Мектеп психолог қызметінің ерекшеліктері


ҚАЗАҚ СТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН АНЫҚТАУДАҒЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ӘСЕРІ
Орындаушы:
«050503 - Педагогика
және психология»
4 курс студенті
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші:
пс. магистрі, аға оқытушы М. А. Қуаналиева
(қолы, күні)
Психология және әлеуметтік
педагогика кафедрасының
меңгерушісі, профессор Р. Б. Каримова
(қолы, күні)
Алматы, 2009
Мазмұны
1. 1. Білім беру жүйеісіндегі мектеп психологы қызметінің мәні 1. 2. Мектептегі психолог маман қызметінің атқаратын іс-әрекеті менКіріспе . . . 5
I. Теориялық бөлім. Жеткіншек жастағы балалардың өзін -өзі анықтаудағы мектеп психологының қызметі жайлы теориялық мәселелері . . .
мен ерекшеліктері . . .
2. 4 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Адам жан дүниесінің қилы-қилы қыр сыры мен тіршілік әрекеті зерттейтін психология ғылымының сан-салалы екендігі айқын. Жантану жайындағы бірден бір жетекші ғылым психология болғандықтан, оның қарастыратын мәселелері қашан да маңызды. Психология сферасы өте кең және қызықты, бүгінгі таңда да көптеген шешілмеген сұрақтар, жасырын феномендер және де түсініксіз құбылыстарға толы.
Біз өз жұмысымызда Д. С. Лихачов сөзінен бастағымыз келеді: « Адам өз өмірінде саналы түрде алдына мақсат, міндет қоя отырып, өзіне еріксіз баға береді. Сол себептен де адам не үшін өмір сүріп жатқанын оның өзін-өзі бағалауынан көруге болады- төмен немесе жоғары».
Бұл жұмыста жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына мектеп психологы қызметінің әсерін анықтау мәселесі қарастырылады. Жеткіншектер мәселесін қарастырғанда, бірінші оның қоршаған ортаға, белгілі бір факторларға ересек адам көзқарасымен қарастырады. Осы шақта жеткіншек өз мүмкіншіліктерін басқа жеткіншектердің мүмкіншіліктерімен салыстырады. Оның осы кезде алдына мына сұрақ туады: «Мен кіммін?. Осы кезден бастап жеткіншектің өзін-өзі бағалауы, алға қарай дами бастайды.
Өзектілігі: Бұл тақырыптың өзектілігі көптеген факторларға негізделген. Біріншіден, жеткіншектер әр кезде, өзекті мәселелердің бірі. Осы кездегі баланың психологиялық ерекшеліктеріне арналған көптеген зерттеулер қызығушылық тудырады. Екіншіден, берілген тақырып тек психология курсында ғана емес, сонымен қатар педагогикалық психологияның арасында алатын орны ерекше. Осы тақырыптың маңыздылығы, біріншіден, жоғары практикалық курс білімдерінен қамтиды, екіншіден, жас және тұлға түсінігін нақтылайды, ал үшіншіден, осы жұмыс педагог- психолог маманның білім беру жүйесіндегі қызметінің маңыздылығын аша түседі. Бұл тақырыппен таныспас бұрын, мектеп психологы қызметінің ерекшеліктері мен оның білім беру жүйесінде алатын орны жайлы және адам психикасындағы психологиялық жас ерекшелігі түсінігінен бастаған жөн. Осы тақырыпта, біздің міндетіміз осы жеткіншектер жасын және олардың жүріс-тұрыстарын толық, сол кезеңдерде болатын психологиялық өзгерістер мен дағдарыстарды айқындап көрсету. Бұл тақырыптың басты қиыншылығы, жеткіншектердің өзін-өзі бағалауын анықтауда мектеп психологы қызметінің әсерін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Жеткіншек жастағы балалардың өзін -өзі анықтаудағы мектеп психологының әсерін эксперимент жүзінде зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Білім беру жүйесінде мектеп психологы қызметінің ерекшеліктері мен жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау.
- Әдістемелер арқылы жеткіншектерге зерттеу жүргізу.
- Зерттеуде алынған мәліметтерді өңдеу және топтық көрсеткіштерді айқындау.
- Зерттеу мәліметтерін сандық және саналық талдау.
- Зерттеу болжамын дәлелдеу және оның нәтижелерін қорытындылау
Болжам: Егер, мектептегі психологтың қызметі дұрыс жүргізілсе, онда жеткіншек жастағы балалардың өзін -өзі анықтаудағы мектеп психологының әсері бар болар еді.
Зерттеу пәні: Жеткіншек жастағы балалардың өзін -өзі анықтаудағы мектеп психологының әсері
Зерттеу обьектісі: Жеткіншек жастағы балалар (№ 169 7-8 сынып оқушылары)
Әдістемелер:
- Дембо-Рубинштейн әдістемесі
- «Өзін-өзі бағалау тест» әдістемесі
- Эксперттік баға әдістемесі
- Р. Кеттелдің көпфакторлық тұлғалық сұрақтамасы (Е, Н, O)
- Тренингтер кешені
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: бұл жұмыстың теориялық бөлімінде практик - психологтың қызыметі туралы тұжырымдамалар және психологиялық білімдерді толықтырады. Мектеп практик-психологының қызметіне жеткіншектердің өзара қарым-қатынас арқылы ортаға бейімделуі, өзіне сенімсіздігін жою, өзін-өзі бағалауын анықтаудағы психодиогностикалық және психотүзету жұмыстары арқылы жеткіншек жастағы сынып оқушыларының психологиялық бейімделуіне мектеп психологының әсері бар ма? Бұл мәселелер жөніндегі ғалымдардың көзқарастары, тұжырымдамалары мен олардың ұсынған бағдарламаларын басшылыққа алынып, теориялық ережелері толықтырылады.
Практикалық маңыздылығы: Жұмысымыздың практикалық жағына келетін болсақ, практик - психолог қызметінің ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне эксперимент жасау және оны практикаға енгізу жолдарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар, алынған теориялық тұжырымдамалар және практикалық нұсқаулар білім беру жүйесіндегі практик психологтарға, көмекші құрал ретінде ата- аналарға, мұғалімдерге, оқу- тәрбие жұмыстарында, әсіресе практик- психолог қызметінің негізгі бағыттараның бірі: психодиогностикалық, кеңес беру, психотүзету жұмыстарына қолданудың практикалық маңыздылығы зор деп деуге болады.
Зерттеудің жаңалығы: Практик психологтың өзінің жүргізілген нәтижелерінің қорытындысымен білім беру жүйесінде оқушылардың өзін-өзі бағалауына зерттеулер жүргізіліп, алынған нәтижелердің деңгейін қарастыру. Өзін-өзі бағалауы төмен мәселесі бар оқушыларға психологиялық көмектің негізінде балаларды жас ерекшеліктеріне сай сенімді психодиогностикалау мен кешенді психологиялық тренингтермен қатар, психологиялық кеңес беру жүргізілді. Сонымен қатар, психопрофилактикалық бағытта жеткіншектердің өзін-өзі анықтауда өз-өзіне сенімсіздігін писхотүзету жолдары арқылы психологтың қызметі әсерін зерттеумен ерекшелінеді. Коррекциялық жұмыс элементтері эмоциялық, рефлексивтік, мотивациялық жағдайларды қамтып баланың бір жақты болып қалмауына, қарым-қатынас арқылы ортаға бейімделуі тұрғысынан психотүзету бағытынды жұмыстар жүргізіліп, оған практик -психологтың қызметінің әсерін бар екендігі жайында қарастырылады.
Мектептегі психолог қызметін ғылыми негізде талданып, оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтаудағы ерекшеліктерінің өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.
Бастапқы мәліметтер: Мектеп психолог қызметіне қойылатын талаптар. Қазіргі кездегі мектептегі психолог қызметінің даму ерекшеліктерін қалыптастыруымен қатар, өзін-өзі бағалауын анықтаудағы эксперименттік негіздері.
Күтілетін нәтижелер:
- Мектептегі психолог қызметінің даму процесінің сипаттамасы.
- Мектептегі психолог қызметінің даму ерекшеліктерін қалыптастырудың теориялық негіздемесі.
- Оқушының өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеу әдістемесінің жобасы мен нәтижесі.
Ғылыми қорытынды және ұсыныстар жасау.
Практик психологтың өзінің жүргізілген нәтижелерінің қорытындысымен оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтауда мектеп психологының әсерін түрлі зерттеулер жүргізіп, алынған нәтижелердің деңгейін қарастыру. Жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы төмен, қарым-қатынаста мәселесі бар оқушыларға психологиялық көмектің негізіне балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолданылуы қарапайым және сенімді диогностика мен коррекциялау моделдері, психологиялық кеңес беру болжамда зерттелінген. Коррекциялық жұмыс толыққанды ортаның элементтері эмоциялық, рефлексивтік, мотивациялық жағдайларды қамтып баланың бір жақты болып қалмауына, қарым-қатынас арқылы ортаға бейімделуімен қатар, өзін-өзі бағалауын анықтау тұрғысынан психотүзету, психологиялық кеңес беру бағытынды жұмыстар жүргізіліп, оған практик -психологтың қызметінің әсерін бар екендігі жайында қарастырылады.
Өзін -өзі бағалауы төмен, өзіне сенімсіз жеткіншек балаларға психологиялық жағдай жасаудағы психологтың қызметі алдымен, жаңа мүмкіндіктер ойлап табудан, бұрыннан келе жатқан психологиялық тәжірибелермен процесстерден құралып, балаларға тиімді түрде қолданылып, дұрыс әсері болатындай түрлі психологиялық бағыттарда жұмыстар жүргізіліп, зертеліп, нақты нәтижелері сандық және сапалық тұрғыда алынып, көмекші құралдар ретінде ұсыныстар енгізіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде мектептегі психолог қызметі ерекшеліктерімен қатар, жеткіншек жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері мен дағдарыстары, олардың өзін-өзі бағалауының еғрекшеліктерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда негізделді. Оқушылардың психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.
Ал, екінші бөлімде жеткіншек жастағы балалардың өзін-өзі анықтауда мектеп психологы қызметінің әсерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындап, жұмысты қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.
1. 1. Білім беру жүйеісіндегі мектеп психологы қызметінің мәніI. Теориялық бөлім. Жеткіншек жастағы балалардың өзін -өзі анықтаудағы мектеп психологының қызметі жайлы теориялық мәселелері
Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Нағыз психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын - күрескер болуы керек. Өйткені ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек ететін тұлға.
Мақсаты: бейімділік, ойлау, зейін тұрақтандыру , тілдік таңбаларды дұрыс қолдану, сөздік қорын байыту;
Тәрбиелік: адамгершілік, еңбексүйгіш , эстетикалық , ұйымшылдық , патриоттық;
Дамытушылық: қабілетін, тіл байлығын, өз бетінше жұмыс істеуін , ізденімпаздық, қорытынды жасауға үйрету.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.
Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.
Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы) немесе білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет Білім және ғылым министрлігінің педагогикалық және психологиялық қызмет бөлімі, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық орталығы, облыстық, аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің педагогикалық-психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.
Мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері:
- жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық
кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;
- писхологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып,
мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;
- мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша
оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуаоды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді; оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;
- педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің,
сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;
- мектептегі психология бөлмесінқұруды және қажетті құжаттарды
сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады;
- мектептегі писхологиялық қызметтің писхологиялық-
педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын қатаң түрде жүзеге асырады.
Мектеп психологы: жалпы, орта және кәсіптіс білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.
Психологтың негізгі мақсаты - психологиялық саулықтың негізі - баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.
Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді. Оқу мекемелері мамандардың кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады. /16/.
Қай елдің болсын, өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өз орнын алуы оны ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет.
Көрнекті психолог, профессор С. М. Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды. /17/.
Педагог-психолог мамандығына талдау жасағанда, мектептегі кәсіби қатынас мәдениетінің төмен екекнін көрсетеді. Мұнда ең аз дегенде үш себеп айтуға болады:
- Мұғалім оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынасқа көп көңіл бөлмейді және оны ұйымдастыруды ойламайды.
- Мұғалім практикалық жұмысында адам психикасына көз жұма қарайды.
- Әр мұғалімнің өзінің ортадағы кәсіби мәдениетінің жоғарылауына мән бермейді.
Үш мәселеде мынадай педагогикалық ситуацияда кездеседі:
- Сабақта материалдарды қандай мөлшерде және қалай жеткізу;
- Уақтылы оқу бағдарламасын орындау;
- Қайталауға және сабақты қорытындылауға қандай материалдар беру.
Мұғалім сабақ жүргізу барысында көп сөйлемейтін балалардың сенімділігін арттыру, белсенді балалардың белсенділігін түсірмеуді жоспарлайды.
Психологтар тек мектепте ғана емес, қоғамдағы түрлі мекемелерде де жетекші қызметтер атқарады.
Педагогикалық психологияның қалыптасуына сол кезде пайда бола бастаған әлеуметтік психология өкілі С. Т. Шацкийдің (1878-1934) қосқан үлесі орасан зор. С. Т. Шацкейге әлеуметтік-педагогтың субъектісі ретінде оның тұлғасы мен кәсіби құзырлығына қойылатын жалпылаған талаптарды қамтитын педагог моделін құрған.
XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүз жылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизикалық эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.
Педагогикалық психология эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психологияның осы кезеңінің басы П. Ф. Каптеревтың, Э. Трондайктың, Л. С. Выготскийдің кітаптарының атауларынан байқауға болады, сонымен қатар осы саладағы алғашқы эксперименталдық жұмыстардың пайда болуымен белгіленеді. Л. С. Выготский Г. Мюнстербергпен келісе отырып, педагогикалық психология - соңғы бірнеше жылдардың өнімі; бұл медицина, юриспруденция және басқа ғылымдармен бірге қолданбалы психологияның бір бөлігі болып табылатын жаңа ғылым екенін атап өтеді. Сонымен қатар бұл дербес ғылым. Шынайы педагогикалық мәселелер, есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту, зерде дамыту, дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т. б.
Осы кезеңде С. Л. Рубинштейн «Психология негіздерінде» оқу - білімді меңгеру деген жан - жақты сипаттама берді. Меңгеруді ары қарай әртүрлі тұрғыдан Л. Б. Ительсон, Е. Н. Кабанова-Миллер және т. б. ежіктеп зерттеген болатын. [26] .
Н. В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін ұсынды: [31] .
1) гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешеді;
2) жобалаушылық, бұл - оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
1. 2. Мектептегі психолог маман қызметінің атқаратын іс-әрекеті менмен ерекшеліктері
Мұғалім педагог мамандығы, сабақтастығының мың жылдық тәжірбиесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог-бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірбиені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы тұлға болса, мектепте психолог маман оқушы жанын түсініп, оның өмірде өз орнын табуға көмек көрсететін жан
Біз ғылыми зерттеу жұмысы барысында мектептегі психолог маманның психологиялық қызметі тоқталмас бұрын, мектептегі психолог маман іс-әрекетінің жылдық жоспарын көрсеткенді жөн көріп отырмыз.
Психологиялық қызмет іс-әрекетінің үлгі жоспары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz