Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
Мазмұны
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Елді мекендер
жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...11
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан
өзге мақсатқа арналған жер ... ... ... ... ... ... ... ... 14
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық
және тарихи-мәдени мақсаттағы жер ... ... ... ... ... ... 18
5. Орман қорының
жерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 21
6. Су қорының

... ... ... ...22
7. Босалқы
жер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..23
8. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 24
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға
арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл
шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары,
коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен
ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр
және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар)
жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиiс. Бұл жердi
ауыл шаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше
жағдайларда жол берiледi.
Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық
екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса
алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер
учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi
орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту
мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-
ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.
Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан
аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға
әзiрленбеген жер учаскесi.
Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң
түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан
отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер
учаскелерi.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға
жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi.
Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан
отайған шабындық және жайылым учаскелерi.
Суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен
қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару
және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін.
Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға және
суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс
коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi
бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың
кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен
байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесi бар жер жатады. Жайылма суару
жерi қар суын және көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру
үшiн суару және суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер
аумағында ұстап қалуды және қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн
белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық
құрылыстары бар учаскелер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) жеке меншiкке - Қазақстан
Республикасының азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты,
саяжай құрылысын дамыту үшiн; 2) жеке меншiкке немесе жер пайдалануға -
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер)
қожалығын жүргiзуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, орман өсiру, ғылыми-
зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын,
бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн; 3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер
пайдалануға берiледi.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке
берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау
мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу,
топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау
материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелерiнiң паспорты жасалады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелерi паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган бекiтедi. Жер учаскесiнiң паспортын жасау жөнiндегi
жұмыстарды ұйымдастыру мен оны берудi жер ресурстарын басқару жөнiндегi
аумақтық органдар жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру тәртiбi
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру
(трансформациялау) қажеттiгi табиғи факторларға, оларды бұдан кейiн де
басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан
орындылығына негiзделедi. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер
пайдаланушының жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша тиiстi жергiлiктi
атқарушы органға берген өтiнiмi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органның
бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру
жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге негiз бола алады. Жергiлiктi атқарушы
органның шешiмi бойынша жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден
екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру -
жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, ал жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен
жер пайдаланушылардың өтiнiштерi бойынша - олардың өз қаражатының есебiнен
жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне
ауыстыру жер учаскесi, учаскелер тобы, суармалы алап, жер пайдалану бойынша
жүргiзiлуi мүмкiн.
Топырақ-мелиорациялық жай-күйi оларды басқа алқап түрiне ауыстыруды
қажет ететiн ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау-
картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс
жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық
iзденiстер материалдарын, тұзданудың түсiрiлген суреттерiн, жер
кадастрының, жердi түгендеудiң деректерiн зерделеу негiзiнде алдын ала
анықталады. Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы
төменгiлерiне ауыстыруға: 1)егiстiк үшiн - жердiң агроөндiрiстiк топырақ
сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуi, улы заттармен
ластанудың жоғары деңгейi; 2)көп жылдық екпелер үшiн - екпелердiң шектi
жасы, олардың сиреуi, жердiң кен құрамының жұтаңдығы, қолайсыз топырақ-
мелиорациялық сипаттамасы; 3) шабындықтар үшiн - жердiң шөлейттенуi,
шалғындық өсiмдiктердiң сиреуi, жердiң мелиорациялық күйiнiң нашарлауы; 4)
жайылымдар үшiн - тапталып бүлiнуi негiз болып табылады.
Суармалы жердi суарылмайтын жерге ауыстыру кезiнде жоғарыда
санамаланған факторлардан басқа, суару көзiмен байланыстың үзiлуi, сумен
қамтылмауы, шаруашылық iшiндегi суару жүйелерiнiң техникалық жай-күйi, ал
жайылма суармалы жер үшiн - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың
тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, құрылыстардың техникалық жай-күйi
ескерiледi.
Қажет болған кезде жергiлiктi атқарушы органдар бағалы ауыл
шаруашылығы алқаптарын бағасы төменгiлерiне ауыстырудың басқа да
көрсеткiштерiн: ауыл шаруашылығы алқаптарының өнiмдiлiгiнiң тым төмен
болуы, топырақтың тұздану, сортаңдану, ластану деңгейiн және алқаптардың
сапалық сипаттамасына әсер ететiн басқа да өлшемдердi белгiлейдi.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi
материалдарда: қорытындылар мен ұсыныстары бар түсiндiрме жазба; бiр түрден
екiншiсiне ауыстыру көзделген жерлердiң экспликациясы; трансформацияға
жататын анықталған ауыл шаруашылығы алқаптары көрсетiлген далалық зерттеу
актiсi мен сызбасы; жер учаскелерiнiң сапалық сипаттамасы; суару жүйесiнiң,
жайылма суару жүйесiнiң, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйi,
сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәлiметтер болуға тиiс. Ауыл
шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдар
жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық органға аудан бойынша жинақтап
қорыту, ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу үшiн
жiберiледi.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық орган органдардың
ұсыныстарын ескерiп жасаған қорытындысымен бiрге: неғұрлым бағасы төмен
ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi
материалдарды - түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн аудандық атқарушы органға;
суармалы жердi - суарылмайтын жерге, суарылмайтын егiстiктi ауыл
шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру жөнiндегi
материалдарды облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау
органдарымен келiсу үшiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық органға
жiбередi.
Келiсу нәтижелерi бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық
аумақтық орган материалдарды тұтастай алғанда облыс бойынша тұжырымдайды
және өз қорытындысымен бiрге оларды: суарылмайтын егiстiктi неғұрлым бағасы
төмен ауыл шаруашылығы алқаптарының түрiне ауыстыру бойынша - түпкiлiктi
шешiм қабылдау үшiн аудандық атқарушы органға; суарылатын егiстiктi
алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру бойынша келiсу үшiн жер
ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi. Жер
ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган суармалар егiстiктi
суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi ұсынылған материалдарды
ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық уәкiлеттi
органдармен келiседi және өзiнiң жинақталған қорытындысымен қоса, осы
мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн облыстық атқарушы органға
жiбередi. Неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын неғұрлым бағасы
жоғары алқаптарға ауыстыру туралы шешiмдi аудандық (қалалық) атқарушы орган
қабылдайды.
Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жердi пайдалану
Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жерге ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсiруге арнайы әзiрленген суландыру, тоспа-кәрiз жүйесiмен және
ауыл шаруашылығы дақылдарын кезектестiрудiң (ротациялаудың) ғылыми
негiзделген схемасы белгiленген құрылғылармен жабдықталған, инженерлiк
тұрғыда жоспарланған жер жатады. Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы
жерде дақылдарды кезектестiру (ротациялау) схемасын жер ресурстарын, ауыл
және су шаруашылықтарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың ұсынысы
бойынша жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Дақылдарды кезектестiрудiң
(ротациялаудың) бiрыңғай схемасымен және суармалы тоспа-кәрiз жүйесiмен
байланыстырылған жер учаскелерi бөлiнбейтiн болып танылады. Бұрын таратылып
берiлген және бөлiнбейтiн болып танылған инженерлiк тұрғыда әзiрленген
суармалы жердi пайдалану ортақ (үлестiк, бiрлескен) меншiк (ортақ (үлестiк,
бiрлескен) жер пайдалану) құқығымен жүзеге асырылады және үлестi нақтылы
қалпында бөлiп шығаруға жол берiлмейдi. Қатысушылар құрамынан шыққан ортақ
үлестiк меншiкке қатысушы ортақ үлестiк меншiктiң басқа қатысушыларынан өз
үлесiнiң құнын төлетiп алуға не оны басқа тұлғаға сатуға құқылы. Жер
учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар инженерлiк тұрғыда
әзiрленген суармалы жерде дақылдарды кезектестiрудiң белгiленген схемасын
ұстануға, қажеттi мелиорациялық және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге,
соның iшiнде учаскеде бар суландыру және тоспа-кәрiз жүйелерiн тиiсiнше
тәртiппен күтiп-ұстауға мiндеттi.
Арнайы жер қоры
Жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердiң арасында қайта бөлу
мақсатымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен босалқы жер есебiнен
арнайы жер қоры құрылады. Санитарлық нормалар мен талаптарға сай келетiн
ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруге мүмкiндiк бермейтiн жер учаскелерi арнайы
жер қорына енгiзiлмейдi.
Арнайы жер қоры: 1) жер учаскесiнен ерiктi түрде бас тартқан кезде; 2)
жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қойған кезде; 3) егер заң бойынша да, өсиет
бойынша да мұрагерлерi жоқ, не бiрде бiр мұрагер мұраны қабылдамаған, не
өсиет қалдырушы барлық мұрагерлердi мұрадан айырған, не мұрагер мемлекет
пайдасына мұрадан бас тартқан немесе мұрадан кiмнiң пайдасына бас
тартатынын атамай, мұрадан бас тартқан жағдайда, осы қорға ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерден түсетiн жер учаскелерi есебiнен құралады. Арнайы жер
қорының құрамына мемлекеттiк жер пайдаланушылардың мақсаты бойынша
пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып
пайдаланылған жер учаскелерiн енгiзу аудандық (қалалық) атқарушы органның
бiржақты шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. Аудандық (қалалық) атқарушы
органның шешiмiне шағымдануға болады.
Осы жер учаскелерiн жаңа меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға
бергенге дейiн оларды аудандық (қалалық) атқарушы орган белгiлеген
тәртiппен және жағдайларда бұрынғы мемлекеттiк жердi пайдаланушылар
пайдаланады. Жерi бөлiсуге жатпайтын мемлекеттiк ауыл шаруашылығы
ұйымдарының құрамынан шыққан және шартты жер үлесi құқығы бұрын берiлмеген
осы аумақта тұратын азаматтардың, сондай-ақ оралмандардың шаруа (фермер)
қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiне байланысты өзге де қызметтi
жүргiзуi үшiн арнайы жер қорының жерiнен бiрiншi кезекте жер учаскесiн
алуға құқығы бар. Арнайы жер қорынан жер учаскелерiн беру жерге орналастыру
тәртiбiмен, әдетте, тұтас алаппен беру және жердi пайдалануда қолайлы
жағдай жасау ескерiле отырып жүргiзiледi. Арнайы жер қорында жердiң бар
екендiгi туралы мәлiметтер баршаға қолжетiмдi болып табылады. Арнайы жер
қорының жерi босалқы жер құрамында есептеледi.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскелерi
Жер учаскелерi шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан
Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе өтеулi уақытша
жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал
шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылым) уақытша өтеусiз жер пайдалану
құқығымен берiледi. Жер учаскесiн шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн
алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн,
арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс
жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода),
кентте тұратын азаматтар пайдаланады. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк
ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу
үшiн шығатын азаматтарға аталған ұйымдардың жерiнен кадастрлық бағасы
шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиiс жер
учаскелерi берiледi. Жер учаскелерiне қатысты өздерiне тиесiлi құқықтарын,
оның iшiнде шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестiктердiң
жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна
ретiнде берген азаматтар шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн
қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесiн немесе пайын, жер
учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға (бөлiсуге) не өз қалауы
бойынша үлесiнiң немесе пайының құнын төлетiп алуға құқылы. Шаруашылық
серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарғылық
капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесi сыйақысыз нақтылы қалпында
қайтарылады. Қатысушылардың (мүшелердiң) құрамынан шығу туралы және жер
учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiш ауыл шаруашылығы ұйымына берiледi.
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн үлес немесе пай есебiне нақтылы
бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi шаруашылық
серiктестiктердiң, өндiрiстiк кооперативтердiң құрылтай құжаттарында
көзделген тәртiппен немесе тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Үлестiк
меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар болып табылатын және шаруа
(фермер) қожалығын жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға
жер учаскелерi үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың
жалпы жиналысы бекiткен, үлестiк меншiктегi (үлестiк жердi пайдаланудағы)
жер учаскесiн пайдалану тәртiбiне сәйкес берiледi.
Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi болмаған кезде үлестiк меншiкке
(үлестiк жер пайдалануға) мүдделi қатысушы жер үлесi (жер үлестерi) есебiне
жер учаскесiн бөлiп шығару ниетi туралы, оның болжамды орнын көрсете
отырып, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қалған қатысушыларды
жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi
жөнiндегi мәселе келiсу рәсiмдерiн жүргiзу арқылы не ортақ меншiкке (ортақ
жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жалпы
жиналысының шешiмi негiзiнде шешiлуi мүмкiн. Жиналыс хабарланған кезден
бастап бiр ай iшiнде өтуге тиiс және ортақ меншiкке (ортақ жердi
пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде 50 %-i
қатысқан кезде құқылы болып есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк
меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың
өкiлдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi.
Жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) барлық
қатысушылар немесе олардың өкiлдерi хаттамаға қол қояды. Егер тиiсiнше
хабарланған күннен бастап бiр ай iшiнде үлестiк меншiкке (үлестiк жер
пайдалануға) қатысушылардан қарсылықтар келiп түспесе, жер учаскесiнiң
орналасқан жерi туралы ұсыныс келiсiлген болып саналады. Азаматтың
жергiлiктi атқарушы органға берген өтiнiшi және бөлiп шығарылатын жер
учаскесiнiң орналасқан жерi туралы қоса берiлген келiсiлген материалдар
оған жер учаскесiне құқық беруге негiз болып табылады. Шаруа (фермер)
қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алған және ауылда (селода) тұрғын
үйi бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесi меншiк құқығында сақталады,
ол шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесiнiң құрамына кiрмейдi. Ауыл
шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерi болып табылмайтын азаматтарға шаруа
(фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi арнайы жер қорының жерiнен
және босалқы жерден берiледi.
Өзiндiк қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған
жер учаскелерi
Қазақстан Республикасының азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылық
жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жеке меншiкке жер учаскелерi
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елдi мекендердiң жерiнен және
босалқы жерден берiледi. Өзiндiк қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және
саяжай құрылысына арналған жер учаскелерiнiң меншiк иесi болып табылатын
азаматтар ортақ мүдделерi үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
құқықтық жағдайы белгiленетiн жай серiктестiктерге, бағбандық немесе өзге
де тұтыну кооперативтерiне бiрiгуге құқылы. Бағбандыққа немесе саяжай
құрылысына арналған жер учаскелерi азаматтардың бөлек меншiгiнде болып, ал
жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң ортақ қажеттерiн қанағаттандыруға
арналған жер учаскелерi мен басқа да мүлiк олардың ортақ үлестiк меншiгiнде
болған жағдайда меншiк иелерi арасындағы ортақ мүлiкке байланысты
қатынастарға кондоминиум туралы нормалар қолданылады.
Жекешелендiрiлетiн мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер учаскесiн
бөлiсу
Жекешелендiрiлетiн мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдары
қызметкерлерiнiң, сондай-ақ зейнеткерлер мен осы ұйымдардың өндiрiстiк және
әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсету салаларында iстейтiн және олардың
аумағында тұратын адамдардың шартты жер үлесiне құқығы бар.Қайта
ұйымдастырылатын немесе таратылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылығы
ұйымдарының өздерi пайдаланатын жерiнiң шекарасы шегiндегi ауыл шаруашылығы
алқаптары шартты жер үлесiне бөлiске жатады, бұған: 1) елдi мекендер шегiне
кiрген; 2) ауданның арнайы жер қоры құрамына енгiзiлген; 3) нормадан тыс
радиациялық ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмiрi мен
денсаулығына өзгедей қауiп төндiретiн; 4) пайдалы қазбаларды қазу кезiнде
бүлiнген және мақсаты бойынша пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрiлiп
жаңғыртылмаған; 5) шалғайдағы мал шаруашылығының уақытша жер пайдаланудағы
жер учаскелерi қосылмайды.
Шартты жер үлесiнiң мөлшерi: 1) ауыл шаруашылығы ұйымының жер
пайдалануындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемiн шартты жер
үлесiне құқығы бар адамдардың санына бөлу арқылы - гектармен; 2) ауыл
шаруашылығы ұйымының жер пайдалануындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының балл-
гектар сомасын шартты жер үлесiне құқығы бар адамдар санына бөлу арқылы -
балл-гектармен (көлемге көбейтiлген топырақ бонитетiнiң балы) есептеп
шығарылады.
Шартты жер үлесi мөлшерiн анықтау нәтижелерi және шартты жер үлесiне
құқығы бар азаматтардың тiзiмi жекешелендiрiлетiн шаруашылықтың еңбек
ұжымының жалпы жиналысының шешiмiмен бекiтiлiп, хаттамамен ресiмделiп,
аудандық (қалалық) атқарушы органда бекiтiлуге тиiс. Азаматтардың шартты
жер үлесiне құқығы шартты жер үлестерiн иеленушiлердiң тiзiмi мен шартты
жер үлестерiнiң мөлшерiн аудандық (қалалық) атқарушы орган бекiткеннен
кейiн үш ай iшiнде жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган беретiн
шартты жер үлесiне құқық туралы куәлiкпен куәландырылады. Шартты жер
үлестерiн иеленушiлер шартты жер үлесiне құқық туралы куәлiктi алған кезден
бастап бiр жыл iшiнде шартты жер үлестерi есебiне жер учаскесiн меншiкке
немесе жердi пайдалануға алуға мiндеттi. Олардың жер учаскелерiн бөлек
немесе ортақ меншiкке (жер пайдалануға) ресiмдеуге құқығы бар. Шартты жер
үлесiнiң иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шыққан жағдайда, оның жер үлесiне құқықтары тоқтатылған болып
саналады.
Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдары
Селодағы тауар өндiрушiлердiң малын маусымдық жайылымдарға, ет
комбинаттары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшiн ұзақ мерзiмдi
пайдаланылатын мал айдау жолдарына, әдетте, айдалатын малдың жолдағы азығын
қамтамасыз ететiн мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық
алқаптардан жер учаскелерi берiледi.Бiр ауданның шегiнде мал айдауға
арналған ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн
аудандық (қалалық) атқарушы орган бередi. Бiрнеше ауданның аумағы арқылы
мал айдау үшiн мал айдайтын жолдарға жер учаскелерiн беру туралы шешiмдi
облыстық атқарушы орган қабылдайды.
Ұзақ мерзiмдi пайдаланудағы мал айдайтын жолдардың жер пайдаланушылары
болып табылатын адамдар қажеттi мөлшерде құдықтар мен малды суаруға және
малды дамылдатуға арналған алаңдар, экологиялық талаптардың сақталуын және
жолдардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар мен ғимараттар
салуға, айдалатын малды ветеринариялық қадағалау органдарымен келiсiлген
мерзiмде кедергiсiз өткiзуге мiндеттi. Жер пайдалану құқығымен жер
учаскелерiн бермей, уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдайтын
жолдарды бөлу сервитут ережелерi бойынша жүргiзiледi.
Елді мекендер жері
Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды
дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.
Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың
шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.
Елдi мекендер жерiнiң құрамына: 1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi
және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке
тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер; 2) денсаулық сақтау,
мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету,
коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ жалпы бiлiм беру, арнаулы орта
және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi,
ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар
салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс
салатын жер; 3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы
объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы
объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк
құрылыс салатын жер; 4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр
тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары
өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк
коммуникациялар жерi; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 6) өзендер, табиғи және
жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық
және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен
акваториялар жерi; 7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер; 8) алаңдар,
көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар,
қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және
халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су
құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт
пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер) орналасқан және соларды
орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер; 9) қала құрылысы қызметiне
тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк үй
(қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер; 10)
крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және
арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге
де объектiлердi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz