Технология - педагогикалық әдістердің жиынтығы түрінде көрсетілген педагогикалық жүйе


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Химия факультеті

Жалпы химия және химиялық экология кафедрасы

Магистрлік диссертация

ЖОБАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ БАКАЛАВРИАТТА

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ

N60112 Химия

Орындаған 2-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі:

ҚР мемлекеттік сыйлығының

лауреаты, техн. ғ. д., профессор

Норма бақылаушы:

а-ш. ғ. к., доцент

Қорғауға жіберілді: .

Кафедра меңгерушісі

х. ғ. к., доцент Торегожина Ж. Р

«___» маусым 2010ж.

Алматы 2010

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы химия және химиялық экология кафедрасы

КАЛБИРОВА АСЕЛЬ КУТИБАЕВНА

Жобалық технологияны бакалавриатта экологиялық

химияны оқытуда қолдану

N60112 Химия

Магистр академиялық дәрежесін алуға арналған диссертация

Ғылыми жетекшісі:

ҚР мемлекеттік сыйлығының

лауреаты, техн. ғ. д., профессор

Баешова А. К.

Алматы, 2010

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1. 1 Әлемдік білім беру жүйесіндегі «Педагогикалық технология» ұғымы . . . 5

1. 2 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі, белгілері мен қасиеттері. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері . . . 7

1. 3 Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары . . . 10

1. 4 Жобалар технологиясы . . . 12

1. 5 Жобалар типологиясы. Олардың құрылымы . . . 19

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Жобалар әдісін экологиялық химия пәнінде қолдану . . . 27

2. 2 Жобалар орындауға дайындық жұмыстарын жүргізу . . . 27

2. 2. 1 Жобалар тақырыптарын таңдау . . . 27

2. 2. 2 Проблемалық жағдайды сипаттау . . . 27

2. 2. 3 Проблеманы айқындау . . . 34.

2. 2. 4 Орындайтын жобалардың типін анықтау . . . 40

2. 2. 5 Проблеманы айқындау кезінде милық шабуылды іске асыру . . . 40

2. 2. 6 Гипотеза ұсыну аясында зерттеу немесе ізденістерді іске асыру . . . 41

2. 2. 7 Жобалардың нәтижелерін топ ішінде талқылау . . . 47

2. 2. 8 Тәжірибелердің нәтижелерін өрнектеу . . . 52

2. 2. 9 Жобаларды қорғау . . . 52

2. 2. 10 Студенттердің білім деңгейінің нығаюы . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55

ҚОСЫМШАЛАР

РЕФЕРАТ

Магистерлік жұмыс 57 беттен, 1 кестеден, 1 сызбадан, 9 суреттен, 53 әдебиет көздерінен тұрады.

Кілт сөздер: Педагогикалық технология, оқытудың дәстүрлі технологиясы, оқытудың инновациялық технологиясы, жобалар технологиясы, жобалардың типі, милық шабуыл, проблемалық тақырып, проблемалық жағдай, проблеманы айқындау, гипотеза ұсыну, жобаларды қорғау, білім сапасының нығаюы.

Зерттеу объектісі: Экологиялық химия пәнін бакалавриатта оқытуда жобалар әдісі.

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі қоғамда әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практика жүзінде қолдана білетін, жан-жақты қоғам мүшелерін талап етеді. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше ақпаратты тауып, оны меңгере алатын түлектерді дайындау. Сол мақсатта оқыту процесінде мүмкіндігінше тиімді жаңа әдістерді пайдалану қажеттілігі туындайды. Сондай әдістердің бірі - жобалар әдісі. Кредиттік оқыту жүйесінде жобалар әдісін қолдану - дәстүрлі әдіс шеңберінде кездесетін мәселелерді шешудің жолын іздеу тәсілдерінің бірі болады. Жобалар әдісі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені басынан соңына дейін қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Осындай жұмысты орындау барысында студенттер алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет.

Сол мақсатта, экологиялық химияны оқытуда жобалар әдісі қолданылып, студенттермен информация қайнар көздерін жинақтау және информацияны өңдеу-нәтиже - презентация жасалынды. Жобаның зерттеу бөлімінде алдын оқу жоспарында болмаған ғылымның жаңа әдісі қолданылды. Бұл ғылымда ашылған жаңалықтарды оқу процесіне енгізу болып табылады.

Жұмыс мақсаты: студенттермен жобалар әдісі арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен студенттердің өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне баулу.

Тапсырмалар:

- Жобалар әдісін экологиялық химия пәнінде қолдану;

- Жоба тақырыптарын таңдау;

  • Проблемалық жағдайды сипаттау; Проблеманы айқындау; Проблеманы айқындау кезінде милық шабуылды іске асыру; Гипотеза ұсыну аясында зерттеу немесе ізденістерді іске асыру; Жоба нәтижелерін топ ішінде талқылау; Тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу; Жобаны қорғау; Студенттердің білім сапасының нығаюы.

Ғылыми жаңалығы: алғаш рет студенттермен жобалар технологиясын күкірт диоксидін залалсыздандыру мен ағызынды суларды мыс иондарын тазартудың жаңа элетрохимиялық әдісі оқу процесінде қолданылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізілді. Студенттер залалсыздандырудың белгілі әдістерінен басқа тағы бір жаңадан табылған әдіспен танысып, олардың зерттеу біліктері дамыды.

Практикалық маңыздылығы: Жобалар әдісінің негізінде оқушылардың танырлық дағдысының дамуы, өзінің білімін шеберлікпен жеке өзі құрастыруы және информациялық кеңістіктен хабардар болуы, сынап ойлаудың дамуында жатыр.

Жоба орындау барысында келесі дидактикалық міндеттерді орындауға қол жеткізілді: студенттердің іс-әрекетінде теория мен практиканың байланысы толық іске асырылды; олардың білімін арттырудың, дағдыларын нығайтудың деңгейі жоғарылады. Ізденістерді іске асыру кезеңінде студенттер өзі таңдаған тақырып бойынша әдебиет көздерімен танысты, сол әдебиеттерге шолулар жасап, қажет мәліметтерді жазып алды, салыстыру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін жинаған мәліметтерді топ ішінде талқылады. Айқындалған проблемаларды шешу жолдарын әдебиеттерден тауып, шешу жолдарының оңтайлыларын таңдады. Сонан соң нәтижелерді өрнектеуге кірісті. Жобаны қорғау кезеңінде қорғау әдісін де студенттер өздері таңдады. Олар баяндама жасап, слайд түрінде презентация жасау арқылы қорғады. Сонымен жоба нәтижесінде студенттер дербес әбебиет көздерін іздестіріп, ойланып, олардың ойлау қабілеттері, ми белсенділігі жобамен жұмыс үстінде артты.

Басылымдар: Магистрлік жұмыстың материалдары бойынша 2009 жылғы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75-жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің «Ғылым әлемі» ІІІ Халықаралық конгресінің бағдарлама мен баяндама тезистері (Алматы, 23-30 сәуір) және 2010 жылғы «Интеллектуалды қарқын: жастар, ғылым және инновация» ұраны атты «Ғылым әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы (Алматы, 19-22 сәуір) атты тезистер жинағында 2 тезис жарияланды және 1 мақала баспаға берілді.

РЕФЕРАТ

Диссертационная работа « Применение технологии проектов в изучении экологической химии в бакалавриате » состоит из реферата, введения, обзора литературы, экспериментальной части, выводов и списка использованных источников. Общий объем курсовой работы составляет 57 страниц печатного текста, включает 9 рисунков, 1 таблицу и 1 схему. Список цитируемой литературы содержит 53 наименований.

Ключевые слова: педогагическая технология, традиционная технология обучения, инновационная технология обучения, проектная технология, типы проектов, мозговой штурм, проблемная тема, проблемная ситуация, определить проблему, продложение гипотезы, защита проектов, повышение уровня знания.

Объект исследования: метод проектов при обучении экологической химии в бакалавриате.

Актуальность работы: Социально - экономические изменение в современном обществе требует образованных, умеющих использовать свои знания в практике, всесторонного члена общество. Открыть творческие способности студентов, возвысить интерес, открыть желания самостоятельно обучаться, и самостоятельно находить информацию, и готовить выпускников, который могут это освоить. Связи с этим возникает потребность более эффективно использовать новые методы в процессе обучения. Одним из таких методов является - метод проектов. Использование метода проекта в кредитной системе обучения - один из методов, который решает проблемы встречаюшихся в традиционном методе обучения. В основе методов проектов лежить реализование основной идеи проекта, рассматривающий практическую или теоретическую одну проблему от начало до конца, и достижение кокого-либо результата. При выполнении таких работ студенты должны полностью использовать свои полученные знания, давать новые начало идеи. Грамотное использование метода проектов требует большой предворительной подготовки, постоянного совершенствования и дополнения проекта.

С этой целью, используя метод проектов в обучении экологической химии было собрано источники информации вместе со студентами и сделано обработка-результаты-презентация информации. В исследовательской части проекта был использован новый метод науки, который до этого не входил в план обучения. Это является внедрением новшеств в процесс обучения.

Цель работы : с помощью метода проектов провести научно- исследовательские работы со студентами, приучить студентов к самостоятельной работе, с интересом получать и изучать недостаюшие знания из разных источников информации.

Задачи:

- Использовать метод проектов в экологической химии;

- Выбрать темы проектов;

  • Описать проблемную ситуацию; Определить проблему; Использовать мозговой штурм при определении проблемы; Реализовать исследование или поисков в рамках предложения гипотезы; Обсуждение результатов эксперимента; Обработка результатов эксперимента; Защита проекта; Повышение уровня знания.

Научная новизна: проведены научно-исследовательские работы используя технологию проектов, был внедрен новый электрохимический метод очистки источных вод от ионов меди и обезвреживание диоксида серы. Студенты ознокомились новым методом и развили свои исследовательские навыки.

Практическая значимость: В основе метода проекта лежит развитие познавательных навыков студента, с мастерством самостоятельно составлять свои знания и быть информированным в сфере информации, и в развитие избирательного мышление.

При выполнении проекта достигнуты следущие дидактические задачи: полностью осуществлена связь между теорией и практикой; уровень знания студентов и уровень навыков значительно повысилась. Во время научно - исследовательской работы по теме выбранные самими студентами они ознокомились с источниками литературы, и сделали литературый обзор, записали необходимые информации, и проводили сравнение. И после обсуждали собранные информации в группе. Пути рещение определенных проблем находили из литературы, и выбирали самый оптимальный метод. Затем оформляли полученные результаты. Таким образом, при самостоятельном поиске литературных источников студентами, повысилась способность мышления и активность мозга в работе над проектом.

Публикация: по теме магистерской диссертации в 2009 году был опуликован тезис в сборнике «Программа и тезисы докладов» и в 2010 году болы опубликовано еще один тезис в собрнике «Тезисы докладов». Одна статья будет опубликована в сентябре этого года в журнале «Образование».

КІРІСПЕ

Оқыту процесін технологияландырудың күннен күнге маңызы артып келеді. Бұл процестің объектілік қажеттілігі ғылыми-техникалық прогреспен, қоғамды ақпараттандыру және технологияландырумен, Қазақстанның дүниежүзілік ғылыми технологиялық кеңістігіне шығуға ұмтылуымен, сонымен қатар білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлік ерекшеліктерімен анықталады. Технологиялық революция жағдайында өз функциясын жемісті атқаруы үшін оқыту жүйесі тиімді және үнемді болуы қажет, яғни өзінің технологияландыру жолында белгілі мақсатпен жылжуы қажет.

Қазіргі қоғамда әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практика жүзінде қолдана білетін, жан-жақты қоғам мүшелерін талап етеді. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше ақпаратты тауып, оны меңгере алатын түлектерді дайындау. Сол мақсатта оқыту процесінде мүмкіндігінше тиімді жаңа әдістерді пайдалану қажеттілігі туындайды. Сондай әдістердің бірі - жобалар әдісі. Кредиттік оқыту жүйесінде жобалар әдісін қолдану - дәстүрлі әдіс шеңберінде кездесетін мәселелерді шешудің жолын іздеу тәсілдерінің бірі болады. Жобалар әдісі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені басынан соңына дейін қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Осындай жұмысты орындау барысында студенттер алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет.

Қазіргі таңда ғылыми-педагогикалық білім даму үстінде. Кеше ғана анық, әрі ылғи тұрақты болып көрінген жоғары мектеп педагогикасының классикалық идеясы практикада мүлдем басқа тарапына бұрылды. Осылайша, кеше ғана елеусіз ұсақ-түйек болып есептелген ойлар, олардың анық-қанығы, интерпретациясы бүгінгі күнде өте маңызды.

Жобалар әдісін қолдана алуы - оқытушының жоғары маманданғандығын көрсетеді және оның оқытудағы прогрессивті әдістемесін және оқушылардың дамығандығын көрсетеді. Бәрінен бұрын постиндустриалды қоғамда адамның өмір сүру жағдайының қарқынды өзгерісіне бейімделе алуын қарастыратын бұл технологиялардың ХХІ ғ. технологиясына жататындығы текке емес

Қорытындылай келе айтарым, жалпы және білім беретін мекемелер түлектерінің қазіргі социумға жедел әрі жеңіл интеграциялануын қамтамасыз ететін тетіктерді жасақтау - бүгінгі күннің кезек күттірмес талабы. Бұл талап - еңбек рыногы құрылымының өзгеруіне; жағымды типтегі коммуникация негізінде өмірлік қызмет салаларын, тәсілдерін тез өзгеруге бейім маман квалификациясына қойылатын талаптардың күшеюіне; сондай-ақ жұмыс таңдау мен оған орналасудағы жастардың өзіндік жауапкершіліктерінің артуына тығыз байланысты.

Демек, болашақ педагогтар болсын, орта немесе кәсіптік мектеп мұғалімдері болсын қазіргі заман педагогикалық технологиялардың пайдалану принциптерін, әдіс-тәсілдерін жетік білулері тиіс.

Студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысы аптаның бейсенбі күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия факультетінің 303к химия мамандығы тобында жүргізілді. Жобаға топтан іріктелініп алынған 4 студент 2 топқа бөлініп қатысты.

  1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУӘлемдік білім беру жүйесіндегі «Педагогикалық технология» ұғымы

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?»-деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесіп бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайда интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

«Технология» ұғымы грек тілінен екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықта «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

  1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
  2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеу әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.

Осы анықтамалардан көрініп тұрғандай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады [1] .

Қазіргі таңда ғылыми-педагогикалық білім даму үстінде. Кеше ғана анық, әрі ылғи тұрақты болып көрінген жоғары мектеп педагогикасының классикалық идеясы практикада мүлдем басқа тарапына бұрылды. Осылайша, кеше ғана елеусіз ұсақ-түйек болып есептелген ойлар, олардың анық-қанығы, интерпретациясы бүгінгі күнде өте маңызды [2] .

Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Педагогикалық технология ұғымына соңғы уақытта көптеген анықтамалар берілген. Белгілі ғалымдардың осы терминге берген анықтамаларын келтірейік:

  • Технология - дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі (М. Чошанов) .
  • Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В. П. Беспалько) .
  • Педагогикалық технологиялар - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара, инструментальдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (М. В. Кларин) .
  • Технология - оқытушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі (В. М. Монахов) .
  • Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы; ол педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б. Т. Лихачев) .

ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресустарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы [3] .

Технология түсінігінің астарында, іс-әрекет жүйесі түрінде педагогикалық процесстің компоненттерін іске асыру процедурасы деп түсінеді: (яғни технология - әрекеттердің кезектілігі жоспарланған процесс) .

Технология - педагогикалық әдістердің жиынтығы түрінде көрсетілген педагогикалық жүйе.

Педагогикалық техология - практикада оқыту және тәрбиелеу жобасын жобалау мен жүзеге асыру [4] .

Педагогикалық технологияға арналған көпшілік халықаралық басылымдардан енді оның жаңа түсінігін табуға болады. Осыған сәйкес педагогикалық технология - ол «оқытуды техникалық құралдары мен компоненттерді қолдану сферасында зерттеу ғана емес; ол факттерді анализдеу жолымен оқыту процессін оңтайлы ететін оқу эффективтілігін көтеретін әдістерін жетілдіру, принциптерін құрастыру және материалдар мен әдістерді қолдану жолы, сондай-ақ қолданған әдістерді бағалау арқылы зерттеу [5] .

Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу процесінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл процестің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі процесс екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау процесі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.

Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиальдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология - ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология - ол болашақ оқу процесінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал біздің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда, бұл - мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс-шаралар жиынтығы.

Біздің пайымдауымызша, оқу процесін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу процесіндегі рөлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады.

1. 2 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі, белгілері мен қасиеттері. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері

Педагогикалық технологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқушы мен оқытушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы.

Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелілік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту жүйесінің әдістері мен формалары
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Оқытудың әдістемесі мен технологиясы
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Модульдік оқыту технологиясының негізі - жеке тұлғаға
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz