Жер құқықтық қатынастары
Жер құқықтық қатынастары
Жоспар
Кіріспе
1. Жер құқық қатынатарының түсінігі
2. Жер құқық қатынастарының түрлері
3. Жер құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
4. Жер құқық қатынастарының мазмұны
5. Жер құқық қатынатарының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жер құқық қатынастары өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты
әрқашан да өзгермелі және қозғалыста болып келеді. Бұған мемлекеттігі саяси
жағдай, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер әсер етеді. Сонымен қоса,
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, жоспарлы экономикадан бас тартып,
нарықтық экономикаға көшкен соң жер құқық қатынастары мазмұнына да
өзгерістер енді. Тағы да бір айта кетер жағдай, жаңа Азаматтық кодекс
азаматтық құқық объектілері қатарына жерді қосқан болатын. Осының бәрі жер
құқық қатынастарының мазмұнына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бәрін ескере отырып, курстық
жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары”
деп алдым. Бұл бүгінгі күні өте маңызды мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты жер құқық қатынастарына түсініктеме беру,
олардың түрлерін бөліп көрсету, жер құқық қатынастарының субъектілерінің
ерекшеліктеріне сипаттама беру, жер құқығы қатынастарының мазмұнына талдау
жасау және де жер құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу
негіздерінің ерекшеліктерін ашып көрсету.
Жер құқық қатынастарының түсінігі
Қоғамның өмір сүруі барысында әртүрлі құқық нормаларымен реттелетін
құқықтық қатынастар пайда болады. Мысалы олар қылмыстық құқықтық
қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қаржылық құқықтық қатынастар,
жер құқық қатынастары және тағы да басқалары. Өзінің объектісінің
ерекшелігіне байланысты жер құқық қатынастары осы құқықтық қатынастары
ішінде ерекше орынға ие болады деуге болады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 5-бабы жер заңдарының
міндетттерін белгілейді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы жер заңдарының
міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы
туыдауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының құқықтары мен
міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен
қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны
сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету барысында жер қатынастарын реттеу;
шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен даму үшін жағдайлар
жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту жер қатынастары саласында
заңдылықты нығайту болып табылады.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру кезінде жер құқық қатынастары пайда
болады деуге болады. Жоғарыдағы жер заңдарының мақсаттарын көре отырып, жер
қатынастары заңмен реттеу шеңберіне кіреді не соларды құқықтық реттегенде
құқықтық қатынасқа айналатынын көре аламыз.
Жер құқық қатынастары деп – субъектілер арасында мемлекетпен
қорғалатын жер-құқықтық игілікке не мүддеге қатысты өзара құқықтар мен
міндеттерді пайда болдыратын қоғамдық қатынастарды айтамыз.[1]
Жер кодексі жер құқықтық қатынастарға мынадай түсініктеме береді:
жерге жеке меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер
ресурстарын басқаруға , жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп
беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Жер құқық қатынастары жер құқығының әртүрлі субъектілері арасында
жерге билік ету, жерді пайдалану және жерді қоғау процессінде пайда
болатын қатынастар деп айта аламыз. Жер құқық қатынастары пайда болу үшін
келесідей жаағдайлар болуы керек:
• жер құқығы нормасы – яғни, мемлекетпен бекітілген, санкциялаған
және мемлекеттің мәжбүлеу күшімен қамтамасыз етілетін, жер құқық
қатынастары субъектілерінің жүріс-тұрыс ережелерін белгілейтін,
орындалуға міндетті нормалар;
• жер құқық қатынастарының объектісінің болуы – соған байланысты
жер құқық қатынастары пайда болатын нақты жер категориясы, жер
үлесі, жер учаскесі немесе жерге деген заттық құқықтың болуы.
Сонымен, біз жер құқық қатынастарының пайда болуының алғышарттарын,
негіздерін бегіледік, олар жер құқығы нормасы мен жер құқық қатынастары
объектісі болуы.
А.Стамкуловтың айтуы бойынша жер құқық қатынастарының пайда
болуының құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасы Конститутциясының
нормалары келеді, өйткені онда жер және оның қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады деп көрсетілген. Конститутция бойынша жер, сондай-ақ
заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерле жеке меншікте де болуы
мімкін. Ал Конститутцияның 38-бабында Қазақстан Республикасының азаматтары
табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті деп
белгіленеді. Міне, Коститутцияның осы баптарында жердің мемлекеттік және
жеке меншік объектісі ретінде құқықтық жағдайы белгіленеді. Мемлекеттік
реттеуге жататын осы барлық объектілер өзара байланысты және кешендік
сипатқа ие болады. Қазақстан Республикасыны Жер Кодексі жоғарыда
көрсетілген жерлердің құқықтық жағдайын белгілейтін бірден-бір нормативтік
құқықтық акт болып табылады. Жер құқық қатынастары жер құқығының объектісі
болып табылады және жер құқығын басқа құқық салаларынан ажыратады.
А.Стамкуловтың айтуынша, жер құқық қатынастарында таза мүліктік құқық
қатынастары жоқ, жермен байланысты барлық мүліктік қатынастар жер құқық
қатынастарына жатады. Және оның айтуы бойынша жер құқықтық қатынастардың
пайда болуы үшін тек қана жер уческесі ғана емес, сонымен қоса ауыл
шарашылық және орман шаруашылық өндірісі де оның пайда болуына негіз
болады. Өйткені ауыл шарушылық жерлерден және орман қорынан белгіленген
ақша нормативтер байынша жерлерді алып қойғанда ол қаражаттар ауыл
шаруашылық және орман қоры жерлеріне тиген зиянды орнына келтіруді
көздейді. Бұндай жер-мүліктік қатынастар азаматтық құқықпен де басқа
құқықпен де реттелмейді, содықтан оларды жер құқық қатынастарына жатқызу
керек. Жер құқық қатынастарында көбінесе жер-мүліктік қатынастар пайда
болады, және ондай жер құқық қатынастары жер учаскесі меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға әкімшілік-билік бағыныстылығына
негізделеді.[2]
Сонымен, бұдан көретініміз жермен байланысты мүліктік қатынастар
азаматтық құқық нормалаларымен емес, жер заңдарымен реттеледі. Сәйкесінше
бұндай қатынастар жер құқық қатынастары болып табылады.
Жер құқық қатынастарының түрлері
Жер құқық қатынастары өз мазмұны бойынша өте күрделі болып келеді,
бұл жер функциясының көпқырлылығымен және көпжақтлығымен, пайдалану
мақсаттарының ерекшелігімен түсіндіріледі. Жердің табиғи қасиеттерінің
әрқилылығына, функционолдық арналуына, жерді пайдалану мен қорғау
режиміне, жер құқық қатынастары субъектерінің құқықтық статусының
ерекшелігіне байланысты жер құқық қатынастары бірнеше түрлерге бөлінеді.
Жер құқық қатынастарының классификациялаудың негізгі критерийі жер
құқық қатынастарының субъектілері құқықтары мен міндеттерінен тұратын жер
құқық қатынастарының мазмұны болып келеді. Яғни жер құқық қатынастарының
классификациялаудың негізгі критерийі – ол қатынастардың мазмұны. Жер
құқық қатынастарын класификациялау оның негізгі институттары бойынша жүзеге
асырылады.
Жер қатынастарын институттар бойынша классификациялаған кезде мына
келесідей құқықтық қатынастардың блоктарын бөліп шығарамыз: жерге жеке
меншік; жерді тұрақты және уақытша пайдалану; жер қорларын мемлекеттік
басқару; жерлерді мақсатына сәйкес пайдалану; жер құқықтарын жүзеге асыру
және оларды қорғау; жер заңдарын бұзған үшін жауапкершілік.
Жоғарыда көрсетілген классифмкация өз кезегінде одан да анығырақ
ориентирлер бойынша дифференциациялануы мүмкін. Мысалы, жерді мақсатына
сәйкес пайдалануға байланысты жердің жеті категориясы бойынша құқық
қатынастар туралы айтуға болады: ауыл шаруашылық мақсатындағы; ерекше
қорғалатын аумақтар; елді-мекен; су қоры; орман қоры; өнеркәсіп және өзге
де ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған және босалқы жерлер.
Жерді иелену мен пайдаланудың ерекшелігіне байланысты жер құқық
қатынастарын субъектілері бойынша класификациялауға болады, өйткені жер
құқық қатынастары субъектілерінің жерді пайдалану мен иелену құқықтары
әртүрлі болады. Жер құқық қатынастары субъектілерінің құқықтарының көлемі
ол субъект жердің меншік иесі ме, әлде жер пайдаланушы ма соған байланысты.
Ал жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері олардың мемлекеттік және
мемлекттік емес; ұлттық және шетелдік; бастапқы және туынды деп бөлінуіне
байланысты. Мысалға, шетелдік азаматтар жер құқық қатынастарына тек жерді
уақытша пайдаланушы ретінде ғана қатыса алады.
Жер құқық қатынастары материалдық және процессуалдық қатынастар деп
болып бөлінеді. Материалдық құқық қатынастары жер қатынастары
субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруынан көрінеді.
Мысалы; жерді сату, жердің құнарлығын көтеру, сервитут құқығын қамтамасыз
ету.
Процессуалдық құқық қатынастары жер құқық қатынастарының пайда
болу, өзгеру және тоқтату тәртібіне байланысты пайда болады. Мысалға,
процессуалдық қатынастар арқылы жеке және заңды тұлғаларға меншікке жер
беру, жер пайдалануға шек қою, жерді конфискациялау тәртібі белгіленеді.
Функционалдық арналуына, құқықтыр мен міндеттерді жүзеге асыруына
немесе тыйым салуына және шектеу қоюына байланысты жер құқық қатынастары
регулятивті және қорғаушы болып бөлінеді.
Регулятивті жер құқық қатынастары жер қатынастары субъектерінің
өздерінің құқықтары мен міндеттерін атқаруға байланысты позитивті
әрекеттерінен көрінеді. Қорғаушы жер құқық қатынастары жерге қатысты
құқықтық емес әрекеттер жасалғанда пайда болады және субъектілердің
белгіленген нормативтір талаптардан ауытқуын көрсетеді. Қорғаушы құқықтық
қатынастар белгілеген жер-құқық тәртібін қорғауға, жер иелері мен жер
пайдаланушылардың өз міндеттерін сақтатуға және құқық бұзушылықты
болдымауға бағытталған.
Қорғаушы құқықтық қатынастар кез-келген жер заңдарының бұзылуынан
пайда болады. Құқық бұзушылық үшін жер қатынастары бір жағдайларда жер
заңдарымен реттелетін қорғау қатынастарын тудырады, ал кей жағдайда басқа
заңдармен реттелген қорғау қатынастарын тудырады, мысалы, әкімшілік,
қылмыстық және азаматтық. Яғни, бір құқық бұзушылық бірнеше құқық қарғау
қатынастарын тудыруы мүмкін. Мысалға, жерді мақсатына сәйкес пайдаланбаған
жағдайда жер-құқықтық жауапкершілік туындайды; жерге келтірген зиянды
өтеуге байланысты азматтық-құқықтық жауапкершілік; айып төлету кезінде
әкімшілік-құқықтық жауапкершілік туындайды.
Жер құқық қатынастары ішінде жерге жеке меншік құқығын белгілейтін
құқық қатынастары ерекше орын алады және олар басқа жер құқық
қатынастарының негізі болады. Сондықтан басқа құқық қатынастары жеке
меншік құқығын белгілейтін құқық қатынастарына бағынышты болып келеді.
Жер пайдалану құқық қатынастары жерге жеке меншік институтымен
тікелей байланысты. Сонда да жер пайдалану қатынастарының өз ерекшелігі мен
құрамы бар. Мысалға, жер пайдалану құқық қатынасының ұзақтылығына
байланысты ол тұрақты және уақытша жер құқық қатынасы болып бінеді. Өз
кезегінде, уақытша жер пайдалану құқық қатынастары қысқа уақытты және ұзақ
уақытты деп бөлінеді. Жерді кім берді және қайндай шарт бойынша берілгеніне
байланысты жер құқық қатынастары бастапқы және туынды болып бөлінеді.
Жер қорларын басқаруға байланысты және өзіне жер монитарингін,
жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен бақылау құқық қатнастары блогын
қосатын жер құқық қатынастары көлемді және күрделі болады. Жер қорларын
басқаруға байланысты жер құқық қатынастарының объектісі ретінді жерді, оны
бөлуді ұйымдастыруды, рационалды пайдалану мен қорғауды қарастырамыз. Жер
қорларын басқаруға байланысты жер құқық қатынастарынан мемлекеттің жер
қатынастарын реттеу функциясының жүзеге асуын көреміз, оларға мониторинг,
жер ресурстары туралы мәліметтер жинау, мемлекеттік жер кадастрін жүргізу,
жерге орналастыру шараларын жүргізу, жерді рационалды пайдалануға
байланысты мемлекеттік бағдарламалар жасау және т.б. жатады.
Жер қатынастары тараптардың өзара қатынас сипатына байланысты
өзара тең және субординациялық жер құқық қатынастарына бөлінеді. Өзара тең
жер құқық қатынастары жерлердің азаматтық айналымы саласында туындайды.
Субординациялық жер құқық қатынастары жер қатынастарын реттеудің әкімшілік
тәсілән көрсетеді. Бұл жерде бір тарап уәкілетті орган немесе лаузымды
тұлға болады және онда жер иесіне немесе жер пайдаланушыларға императивті
талаптар қойлады. Мысалы, жер қорғау инспекциясының лауазымды тұлғасы жер
учаскесін пайдалану туралы мәліметтерді талап ете алады, ал жер иесі немесе
жер пайдаланушы ондай мәліметтерді беруге міндетті.
Жер құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
Жер құқық қатынастары сыртқы көрініс болып келеді және нақты
субъектілердің өзара қарым-қатынасын білдіреді. Жер құқық қатынастары
субъектілері ретінде тек жер заңдарында көрсетілген және жер саласындағы
қатынастарға түсуге жеткілікті құқықтары мен міндеттері бар тұлғалар ғана
қатыса алады. Жер кодексінің 12-бабының 38-тармағында жер құқық
қатынастары субъектілеріне мынадай анықтама беріледі: жер құқық қатынастары
субъектілері – жер құқығы қатынастары қатысушылары болып табылатын және
соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынастарда міндеттер атқаратын
жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекттер.
Жер құқық қатынастары субъектілері арнайы құқықтар мен міндеттерге
ие және олардың көлемі мен мазмұны мыналармен анықталады: құқықтық
статусымен; оның әрекеттерінің сипаты мен бағытталуынан; құқық қатынас
объектісі ерекшелігімен; сол құқық қатынастары пайда болатын шарттар және
жағдайлармен анықталады.
Жер құқық қатынастары субъектілерінің шеңбері, олардың құқықтары
мен міндеттерінің мазмұны мемлекеттің жерге байланысты саясатына және
елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты әрқашан өзгеріп отырады.
Мемлекеттің нарықтық экономикаға өтуі және жерді нарықтық экономикалық
айналымға қосу жер құқық қатынастарының мазмұнын мүлдем өзгертті.[3] Жерді
иелену мен пайдаланудың көптеген жаңа формаларының пайда болуы жерге
байланысты құқықтар мен міндеттердің қайта бөлінуі мен толықтырылуына
әкелді.
Мысалы, мемлект жақында ғана жер құқық қатынастарының жалғыз және
бірден-бір субъектісі болып келген. Ал бүгін, жерге жеке меншіктің пайда
болу себебінен жер құқық қатынастарының субъектілері қатарына азаматтар мен
мемлекттік емес заңды тұлғалар кірді. Мемлекет әлі де жеке меншікке
берілмеген және заң бойынша ешқашан берілмейтін жер қорлары бөлігінің
меншік иесі болып қалды. Сәйкесінше мемлекет жерге мемлекеттік меншік құқық
қатынастарының субъектісі болып табылады. Мемлекет және оның уәкілетті
органдары жер қорын басқару саласындағы жер құқық қатынастарының субъектісі
болып табылады.
Мемлекттің жер қатынастарын мемлекеттік басқаруға байланысты
функциялары жалпы және арнайы органдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан, мысалы, аудандар мен обылыстар деңгейінде басқару құқық
қатынатарының субъектілері болып нақты әкімшілік-аумақтық бөліністердің
өкілді және атқарушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz