Қазақ тіл біліімінде


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 128 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

Коммуникативтік лингвистиканың және тұрмыстық лексиканың қатысымдық негіздері (тұрмыстық лексиканы қатысымдық тұрғыдан қарастыру)

i Тұрмыстық лексиканың коммуникативтік семантикалық негіздері

1. 1 Коммуникативтік семантика теориясы және лексикалық мағына . . . 8

1. 2 Тұрмыстық лексиканы коммуникативтік семантика тұрғысынан зерттеу . . . 26

1. 3 Тұрмыстық лексиканың коммуникативтік мағынасына ықпал етуші тілдік және тілден тыс факторлар . . . 31

1. 3. 1. Сөйлеу актісі - коммуникативтік семантиканың пайда болуына әсер етуші басты фактор . . . 32

1. 3. 2. Тілдің даму кезеңі және қатысымдық семантика (тілдік бірліктердің қатысымдық семантикада жұмсалуындағы кезеңдік ерекшеліктер) . . . 44

1. 3. 3. Жеке тілдік тұлға (дүниетанымы, жергілікті ерекшелігі,

психологиясы, қоршаған ортасы, т. б. ) - сөздің коммуникативтік

семантикада жұмсалуына ықпал етуші фактор . . . 54

II ТҰРМЫСТЫҚ ЛЕКСИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ МЕН КОММУНИКАТИВТІК ҚОЛДАНЫСЫ . . .

2. 1. Тұрмыстық лексиканың макрокомпоненттері . . . 65

2. 2. Тұрмыстық лексиканың микрокомпоненттері . . . 79

2. 3. Тұрмыстық лексиканың коммуникативтік, семантикалық ерекшеліктері . . . 91

2. 3. 1. Тұрмыстық лексика бірліктерінің қатысымдық тұрғыдан жұмсалу ерекшеліктерімен себептері . . . 92

2. 3. 2. Қатысымдық семантикадағы актуалды мән ұғымы . . . 98

2. 4. Қатысымдық семантиканы тудырушы үрдістер . . . 106

2. 4. 1. Тұрмыстық лексиканың тура мағыналық қолданыстағы

актуалдануы . . . 110

2. 4. 2. Тұрмыстық лексиканың ауыспалы мағыналық қолданыстағы

актуалдануы . . . 116

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 119

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 123

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ұсынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасау міндетін айқындап берді [1] . Бұл орайда қазақстандық тіл біліміндегі дәстүрлі теориялық мәселелердің ғылыми негіздері мен зерттеу нысандарының этностық таным тұрғысынан қарастырылуы кезек күттірмес өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан, ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, ұлт тілінің даму көкжиегін «субьект - тіл - өркениет» триадасы (үштігі) негізінде нақтылау - тілдік саясат пен ғылымды жаһандандырудағы маңызды бағыттардың бірі саналады.

Жер бетіндегі түрлі этностар мен олардың әлемге көзқарасының‚ салт-санасының, дүниетанымының көрсеткіші болып табылатын тұрмыстық лексика - семантикалық, тақырыптық және семиотикалық тұрғыдан көп аспектілі мәселе. Ол ойлау мен танымның, сананың образды‚ субъективті-объективті ерекшеліктеріне ие, сондықтан тұрмыстық мәдени лексика - тілдік құбылыстардың ішіндегі номинациялық және семиотикалық модельдері барынша қалыптасқан тілдік бірліктер. Тіл қазынасындағы халық тұрмысынан хабар беретін, шаруашылық әрекетін танытатын алуан түрлі тұрмыстық атаулар мен тіркестер, олардың тілдік заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, бірізділікке түсіру, олардың мазмұн-межесіндегі кодталған әр түрлі ақпараттарды айқындау қазіргі тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.

Сан мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өмірінен мол мәлімет беретін, осы халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты сөздер лексиканың үлкен бір саласын құрайды. Лингвистикада бұл ұғым екі түрлі мағынада қолданылады: а) адамдардың күнделікті тұрмыста қолданған заттары мен бұйымдарының атауы; ә) күнделікті тұрмыста, қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі сөйлеу тілінің аясындағы сөздер.

Соңғы уақыттағы лингвистикалық зерттеулерде сөз мағынасы әр қырынан зерттелініп жүр. Әсіресе, сөз мағынасын тілдік және сөйлеу актісі тұрғысынан қарастыруға баса мән берілуде. Мұндай зерттеулердің басты бағыты сөз мағынасын қатысымдық (коммуникативтік) семантика аясында - қатысым жағдайындағы сөз мағынасының қызметін, мақсаты мен қатысымдық мақсатқа жету жағдайын айқындау негізінде жүзеге асырылады.

Семантикаға деген терең қызығушылық, психолингвистикалық зерттеулердің кең қанат жаюы, мәтін семантикасына деген жаңаша көзқарастар тілдік деректер мағынасының әлдеқайда терең, көлемді де күрделі мәселе екенін, практикалық қолданыста аса маңызды болып табылатын семантикалық талдаулардың қажеттілігін айқындап берді. Осыған байланысты тілдік шындықтың қатысымдық актіге сай келетін үлгілерін зерттеу мәселесі туындады. Қазіргі семасиологияның теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізінде қатысымдық семантика бағыты қалыптасты. Мағынаның қолданыстық сипаты осы қатысымдық семантика аясында жүзеге асырылады. Қатысымдық семантика - тіл білімінде әлі де толық қалыптаспаған тың лингвистикалық сала. Сондықтан болар, тілдің қатысымдық аспектісі жайлы ғалымдар пікірі әрқилы. Дегенмен, барлығының пайымдау-тұжырымдары, көзқарастары бойынша, қатысымдық семантика - қарым-қатынастағы белгілі бір мақсат үшін жұмсалған лексикалық мағынаның көрсеткіші.

Терминнің мазмұнын айқындауды, мәселенің тілдің даму барысындағы, қолданыс шеңберіндегі ерекшеліктерін қарастыруды өзекті мәселелердің біріне жатқызуға болады. Осы мақсаттарды ескере отырып, зерттеу жұмысында қазақ тіліндегі тұрмыстық лексиканың, атап айтқанда киім атауларының құрылымдық ерекшеліктеріндегі қатысымдық семантика сипатын ашуға ұмтылыс жасалды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі уақыттағы семантикадағы өзекті мәселелердің бірі - сөз мағынасының қатысымдық ерекшеліктері. Сөз мағынасының қолданыстық сипаты арнайы қарастырылмағанымен, А. Байтұрсынов Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақ тіл біліміндегі тұрмыстық лексика бұған дейін де этнографиялық, тарихи, этнолингвистикаллық, лексика-семантикалық, этимологиялық тұрғысынан қарастырылып келгені белгілі. Осы зерттеулерден көз жеткізгеніміздей, тұрмыстық лексика бірліктерінің қатысымдық семантика тұрғысынын қарастыруды қажет ететіні анық байқалады. Тұрмыстық лексика бірліктері тек қана атауыштық қызмет атқармайды. Сонымен қатар қарым-қатынастық та рөл атқарады. Оның бұл қызметі тілдік қатынастың ерекше түрі - сөйлесім әрекеті арқылы жүзеге асады. Кез-келген тіл бірлігінің мағынасы, оның толық табиғаты сөйлеуде ашылады. Яғни сөйлеу актісі - тіл бірліктерінің жүзеге асатын, қолданысқа түсіретін орта болып табылады. Сондықтан да қатысымдық бірліктердің қолданыстық сипаты осы орта арқылы ашылмақ. Сонымен, тілді сөйлеу арқылы, сөйлеуді тіл арқылы түсіндіру қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі болмақ.

Зерттеудің нысаны - қазақ тіліндегі тұрмыстық лексика (қазақ тіліндегі киім атаулары), оның құрылымдық қатысымдық ерекшеліктері.

Зерттеудің пәні - қазақ тілі сөздік қорының негізгі бөлігін құрайтын тұрмыстық лексиканы коммуникативтік семантика тұрғысынан талдау.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - қазақ тіліндегі мол сөздік қордың бірден бір көрсеткіші болып табылатын тұрмыстық лексиканың коммуникативтік семантикасын сипаттау арқылы киім атауларының қолданысындағы тілдік және тілден тыс факторларды көрсету.

Негізгі мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің шешім табуы қажет:

  • лексикалық мағынаны қатысымдық тұрғыдан қарастырудың теориялық мәселелерін анықтау;
  • тілдік бірліктердің қатысымдық семантикада жұмсалуындағы кезеңдік ерекшеліктерді сипаттау;
  • қатысымдық семантиканы жүзеге асырушы тілдік тұлға ерекшеліктерін ашу;
  • қатысымдық семантиканың негізгі аспектілеріне шолу жасап, тұрмыстық лексиканы қатысымдық аспектіде қарастырудың қажеттілігін айқындау;
  • қатысым үрдісіндегі семантикалық ерекшеліктерге тоқталу арқылы тұрмыстық лексикадағы киім атауларының құрылымдық табиғатына сараптама жасау;
  • тұрмыстық лексикадағы киім атауларының қатысымдық мағынасына себеп болған мәнбірлерді көрсету;
  • тұрмыстық лексикадағы киім атауларының тура және ауыспалы мағынадағы қолданыстық актуалдануын талдау .

Зерттеу материалы ретінде жалпы іріктеу негізінде жинақталған қазақ тіліндегі тұрмыстық лексика, аталған тілдік бірліктерге қатысты лексикалық оралымдар пайдаланылды. Жиналған тілдік деректердің жалпы саны - . . . жуық.

Зерттеудің дереккөздері ретінде тұрмыстық лексикаға қатысты әдебиеттерден алынған 1500-ге жуық картотекалық қор мен лексикографиялық еңбектерден, қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінен, көне түркі сөздігінен, қысқаша этимологиялық сөздіктен, диалектологиялық сөздіктен, М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан, «Қазақ» және «Дала уаляты» газеттерінен, әр түрлі тарихи- этнографиялық әдебиеттерден жиналған мәліметтер пайдаланылды. Тұрмыстық лексиканың қатысымдық, мағыналық ерекшеліктерінің табиғатын ашуда коммуникативтік семантикаға, құрылымдық лингвистикаға қатысты жетекші теориялық әдебиеттер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • қазақ тілі деректеріне негізделіп, бірінші рет тұрмыстық лексика қатысымдық аспектіде қарастырылды;
  • тұрмыстық лексиканың қатысымдық мағынасының қалыптасу жолдары қарастырылды;
  • зерттеуде тұрмыстық лексиканың әр кезеңдегі қолданыстық ерекшеліктері айқындалып, олардың семантикасы қарастырылды;
  • актуалды мән ұғымы айқындалды;
  • тұрмыстық лексиканың ірі және уақ құрылымдық компоненттері талданды;
  • тұрмыстық лексиканың қатысымдық мағынасы, оның қолданыстық ерекшеліктері көрсетілді;

Зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Зерттеуде контекстік, стилистикалық, компоненттік талдау, сондай-ақ сипаттамалы, салыстырмалы әдістер, материалдарды жаппай жинақтап сұрыптау, топтастыру тәсілдері қолданылды.

Зерттеудің теориялық өзегі . Жұмыстың ғылыми теориялық негізі ретінде жалпы тіл біліміндегі, орыс және қазақ тіл біліміндегі лексикология, семасиология, коммуникативтік семантика теориясына, құрылымдық лингвистика мәселесіне арналған, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық лексиканы сөз ететін зерттеу жұмыстарына жүгіндік. Атап айтқанда қазақ тілінің көшбасшылары А. Байтұрсынұлының, Н. Сауранбаевтың, С. Аманжоловтың, сондай-ақ қарастыратын тақырып аясында өнімді еңбек еткен Ә. Қайдаров, М. Оразов, Ж. Манкеева, Б. Қалиев, Э. Сүлейменова, Ф. Оразбаева, З. Ерназарова, Г. Смағұлова, Б. Қасым, Б. Шалабаевтың және орыс тіл білімінің, шетелдік лингвистиканың көрнекті өкілдері Г. В. Колшанский, И. А. Стернин, В. В. Виноградов, Б. Брудный, В. Васильев, В. Г. Гак, Е. И. Шейгал, Ш. Балли және т. б. еңбектері, көзқарастары мен тұжырымдары басшылыққа алынып, тұрмыстық лексиканың құрылымдық, қатысымдық ерекшеліктеріне талдау жасауға негіз болды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу жұмысының ғылыми нәтижелері мен ұсынылған ғылыми тұжырымдар қатысымдық семантиканың зерттеу бағыты ретінде қалыптасуына және оның өзекті мәселелерінің зерттелуіне негіз болады. Сөз мағынасының табиғатын тереңірек тануға жол ашады. Диссертацияның негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында лексикология, семасиология, семантика салаларынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, коммуникативтік лингвистика теориясын баяндайтын лекцияларда, осы тақырыпқа арналған жаттығулар топтамасын жасауда, арнайы семинар курстарында, түсіндірме және тақырыптық сөздіктер құрастыруда, қазақ тілін практикалық тұрғыдан оқытуда қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • коммуникациялық үрдісті айқындауға негіз болатын ең басты алғышарттардың бірі - семантикалық мәнбір. Тілдің қатысымдық қызметі тілдік қарым-қатынастың ойлау жүйесімен байланысты туатын мазмұндық корпусымен рәсімделгенде ғана жүзеге асады. Оның ойлаумен байланысты туатын мазмұны коммуникация нәтижесінде тілдік бірліктер семантикасы арқылы көрініс табады. Коммуникацияның құрамдас бөлшектерінің семантикасы - тілдік бірліктер семантикасы, когнитивтік мазмұн және тілдік қарым-қатынастағы ойлау механизмі - құрылымына негізделеді;
  • сөйлеу актісін нақтылы қатысымдық үрдісте қарастыру олардың әрқайсысының мақсатты түрде прагматикалық, семантикалық мәселелерді шешуге бағытталғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Тілдік қатысымның әрбір сөйлеу актісі тұтас немесе дербес күйінде қатысым иелері тұрғысынан жеке тұлғалық сипатқа ие. Қарым-қатынас барысында түзілген мәтіннің ең түйінді мазмұны субъективті нұсқа түрінде көрініс табады. Қатысымдық семантиканың туындауына сөйлеу актісінен көрінетін жеке тілдік тұлғаның жаратылысы, болмыс бітімі, табиғаты, әлеуметтік жағдайы, оның ортасы, когнициялық ой танымы, көзқарастары мен ұстанымдары сияқты бірқатар мәселелер кешені басты тұғырнамалық қызмет атқарады.
  • қатысымдық мағына - өз бойында таза тілдік және тілден тыс ақпараттық білімді жинақтаған, нәтижесінде сөз мағынасының тілдік қарым-қатынаста актуалдануының жемісі болып табылады. Қатысымдық семантика сөз мағынасының функционалдық қызметін саралауға мүмкіндік береді;
  • халықтың сөздік қорындағы тарихи және мәдени даму негізінде қалыптасқан киімге қатысты лексика өзінің даму барысында әр түрлі тілдік ауытқуларға, әр кезеңдегі әдет-ғұрып, салт-сана, қоғам құбылыстарына байланысты алуан семантикалық өзгерістерге ұшырап отырды. Бұған дәлел - қазақ киім атауларының тұрмыстық лексика саласында ең белсенді сөздік қор ретінде өз алдына дербес топ құрайтындығы. Қазақ киім атауларының пайда болу, қалыптасу дәстүріне өзге туыс, көрші халықтардың да әсері болмай қалған жоқ. Мұның барлығының тілде өз көріністерін тауып отыруы - заңды құбылыс. Сондықтан киім-кешек атаулары, оларға қатысты қалыптасқан лексикалық топ коммуникативтік акт тұрғысынан қарастырылғанда сөйлесім кезінде байқала бермейтін бірегей лингвистикалық құбылыстардан хабардар етеді.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Жұмыстың негізгі мазмұны Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған «C. Аманжолов тағылымы» атты ғылыми әдістемелік (Алматы, 1999), «М. Әуезовтің рухани әлемі мен классикалық әдебиет: Жастар көзқарасы. Ұрпақтар сабақтастығы» атты жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-теориялық (Алматы, 2000), Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналып Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика институтында өткізілген «Түркітану мєселелері: бүгіні мен болашағы» атты (Алматы, 2001), халықаралық ғылыми-практикалық, Қазақ ұлттық техникалық университетінде өткен « Жас ғалымдар - Қазақстан тәуелсіздігінің 10-жылдығына» халықаралық, Д. А. Қонаев атындағы Орта Азия университетінде өткен «Государственнная независимость Центрально- азиатских стран: итоги и перспективы» атты ғылыми-практикалық конференция жинақтары мен республикалық басылымдарда 3 тезис, 7 мақала күйінде жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, екі бөлімнен, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және Қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысының жалпы көлемі - . . . бетті құрайды.

1 КОММУНИКАТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЛЕКСИКАНЫҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ ( тұрмыстық лексиканы қатысымдық тұрғыдан қарастыру)

1. 1 Коммуникативтік семантика теориясы және лексикалық мағына

Лингвистика өз алдына дербес жеке ғылым саласы ретінде қалыптасқаннан бастап тілдік бірліктердің семантикасын - алғашында негізгі нысаны етіп сөз семантикасын (лексикография) кейіннен айтылым семантикасын, грамматикалық формалар семантикасын әсіресе, сөйлем семантикасын, (синтаксистік семантика) мәтін семантикасын сатылай қарастырып келеді. Сондықтан тіл білімінде семантика негізгі зерттеу нысандарының біріне айналып үлгерді. Сөз семантикасы мен ондағы құбылыстар, үдерістер жалпы тіл білімінің тарихында қай кезеңде де қарастырылып, қазірге дейін әр түрлі ерекшеліктері бойынша зерттеу нысаны болып келеді.

Белгілі француз ғалымы Г. Гиро семантиканы: лингвистикалық, логикалық, психологиялық, логикалық деп бөледі. Бұл семантиканың кең мағынасындағы топтастырылуы. Тілдегі тар мағынасындағы семантика жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің семантикасымен байланысты қаралып келді. Ал қазіргі лингвистикадағы семантиканың қарастыратын ауқымы мен ұғымдық бөлшектері анағұрлым алғашқы сөз семантикасын қарастыруға қарағанда басқаша және күрделі.

Лингвистикалық семантика өзінің пәні етіп сөздердегі, морфемадағы, грамматикалық формалардағы, синтаксистік құрылымдардағы мазмұнды қарастырады. Бірақ тілдің барлық деңгейлерінде: лексика, морфология және синтаксисте лингвистикалық семантика аясында жеке пән ретінде танылғанына көп уақыт болған жоқ. Бұл ағылшын семасиологы Ст. Ульманның еңбектерінен бастау алады. Бұрын семантика деп тек лексикалық мағынаны тануды айтып, ал грамматикалық және сөзжасамдық мағыналар грамматика саласында қарастырылып келді [1] .

Лингвистикалық семантика өз алдына жеке ғылым саласы ретінде ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қалыптасты. Оның негізін қалаушылар неміс ғалымы Х. Рейзиг, француз лингвисі М. Бреал, орыс тіл білімінен М. М. Покровский болды. Бұған қарап тілдің семантикалық аспектісі бұрын мүлде қарастырылмаған деуге болмайды. Семантикалық негізгі мәселелер: мағына, таңбалану, ойлау және шындық т. б. антикалық дәуір, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірлерінде-ақ ғалымдар назарын аударған, бірақ ХІХ ғасырдың аяғына дейін семантика мәселелері философия, логика, риторика, грамматика, лексикографияның нысаны болып келді [2, с 9] .

Коммуникативтік лингвистикаға дейінгі лингвистика өзінің қалыптасуының алғашқы кезеңінде негізгі зерттеу нысаны етіп - жеке сөздердің және сөздер тобының этимологиясын зерттеді. Зерттеулер психологиялық негізді басшылыққа алды [3, с 4 ] . Сөз мағынасының өзгеру типтері және осы өзгеру себептерін айтушының, жеке тұлғаның психикасымен тікелей байланыстыра қарастыруға баса мән берілді.

Жеке сөздер мен сөздер тобының мағынасы оның қолданыстағы қалпын, тарихи дамуын қарастыратын дәстүрлі лексикалық семантикамен қатар, бүгінде басқа да жаңаша бағыттар даму үстінде. Мәселен: құрылымдық семантика, туындаушы семантика, коммуникативтік семантика, интерпретивті семантика, психолингвистикалық семантика және т. б.

Жұмыста осы мағыналық түрлерді бір-бірінен ажыратып алған жөн.

Құрылымдық семантика. Бұл бағыттың негізін салушылар: М. Покровский, Р. Миттер, Ф де Соссюр, Л. Ельмслев, И. Трир, Л. Вейсгербер, т. б. Құрылымдық семантика қазақ тіл білімінде қазірге дейін кеңінен талданып жүр. Бағыттың негізгі мақсаты - тілдік мағынаны жүйелі байланыста қарастыру. Тіл мен сөйлеуде құрылымдық семантика мынадай тізбектер арқылы беріледі: схема-норма-қолданыс-акт.

Туындаушы семантика генеративті лингвистика негізінде қалыптасты. Бұл бағыттың негізгі мақсаты - тіл моделінің құрылымдық жүйесін «мағынадан мәтінге» қарай және «мәтіннен мағынаға» қарай қалыптастыру. Туындаушы семантиканың басқа трансформациялық мектептерден өзгешелігі, мұнда ішкі құрылым деңгейі тайыз, өйткені, транцформациялық ереже әлі аяқталмаған семантикалық құрылымда қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар туындаушы семантика мағынаның және грамматикалық жүйенің ұғымын теңдестіреді. Туындаушы семантиканың бір қызметі сөйлемнің семантикасы мен логикалық аспектісін нақтылау деп есептеуге болады [4, 283 б. ] .

Семантикаға деген терең қызығушылық, психолингвистикалық зерттеулердің кең қанат жаюы, мәтін семантикасына деген түрлі жаңаша көзқарастар тілдік бірліктердің семантикасының әлдеқайда терең, көлемді де күрделі мәселе екенін, практикалық қолданыста маңызы болатын семантикалық талдаулардың, соған сәйкес жүйелердің қажеттілігін айқындап берді. Осыған байланысты күн тәртібіне тілдік нақтылықтың (шындықтың) қатысымдық (коммуникативтік) актіге сай келетін үлгілерін жасау мәселесі туындады. Сөйтіп, коммуникативтік лингвистика - қазіргі семасиологияның теориялық және практикалық қажеттіліктерінен туындаған ғылым саласы болып қалыптасты.

Кейбір авторлар коммуникативтік лингвистиканың қарқынды дамуын, дәстүрлі «парадигматикалық» лингвистиканың күрделі нәтижелер бермеуімен байланыстырады.

Қазіргі таңда коммуникативтік лингвистика теориялық алғышарттарына, зерттеу тәсілдері және зерттеу материалдарына байланысты әр түрлі бағытта дамып келеді. Коммуникативтік лингвистикаға жататын төмендегідей лингвистикалық бағыттарды атауға болады:

  1. «сөйлеу актісінің теориясы», (Searle, 1969; Austin, 1979; Sadock, 1972)
  2. «дискурсивті семантика» (Филлмор, 1983),
  3. «процессуалды семантика» (Виноград, 1976, 1983),
  4. «коммуникативтік синтаксис» (Арутюнова, 1976, Золотова, 1982),
  5. «контекстік лингвистика» (Колшанский, 1980)
  6. «лингвистикалық текст» (Николаева, 1977; Гиндин, 1977)
  7. прагмалингвистикалық әр түрлі бағыттар (Степанов, 1981, Булыгина, 1981; Демьянков, 1981; Stalnakep 1972 Kempson 1976, Leeh, 1980) [5] .

Семантика мәселесін зерттеген ғалымдардың, бағыттардың қай-қайсысының да мақсаты - мағына өзгерісіндегі құбылыстарға көз жеткізе түсу. Сол бағыттардың негізінде қалыптасқан зерттеу бағдарларының бірі - коммуникативтік семантика.

Коммуникативті семантика, жалпы коммуникативті грамматикаға қатысты зерттеу тақырыптарының өзі тіл білімінде әр түрлі пікірлерге, қажеттілік және қажеттілігі жоқ деген бағыттағы пікірлердің қатарына ілігіп жүр. Коммуникативті тілдік ерекшеліктер ғалымдар тарапынан бірде мойындалса, бірде құрылымдық грамматиканың ауызекі сөйлеудегі көрінісін шартты бөлек терминмен, яғни «коммуникативті грамматика», сол сияқты семантикаға келсек, «коммуникативті семантика» терминімен атаудың қажеті жоқтығы көрсетіледі. Бұл қазірге дейін талданып келіп, соңғы жылдар еншісінде тіл білімі деңгейінде коммуникативті грамматиканың мәселелері мойындалып, талдана бастады. Соның бірі - коммуникативтік семантика немесе қатынас барысында қолданысқа түсіп, өзгеріп, түрлі мағыналық үдерістерге ұшырайтын қатысымдық семантика. Қатысымдық семантиканы қазақ тіл білімінде коммуникативтік семантика терминімен жарыспалы қолдану үрдісі де бар.

Қатысымдық семантиканың басты негізі - қатынас негізінде қалыптасқан, өзгеріске ұшыраған, қатынас мақсатына жұмсалған сөз семантикасы.

Коммуникативтік семантиканың қарастыратын нысаны тек сөз, сөз тіркестері немесе сөйлем семантикасымен, тіпті мәтін семантикасының мазмұнын ашумен шектелмейді. Қатысым барысындағы грамматикалық тұлғалар мен категориялардың да семантикалық өзгерістерге ұшырап, полифункционалды сипат алуда. Қатысым семантикасы - қатысымдық бірлік қызметіндегі тілдік өзгеріс. Қатысымдық мағынаның пайда болу себебі де тілдегі бірліктер мен грамматикалық мүмкіндіктердің әр түрлі қатысымдық қызметтерді орындауға ұмтылысы нәтижесінде пайда болады.

Қатысымдық семантиканың пайда болуына қазақ тілінің ішкі тілдік табиғаты да икемді. Оған негіз - көпөрісті қолданысқа ие бола алатын сөздердің қатысым барысында екінші бір сөзге синоним бола алу қабілетінің жоғары деңгейі.

Сондықтан коммуникацияға қатысты тілдік деректердің, олардың ерекшеліктерінің өзектілігі жоғары болып тұрғанда, коммуникативтік семантика аясында да коммуникативтік семантика мәселесі - зерттеу жұмысының басты нысаны болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Абай поэзиясының тілі
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz