Жібек жолы одан


МАЗҰНЫ:
КІРІСПЕ
I - тарау. Жібек жолының пайда болуы және даму тарихы
- Жібек жолының пайда болуы
1. 2. Жібек жолының тармақтары
- Сауда мен мәдениеттің дамуындағы Жібек Жолының маңызы
II тарау Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы
ортағасырлық қалаларға тигізген әсері
2. 1. Сырдария бойындағы ортағасырлық қалалар
2. 2. Талас және Шу бойындағы қалалар
2. 3. Балхаш бойындағы ортағасырлық қалалар
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Адамзат керуенінің қилы-қилы санамызда сайрап жатыр. Ұрпақ тізбегі ауысқанмен тарихтың өзі таңдаған киелісі - өркениетті елдің мәңгілік символы мен ардағына айналып, рухани тұтастықтың туындай сараланады.
Қазақ тарихында осындай әлемге әйгілі адамзат мойындаған, мәңгілік мақтанышы тарихы - Ұлы Жібек жолы.
Рухани - әлеуметтік өмірдегі орны бар, дүние жүзі тарихын дүбірлеткен Жібек жолы тарихының қыр-сырын диплом жұмысында жазуды көздедім.
«Ұлы Жібек жолы » - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстардың тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы.
Тірлік істеп бар жапанды шарлайды,
Ақыл есін бір құдайға арнайды.
Туар дан - батар беттеп кезеді
Тауып сенің тілегіңді келеді.
Дүниенің таңсық қымбат нәрсесі
Көп оларда ей, Ер, биік еңсесі -
деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, 1 олардың бойымен іскер, көпестер жасақтаған керуендер ағылып жатты. Қалалар біздің поанетамыздағы кішкендай әлемдер қалалар әрі сонау көне дәуірде, әрі бүгінлгі өмір, әрі ертеңгі болашақ. 2 Әсіресе әбден қирап, үйндіге айналп кеткен көне қалалар туралы жазу қиын. 1
Бір кезде оларда қайнап тұрған тіршілкті тірнектеп, жазба ескерткіштерге шашылып жатқан деректер, археологиялық қазба жұмыстарымен, зерттеулердің материалдары арқылы қалпына келтіруге тура келеді.
Археология тәрізді ғажап ғылым мен ғалымдар еңбегінің арқасында Ұлы Жібек жолындағы ертедегі қазақстандық қалалар жайында сөз қозғау мүмкін болып отыр.
Қазақстан мәдениеттің көп қырлылығын археологиялық материалдар дәлелдеп отыр. Оның қалыптасуына Қытаймен, Таяу және Орта Шығыспен, Орта Азиямен, Еділ бойымен, Орал өңірімен, сібірмен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар зор ықпал жасады. әр түрлі мәдениеттердің, әр түрлі мәдени аймақтардың өзара әрекеті мен өзара ықпалы этногенездің дамуында да аса маңызды фактор болды. Орталықтары Қазақстан аумағында болған батыс түрік қағенаты, Түркеш, қарлұқ қағанаттары және кейініректегі Қарахандар мемлекеті өз мәдениетіне әр түрлі этникалық дәстүрлерді жасампаздықпен жинақтаған орта ғасырлық мемлекеттік құрылымдар болғаны анықталды.
Археологиялық институтының аса маңызды ғылыми бағдарламаларының бірі халықаралық «Ұлы Жібек жолы: мәдениетінің сұхбаты» болып табылады. Ол Қазақстанда дәстүр бойынша зерттеліп келген, айтарлықтай табыстарға қол жеткізіліп, қызықты жұмыстар тындырылған. Ертедегі және Орта ғасырлық Қазақстанның өркендеуіне, қала мен даланың, өзара әрекетіне байланысты мәселелерді қамтиды.
ΥΙΙΙ - ХΥΙΙΙғғ. Аралығында жазылып шығыс тілдеріндегі жазба деректер мәліметтерінде қалалар атауы туралы айтылған.
Х ғасырдағы кім жазғаны белгісіз зерттеу - 5 парсы тіліндегі Худуд - Әл- Алаш шығармасында орта ғасырдағы Талхир қаласы саналатын ірі Талғар қаласының болғандығын дәлелдейді. Жергілікті қала мәдениетінің өзіндік ерекшелігі туралы да қорытынды жасаған, сонымен қатар оның мәдениет пен мұсылман дүниесінің дамуымен байланысты көрсетілген.
Бұл тақырыпта қалам тартқан ғалымдар көп. К. Байпақов пен А. Нұржановтың «Ұлы Жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан» атты еңбегінде Жібек жолы тақырыбы көптеген ғалымдардың деректеріне сүйене отырып талдау жазылған, У. Байпақов пен К. Байбосынның ұлы Эібек жолы және Тараз атты кітапшасында орта ғасырлық Тараз маңындағы қалалар тарихы жөнінде жан-жақты зерттелген.
Диплом жұмысы үлкен екі тараудан, 6 бөлімнен тұрады.
Ұлы Жібек жолы тақырыбы көне заманнан бүгінгі дейін Қазақстан тарихының оқулықтарында, К. Рысбайұлының, Х. Маданов., Ч. Мусин., Н. Мыңжанның еңбектеріндеде орын алған. К. Рысбайұлының «Көне Тараз еңбегінде» Тараз қаласы жөнінде жан-жақты жазылған.
І - тарауды Жібек жолының пайда болуы және даму тарихы деп алып, Жібек жолының пайда болуы, тармақтары, сауда және мәдениеттің дамуындағы Жібек жолдының маңызы туралы қарастырылған.
ІІ - тараудағы Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық қалаларға тигізген әсері деп алып, Сыр бойындағы, Талас және Шу бойындағы, Іле алқабындағы қалалар тарихына, мәдениетіне, жеке-жеке тоқталып, ашып, зерделеп жаздым.
I - тарау. Жібек жолының пайда болуы және даму тарихы
- Жібек жолының пайда болуы
«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай қадеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді - ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (бұдда дініндегі - ауд. ) қажы Сюань -Цзан 629 жылы «Бұдданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шындап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға дәни мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань - Аньнан шыққан саудагерлердің қоспақ - түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап, Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті, Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь - Шаньның солтүстік бөліктерімен мұздақ тауларын, шамасы, Музур - Ола жоталарын басып өткен Сюань - Цзян мен оның сапарластары «Көкмөлдір көлге » жетті. Оның «Ыстық көл» деп аталуына қарай кәдімгі Есік көлін еске түсіру қиын емес. Қажы осы өзенді айналып өтіп, Батыстағы шекарасы сонау Қара теңізге дейін созылып жатқан байтақ мемлекеттің әміршісі - түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань - Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл жателдіктердің аттары керемет екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жалаң басына ұзындығы бір чжан (3, 2м) , ұштары желкесіне түскен жібек шалма (сәлде) орап алған. Оған оқалы-зрлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар - тұлымдап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киім, бастарына жұмсақ бас киімдер киіп, айбалта, садақ асынып, ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес»
Қағанның өзін қалай сипаттай отырып, Сюань- Цзян түрік зиялыларының салтанатты жібек киімдерінің молдығын бірнеше қайтара ауызға алады, сонымен бірге өзіне көрсетілген сый -сияпат ішінде: «Қызғылт түсті жылтыр шыттан тігілген неше алуан киімдер санатын және елу кездеме жібек » бергені жөнінде хабарлайды.
Бұл әңгіме барысында ежелгі жәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.
Егер «Жібек жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ -ІІ мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотон аймағындағы Яркент (Жаркент) - Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотомияға, Анатолийге, Египет епн Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, І мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.
Орта Азия мен Шығысты Жерорта теңізімен және Үндімен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нифрит жолы » Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.
Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келеді. Алайда Чжецзян провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай археологтары неолит дәуріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750 - 100ж. Оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде - ақ, яғни бұдан бес мың жыл бұрын дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан кешіп үлгергенін көрсетіп берді. Біздің дәуірімізге дейінгі VI -V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде Батсқа да шығарыла бастады. Алтайдағы Пазырыктың «патша» қорғандарының бірінен біздің дәуірге дейінгі V ғасырды көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген жібек жамылғы табылды. Сондай - ақ Оңтүстік және Батсы Европа аудандарынан біздің дәуірімізге дейінгі VІ - V ғасырларға жататын қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады. Дегенмен зерттеушілер, оның ішінде Ма Юн мен А. П. Франкфор тәрізді көрнекті ғұламалар жіьек жолы жөнінде, оны VІ - ІV ғасырларға жатқызып, осы бір асыл тауар шамамен 40 параллель бойында жатқан далалық аймақпен, яғни Хуанхэ өзенінің үлкен иілісінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан даласы мен Қара теңіз жағалауын басып өтіп, гректер мен этрустар жеріне жеткіщзілді деп жобалауға болады дей қоярма екен. Соңғылары тіпті «Жібек елінің» өзі қайда екенін де бұлдыр хабардар еді. 1
Бұл кезде жібек Үндіге де жеткен - ді. Оған Үндінің «синапатто» - «қытай жібегі» деген сөздері куә, ал бұл сөздер біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда жазылған «Архашастра» (саясат ғылымы) трактатында кездеседі.
«Жібек жолы» тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У - Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсағане князі Чжон - Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон - Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды.
Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні Орта Азияның Зеравшан және Қашқадарияда алқаптарын мекендеген Соғда елінің саудагерлері қолына көшті. Шығыс Түркістанның «Тохар» қалаларында және Қытайдың Ланч- жау, Дуньхуан, Чаньан тәрізді қалалрында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен, Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылар Жібек жолы таусылған жерден Жапонияға басып кіріп, жапонның ежелгі астанасы Нарды биледі. Сондағы храмдардың бірінен соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
Жібек жолы ІІ -V ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ, Чаньниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан - Шаньнің солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла- Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айырылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді; ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактирияға, Үнді және Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы » аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұқара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді.
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VІ - VІІ ғасырларды барынша жандана түсті. Жолдардың бұлайша алмасуының себептерін былайша түсіндіруге борлады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап, отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VІІ ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да V ІІ-ХІV ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның не анау не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал, кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VІ - VІІІ ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия -Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан- Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстық көл қазан шұңқыры - Шығыс Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын - Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда - дипломатиялық одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен ІХ- ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды.
Алайда, ол жол ХІІІ -ХІV ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің (көпестердің ) және басқа саяхатшылардың талап - талғамдары реттеп отырды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениетөркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықш тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық - саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір - біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүние жүзілік өркениеттің қызыл арқау күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір - біріне осылайша кірігуі, сондай - ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі VІ -ІІІ ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандағы қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде -ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ жонжарларының қабірінен табылған Қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінген аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдар да куә бола алады. Қам кесектен (өңделмеген кірпіштен) салынған Түгіскендегі сәулетті де берік үй там (мазар) құрылысы оған шетелдік шеберлер қатыстырылған болуы керек деген ойға келтіреді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ және І мыңжылдықтың орта шеңінде үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, Жібек жолы жұмыс істеп тұрған кезде мұнда римдік әйнектер мен теңгелер (монеталар), қытай жібегі мен айналары, сырлы ыдыстар, европалық қарсы ілгектер (фибуда) мен Сасанид Иранынан әр түрлі мөр тастар жеткізіліп тұрған. 2
1. 2. Жібек жолының тармақтары
Шу, Талас және Сырдария алқаптарында мұнаралы қорғандармен қоршалған қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектері орналасқан елді мекендер қалыптаса бастады. Солардың көпшілігі дерлік қазір Тянь - Шань тауы етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр. Әсіресе мұндай қалалыр Арал маңындағы, Жетібасар шатқалындағы шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Олардың күн күйдірген сарғыш қабырғалары мен жазық алқапта қарата салған ойық терезелі, жебе тәрізді мұнаралары, әлі күнге дейін қисаймай тұр, ал тақрлардың астында ірі-ірі ежелгі мазарлар жасырынып жатыр.
VІ ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан -ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелі мемлекеті - Түрік Қағанаты құрамына кірді.
Қағанат VІ ғасырда Шығыс түрік және Батыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Соңғысының орталығы Жетісу, ал астанасы суяб қаласы болды.
Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуіне септігін тигізді.
Бұл жерде осындай қалалардың қаулап өсуінің өзі К. Маркстың керуен жолы шығыс қалаларының гүлдеуіне айырықша роль атқарды деген ойын әрі айқындай түседі.
Егер І мыңжылдықтың алғашқы жартысында үйсін билеушілерінің орталығы болған екі қаланың ғана- Чигу мен Жетісудің аттары аталса, VІІ ғасырдың бас кезінде Сюань- Цзян осындай оңдаған қалалар бар екені жөнінде хабарлайды. Олардың ішіндегі ең ірілері Суяб пен Тараз және кейін Испиджаб аталған «Ақсудағы қала» болды. V ІІ-VІІІ ғасырлардағы сапарнамаларында және VІІ -ХІІ ғасырлардағы жиһанкездерінің жазбаларында аттары аталады.
Өзара талас - тартыстар мен жортуыл - жорықтар, сондай - ақ Қытайда теңіз жолдарының игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып, күйдіруге жеткізгенге дейін, яғни ХІV ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолынан керуен арылған жоқ.
Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің сыр - сипаты, міне, мынандай еді. Жол Шаштан (Ташкенттен) Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, қытай сапарнамасында Испаджаб «Ақ өзендегі қала» аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі бойынша «Испаджап деп аталған Ақ қаланың (Ал мединат ал - Байда) шын атауы - Сайрам». Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған қалашық та (поселка) осылай аталды. Оның орнында бұрын Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерге тоқтайтын, ойткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда құрылыстары (базары) мен керуен сарайлары болды, ал Испиджаб көпестері Мерв, Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб ибн Абдаллақ ал Балх раббадында өздерінің сауда саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару - жарақ, қылыштар, мыс пен темір сатылатын.
Керуендер Испиджабтан Шығыс Таразға Шараб, Будухет, Керуен - Сарай, Тамтадж, Абардадж қалалары арқыл жүріп өтетін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz