Жергілікті билік түрлері
Ж О С П А Р
Кіріспе
1. Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі және оның шетелдік
тәжірибесі
2. Жергілікті билік түрлері
3. Алматы қаласы Ішкі саясат Департаментінің құрылым бөлімшілері
туралы ереже
4. Муниципалдық менеджмент түсінігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жергілікті өзін-өзі басқару туралы қысқаша мәлімет
Аймақтың 31 әкімі тағайындалып қойғанымен, әлі күнге дейін ауылдың
сын сағатын безбендейтін Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы
Парламенттің тезінен өтпей жатыр. Бұл – саяси элитаның өзара шешім
қабылдауда бірізділікке келе алмай жатқандығын танытса керек. Өйткені
желтоқсанда қабылдануы тиіс бұл заң жобасы Ақ үй дәлізіндегі сыбысқа
сенсек, кейінге, яғни келесі жылдың қаңтарына шегерілгенге ұқсайды.
Неге?.. Жалпы, Парламент талқылануына ұсынылған бұл заң жобасының үш
нұсқасы бар. Біріншісі – үкіметтік консервативтік заң жобасы, екіншісі –
депутаттардікі – либералды, ал үшіншісі – осы екі көзқарас аралығын
салмақтап, Мемлекеттік комиссияның жасап шығарған заң жобасы. Ал бұл
арадағы заң жобаларының түйткілі неде дегенге келер болсақ, оны былайша
түсіндіруге болады: үкімет аймақ халқы ең алдымен дауыс беруі керек
дейді. Мұндай жағдайда жергілікті кеңестің қажеті қанша деп ойлап қаласыз.
Сондай-ақ салық тетіктері болмайтын кеңестің мәртебесін қалай анықтауға
болады? Бұл – түсініксіз нәрсе. Ал депутаттардың ұсынысы бойынша, ауылдық
және шағын қалаларда әкім атаулы болмайды, бұл тетік жергілікті өзін-өзі
басқаруға көшуі тиіс. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, бұл заң
жобасы әлдеқашан қабылдануы қажет еді. Бірақ оған осы мәселенің тым
саясиландырылып жіберілгені кедергі болып отыр.
– Әйтпесе бұл заң – қоғамға өте қажет. Заңды қабылдауды кешіктірген
соң, қалалық жерлерде КСК-лар мәселесін шешуге заңсыз өздігінен кірісіп
кетті. Бұл арада ауылға ауыр соғып тұр. Қазір ауыл әкімінің мөр қоюдан
басқа қолынан еш нәрсе келмейді. Сондықтан жергілікті мәселені шешу үшін,
оларға заңдық тұрғыда мүмкіндік берілуі тиіс. Өкінішке қарай, бұл мәселе
тым саясиландырылып отыр. Биліктің басқару функциясы бұрыннан орталыққа
бағынышты болып келгендіктен, осы тиімді жүйеден олар әзірге айырылып
қалғысы келмейді. Яғни билік бұл заңды қабылдасақ, ертең аймақтағы
ықпалымызды жоғалтып аламыз деп қорқады. Сондықтан бұл арада оның ел
тұрақтылығына кері әсер етпейтіндігін мықтап дәлелдеп шығу керек болып тұр,
– дейді саясаттанушы.
Ал саясаттанушы Нұрлан Сейдіннің айтуынша, аталған заң жобасы әлі де
шикілеу. – Жалпы, жергілікті өзін-өзі басқару заңы – 1995 жылдан бері
қарай талқылауда жүрген мәселе. Азаматтық қоғамның, демократияның белгілі
бір деңгейіне жетеміз деуде бұл мәселе талқылауы кейінге шегеріліп келгені
белгілі. Парламентте қаралып жатқан осы заң жобасының қай нұсқасы болмасын,
қатты сынға ұшырауда. Сондықтан оны тағы бір талқылаудың қазанына бір
қайнатып жаңа жылдан соң, тұщымды заңды қабылдау керек деп ойлаймын, –
дейді ол. Соған қарағанда, қоғамды жаңа жылдан кейін жергілікті басқаруға
байланысты жаңа өзгерістер күтіп тұрған секілді...
Мырзагелді Кемел, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы: Өзін-өзі басқару
жүйесін бүгіннен-ақ енгізе беруге қазіргі Конституция мүмкіндік береді:
– Дәл қазір әлемдегі ең озық елу елдің қатарына ресми Астана
аймақтарсыз-ақ жетіп барғалы отырғандай көрінеді. Елбасы қамшылағаннан
кейін ілгері ышқынған Үкімет барлық іс-шараны өзара бөліске салуға жан сала
кірісті, ал аймақтар осы істен шет қалуда: біз хабарласқан аудан-қала
әкімдері "елуге" кірудің емес, орнында қалудың қамын ойлап, бас қатырып
жатыр екен. Мырзагелді Кемелұлы, сіз Президент жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясында "жергілікті өзін-өзі басқару" мәселелерімен айналысып
келесіз, биыл басталуға тиісті саяси реформалар көшінен осы маңызды жүйені
енгізу ісі тағы қалып қоймай ма?
– Қалып қоймауға тиіс. Халық нақты өзгерісті күтіп отыр. "Жергілікті
өзін-өзі басқару" – жергілікті халыққа өз өңірінің күйіп тұрған мәселесін
өзі шешуге мүмкіндік беру ғой. Қай жерге құбыр тарту керек, қай тұсқа тас
жол төсеу қажет және сол сияқты жергілікті проблемаларды сол жер халқынан
жақсы ешкім білмейді. Ал оның бәрін жоғарыдан нұсқап, біздің Үкімет жаман
үйренген. Осыдан кейін жергілікті билік еліміздің "әлемдегі ең озық елуге"
қосылуына өзіндік үлес қосудың емес, орталыққа қол жайып, күн көріске жетер
ақша сұрап алудың жол-амалдарына көбірек бас қатырады. Жергілікті өзін-өзі
басқару (ЖӨӨБ) жүйесін енгізбей, Отанды өркендету бағытындағы жергілікті
бастамашылық жөргегінде тұншықтырыла бермек. Онсыз біздер қол жеткіземіз
деп жүрген азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі жай бір
жайдақ сөз болып қалады.
Басқаны білмеймін, "шыққан тауым биік болсын" дейтін қазақ өзінің
туған жерін – кіндік қаны тамған жерін көркейтуде қашанда ерекше құлшыныс,
ұмтылыс, керек болса бұлқынысқа бейім тұратын халық, өкініштісі, осы күш-
жігерді қайда бағыттайтынын білмей, дағдарған жайы бар. Аймақтарға
барсаңыз, бұқара халықтың негізінен "ЖӨӨБ"-тің не екендігінен хабары
жоқтығын көресіз. Ал батыс елдерінде, шағын қалаларға барып, жергілікті
өзін-өзі ұстау дәстүрін, қалыптасқан салтты, табиғи тазалықты, тәртіптерді
бұзсаңыз, қоғамның қаһарына қаласыз. Міне, бұл ЖӨӨБ жүйесінің жақсы жолға
қойылған бір үлгісі.
Енді мына бір қызықты қараңыз: қай елде болмасын басқарудың екі сатысы бар
ғой, олар – "мемлекеттік" және "жергілікті басқару" деп бөлінеді, соңғы
жергілікті басқару "жергілікті мемлекеттік басқару" мен біз айтып отырған
"жергілікті өзін-өзі басқарудан" тұрады. Бұл 1995 жылдың 30 тамызындағы
референдумда халық қабылдаған Ата заңымызда асты сызылып тұрып, атап
көрсетілген де. Қазақстан Конституциясы, сондай-ақ "Конституциялық заңдар
екі жыл ішінде қабылданып бітуі тиіс" деп талап ететіні есіңізде шығар?!
Енді тыңдаңыз: дәл сондай заңдар сапына кіретін "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Заңы он жылдан асты,
әлі қабылданған жоқ.
– Әркімге құлақ түрсеңіз, оның әрқилы себебін айтады... Қалай
болғанда, заң жобаларын әзірлеу құзыреті мойнына жүктелген Үкімет Ата Заңды
мойындамай отыр ма сонда?
– Оның рас, Конституциямызда екі жыл ішінде өмірге ендіру
міндеттелгендерден жалғыз осы заң ғана қабылданбай тұр. Әрине, оған Ата
Заңымыз кінәлі емес! Конституциямызда бұл мәселе қажет дәрежеде
нақтыланған, оның "жергілікті өзін-өзі басқаруға" арналған 89-бабында:
"Қазақстан Республикасында тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді
өз еркімен шешуін қамтамасыз етуге жергілікті өзін-өзі басқару қызмет
етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару тұрғындар тарапынан сайлау арқылы,
сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқарудың, тұрғындар топтана тұратын
селолық және қалалық аумақтардағы жергілікті қауымдастықтардың сайланбалы
және де өзге органдары арқылы жүзеге асырылады" деп жазылған. Жергілікті
өзін-өзі басқаруды енгізе беру үшін осының өзі жеткілікті!
Бірақ бұл сала заңнамамен қамтамасыз етілмек түгілі, тұжырымдамалық
деңгейде де шешілмей тұр. Үкімет осы жылдар ішінде осы мәселені реттейтін
заң жобасын екі рет Парламентке ұсынды, бірақ көптеген позиция бойынша
депутаттар олардың ел күтіп отырғандай жаңалықтар мен өзгерістер
әкелетініне сенімсіздік білдіргендіктен, жоба өтпей қалып, Үкіметке оны екі
рет кері қайтарып алудан басқа ештеңе қалмады. Ол ол ма, әлгі жобада тіпті
қолданыстағы заңнамаларға қайшы келетін баптар мен сәйкессіздіктер қаптап
жүрді. Үкімет бұл заңды тұжырымдамалық негізде әбден пысықтауға өзі де әзір
емес еді. Оның үстіне қоғамда да осы заң реттейтін мәселелерге біркелкі
көзқарас қалыптаспаған болып шықты. Заң қазір де жоқ қой, демек сол кезде
оның қабылданбай қалуына себепкер болған әлгі мәселелер әлі өз күшінде
тұрса керек.
– Сонда өткен жылы өткізілген "ауыл-аудан әкімдерін сайлау" сынағы да
"заңсыз өтті" ғой?
– Мен оны "мәнсіз" дер едім. Алдымен жергілікті өзін-өзі басқару
органының өз меншігі болуы керек. Кезінде билік құрылымы жаңадан түзіліп,
құзырет бөліске түсіп жатқанда "ауыл-аудан әкімдерінің қолында кем дегенде
он шақты нысан қалдырайық" деп зар қақсадық, бірақ құлақ қойған ешкім
болмады. Егер сайланған әкімнің белгілі бір мүлкі, ғимараттары, мәселен
қоқыс шығаратын көліктер, тағы сол сияқты қажеттілікті атқаратын құрал-
саймандары болмаса, қарақан басымен қай ауылға бақ орнатпақ. Ең бастысы,
сайланған әкімнің жергілікті мәселелерді шешуі үшін қаржысы, яғни жеке
бюджеті болуы қажет, бірақ онысы мемлекетке тәуелді болмауы тиіс. Сол
жергілікті бюджетті өздері басқарып, бақылай алуы үшін мүмкін, ауылдық
деңгейдегі басты қаржылық құжатты қарауға құқылы Парламент сипатындағы бір
өкілетті орган құру да қажет болар. Осылай сатылап ілгері жылжыған жөн.
Бұларсыз жасалған қандай да бір шешім пайдасыз. Оның ішінде сайлау өткізу
идеясы да құр ұран болып қалады.
Әйткенмен, экспериментті сайлауға келсек, "бізді босқа алаөкпе қылды"
деп кесіп тастауға да болмас. Сайлау өткізудің жаңашылдыққа қоғамның бойын
үйретуге және әкімшілік саласындағы жетілулерге әсері бар. Бірақ меншік пен
бюджет облыс және аудан деңгейінде бұрынғыдай реттеліп тұрған кезде, нақты
құзырет пен жауапкершілік айқын бөлінбеген күйде сайлау өткізуден пайда
шамалы. Өйткені жергілікті өзін-өзі басқару органын сайла не, сайлама не,
жауапкершілік пен құқығы, атқаратын жұмысының ауқымы, өз бюджеті мен іске
қосар меншігі болмаса, бәрібір сайлаушы халқының тапсырмасын өз бетінше
атқара алмайды. Жоғарыдағы "сайланбаған әкімге" көзін сатып отыра беруден
басқа шарасы жоқ. Ондай қызметке ел мүддесін бірінші орынға қоймайтын
жандардың қызығушылығы басымырақ болатыны құпия емес.
– Сонда сайланбалы әкімге қандай құзыреттер берген жөн?
– Ең төменгі деңгейдегі әкімдердің құзырет-функцияларын екі бөліп
қарауымыз керек. Біріншісі мемлекеттік маңызы бар мәселелер: қанша адам
дүниеге келді, қаншасы шетінеді, қанша отбасы көшіп кетті-көшіп келді, сол
жердегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі, жер пайдалану, қысқасы
мемлекеттің дамуына қатысты бүткіл тіршілікті бақылау. Бұған жаһандық
мағынасы бар – экстремистік және лаңкестік пиғылдарға жол бермеу
сияқтыларды қосыңыз. Тіптен, әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру да
солардың көмегімен жүзеге асады. Екіншісі – жергілікті мәселелер: қай жерде
қандай жұмысты алдымен атқару керек – жол салу, тротуар төсеу, монша, су
желісі, тазалықты сақтау, тағысын тағылар. Осы екі бағыттағы істі де бірдей
атқаруды, ұйымдастыру және қадағалауды бір органға беруге болады. Бірақ
осыған бірден көше салуға біздің әлгі менталитетіміз кедергі келтіре ме
деген қауіп бар. Нақты өмірде бір әкім: "Мен сайланған адаммын, өз
тұрғындарыма ғана есептімін!" деп мемлекеттік маңыздағы міндеттерге жүрдім-
бардым қараса, тағы бірі: "Уақытымның бәрі жоғарыдан беріліп жатқан
талаптарды орындауға кетіп жатыр, сендермен айналысуға маған уақыт
қалдырмайды!" деп жергілікті істерді ақсатып жіберуі мүмкін ғой! Мойнына
артылған жүкті жолда аударып алмай, екеуін де ойдағыдай етіп тең алып
жүруге қабілет-қарымы жете ме? Және ол бір емес, сайланған әкімдердің басым
көпшілігінде жетпей жатса, алға ұмтылған ел экономикасын төрден босағаға
сүйремес пе екен? Солай болса, "балапан басына, тұрымтай тұсынаның" кері
келіп, "әлемдегі ең озық елуге ену" мұраты көзден бұл-бұл ұшады емес пе?!
Қалай болғанда, жан-жақты істерді бірдей тындыратын әкім болуы үшін
жоғарғы сана талап етіледі. Ол "Мен өз мемлекетімнің патриотымын!" деп
жалпымемлекеттік істерді де адал атқаратын, дәл солайша "Маған мекенімнің
жұрты үмітін арқалатты, сондықтан олардың алдында жауаптымын!" деп
тұрғындардың да бабын табатын әмбебап азамат болса қане?! Осындай өз ісіне
берілген, адал азаматтарды тәрбиелеп, жетілдірдік пе...
– Осыған қатысты заң жобасын құру жолында шелектеп тер төккен
Демократияландыру жөніндегі Ұлттық комиссия (НКВД) бұл дағдарыстан оңай жол
"тауып кетті": олар ауыл-аудандардағы қазіргі тағайындалатын әкімдерге
"кеңес" пен "төре" атты сайланбалы органды "серікке" қосу керек деп
ұйғарғаны есімізде...
– НКВД-нің онысы қате жол! Жалпымемлекеттік те, жергілікті жерге қатысты
функциялар да сайланған әкімге берілуге тиіс. Бірақ ауылды, көшені
абаттандыру, қысқы отын-көмір секілді жергілікті проблемалардың бюджеті бір
бөлек болуы керек те, сайлау өткізу, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты
мемлекеттік деңгейдегі жұмыстардың бюджеті басқа болуы керек.
Жалпы, жергілікті сайланбалы өзін-өзі басқару жүйесін ауыл деңгейінде
бүгінен-ақ енгізе беруге қазіргі Конституция мүмкіндік береді. Ертең 4-5
жылдан соң бұл жүйе біздің жағдайда апробациядан өткеннен кейін аудандық,
тіпті облыстық деңгейде енгізуге болады.
– Әкімшілік реформасының бұлай бет алуы атқарушы билік деңгейлерінің бір-
біріне тікелей бағыныштылығын әлсіретіп жібермей ме? Қырғызстандағы билік
төңкерісіне себепкер болған осы секілді орталықсыздандырудың "жемістері"
емес пе?
– Оның рас. Қырғызстандағы биліктің құлағанына негізгі себеп – сауатсыз
реформа нәтижесінде төменгі биліктің орталық басшылыққа бағынбай кетуі еді
ғой. Қырғыз елінде губернаторлар сайланатын болды, сонда өкілеттіліктерді
бөлген кезде орталыққа аймақтың есеп беріп тұруы да қарастырылмаған.
Губернаторлар мәселелерді өз беттерінше, ең қорқыныштысы – өз қалауынша
шеше беретін. Оның үстіне "демократ" дегенге мәз болған қырғыздың сол
кездегі әлсіз басшысы президент билігін түп-тақырына дейін әлсіретті.
Ал бізде барлығы жоспарлы, жүйелі түрде жасалып жатыр, асығыстық жоқ.
Мәселен, Елбасы орталықсыздандыру мәселесін ең алғаш рет 1997 жылы айтты.
Сол жылы жария етілген "Қазақстан – 2030" Стратегиясында бұл нақтыланды.
Содан бері өткен 8 жылды "әзірлік мерзімі" десек болады. 2007 жылы 10
ақпанда Үкіметтің "Мемлекеттік басқару деңгейі мен бюджеттік қатынастар
арасындағы өкілеттіктерді бөлу тұжырымдамасы" бекітілді. Жалпы,
орталықсыздандыру дегеніміз – билік деңгейінің әр саладағы нақты
міндеттерін бөліп беру ғой. Жалпылама ғана, "орындауға, бақылауға міндетті"
деп қоя салмай, қай билік деңгейі нақты нені атқаруы тиіс екендігі заң
жүзінде белгіленуі керек. 2005 жылдың 20 желтоқсанында "Мемлекеттік басқару
деңгейі мен бюджеттік қатынастар арасындағы өкілеттіктерді бөлу
мәселелеріне қатысты ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы" заң қабылданып, бірқатар функциялар орталықтан жергілікті
басқаруға берілді. Биыл Парламент жергілікті биліктің құзыреті мен
жауапкершілігін ұлғайтатын дәл осындай келесі заңды қабылдап, Елбасыға
аттандырған. Президент әзір зерттеп-зерделеп жатыр. Алдағы он шақты күнде
қол қойып, өмірге жолдама бере ме деген үміт бар. Егер солай болса,
жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге еш кедергі жоқ.
– Көрші Ресейдей алып ел, тіпті федерация екендігіне қарамастан,
қадамды тұп-тура кері жасағанын білесіз. Халықтың жергілікті өз басшылығын
өзі сайлауын тоқтату мен губернаторларды орталыққа "қайыруды" Путинге ермек
таппағандықтан жасаған жоқ қой. Біз орыстардың соңынан олардың ісін ізбе-із
қайталап шықпаймыз ба?
– Ельцин кезінде Ресей саяси реформаны экономикалық жаңарудан бұрын
жасады. Сол кездегі билік басындағы саясаткерлердің: "Біздің экономикалық
әл-қуатымыз артығымен жетеді, Кеңес үкіметінің әл-қуатының бәрін алып
қалғанбыз!" деп кеуде кергеніне куә да болдық. Бірақ ақыры, сайланған
губернатор орталыққа бағынбай кетті де, "орыстың экономикалық арбасы" бір
аршын ілгері жылжымай, дағдарыс батпағына бата берді...
– Қазір ше? Қазір бақуаты өсті ғой? Алтын-валюталық қоры бойынша
Ресей жапондарды да артқа тастап, әлемде екінші орынға шығып отыр!
– Бұл соңғы жылдағы күш жиып, нығайған президенттік биліктің қуатты
қадамдарының жемісі! Соның өзінде 2008 жылға дейін елдің ішкі жалпы өнімін
екі еселеу туралы Путиннің мұраты жүзеге аспай қалғалы тұр.
Губернаторлардың көп жылдар бойы орталыққа бағынбауы мемлекетті мықтап
әлсіретті. Мемлекеттік функциялардың орындалуы нашарлады. Әр губернатор өз
аймағында өз ойынын жүргізді. Онсыз да тәуелсіз саясат жүргізетін Лужковтың
Мәскеуі мен Шәймиевтің Татарстанын айтпағанда, Ресейде қаптаған жеке-жеке
"хандықтар" қалыптаса бастады. Олай болмауы үшін енді Путин "князьдердің"
"сандарына" қыл бұрау салып, орталыққа кері оралтып жатыр.
– Кезінде ірі шетелдік инвесторлармен қақтығысқа түсіп, сонысымен
халықтың сүйіспеншілігіне де бөленген Тасмағамбетов сынды әкімдер кейін
жедел орталыққа шақыртылып, "жоғарылап" кетіп отырды емес пе?
– Сепаратизм болмауы үшін аудан-облыс деңгейіндегі әкімдердің
кандидатурасын ел Президенті ұсынғаны жөн. Біз унитарлы мемлекетпіз,
мемлекеттік саясат жүрген шақта елдің бір орталықтан басқарылуы жойылмау
керек. Егер мемлекеттік саясатқа қайшы қылық – қарекет
жасаса, оны қызметінен мерзімінен бұрын босата алу мүмкіндігі Елбасыда да
болуға тиіс. Әркімнің өкілеттілігін өзіне берген дұрыс, бірақ шексіз
өкілеттік, өзімбілемдік болмауы қажет. Өйткені мемлекеттік саясат,
мемлекеттің қауіпсіздігі, экономикалық қауіпсіздік, экологиялық
қауіпсіздік, саяси тұрақтылық және барлық азаматтарымыздың бірдей
әлеуметтік қорғалуы барлығынан биік тұратыны дау тудырмайды.
– Әлеуметтік қорғау демекші, егер сайланған әкім "халқымның әл-ауқатын
жақсартуға керек, мұнайдан түскен мол қаржыны орталыққа бермеймін" десе,
арт жағында сайлаушы бұқара сүйеу болу үшін иін тіресіп тұрмай ма...
– Бұлай болуы мүмкін. Мәселен, ел заңы жергілікті билікке өз
тұрғындарының орталықтан алатын зейнетақысына үстеме-қаржы қосуға рұқсат
береді ғой, осылайша Атыраудың адамына 100 мың зейнетақы беруге болады.
Бірақ одан елдегі әлеуметтік әділеттілік бұзылады. Атырауда, Маңғыстауда,
батысымызда мұнай көп, олардың қаржысы өздерінен артылуда. Алматы мен
Астана да өзін артығымен қамтамасыз ете алады. Ал мәселен, мына Оңтүстік
Қазақстан облысында 2 миллион халық бар, негізінен қазақ халқы. Ол жерде
тұрып қалған жұрттың ешкімге жазығы жоқ қой. Оларды әлеуметтік қолдауға
қаржы жетпейтін болса, аймақтар арасында теңгермешілік жасау керектігі
айқын көрінбей ме?!
Мысалы, әр ауылға шаққандағы ауруханалардың 1 көйкісіне 1 күнде бөлінетін
ақша 2001 жылы Оңтүстік Қазақстанда бар болғаны 13 теңгені құрады. Яғни бір
ауруға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz