Жеделхат мәтіні
Кiріспе
Қазақ тілінің мемлекеттік тілі ретінде қызмет етуінің алғы
шарттарының бірі — оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі
және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми
құжаттардың тiлi бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай,
мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай,
барлық құрылымдағы іс қагаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінiң
қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының
саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика,
қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың
табылмас қайнар көзі бала алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам
өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары — басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен
мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі
шешiмдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.
Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейiн
көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне
тікелей байланысты. Іс к,ағаздарын жүргізу — басқару процесінің ажырамас
бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат,
жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару
істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар әрқашан
жүргізіледі. Іс қагаздарын жүргізу — мекеме жұмысының нақты құжаттармен,
деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін
құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде
дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та,
сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ал бойынша жұмыс істеу, орындалуын
бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып
жатқан жұмыстар кіреді.
Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде
оған алғашқы құжат — тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке
басын растайтын құжат - жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі - орта
білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін түрлі
үлгідегі іс қағаздарын жазады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом
беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да арыз, резюме, жеке іс парағы т.б.
іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасына
жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін
жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге
тура келеді.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу - пән ретінде жоғары және орта дәрежелі
арнаулы ақу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:
Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемелекеттік құндылығын, әлеуметтік
маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің
алғы шарттарының бірі екендiгін ұсындыру.
Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
Іс қағаздарын жургізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білiмі,
педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын
толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі,
қызметі, мақсаты сиякты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінiң
қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз
ету.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың
безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Оқулық "Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы", "Іс қағаздары" және "Іс
қағаздарын екі тілде жүргізу" деген үш бөлімнен тұрады. Қазақ даласында XX
ғасырдан бұрын қазақша жазылған іс қағаздары болған ба, олардың тілдік
ерекшелігі, жазылу мақсаты, стилі қандай болған деген мәселелерге тереңірек
үңілу үшін бірінші бөлiмде XVIII ғасырдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі іс
қағаздарына тоқталдық. Қазақ даласындағы қоғамдық, саяси-әлеуметтік
жағдайларға, сол кездегі қазақ тiлiн, қазақ ресми іс қағаздар тілін
сипаттайтын нұсқаларға, ресми іс қағаздар стилінің ерекшеліктеріне
байланысты, тақырыптарды кезең-кезеңге бөліп қарастырдық. Олар "XVIII
ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі" "XIX
ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тілі", "XIX ғасырдың екінші
жартысындағы ресми іс қағаздар", "XIX ғасырдың II жартысындағы әкiмшілік
орындарының бұйрық-жарлықтары", "XIX ғасырдың II жартысында жазылған
қазақша заң жинақтары мен ережелер", "XIX ғасырдың II жартысындағы
эпистолярлық стиль материалдары" "XX ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар
тілі", "1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілі", "1940 жылдардан кейінгі
кезеңдегі ресми іс қағаздар тілі" деген тақырыптарға бөлініп берілген.
XVIII және XIX ғасырларға байланысты тақырыптарда студенттерді сол
кезеңдегі ресми іс қағаздары қандай нұсқада болған, оларды кімдер жазған,
мақсаты қандай болған, тілдік ерекшелігі қандай деген мәселелермен
таныстыру мақсатында тарихи дерек, тілдік материал ретінде сол кезеңдегі іс
қағаздарының кейбірінің тізімі мен окулық көлемінiң көтеруіне қарай
"Қазақстан тарихының хрестоматиясынан" алынған жекелеген құжаттар беріліп
отырады. Құжат толық берілмеген жағдайда текстің тасталып кеткен бөлігі көп
нүктемен белгіленеді. Құжатты жақсырақ түсіну үшін қажет, бірақ түпнұсқада
жоқ сөздер тік жақшаға алынған. Құжаттар сол кезде қолданылған ерекше кеңсе
тілімен жазылған. Құжат түпнұсқасындағы шағатай, татар тілінің әсерінен
болған тілдік ауытқулар, грамматикалық ерекшеліктер т.б. қазіргі қазақ
оқырманына түсініксіз тілдік құбылыстар қазіргі қазақ тілінің нормасына
икемделіп, тыныс белгілері қойылып, түсінікті етіп берiлген.
Ресми Іс қағаздарының қолданылуы, түрлері, мазмұны, мән-мақсаты
қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты болғандықтан қай
кезеңнің болмасын іс қағаздарын қарастырғанда сол кезеңдегі қазақ даласының
ішкі, сыртқы саяси экономикалық, әлеуметтік жай-күйіне де шолу жасап
отырдық.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ даласында болған елеулі оқиғаның
бірі — алғашқы қазақ газеттерінің шығуы болды. Бұл кезеңде патша өкіметі
өзінің отаршылдық саясатын жүргізуде татар тілмаштарының "көмегінен" бас
тартып, қазақтың ұлттық буржуазиясына арқа сүйей бастағаны белгілі. Патша
әкімшілiгінің бұйрық-жарлықтарын жергілiкті әкімдерге өз тілінде жеткізу,
өкілеттік құжаттарды жергiлікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз
орындаттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасына кең тарату
мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп ел басқару ісін
жеңілдету ниетімен алғашқы қазақ газеттері шығарыла бастады. Ташкентте 1870
жылдан бастап "Түркістан уәләятының газеті", Омбыда 1882 жылдан бастап
"Дала уәләятының газеті" шыға бастады. Бұл газеттер қазақ әдеби тілін
дамытуға, онық бір тармағы - ресми іс қағаздар тілін дамытуға үлкен үлес
қосты. Газеттің негізгі мақсаты — үкіметтің бұйрық-жарлықтарын, сот
орындарының үкімдерін, сауда хабарларын, Россия және басқа мемлекеттердiң
өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық хабарларын жазып тұру болды.
Алғашқы қазақ газеттерінде жарияланған ресми құжаттар тілі, газеттердің
қазақ ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі жайлы "XIX ғасырдың II
жартысында шыққан алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін
қалыптастырудағы рөлі" тақырыбында жан-жақты сөз болады. Сондай-ақ окулықта
XX ғасырдың басында шыққан "Айқап " журналының ресми іс қағаздар стилін
қалыптастырудағы рөлі жайлы да айтылады. Бірінші бөлімде сонымен қатар
әдеби тіл, стиль, ресми іс қағаздар стилі мәселелері де сөз болады.
Әр дәуір тақырыптарына орай пайдаланылған мысалдар
бірыңғайластырылып, мезгілдік, дәуірлік сипатына байланысты ерекшеліктер,
кеткен қателер түзетілмей, қазіргі таңбамызбен (графикамен)
транскрипцияланып берілді.
Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени
өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық
қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс
қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан
сусындағанын байқауға болады. Бірі — сонау көне дәуірден бері үзілмей келе
жатқан хан жарлықтары және басқа да ресми құжат үлгілері. Екіншісi - қазақ
жерінiң Россия мемлекетінiң қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне
аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары,
қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден
пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс.
"Іс қағаздары " деп аталатын екінші бөлімде іс қағаздарының түрлері,
олардағы реквизиттер, іс қағаздарының жазылу стилі сөз болады. Бұған дейiн
қазақтар саны басым алыс аудандарда ғана іс қағаздары қазақша жүргізіліп
келгені мәлім. Қазіргі таңда республикада мемелекеттік органдар іс
қағаздарын мемелекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр
түрлі дәрежеде атқарылып жатқан іс. Бұл үлкен істің оп-оңай орындалып, бір
күнде қалыптаса қалмайтыны белгілі. Осыған байланысты проблемалар да
жетерлік. Оның бірі — мемелекеттік қызметшiлердің ана тілінде еркін сөйлеп,
жаза алмайтыны. Ал орыс тілді кез-келген маман орыс тiлiндегі ресми құжатты
еркін жазып шығады. Бұның себебі, біріншіден, тiлді жетік меңгергендігі
болса, екіншіден орыс тіліндегі іс қағаздары ғасырлар бойы уақыт тезінен
өтіп әбден қалыптасқан, қай салада да дайын, мәтіндері стандартқа айналған.
Оларда бұл дәстүрлі мектеп. Біз қазақ тiлiндегі іс қағаздарын да осындай
дәрежеге көтеруіміз керек. Екінші проблема — қазақ тілінде іс қағаздарын
жүргізуге байланысты оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, іс қағаздарының
үлгілері өте аз, жоққа тән десе де болады. Үшінші проблема — жоғары оқу
орындарында да, арнаулы оқу орындарында да іс қағаздарын қазақша жүргізуге
байланысты пән, арнаулы курс оқу бағдарламасына енгізілген, сондықтан оқу
орнын аяқтаған маман өндіріске я мемлекеттік органға іс қағаздарын қазақша
жүргізуге еш дайындықсыз келеді. Осыған орай жоғары және арнаулы оқу
орындарына оқулық ретінде ұсынылып отырған бұл еңбекте іс қағаздарын қалай
дайындау керек, оның қандай стандарттары бар, жазылу стилінде нені
басшылыққа алу керек деген мәселелер сөз болады. Жиі кездесетін қызметтік
хат, резюме, мінездеме, арыз, еңбек келісімі, визит карточкасы сияқты іс
қағаздарының құрылымы, жазылуы т.б. мәселелеріне арнайы параграфтар
беріледі. Есте ұстайтын бір жайт, іс қағаздары қарапайым жұрттың бәріне
түсінікті ауызекі тілде жазылмайды. Ол әдеби тілдің күрделірек, ресми,
саяси, экономикалық сипаттағы нұсқасы десе де болады. Оның өзіне тән
қалыптасқан терминдері, сөз орамдары, мәнер-нақышы, белгілі бір стандарты
бар. Іс қағаздары өркениетті елдің бәрінде осындай.
Іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы
басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы бар.
Кейбірінің орыс тiлiндегі нұсқасы да қазақшаланған нұсқасы да қатар
қолданылып жүр. Оқулықта осындай нұсқалардың әлі қалыптасып үлгермегендерін
екі тілде қатар беріп отырдық. Мысалы, резолюция - бұрыштама, резюме —
түйіндеме т.б. Протокол терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа дейін
мәжiлiс хат, хаттама сөздері қатар қолданылып келді. Соңғы уақытта
"хаттама" сөзі термин ретінде көп қолданылып, қалыптаса бастағандықтан
оқулықта хаттама нұсқасын алдық. Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлігін
(выписка из протокола) осыған дейін хаттамадан көшірме деп атап келдік.
Енді осындай көшірме сөзі копия сөзінің аудармасы және оның мағынасын дәл
беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірiмен шатастырмас үшін
хаттамадан көшірме емес, хаттамадан үзінді деп алдық. Біріншіден, екі
терминді бір сөзбен атағанша, әрқайсысының өз атауы болғаны дұрыс,
екіншіден, копия мен выписка бір нәрсе емес, үшіншіден, үзінді сөзі
хаттамадан үзінді (выписка из протокола) деп аталатын құжаттың мағынасын
көшірмеге қарағанда дәл ашады. Шынында да хаттамадан көшірме деп атап
жүрген құжатымыз хаттаманың бүкіл мазмұнының көшірмесі емес, тек белгілі
бір қажетті бөлігінің ғана үзіндісі.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс іс қағаздарын, олардағы
терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатырмыз. Тіпті бір сөзін,
бір тіркесін мүлт жібергіміз келмейді, түгендеп отырамыз, кейде осыны қатаң
ұстанамыз деп шарттылыққа, түсінбеушілікке ұрынамыз. Мысалы, орыс тiліндегі
делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан, соңғы
кезде орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзінің баламасы жоқ болғандықтан оны
алып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz