мамыр
аралығында болып өткен 29 губерниядағы дворян қоғамдығы өкілдерінің І съезі
біріккен дворяндар қоғамының кеңісін құрып құрамына Мемлекеттік думамен
мемлекеттік кеңестің көптеген мүшелері енген бұл орынның міндетін
мемлекеттік саясатқа ықпал ету, сондай-ақ “Мемлекеттік думада белгілі бір
мемлекеттік мәселе бойынша дворяндар мүддесін теориялық тұрғыдан білдіріп”
отыру тұжырымдады. 1905 жылғы 6 тамыздағы Мемлекеттік дума жөніндегі патша
манифесті қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берді. 1905 жылдың соңына
қарай қазақ интеллигенциясы 1-ші Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау
науқанына қызу араласып та кетті. 1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында
партиясын” құру туралы шешім қабылдады. Оралда шығып тұрған “Фикер” газеті
оның тоғыз адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялады. Олар
Б.Қаратаев, Т.Бердиев, М.Бақыткереев, И.Тоқамбердиев, Х.Досмұхаммедиев,
Н.Айтмұхамедов, М.Мұқанов, Т.Рахымбердиев және И.Дүйсенбин еді. 1916 жылы
10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға сайлайтын қазақ
сайлаушыларының 150 ден астам адам қатысқан жиналысы болып өтеді. Жиналыста
Павлодар уезі сейтен болысының меңгерушісі Темірғали Нүрекенов төрағалық
жасайды. Жиналыста қаралған мәселелерге байланысты жергілікті газет: “...
әңгімені Ә.Бөкейханов бастап, ол жиылысты “Народная свобода” партиясының
программасымен таныстырып, отырғандар оған қосылу тұрасында қаулы
қабылдады” – деп жазды. Газет жарыссөзде аталған партия туралы Шәкәрім
Құдайбердиев және басқалардың сөйлегендігін айтады.
Қазақ интеллигенттерінің 1905-1906 жылдары саяси партия құрып әрекетіне
неге сәтсіз аяқталды? Оның мынадай екі себебі бар еді.Біріншіден, қазақ
қоғамында жалпыұлттық негізде саяси партияның құрылуына қажет алғы шарттар
әлі пісіп жетіле қойған жоқтын.Екіншіден, ұлы державалық шовинистік бағыт
ұстанған кадеттер партисясының басшылығы үшін Қазақстан сияқты аймақта
ұлттық еркіндік пен теңдікті мұрат тұтқан саяси ұйымының пайда болуы
соншалықты тиімді емес-тін. Семипалатинский листок газетінің мәліметіне
сүйеніп, сиудент Бөкейхановьың марксизм туралы айтысқа қызу араласып,
экономикалық материализм туралы тезистерді бар күшін салып қорғады.
Думаға депуттар сайлау барысында әкімшілік орындары саяси бағыты мен іс-
әрекеті ұнамаған депутаттыққа кандидаттарды өткізбеуге күш салды.
Сонымен, бірінші мемлекеттік дума жұмысына қазақ елінің атынан үш
депутат қатынасты. Олар: Орал облысынан Алпысбай Қалменев, Торғай облысынан-
Ахмет Бірімжанов және Семей облысынан Әлихан Бөкейханов болатын. Бұлардың
бәрі де жоғары білімді мамандар, яғни алдыңғы екеуі заңгер, соңғысы орманшы-
ғалым еді.
Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан да және күн тәртібіне
қойылған мәселелерді талқылау жағынан да бірінші Думадан гөрі солшыл болып
шыққан еді. Пікір тартысын тудырған негізгі мәселелердің бірі аграрлық және
қоныс аудары мәселелрі болды. Екінші Думаның екінші сессиясы Сібір және
азшылық ұлттардың шаруа депутаттарының ынтасымен Сібірдегі жерге
орналастыру ісі бойынша бас басқарушыға депутаттық сұрау тапсырып, онда
қоныстандыру процесі жүріп жатқан аудандарда Байырғы тұрғындардың құқығы
мен мүддесі ескерусіз қалғандыіы айтылып, үкіметтің даярлықсыз жүргізіліп
отырған қоныс аудару саясатын кең насихаттауы айыпталды.
Сонымен, қазақ депутаттары қатынасқан бірінші және екінші думалар
қазақ қоғамының орталық жаіжайына өзгеріс енгізе алатындай ешқандай заңдар
қабылдаған жоқ. 3 маусым заңының өмірге келуімен бірге қазақ
интеллигенциясының думаға артқан үміті де біржола сөнді. Ә.Бөкейханов
кейінірек ол жөнінде былай жазды: ...екі дума да мұжыққа орыс дворяны
жерінен жер бермек болды. Үшінші дума депутаты сайланатын жол жасағанда
мұжық депутатының неше қайтара бұрынғыдан азайтты. Орыс патшалығының
панасындағы жұрттың әрбір жүзіне сексен бес орыс мұжығы болады, қалған он
бестің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ қалған уақ жұрттар. Орыстар
қаласынан үш маусым заңымен сайланған мұжық депутаты қырық-елу, төрт жүз
қырық екі депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа
мұны қылғанда, аз, бытыранқы, надан қазақты не қылсын? Думадан шығарды да
тастады. Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың
басшылығымен шығып тұрған Қазақ газеті туралы тарих ғылымында соңғы
жылдарға дейін объективті ғылыми түсінік қалыптаспаған. Қазақ газетінің
материалдары тарихшы ғылымдар үшін мынадай екі тұрғыдан құнды. Біріншіден,
газет материалдары ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығындағы Қазақ
қоғамындағы болып өткен түрлі қоғамдық процесстерді зерттеп тану үшін аса
бағалы деректер болып табылады. Екіншіден, ғасыр басындағы ұлт-азаттық
қозғалыстың қалыптасып, даму арнасында өмірге келген бұл басылым ең алдымен
бостандық үшін күрес идеалогиясының қалыптасуына қызмет етті. Демек,
отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы ұлттық интеллигенция жүргізген
азапты күрестің негізгі идеялық бағыттар мен кезеңдерін Қазақ
материалдарынсыз түсіну, әрине, мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов Қазақ
газетіне редактор болып бекітілген мерзімге дейін шамамен екі жарым жылдан
астам уақыт аталған мекемеде қызмет атқарған. Бұл, белгілі дәрежеде газет
шығару ісіне қажет дайындық жасауға кеткен уақыт еді десе де болады. Ахмет
Байтұрсынов үкімет органдарынан Қазақты шығаруға ресми рұқсат алып
алғашқы санын шығаруға қызу дайындық жасап жатқанда Орынборға Семейдегі
абақтыдан жаңа ғана босанған М.Дулатов келеді. Дулатовтың Қазақ
редакциясына арнайы қызметке шақырылғандығын және оның газет жұмысына
қатынасуы Семей абақтысынан босанған бетте енді шықпақшы басылымға жазып
алдырушыларды тартудан басталғандығын растайтын мынадай дерекке көңіл
аударалық. М.Дулатов Қай жерде қалай аталатын мақаласында Өткен Январь
жұлдызында ақырында Қазақ шықпай тұрып, шығады деген хабар болған соң
Павлодар дуанында жатып Қазаққа алушы қарастырдым; 4-5 күннен соң хабарды
естіген Павлодар қазақтары өздері келіп жаздыра бастап аз күннен ішінде 150-
дей алушы болды, - деп жазады өзінің саяси қызметімен қазақ қоғамына кең
мәлім болған Оян, қазақ!-тің авторын А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың
жаңа шыққалы тұрған газетке қызметке шақыруы, әрине, негізсіз емес-тің.
Қазақ және Айқап басылымдары отырықшылыққа көшу мәселесін ұлттық
ауқымда көтеріп, пікірталасқа айналдырды. Оған қатысқан авторлар екі
баламалы пікірді жақтап бөлініп кетті.
1) Б.Қаратаев пен М.Сералин бастаған топ қоғамдық мешеуліктің негізгі
себебін көшпелі өмір салтынан көріп сондай-ақ толассыз қоныс аударушылар
легінің Қазақстанды отарлау екпінінен қаймығып, қазақтарға да келімсектер
сияқты он бес десятинадан жер үлесін алып, отырықшылыққа көшуді уағыздады,
бұл істе өздері де үлгі көрсетті.
2) Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатов бастаған келесі топ
көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтының қалыптасуын және оны өзгерту
мүмкіншілігін қоршаған табиғи орта ерекшеліктерімен тығыз байланыста
қарауды жақтап, жаппай отырықшылыққа көшуді ұсынушы переселен мекемелері
мен чиновниктерінің отаршылдық пиғылды ұстанып отырғандығын, өйткені
егіншілік мәдениетімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көтерілістің басталуы және себептері
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты және себептері
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
Сырым Датұлының өмірі
Бірінші орыс революциясы және ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрістеуі туралы ақпарат
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
Қазақстан тарихы пәнінен қысқашалекция жинағы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен
Пәндер