Аффект жағдайында болған адам өлтіру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Жауаптылықты жеңілдететін жағдайдағы адам өлтіру

ЖОСПАР:

Кіріспе

1 бөлім. Кісі өлтірудің түсінігі және түрлері.

1.1 Кісі өлтірудің түсінігі және құқықтық сипаттамасы.

1.2 Кісі өлтірудің түрлері.

2 бөлім. Кісі өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері.

2.1 Кісі өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлерінің қылмыстық құқықтық
маңызы.

2.2 Анасының жаңа туған баласын өлтіруі.

2.3 Аффект жағдайында болған адам өлтіру.

2.4 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезіндегі кісі өлтіру.

5. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу
кезіндегі жасалған кісі өлтіру.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемелекетпен
қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының[1] екінші бөлімі осы
мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына –
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, - деп жарияланған.
Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде
Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің[2] 2-бабында адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет
ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке
адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әрқашан
артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға
арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке
адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып
табылады.
Қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, ауырлық деңгейіне қарай
бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішіндегі адам өлтіру қылмысы ең ауыр
санаттағы қылмыстар тобына жатады.
Ал нақты жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру қылмыстарына келетін
болсақ, бұл да өте маңызды әрі күрделі сұрақ. Бұл салада даулы мәселелер
өте көп. Сот тәжірибесінде анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі, қажетті
қорғаныс шегінен асу, аффект жағдайындағы адам өлтіру және қылмыс жасаған
адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен асу қылмыстары бойынша
қарастырылатын істер бойынша кететін қателіктер өте көп. Соттар әлі күнге
дейін қылмысты, әсіресе мұндай күрделі құбылысты саралау кезінде де
қателіктер жасайды. Бұл қателіктер адам тағдыры үшін шешуші роль атқарады,
кері әсерін тигізеді. Мұның себебі, заңнамада бұл құбылыстарға барынша
нақты сипаттама берілгенмен, ол да жеткіліксіз болып табылады. Мысалға,
заңнамада жаңа туған сәби ұғымы ашылып көрсетілмеген. Ал заң әдебиеттерінде
жаңа туған сәби немесе жалпы жеңілдетілген жағдайда болған адам өлтіруді
былай қойғанда, жалпы адам өлтіру құбылысы үлкен дау тудырып отыр.
Жалпы адам өлтірудің өзі әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі
болып табылады, себебі заң әдебиеттеріндегі көзқарастар да әртүрлі.
Тақырыпты таңдау себебім, адам өлтіру құбылысын, адам баласын екінші
біреуге мұндай қатыгездік жасауға қандай мән-жайлардың, себептердің
итермелегенін түсінгім келді. Жалпы адам өлтіру құбылысын өзінің басынан
өтпеген адамның түсінуі қиынға соғады, сондықтан ең болмаса жеңілдетілген
жағдайда болған адам өлтіру кезіндегі қылмыскердің жан-дүниесін, көңіл-
күйін, психикалық және психологиялық жағдайын, ішкі сезімін ашып көруге
тырыстым. Білуімше, жеңілдетілген жағдайда болған кісі өлтірудің,
жеңілдетілген және ауырлатылған жағдайларсыз, жай кісі өлтіруден қоғамға
қауіптілік дәрежесі әлдеқайда төмен болып табылады. Бұл тақырыптың мәнін
ашу үшін келесі тарауға көшеміз.

1.Тарау. Кісі өлтірудің түсінігі және түрлері.
1.1 Кісі өлтірудің түсінігі және құқықтық сипаттамасы.

Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде[3] адам өлтірудің
заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі
берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп
ҚК-тің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң
бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей обьект
белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық
көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам
өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына
және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей
қорғайды. А.Н. Ағыбаевтың айтуынша[4], адам өмірі нәрестенің туған сәтінен,
яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның
өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы
айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып
табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы
мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім
сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10
немесе одан да көбірек минутқа созылады. Свидловтың айтуынша, өлудің соңғы
кезеңі - биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына
байланысты мидың өлуі басталады.[5] Адамның басқа органдары мен тіндерінің
өміршеңдік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы
сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті – биологиялық өлім.
Жалпы адам өлтіру – қылмыс болып табылады, ал қылмыс құқық
бұзушылықтың бір түріне жатады. Қылмыс құрамы, яғни құқық бұзушылық құрамы
да төрт маңызды және міндетті элементтерден тұрады.
1. С.М. Әпенов[6] пікірінше, қылмыстың объектісі ретінде қылмыстық заң
бойынша қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің,
құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір
әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде қоғамдық қатынастар деген ұғым
алынып, ал қалған заңды мүдделер, құқықтар мен құндылықтар деген ұғымдар
қоғамдық қатынастар деген ұғымға жатқызылады.
Қылмыстың объективтік жағы ретінде қылмыстың сыртқы бейнесін
сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда қылмысты факт немесе уақиға
ретінде бағалауға болатын белгілер тобына сипаттама береді. Объективтік
жақты қылмыстың жасалу уақиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді ұсыну,
ол объективтік жақтың қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайды деген ұғымға
байланысты. Яғни бұл құрам элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге
көрсете алатын сыртқы белгілер болып табылатын қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздік, елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл, жағдай
тәрізді белгілер түгелденеді немесе осы бағыттағы материалдарды
квалификация жүргізуші субъект іздестіреді.
Құқық бұзушылықтың фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс
айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды
салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде
келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен
қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша
айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі
анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі арасындағы
байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын
жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен
көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-
әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік
байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Кінәлінің оқпен
атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру,
жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады.
Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да
болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін
адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал
ретінде жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету нысандары
мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен
адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл
негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру
мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған
тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қалпын
туғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң
талаптарынан туындауы мүмкін. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің
табиғи қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-
аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай
әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы
жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық
болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне
оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады.
Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі
бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә
деп жүктеу үшін оған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі
арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен
зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті
үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру
үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған
кезде кінәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді.
2. С.М. Әпенов пікірінше[7], қылмыстың объектісі ретінде қылмыстық заң
бойынша қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің,
құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір
әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде қоғамдық қатынастар деген ұғым
алынып, ал қалған заңды мүдделер, құқықтар мен құндылықтар деген ұғымдар
қоғамдық қатынастар деген ұғымға жатқызылады.
Объект – заң, құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе
мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық
қатынастар, құқықтар, бостандықтар мен заңды мүдделер. Бұл жағдайда адамның
өмірі, өмір сүруге құқығы. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне
қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастардың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері
көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше
болуы мүмкін.
3. Қылмыстың субъективтік жағы ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет
жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін ішкі жақ белгілері
алынады. Демек бұл құрам элементінде қылмыс жасаған адамның қауіпті іс-
әрекетіне, зардапқа, қылмыс тәсіліне, жағдайына деген психикалық қатынасы,
сонымен бірге қылмыстың жасалуына түрткі болған ішкі сезімдер ашылады. Яғни
қылмыскердің қылмыстың объектісі мен объективтік жағының белгілеріне деген
ми жұмысының шешімдері анықталуға жатады.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты
жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын,
элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық
бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан
қарағанда құқық бұзушылық – құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол
берген кінәлі әрекет болып табылады.
Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды
нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады
және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасқаналықта адам
өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала
біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-
әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл
зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне
сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап
біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы
мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә адамның еркімен байланысты
болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып табылады.
Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар
да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір
мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына
әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты кіреді. Мұндағы ниет деп
отырғанымыз – құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал
мақсат – құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерді
тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу
және құқықпен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың
мүдделеріне зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға
мүмкіндік береді.
Адам өлтіру – материалдық құрамға жататын қылмыс. Адам өлтірудің
субъективті жағы – ҚК 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге
асыралады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама
болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның
өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге
соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және
өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қаса қаналықпен адам өлтіру
кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін
мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі,
өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің
болу-болмауына немқұрайлы қарайды. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам
өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан
басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға
қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға
қатысты – жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты
айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни
кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін,
бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша
анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қаса қаналықпен жүзеге
асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған
қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі
мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын,
кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс
істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын, оның жәбірленушімен
арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып
табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында,
өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын
қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және
басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына
маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам
өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің
болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын
қаламайтындығын да ескеру керек мұндай жағдайда. Оның ниеті баламалы түрде
болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа
ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын
міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша
қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін
жауапқа тартылуы тиіс.
Адамды өлтіремін деп алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам
өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен
осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін
іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген
қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса
айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің
шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтірумен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды
немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен
немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты
болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды
аталған әрекеттерден бөлу керек.
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің
нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың
қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей
қасақаналық туралы бола алады (ҚК 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы
түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, заңда көрсетілгендей
еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену
кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі
тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды
қарайды. Тілемейді деген терминді өлтіргісі келмейді деген мағынада
емес, тікелей тілемейді деген мағынада түсіну керек. Саналы түрде жол
береді деген – кінәлі өлімді өз іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қабылдайды
дегенді білдіреді.
4. Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі
дұрыс, кінәлі адам алынады. Қылмыстың ұрамын негізінен субъективтік және
объективтік бағыттардағы белгілерден құралатынын ескеріп, оның ұғымын осы
екі бағыттағы белгілердің жиынтығы түрінде алу қисындығы және өзге
әдебиеттерде де осындай сипаттағы түсінік беріледі.
Субъект - әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект
құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-
есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық
жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге
әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді
құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар
қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстық
жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып
табылады, ал ҚК 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің
субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Жалпы қылмысты саралау үшін оның құрамының белгілерін анықтау міндетті
болып табылады. Я.М. Брайнин[8] айтуынша қылмыс құрамының барлық белгілері
баптың диспозициясында белгіленеді, алайда В.Н. Кудрявцев[9] бұл
тұжырыммен келіспейді, себебі барлық баптың диспозициясында қылмыстың
толық құрамының белгілері көрсетілмеген.
Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам
өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар
айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру
жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі,
олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары
және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының
ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде адам өлтірудің әртүрлі
түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар
болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына
байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп жаншитын заттарды
пайдаланып жасалған адам өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген
(инсценировка) адам өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б.
көлікте, төбелесте жасалған адам өлтірулер жатқызылуы мүмкін.
Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы
мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде
мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) адам өлтіру анық жағдайда
жасалған; 2) адам өлтіру анық емес, белгісіз жағдайда жасалған.
Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған
айқын деректерді жатқызамыз.
Мұндай қылмыстар әдетте тұрмыс-тіршілік қатарына жатады, олар
көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ
көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың
бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған
жанжалдар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде
қылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала айла-әдістерді таңдап,
оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден
туындаған жанжалдың нәтижесінде қолына түскен тұрмыс-тіршілікте
қолданылатын заттарды, атыс қаруын т.б. қылмыс құралы ретінде пайдаланады.
Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмыстарын – күш қолдану
белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен
адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс
қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз.
Мұндай жағдайларда қылмыстық іс қозғау кезінде тергеушіде адам өлтіру
қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы
туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер
болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет
ету бағыты мен кезектілігі мұқият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың
ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам
өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.
Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әртүрлі болып келеді
және ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айыруға
бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу,
жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т.б. Кейбір жекелеген
жағдайларда әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа туған нәрестелер
мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою арқылы)
жасалуы мүмкін.
Қылмыскердің адам өлтіру үшін нақты бір тәсілді таңдап алуына мынандай
факторлар әсер етеді: жәбірленуші мен айыпкердің жасы, жылы, физикалық
дамуы, қылмыстың жасалу уақыты мен жері, оның ниеті мен мақсаты, қылмыскер
мен оның құрбанының өзара байланысының болуы, оның сипаты, сондай-ақ басқа
да жағдайлар.
Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен
тараған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:
– әртүрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге
дене жарақатын салу;
– жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы
жағдайды пайдалана отырып оған дене жарақатын салу, оны
қылғындыру т.б. Сондай-ақ өміріне қауіп төндіретіндей
жағдайларға душар ету;
– жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;
– жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік құралы астына
лақтырып жіберу;
– жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу және т.б.
Қылмыскер жекеленген жағдайларда өзінің кінәсіздігін нақтылайтындай
жалған дәлелдемелер құру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің
арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін
таңдап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін – баяу әсер ететін
жарылғыш, болмаса улы заттарды пайдалану арқылы қолдануды тергеу барысынан
кездестіруге болады.
Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру
қылмыстары белгілі бір дайындықтар жасаудан тұрады: адам өлтіру үшін қылмыс
құралын, қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға
байланысты кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен
қатар қылмыстың ізін немесе оған өзінің қатысқандығын жасыруды қамтамасыз
ету әрекеттері жасалады. Егер қылмыскердің қылмыс жасауға таңдап алған
тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды
дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты
жағдайларда, қылмыскерлер – техникалық, медициналық, химиялық, физикалық
және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.
Қылмыскерлер адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы
ретінде тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын заттарды, қылмыскердің қылмыс жасау
үстінде қолына түскен оқиға болған жердегі кездейсоқ заттарды және басқа да
қолдан жасалған әртүрлі суық қаруларды қолданады. Адам өлтіру кезінде
қылмыскер атыс қаруларын қылмыс құралы ретінде – тік оқпанды, қолдан
жасалған және жартылай қолдан жасалған қаруларды пайдаланады. Ал улы
заттарды қылмыс құралы ретінде пайдалану кезінде, олар көбінде жеке
өндіріске қолданатын адм жүйкесіне күшті әсер ететін дәрі-дәрмек пен
уландыратын қоспаларды таңдап алады. Адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде,
тергеліп отырған оқиға жөнінде күш қолдану әрекеттерін және басқа да
жекеленген мән-жайларды куәландыратын, атап айтқанда: қылмыстың механизмін,
құралын, оған қолданған тәсілдерді және қылмыскердің жеке басының
ерекшеліктері мен әрекет-мақсаттарын, қылмыстың ізін жасыру әдістерін
сипаттайтын әртүрлі іздер пайда болады.
Мұндай іздерге қылмыскердің: қол саусақ іздері, тісінің, тырнағының,
аяқкиімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған
жердегі, айналадағы заттарда қалған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене
жарақат іздері, табиғи биологиялық іздер (қан, ағза, сілекей, т.б.), адам
өлтірудегі қылмыс құралын қоса алғанда, қылмыскердің ұмытып кеткен, болмаса
лақтырып тастап кеткен заттары жатады. Негізгі іздер, көбінде мәйітке, оның
киімдерімен оған тығыз жақын жатқан объектілерге шоғырланады. Жекеленген
іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыскер қылмыс жасап болған соң, кеткен
бағыттарындағы жерлерде қалады. Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен,
киімдерінен, одан алынған қылмыс құралдарынан қылмыстың іздері табылуы
мүмкін.
Қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасыру тәсілдерін таңдап алуына
қылмыс жасалатын жер және қылмыскер мен жәбірленушінің өзара арақатынас
сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі
қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына
байланысты анықталады.
Жәбірленуші мен қылмыскер өзара таныс болмаған, болмаса олар кездейсоқ
танысқан жағдайларда, қылмыс болған жер айыпкерге еш қатысы жоқ болған
жағдайларда, адам өлтіру қылмысын жасап болған соң, олар оқиға болған
жерден тезірек қашып кетуге тырысады. Олар қылмыс болған жерден тезірек
кетуге мүмкіндіктер бермейтін кедергілердің алдын алу үшін өлтірген адамды,
яғни мәйітті уақытша жақын маңға тығу әрекеттерін жасайды. Егер, мысалы:
мәйіт тұрғын үйде болса, оны сол үйдің жуынатын бөлмесіне болмаса
дәретханасына, төсектің астына тығып жасырады, олардың үстіне көптеген
киімдерді, төсеніштерді тастайды, кей жағдайларда оларды өртейді. Ал ашық
жерлерде, алаңдарда – мәйітті ағаштың жапырақтарымен, шөппен, құрылыс-
қоқыстарымен және басқа да жақын жерде жатқан кездейсоқ заттармен жауып
жасырып, канализация жүйесі, подвал, ор, шұңқыр сияқты бірден байқалмайтын
жерлерге тастайды. Сонымен қатар қылмыскерлер өздеріндегі қылмыстың ізін
жою шараларын жүзеге асырады. Олар: жуынады, киімдерін ауыстырады,
жыртылған жерін тігеді, қан және басқа да дақ іздерін жуып тазалайды,
жәбірленушімен арпалысқан сәттерде денелеріне түскен жарақаттарды жуып,
дәрі жағып, таңып, болмаса ұлпалап қылмыстың ізін жою шараларын жасайды.
Қылмыскерлер кейбір жағдайларда қылмыс құралы мен оның ізін жою кезінде
жалған алиби құруға тырысады. Мұндай кездерде, олар қылмыс жасалған күні
немесе сол уақытта мен туысқанымның, досымның, танысымның үйінде, саяжайда
т.б. жерлерде болдым немесе осы уақытарды солармен бірге өткіздім деп
жалған алиби құрып, туыстарын, достарын, т.б. жалған көрсетпелер беруге
итермелейді.
Егер қылмыскер мен оның құрбанының арасында – туыстық, достық,
жыныстық немесе басқа да тұрақты қатынастар, болмаса адам өлтірген жер
айыпкердің жеке басына қатысты (тұрғын-үй, саяжай, жеке гараж, жұмыс орны
т.б.) болған жағдайларда жәбірленушінің өлімі туралы факт, яғни нақты бір
жерден оның мәйітін табу жағдайлары нақты бір тұлғаға сезік келтіруге әкеп
соқтырады. Мұндай жағдайларда айыпкердің адам өлтіру қылмысы іздерін
жасыруы; өлім фактісін және қылмыс жасалған жерді жасыруға бағытталған
кешенді әрекеттерді жүзеге асырудан тұрады. Осындай мақсатпен мәйіттің көзі
жойылады, мысалы: оны пешке өртеу немесе жасыру үшін басқа да тәсілдер
қолданылады (оларды көміп тастайды, суға ағызып жібереді және т.б. оқиға
болған жерлерден тыс немесе алыс жерлерге, мәйітті сыйғызу үшін оны
бөлшектейді, елсіз мекендерге апарып тастайды). Сонымен қатар, қылмыскерлер
қылмыс жасалған жердегі іздерін жою шараларын жүзеге асырады. Олар
пәтерлерін әктеп, сырлап, обойларын, едендерін толығымен немесе жартылай
ауыстырады, жиһаздарын, төсеніштерін және т.б. жуып, сүртіп, тазалап жөндеу
жұмыстарын жасайды.
Адам өлтіру тәсілі мен мәйіттің денесіндегі жарақаттардың сипатына
байланысты жәбірленушінің өлу фактісін жасыру мүмкін емес жағдайларда
қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасырудың басқа да әр түрлі тәсілдерін
жүзеге асыру әрекеттерін ойластырады. Табылған мәйіттің денесіндегі жарақат
басқа тұлғалардың күш қолдануы арқылы салынғандығын куәландыратындай
жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмысы – щабуыл жасау, болмаса қатты жан
күйзеліс үстінде, сондай-ақ қажетті қорғаныс немесе абайсызда жасалған
қылмыс сияқты инсценировка жасалады. Ал мәйітте мұндай дене жарақаты
болмаған жағдайларда қылмыскерлер әдетте жәбірленушінің өзін-өзі өлтірген,
болмаса бақытсыз жағдайға душар болған сияқты күйге келтіріп инсценировка
жасау жолымен қылмыстың ізін жасырады. Сонымен қатар, жәбірленушіні басқа
адм өлтірді немесе ауру салдарынан, кәріліктен өлді деп инсценировкалау
жағдайлары да өте жиі кездеседі.
Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға – айыпкер мен оның құрбанының
арасындағы жеке бас арыздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық,
қызғаншақтық, пайдақорлық ниет, сонымен қатар басқа қылмыстың ізін жасыру
немесе оны жасау жолдарын жеңілдету жатады.
Нақты қылмысты, адам өлтіру қылмысын жасау ізін жасыру үшін қылмыскер
алдын ала, күні бұрын арнайы дайындалып, өзінің және жәбірленушінің
әрекетінің кезектілігін анықтап жоспарлап алады.
Жәбірленуші. Адам өлтіру қылмысын криминалистикалық сипаттауда
жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрасын виктимологиялық аспекті тұрғысынан
қарастыруға болады. Яғни, ол дегеніміз қылмыстың жасалуына, қылмыс
құрбанының өзі себеп болады. Олар алкоголь ішімдіктерін кездейсоқ
адамдармен бірге ішіп, мас болып кездейсоқ адамдарды немесе айналасындағы
адамдарды балағаттап өздері тиісіп, соның негізінде ұрыс, жанжал, төбелес
шығып, қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болады. Көбінде мұндай
жағдайларда адам өлтіру бойынша жасалған қылмыстың жәбірленушісі ер адамдар
болады. Ал әйел адамдары қылмыстың құрбаны болуына – жыныстық қатынас
жасау, пайдакүнемдік ниет, сондай-ақ қызғаныштың пайда болуы себеп болады.
Қылмыскер мен жәбірленушінің жүріс-тұрысында белгілі бір байланыс
болады. Жәбірленушінің жеке басы мен оның өлер алдындағы мінез-құлқын
жақсылап тексеру қажет.
Көп жағдайларда мұндай қылмыс құрбандарының мінезі – шайпау,
ашуланшақ, жеңілтек-алаңғасар, сондай-ақ арандатып-азғырушылық
қасиеттеріне бейім болып келеді. Бұл өз кезегінде қылмыскерлерге қарсы
әсерін тигізіп, оның қылмыс жасауына әкеп соқтырады, бұл әрекеттер қылмыс
механизмінен көрініс табады. Адам өлтіру қылмысын тергеу барысында тергеуші
қылмыс құрбанының тірі кезіндегі мінез-құлқы мен оның жеке басы және дұрыс-
тұрыс тәртібі туралы мән-жайларды анықтап алулары тиіс. Бұл деректер адам
өлтіруге байланысты қылмыстың жасалу мақсаты мен ниеті, оны жасау механизмі
туралы қажетті мәліметтерді (қылмысқа қатысушылар жөніндегі болжауларды
тексеріп) анықтауға мүмкіндік береді.
Кейбір жағдайларда өзге тұлғаларға қарағанда өте қауіпті тұлғалар
категориясы да кездесіп жатады, олар айналасындағыларға қауіп төндіре
отырып, ақырында қылмыстың құрбаны өздері болулары мүмкін.
Қылмыскер. Адам өлтіруге байланысты қылмыстарды әдетте 18-50 жас
аралығындағы алкогольдік ішімдікке немесе нашақорлыққа құмар ер адамдар
жасайды. Олар, қоғамдағы басқа тұлғалардан өздерінің: дөрекіліктерімен,
қатыгездіктерімен, жыныстық құштарлығы жоғарылығымен, әйелдерді
силамайтындығымен, бұрын қылмыстық жазаға тартылғандығымен ерекшеленеді.
Тәжірибеде қылмыскерлердің арасынан психикалық аурулармен ауыратын адамдар
да жиі кездеседі, олардың маскүнемдіктен немесе нашақорлықтан емделуге
мұқтаж екендіктері көбінде тергеу барысында нақтыланады. Берілген сипаттама
өте тиімді, олар көпшілік жағдайларда жасалатын қылмыстар мен көшедегі
кейбір пайдакүнемдік мақсатында жасалған қылмыстарды тергеуде ерекше орын
алады.
Оқиға болған жерді қарау барысында немесе мәйіт табылған жерден
алынған қылмыстың жасалу тәсілі туралы мәліметтер жиынтығы қылмыскердің
жеке басы және оның жәбірленушімен өзар қатынасының сипаты жөніндегі
құрылған болжауларды тексеруге мүмкіндіктер береді.
Мәселен, мәйітті оңаша жерлерге көміп тастау, оны бүркемелеу (құммен,
шөппен, жапырақтармен, т.б.), мәйітті немесе оның бөлшектерін суға ағызып
жіберу, жәбірленушінің бетін адам көріксіз етіп бұзу әрекеттері, бұл мәйіт
қылмыскердің жақын адамы екендігін жиі куәландырады. 5 және 17 жас
аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді өлтіру қылмыстарын көбінде 10-16
жас аралығындағы ер жыныстағы жасөспірімдер жасайды. Көпшілігінде олар
жәбірленушінің досы, танысы болып келеді.
Мәйітке әдеттен тыс айлаларды қолдану белгілері (мәйітті жалаңаштау,
киімсіз қалдыру немесе оның киімін тығып тастау, жағуға жарамсыз заттарды
қолданбақшы болып әрекет ету,мәйітті ұсақ бөлшектерге бөліп тастау) немесе
мәйіттің денесіне сансыз көп жарақаттар салу белгілері қылмыскердің жеке
ауруымен ауыратындығын көрсетеді.
Адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында кездесетін әдеттен тыс
жасалған әрекеттерді анықтау мәселесі өте күрделі болып табылады. Әсіресе
арнайы әскери немесе қызметтік дайындықтан өткен криминалистика және басқа
да салалардан арнайы жоғары біліктілігі бар интеллекті жоғары, кәсіпқой
қылмыскерлердің әрекеттерін тергеу мәселелері аса қиын. Қылмыстық әлемдегі
осындай тұлғалар қажет болған жағдайда жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының
және ұйымдасқан топ болып жасалған қылмыстардың орындаушысы болып таңдап
алынады. Сонымен қатар, мұндай тұлғалар саяси қылмыстарды жүзеге асырады.
Олар көбіне қылмыс жасау кезінде өздерінің қылмыстық әрекеттерінің ізін
қалдырмайды. Дегенмен де қаншалықты айлакер қылмыскер болғанымен де
қылмыстық әрекетінің ізін қалдырмауы мүмкін емес.

1.2 Кісі өлтірудің түрлері.

Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы
қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру;
жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі; жан күйзелісі жағдайында болған адам
өлтіру; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; қылмыс
жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған
кісі өлтіру; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі
құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа
біріктірілген. Негізгі құрам – бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-
баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға ( 96-баптың 1-тармағы)
мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе
ұрыс-керіс үстінде, жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке
қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру
оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру – ҚК 96-бабының 2-тармағында
көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу
қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе
қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір
тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және
объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және
субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын
жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында қалай
орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) екі немесе одан да көп адамды өлтіру.
адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан да көп адамды өмірінен
айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан да көп адамды
өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын
анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады.
Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кінәлә әуелі бір адамды өлтіреді, содан
соң біршама уақыт өткеннен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды
өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан да көп адамды өлтіру
ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда әр адамды өлтіру
себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін – кек алу
мақсатында, ал екіншісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді.
Сонымен бірге – екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін
емес, оған дейін пайда болды. Осы жағдайларда кінәлінің әрекеті осы а
тармақшасымен сараланады.
Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам
өлтірсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі немесе
одан да көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК 24-
бабының 3-тармағы және 96-бабының 2-тармағының а тармақшасы бойынша
саралануы тиіс.
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын
өлтіру.
мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын
туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі
келтіру мақсаттарында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу
мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994
жылғы 23-желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер
үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы №7
нормативті қаулысында[10] кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын
қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп – арнайы
жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе
жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуға жол бермеу, дайындалып жатқан
немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдарына хабарлау және т.б.)
жасалған басқа әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып табылады. Қылмысты
саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық іс-әрекет жасағаннан
бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы кінәлінің адам өлтіруі
олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік
немесе қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары
болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі ҚР ҚІЖК[11] 7-бабының 24-тармағында
берілген. Олар – ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алғандар,
бірге тұрған және бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, ағасы,
әжесі, немерелері.
Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олардың
өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көзделген
болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралануға жатады
(ҚК 167,340-баптары).
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен
бірдей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.
жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің
кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен
уақытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене
мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліге қарсылық
көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын
түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсінуі
керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және
жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды
қабыддаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің
душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не
кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған
қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды
ұрлау түсінігі ҚК 125-бабында және кепілдікке алу 234-бапта берілген.
Адамды ұрлау және кепілге алу қасақана өлтірумен ұштасқан жағдайда,
не адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдсі болса мұндай әрекеттер
дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың
жиынтығы бойынша сараланады.
г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру
адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай
көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Осы құрамның болуы үшін ең
алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген
ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі
керек. Белгілі деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен
хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына
оның күмәнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол
жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе басқалар
арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең
еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте
тұрған-тұрмағандығының оған қатысы жоқ.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел
екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы
тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.[12]
д) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру
адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет. Осы тармақ бойынша әрекетті
саралау үшін айрықша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам
өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша
қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу,
тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін
уды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және басқалар.
Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған
жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының және т.б.
көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы-
қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-
қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен
қалыңдық, қамқоршылар мен бағып-қағуға алғандар, солардың қолындағылар,
т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін.
е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру
адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес,
көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге
адамдар көп болатын жерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей
жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы
заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.
Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды
өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе
жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен
бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мұндай ретте кінәлінің
әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу
тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша. ҚК 96-
бабының 2-тармағының е тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті
нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың
өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның
өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет.
Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен
жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған
басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге
асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде адам
өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің
әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша
сараланады.
ж) ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру
адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ
деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына
түсінік берілген ҚК 31-бабын қарау керек.
Егер адам өлтіруге екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын
бірлесіп қатысқан болса, ұйымдасқан адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып
танылады. Мұндайды қасақана адам өлтіруге бағытталған және жәбірленушіні
өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан, бірлесе әрекет жасаған адамдар
тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану
үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе
солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы
маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың ашықтан-ашық,
өзара күш біріктіруімен қасақана адам өлтіруге бағытталған әрекет
жасағандығын айқындау қажет.
Егер адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала
сөз байласқан болса, алдын ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының құрамы және тергеу
Аффект жағдайында жасалатын қылмыстар
Аффект жағдайында адам өлтіру
Аффект жағдайында кісі өлтірудің объективтік белгілері
«Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру»
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру
Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
Кісі өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері
Адам өміріне қарсы қылмыстар түсінігі
Қоғамға қауіпті әрекет
Пәндер