Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Қолжазба құқында
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
22. 00. 04 - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер
Социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖАС ҰРПАҚТЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПШІЛДІККЕ БЕЙІМДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 10
1. 1 Жеткіншектерді кәсіпшілдікке бейімдеуді негіздеудің алғы - шарттық тұғырнамалары . . . 10
1. 2 Жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеудің әлеуметтік - экономикалық мәні . . . 27
2 ЖАС ҰРПАҚТЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПШІЛДІККЕ
БЕЙІМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ . . . 39
2. 1 Мектептік еңбек тәрбиесі жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеудің
бастапқы буыны . . . 39
2. 2 Жас ұрпақты өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету
кәсіптеріне бейімдеу мен кәсіптендіру . . . 62
2. 3 Өскелең ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеудегі экономикалық білім
негіздерін оқытудың рөлі . . . 92
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 114
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 122
ҚОСЫМШАЛАР . . . 128
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, өзінің алдына алдағы 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.
«Біз, - деп атап көрсетті ел басшысы Н. Ә. Назарбаев, - Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз» [1, 2 б. ] . Осы міндетті іс жүзіне асыруға бел шеше кіріскен еліміз өз дамуында жаңа биіктерге көтерілген сайын өндірісін қазіргі таңда жалпы әлемдік қолданыстағы ең жаңа техникалық жарақтармен және ең озық өндірістік - технологиялық желілермен жарақтандыруда. Ал, алдағы онжылдықта, тіптен, ел экономикасының жоғары қарай қарыштап өсуіне орай қазіргі заманғы жаһандық өндіруші салада жетекші орынға ие ең озық технологиялар өндірісін, атап айтқанда, био және нанотехнологиялар, жаһандық ақпарат жүйесіне қажетті жарақтар, жоғары жылдамдықты көліктер, энергия үнемдейтін технологиялар, қасиеттері алдын - ала белгіленген жаңа материалдар өндірісін өркендетуді қолға алғалы отыр. Сонымен қатар, ел өндірісін барынша автоматтандыру, ғарыш кемелерін жасауға қажетті қасиеттері алдын - ала белгіленген конструкциялық материалдар өндірісін, ядролық энергетиканы одан әрі өркендету жұмыстары барынша жандандырылмақ. Бұдан өндірістің бұрынғыдан да көп интеллектуалдануы, үздіксіз инновациялық үдеріске көшуі көрініп - ақ тұр.
Демек, еліміздің өндіргіш күштерінің осы жоғарыда аттары аталған салаларында еңбектенуге қабілетті отандық біліктілігі мен кәсіпқойлығы жоғары жұмысшы кадрларын даярлау, олардың ісмерлігін жылдан жылға арттыра отырып, кәсіптің жаңа түрлерін меңгертуге бейімдеу керек - ақ. Сонымен бірге, түпкі өнімдері экспортқа шығаруға бағдарланған өндіріс ошақтарына да, мысалы шикізат өндіру, мұнай - газ, көлік, машина жасау мен металлургия салаларына да, химия мен агроөнеркәсіп кешендеріне де, сондай -ақ ішкі салалық өңдеу өнеркәсіптеріне, құрылыс, көлік және байланыс, қызмет көрсету салаларына да белгілі бір кәсіп түрін меңгерген жоғары білікті маман жұмысшылардың көптеп қажеттсінетіндігі сезіліп отыр. Бүгінгі таңда республикамыздың гүлденіп, өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып, тынымсыз жұмыс істеп келе жатқан өндіріс кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салалары тарапынан біліктілігі мен кәсіпқойлығы жоғары механиктерге, слесарьларға, тракторист - машинисттерге, компьютерлерде жұмыс істей алатын шеберлерге, интернет, веб - дизайн, e - mail мамандарына, телерадио жөндеу шеберлеріне, тұрмыстық күрделі техникаларды жөндеуші ісмерлерге, газэлектрмен дәнекерлеушілерге, токарь - фрезеровщиктерге, ағаш ұсталарына, электриктерге, даяшы - сатушыларға, бармендерге, аспазшыларға, тігіншілерге, сатушы кассирлерге, еурожөндеуші құрылыс шеберлеріне, слесарь - сантехниктерге, сауда ісін және де туризмді жарнамалық ақпараттарды, ветеринарлықты, фельдшерлікті, қонақ үй бизнесін, шағын және орта бизнесті дөңгелетіп әкететін қызметшілерге сұраныс жоғары болып отыр.
Десек те, республика өндірісіне соншалықты керекті біліктілігі мен кәсіпқойлығы жоғары жұмысшы кадрларын даярлау ісі әлі күнге дейін аяғынан тік тұрып кете алмай келеді. Сондықтан да болар, біліктілігі жоғары жұмысшы кадрларын даярлауда орын алып отырған кемістіктер 2006 жылдың 8 жел-тоқсанында Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 16 - отырысында мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде орынды сыналып, оларды шешудің нақтылы жолдары көрсетіліп берілді.
- Қазіргі уақытта, - деп атап өтті Н. Ә. Назарбаев, - республикамызда техникалық және қызмет көрсету саласына қажетті кадрларды даярлаумен 475 колледж, 312 кәсіптік мектеп айналысуда. Тұтастай алғанда аталған оқу орындарында жарты миллионға жуық жас білім алып жатыр. Алайда, солардың ішінде маман жұмысшы кадрларын даярлаумен тек 107 кәсіптік мектеп пен 122 колледж ғана айналысуда. Бұл аталған оқу орындарында білім алып жатқан жастардың тек төрттен бірі ғана қазіргі заманда тапшылық туғызып отырған техникалық және ауыл шаруашылығы мамандары болып шығатынын көрсетеді. Дегенмен, бұл экономикамыздың келешекті былай қойғанда, тіпті қазіргі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де жеткіліксіз.
Кәсіптік - техникалық білім беру саласында орын алып отырған кемістіктер, біріншіден, техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымының әлсіздігіне, инженерлік - педагогикалық кадрлар тапшылығына байланысты. Жалпы республика бойынша кәсіптік мектептер мен колледждердің материалдық - техникалық базалары өте нашар.
Демек, жеке меншік иелеріне, инвесторларға компания басшыларына неге өз өндірістеріне керекті біліктілігі мен кәсіпқойлығы жоғары жұмысшылар мен мамандарды даярлап алмасқа, неге белгілі бір кәсіп түрін игеретін оқу орындарын ашпас қа? Үкімет пен компаниялар мемлекеттің қолдауы арқылы білікті жұмысшылар мен мамандар даярлаудың бағдарламасын әзірлеуі керек. Аталған проблемамен барлығының айналысуын міндеттейтін заң әзірлеу қажет. Бүгінде бизнес пен жеке сектор техникалық және қызмет көрсету салалары үшін кадрлар даярлау үдерісіне салғырт қарап отыр.
Екіншіден, индустрия салаларының техникалық және қызмет көрсету мамандарына деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ.
Біз даярлап жатқан мамандар қазіргі еңбек нарығының талаптарына, соның ішінде біз құрғалы отырған инновациялық экономиканың талаптарына сай келе бермейді [2, 3 б. ] .
Ал, осы заманғы өндірісте салмақ әншейін ғана тауарлар өндірумен, қызмет көрсетулермен шектеліп қалмайды, керісінше «интеллектуалдық әлеуетке» салмақ көбірек түседі. Ұлттың осы заманғы және тиімді білім беру жүйесін ұстануға, жұмысшы күшінің оқыту жолымен интеллектуалдық қырын арттыруға қабілеттілігі ерен маңызды болуда. Біз жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшуді ұсынамыз. Бұл тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін - өзі іске асыруы мен өзін - өзі дамытуға қабілеттігін ескеруге, белгілі бір кәсіп түрін толық меңгеруге мүмкіндік береді, адами капиталын байытады. Білімді, сауатты, біліктілігі мен кәсіпқойлығы мығым тұлғалар - бұл XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда, бәсекеге қабілетті мамандарға беруіне тура келеді. Сендер, қазіргі жастар, тәуелсіз Қазақстанда өстіңдер, сендердің көз алдарыңда біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасуы жүрді. Сендер ана сүтімен бірге бойларыңа патриотизм және өз тәуелсіз Отандарыңа деген сүйіспеншіліктің терең сезімін дарыттыңыздар.
Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі біздің барлық ойларымыз бен жоспарларымызды қисынды қорытындысына жеткізетін нақ сендер боласыңдар.
Мен біздің жастарға сенемін. Сендердің білімдерің, сендердің күш - жігерлерің мен сендердің еңбектеріңнің күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенімдімін. Өздеріңнің жүрек қалауларың қалаған кәсіп түрін меңгеріңдер. Ел экономикасының қарыштап дамуына қолғабыс тигізіңдер. Біздің реформалардың, өркендеп, гүлденуіміздің алдыңғы шебінде жастар жүруі тиіс. Тек оқу, күш - қуатыңды аямастан еңбек ету, өзіңмен жұмыс істеу керек, сонда сендер барлық ойлағандарыңа жетесіңдер [3, 7- 8 бб. ] .
Елбасы күні ертең ерен еңбектерімен елімізді өркендетіп, гүлдендірер бүгінгі жеткіншек ұрпағының ертеңгі күнінің қамын ойлап, бүгіннен бастап оларға белгілі бір кәсіп түрін дұрыс таңдатып, оны олардың сапалы меңгерулеріне бар мүмкіндіктерді орынды пайдалана отырып ұйытқылық жасау қажеттілігі туралы айтқан салиқалы ой орамдарының оларды орындауда бағдаршамдық мәні бар. Себебі, елбасының бұл ой - толғаулары елінің мәңгі - бақи әлемдегі өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең болып өркендеп, гүлденуін қалайтын елбасылық терең саяси, әлеуметтік, экономикалық, тіптен қала берді, өскелең ұрпаққа деген сүйіспеншілікке толы олардың ерік - жігерін қайрап, ой - армандарын қанаттандырар, намыс оттарын жақтырып, биіктерге ұмтылдырар маңызы зор мазмұнға ие. Осыны терең түсініп, сезіне білген ел үкіметі өсіп келе жатқан жас, жеткіншек ұрпақтың белгілі бір кәсіп түрін дұрыс таңдап, оны саналы түрде меңгерулеріне ұйытқылық жасау, сөйтіп олардың қазіргі нарықтық қоғам өндірісі талаптарына сай кәсіптенулеріне шынайы, ақ ниетпен көмектесу қажеттігіне айрықша назар аударып отыр. Ал, бұл мәселенің ойдағыдай шешілуі, ең алдымен, жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептерде жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдіктің белгілі бір нысанын таңдауға бейімдеп, оны меңгертудің жай - жапсарын жан - жақты саралап, зерттеуді талап етеді.
Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдіктің белгілі бір түрін таңдауға бейімдеп, оны меңгерту, сөйтіп барып оларды өндіріс кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында еңбектендіруге талаптандыру мәселелері - А. А. Вайсбургтың [4], И. С. Конның [5], Е. А. Климовтың [6], М. Н. Скаткиннің [7], А. Д. Сазоновтың [8], М. Х. Титманың [9], Г. А. Чередниченко мен В. Н. Шубкиннің [10] еңбектерінде нақтыланған.
Зерделеуде қоғамдық үдерістерді зерттеулердің теориялық тұғырлары негіздері М. С. Әженовтың [11], К. У. Биекеновтің [12], М. М. Тажинның [13], К. Г. Ғабдулинаның [14], М. С. Садырованың [15], С. Т. Сейдумановтың [16], З. К. Шаукенованың [17] еңбектерінде нақтыланған ой-сана жемістері бағдаршамдық рөл атқарды.
Н. А. Аитовтың [18], М. Т. Татимовтың [19], З. Ж. Жаназарованың [20], Т. Ж. Қалдыбаеваның [21], О. Н. Нұсқабаевтың [22], Е. Р. Раисовтың [23], М. Ф. Пузиковтың [24], Р. Б. Сарсенбаеваның [25], А. Б. Сейтешевтің [26], С. К. Утешовтың [27], Г. Б. Шөптібаеваның [28], т. б. еңбектерінде жас ұрпақты белгілі бір кәсіп түрін таңдауға бейімдеп, қажеттілігі негізделген ой-пікірлер де зерттеудің табыстылығына кәдімгідей жәрдемін тигізді.
Жастардың қоғамдағы орны мен рөлі қарастырылған зерттеулерде үлкен Г. С. Абдирайымованың [29], Ш. Е. Джаманбалаеваның [30], Л. Т. Қожамқұлованың [31] т. б. еңбектеріндегі жас ұрпақты баулу қажеттілігі туралы айтылған пікірлердің де зерттеу нәтижелерін негіздеуге бірқатар көмегі тиді.
Алайда ғылыми әдебеттердің жалпы шолуында ізденуші сияқты өсіп келе жатқан жас, жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдіктің белгілі бір түрін таңдауға бейімдей отырып, оларға қазіргі нарықтық қоғам өндірісі сұраныстарына сай, әрі жаңа еңбек рыногінде бәсекеге төтеп бере алатын кәсіп түрлерін меңгерту мәселелері арнайы қарастырылған бірде - бір еңбек жоқ десе де болады. Сондықтан ізденуші өз жұмысында осы зерттеліп отырған мәселені неғұрлым толық және кешенді түрде зерттеп, автордың алдына зор жауапкершілік жүктеп, артылар жүгі ауыр болса да, зерттелуі қажетті проблеманың есігін ашып беріп отыр.
Зерттеу нысаны - жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептер.
Зерттеу пәні - Зерттеудің пәні ретінде жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептердің жеткіншек ұрпақты оқытып, кәсіптендіру, дағды - ісмерлікке баулу және біліктендіру арқылы қазіргі нарықтық қоғам өндірісі талаптарына сай әрі еңбек рыногында бәсекеге төтеп бере алатын кәсіп түрлерін таңдатып, кәсіптендіру әрекеттерінің талдауы.
Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеті. Осы диссертациялық жұмыстың мақсаты жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептердің өскелең ұрпақтың жас және психологиялық физиологиялық өзгешеліктерін, талап - талғамдары мен бейімділіктерін есепке ала отырып, оларға қазіргі нарықтық қоғам өндірісі талаптарына сай, әрі халықаралық еңбек рыногында бәсекеге төтеп бере алатын кәсіп түрлерін таңдату. Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығынан шығатын болсақ ізденуші өз алдына жас ұрпақты нарық жағдайында жоғары сұранысқа ие мамандықтарымен таныстырып, оларға бейімдеуді социологиялық көз - қараспен толық талдап шығуды мақсат етіп отыр.
Негізгі мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің шешімін табу қажет:
- жастарды кәсіпшілдікке бағдарлаудың теориялық бағыттарын, кәсіп түрлеріне меңгертуге бағытталған іс - тәжірибесін әлеуметтік және экономикалық жағынан саралап, бағымдау;
- белгілі бір кәсіпті меңгертуге мүмкіндік беретін дағды - ісмерліктерді үйрету, кәсіп түрлерінің классификаторын жасақтау;
- күнделікті және өндірістік - практикалық сабақтарда жаңа педагогикалық - инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын, жұмыс берушілер мен кәсіптік - техникалық оқу орындары арасында әріптестіктің, кәсіби бағдар берудегі рөлін, социологиялық аспектісін анықтау;
- кәсіптік - техникалық білім беруді ұйымдастыру, оқыту және жетілдіру жөнінде нақтылы ұсыныстар жасау;
- жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептерде жеткіншек ұрпаққа кәсіпшілдікке бейімдеудің құрамдас бөлігі ретінде «Экономикалық білім негіздері» пәні оқытылуы міндетті пәндер санатына енгізіліп, оқытылуы керектігін пысықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
1 Жеткіншектерге нарықтық қоғам өндірісі талаптарына сай келетін, әрі еңбек рыногында бәсекеге төтеп бере алатын кәсіп түрлерін таңдатудың, бейімдеудің және оларды кәсіптендірудің әлеуметтік мәні, экономикалық тиімділігі және маңыздылығы айқындалды.
2 Ортаң қол кәсіби мамандықтардың жіктемелігі жасақталды және оларды меңгертудің жаңа педагогикалық-инновациялық технологиялары, нысандары және әдістемелері нақтыланды.
3 Кәсіптік - техникалық бастауыш және орта білім беру оқу орындарының материалдық- техникалық базаларын жақсартуға көмектесу, оларға қаржылай жәрдемдесу арқылы компаниялардың өздеріне керекті жұмысшылар мен қызметшілер даярлата алуының тетіктері көрсетілді.
4 Республика өндірісінің белгілі бір саласына қанша жұмысшы керектігі туралы алдын - ала болжам жасалып отырылуы, жұмыс берушілер мен бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында өзара әріптестік келісім - шарт түзілуі қажеттілігі негізделді.
5 Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеудің құрамдас компоненті ретінде «Нарықтық экономика негіздері» пәні оқытылуы қажеттілігі және бұл пәннің міндетті пәндер санатына енгізіліп, оқытылуы керектігі пысықталды.
Қорғауға шығарылатын қағидалар:
- Жеткіншек ұрпақты жалпы негізгі, жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мектептерінде кәсіпшілдікке бейімдеудің міндеті - әрбір оқушының жеке бастың мүдделері мен жергілікті еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып, оларға өздері өмір сүріп келе жатқан аймақта, ауданда, ауылда атқарылатын шаруашылық түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін кәсіптерді саналы түрде таңдауларына түрткілік жасау
- Қазіргі нарықтық қоғам өндірісі аса қажетсініп отырған жұмысшы мамандықтары, әсіресе нарықтық экономикаға бейімделе бастаған агроөнеркәсіптік құрылымдық кешендерде жұмыс жасайтын сондай - ақ, кәсіби, ауылдық елді мекендердегі тұрмыс - тіршілікті қамтамасыз ету объектілері - денсаулық сақтау саласында, мәдениет ошақтарында, телекоммуникация, байланыс, жол жөндеу, почта, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету, шеберханаларда, т. б. басқа да өмірлік қажеттілігі мол объектілерде қызметтенуге даяр ортаң қол қызметшілер мен маман - жұмысшыларды көптеп даярлау кәсіптік - техникалық білім беру ұйымдарының міндетті қызметі.
- Кәсіптік - техникалық бастауыш және орта білім беру оқу орындары өздерінің материалдық-техникалық базаларын жақсарту үшін не істеуі керектігін анықтау.
- Кәсіпшілдікке бейімдеу саласында мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестік техникалық және кәсіптік білім берудегі жобаларды біріккен түрде қаржыландырып отыруы.
- Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептерде экономикалық білім беру қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды, қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының теориялық - методологиялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың қарастырылып отырған мәселенің қайсы бір жақтарын қарастырған еңбектері пайдаланылды.
Заңдық негіздері ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, жеткіншек ұрпаққа білім беру, оларды оқытып, тәрбиелеу, оларды кәсіпшілдікке бейімдеу, кәсіптік бастауыш және орта білім беру, экономикалық білім негіздерін оқыту жөніндегі ведомстволық нормативтік құжаттар мен тұжырымдамалық бағдарламалар алынды.
Деректік және фактілік қоры ретінде жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептердің қызметі туралы жазылған мерзімдік басылымдардың материалдары, педагогикалық зерттеулердің және статистикалық органдардың мәліметтері, диссертация авторының өзі жүргізген нақты - социологиялық зерттеу ізденістерінің нәтижелері алынды.
Зерттеу әдістері: сауалнама, интервью, құжаттарды талдау, өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар мен кәсіптік бастауыш және орта білім беру туралы жазылған мерзімді басылымдардың материалдарын саралау, статистикалық мәліметтерді екшелеу, салыстыру, байқау, эксперименттік және тәжірибелік сабақтардың нәтижелерін екшелеу, өңдеу, қорытындылау, т. с. с. әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысында әлеуметтендіру институты ретінде жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептердің өскелең ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеу негізінде олардың белгілі бір кәсіп түріне қызығушылық танытып, оны саналы таңдап, меңгерулеріне мүмкіндіктер тудыру жағдайы қарастырылғандықтан, зерттеу жұмысы негізінде жасақталған нәтижелік қорытындылар мен ұсыныстарды жалпы орта білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлер мен кәсіптік орта білім беру оқу орындарында ғана емес, сонымен бірге еңбек сабағынан мектеп мұғалімдерін даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарында да пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеудің негізгі мәтіні - «Проблемы менеджмента и рынка» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда. - Орынбор қаласы, 2000 ж. ., «Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жағдайындағы аймақаралық ынтымақтастық мәселелері» - атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда. - Ақтөбе қаласы, 2003 ж., «Информационное общество: практические и прикладные исследования» атты халықаралық ғылыми - теориялық конференцияда. - Алматы қаласы, «Тұран» университеті, 2003 ж., Жас ғалымдардың V республикалық ғылыми - теориялық конференциясында. - Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 2003 ж., «21 ғасырда ұлттық экономиканың даму проблемалары мен тенденциялары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда. - Ақтөбе қаласы, 2002 ж., «Индустриалды - инновациялық даму - Қазақстанның тұрақты экономикасының негізі» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда. - Шымкент қаласы, 2006 ж., автор жасаған баяндамаларда және жариялаған 16 мақаласында мазмұндалған.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы. Зерттеу жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің социология және политология кафедрасының мәжілісінде, сондай - ақ Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің социология кафедрасында талқыланып, мақұлданып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, 2 бөлім, 5 бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрып жалпы 145 бетті құрайды.
1 ЖАС ҰРПАҚТЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПШІЛДІККЕ БЕЙІМДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1 Жеткіншектерді кәсіпшілдікке бейімдеуді негіздеудің алғы шарттық тұғырнамалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz