Жеке тұлғалардың төлейтін салықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ—ФАРАБИ атындағы
Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

Инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Жеке тұлғалардың төлейтін салықтары

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысымның тақырыбы Жеке тұлғалардың төлейтін салықтары.
Бітіру жұмысым 2 тараудан, 4 параграфтан, кіріспеден, қорытындыдан - 34
беттен тұрады.
Жұмысымда қолданылған негізгі терминдер: "міндетті төлемдер", "салық",
"баж", "салық төлеушілердің құқықтық жағдайы", "салықты енгізуші субъект",
"салықтық міндеттеме", "салықтық жауапкершілік", т.б.
Қазақстан Республикасында салықтық қатынастардың орнығуы және дамуы
түбегейлі жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың орнығуы шарттарында
қалыптасуда. Өзін салыстырмалы түрде дербес құқықтық құрылым ретінде
көрсете отырып, салықтық құқық біршама қоғамдық қатынастар тобын реттейді.
Соның ішінде ерекше орынды жеке тұлғалар төлейтін салықтар алады, себебі,
жеке тұлғалар қазір салықтық қатынастардың белсенді қатысушылары болып
табылады.

Ж О С П А Р Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1 Тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құқықтық
негіздері
1.1. Салықтың, басқа да міңдетті төлемдердің 7
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 17
1.2. Салықтардың, міңдетті төлемдердің түрлері және олардың
жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
... ... ..
2 Тарау Жеке тұлғалар төлейтін салықтар 27
2.1. Жеке тұлғалардың төлейтін салықтарын құқықтық 31
реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
... ... ... ... ... ... ... ... 33
Жеке тұлғалардың салықтық құқықсубъектілігі: элементтері және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... Қолданылған әдебиеттер:
Нормативтік-құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
Арнайы әдебиеттер ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы экономиканы
мемлекеттік басқару құралы ретіндегі құқықтың ролінің кеңейе түсуімен
сабақтасады. Бірақ, құқық өзінің реттеуші функциясын тек мемлекеттің барлық
салаларында, соның ішінде салықтық қызмет саласында да, талаптары қатаң
сақталынғанда ғана тиімді атқара алады.
Мемлекеттің салықтық қызметі мемлекеттің кірістерін салық төлеушілер
есебінен қалыптастыруға бағытталған. Себебі, мемлекеттің бюджетінің негізгі
бөлігі салықтардан, басқа да міндетті төлемдерден қалыптасады. Сондықтан,
салық заңдары заңды тұлғалармен жеке тұлғалар төлейтін салықтардың біршама
бөлігін бекіткен.
Тарихтағы салықтық саясатқа көз жүгіртетін болсақ, салықтардың көп
алынуы мемлекеттің қазынаны тиімді түрде толықтыруды қамтамасыз етпейді.
Оған әсер ететін бірнеше факторлар бар. Мысалға алатын болсақ, салық
төлеушілермен мемлекеттің мүдделерінің балансының бұзылуы, салықтардың
түрлерінің көптігі, салық ставкілерінің көптігі, салық заңдарының
тұрақсыздығы, салық төлеушілердің салық заңдарын жетік білмеушілері, т.б.
Кез келген мемлекет өзінің шынайы тәуелсіздігін мемлекеттік кірістер
жүйесінің нақтылы механизімін құру негізінде қалыптастырады. Оның негізгі
саласы ретінде - халықтың жалпы жағдайын көтеру үшін, мемлекеттің қаржылық
жағдайын жақсарту үшін төленетін, кәсіпкерлік пен шаруашылық субъектілердің
жағдайын ескеретін, бюджетке төленетін міндетті төлемдер болып табылады.
Олардың мемлекеттегі басқа кірістерден басты айырмашылығы, олардың міндетті
түрдегі төлетіндігінен көрінеді.
Салық төлеуші - ондай төлемдерді заңдармен бекітілген тәртіппен,
мерзімде міндетті түрде төлеуі тиіс. Сондай - ақ, ондай міндеттілік
комплексті болып табылады себебі, онда - салық төлеушінің төлеу міндеті мен
қоса белгілі бір мемлекеттік органның ондай төлемдерді міндетті түрде алу
міндетімен көрінеді.
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер салықтық және салықтық емес болып
бөлінеді.
Салықтық төлемдерге - салықтар жатады да, ол - қайтарымсыз, ақысыз
түрдегі міндетті бюджетке төленетін төлем болып табылады, салықтық емес
төлемдерге - салыстырмалы - қайтарымды болып келетін мемлекеттік баждар,
алымдар және төлемдер жатады.
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер жүйесінің негізгі элементі -
әрине де, салықтық жүйе болып табылады.
Салықтық жүйе дегеніміз — мемлекеттегі салынатын салықтармен міндетті
төлемдердің өзара жиынтығы, оларды салу, төлеу, және алу әдістері, және
оларды әртүрлі басқару салаларында бөлу тәсілдері болып табылады.
Салықтар — мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуіне,
өзінің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына жетуіне, белгілі бір
салаларды дамытуға жол береді. Мысалы: 2002 жылғы Қазақстан Республикасы
бюджеттік түсімдері 530 млрд. теңгені құраса, оның 465 млрд. теңгесін
салықтық төлемдер құрады[1].
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер мемлекет пен өндіріс процесіне
қатысушылар арасындағы қатынастарды дамытып, оларды реттеп отырып,
мемлекеттің - фискальды, стимулдық, бөлушілік сияқты міндетті төлемдердің
функцияларының жүзеге асыруына үлесін қосады.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қалыптастыру және
дамытуда қаржылық жүйені және оның құрамына кіретін мемлекеттің бюджетін
мемлекеттік реттеу үлкен роль ойнайды, ол мемлекетке экономикалық және
әлеуметтік саясатын жүргізуге әсерін тигізеді. Мемлекеттік бюджет арқылы
мемлекеттің ақша қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың бағытталған
қызметі жүргізіледі. Мемлекеттік бюджеттің өмір сүруі ерекше экономикалық
нысандар - бюджеттің кірістері және шығыстарына байланысты болады. Кірістер
мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, ал шығыстар
орталықтандырылған ақша қаражаттарының мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес
бөлінуін көрсетеді.
Экономикалық құрал ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшасының
пайда болуын және жұмсалуын көрсетеді, ол мемлекеттің алдындағы тұрған
міндеттер мен функцияларды қаржылық қамтамасыз етуге арналған.
Салықтық құқықтың субъектілері - салықтық - құқықтық ғылымның өзекті
тақырыбы болып табылады. Салық төлеуші - жеке тұлғаның құқықтық жағдайы, ол
төлейтін салықтарды құқықтық реттеу мәселелері аз зерттелген, көп көңіл
бөлуді қажет ететін тақырып болып табылады. Сондықтан, өзімнің бітіру
жұмысымды осы мәселеге арнағанды дұрыс деп таптым.

1 ТАРАУ Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құқықтық негіздері.
1.1. Салықтардың, басқа да міндетті төлемдердің және салық жүйесінің
түсінігі.

Кез-келген мемлекеттің қызметтерінің маңызды түрі мемлекеттің
кірістерін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік кірістер дегеніміз -
мемлекеттің қорына әртүрлі кіріс көздерінен келіп түскен және өздерінің
міндеттерімен функцияларын орындау үшін қолданылатын қаржылық ресурстар.
Мемлекеттің кірістері әртүрлі меншік нысандарына және өндіріс құралдарына -
негізделген мемлекеттің экономикалық жағдайына байланысты болады.
Мемлекеттік кірістерді қалыптастыру және пайдалану тәртібіне
байланысты ол міндетті төлемдерден және басқа да қызметтерден қалыптасады.
Негізгі біздің бюджетіміздің кіріс көздері — міндетті төлемдер болып
табылады. Мысалы, айтарлық, 2003 жылғы республикалық бюджеттің түсім
көздері салықтардан және басқа да міндетті төлемдерден қалыптасқан[2].
Экономикасы дамыған мемлекеттердің бюджеттерінің кіріс көздерін шаруашылық
қызметінен, тауарларын басқа мемлекеттерге сатудан, қызметтерін
көрсетулерден түскен кірістер, басқа мемлекеттерге берген қарыздарынан
проценттер құрайды (Сауд Аравиясы мемлекеттері, Европа мемлекеттерінің
көпшілігі, АҚШ, Канада мемлекеттерін мысал ретінде алуға болады). Әрине,
бізде де шарушашылық өнімдер шығарылады, тауарларымызды шетел
мемлекеттеріне шығарып, қызметтерімізді көрсетеміз. Бірақ, мұның барлығы
әлі жеткіліксіз.
Мемлекетіміздің бюджетінің кіріс бөлігін айтарлықтай қамтамасыз етуге
көп септігін тигізбейді. Себебі, біз кеше ғана

тәуелсіздігімізді алып, енді ғана өз бетімізші күн көре бастадық. Мемлекет
басшылары осы бағытта әртүрлі бағдарламалар қабылдап, іс жүзіне асыруда.
Осы мақсатта жұмыс істеуде біз шетелдік тәжірибелерді есепке алып,
тарихтағы салық саясатына талдау жасай отырып, әрекет етуіміз керек.
Себебі, салық саясатының дұрыс жүзеге асырылмауынан көптеген мемлекеттерде
кризистер болғанын, экономикалық жағдайларының нашарлап, халықтың азып-
тозып кеткендерін білеміз. Бұл мәселе жан-жақты зерттеуді, мұқият
қарастырылуды, талдануды қажет ететін мәселе болып табылады.
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрлеріне
келесілер жатады: А) Салықтар; Б) баждар; В) алымдар; Г) төлемдер.
Салықтар олар - мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрде
мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттің шығыстарының орнын
толтыру үшін, мемлекеттік қорлар құру үшін ақшаларды алу болып табылады.
Салықтар материалдық төлемдер ретінде төленеді, ол оның экономикалық
мәнін ашудағы негізгі белгісі болып табылады. Оны төлеу: салық төлеушінің
мүлкінің мемлекетке өтуінен көрінеді. Олар заңды тұлғалармен және жеке
тұлғалармен сәйкес бюджетке міндетті түрде төленетін төлемдер. Негізінен
әдебиеттерде салық - ақша төлемі ретінде көрсетіледі. Әрине ол дұрыс,
себебі салықтардың көпшілігі ақшамен есептелінеді. Бірақ, Қазақстан
Республикасының салықтық заңдары салық төлеудің заттай, натуралды нысанын
да көрсетіп кеткен. Олар, мысалы, жер қыртысын пайдаланушылардың тапқан
табыстарының бір бөлігін, сондай зат есебінде мемлекетке беруінен
көрінеді.
Салықтардың екінші экономикалық маңызы — ақшаларды қайтарымсыз түрде
алу болып табылады. Салықты төлеу кезінде салық төлеушіден мемлекетке
кететін бір - жақты ақша қозғалысы ғана болады. Екінші жақтан сол салық
төлегені үшін орнына ешнәрсе берілмейді.
Кейбір ғалымдардың ойынша, салықтар қайтарымды болып табылады, себебі
мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорына түскеннен кейін салықтар әртүрлі
әлеуметтік қамсыздандыру нысанында халыққа қайтарылады, деп есептейді.
Жалпы алғанда, ондай пікірмен келісуге болады, себебі мемлекет салықтарды
өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін салады, ал әлеуметтік қамсыздандыру
мемлекеттің функцияларының бірі болып табылады. Бірақ, нақтылы салықтық
қатынастың шеңберінде қайтарымдылық туралы айтуға болмайды, себебі -
салықтық төлемдердің сомасы еш қайтарылмайды. Салықтық міндеттеме бір -
жақты болып табылады да, мемлекет келіп түскен ақша сомаларын қайтаруға
міндетті емес. Яғни, салық салықты нақты төлеп тұрған тұлғаға
қайтарылмайды, ол қоғамға белгілі бір шаралар арқылы қайтарылады. Айталық,
тегін білім беру, тегін денсаулықты қамтамасыз ету, әлеуметтік жағынан
қорғалмаған тұлғаларға жәрдемақылар, т.б.
Салықтың экономикалық мағынасының келесі бір белгісі - оның ақысыз
төлем болып табылатындығында. Яғни, салық ретінде төленген ақшалар үшін
ешқандай тауарлар берілмейді. Салық белгілі бір тауарлар мен мемлекеттің
көрсеткен жұмысы үшін төленетін төлем емес. Салықтың ақысыздығы оның басқа
бюджетке төленетін міндетті төлемдерден айыратын басты белгісі ретінде
қарастырылады. Салықтың келесі белгісі салықтың төлеу мерзімдерінің нақты
анықталғандығында. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және
жеке тұлғалар бюджетке аванс төлемдерін әрбір айдың 20 - шы күнінен
кешіктірмей төлеуге міндетті, ал резидент емес еңбек шарты мен немесе жалға
алу шартымен жұмыс жасайтын жеке тұлғалар бюджетке аванс төлемдерін 20 - шы
ақпан, 20 - шы мамыр, 20 - шы тамыз, 20 - шы қарашада төлеуге міндетті. Бұл
мерзімдердің бұзылуы әрбір жіберілген күнге белгілі бір көлемде өсім
төлеуге байланысты салық төлеушінің жауаптылығын тудырады.
Салық тұрақты экономикалық қатынастар тудыратын төлем[3]. Бұл
тұрақтылық салық төлеуменен байланысты ақша төлемдерінің тұрақтылығында
ғана емес. Салықтық қатынастардың тұрақтылығы салық салынатын объект —
салық төлеушінің меншігінде болған кезде, салық субъектісі болған кезде
қамтамасыз етіледі. Салықтық қатынас белгілі бір төлемнің төлеу
міндеттілігінің орындалуымен аяқталмайды, ол салық салу объектісі және
субъектісі болған кезде болады.
Тағы бір салықтың белгісі - ол салық салудың объектісінің болуы.
Салықтың тағы бір белгісі төлемнің мөлшерінің көрсетілетіндігі.
Негізінен, дамыған мемлекет салық белгілейтін өзінің нормативтік құқықтық
актілерінде әрдайым салықтың мөлшерін кіріске байланысты процентпен, нақты
белгіленген сома түрінде, немесе, басқа да бір тәсілдермен белгілеп береді.
Салықтардың мерзімдерінің көрсетілуі, оны мемлекеттік алым сияқты
басқа төлемдерден ажыратады. Салықтың сомасының әрдайым мемлекеттің
кірісіне түсуі, төленуі кезінде меншік нысанының ауысуы олар да салықтың
белгілері болып табылады.
Салықтың осы белгілерін заңдық белгілер ретінде, байланыстыра отырып,
қарастыратын болсақ, келесі жағдайларды анықтауға болады:
Салық мемлекеттің белгілеген міндеті. Қазақстан Республикасының
Конституциясында бұл міндеттілік көрсетілген[4]. Мемлекет Парламент арқылы
оны біржақты тәртіппен, ешкіммен келіспей белгілейді[5]. Қазақстан
Республикасында ҚР Республикалық референдумы туралы 2 қараша 1995 ж.
Конституциялық заңында бюджеттік, салықтық саясаттар референдум мәселесі
бола алмайтындығы аталған[6].
Салық әрдайым тек құқықтық нысанда болады. Салық пайда болғандағы
алғашқы кезеңде діни көзқарастармен реттелген. Бірақ, мемлекеттің орнығуы
және дамуы барысында ол мемлекеттің тікелей қарамағына көшеді. Қазіргі
мемлекет үшін салықтың құқықтық нысанда болатындығы сөзсіз, ол жазбаша
нысанда нормативтік құқықтық акт арқылы көрсетіліп, заңмен белгіленген
тәртіпте қол қойылып, жарияланады.
Салық мәжбүрлі сипатта болады, яғни біржақты өктем тәсілмен реттеледі,
мемлекеттік біржақты актісі арқылы көрініс табады. Салық міндетті төлем
болады, салық төлеушілер белгілі бір көрсетілген уақыттарда төлемеген
жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы бұл әрекет жүзеге асырылады.
Салық бұл заң арқылы бекітілген төлем. Тек қана Қазақстан
Республикасының Парламенті ғана заң қабылдау арқылы белгілі бір салықтардың
түрлерін енгізеді.
Салық төлеу - салық төлеушінің заңдық міндеті болады.
Салық тұрақты түрде төленіп отырылатын қаржылық міндеттеме болып
табылады, күн сайын, ол квартал сайын, ай сайын, жыл сайын төленеді.
Салық төлеу мемлекеттік жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген.
Төленбей қалған салықтық көлеміне байланысты Қазақстан Республикасының
заңдарымен көрсетілген тәртіпте жауапкершілік шаралар қолданылады.
Салықты төлеуге мемлекет тарапынан мемлекеттік бақылау жүргізіліп
отырылады. Соған арнайы құзыреті бар органдар өздерінің атқаратын
функцияларына сәйкес өз міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтатын болсақ,
Кіріс министрлігі, оның жанынан арнайы құрылған ведомстволар: Салық
инспекциясы, Кеден департаменті, Алькоголь өнімдерінің айналымын бақылау
жөніндегі департамент, сондай-ақ, Қаржы полициясы, Қаржы министрлігінің
жанынан құрылған қаржылық бақылау комитеті[7]. Қаржы полициясы салыстырмалы
түрде жақында ғана, ҚР Президентіне тікелей бағынатын орган ретінде қайта
құрылды. Бұл өте дұрыс жасалған шара болды, себебі, бұл органньщ ешкімнен
тәуелсіз қызмет атқарғаны тиімдірек. Тек Президентке ғана бағынатын
жағдайда оның қызметі нәтижелі болатыны хақ.
Парламенттің салықтарды бекіту құқығы арқылы халықтың төлеуге келісу
құқығы көрінеді. Осы позициядан салықтардың құқықтық табиғаты қарастырылып
зерттелуі тиістігі көрінеді.
Бірақ, салықты салу халықтың өкілі Парламенттің келісімі арқылы жүзеге
асырылса да, қоғамның жекелеген тұлғаларының келісімін қажет етпейді.
Сондай-ақ, көптеген мемлекеттерде - салық салу сұрақтарын
референдум арқылы шешуге конституциялық шектеулер қойылған.
Ол, салықтық басты құқықтық белгісін - салықты бекітудегі
біржақтылықты көрсетеді. Сонымен қатар, салық жеке ақысыз болып табылады
себебі салықты жинаудағы басты мақсат - қоғамның мұқтаждықтарын
қанағаттандыру болып табылады. Салық төлеушінің салық төлегені үшін,
мемлекеттің салық төлеуші алдында белгілі бір міндеттері болмайды.
Салықтар қайтарымсыз негізде алынады. Салықтың қайтарылуы тек,
салықтың мөлшерін асырып төлеген кезде, және белгілі бір жеңілдіктер пайда
болған кедерде ғана мүмкін және мемлекеттің біржақты шешімімен қарастырылып
төлемнің жалпы сипатына ешқандай әсерін тигізбейді.
Салық ақша қаражаттарының тек біржақты қозғалысынан көрінетіндіктен,
оның принциптері азаматтық құқықтық принциптерге қайшы болып табылады.
Салықты төлеу мемлекеттің мәжбүрлеу шараларының негізінде жүзеге асырылады.
Бірақ, көбінесе мәжбүрлеу шараларын қолданудың қажеттілігі жоқ, сесбебі
салық төлеуші көбінесе салықтарды дербес өзі төлеп отырады. Бірақ, егер
салық төлеуші уақтылы салықтарды төлемейтін болса, мемлекет оған байланысты
қатаң санкцияларды қолданады[8]. Ондай әрекеттер Республикамызда өте жиі
кездесіп жөне қолданылып отырады.
Салық салық төлеушімен мемлекет арасындағы қаржылық қатынастарды
реттеуші құрал ретінде көрініс табады.
Қатынастың бір жағы - салық төлеушінің міндеттерін, қатынастың екінші
жағы - мемлекеттік салықтық органның құқылы әрекетін көрсетіп, айқындап
отырады.
Осындай позициялардың негізінде, жоғарыда аталғандарды қорыта отырып,
салыққа келесідей анықтама беруге болады:
Салық дегеніміз - мемлекеттің мәжбүрімен, ақысыз және қайтарымсыз
сипаттағы, азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіндегі ақша қаражаттары
мен мүлікті, қоғамдық билік субъектілерінің төлем төлеу қабылеттілігін
қанағаттандыру мақсатымен, заңда көрсетілген мөлшерлер мен мерзімдерде
мемлекеттік бюджетке алу болып табылады.
Бюджетке қайтарымсыз және ақысыз төленетін міндетті төлемдердің
барлығы салық болып табылмайды. Мысалы: соттың шешімі немесе үкімі бойынша
мемлекеттің немесе үшінші жақтардың мүддесі үшін ақша қаражаттарын төлету,
жоғарыда айтылған салықтың белгілеріне ұқсас болса да, салық болып
табылмайды.
Салықтар - халық билігінің субъектілерінің (мемлекеттік билік
органдары, басқару органдар және басқа да мемлекеттік органдар, жергілікті
өзін - өзі басқару органдары) мүддесі үшін төленеді. Осы белгісімен, салық
басқа мемлекеттік биліктің орталық немесе жергілікті органдарынан басқа
заңды тұлғаларға төленетін төлемдерден айырылады. Ондай төлемдер салықтық
емес төлемдер (парафисналитет) болып саналады.
Ондай төлемдер, мысалы, әртүрлі техникалық немесе профессионалдық,
коммерциялық және әлеуметтік кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдасы үшін
мәжбүрлеу арқылы төленеді. Бұл жердегі мәжбүрлеудің орын алуы ондай
төлемдердің де заңдардың негізінде пайда болуынан көрінеді. Бірақ, кейбір
мемлекеттерде, мысалы Францияда, парафисналитеттерді атқарушы органдар
өздерінің актілерінің негізінде бекітуі мүмкін Бюджетке төленетін басқа
міндетті төлемдерге жататындар: - Алымдар, баждар, төлемдер.
А) Алым сияқты міндетті төлемнің құқықтық мазмұнын анықтау үшін, оның
салықтық төлемнен негізгі айырмашылықтарын анықтап, қарастыру қажет.
- Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін -
тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;
- Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы
эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын
төлем болып табылады[9]. Мысалы: белгілі бір кәсіпкерлік қызмет түрімен
айналысқаны үшін лицензия алу кезінде алынады, немесе ҚР территориясында
транзиттік тәртіппен транспорт құралдарының өткені үшін алынады. Яғни, алым
төлегені үшін субъект белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе мемлекеттен
қандай да бір рұқсаттарды алады.
Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады.
Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір
қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті.
Соныменен, алымдар — мемлекеттік органдармен төлеушіден материалды
және материалды емес объектілерді пайдаланғаны үшін, немесе пайдалануға
қатысқаны үшін алынатын міндетті төлемнің түрі.
Б) Баж.
Бюджетке түсетін келесі міндетті төлемнің түрі — баж болып табылады.
Мемлекеттік бажды алу көптеген нормативті құқықтық актілермен реттеледі.
Баж дегеніміз заңды маңызды әрекеттер жасағаны үшін немесе
құжаттар бергені үшін, соған өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен

лауазымды тұлғалар мен алынатын міндетті төлемнің түрі. Бұл анықтамаға
қарап, біз баждың алымға жақындығын көреміз. Бірақ, Худяков А.И. ойынша,
келесідей айырмашылықтар бар:
Баж - бюджеттің, яғни жалпы мемлекеттің кірісі, ал алым -төлеушіге
қызмет көрсеткен ұйымның кірісі. Сондықтан, классикалық теорияға сәйкес,
баж — фискалды төлем, ал алым-чиновниктік төлем[10].
Баж - көрсетілген қызметтің бағасынан тәуелсіз алынады, ал алымның

мөлшері — көрсетілген қызметтің бағасына сәйкес болады.
Баж салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Салық төлегенде
мемлекет төлеушіге ешқандай қызмет көрсетіп, орнына ешнәрсе бермейтін
болса, ал баж төлегені үшін белгілі бір заңмен көрсетілген қызметтерді
ұсынады. Айталық, кеден тауар алып өтіне рұқсат беру, немесе, сотта талап
арыздарын қарау, т.б.
В) Төлем.
Бюджетке төленетін келесі міндетті төлемнің түрі — төлем. Төлем жеке
тұлғалардан, немесе заңды тұлғалардан белгілі бір мемлекеттің меншігіндегі
игіліктерді пайдалағаны үшін алынатын міндетті төлем. Мысалы айтатын
болсақ, ерекше күзетілетін объектілерді пайдаланғаны үшін төлем, орманды,
жануарлар әлемін пайдаланғанын үшін төлемдер. Яғни, мемлекет өзінің айрықша
құқығындағы құқықты пайдалануға береді де, сол үшін төлем алады.
Міндетті төлемдер бюджетке барып түседі де, мемлекеттің кіріс көзін
құрайтынын жоғарыда атадық. Жыл сайын мемлекетімізде бір жылда келіп
түсетін түсімдер мен жұмсалатын шығыстар көрсетілген бюджет туралы Заң және
жергілікті бюджеттер туралы шешімдер қабылданады. Бұл өте күрделі процесс
және оларды қабылдауға барлық мемлекеттік органдар қатысады.
Қаржы Министрлігі бюджеттік саясаттың басты мақсаттары мен, алдағы
жылдың бюджеттік саясатын, өтіп бара жатқан бюджеттің орындалуының бағасы,
және ақша — кредиттік саясаттың басты бағыттарын айқындап отырады. Осы
арқылы ол, мемлекеттің қаржылық балансын анықтайды. Қазақстан
Республикасының Үкіметі мақұлдаған мемлекеттің қаржылық балансы Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі үшін жергілікті бюджеттердің
параметрлерін, олардың республикалық бюджетпен қарым - қатынастарын
айқындауға жол береді. Алдағы жылдың республикалық бюджетінің жобасы ҚР
Үкіметімен 15 қыркүйектен кешіктірілмей, ал жергілікті бюджеттердің
жобалары жергілікті әкімдермен 1 қыркүйекқе дейін жасалып, сәйкес түрде -
ҚР Парламентіне және жергілікті маслихаттарға тапсырылуға тиісті. Алдағы
жылдың Республикалық бюджеті осы жылдың 15 желтоқсанына дейін Қазақстан
Рсепубликасының Парламентінің палаталарының ортақ отырысында қарастырылып,
бекітіледі[11].
Егер, Парламентпен өтіп бара жатқан жылдың 15 желтоқсанына дейін
алдағы жылдың Республикалық бюджеті бекітілмесе, онда Қазақстан
Республикасының Президенті Парламентпен бюджет бекітілгенге дейінгі күші
бар, Алдағы қаржылық жылдың 1 кварталының республикалық қаржылық жоспары
туралы заң күші бар Жарлығын қабылдайды[12].
Қаржылық жоспардың орындалуы Республикалық бюджет үшін анықталған
тәртіпте жүзеге асырылады. Мемлекеттің салық жүйесі - салықтардың,
алымдардың, баждардың, төлемдердің және басқа да заңдарменен көрсетілген
тәртіпте алынатын төлемдердің жиынтығы. Салық жүйесі қомақты болып табылады
және келесілерді қамтиды: 1. Заңдардан және заңға сәйкес актілерден тұратын
салық заңдарын; 2. Салықтық бақылау жүргізетін салық органдарынан; 3. Салық
төлеушілердің атынан салықтарды есептеп, ұстап, бюджетке аударатын салық
өкілдерінен; 4. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
қаржылық полициядан; 5. Салық салу саласындағы ғалымдар мен практиктердің
теоретикалық ережелерін.

1.2. Салықтардың, міндетті төлемдердің түрлері және олардың жалпы
сипаттамасы.

Қазақстан Республикасының салық заңдары Қазақстан Республикасының
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Кодексінен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан
Республикасының Үкіметінің актілерінен және Қаржы Министрлігінің, Салық
Комитетінің, Қаржы полициясының, Кеден департаментінің актілерінен тұрады.
Егер заңдық және басқа нормативтік құқықтық актілер Қазақстан
Республикасының Салық кодексіне қайшы келсе, олардың құқықтық күші
болмайды. Салықтық емес заңдардың құрамына салық салуға байланысты
сұрақтарды кіргізуге тыйым салынады. Салық салуға қатысты нормативтік
құқықтық актілер ресми түрде, ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық
шарттарының нормаларында Қазақстан Республикасының заңдарында
көрсетілгеннен басқаша болып көрсетілсе, онда сол шарттың нормалары
қолданылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық шартта оның нормаларын қолдану үшін белгілі бір ішкі
Республикалық акт қабылдау керек деп тікелей көрсетілмесе, онда сол
халықаралық шарт Республика территориясында тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы салықтар мен басқа да міндетті төлемдер.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес,
келесідей салықтар алынады:
1. Корпоративті табыс салығы;
2. Жеке тұлға төлейтін табыс салығы;
3. Қосылған құнға салынатын салық;
4. Әлеуметтік салық;
5. Акциздер;
6. Жер қойнауын пайдалануышыларының арнайы төлемдері мен салықтары.
7. Жер салығы;
8. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
9. Транспорт құралдарына салық.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Салықтар
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңына сәйкес,
Республикалық бюджетке мынадай алымдардың түрлері түседі:
- Бағалы қағаздарды эмиссиялауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық мемлекеттің белгілеген міндеті
Қосылған құнға салынатын салық тауарлары
Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі рөлі
Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
Меншікке салынатын салықтардың экономикалық маңызы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы
Қазақстандағы салық жүйесiнің жалпы сипаттамасы
Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Бюджетпен есеп айырысу есебі. Салықтар
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Пәндер