Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың ғылыми - сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясының қолжазбасын талқылау
БЕКІТЕМІН
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің ғылыми жұмыс
жөніндегі проректоры
______________ Н.М. Темірбеков
___ __________ 2010 жыл
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетіндегі
қазақ әдебиеті кафедрасы ғылыми семинар мәжілісінің 2010 жылғы 13
қазанындағы № 3 хаттамасынан
КӨШІРМЕ
Қатысқандар: кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы,
профессор Ө. Әбдиманұлы; филология ғылымдарының докторы, профессор Т.
Кәкішұлы; филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Әбдезұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Тілепов; филология
ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ. Мәдібаева; филология ғылымдарының
докторы, профессор З-Ғ.Қ. Бисенғали; филология ғылымдарының кандидаты,
доцент М. Үмбетаев; филология ғылымдарының кандидаты, доцент К.С. Ахмет;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Д. Дәрібаев; филология
ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Б. Сағындық; филология
ғылымдарының кандидаты Қ. Жаңабаев; аға оқытушылар Ш.А. Шортанбаев, П.Қ.
Бисенбаев.
Мәжіліс төрағасы – кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы,
профессор Ө. Әбдиманұлы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті
кафедрасының ізденушісі А.Т. Қажыбайдың Белгібай Шалабаевтың ғылыми-сын,
әдеби аударма еңбектері атты 10.01.02 – Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша
филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған
диссертациясын талқылау және шешім қабылдау.
ТЫҢДАЛДЫ:
Мәжіліс төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ө.
Әбдиманұлы: Күн тәртібіндегі қаралатын мәселе – Қажыбай Аян Төлегенұлының
10.01.02 – Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың
ғылыми-сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық
диссертациясының қолжазбасын талқылау. Сараптау комиссиясының шешімімен әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жетекші ұйым ретінде бекітілген.
Жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті
кафедрасында орындалып, талқыланған. Диссертациялық жұмыс, автореферат пен
қатынас қағазы тиісті мерзімде келіп түсті. Жұмыс 2010 жылы 29 қазанда
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы
филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.31.03
Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады. Диссертация тақырыбы Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің 2005 жылғы 28
қаңтардағы (хаттама № 6) шешімімен бекітілген. Ғылыми жетекшілері: ҚР ҰҒА
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Н. Нұрғали,
филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ. Алпысбаев. Ресми
оппоненттер ретінде филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Ысқақұлы
және филология ғылымдарының кандидаты А.Ы. Есмағұлов бекітілген.
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасымен, мазмұнымен, құрылымымен
таныстыру үшін сөз ізденушіге беріледі.
Ізденуші А.Т. Қажыбай: Құрметті жетекші ұйым мүшелері!
Сіздердің назарларыңызға Белгібай Шалабаевтың ғылыми-сын, әдеби
аударма еңбектері атты диссертациялық жұмыстың тақырыбы Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің 2005 жылғы 28
қаңтардағы (хаттама № 6) шешімімен бекітілген еді. Диссертация кіріспеден,
іштей жіктелген екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуына өзіндік
үлес қосқан әдебиетші ғалымдардың өмірі мен шығармашылық әлемі бүгінгі
көзқарастар тұрғысынан қайта қаралып, өз бағасын алуда. Ғылымда, әдебиетте,
өнерде, саясатта, қоғамдық өмірде өзінің туа бітті дарынымен оқшау көзге
түсіп, бойындағы бар ізгі қасиеттерін ұлтының іргелі істеріне, үлкен
мақсаттарына бағыштаған перзенттерін халық әрқашанда шексіз бағалаған,
қадірлеген, тұлға тұтқан. ХХ ғасырдағы қазақтың сондай қадыр тұтқан, көп
қырлы, кең ауқымды кемеңгері, ұлы деп сүйген азаматтардың бірі – Белгібай
Шалабаев еді. 1930 жылдардан бастап әдебиет пен журналистика саласын қатар
алып, есімі ел аузында аңызға айналып, еңбектері қазақ әдебиеті әлемінде өз
биігінен көріне білген, биік адамгершілігі, азаматтық, қайраткерлік
өнегесі, жан-жақты таланттылығы мен білімпаздығы Белгібайды өз заманының
озық ойлы ұлдарының қатарына көтерді. Ғалымның әр жылдарда жарық көрген
ғылыми-зерттеу еңбектері, монографиялары, оқулықтары, көркем шығармалары
қай-қайсы да өзінің ұлтын сүйген бір-бір салиқалы азаматқа жүк болғандай
шаруалар. Басқасын былай қойғанда қазақ прозасының тууы мен қалыптасу
тарихына арналған монографиялық зерттеулердің өзі-ақ ұлттық сананы
сілкіндіруге қызмет еткен, қазақтың арманды сөзін айта алған дүниелер екені
мәлім. Осыншама қыруар дүниені бір адамның жасап шығуы үшін адамның жан-
жақты қабілеттілігі, табандылығы мен қайсарлығы, көргені мен көңілге
түйгендерінің тереңдігі қажет болар еді. Б. Шалабаевтың еңбегі мен есімі
өзінің көзінің тірі кезінде-ақ республика көлемінен шығып, бүкіл одақтас
республикаларға мәлім болған-ды. Қазақтың көрнекті сыншысы және әдебиет
зерттеушісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, жазушы,
филология ғылымдарының докторы, профессор Белгібай Шалабайұлы Шалабаев
(1911–1990) – қажырлы еңбегімен жұртшылық ілтипатына ие болған адам. Десек
те, еліміз тәуелсіздік алып, арғы-бергі тарихымызға еркін көз салып,
демократия әсерімен соңғы жиырма жыл көлемінде әдебиетші ғалым өмірі мен
шығармашылығына қатысты замандас, әріптес ғалымдар мен сыншылардың мерзімді
баспасөз беттерінде, жекелеген кітаптарда тілге тиек еткен, әр түрлі
деңгейдегі мәліметтер берілгені болмаса, әдебиетші-ғалымның ғылыми сын-
зерттеу еңбектері мен көркем-публицистикалық мұралары өз алдына бас-аяғы
тұтас қамтылып, арнайы жеке зерттеуге өзек бола қойған жоқ. Сондықтан да
ғалымның осы бір биік еңселі, терең мағыналы шығармашылық арнасының қыр-
сыры туралы арнайы зерттеудің мәні зор. Аталған көп қырлы мәселелер зерттеу
тақырыбының өзектілігін аңғартатыны сөзсіз.
Ғылыми жұмыс Белгібай Шалабаевтың ғылыми-зерттеу, әдеби сын
ізденістерінің негізгі арналары және Белгібай Шалабаевтың әдеби-
публицистикалық және көркем аударма мұралары атты тараулардан тұрады. Әр
тарау екі тараушадан құралған.
Бірінші тарауда қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі
Б. Шалабаевтың сын-зерттеулердің әдеби дамудағы маңызы мен құндылығын
ашатын, кеңестік идеология талабынан туындаған басты кемшіліктерінің болмыс-
бітіміне талдау жасалынған; әдіснамалық тұрғыда қате теориялар табиғатын
зерделеу барысында осы кездегі сынның тарихында ғалым-сыншының алар орны,
теориялық және жанрлық түрлері жағынан өсіп-жетілу жолындағы қол жеткізе
алған ізденістердегі басты бағыт-бағдарлар мен негізгі нысаналар
анықталған; сол жолда кездескен түрлі көзқарастар мен кемшіліктерден
туындаған іркілістердің себеп-салдарының негізі көрсетілген. Оның ғылыми,
сыни зерттеулеріне, әдебиеттанудағы көркемдік ізденістерге, еңбектерінің
тақырыптық аясы, жанрлық ерекшелігі, сыни ұстанымдарына, көркемдік таным
шеберлігі мен әдіс-тәсілдеріне талдау жасалынған. Қазақ қоғамының дамуында
маңызды орын алатын демократ-ағартушылар мен кеңестік дәуірдегі көрнекті
қаламгерлер шығармашылығы, олардың әдеби үрдіс дамуындағы ізденістері,
алатын орны, әсер-ықпалы туралы еңбектерін қарастыру нәтижесінде әдебиетші-
ғалымның қазақ әдебиеті тарихындағы басты жетістіктері мен негізгі
зерттеушілік ерекшеліктері ашып көрсетілген. Ізденуші ғалым еңбектерін жан-
жақты талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсетіп, қазақ әдебиеті
тарихындағы алар орнын екшеу негізінде роман зерттеушісі, әдебиет
тарихшысы, халық ауыз әдебиетінің қамқоршысы әрі жанашыры ретіндегі ғылыми
ұстанымдарының эволюциясын ашып, көзқарас концепциясын айқындаған. Ғалымның
әдеби сын, ғылыми зерттеу шығармашылығы көркемдік таным, ұлттық
романтанудың көшбасындағы жанрлық ізденіс, жеке объектілік талдау, т.б.
жағынан жүйеленіп, ұлттық таным мен әдеби өрлеудегі рухани сабақтастық
қырларына маңыз берілген. Б. Шалабаевтың Из истории казахской
дореволюционной прозы и романа (1956), Очерки истории казахской
дореволюционной литературы (проза, поэма, роман) (1958), Казахская
литература (Советский период) (1965), История казахской прозы (сюжет и
характер) (1968; 1975), Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы (1983;
1990) еңбектері мазмұнының дәуір шындығымен және шығармашылық ортамен
байланысы көрсетіліп, еңбектерінің тарихи, ғылыми маңызы пайымдалған; әдеби
байланыс ұғымының мәнін, оның әдебиеттану ғылымындағы рөлін, қазақ
әдебиеттануындағы әдеби байланыстар мәселесінің тарихи негізін анықтау
барысында ғалымның әдеби байланыстар мәселесін зерттеуді жолға қоюдағы
атқарған істері зерделінген.
Екінші тарауда қаламгердің әдеби-публицистикалық шығармалары және
көркем аударма еңбектері жан-жақты талданған. Б. Шалабаевтың жазушылық
келбетін һәм қаламгерлік рухын танытқан толымды туындысы Өмірде не
болмайды повесінің шығу төркіні, егжей-тегжейі мен ондағы троп пен
стильдік фигуралардың кейбір түрлері төңірегінде кеңінен сөз болады.
Ізденуші қаламгердің Өмірде не болмайды көркем шығармасындағы тақырып
таңдау талабына, идеялық мұратына, сюжеттік-композициялық және тілдік
ерекшеліктеріне, образ сомдау, кейіпкерлердің мінез қырларын ашу машығына
тоқталдық.
Публицистика – өмір шындығын суреттейтін жанр. Өмір шындығын әр жазушы
өзінің қалам қабілетіне, білім деңгейіне, тағы басқа қасиеттеріне орай әр
түрлі қырынан түрліше суреттеп жазады. Әсіресе публицистикалық
мақалаларында өмірден көріп-білгендерін нақты деректер арқылы сипаттайды.
Шындық өмірдің көріністерін ой-толғауымен өрнектеп, тіл шеберлігі арқылы
оқырмандар жүрегіне жол табуға тырысады. Бұл Б. Шалабаевқа
да тән машық еді. Осы ретте әдебиетшінің сөз шеберлігінің ерекшеліктерін
анықтайтын ізденушінің мына тұжырымдарына баса назар аударамыз: автордың
ұнамды қасиеті – қай суреткер, қаламгер, ғалым айналасында болмасын,
мейлінше байсалды, жан-жақты, әділ пікір тудыру. Сыншының әр нәрсені
алыстан аңғарғыш дағдысы, көкей көзінің жүйріктігі, лайықтыны қадірлеу,
ағат басқанды кешіруге бейім, сырттай қатқыл көрінсе де, іштей бауыр
тартатын мінезі бейнелеу нысанына алынған жекелеген тұлғалардың даралық
қалпын анықтауда зияткерлік, салиқалы жүк көтереді; портреттік сын
мақаланың қыры мен сырын жақсы білген сыншы айтар ойын алысқа апармай-ақ
шығарманың өн бойынан табады. Ол оқыған шығармалары бойынша портреттік сын
мақала жазу үшін, алдымен шығарманың ішкі құрылымын өзге шығармалармен
салыстыра суреттеуге көбірек бейім келеді. Б. Шалабаев ақын-жазушылар
туралы портреттік сын мақала, рецензия, эссе-сын жазуға төселген сыншы.
Түйіндей келгенде, бүгінгі публицистер үшін Шалабаев дәстүрінің тағылымы –
болмыстың әлеуметтік қырларын зерттеудің, оймен таразылаудың және қорытынды
жасаудың ғылыми әдістерін игере білу, өмір деректері мен құбылыстарын
көрсетуде айқын идеялық-адамгершілік позиция ұстану, дәлелдің қисындылығына
қол жеткізу, кез-келген процестерді олардың өзара байланыстары арқылы
қарастыра білу, бірізділікке, тұрпайылыққа, таптауырындыққа, догматизмге
ұрынбай жедел талдау және қорытынды жасау қабілеті, тиісті түрлерде
мазмұнды шебер өрнектеу – идеялар мен бағыттардың нағыз кәсіби қоры болып
табылады.
Б. Шалабаевтың В.Г. Белинскийдің Таңдамалы шығармалары, В.Г.
Короленконың Тілсіз (Без языка) повесі, М. Горькийдің Жастар мен
балалар туралы (О молодежи и детях) атты деректі публицистикалық жинақ
еңбек тәржімаларына сараптаулар жасай отырып, әдебиетшінің кәнігі
аудармашылық соны қырларын ашатын, дара қолтаңбасын айқындайтын көркем
аудармаларының өзіндік ерекшелігіне, рухани құнды еңбек екендіктеріне көз
жеткізумен қатар, осылардың негізінде Б. Шалабаевтың тілдік-стильдік
аудармашылық шеберлігіне талдау жасалған. Көркем аудармалары сапалық
жағынан сараланып, талданған. Аудармашының көркем әдеби шығармашылыққа баға
беруде ұстанған принциптері мен өзіндік позициясы, қосқан үлесі,
шығармашылық ықпалы тарихи-әдеби заңдылықтарға орай, қазіргі заман талабына
сай өскелең әдеби-эстетикалық таным тұрғысынан қарастырылған. Жұмыста
тәржімашының аудару тәсілдері, аударған мәтіндерінің ерекшеліктері туралы
түйіндер жасалынған. Қазақша аударылған көркем әдебиет үлгілерінің қазақ
әдеби тілінің дамуы мен қалыптасуындағы рөлі тұжырымдалған.
Қазақ әдебиеттануы мен сынының және аударматанудың өркендеуіне өзіндік
үлес қосқан Б. Шалабаевтың әдеби мұрасы бойынша зерттеу қажеттілігі қазіргі
жаңаша тарихи жағдайдың өскелең талаптарынан туындап отыр. Осы орайда
зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты – көрнекті ғалым, профессор Б.
Шалабаевтың әдеби-сын, ғылыми-зерттеу, көркем аударма еңбектері мен әдеби-
публицистикалық мұрасын екшеп, жіктеп, жүйелі түрде талдау мен сараптау
негізінде, арғы-бергі еңбектеріне зер салып, оларды өз кезеңінің әдеби сын
үрдісімен тығыз бірлікте, іштей үндестікте қарастыра келе, ұлттық
әдебиеттануға қосқан үлесін, еңбектерінің алатын орны мен жаңашыл ғылыми
сипатын ашу, өзіндік ғылыми ұстанымдары мен көзқарасын және бүгінгі
әдебиеттану үшін маңызын анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер
білгіленді:
– қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі Б. Шалабаевтың
сын-зерттеулердің әдеби дамудағы маңызы мен құндылығын ашу, кеңестік
идеология талабынан туындаған басты кемшіліктерінің болмыс-бітіміне
талдау жасау, әдіснамалық тұрғыда қате теориялар табиғатын зерделеу
үдерісінде осы кездегі сынның тарихында ғалым-сыншының алар орнын,
теориялық және жанрлық түрлері жағынан өсіп-жетілу жолындағы қол
жеткізе алған ізденістердегі басты бағыт-бағдарлар мен негізгі
нысаналарын анықтау, сол жолда кездескен түрлі көзқарастар мен
кемшіліктерден туындаған іркілістердің себеп-салдарының негізін ашып
көрсету;
– маркстік-лениндік әдіснама қағидаларының, тоталитарлық жүйе мен
идеологиялық қыспақтың әдеби сын мен сыншы-ғалымдардың шығармашылық
ізденісіне, дүниетанымына тигізген кереғар әсерін тілге тиек етіп,
1940–80 жылдардағы қол жеткізе алған табыстар мен кеңестік идеология
әсерінен туындаған олқылықтарды, әдеби процестегі хал-ахуал мен
қоғамдық болмысты сипаттай отырып, Б. Шалабаевтың ғылыми, сыни
зерттеулеріне, әдебиеттанудағы көркемдік ізденістерге, еңбектерінің
тақырыптық аясы, жанрлық ерекшелігі, сыни ұстанымдарына, көркемдік
таным шеберлігі мен әдіс-тәсілдеріне талдау жасау;
– қазақ қоғамының дамуында маңызды орын алатын демократ-ағартушылар
мен кеңестік дәуірдегі көрнекті қаламгерлер шығармашылығы, олардың
әдеби үрдіс дамуындағы ізденістері, алатын орны, әсер-ықпалы туралы
еңбектерін қарастыру нәтижесінде Б. Шалабаевтың қазақ әдебиеті
тарихындағы басты жетістіктері мен негізгі зерттеушілік
ерекшеліктерін ашып көрсету, ғалымдық-сыншылдық талантын таныту;
– Б. Шалабаев еңбектерін жан-жақты талдау үстінде оның әдеби
процестегі маңызын көрсету, қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын
екшеу негізінде роман зерттеушісі, әдебиет тарихшысы, халық ауыз
әдебиетінің қамқоршысы әрі жанашыры ретіндегі ғылыми ұстанымдарының
эволюциясын ашу, көзқарас концепциясын айқындау;
– Б. Шалабаевтың жекелеген қаламгерлер еңбектеріне қатысты, яғни
С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С.
Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ж.
Сыздықов, Д. Әбілев, Е. Ысмайылов, М. Қаратаев,
Т. Жароков, Ә. Жиреншин т.б. шығармашылығы жөніндегі сын, зерттеу
мақалаларын саралап, әдебиетшінің сыншылық болмысын танып, бағамдау;
– Б. Шалабаевтың Из истории казахской дореволюционной прозы и
романа (1956), Очерки истории казахской дореволюционной литературы
(проза, поэма, роман) (1958), Казахская литература (Советский
период) (1965), История казахской прозы (сюжет и характер) (1968;
1975), Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы (1983; 1990)
еңбектері мазмұнының дәуір шындығымен және шығармашылық ортамен
байланысын көрсету, еңбектерінің тарихи, ғылыми маңызын анықтау,
қазақ прозасының қатаң шарттанған (обусловленный) төл үлгі-үрдістері
мен ішкі заңдылықтарын саралау, роман мен өмір шындығының
арақатынасын бажайлау, жалпы қазақ проза жанрларындағы сюжеттердің,
образдардың, характерлердің түпкі тек-тамырына бойлау, бұл жолда
әдебиет тарихы, тіл білімі сияқты сан-сала рухани өрістермен
шендестіре отырып, алғаш рет кешенді пайымдаулар жасау, сол ауқым-
өреде қазақ прозасының біртұтас жүйесіне ден қойып, оны тарихи-
салыстырмалы және тарихи-кезеңдік әдістері тұрғысынан зерделеу,
сөйтіп қазақ романының тақырыптық-эстетикалық, идеялық-тақырыптық,
тілдік-көркемдік, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, тегі мен түрін,
поэтикасы мен типологиясын, сюжет және характерін, дәстүр және
жаңашылдығын, тарихи болмысын айнытпай анықтау тәрізді жоталы-жоталы
проблемаларға қатысты ғалым-зерттеушінің айтқан ойлары мен жасаған
тұжырымдарын салмақтау; сондай-ақ, қазақтың ұлттық әдебеитіндегі
дәстүр жалғастығы, жаңа туған жанрлық, стильдік түрлер, реализм мен
романтизмнің тың сипаттары, жаңа заман қаһарманы проблемасы сияқты
бірқатар ғылымдық мәнді мәселелер төңірегінде ғалым тұжырымдарының
мәнін саралау;
– В.Г. Белинскийдің Таңдамалы шығармалары, В.Г. Короленконың
Тілсіз (Без языка) повесі, М. Горькийдің Жастар мен балалар
туралы (О молодежи и детях) атты деректі публицистикалық жинақ

аудармашылық соны қырларын ашатын, дара қолтаңбасын айқындайтын
көркем аудармаларының өзіндік ерекшелігіне, рухани құнды еңбек
екендіктеріне көз жеткізумен қатар, осылардың негізінде Б.
Шалабаевтың тілдік-стильдік аудармашылық шеберлігін, өзіндік
шығармашылық тұлғасын анықтау.
Қорытындыда диссертацияда баяндалған ой-пікірлердің негізгі және басты
тұжырымдары, түйіндері жинақталып берілді. Б. Шалабаевтың ғалымдық,
сыншылық және аудармашылық табиғаты мен өзіндік жазу шеберлігін таныту
мақсатында оларды жинақтап, негізгі ұстанымдарын саралайтын болсақ: оның
алғашқысы – 40–70-жылдардағы әдебиеттің жай-күйі турасында, қоғамдық басты-
басты мәселелерді қозғайтын өз замандастары шығармашылығы жайындағы әдеби-
сын және оқу-ағарту ісі жөніндегі консультациялық, оқу-әдістемелік
мақалалар. Екінші – халық ауыз әдебиетінің кейбір мәселелері жайындағы
теориялық, зерттеу еңбектері. Келесі – орыс әдебиетінің классиктері
шығармаларына, төл туындыларына көзқарақтылық танытып, олардың өзіндік
ерекшеліктерін сипаттайтын, халықтар достығын нығайту, әдеби байланыстар
орнату бағытындағы жарияланымдары. Төртінші – қазақ романының тууы мен
қалыптасу тарихындағы төл үлгі-үрдістері мен ішкі заңдылықтарын саралаған,
роман мен өмір шындығының арақатынасын бажайлаған, жалпы қазақ проза
жанрларындағы сюжеттердің, образдардың, характерлердің түпкі тек-тамырына
бойлап, қазақ романының тақырыптық-эстетикалық, идеялық-тақырыптық, тілдік-
көркемдік, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, тегі мен түрін, поэтикасы мен
типологиясын, сюжет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz