Жолдағы ақша қаражаттарының есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Жолдағы ақша қаражаттарының есебі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
I тарау. Жолдағы ақша қаражаттарының сипаттамасы
Жолдағы ақша қаражаттарының түсінігі және олардың баламалары.
6
Есеп айырысу нысандары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Вексель арқылы есеп айырысу 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3. Төлем карточкаларының есебі 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының ішкі бақылау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
II тарау. Жолдағы ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру
2.1. Кассалық операциялар есебі 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
а) кәдімгі кассаның 25
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
б) шетелдік валюта түріндегі қолма – қол
ақшаның 28
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
в) оперативтік кассаның есебі 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
г) кіші кассаның 29
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қолма - қол емес ақшалай есеп айырысудың 30
есебі ... ...
а) есеп айырысу шотындағы операциялар есебі 30
... ... ... ... .
б) валюталық операциялар есебі 34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
в) банктегі арнайы шоттардағы ақша
қаражаттарының 37
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Жолдағы ақша қаржысы, құнды қағаздарын және
есеп берудің бланкілерін 41
түгелдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4. Жолдағы ақшаның қозғалысы туралы есептіліктегі42
ашып
көрсетулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер 48
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


Кіріспе

Ақша қаражат арқылы субьектілер бір - бірімен есеп айырысуды
ұйымдастырады. Мекемелер қолма – қол есеп айырысуды және банктік
операциялар негізінде әртүрлі қаржылық қатынастарды ұйымдастырады. ҚР –да
ақшалық байланыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің заңдарымен нормативтік актілер,
ережелер арқылы реттеледі.
Олардың арасына:
1. ҚР ҰБ бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібі;
2. 24. 12. 1996 № 54-1 Валюталық реттеу туралы ҚР - ң заңы;
3. ҚР ҰБ 20.04.2001ж. № 115 ҚР- да валюталық операцияны жүргізудің
ережесі;
4. ҚР-ғы Вексель айналымы туралы заң;
5. 02.05.2000ж №266 ҚР-ның Банктердегі клиенттердің банктік
шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы заң;
6. ҚР-ның ҚМ-гі бекіткен Бухгалтерлік есеп стандарты;
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық
субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік
емес өкілдіктер мен филиалдар, занды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен
шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті
жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Субъект өз қызметін дербес жоспарлайды және даму болашағын, материалдық-
техникалық жағдайын қамтамасыз етумен қатар, ол күрделі кұрылысын да
белгілейді. Ол өз өнімін, жұмысы мен қызметтерін Қазақстан Республикасы
заңдарында анықталған жағдайларды қоспағанда, өз бетінше белгілеген
бағасына немесе шарттардың негізінде сата алады.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған
тәсілдер жиынтығы, кұндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік
есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері
кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда,
есептік саясат — бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі
нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты
келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында
тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық
құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);
- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір
қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы
немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету
әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті
бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);
- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр
фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің
орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы —
кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы
қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы
ақпаратпен қаптастыру.
Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және
қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады:
бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік
саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет
ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді,
сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді
жасайды.
Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын
орындаған кезде оның зандылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып
келеді.
Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға
кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес
бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс
істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас
бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп
береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп
мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.
Субъект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және олармен
жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын
жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп
бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет
ақпараттармен, субъектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестері
туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ
инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға,
мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға
бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып
табылады.
Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебін жүргізген кезде субъект мына
жайларды қамтамасыз етіуі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде ақшаларды бағалау мен есептік саясатқа
сәйкес ұйымдастырылуын;
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік
кезенде жүзеге асқан барлық ақшалай операцияларының есепте толығымен
көрініс табуы;
- тиісті есептік кезеңіне ақшалай операцияларды есептік регистрлерге
және есептілікке дұрыс қатыстырылуы;
- әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы,
аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.
Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың
мәліметтері бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып
табылады.
Бухгалтерлік құжаттарда жасалған ақшалай операциялары мәліметтердің
айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы
екендігін көрсетеді. Кез келген шаруашылық операцияларын тиісті есеп
шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттармен рәсімделуімен
байланысты болып келеді.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде қаржылық есептілік және ақша
қозғалысының жүргізудің тәртіптері келтірілген. Қазіргі кезде Ақша
қаражаттарының тақырыбы актуалды, өйткені ақша қаражат операцияларының
дұрыс реттеу, орындалуын қадағалау қажет, әсіресе электрондық ақшалай
операциялар кезінде. Сондықтан да мен осы тақырыпты курстық жұмыс ретінде
таңдадым.
Курстық жұмыстың мақсаты ақша қаражат операцияларын зерттеу және олардың
мекемелерде бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуын қарастыру. Осы мақсатқа
байланысты курстық жұмыста келесі тапсырмалар бар:
- ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру және ақша қаражаттарының
қозғалуының ішкі бақылау жүйесі
- кассалық операция есебін ұйымдастыру
- есеп айырысу шотындағы операциялар есебі
- валюталық операция есебі
- ақшаның қозғалысы туралы есептіліктегі ашып көретулер

І тарау. Жолдағы ақша қаражаттарының сипаттамасы.

1. Жолдағы ақша қаражаттарының түсінігі және олардың
баламалары. Есеп айырысу нысандары

Қаржылық нарықтың қиындылығына байланысты ақша қаражаттарды басқару өте
маңызды болып келеді. Бәсеке фирма қаржы таба алатындай және одан әрі
дамитын, жаңа технологияларды ендіре алатын қабілетін талап етеді. Ақша
қаражаттың және оның баламларының классификациясы мен дұрыс анықталуы
кәсіпорынның өтімділік бағасын нақты анықтайды.
7 Қаржылық Есепкерліктің Халықаралық Стандарты (ҚЕХС) “Ақша қаражатының
қозғалуы туралы есепте” ақша қаражаттарына және оның баламаларына, ақша
қаражатының ағымына келесі анықтама берілген: Ақша қаражаттар өзіне қолда
бар ақша мен талап етілгенге дейін салымдарды кіргізеді. Ақша шоты өзіне
міндеттемелердің жедел төлеу атауларын ғана кіргізеді. Ақша қаражатына
қаржылық мекемелердің ағымдағы шоттардың қалдықтары, нақты қолда бар қағаз
ақшалар, монета, валюта, кіші кассадағы қолда бар ақша және кәсіпорынның
кассасындағы нақты ақша құжаттарының берілуі, қаржылық мекемелермен
қабылданған жедел депозиттер мен алымдар жатады. Бұл қарапайым ақша
құжаттарына: қарапайым чектер, кассалық ордер, клиенттердің чектері, ақша
аударымдары және тағы басқа жатады. “Ақша қаражат” – баланстық баптың бүкіл
ақша шотының атауларын көрсетеді. Ақша қаражатының баламалары – қысқа
мерзімді, өтімділігі жоғары, ақша қаражатына тез айналатын, құндылығының
өзгеруінің төменділігі бар салымдар жатады.
Ақша баламалары инвестиция емес қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді
қанағаттандыруға бағытталған. Инвестиция ақша баламасы болуы үшін ол ақша
қаражатының белгілі сомасына тез айналатын, құндылығының өзгеруі төмен
болуы керек. Мұндай кезде инвестиция ақша баламасы бола алады, егер
инвестиция қайтару мерзімі қысқа, мысалы 3 ай немесе одан да төмен болса.
Ақша қаражатына пошталық марка, аванс, іс-сапар шығындары, кәсіпорынның
жұмыскерлерінің дебиторлық берешегі, қызметкерлерге және сыртқы
қатысушыларға төленген ақша аванстар (төленуге тиісті шот) жатпайды.
Есепкерлік мерзімнің соңында төленбеген ақша аударымдары, чектер ақша
қаражат шотының қалдығынан шығарылмайды. Кейбір кәсіпорындар чектер
төленбегенге дейін қалдықты азайтпайды. “Ақша қаражат” шотына еркін
қолдануға болмайтын компенсациялық қалдық сомасын енгізуге болады. Бұл
қалдық минималды сома болып табылады және мұны кәсіпорын өз шотында банк
талап етпегенше сақтайды. Негізінен бұл қолда бар соманы шектейді және
кәсіпорынның өтімділігін төмендетеді.
Банктік займдар негізінен қаржылық қызмет болып саналады. Дегенмен
шетелде банктік овердрафтар кәсіпорынның ақша қаражатымен басқаруының
негізгі бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда банктік овердрафтар ақша
қаражат және баламаларының компоненті ретінде кіргізіледі.
Овердрафт – Банк пайдаланарманының шоты бойынша қаражатты (шоттағы
қалдықтан тыс) есептен шығару арқылы берілетін, соның нәтижесінде дебет
сальдосы қалатын қысқа мерзімді кредит нысаны. Әдетте, банк пен
пайдаланармен арасындағы келісімде овердрафтың барынша көп сомасы, кредит
беру шарты, өтеу тәртібі белгіленеді.
Овердрафт негізінен қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады. Мұнда
банкпен келісім нәтижесінде банк шотындағы сальдо оңнан теріске өзгереді.
Ақша қаражат ағымы ақша қаражат немесе олардың баламалары арасындағы
қозғалысын қоспайды.
Өйткені ол кәсіпорынның операциондық, инвестициондық, қаржылық қызметтің
бөлімі емес, ақша операцияларын реттейтін, бақылайтын компоненттердің
негізі болып табылады.
Егер ақша қаражаттарының ағымдағы актив ретінде емес басқа мақсатқа
пайдаланса, онда олар ағымдағы актив бөлімінен шығарылады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен және
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекспен белгіленген шегінде нақты
ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады. Теңге
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға
міндетті заңды төлем құралы болып табылады.
Валюталық қазыналар деп танылатын мүлік және олар арқылы мәмілелер жасау
тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы
Қазақстан Республикасында жалпы негіздерде қорғалады.1
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары — бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін
субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы
экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект
үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және
басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті
операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады.

1 (4) 47,48 б. (127,128 бап)

Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың,
мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген зандарда
көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер зандарда өзгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері
арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі
шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын
ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін
пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель;
тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарынын,
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде
анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді
зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген
соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-
алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен
жұмысты және тауарлы-материалдық, кұндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу
кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде,
аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы
ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша
салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын
басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген
күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды).
Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында каражат болғанда ғана орындауға
қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де
ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды.
Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте
қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал
екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып
қайтарылады. (Қосымша №1)
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері)
көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК
немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК
немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі –
резиденттік белгісін, ал екіншісі — экономиканың секторын көрсетеді;
бенефициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі — бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын кабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) — филиаларалық айналымдарының коды (ФАК
немесе МФО);
- төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құкықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды — салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні — ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік
шотына акша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық
төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар
үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіңдегі ішінара
төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп
жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы,
іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы
төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін,
сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан
банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі
қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі.
Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша
барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем
құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

1.2. Вексель арқылы есеп айырысу

Векселъ — біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем кұжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға
(трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы
бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы
туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас
болып келеді.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, кұжат қай тілде
толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша
сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның
(төлеушінің) атауы — тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын
орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын,
сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда
вексельді берген тұлғаның қолы койылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі
белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі
көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель
ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны,
төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып
есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель
берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын
вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші
тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде
немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында
төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс,
мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп
саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған
күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің
индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде "Бұйрыққа емес" немесе осыған ұқсас
мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым
цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не
вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді
акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына,
жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына
болады. Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт койылмаған
болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған
қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол
қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды
иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті
өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде
вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк
толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап
береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель
кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында
жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент
жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымен, занды
аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептелінеді.
Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол
қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып есептелінеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе
қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін
тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол
қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің
шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель
бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының, бір бөлігін аваль арқылы
қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті
вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген
орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол "аваль деп
есептелсін" деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі
формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін
төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма
вексельдің бет жағына авальшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің
есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель
беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма
вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және
аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға
қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда ұсынғаннан кейін белгілі бір
уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін.
Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын
аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған
мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем
жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге
ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын
төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен
бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма
вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру
күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған
акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы
күнінде жасалған болып есептелінеді.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан
кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма векселді ұстаушы вексельді
төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма
вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып
есептелінеді. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп
төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол
бұл туралы қолхат беруі тиіс.
Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға
мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасауды төлем жасаушы өз
тәуекелділігіне алады.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда
оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам
бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін
өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын
жергілікті валютада төлеу мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап ете
алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын
төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
1) акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
2) егер де төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен
оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз
болмаған жағдайда;
3) вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп
танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік
талабы (искы) вексель бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға
қарсылық білдіру) факті куәландыратын актімен расталады.
Вексель беруші аударма векселінің мәтінінде көрсеткен ресми қарсылық
білдіруден басқа қарсылық білдірген кезде төлеушінің қолы қойылған
өтінішпен алмастырылуы мүмкін.
Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы
керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға
тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық алдын ала
тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойдағыдай еместігі байқалса,
тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да; немесе төлем жасаушы
басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса
да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге
жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Төлем жасаушы оның вексельді акцептегеніне немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге
жатпайтын вексель бойынша банкрот деп таныған жағдайда, вексель ұстаушының
өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот
шешімін ұсынуы керек.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу
немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт
жұмыс күнінің ішінде, "шығынсыз айналым" деп хабарланған жағдайда, онда
оның қабыл алынуы мүмкін. Әрбір иңдоссант хабарлама алған күннен кейінгі
екі жұмыс күнінің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен
мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан әрі вексель берушіге
дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған мерзімдер алдыңғы хабарлама алынған
сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық білдірілген жағдайда
нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі
не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес
жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама
жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.
Вексель беруші индоссант немесе авальшы кұжатқа енгізілген және қол
қойылған "шығынсыз айналым", "қарсылықсыз" деген немесе басқадай мағыналас
сөздер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем
жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босатады. Бірақ вексель
беруші енгізген сөзге (ескертуге) қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық
білдірсе, онда қарсылық білдіруге байланысты шығындар оның өзіне
жатқызылады. Егер ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса,
онда қарсылық бойынша қажет шығындар өз қолдарын қойған барлық адамдардан
талап етіледі. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың
барлығы немесе онда аваль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы
бірдей міндетті болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына
жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы.
Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге қол қойған адамдардың
барлығының дәл осындай құқығы болуы керек. Міндеттемелердің біріне қойылған
талап олардың бастапқы алған міндеттемелері бола тұрса да, басқаларына
талап қоюға бөгет болмауы керек.
Вексель ұстаушы өзі талап (иск) қойған адамнан мыналарды: аударма
вексельдің акцептельмеген немесе төленбеген сомасын, процентімен қоса, егер
олар белгіленген болса; вексель сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала
алады; қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен
бастап талап ете алады.
Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель
сомасының 0,01 проценті мөлшерінде комиссиондық шығындарын да енгізе алады.
Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан
есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын
жердегі талап қойылған күнгі ресми есептік мөлшерлемесі бойынша (банкі
бағамына сәйкес) есептеледі.
Аударма вексельге ақы төлеген тұлға оның алдында жауап беретін
тұлғалардан мыналарды:
- өзі төлеген барлық сомасьн;
- аталған сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін; проценттерді;
- өзі төлеген шығыстарды талап ете алады;
Вексель бойынша ақы төлеген тұлға талап етілетін сомаға қоса 0,05 пайызда
үстеме (комиссиондық) төлем жасауын талап ете алады.
Егер де вексель жалғыз данада берілсе, онда вексель ұстаушы оған өз
есебінен бірнеше дана беруді талап ете алады. Бұл үшін ол өзінің тікелей
индоссантына және сол сияқты вексель берушісіне дейін өтініш жасай алады.
Индоссанттар жаңа даналарын индоссаменттерге қайта шығарып беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғалар жай және
аударма вексельді өзара есеп айырысуда пайдалануға құқылы, бұл ретте ол
тиісті шартта көзделген және "Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы
туралы" Заңға қайшы келмесе болғаны. Байланыс мекемелері инкассаға
қабылдаған вексельдерді жөнелту тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті
органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісе отырып,
шығарылған нормативтік құқықтық актілерімен және байланыс мекемесімен және
есеп кеңсесінің арасындағы шартпен белгіленеді.
Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру
"Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы" заңында белгіленген
талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Вексельдердің бланкісін (вексельдік кітапшасын) сатып алған кезде олар
өзінің нақты өзіндік кұны бойынша келесі корреспонденция көрсетіледі:

Дт Жалпы және әкімшілік шығыстар
Кт Төленуге тиісті шоттар
Кт Өзге де кредиторлық берешек
Вексельдер қозғалысы бойынша шоттардың корреспонденциясы тиесілі
бөлімдерінде көрсетілген.

1.3. Төлем карточкаларының есебі

Инкассациялау шығындарын қысқарту бухгалтерияның жұмысын жеңілдету,
Қазақстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша
аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары – ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да
қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға,
қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның
ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар,
өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның
ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме
шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар — бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушыға
банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде
беріледі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тетігі
(инструменті) ретінде 2 млр. карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам
кезең ішінде Visa және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен
жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары
ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына:
супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқкиім
сататын дүкендер т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық Банкінің лицензиялауымен
шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
- төлем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
- төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың (блокирования)
жағдайы;
-төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
- тараптардың құқы мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының аймағында төлем карточкалары тек теңгемен
төленеді және Азаматтық Кодекстегі Банктік қызмет көрсету, 38 тарауында
келесі талаптармен анықталады:
1. Банктік қызмет көрсету шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың
(клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер
шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге
міндеттенеді.
2. Банктік қызмет көрсету шарты:
1) банктік шот шарты;
2) ақша аудару шарты;
3) банк салымы шарты;
4) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де шарт
түрлері болып бөлінеді.
3. Банк клиенттің өз ақшасына кедергісіз иелік жасау құқығына кепілдік
бере отырып, шотта бар ақшаны пайдалана алады.2
4. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларына тек соттар,
тергеу орындары және анықтау органдары және атқарушылық іс жүргізу
органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық іс жүргізу
заңдарында және атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарда белгіленген
тәртіппен және негіздерде тыйым сала алады.
5. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларына тыйым салу
мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс
жүргізу заңдарында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.
6. Тергеу орындары мен анықтау органдарының клиенттің ақшасына тыйым салу
туралы шешімдеріне заң актілерінде тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.3
Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға
авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте немесе
телефон байланыстары арқылы жүреді.
Төлем құжаттары эквайерге көрсетілген қызметке немесе сатып алынған
тауарға ақша төлеу туралы нұсқау береді. Қолма-қол ақша алған кезде төлем
құжаттары карточка ұстаушыларға төлемдердің берілгені бойынша банк эквайері
қолма-қол ақшаның орнын толтыру туралы нұсқау береді.
Төлем карточкаларымен операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде
не қағаз, не электрондық нысанда құжаттарын жасайды. Егер ол қағаз
нысанында жасалса, онда ол: слиптен, электрондық терминал квитанциясынан
алынады, ал егер электрондык нысанда жасалса, онда ол: электрондық журнал
құжаттарынан немесе банкоматынан алынады.
Қазақстан Республикасында тауар мен қызметін төлеу үшін төлем
карточкасының пайдаланғаны слиппен немесе сатып алынған сомасына екі данада
берілген сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип үш данада рәсімделеді:
біріншісі банкке, екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі.

2 (4) 197 б. (739 бап)
3 (4) 197 б. (740 бап)
Төлем құжаттары келесі реквизиттерден (көрсеткіштерден) тұрады:
- төлем құжатының нөмірі және жазылған күні, айы, жылы;
- операцияны жасаған ұйымның толық атауы (коды) және эквайер;
- карточка төлемінің реквизиті;
- төлем сомасы;
- төлем валютасы.
Төлем құжаттары (слип) төлем карточкаларын ұстаушылардың қолынсыз-ақ
жасалуы мүмкін, ол кезде олар электрондық құжаттарын негізге алады. Төлем
құжаттарын жөндеуге, өшіруге рұқсат етілмейді.
Сауда чегі - төлем карточкасын жүзеге асыру кезінде жасалады, яғни төлем
жасалып біткен соң карточканы ұстаушыға беріледі (слиппен де, слипсыз да)
және келесі міндетті реквизиттерден тұрады:
- құжат нөмірі және оның жазылған күні, айы және жылы;
- операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы (коды, идентификаторы);
- төлем сомасы;
- төлем валютасы;
- төлем карточкаларының реквизиттері.
Енді біз төлем карточкасын әртүрлі жағдайда пайдаланған кезде болатын
шоттар корреспонденциясын мысал ретінде келтірейік.
Мысал. Кәсіпорын Visa халықаралық корпоратвитік карточкасын шығару мен
қолдану үшін банкімен келісім-шартқа отырған. Кәсіпорын сол келісім шарттың
негізінде бірыңғай шот-картасын ашып, сонымен қоса ондаған еңбеккерлеріне
іс сапарымен, офисымен, үстеме шығыстарымен есеп айырысу үшін таратып
берген. Шот-картасы шетелдік валюта ашылған және ол АҚШ долларымен
есептелінеді. Демек, олардың келіп түскен кезінде келесі корреспонденция
болады:
Дт Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар
Кт Есеп айырысу шотындағы ақшалар
Кт Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар
Ай соңында барлық карточка ұстаушылары бойынша банк төлемдерінің
көшірмесі беріледі.
Шот-картасының көшірмесінде екі дата көрсетіледі:
- "Шот бойынша күні" - шоттағы операцияның жасалған күнін көрсетеді;
- "Күні" - операцияның өзінің жасалған нақты күнін көрсетеді.
Төлем карточкасының көмегімен төленген іс- сапарының шығыстары алғашқы
құжат мәліметтері бойынша (шоттары, тауар чектері, накладнойы бойынша),
оның валюталық транзакциясы (валютамен жасалған операциялар) Ұлттық
банкісінің белгілеген бағамы бойынша анықталады. Осыдан бір күнгі екі түрлі
валютаның айырмасын табамыз.
Төлем карточкадан қолма-кол ақшаны алған кезде есеп беретін адамға ақша
қаражатын берген сияқты рәсімделеді, операциялар одан әрі қарай жалпы
қабылданған тәртіп бойынша көрініс табады.
Мысал. Қолма-қол ақшаны және оны есептеумен байланысты уақытын және басқа
да шығындарын қысқарту мақсатында кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек ақысын
төлем карточкасында төлеуді ұйғарған. Төлем карточкасы әзірленіп,
еңбеккерлерге берілген. Енді біз осы бойынша шоттар корреспонденциясын
келтіріп көрейік.
1. Еңбеккерлерге төлем карточкасын әзірлеу бойынша жасалған шығыстар
сомасы төленді
Дт Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың борышы
Кт Есеп айырысу шотындағы ақшалар
2. Еңбеккерлерге ағымдағы ай үшін жалақысы есептелінді
Дт Жалпы және әкімшілік шығыстар

Дт Дайын өнімді сату бойынша шығыстар
Дт Жұмысшылардың еңбекақысы

Кт Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есептесу
3. Жалақыдан ұсталынатындары жасалды
а) 10 % міндетті зейнетақы жарнасы ұсталды
Дт Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есептесу
Кт Жинақтаушы Зейнетақы қорымен есептесу
б) Жеке табыс салығы ұсталды
Дт Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есептесу
Кт Жеке табыс салығы
в) Төлем карточкаларын әзірлеуге кеткен шығындары ұсталды
Дт Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есептесу
Кт Жалпы және әкімшлік шығыстар
4. Есептелген жалақы еңбеккерлердің төлем карточкасына аударылды
Дт Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есептесу

Кт Есеп айырысу шотындағы ақшалар

Сауда ұйымдары үшін төлем карточканың негізінде сатып алушылармен
есептесуді жүзеге асырған кезде "Жолдағы ақша аударымдары" деген шот
пайдаланылады.
Аударылған жолдағы ақшалар шотының дебеті бойынша сауда ұйымдарының,
түсімдері көрсетіледі, ал кредиті бойынша сауда ұйымдарынан аударылған ақша
қаражаттары көрсетіледі.
Түскен қаржыны Аударылған жолдағы ақшалар шот бойынша есепке алу үшін
банкке байланыс бөлімшелерінің квитанциялары, банк инкассаторына түскен
қаржыны өткізге арналған жолдама тізімдемесінің көшірмесі және т.б. негіз
болып табылады.
Мысал. шілденің 29-да инкассатор кәсіпорынның кассасынан 142900 теңге
сомасын қабылдап алған, бұл түсім есеп айырысу шотына тек тамыздың 1-ші
күні қосылды. Өткізілген түсім шілдеде келесі корреспонденция бойынша
көрсетіледі:
Дт Аударылған жолдағы ақшалар
142900
Кт Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар 142900
Тамыз айында мына корреспонденция көрініс табады:
Дт Есеп айырысу шотындағы ақшалар
142900
Кт Аударылған жолдағы ақшалар
142900

Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу. Төлем талап тапсырмасы
тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметті көрсеткенде
бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады.
Бенефициар төлем талап тапсырманы банкке ұсынады және төлем талап
тапсырмалары белгіленген бланктердің нысанында тиісті реестрлеріне
тіркеледі.
Төлем талап тапсырмасы реестрмен бірге бенефициар-банкісіне ұсынылады, ал
бенефициар барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, төлем талап
тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды,
Егер де бенефициарға қызмет көрсететін де, ақшаны жіберуші де бір банк
болса, онда бенефициар банкісін жанай өтіп, төлем талап-тапсырмасы
реестрсіз бірден жіберушінің банкісіне ұсынылады.
Егер де төлем талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаты
болмаса, онда төлем талап-тапсырманы сақтау мерзімі және реестрінің мерзімі
бөлініп төленуі мүмкін. Сондықтан алушы-банк тек акцептелген немесе
акцептті қажет етпейтін бөлігін ғана сақтауы мүмкін.
Осы туралы төлем талап-тапсырманың бет жағына белгі соғады.
Төлем талап тапсырмаларына толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту
кезде ол туралы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды.
Талап тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу кұжаттарын және
төленбейтін бөлігі туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға (өнім
берушіге) қайтарылады.
Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты аудару немесе
есептен шығару.
Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қоюды Азаматтық Кодекс бойынша
ұйымдастырылады:
"Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларын олардың
келісімінсіз алып қою тек соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе
шешімінің, сот бұйрығының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Салық кодексінде көзделген жағдайларда ғана жүргізілуі мүмкін".4
Клиенттің ақшасын алу кезектілігін заңды түрде келесідей ұйымдастырады:
1. Клиенттің банктен ақшасын клиентке қойылған барлық талапты
қанағаттандыру үшін жеткілікті болған жағдайда егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, ақшаны алу клиенттің немесе өзге тұлғалардың өкімдері түсу
ретіне қарай (күнтізбелік кезектілік) жүзеге асырылады.
2. Клиенттің банктегі ақшасы клиентке қойылған кезекті талапты
қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда банк сомасы аталған талапты
қанағаттандыруға жеткілікті, клиенттің пайдасына түсетін ақшаны жинақтайды
Клиентке бірнеше талап қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,

4 (4) 197 б. (741 бап)
банк клиенттің ақшасын мынадай кезектілік бойынша алуды жүргізеді.
1) бірінші кезекте адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу
туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өтеу жөніндегі талаптарды
қанағаттандыруды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүзеге
асырылады;
2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт бойынша
жұмыс істейтін адамдармен демалыс жәрдемақылары мен еңбекақы төлеу бойынша,
авторлық шарт жөніндегі сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақша алуды
көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі;
3) үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша ақша
алу жүргізіледі;
4) төртінші кезекте басқа да ақшалай талаптарын қанағаттандыру көзделген
атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі;
5) бесінші кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру
үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу жүргізіледі;
Бір кезекке жататын талаптар бойынша банктен ақша алу атқарушы
құжаттардың түскен уақыты бойынша кезектілікпен жүргізіледі.
3. Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит берушілердің
талабын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті
Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма - қол ақшаның есебі
Есеп айырысу операцияларының есебі
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептері
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы
Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Касса операцияларының есебі. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі
Валюталық шот операцияларының есебі
Ақша қаражаттары есебінің теориялық негіздері
Пәндер