Жергілікті бюджеттердің құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-тарау. Қазақстан Республикасы жергілікті қаржысының теориялық негіздері. . 5

  1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің экономикалық мәні. . 5
  2. Жергілікті бюджеттердің құрылымы. . 14

2- тарау. Жергілікті бюджеттердің аймақтарды дамытудағы ролі24

2. 1. Жергілікті бюджет- жергілікті қаржылардың негізгі бөлігі
ретінде . . . 24

2. 2. Шет елдердегі жергілікті бюджеттің ерекшеліктері 42

Қорытынды. . 46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі50

Кіріспе

Бүгінгі таңда нарықтық экономика жағдайында еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өзімізге белгілі Қазақстан Республикасы өтпелі экономикасы бар елдер қатарына жатады. Әрине, мемлекетіміздің дамыған елдер қатарында болуын әр қазақстандық азамат қалайды. Біздің ел бүгінгі күні зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен демократияны құру үстіндеміз.

Мемлекетіміздің шарықтауының, экономикамыздың гүлденуінің, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруының бірден- бір көзі -ол жергілікті қаржы болып табылады.

“Жергілікті қаржы- ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі” болып табылады. 1 Және де оның өзінің құрамын “жергілікті бюджеттерді” кірістіреді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселелерді шешуде маңызды орын алады.

Осыған байланысты бүгінгі таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы: “Жергілікті бюджеттер және аймақтарды дамытудағы олардың ролі” деп аталады. Бұл жұмысым 2 тараудан тұрады, әр тарау 2- бөлімшеге бөлінген. Онда ҚР-ның жалпы бюджет жүйесін, оның ішінде жергілікті бюджеттерді; кірістері мен шығыстарын қарастырдым. Сондай- ақ жергілікті бюджеттердің аймақтарды дамытудағы маңызын және шет елдердегі бюджет жүйелерінің ерекшеліктері туралы жаздым.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа, яғни экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру, ауыртпашылығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттілік беріліп отыр, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс- шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр.

1- Тарау. Қазақстан Республикасының жергілікті қаржының теориялық негіздері.

  1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің экономикалық мәні.

Бюджет Жүйесі мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтікө экономикалық міндеттерін шешуде маңызды роль атқарады. Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатепн әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілікө аумақтық бірліктерді аббатандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін, олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қаматамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түолерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым- қатынастар пайда болды . Осы элементтердің барлығы бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысын ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы- бюджет құрылысын құрайды.

Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемелекеттің құрылысына, аумақтық- әлеуметтік бөлінісіне, экономикалық даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты оынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Әртүрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болвп келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық- мемлекеттік құрылымымен анықталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымымен унитарлық типімен анықталады, яғни КР-ның “Бюджет жүйесі туралы” Заңының 2- тарау, 3- бабында көрсетілгендей мемлекетімізде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық ( республикалық) бюджет және жергілікті бюджеттер.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын бюджеттер жұмыс істейді;

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі2

ҚР-ның бюджет жүйесі

Мемлекеттік (төтенше Ұлттық қор

мемлекеттік ) бюджет

Республикалық бюджет Жергілікті бюджет

Облыстық бюджет Астана бюджеті Республикалық маңызы

бар қала бюджеті

Ауданның (облыстық маңызы Астана ауданының Республикалық маңызы

бар қаланың) бюджет бюджеті бар қала ауданының

бюджеті

Ауылдық округтер мен

Кенттердің бюджеті

Мемлекеттік және жергіілкті бюджеттер кез- келген басқа мемлекеттердегідей ҚР-сы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады Бюджет- мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін- өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.

ҚР- ның “Бюджет жүйесі ”туралы Заңына сәйкес жергілікті бюджет (әкімшілік- аумақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджет, аудандардың(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен құралады.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік- аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функйияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. (“Бюджет жүйесі туралы” Заң, 2- тарау, 3- бап) . Сондай-ақ осы заңның 4- бабына сәйкес ҚР-ның бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретән барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т. б. қағидаттарға негізделеді. Осы қағидаттарға тоқталып өтсем, олар келесідей:

Бюджеттің бірлігі - қағидаты бюджет жүйесінің ұйымдық- экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсірейді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс- қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсаты және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол бермейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік- экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге берілмейді.

Бюджеттің толықтығы бюджетке Үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, ҚР- ның бюджет және салық заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және ҚР- ның Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет.

Реалистік қағидаты- параметрлердің экономиканың ағымдағы жай- күйінің көрсеткіштеріне, сондай- ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне және әлеуметтік- экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасыың әлеуметтік- экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Реалистік қағмдаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдарын атқарылуына сәйкестігін алдын- ала қарастырады.

Дәйектілік қағидаты дегеніміз- мемлекеттік басқару органдарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылданған шешімдерінің сақталуы.

Бюджеттердің жариялылығы қағидаты- бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заңмен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін- бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет Кодексінде, “жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару туралы ”, арнайы заңдар да және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген. 3

Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды промлемалардың бірі болып табылады.

Бюджет Кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджетінің басқа осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір- бірімен өзара қарым- қатынастарына жол берілмейді.

Бюджетаралық қытынастар мемлекеттіқ басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме- дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығындарды бірыңғай бөлуге, сондай- ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.

Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

Шығыстардың өкілеттіктерін және түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет Кодексіне өзгертулер енгізгенде ғана жүзеге асады.

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешкнді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми- техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәніне келсем, олардың мынадай арналымында көрінеді:

билік пен басқарудың жеоргілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салаларымен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі роль атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Келесі бөлімде жергілікті бюджеттердің құрылымын қарастырып өтеміз.

1. 2. Жергілікті бюджеттердің құрылымы

Қазақстан Республикасының “бюджет жүйесі ” туралы Заңының 2- тарау, 10- бабында көрсетілгендей жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және ҚР- сы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті маслихаттың шешімімен әкімшілік- аумақтық бөліністердің ақша корлары болып табылады. 4

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорвндар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандырындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы,, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы, қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

“Бюджет жүйесі” туралы Заңның 6- бабына сәйкес бюджеттің құрылымы келесілерден тұрады:

  1. түсімдер:

кірістер

алынған ресми трансферттер(гранттар)

бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу;

  1. шығыстар және кредит берулер:

шығыстар

кредит берулер

  1. бюджет тапшылығы (профициті)
  2. бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру.

“ҚР-ның бюджет Кодексіне”, “ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару ” туралы ҚР- ның Заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді:

  1. салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері;
  2. салықтық емес түсімдер ( коммуналдық меншіктен түсетін түсімдер; облястық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттерінен қаржыландырылатын мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері; осы мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер) ;
  3. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер ( жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер) ;
  4. Жергілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Дамудың қазіргі кезінде ҚР-ның жергілікті бюджетттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың салықтық түсімдері (96, 7% ) құрап отыр.

Түсімдердің екінші көзі бюджеттен берілетін трансфертттер болып табылады. Әйтседе, орта есеппен олар түсімдердің 20% құрғанымен, бірқатар субвенциялық облыстардың бюджеттерінде әлеуметтік- экономикалық қажеттіктерді қаржыландырудың қолайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа да түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 50% -ке дейін барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты. Бұл жағдайда республикалық бюджет арқылы бюджеттік алымдар мен субвенциялар тетігінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейкесті болып табылады, яғни бұл тетік обьективті негізделген жетілдіруді қажет етеді.

ҚР-ның жергілікті бюджеттері кірістерінің көлемі мен құрылымын(2003 ж) келесі кестеден көруімізге болады:5

Түсімдердің атауы: Түсімдердің атауы
Млн. тенге: Млн. тенге
%: %
Түсімдердің атауы: Түсімдер
Млн. тенге: 486298
%: 100, 0
Түсімдердің атауы: I кірістер
Млн. тенге: 355676
%: 73, 1
Түсімдердің атауы: Салықтық түсімдер
Млн. тенге: 343855
%: 96, 7
Түсімдердің атауы: Оның ішінде
Млн. тенге:
%:
Түсімдердің атауы: Корпоративтік табыс салығы
Млн. тенге: -
%: -
Түсімдердің атауы: Жеке табыс салық
Млн. тенге: 93281
%: 27, 1
Түсімдердің атауы: Әлеуметтік салық
Млн. тенге: 157676
%: 45, 9
Түсімдердің атауы: Қосылған құн салығы
Млн. тенге: 9177
%: 2, 7
Түсімдердің атауы: акциздер
Млн. тенге: 20967
%: 6, 1
Түсімдердің атауы: Салықтық емес түсімдер
Млн. тенге: 5575
%: 1, 6
Түсімдердің атауы: Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер
Млн. тенге: 6245
%: 1, 7
Түсімдердің атауы: II алынған ресми трансферттер
Млн. тенге: 122926
%: 25, 3
Түсімдердің атауы: III Кредиттерді қайтару
Млн. тенге: 7696
%: 1, 3

Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеттердің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, ауыл, су орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қоғау; өнеркәсіп және құрылыс, көлік және байланыс, экономикалық қызметті реттеу ( кәсіпкерлік қызметті қолдау), басқа да бағыттар: аудандар ( облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ресми трансфертттер, республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер, жергілікті атұарушы органдардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бьюджеттің шығыстарында денсаулық сақтау, исәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді . . .

Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлау және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қастамасыз етуге, бюджеттік инвестициалық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару органдарының заңдарда көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында қаладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:

қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі, шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мекткпке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдық техникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сыоқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ен жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді- мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін метериалдық техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды- білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру (51, 0 %), экономикалық салалардан- көлікке жәнебайланысқа жұмсалған шығыстар басым болып отыр (кестені қараңыз) .

Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уақиғалар кезінде) пен әскери коммисариаттардың шығыстарын қаржыландыруды білдіреді.

Ресми трансфертттерде- жоғарғы бюджетке беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалатын шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.

Бюджеттік алымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық базасы және тиісінше, салық түсімдерінің жоғары деңгейі бар облыстарда болады. Субвенциялар да, сондай- ақ алмдарда да әкімшілік - аумақтық бөліністердің әлеуметтік экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланады.

Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергілікті бюджеттер шығыстарының үлесінде әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады.

Жергілікті деңгейдегі қаражат түсімждері мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік- аумақтық бөліністердің әлеуметтік- экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты: өндірістік обьектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым обьетілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат- климат жағдайлары және т. с. с.

ҚР- ның жергілікті бюджеттері шығыстарының көлемі мен құрылымын (2003 ж. ) келесі кестеден көруімізге болады:6

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет және бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі бюджеттік көрсеткіштері мен даму бағдарламаларын зерттеу арқылы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы
Жеке бюджет түрлерінің сипаттамасы мен экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет үдерісі
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz