Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқық кафедрасы.

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы.

Жоспар:

Кіріспе
1) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы жалпы ережелер.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
2) Серіктестіктің қатысушылары
3) Серіктестіктің мүлкі туралы жалпы ережелер
4) Серіктестікті басқару
5) Жауапкершілікті шектелі серіктестікті тоқтату
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Статистика көрсетіп отырғандай, жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Қазақстанда кең таралған коммерциялық заңды тұлғаның және кәсіпкерліктің
ұйымдық – құқықтық нысанының кең тараған түрі. Бұл жауапкершілігі шектеулі
серіктестік тәуелсіз Қазақстанның экономикасына өзінің салмақты үлесін
қосып отырғаны анық. Сонымен, курстық жұмыстың негізгі мақсаты – шаруашылық
серіктестіктің кең тараған түрі – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
түсінігін беру және серіктестік туралы Заңға сүйене отырып, оның негізгі
құқықтық жағдайын анықтау болып отыр.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтіп, шағын және орта бизнесті
дамыту жолын орта тапты қалыптастырудың негізі ретінде алып отырған бұл
мемлекетте жауапкершілігі шектеулі серіктестікке байланысты сұрақ туатыны
анық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы түсінік, оның қатысушылары,
сеіктестікті құру, серіктестіктің мүлкі туралы жалпы ережелер,
серіктестікті басқару органдары, атап айтқанда серіктестіктің жалпы
отырысы, атқарушы органтуралы және серіктестікті қайта құруға немесе
тоқтатуға негіз боларлықтай басты мән жайлардың барлығы баяндалады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайын анықтау үшін
оны шаруашылық серіктестіктердің басқа нысандарынан салыстырмай кетпес деп
ойлаймын. Сондықтан да жұмыстың негізгі бөлімінде осы орайда мән – жайлар
баяндалады, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқа шаруашылық
серіктестіктерінен айырмашылығы мен ұтымды жақтары баяндалады.
1 .Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы жалпы ережелер. Серіктестікті
құру.
Бір немесе бірнеше адамдар құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік
жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің салған
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Осы ережеден өзгеше жағдайлар
Азаматтық кодексте және 1998 жылғы заңда көзделуі мүмкін.
Серіктестік фирмалық атауға ие және ол серіктестіктің атын, сонымен
қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестік сөзін немесе ЖШСң
аббревиатурасын өз құрамында жинақтауы тиіс. Сонымен қатар, фирмалық
атаудың қысқартылған түрін немесе шетел тілінде эквиваленттерді қолдануға
жол беріледі. Егер серіктестік шетелдің қатысуымен құрылса, оның фирмалық
атауында белгілі бір мемлекетке тиесілі екенін де көрсетуге жол беріледі.
Серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын бекіткенде
басталады және мемлекет тіркегеннен кейін аяқталады. Құрылтай шартының
маңызды шарттары Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ң Заңның 14
бабында көрсетілген.[1]
Серіктестік әмбебап құқықсубъектілігіне ие, сондықтан құрылтай
шарттарында серіктестік қызметінің пәні мен мақсатын көрсету оның міндетті
емес құқығы.
Құрылтай шарты шартта өзгеше көрсетілмесе, коммерциялық құпияны
білдіретін құжаттар қатарына жатады.және үшінші тұлғаларға тек серіктестік
органының шешімімен немесе заң актілерінде көрсетілген жағдайларда ғана
көрсетуге жатады. Көрсетілген норма дұрыс бекітілмеген және менің ойымша
серіктестік құрылтайшыларының мүдделеріне залал келтіруге қабілетті. Мына
моментке назар аударайық: ... тек серіктестік органының шешімі бойынша. Бұл
дегеніміз мүдделі тұлғаларға серіктестіктің құрылтай құжатын көрсету арқылы
бақылаушы және қадағалаушы органдардың шешімі жеткілікті дегенді білдіреді
ме? Заң бойынша – иә, өйткені директор, басқарушы т.с.с. және қадағалау
кеңесі мен ревизиялық комиссия серіктестіктің органдары болып табылады.
Бірақ бұл органдар серіктестіктің қатысушыларынан тұра бермейтіндігін атап
кеткен жөн. Бұл дегеніміз тиісті ақпараты бар құрылтай құжатын үшінші
тұлғаларға көрсетуді заң басқа да тұлғаларға береді.
Үшінші тұлғаларға құрылтай құжатын көрсету құқығы бар орган ретінде
тек қатысушылардың жалпы жиналсын тану керек.[2]
Жаупкершілігі шектеулі серіктестік туралың Заңның 15 бабы құрылтай шартын
бекітудің және оның формасының тәртібін анықтайды және мынадай нормалардың
жиынтығын көрсетеді:
- шартқа әрбір құрылтайшы немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Шартқа
қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді.
Шартқа қол қоймаған тұлғалар оның құрылтайшылары тізіміне кірмейді.
Азаматтық кодекстің 393 бабының 1 тармағына сәйкес тараптар арасында
шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін
нысанда қол жеткен уақытта шарт жасалды деп саналды. Бұдан келіп шығатыны,
егер тұлға құрылтай шартына қол қоймаса, онда оның оған келіспейтіндігін
білдіреді.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаларды тіркеудің жалпы
ережелеріне бағынады және ҚР әділет органдарымен жүзеге асырылады.[3]
Ол үшін тіркеу органдарына мыналар ұсынылуы қажет:
-ҚР Әділет министрлігі бекіткен нысандағы өтініш;
-Жарғы;
-тіркеу жиынының негізілуін анықтайтын құжат;
Егер құрылтайшылар өз қызметтерін типтік жарғы бойынша жүзеге
асырылуы көзделсе, онда жарғыны тіркеу органына ұсыну талап етілмейді.
Бірақ типтік жарғы негізінде тіркеу туралы өтініш барлық құрылтайшылардың
нотариалды түрде бекітілген сипатта мына түрде көрсетілуі қажет:
- серіктестіктің атауы және оның орналасқан жері;
- серіктестіктің жарғылық капиталының көлемі;
- қатысушылардың тұрғылықты жері, аты, құрылтайшылардың сипаты
белгіленген тізімі;
- серіктестіктің типтік жарғы негізінде жұмыс істейтінін көрсету.
-
Серіктестіктің қатысушылары.

Заң негізінен жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларына,
арнайы субъектілерді қоспағанда, қандай да бір арнайы шектеулер қоймайды.
Мәселен, мемлекеттік кәсіпорындар серіктестікке белгілі бір органның
келісімімен ғана қатыса алады. Мемлекеттік кәсіпорындар өз бетінше
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы бола алмайды. Егер заң
актілерінде өзгеше көзделмесе, мекемелер меншік иесінің келісімімен
серіктестіктің қатысушысы бола алады.
Серіктестік бір тұлғамен де құрылуы мүмкін, ал оның қатысушыларының
максималдық саны 100- ден аспауы қажет.[4]
Азаматтық кодекс те, жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заң
да жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы бар шаруашылық
серіктестікті жалғыз қатысушысы ретінде тани алмайды.
Серіктестік қатысушылары келесідей құқықтарға ие:
-серіктестік істерін басқаруға қатысу;
-серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алу және оның құжатнамасымен
танысу;
- серіктестік қызметінен пайда алу;
- кредиторлармен есептескеннен кейін серіктестікті тарату; кезінде
мүліктің бағасын алу;
- өз үлесін анықтау.

Қатысушылар заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да
құқықтарды иеленуі мүмкін.
Қатысушылардың міндеті:
-құрылтай құжатының талабын сақтау;
-серіктестіктің құрылтай құжатына салым енгізу;
серіктестіктің коммерциялық құпиясын жария етпеу.
Серіктестік қатысушыларының құрамы өзгеріске ұшыраған жағдайда
серіктестік қайта құрылуы тиіс.
Тәжірибеде пай иеленуші серіктесік мүшесі болып табылады, ал қай
кезде ол ондай атақтан айырылады деген сұрақтар тәжірибеде көп туындауда.
Пай иеленуші тек жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта тіркеу кезінде
оның қатысушысы болып табылады.[5]
Заңның 22 бабына сәйкес серіктестікке жаңа қатысушы қабылдау құрылтай
шартқа қосу туралы нотариалды бекітілген шартпен жүзеге асырылады. Бұл
шартқа жаңа қатысушы мен серіктестік органының өкілді басқарушылары қол
қоюлары керек. Бұл ретте құрылтай шарт қосып алу туралы келісімшарт
шарттарынан келіп шығатын бөлігі өзгерген болып табылады. Жаңа қатысушы
құрылтай құжатына және серіктестік жарғысына өзгертуді есепке ала отырып
қосылған деп саналады.
Серіктестік туралы Қазақстандағы заңнамадағы жаңалық болып табылатын
мұндай құрылым көптеген шешілмеген сұрақтар туғызып отыр:
-Серіктестік органының құрылтай құжатының шарты өзгергенде құзыретке
ие сол серіктестік қотысушыларының өкілі ретінде табыла ма?
-Мұндай құрылым жаңа қатысушыға ескі қатысушымен салыстырғанда жаңа
құқықтық ережелер көздей ме?
- Бұрынғы қатысушылар қосылу туралы шартта енгізілген өзгерісті
жарамсыз деп тануды талап ете ала ма?, т.с.с.
Бұл қойылған сұрақтардың өте маңызды екендігін дәлелдеудің қажеті
жоқ. Бұл сұрақтардың барлығы заңшығарушының алғышартынан келіп шығады,
қайталап айтар болсақ, құрылтай шарттары қосылу туралы шарттың сол бөлігі
ғана өзгертілген болып саналады. Сұрақтардан көретініміздей серіктестік
органы қосылу туралы шартқа қол қоюға құқығы бар құрылтайшылардың өкілі
болып табылады. Бұл дегеніміз жаңа қатысушыға шарт бойынша бұрынғы
қатысушыға қарағанда басқа құқықтық режим беріледі. Бұл бұрынғы қатысушылар
құрылтай шартына енгізілген қосылу туралы шартты жарамсыз деп тануға
құқықтары жоқ.
Мұны мысалдан көрсетейік. Серіктестіктің құрылтай шартында
көрсетілгендей, құрылтайшылар өз пайларын үшінші тұлғаларға сата
алмайды.қосылу туралы шартта көрсетілгендей қосылған тұлға басқа
қатысушылардың құқықтарына нұқсан келтірмей өз пайларын үшінші тұлғаларға
сата алады. Қосылу туралы шарттың мұндай талаптары заңды ма? 1998 жылғы заң
бойынша - заңды.

Серіктестіктің мүлкі туралы жалпы ережелер.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның қатысушыларының
салымының серіктестіктің алған табыстарының негізінде, сонымен қатар заңға
қайшы келмейтін кез келген басқа қайнар көздер негізінде құрылуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкінің құрылымдық бөлігі –
серіктестік құрылтайшыларының салымдарының бірігуі негізінде құрылған
жарғылық капитал болып табылады. Серіктестік құру кезінде оның жарғылық
капиталы мемлекеттік тіркеуге құжаттары берілген күнге дейін 100 айлық
есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Сонымен қатар қатысушылар тіркеу
моментіне дейін жарғылық капиталдың 25 пайызынан кем емес салым салуы тиіс.
Бірақ ол кез келген уақытта серіктестік бекіткен минималды көлемнен кем
болмауы тиіс.
Соңғы айтылған ереже көбіне дұрыс түсініле бермейді және тәжірибе
көрсетіп отырғандай, көптеген кәсіпкерлер оны сандырақ деп
санайды.шындығында ол әжептәуір маңызға ие және серіктестік кредиторларын
қорғауға бағытталған. Оның мазмұны мынада: серіктестік тіркеуге дейін оның
қатысушылары 87 200 – ден [6] кем емес, яғни 100 айлық есептік көрсеткіштен
кем емес мөлшерде салым салуы тиіс. Сондықтан да көрсетілген 25 пайыз тек
серіктестіктің жарғылық капиталы 87 200 немесе одан да көп болған жағдайда
қолданылады.
Мұны мысалдан көрсетейік: 100 айлық есептік көрсеткіш жарғылық
капиталы бар серіктестік құрылды делік. Егер Заңның 24 бабының 1 тармағына
сүйенсек жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеуге дейін оның
қатысушылары 25 айлық есептік көрсеткіштен кем емес салым салуы қажет.
Шындығына келгенде ол оңай емес. Егер серіктестіктің құрылтай жарғысы 400
айлық есептік көрсеткіштен тұрса ғана 25 пайыз туралы әңгіме болады,
өйткені тек 400 айлық есептік көрсеткіштен бастап оның 25 % жарғылық
капиталдың ең төменгі мөлшері- 100 айлық есептік көрсеткіш болып табылады.
Жарғылық капиталға салым ретінде жек мүліксіз қатынастар мен басқа да
материалдық емес игіліктерден басқа мүліктердің барлығы бола алады.
1998 жылғы заң қатысушылардың салымын міндетті түрде эксперттің
бағалау талабын алып тастады.[7] Қазіргі кезде бұл тек салым көлемі 20 000
айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса ғана қолданылады.
Серіктестіктің жалпы жиналысында серіктестік қатысушыларының өз
салымдары толық көлемде салыну уақыты белгіленеді. Мұндай берілген уақыт
тіркелгеннен кейін 1 жылдан аспауы қаджет. Бірақ ерекше жағдайларда уақыт
өткізіп алған қатысушы, егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, Азаматтық
кодекстің 353 бабының мазмұнына сәйкес тұрақсыздық айыпақысын төлеуі қажет
және сонымен қатар серіктестікке келтірген айыбын төлеуі тиіс.
Заңның 1 бөлімінің 24 бабының 3 тармағы ерекше қызығушылық тудырады,
ол бойынша белгіленген уақытта қатысушы ақша салуға байланысты өз міндетін
атқармаса, серіктестік қатысушы салуға тиіс салымды серіктестіктің жеке
капиталы (таза активтері) есебінен енгізуі керек және жарғылық капитал
көлемін оның енгізілген мөлшеріне дейін азайтуы тиіс.
Бұл көрсетілген ереже өкінішке орай нормативтік материалдың
сапазыздығының мысалы бола алады. Мәселе мынада: жарғылық капиталды құру
кезінде серіктестік пен оның қатысушысы арасында міндеттеме болады, ол
бойынша серіктестік кредитор, ал қатысушы борышқор болады. Сондықтан да заң
құрылтайшы ақша салуға байланысты өз міндеттемесін орындамаған жағдайда бұл
міндетті орындауды серіктестікке жүктейді және бұл жағдайда ол бұл міндет
орындалмайтындай етіп жағдай жасайды, өйткені кредитор мен борышқор бір
тұлға ретінде келіп тұр. Ал бұл міндеттеме Азаматтық кодекстің 371 бабы
бойынша міндеттемені тоқтатудың негізі болып табылады. Онда көрсетілгендей,
борышқор мен несие беруші бір тұлға болуы себепті тоқтатылады.
Мұндай келеңсіздіктермен қатар Заң басқа да оңтайлы жағдайларды
қарастырады. Мәселен серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша
қатысушы белгілі бір уақытта салым ретінде салмаған үлесі немесе оның бір
бөлігі қалған қатысушылардың арасында үлестірілуі мүмкін (Заңның 24 бабының
4 тармағы).
Шындығында тәжірибеде құрылтай шартына қол қойғаннан кейін салым
салуға байланысты өз міндеттемесін орындамай, тіркеуден кейін жай ғана
“жоғалып кеткен тұлғалар” деп есептеледі. 1995 жылғы Жарлық мұндай жағдайда
тек қана бір ғана жолды- мұндай қатысушыны сот тәртібінде серіктестіктен
шығуды қолданған болатын. Тәжірибе жүзінде мұндай процес өте ұзаққа
созылады, өйткені жоғалған қатысушы сотқа келмейді және ол көбіне оның
басқа жерге қоныс аударуымен байланысты.
1998 жылғы Заң бойынша енді мұндай сауалдарды шешу үшін сот
тәртібінің қажеті жоқ. Енді қатысушының міндеті орындалмаған жағдайда
серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша бұл міндетті басқа
қатысушыларға немесе үшінші тұлғаларға беруі жүктелуі мүмкін. Тіпті
болмаған жағдайда серіктестіктің жарғылық капиталына тиісті
төмендетугежатады. Бұдан көретініміздей, бұл әрекет серіктестіктің жарғылық
капиталы 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болуы жағдайында жүзеге
асырылмайтыны анық.
Заң жарғылық капиталды ақша енгізу жолымен қалыптастырудың жаңа
тәртібін көрсеткен. Бұл жағдайда құрылтайшылар құрылтай шартында бір
құрылтайшыны белгілеп береді және ол ақша құралдарын салып тұратын банкте
жинақтаушы шот ашады. Серіктестік тіркелгеннен кейін және олардың жеке
шотын ашқаннан соң ол құрылтайшы 5 жұмыс күнінен кешіктірмей
аккумуляцияланған ақшаны серіктестік шотына аударуы қажет. Егер құрылтай
құжаттарында өзгеше көрсетілмесе, өз уақытында ақша қаражатын серіктестік
шотына аудармағаны үшін бұл құрылтайшы серіктестікке тұрақсыздық айыбын
төлеуі тиіс(Азаматтық кодекстің 353 бабы).
Егер серіктестіктің жарғылық капиталы басқа мүліктермен құралған
болса, құрылтайшылар құрылтай құжатында үшінші тұлғаны көрсетуге құқығы бар
және бұл тұлға серіктестікті құрғанға дейін және одан кейін де серіктестік
мүлкі сенім басқаруында болады. Егер көрсетілген жарғылық капитал нақты
жарғылық капиталдан асатын болса, серіктестіктің қатысушылары кредиторлар
алдында нақты жарғылық капиталдан асатын сома мөлшерінде субсидиярлық
жауапкершілікте болады.[8]
өкінішке орай 1998 жылғы Заң “Акционерлік қоғам туралы” Заңнан
ерекшелігі ертеде “Шаруашылық серіктестіктер туралы” Жарлықта болған
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
пен акционерлік қоғам таза активтерінің бағасы екінші жылдың аяғында және
әрбір жылдың аяғында жарғылық капиталдың көлемінен төмен болмауы тиіс.

Жарғылық капиталды ұлғайту.
Заң серіктестіктің жарғылық капиталының өзгеру процедурасы нақты-
нақты регламентациялайды. Оның ұлғаюы мынадай жолмен жүргізілуі мүмкін:
- барлық қаысушылардың қосымша пропорционалды салымдары негізінде;
- серіктестіктің жеке капиталы және сонымен қатар резервті капиталы
есебінен;
- егер серіктестіктің оның баланстағы нақты бағамынан асатындығын
тәуелсіз сарапшы қайта бағаласа;
- басқа тұлғалардың келісімімен бірнеше қатысушылардың немесе бір
қатысушының қосымша салым салуы;
- егер серіктестікке жаңа қатысушылар қабылданса.
Жарғылық капиталды 2-3 пункттер бойынша ұлғайту күдік туғызады.
Біздің ойымызша заңшығарушы бұл тұрғыда жарғылық капиталдың мәнін жете
түсінбейді, өйткені жарғылық капиталдың мәні құрылтайшылардың мүлкінің
есебінен құралады, ал оны серіктестіктің мүлкі есебінен немесе қайта
бағалау есебінен ұлғайту оның мәніне қарсы келетіні айғақ. Заңның 24
бабының 4 тармағына сәйкес жарғылық капитал құрылтайшылардың салымдарын
қосу жолымен құрылады. Сонымен қатар бұл жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің түсінігінен логикалық түрде келіп шығады: оның қатысушылары
серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Заңмен белгіленген бұл тәртіп жарғылық капиталдың шын мәнінде
ешқандай өсуіне алып келмейді. Серіктестік тиісті ұлғайту туралы шешім
шығарғанына дейінгі өз мүлкіне өзі меншік иесі болады. Сонда ұлғайтуң
мағынасы неде? Мұндағы басты маңыз – мұндай серіктестіктің мүліктік күшінң
психологиялық түрде демонстрациялау. Одан басқа түк жоқ өйткені:
- қатысушылар шын мәнінде қосымша салым салмайды, сондықтан да
жауапкершілігі шектеулі серіктестік банкротқа ұшырағанда олардың
қосымша жоғалтулары жоқ;
- серіктестік кредиторлары бұл жағдайда ешқандай да үлкен кепіл
алмайды, өйткені серіктестік міндеттемелерге өз мүлкі бойынша жауап
береді, бірақ оның мүлкінің бағасы мұндай операциялардың
нәтижесінде өзгерусіз қалады.
Тағы да Заң мәтініне келіп тоқтасақ, жарғылық капиталдың көрсетілген
тәсілдермен, тіпті қатысушылардың пропорционалдық қосымша салымдарын салу
жолымен жарғылық капиталды ұлғайту кезінде қатысушылардың үлесінің көлемі
өзгеріске ұшырамайды.

Жарғылық капиталды төмендету.
Заң серіктестік жарғылық капиталын азайту процедурасын да
регламентациялайды (белгілі бір ережеге бағындырады). Серіктестік
қатысушыларының жалпы отырысында серіктестіктің жарғылық капиталын азайту
жөнінде шешім шығарғаннан кейін екі ай ішінде өз кредиторларына ол туралы
жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Соның нәтижесінде кредиторлар хабар алғаннан
кейін бір сішінде серіктестіктен қосымша кепіл немесе міндеттемені
уақытынан бұрын орындауды және шығынды өтеуді талап етуге құқылы.
Заң жарғылық капиталды азайтудың екі тәсілін ұсынады:
- барлық қатысушылардың салым мөлшерін пропорционалды кеміту жолымен;
- жекелеген қатысушылардың үлесінен толық немесе ішінара құтылу
жолымен.
Жарғылық капиталды азайтудың басты талаптары мыналар:
қатысушыларға төлем төлеу, жарғылық капиталдың жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы
Шаруашылық серіктестік
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы жалпы ережелер
Шаруашылық серіктестіктің түрлері
Мемлекеттің заңды жауапкершілігі
Пәндер