Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым - қатынасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы:

Жеткіншектер қарым-қатынасының ерекшеліктері

Алматы 2008

Жоспар:

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

І. 1 Қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы.

І. 2 Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым-қатынасы.

І. 3 Жолдастармен қарым-қатынаста қойылатын талаптар.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Жеткіншектік кезеңінің баланың дамуындағы екрекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл -ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттырда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана - сезімнің, үлкендермен және жолдастармен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық - этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынанда, мінез- құлқы жағынанда ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойлап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз тапппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюыда, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістері сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және жұрттың осылай қарауына ұмтылады.

І. 1 Қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы.

Жеткіншектің жаңа праваларға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенде және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазаланғанға, оның мүдделерімен, көзқарасымен, пікірімен санаспағанға т. б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекке өзінің қадір - қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген правосынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады деп ұғынады. Ересектік қарым-қатынастың балалық кезде болған (баланың ересектермен қатынасындағы тең правосыздық жағдайын бейнелейтін) типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің праволарын шектейді де, өз праволарын ұлғайтады өзінің жеке басымен адамдық қадыр-қасиетін кұрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен тең айқын праволықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығымен бағынбауының түрлі формалары ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезінімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы праволарының мүлдем жаңа проблемесын туғызады.

Жеткіншек кезеңінің маңыздылығымен ерекше орын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамның қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады.

І. 2 Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым-қатынасы.

Жеткіншектің жолдастыры мен құрдастарымен, кластастарымен қарым-қатынасымен төменгі кластардағы балалардың қарым-қатынастарынан гөрі күрделірек, сан саналы, әрі мазмұндырақ. Жеткіншектік кезеңде жақындық дәрежесі жөнінде әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жеке дос нақпа-нақ саралайды. Олармен қарым-қатынас оқу әрекетімен мектеп шеңберінен барған сайын шыға берді, жаңа мүдделрді, кесіптерді, қарым-қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес және өте маңызды саласы болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр түрлі оқиғалар мен істер, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен қуаныштар молынан кездесіп, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды, ол осындай іс әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құндылыққа ие болады.

І. 3 Жолдастармен қарым-қатынаста қойылатын талаптар.

Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым-қатынастары көбінесе ересектермен қарым-қатынастарға тәуелсіз тіпті олардың дегендерімен ықпалдарына қарсы болып та қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұнымен даму логикасы болады. Егерде төменгі кластарда колективтегі алатын орны негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі мен қоғамдық белсенділігіне, яғни баланың ересектер қойатын талаптарды қалай орындайтынына байланысты болса, жеткіншектер үшін басқа қасиеттер: досы мен жолдасының қасиеттері, зеректігі мен білімділігі, батылдылығы өзін-өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды бола бастайды. Әр түрлі кластарда бұл жақсы жақтардың құндылық дәрежесінің түрлі баспалдағы бар, бірақ олардың біреуі жолдастық қасиеттер әрқашан бірінші орынға қойылады. Жеткіншектер әшейін танымал болып қана қоймай олардың ризалығымен құрметіне бөлену үшін ең алдымен жақсы жолдас болу керек. Осыған байланысты жеткіншектік кезеңінің басында танымал болған балалардың тобына өзгеріс болатыны жиі кездеседі: біріншіден, бұрынғы беделдер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады, екіншіден, класс активінің неғұрлым сыйлы әрі беделді жеткіншектер тобы болмауы жиі байқалады, өйткені көптеген мұғалімдердің активті құрғанда олардың жолдастық қасиеттерін ескермей үлгерімі жақсы және тәртіпті балаларды алатыны жиі кездеседі. Кластары үшін беделі аз актив- коллектив құрудағы және кластағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
13 жас дағдарысы
Жеткіншек бойындары өзгерістер
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық тұрғыда дамуы
Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің теориялық аспектілері
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz