Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАҒДАРЫСТЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ЖЕКЕ БАНКТЕРДІҢ СЫРТҚЫ
ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.1 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарыстан тұрақты әрі даму
бағдарламасының іске асу барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4
1.2 Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы экономиканың қаржы секторын және
банк жүйесін тұрақтандыру шараларының маңыздылығы мен жүргізілу барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2 ЖЕКЕ БАНКТІҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.2 Қазақстан Республикасындағы банктерді қаржылық дағдарыс жағдайында
сыртқы қарыз мәселесін талдау ("Темірбанк" акционерлік қоғам 2006-2008 жж.
мысалы ретінде)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Банктік қызметті жетілдірудегі мәселелер және оны шешу жолдары
... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика
болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі
әлемдік дағдарыс жағдайындағы еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның
экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық
экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.
Қазіргі уақытта енлімізде банктердің дамуы соңғы 18 жыл шамасында
көптеген реформалық процесстерді басынан кешірді. Осы уақыт кезеңінде
Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп ілгерлеушіліктерге қол жеткізді,
дегенмен еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің
деңгейіне жету үшін көптеген күрделі мәселелерді шешуі қажет. Еліміздегі
екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алып қарайтын болсақ олар бір жақты,
яғни банк өзінің клиенттерінің алдында әрдайым үстемдікке шығып тек
рейддерлік операцияларды мақсат тұтады. Мұның артында елдегі экономикалық
жағдайлардың нашарлауына алып келуде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың қыйн жағдайда болуына әкелді.
Нарықтық экономикада жеке банктер өздерінің банктік қызметтері мен
операцияларын іске асыру үшін сырттан қаржы тартуға мүдделі болады. Ал бұл
банктердің сырттан тартқан қаржылары мен активтері банктердің және жалпы
мемлекеттің сыртқы қарыздары болып табылады.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып
саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы
қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын
қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкісінің таза алтын – валюта
резервтернің 50%- тінен аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда
тарту несиегер елдерді экономикалық және саяси тәуекелдікке ұрындыруы
мүмкін.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын Жеке банктердің сыртқы қарыз мәселесі
деп алдық. Тақырыптың өзектілігі ҚР-ғы макроэкономикалық ахуал мен сыртқы
қарыз жағдайының өзара байланысы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сыртқы қарызы мен жалпы ішкі қарыздарының даму жағдайын талдау, сыртқы
қарыз деңгейінің Қазақстанның даму үрдісіне ықпал етуі талданған.
Жұмысты орындаудағы міндеттерге:
- Бүгінгі қаржылық дағдарыстың орын алуындағы сыртқы қарыз
мәселесінің жағдайы мен қаржылық дағдарыс кезіндегі банктік сектор
мәселелерін қарастыру;
- Мемлекеттік дағдарыстық жағдайдағы банктік секторды қолдауға
бағытталған шараларын талдау;
- Жеке банктің сыртқы қарыз мәселесін Темір банк АҚ мысалында
талдау;
- Еліміздегі банктік саланы қолдау мен дамытуға бағытталған
бағдарламаларына тоқталып кету.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАҒДАРЫСТЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ЖЕКЕ БАНКТЕРДІҢ
СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ

1.1 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарыстан тұрақты әрі даму
бағдарламасының іске асу барысы

Әлемдік қаржы дағдарысының белең алу мүмкіндігі туралы анда-санда бір
айтылып келген әңгіменің көрігі тамыз айының басында АҚШ-тың ірі ипотекалық
несиелеуші компаниясының операцияларын тоқтатқаннан кейін күрт қызды.
Былтырғы жылы 59 миллиард доллар көлемінде ипотекалық несие берген American
Home Mortgage компаниясындағы осы дағдарыс бұқаралық ақпарат құралдарының
айтысына қарағанда, әлемдік қаржы дағдарысының басы ғана. Өйткені,
ипотекалық рынокта басталған дағдарыс басқа салаларға да дереу жұғып,
несие ставкілері көтерілген. Қарапайым тілмен айтсақ, шамадан тыс көп
мөлшерде таратылған несиенің мардымсыз қайтымы қаржы тапшылығына әкелген.
Осыған байланысты ипотека секторындағы американдық өзге компаниялар мен
банктер несиелеу ставкісін көтерген және қаржы тапшылығын еңсеру үшін
көптеген қаржы құрылымдары өз активтерін нақты ақшаға айналдыруға кіріскен.
Осының салдарынан ірі қор биржаларында индекстер түсе бастады. Мұның
салқыны дереу Еуропа нарығына, одан асып күншығыстағы Жапонияға да тиіп
үлгерді. Мысалы, Литер газеті тамыздың 17-сі күнгі нөмірінде Токио,
Гонгконг, Сингапур биржаларының индексі өткен аптада 3 пайызға түскенін,
дағдарыс Ресей рыногына да жетіп, ең алдымен Москоммерцбанк ипотекалық
несиелеу ставкісін 0,5-1 пайызға көтергенін жазды [3, 11 б.].
Мұхиттың арғы жағынан басталған дүрбелеңнің Еуропа мен Ресейге де
жеткенін Интерфакс-Қазақстан агенттігі мен Капитал.kz басылымдары да жарыса
жазуда. Олардың деректеріне сенсек, Еуропаның орталық банктері қаржы
тапшылығының алдын алу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр.
Дүние өстіп дүрлігіп жатқанда, қазақстандық қаржы құлағын ұстаған
банкирлер қаржы дағдарысы қазақ экономикасына салқынын тигізе алмайтындай
жайбарақат болжамдар жасап, мейілінше сабыр танытуға тырысуда. Бірақ,
Ұлттық банк тамыздың 29-ынан бастап, елдегі коммерциялық банктерге қатысты
ең төменгі резервтік талап көлемін өзгертіп, олардың ішкі міндеттемелеріне
қатысты көлемін 5 пайыз көлемінде белгілеп, сыртқы, яғни шетелдік қарыз
берушілер алдындағы міндеттемелеріне қатысты минималдық резерв көлемін 10
пайызға бекітетіндігін мәлімдеді. Мұндай шара белгілі бір дәрежеде екінші
деңгейлі банктердің сырттан мол қарыз алуын тежейтіндіктен, оны бір сөзбен
сақтық шарасы деуге келеді. Өйткені, банктердің сырттан алатын қарыздарының
көлемі бұдан былай олардың өздерінде бар резервтің шамасына тәуелді болады.

Біздегі жағдай қандай? Бізде халыққа несие ретінде таратылып жатқан
қаражаттың барлығы дерлік сол банктердің өздері сырттан түрлі шарттармен
алған заемдар. Олардың да өтеуі бар. Оның үстіне клиент үшін бәсекеде бұл
банктер халықтың төлем қабілетін тексеру талабын да жеңілдетіп жіберді.
Құдай сақтасын, ертең алған несиені қайтара алмау ықтималдығы жаппай белең
алатын болса, АҚШ-тың кебі бізге де келуі әбден мүмкін. Бұл айқын қауіп.
Алайда, қазақстандық банкирлердің есебі басқаша сияқты. Таяуда өткен
баспасөз мәслихатында банкирлер Америка мен Қазақстандағы несие алушылардың
айырмасы көп, ол жақта қарызын өтей алмайтынын біле тұрып, бірін
екіншісімен жабуға үміттенетін қарыз алушылар 60 пайызды, бізде 3 пайызды
ғана құрайтынын алға тартты.
Ал ең төменгі резервтік талапты өзгерту шарасына келсек, мұны отандық
банктер қуана қабылдамаған сыңайлы. Мысалы, ТұранӘлемБанкінің сыртқы талдау
және болжау басқармасының сарапшысы Сергей Скороходов Интерфакс-Қазақстан
агенттігіне берген сұхбатында Ұлттық банктің бұл қадамын қуаттай қойматынын
білдіреді. Мұндай жағдайда ең соңғы тұтынушы үшін баға қымбатқа
түсетіндіктен, банктердің несиелеу өсімі тежеледі дегенді айтады. Оның
айтуынша, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын қатайтуы АҚШ-тағы ипотекалық
дағдарыс тудырған халықаралық қаржы рыногындағы тұрақсыздықпен, халықаралық
ставкілердің көтерілуімен тұспа тұс келіп отыр. Осы екі факторды ескерсек,
екінші деңгейлі банктердің сырттан алатын қарыздарының бағасы өседі, соның
нәтижесінде ішкі рыноктағы несие ставкілері де көтеріледі. Осыған ұқсас
пікірді ҚазКоммерцБанктің департамент директоры Сергей Мокроусов та айтқан.
Оның сөзіне сенсек, мұндай ахуал инвестициялардың кемуіне әкеліп, экономика
өсімін тежеуі мүмкін. Өйткені, біздегі шикізаттық емес секторға келетін
инвестиция негізінен банктердің сырттан алатын қарыздары деуге болады [3,
12 б.].
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған
шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және
жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу
табыстар саясаты еңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың
өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал
етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады.
Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне
монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады.
Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы
дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық
банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк
стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық
банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын
тұрақтандыруды жолға қоюда. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны
минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің
бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-
комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие
саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етудi көздейдi.
Жалпы алғанда, банктердің несиелік қызметі көптеген потенциалды қарыз
алушылардың ішінен несиелік қабілеттілігі күмән тудырмайтын
клиенттердітаңдағанда ғана сәтті жүргізілмек. Несиені беру мүмкіндігі
туралы шешім потенциалды қарыз алушының несиелік талдау нәтижелерінен
қабылданатыны белгілі. Осы мақсатта республикамыздағы коммерциялық банктер
несиеленетін жобаға және шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайына
сараптама жүргізу тәртібін белгілейтін әдістемелік нұсқаулықтар шығарады.
Қазақстандық банктер қалданылатын несие қабілеттілігін талдау құралдары
әрі қарай жетлдіруді талап етеді. Бұл, әсіресе,сандық жіне сапалық жағынан
әр түрлі болып келетін көптеген ақпараттарды тиімді және жүйелік өңдеу
тұрғысынан үлкен мәнге ие. Осыған байланысты отандық және шетел
экономистерінің ғылыми зерттеулерін қарастыру, алдыңғы қатарлы банктердің
тәжірбиесін жалпылау маңызды болып табылады. Несиелеудің нақты ынталандыру
жолдарын айтатын болсақ, бұл – салық органдары арқылы реттеу шараларын
енгізу, соның ішінде қаржылық мекемелердің пайдасына салынатын салық
бойынша қысқа мерзімді несиеден ұзақ мерзімді несиеге қарай
дифференциалданған мөлшерлемелерді қою; экономиканың нақты секторындағы
маңызды жобаларға ұзақ мерзімді несие беру кезінде мемлекет тарапынан
кепілдік жүйесін дамыту, нақтырақ айтсақ, оны Қазақстан даму банкі арқылы
немесе несие алып отырған саланың табиғи ресурстарын кепілге ала отырып
жүзеге асыруға болады; сондай-ақ банкрот деп танылған кәсіпорыннан банкке
берген кепіл мүлкін конкурстық массадан алып тастау қажет [3, 13 б.].
Аталған 2007 жылы несиелеудің жылдық өсім үлесінің күрт кемуі өзіміз
белгілі бастауы АҚШ нарығында басталған бүкіл әлемдік қаржы дағдарысының
әсері екендігі белгілі. Елімізде 2007 жылы қаржы саласы жылдың 1-ші
тоқсанында қарқынды қызмет атқарғанымен, екінші тоқсанынан бастап, нақтылап
айтсақ тамыз айынан бастап ұлттық қаржы, банк-несие жүйемізде дағдарыстық
жағдай орын ала бастады. Бұл дағдарыс әсіресе бүкіл банктік жүйеде көрініс
тауып, елде ипотекалық несиелеу мүлдем азайып кетті, жеке тұлғаларды
несиелендіру процесі бұрынғыдай қарапайым әрі жеңіл жағдайда емес, мүлдем
күрделі болып, несиелеу шарттары ауырлап кетті. Жалпы айтқанда жеке
тұлғаларға несие беру мүлдем берілмейтіндей жағдайға жетті.
Бүкіләлемдік қаржы дағдарысының ТМД елдері ішінде ең бірінші
Қазақстанға әсер етуі еліміздің қаржы жүйесінің нарықтық жағдайларға толық
өткендігін, ғаламдық қаржы жүйелерімен тығыз байланыстылығын көрсетеді.
Мұның бір себебі осы уақытқа дейін еліміздегі екінші деңгейлі банктер
өздерінің қаражаттарының негізгі бөлігін әлемдік қаржы жүйелерінен,
шетелдік ір банктерден төмен пайызбен алып, отандық экономика сұранысын
қанағаттандырып отырды. Ал дағдарыс орын ала сала аталған шетелдік банктер
дереу несипе беруді азайтты, немесе мүлдем тоқтатты, ол банктер өздерінің
берген несиелерін, яғни қарыздарын талап ете бастады және олардың да несие
пайызы өсіп кетті. Осының салдарынан отандық банктерде қаржы тапшылығы орын
алып, қаржы саласы тоқырауға ұшырады.
Бұл жағдай өз істерін енді бастап келе жатқан кәсіпорындарға, құрылыс
компанияларына, жалпы экономика салалары мен халыққа бірден ауыр болды.
Олай дейтін себебіміз салдары бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған қаржылық
дағдарыс ұлттық экономикамыздың өсуінің баяулауына, жұмыссыздық деңгейінің
өсуіне, елдің тұрмыс жағдайының ауырлауына, көптеген өз қызметтерін енді
бастаған кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына, бір сөзбен айтқанда еліміз
экономикасы алдыңғы жылдардағыдай қарқынды әрекет ете алмауына алып келіп
отыр.

1.2 Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы экономиканың қаржы секторын және
банк жүйесін тұрақтандыру шараларының маңыздылығы мен жүргізілу барысы

Әлемдік қаржылық дағдарысты қалпына келтіру үшін ендігі жерде ұлттық
экономиканы әлемдік экономикаға бағыныштылығын азайту, отандық
инвестициялардың тартылуын ынталандыру, экономиканың шикізаттық бағытынан
арылу, өңдеу өнеркәсібін дамыту, банк жүйесін одан әрі жетілдіру және
Ұлттық Банк пен еліміздің екінші деңгейлі банктердің өзара ықпалдастықпен
қызмет етуін ұйымдастыру болып табылады.
Әлемдік қаржы нарықтарындағы және тұтастай алғанда әлемдік
экономикадағы 2008 жылдың екінші жартысындағы қолайсыз жағдайлар еліміздің
басшылығынан экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жөнінде ең шешуші
шаралар қабылдауды талап етті. Әлемдік экономикадағы қазіргі ахуалдың
маңыздылығы елдің өсіп отырған дағдарысқа жалғыз қарсы тұруға анық
қабілетсіздігін, олардың дағдарыс үрдістерін игеру және экономикада
рецессияға жол бермеу үшін бірігуге ұмтылуын дәлелдейді. Жақында
Вашингтонда болған G-20 елдері көшбасшыларының саммиті бұған жарқын мысал
болады, онда әлемдік жетекші экономикалық державалар (олардың жиынтық ЖІӨ
жалпы әлемдік байлықтың 85 %-ын құрайды) жаһандық экономикалық дағдарыстан
шығу жөніндегі жоспарды бірлесіп әзірлеуге ұмтылды.
Қалыптасқан жағдайда Мемлекет басшысы Үкіметтің 2008 жылғы 13
қазандағы кеңейтілген отырысында Үкіметке стандартты емес шешімдер қабылдау
үшін ауқымды өкілеттік берді және экономиканы және қаржы жүйесін
тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
Президент Н.Ә. Назарбаев: Үкіметте экономиканы осы жағдайдан неғұрлым
жетілген және күшті шығаруға зор мүмкіндік бар. Біз дағдарысты кезеңнің
өзінде де экономика үшін пайда алуға үйренуіміз тиіс. Бұл экономикалық
дамудың сапасын арттыруды болжайды... Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру
Қазақстан үшін – бұл Үкіметтің 2009 – 2010 жылдарға арналған жұмысының
негізгі күн тәртібі [6].
Премьер-Министр К.Қ. Мәсімов: бастан кешіп жатқан қиындықтар уақытша
сипатқа ие... Біз осы сәтті нақты түсінеміз және әлемдік қаржы дағдарысының
теріс әсерін болдырмау үшін барлық қажетті құралдар бар. Ұсынылып отырған
қолда бар активтер мен резервтерді шоғырландыру және жұмылдыру бағыты – бұл
өзінше қорғаныш қамал, біздің экономикамызды әлемдік дағдарыстың жаңа
толқынынан қорғайтын қорған.
Жоспарды жасау тарихы мен халыққа жария ету:
1) ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Сапа
саласындағы жетістіктері үшін сыйлығына лауреаттарды және Алтын
сапа республикалық конкурс-көрме курстықаттарын наградтау
салтанатында Қазақстан экономикасына әлемдік дағдарыстың елеулі әсерін
болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру бойынша Үкімет үшін
бірқатар басымдықтарды айқындап берді және осы мақсаттарға жақын арада
Ұлттық қордан қаржы жүйесін тұрақтандыруға, шағын және орта бизнесті
қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және серпінді жобаларды
іске асыруға қосымша қаражат бөлінетіндігін айтты.
2) ағымдағы жылдың 21 қарашасында Ұлттық инвесторлар кеңесінде Мемлекет
басшысы экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін Үкімет алдында
нақты міндеттер белгіледі.
3) ағымдағы жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Кәрім Мәсімов Нұр Отан ҰДП активімен Үкімет, Ұлттық Банк және ҚҚА
әзірлеген Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-
қимыл жоспарын талқылады.
4) ағымдағы жылдың 25 қарашасында Үкіметтің отырысында Үкіметтің, Ұлттық
Банктің және ҚҚА-ның бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл
жоспары) бекітілді.
Науқанның басты мақсаты: еліміздің халқын ел экономикасын тұрақтандыру
бойынша үкімет қабылдайтын шаралардың мәні туралы жедел ақпарат беруді
ұйымдастыру.
Жариялаған кезде бірнеше басым тезистерге назар аудару қажет:
1. Әлемдегі экономикалық ахуал өзгерді. Әлемдік шикізат нарықтарындағы
қазан айындағы құлдыраудан кейін әлемдік дағдарыстың ушығуы және
қаржылық дағдарыстың экономикалық дағдарысқа ауысуы байқалуда. Әлемдік
экономика рецессия кезеңіне кірді. (ақпараттық материалдарды қараңыз)
2. 2007 жылдың екінші жартысына дейін жұмыс істеген әлемдік қаржы жүйесі
өзінің тиімсіздігін және теңгерімсіздігін көрсетті. Осыған байланысты
Қазақстан меншікті, ішкі ресурстарды шоғырландыруға, және жұмылдыруға
негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға көшуге тиіс.
(ақпараттық материалдарды қараңыз)
3. Әлемдік экономикада қалыптасқан ахуалды ескере отырып, Мемлекет
басшысы Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды және өз кезегінде,
оларды шешу жөніндегі бірқатар баламалы шаралар ұсынды.
Үкіметтік 2008 жылғы 13 қазандағы кеңейтілген отырысында стандартты
емес шешімдер қабылдау үшін Үкіметке зор мүмкіндіктер берді және экономика
мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды
әрі Үкіметте экономиканы осы жағдайдан неғұрлым жетілген және күшті
шығаруға зор мүмкіндік бар. Дағдарысты кезеңнің өзінде де экономика үшін
пайда алуға үйренуіміз қажет. Бұл экономикалық дамудың сапасын арттыруды
болжайды. Сонымен бірге ол Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру Қазақстан
үшін – бұл Үкіметтің 2009 – 2010 жылдарға арналған жұмысының негізгі күн
тәртібі деді [6].
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының кешені мемлекеттің белсенді
рөлін болжайды. Іс жүзінде қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайда Үкімет
дамудың алдын алатын ішкі ресурстарды жұмылдыру саясатына көшеді.
Қосымша тұрақтандыру шаралары шеңберінде бюджеттік шығыстарға қосымша
Қазақстан экономикасы кемінде 19 млрд. АҚШ долл. Көлемінде мемлекеттік
қолдау алады: Ұлттық қордың қаражаты есебінен (10 млрд. АҚШ долл.), Ұлттық
Банктің шаралары (4 млрд. АҚШ долл.), жаңа Салық кодексінің қолданылу
шеңберінде салық жүктемесін азайту (4 млрд. АҚШ долл.) және Стресті
активтер қорын құру (1 млрд. АҚШ долл.).
Ұлттық қордың қаражаты мыналарға жұмсалатын болады:
1) қаржы секторын тұрақтандыруға (4 млрд. АҚШ долл.);
2) развитие жилищного сектора (3 млрд. АҚШ долл.);
3) шағын және орта бизнесті қолдауға (1 млрд. АҚШ долл.);
4) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға (1 млрд. АҚШ долл.);
5) серпінді инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды
іске асыруға (1 млрд. АҚШ долл.).
Тұтастай алғанда, бұл шамамен елдің ЖІӨ-сінің 20%-ын құрайды.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚҚА
келесі бес негізгі бағыттарға шоғырланады:

Қаржы секторын тұрақтандыру

Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу

Шағын және орта бизнесті қолдау

Ауыл шаруашылығын дамыту

Серпінді инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық
жобаларды іске асыру

Жоспардың негізгі тармақтарын бағыттар бойынша қысқаша баяндау:

Қаржы секторын тұрақтандыру

Мемлекет басшысы Үкіметтің ағымдағы жылдың қазанындағы кеңейтілген
отырысында сөйлеген сөзінде маңызды міндет – бұл біздің еліміздің қаржы
секторының орнықтылығын қамтамасыз ету деп атап өтті.
Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесіндегі өзінің баяндамасында
атап өткендей Біздің еліміздің азаматтары, кәсіпкерлер мен инвесторлар
Қазақстанның банк жүйесі қалыпты жұмыс істейтіндігіне, өз міндеттемелерін
мүмкіндігінше және қажеттілігіне орай орындайтындығына сенімді болуға тиіс.
екінші жағынан банктердің акционерлері өз банктерін нығайтуға ақша салуды
жалғастыруға тиіс. немесе өздерінде бар активтерді сатуды жалғастыратын
немесе басқа жинақтарды пайдаланатын болады, егер қарсы қозғалыс болса ғана
үкімет қолданатын шаралар жұмыс істейтін болады. Бұл ретте ол халық
осының айналасында алыпсатарлық жасамауы қажет, бұл бюджеттің ақшасы, яғни
халықтың ақшасы және олар жағдай тұрақтанған кезде пайдамен мемлекетке
қайтарылатын болады.
Үкімет Қазақстанның банк жүйесін қолдау жөнінде қосымша шаралар
қабылдауға ниет білдірді.
Тек банктер ғана экономикаға қаражат тиімді құю үшін қажетті пәрменді,
ашық және нарықтық тетіктерді қамтамасыз ететін болады.
Мемлекет банктерге қолдау көрсете отырып, оларды басты міндетті –
экономиканың шикізат емес секторына, оның ішінде шағын және орта бизнеске
кредит беруді шешу үшін делдал ретінде пайдаланатындығын атап өткен
маңызды.
Екінші деңгейдегі банктерді Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру және
сауықтыру жөніндегі шараларын іске асыратын негізгі арна ретінде пайдалана
отырып, мемлекет құрылыс саласы кредиттік ресурстар есебінен
қаржыландырылатындықтан және осылайша, банктердің қаржылық мүмкіндіктеріне
тікелей байланысты болатындықтан, оны одан әрі дамыту үшін жанама жаңа
қарқын береді.
Сонымен бірге құрылыс секторын дамытудың мультипликативті әсері
болады, себебі құрылыс материалдары индустриясының ілеспе құрылысының
дамуына, ал, ізінше, құрылыс секторының маңына шоғырланған шағын орта
бизнестің дамуына ықпал ететін болады, сол сияқты жаңа жұмыс орындары пайда
болады.
Банктер мемлекет пен экономика арасындағы делдал рөлін орындай отырып,
мемлекет беретін қаражатты пайдалана отырып, кредиттер беруден түсетін
меншікті кірісті алу есебінен зор қолдау алады.
Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
1) қарапайым және артықшылықты акциялар сатып алу, сондай-ақ бағынысты
қарыздар беру арқылы төрт жүйе құрайтын банктерді қосымша капиталдандыру.

Үкімет (Самұрық-Қазына ҰӘҚ арқылы) банктердің капиталындағы бақылау
пакетін сатып алуды жоспарламайды. Самұрық-Қазына ҰӘҚ-ның меншігіне
банктердің 25%-ға дейінгі дауыс беруші акциялары түседі. Корпоративтік
басқару қағидаттарына сәйкес мемлекет өзі капиталға кіретін банктерді жедел
басқарумен айналыспайды және акционер ретінде басқа акционерлермен қатар
бірдей құқыққа ие болады.
Самұрық-Қазына ҰӘҚ осы банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қала
беруді жоспарламайды. Әлемдік қаржы дағдарысының әлсіреу және капиталдың
халықаралық нарықтарына қолжетімділіктің ашылу шамасына орай Самұрық-
Қазына ҰӘҚ нарықтық қағидаттарда банкке қатысушылар құрамынан шығатын
болады. Банктердің акционерлері 5 жылдың ішінде акциялардың мемлекеттік
пакетін кері сатып алу құқығын алады.
ЕДБ акциялардың қосымша эмиссияларын және бағынысты облигацияларды
сатып алу арқылы қолдау туралы шешімді мемлекет қайтарымды инвестициялар
ретінде қарайды: облигациялар белгілі бір мерзімге және инвестор (мемлекет)
тарапынан шартпен және эмитент (банк) айқындайтын пайызбен шығарылатын
болады. Айналым мерзімі аяқталғаннан кейін банктер бағынысты облигацияларды
өтеуге міндетті болады, яғни мемлекет мемлекет атынан Самұрық-Қазына ҰӘҚ
негізгі борыш сомасы ретінде, облигациялар бойынша пайыздар ретінде де
алады [6].
ЕДБ акцияларының мемлекеттік пакетін сату туралы шешім нарықты қалпына
келтіру кезеңінде қабылданатын болады және, әрине, мемлекеттің бұл бағалы
қағаздарды әлемдік экономиканың қаржы дағдарысы кезеңінде сатып алғаннан
гөрі қымбатқа сатады.
Осылайша, ЕДБ қолдауға жіберілетін барлық инвестициялар қайтарымды,
жинақталған кіріспен бюджетке қайтарылады. Яғни мемлекет қайтарымдылық,
ақылылық және мерзімділік қағидаттарында банктерге қолдау көрсетуді жүзеге
асырады. Бұл банк секторын ұлттандыру жоқ екендігін білдіреді.
Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚҚА банк секторындағы ахуалдың мониторингін
жалғастырады қажет болған кезде қосымша шаралар қабылдайтын болады.
2) Стресті активтер қоры құрылады.
САҚ азаматтардың ипотекалық борыштарына рақымшылық жасау үшін құрылған
жоқ. Бұл әлеуметтік жоба емес. САҚ қызметі қазақстандық банктердің
кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Осы
мақсатты іске асырудың негізгі тетігі банктердің күмәнді активтерін (атап
айтқанда, ипотекалық кредиттерді) сатып алу және кейіннен оларды басқару
болады.
Банктерден қарыздар сатып алу олардың қаржысын сауықтыруға және
жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды жандандыруға мүмкіндік береді.
Активтерді сатып алу бастапқы құнымен емес, неғұрлым сындарлы,
белгіленген дисконтпен жүзеге асырылатын болады.
3) банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Атап айтқанда,
Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптарды төмендететін болады, репо
операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың
тізбесі кеңейтіледі.
Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың,
акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық
капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ активтері Ұлттық
Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты
отандық банктердің депозиттерінде орналастырылатын болады.
Ең төменгі резервтік талаптарды азайту және мемлекеттік ұйымдардың ақша
қаражатын депозиттерге орналастыру екінші деңгейдегі банктерге экономикаға
кредит беру үшін қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді.
4) жинақтаушы жүйенің жаңа жағдайда жұмыс істеу тетігі пысықталатын
болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін
әртараптандыру үшін Үкімет пен Самұрық-Қазына ҰӘҚ басымды инвестициялық
жобаларды қаржыландыру үшін зейнетақы активтерін тарту жөнінде шаралар
қабылдайды, сондай-ақ Стресті активтер қоры құрған инвестициялық рейтингі
бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.
Басым инвестициялық жобаларды жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық портфельдерін әртараптандыру жолымен қаржыландыру екі
міндетті шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, экономиканы одан әрі дамытуға
арналған серпінді жобаларды іске асыруға қосымша қаражат тартуға мүмкіндік
береді. Екіншіден, зейнетақы қорларына өз активтерін нақты жобаларға салуға
мүмкіндік береді. Зейнетақы қорлары осы арқылы қор нарығы бағамдарының
жағымсыз ауытқуына тәуелді болмайтын, осылайша зейнетақы жинақтарына
тұрақты пайданы қамтамасыз ететін нақты табыс алады.
Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесіндегі сөйлеген сөзінде
Стресті активтер қорын капиталдандыруға ұлттық зейнетақы жарналарының
қаражатын беруді де жоққа шығарған жоқ: Қор құрылды, оның міндеті
банктерді проблемалық кредиттерден құтқару, оларға өзінің балансын
тазартуға көмектесу. Осыған байланысты миллиард доллар аз, шындығында, бұл
жерде зейнетақы активтерін олардың сақталуын, кепілдігін ескере отырып,
тартуды мұқият, анық, дәл ойластыру қажет шығар. Қазақстанның зейнетақы
жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Қазір 1,3 трлн. теңге жинақталған, ай сайын
бұған 20 млрд. теңге түседі.

2 ЖЕКЕ БАНКТІҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ

2.2 Қазақстан Республикасындағы банктерді қаржылық дағдарыс жағдайында
сыртқы қарыз мәселесін талдау ("Темірбанк" акционерлік қоғам 2006-2008 жж.
мысалы ретінде)

Банктің негізгі қызметін, яғни қарыз портфелінің сапасын бағалау, талдау
керек. Банк жұмыскерлерінің және менеджерлерінің сапасын қадағалау керек,
одан басқа жанама -мемлекеттің экономикалық жағдайын санау керек.
Қарыздық портфелге талдау жүргізгенде керекті ақпараттар болу керек. Біз
мысал ретінде Темірбанк акционерлік қоғамына талдау жүргізіміз. Кестеде
Темірбанк акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдарғы қарыз портфелінің
сапасын анықтаймыз.
1 кесте. Темірбанк акционерлік қоғамның қарыз портфелінің сапасы туралы
деректер

Қарыз түрі 2006жыл 2007 жыл 2008 жыл Орташа көрсеткіштер
2006-2008ж.ж
Мың. % Мың. теңге% Мың. % Мың. %
теңге теңге теңге
қанағаттандыр811458 2,2 1848835 3,5 1251015 1,8 15073084,15
ылмайтын
күмәнді 1813806 4,8 2469082 4,7 6868072 10,127948804,93
үмітсіз 3127144 8,4 61659946 11,73301186 4,9 34295767,45
барлығы 37439238 100 52514875 100 67730803 100 4525805100
8

Ескертпе Темірбанк АҚ-ның мәліметтерінен алынған [12, 39 б.]

Кестедегі көрсеткіштерден, Темірбанк акционерлік қоғамның үлес
салмағын стандартты және субстандартты қарыздар орын алады, 49,4 % және
33,8 % 2008 жылы. 2008 жылы стандартты қарыздардың үлес салмағы 113,2
% өсті,субстандартты қарыздардың үлес салмағы 2006 жылы 42,8 % болса, ал
2008 жылы 33,8 % төмендеді. Қанағаттандырылмайтын, жоғары тәуекелмен
сенімсіз, үмітсіз қарыздардың үлес салмағы 2008 жылы көбейді, мысалы,
үмітсіз қарыздардың үлес салмағы өсу қарқыны 287,6 % құрады. Банктің
несиелік тәуекелдікті төмендету үшін қанағаттандырылмайтын, жоғары
тәуекелмен сенімсіз, үмітсіз қарыздарды төмендету керек.

1 cурет Темірбанк акционерлік қоғамының қарыз портфелінің динамикасы.

2 кесте. Темірбанк акционерлік қоғамның қарыздарын реттеу деректері

Қарыз түрі 2006жыл 2007 жыл 2008 жыл Орташа
көрсеткіштер
2006-2008ж.ж
Мың. % Мың. % Мың. % Мың. теңге%
теңге теңге теңге
барлығы 5131072100 9459521100 8879496100
6373216,75100

Ескертпе Темірбанк АҚ-ның мәліметтерінен алынған [12, 40 б.]

2 сурет. Темірбанк акционерлік қоғамның 2006-2008 ж.ж провизиясы.

Банктің қарыз портфеліне мінездеме беру үшін, кестенің деректерінде 6
және 7 сандық баға беруге болады. Талдау жасау үшін, 2006-2008 жылдарды
аламыз. 2006-2008 жылдардағы қарыз стандарттарының еншісі, 2006 жылдағы
қарыз портфелі 62,1 % төмендеуін байқаймыз, 2008 жылы 26,4 % ол дегеніміз
95,7 % базалық период анықттылығынан осы период ішінде қарыздық портфель
224,9 % өскенің көреміз. Содан, 12 ай ішінде қарыздық стандарттар еншісі,
2006 жылмен салыстырғанда 49,4 % жоғарылап, 231 % құрайды.
Несиенің екінші категориясына-субстандарттар кіреді, қарыз
портфеліндегі еншісі 53,6 %, период ішінде орташа мағынасы 15,08 % және
максималды болып табылады. Шыңында, осы деректермен барлық портфелді
талдауға болады.

3 кесте. Темірбанк акционерлік қоғамның 2006-2008 ж.ж қарыздық
портфелін салыстыру.

Қарыз түрі 2006жыл 2007 жыл 2008 жыл өсу темпі % 2008-2006ж.ж
1 2 3 4 5
Стандартты 88,0 96,0 231,0 213,20
субстандартты 176,0 505,0 410,0 142,94
қанағаттандырылмайт228,0 87,0 59,0 154,94
ын
Күмәнді 136,0 8645,0 24048,0 378,66
Үмітсіз 197,0 549,0 294,0 105,57

Ескертпе Темірбанк АҚ-ның мәліметтерінен алынған [12, 40 б.]

3 cурет. Темірбанк акционерлік қоғамның қарыздық портфелін салыстыру.

Темірбанк акционерлік қоғамның актив баптары негізгі табыс көзі
болып несиелік операциялар болып табылады. Несиелік портфель сенімді және
қауіпсіз болып табылады. Қарыздық портфелдің проблемасы несиелік
стандарттарды жеңілдету, несиеге ревизия жасау тиімсіздігі,экономиканың
әлсіреуі бұл Темірбанк акционерлік қоғамы үшін ең негізгі шығынға
әкеледі.
Қазіргі уақытта банктің қызметіне талдауды қорытындылай келе, негізгі
банктік тәуекелді басқару бірінші факторы болып табылады, банк қызметін
тиімді анықтау, бұл- несиелік тәуекел. Несиелік тәуекелді кең мағынада
басқа жолдарға қолдануға болады, партнер келісім шартты орындай алмаса,
онда қаржылық шығындарға әкеледі.
Несиелік тәуекелді өзгеру түрдері:
1.Актив сапасының коэффициенті.
Сапа коэффициенті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Дағдарыстың дауасы
Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
Дағдарысқа қарсы эканомикалық саясат бағыттары
Қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздері
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Экологиялық - экономикалық қатынастардың қалыптастыру мәндері
Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары жайлы
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Қазіргі экономикалық дағдарыс
Пәндер