Қара қалмақ тайшылары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Кiрiспе.
2. Негiзгi бөлiм.
1. Жоңғарлар қайдан шықты ?
А)Жоңғар хандығының құрылуы
2. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
3. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресi
4. Жоңғар мемлекетiнiң күйреуi
3. Қорытынды.

Кiрiспе.

16 ғасырда Алтайдан Атырауға дейiнгi байтақ даланы алып
жатқан қазақ халқы жерiнiң географиялық жағдайына қарай үш жүзге
бөлiнiп өмiр сүрiп жатты. Оның әрбiр жүзiнiң өзi Еуропадағы
әлденеше шағын елдер мен мемлекеттердi сыйдырарлық көлемдегi
жерлердi жайлады. Қазiргi Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан,
Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кiшi жүз, Орталық
Қазақстанға жататын облыстарды мекендеген Орта жүз, елдiң оңтүстiк
және оңтүстiк-шығысын қоныс еткен Ұлы жүдiң әрқайсысының өз
хандары болды. Кiшi жүзде--Әбiлқайыр, Орта жүзде—Сәмеке
Шахмұхамбет, Ұлы жүзде—Жолбарыс, Түркiстан қаласын астана еткен
Үлкен Орданың ханы Тәуке едi. Бұл хандардың ақылшысы болған, үш
жүздiң басын бiрiктiрiп, даулы iстерiне билiк айтып, береке
бастаушы болған Кiшi жүздегi Әлiм руынан шыққан Әйтеке бидi, орта
жүздiң биi арғын, Қаракесек руынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек
бидi, Ұлы жүздiң үйсiн руынан шыққн атақты шешен Төле бидi,
Үлкен Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкiл қазақ жұрты, алты
алаштың адамдары жақсы бiлдi.
Үш жүздiң билеушiлерi әдетте бас қосып, оқтын-оқтын
мәслихат мәжiлiс өткiзетiн. Ондай мәжiлiстер Сайрам маңындағы
тауларда, мәтөбе жотасында өтетiн. Оларда қыстау жағдайы, қауiп-
қатерден сақтану мен қауiпсiздiк мәселесi талқыланатын. Бiрақ, қазақ
жерiнде бiртұтас бiр иелiкке бағынған, басқару жүйесi орталықтанған
iрi мемлекеттiң жоқтығы ылғи да сезiлiп тұрды. Мұны қазақ
жерiне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапарлас,
жерлерi шектесiп жатқан елдердiң билеушiлерi пайдаланып қалуға
тырысты. Оңтүстiк-батыстан Жайық казактарының қолдап-қолпаштауымен
Едiл өзенiнiң бойындағы башқұртар, қалмақтар Кiшi жүздiң халқына
тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жерiне солтүстiктен Сiбiр казактары
килiктi. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ
жерiнен дәмелi болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс
берiп отырды. Осылардың бәрiнен де асып түскен, қазақ халқына
мәңгi жойылып, құрып кету қаупiн төндiрген жау-жоңғарлар едi.

Жоңғарлар қайдан шықты ?
А)Жоңғар хандығының құрылуы
Жоңғарлар –Жұңгоның жазба деректерiнде батыс моңғолдар деп
аталынды.Олар тегiнде батыс Моңғолияны мекен еткен ойрат тайпалары
едi.Ойраттар туралы тұңғыш мәлiмет 1204 жылдан бастап тарихи деректерде
көрiне бастады.1206 жылы Моңғолияда құрылған Шыңғысхан әскелерiнiң сол
қанатына қосылды. Сол қанат моңғол тiлiнде “жоңғар” (сол қол) деп
аталынды.”Жоңғар“, “Жоңғария” деген атаудың арғы-тегi осы моңғол
тiлiндегi“сол қанат” яки “сол қол” (әскер) дегеннен шыққан.
1368 жылы Жұңгоны билеген Иуан патшалығы құлаған соң Моңғолияда өзара
қырқыс өрiс алды.Шығыс Моңғол шонжарлары мен Батыс Моңғол билеушiлерi
Жұңгоның iшкi өлкелерiне келетiн керуен жолын билеуге таласты.15 ғасырдың
алғашқы жартысында батыс Моңғол билеушiлерi Тогон (1418-1440ж),Есен (1440-
1455ж) жеңiске жетiп, бүкiл Моңғолияға билiк жүргiздi. Алайда ойраттардың
билiгi онша ұзаққа созылған жоқ. 15 ғасырдың екiншi жартысында.
Моңғолиядағы билiгiнен айырылды. Жұңгоның iшкi өлкелерiндегi базалармен
байланысы үзiлдi.Мұның өзi ойрат қоғамының экономикасына зардабын тигiзбей
қойған жоқ.
16 ғасырдың ақырында ойраттар Торғауыт, Дорбыт, Кушуыт,Шорыс деп
аталынатын 4 iрi тайпалық бiрлестiктен құралды. Торғауыттар-Тарбағатай
тауынан шығысқа қарай созылған жерлердi, Дорбыттар -Ертiс өзенiнiң басын,
Кушуыттар- қазiргi Үрiмжi маңын, ал Шорыстар-Iле өзенiнiң басын қоныстанды.
1627 жылы ойраттар одағы ыдыраған. Қалмақтар батысқа, хошуттар
Тибетке кеткен, ал жоңғарлар Жоңғарияда қалған 16ғасырдың ақыры мен
17ғасырдың басында iшкi-сыртқы қиын қыстау жағдайға душар болып, ауыр
дағдарысқа ұшырыған ойрат халқы өздерiн аласапыранға салып келген феодалдық
бытыраңқылықтың жойылуын, тайпалар арасындағы талас-тартыстардың тыйылуын,
сыртқы жаулардың шапқыншылығынан қорғанатын берiк одақтың болуын, халықтың
бейбiт өмiр сүруiн арман еттi. Халықтың бұл арманын пайдаланған ойрат
феодалдары өздерiнiң таптық мақсат-мүдесiн қорғайтын бiр орталыққа бағынған
феодалдық хандық құруға ұмтылды. 17ғасырдың 20 жылдардың ақыры мен 30
жылдардың бастарында Шорыс тайпасының басшысы Харахұлай майданға шықты. Ол
iшкi жақтан бытыраңқы ойрат тайпаларын бiрте-бiрте бiрiктiрдi, сыртқы жақта
қалқа, моңғол тайпаларының билеушiсi Алтан ханға және Моғолстан хандары мен
қазақ хандарының шап қыншылығына қарсы күрестi, барлық соғыстар мен
жорықтарда өзi шеру тартып, қол бастады. Мұның өзi ауыр дағдарысқа үшыраған
ойрат халқының қал-жайын оңалта бастады.
Харахұлайдың баласы Батұрдың (1635-1653) тұсында ойраттар едәуiр
күшейдi. 1635 жылы ойрат тайпаларының одағы қалыптасты. Бұл тарихи
әдебиетте “жоңғарлар” деген атпен әйгiлi болды. “1640 жылы Тарбағатай
маңында (Жоңғарияда) моңғол және ойрат иелiктерi өкiлдерiнiң құрылтайы
болып, моңғол-ойрат заңын қабылдады. Бұл заңның мақсаты-сырттан қауiп
төнген жағдайда оған қарсы күш бiрiктiру және феодал шонжарлардың халық
бұқарасына деген үстемдiгiн күшейту болатын”. Қонтайшы Батұр билiк
құрған кезде қазақ-жоңғар қатынастары ерекше шиеленiсе түстi.
Деректемелерде оны мен қазақ сұлтаны Жәңгiрдiң арасындағы 1635
жылғы соғыс қимылдары туралы айтылады. “Қара қалмақ тайшылары
Талай-тайшы және Қонтайшы мен Кужи-тайшы, Торғышатайшы бүкiл қара
қалмақтарды ертiп, сол жылдың қысында қазақ ордасына жорыққа
аттанған, ол Қазақ ордасының адамдары қара қалмақтарға қарсы
шыққан. Сөйтiп, қара қалмақтар қазақ ордасының адамдарымен бетпе-бет
кездесiп, олардың арасында жойқын ұрыс болған. Сөйтiп қара
қалмақтар қазақ ордасының адамдарын жеңiп, Есiмнiң баласы Жәңгiр-
ханзаданы тұтқынға алған, ал Есiм қазақ ордасында патша болатын,
ал ханзада қара қалмақтардың ханзадасы болып тұр”.
Ойрат-жоңғар одағының ең жоғарғы билеушiсi хұнтайжы деп аталды. Оның
қол астына тайшалар, нояндар, жайсаңдар деп аталатын әскери феодал-
шонжарлар болды. Бұдда дiнiнiң жоғары лауазымына ие болған феодалдарының
ерекше тобы едi. Бұлардың бәрi ойрат-жоңғар қоғамындағы феодалдық қанаушы
тапты қалыптас- тырды. Қанаушы қалың шаруалар “араттар” деп атайды.
1688 жылы Халдан Бұшұктi хан Жұңгоны билеген Чиң патшалығына қарсы
бүлiк тудырған кезде де, өзiнiң “Жұңхуаға шет болмайтындығын” ашық
мойындаған. 1698 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасында соғыс болғанда,
жоңғарлардың хұнтайжысы Суан Рабдан Каңчи патшаға мәлiмет жолдап: қазақтың
Тәуке ханы ойрат халқын қырып-жойып, тонап жатыр, ойраттарға қарасты
ұранқайларды талан-таражға ұшыратты, “қызметкерiңiздiң шеру тартып, оларға
қарсы аттанатынын ұлы мәртебеңiзге мәлiмдеп, бүйрық күтемiн” деп өтiнген
болатын.
Жоңғарлар 17ғасырдың екiншi жартысы мен 18ғасырдың басында әскерiн
жарақтап, әбден күшейiп алды. Олар Сiбiрдегi орыс қалалары мен
бекiнiстерiне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып алып отырды.
“Жоңғар әскерлерi жорық кездерiнде жүз мың адамға дейiн жеттi, бұлардың
әскерiнде қолға түскен тұтқындардан болған құлдар пайдаланылды. Әскер
iшiнде қатаң тәртiп сақталды, бұл тәртiптi бұзғандар қатты жазаланып
отырды”. Жоңғар феодалдары өзiнiң әскери күшiне сене отырып, Моғолстан
хандығы мен қазақ халқының жоңғарларға iргелес жатқан өңiрлерiндегi ұлан-
байтақ жайылымдарды иелiнiп алды. 16 ғасырдың ақырында ойрат-жоңғар
тайпаларының бiразы қазақ хандығына бағынған болса, ендi Жоңғар басып алған
кездегi қазақ тайпаларының бiразы жоңғар хұнтайжыларына бағынып,алым- салық
төлеп, аманат берiп, отыратын болды.Сөйтiп,жоңғарлардың өрiс-қонысы-- батыс
Моңголиядан Iле өңiрiне дейiн созылды және қазiргi шығыс,шығыс оңтүстiк
Қазақстаның территориясының бiр бөлiгiн алып жатты.

Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары

Қазақ-жоңғар қатынасы кейде шиелiсiп,қан төгiс соғыстарға
ұласып,кейде бәсеңдеп уақытша бiтiмге келiсiп,120 жылға созылды.Бұл екiншi
арадағы талас-тартыстарының негiзгi түйiнi көшпелi мал шаруашылығымен
шұғылданған екiншi елдiң шұрайлы,жайлы жерлерге және Жетiсу мен Сырдария
өңiрiн басып өтетiн керуен сауда жолдарындағы қалаларға таласуда
болды.Батұр хұнтайжының тұсында қазақ-жоңғар қатынасы мейлiнше
шиеленiстi.Бұл кезде жоңғар феодалдары қазақ хандығына үш рет iрi
шапқыншылық жорық жасап, қазақ хандығы мен жоңғар ортасында үш рет қанды
шайқас болды.Бiрiншi шайқас 1635 жылы болды. Бұл соғыстың қалай аяқталғаны
жайында толық дерек жоқ,осы соғыста қазақ әскерлерiне қолбасшылық iстеген
Жәңгiр хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батұр хұнтайжы күйрей
жеңiлiп, шегiнуге мәжбүр болды. Үшiншi шайқас 1652 жылы болды.Бұл шайқаста
қазақтар жағы жеңiлiске ұшырайды.Осы шайқастан сон 1653 жылы Батұр хұнтайжы
өлдi. Оның орнына баласы Сенген (1653-1670)отырды.Бұл тұста жоңғар
феодалдарының арасында билiкке таласқан iшкi қырқыс үдей түстi.Ақыры Сенген
осындай таласқаның бiрiнде өлтiрiлдi.Оның орнына iнiсi Халдан Бұшұктi (1670-
1697) хан болды.Ол 1678 жылы iшкi феодалдық қырқыстарды пайдаланып,оңтүстiк
Шин-Жаңды басып алды.1683жылы Халдан Бұшұктi хан Чиң патшалығына қарсы
шықты,1695жылы Халдан Бұшұктi әскерлерiн Чиң әскерлерi талқандады.

Жоғарыдағыдай iшкi қырқыс,сыртқы соғыспен айналысқан жоңғар
феодалдары қазақ даласына жорық жасауды бiр мезгiл толастатқан едi.Бұл
мезгiлде қазақ- жоңғар арасы соғыстан аман болды,отыз жылдай
тыныш өттi.
17 ғасырдың 80 жылдарында жоңғар феодалдары Оңтүстiк Қазақстан мен
Сырдария бойындағы керуен жолдары мен сауда орталығы саналатын қалаларды
басып алу үшiн бiрнеше дүркiн жорық жасады. Бұл жөнiнде орыс елшiсi
Н.Внковский былай жазған: “Тауық жылы (1681ж) Халдан Бұшұктi хан шеру
тартып барып барып Сайрам қаласын қоршады, ит жылы (1682ж) қайтадан Iле
өзенiнiң бойын қыстады. Доңыз жылы (1683ж) қайтадан Сайрамға жорық жасап,
жазда Сайрам қаласын қиратты”. 1697 жылы Халдан Бұшұктi хан өлiп, оның
орнына Суан Рабдан отырды. Осы Суан Рабдан (1697-1727жж) тұсында жоңғар
феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығы үдеп кеттi.
Жоңғар феодалдары Жұңгоны билегеп Чиң әулетiне (Ежен ханға)
бағынышты иелiк екенiн мойындап келгенiмен әскери жақтан күшейiп алған соң
Чиң әулетiне қарсы шығып, одан бөлiнiп шығуға әрекет жасады. Сонымен қатар
көршiлес елдерге үздiксiз жорықтар жасады. 1697 жылы Суан Рабдан
өкiмет басына келгеннен кейiн, қазақ-жоңғар қатынастары тағы да күрт
шиеленiстi. Жоңғар билеушiсi орыс елшiсi И. Унковскийге “өз
билiгi басталғаннан берi... қарақалпақтармен бiрлесiп, соғысып жатқан
қазақ ордасына қарсы толассыз соғыс жүргiзiп жатырмын”-деген. Жоңғар
билеушiсi Суан Рабдан билiк басына шыққаннан кейiн, 17 ғасырдың ақыры мен
18ғасырдың алғашқы ширегiнде қазақ жерiне жетi дүкiн (1698-1711-1712-1714-
1718-1723-1725 жылдарда) басып кiрдi. Қазақ-жоңғар қатынасының мұншалық
шиеленiсуiнiң себебiн жоңғар хұнтайжысыСуан Рабдан өзiнiң Канчи патшаға
жолдаған мәлiметiнде: “Қазақтың Тәуке ханының ойраттарды қырғындап,
ұранқайларды шапқандығынан болды” деп түсiндiредi. Суан Рабдан орыс елшiсi
Иван Внковскийге айтқан сөзiнде: бұл соғыстың басталуына қазақтар себепшi
болды, қалмақ ханы - Аюге ханның Суан Рабданға ұзатылып бара жатқан
қызының көш-керуенiне Тәуке хан шабуыл жасады деген. Бұл тек қана сылтау
едi.
Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегi
жағдай жөнiнде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ
жерiне басып кiрiп, қырғын соғыс жүргiздi. Көп олжа алып, керi оралған олар
1717 жылы жазда Аякөз өзенiнiң жағасында қазақтардың 30 мың жасағын
талқандап жеңдi. Келесi жылы жоңғарлардың әскерi тағы да қанды жорыққа
аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерiнiң бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресi

1723 жылы көктемiнде қазақ жерiн бет қаратпай басып алуға әбден
бекiнген жоңғарлар шешушi жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толық
қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуна Дабо деген қалмақ баһадүрiн
тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлерi стратегиялық
екi бағытта қимыл жасауға тиiстi. Бiрiншi бағыт Қаратауды басып өтiп, Шу
мен Талас өзендерiне шығу болса, екiншi бағыт қазақтарға ес жиғызбай соққы
берiп Шыршық өзенiнiң қойнауына жету едi. Бұл жоспарды iске асыру үшiн
әскерлер жетi шоғырға бөлiнiп, оның бiрi Жетiсу Алатауының етегiндегi
Балқаш көлiне құятын төтр өзеннiң бойына топтастырылды. Қалмақтың iрi
қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екiншi бiр тобы Iле
өзенiнiң бойына, Кеген өзенiнiң солтүстiк жағасына, Нарын өзенiнiң күншығыс
жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Сөйтiп, Алатау баурайын жайлаған қанен-қаперсiз отырған қалың елге
шабуылға шыққан қалмақ әскерлерi қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек
кiндiктi адамдарды қырып, әйелдердi, қыздарды, байлап-матап алып кеттi.
Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады.
Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздiң, Жетiсудың халқына түстi. Ешбiр
бөгетсiз, қарсылықсыз жолдағының бәрiн жайпап келе жатқан зұлым жау араға
көп уақыт салмай Орта жүз бен Кiшi жүздiң жерiне жеттi. Малын, мүлкiн,
қонысын тастап, бала-шағасын ан, туысқандарынан айырылып босқан халық бетi
ауған жаққа қашып-пысуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздiң қазақтары
Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кiшi жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға
ағылды. Босқындардың бiразы Алакөл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама жылдары
XVII-ші ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ-қалмақ қатынастары
Салқам Жәңгір хан
1723 ж. Қазақ даласындағы тойтарыс
ХҮІІ ғасырдағы орыс - ойрат елшілік байланыстары
Жәңгiр ханның тұлғалық бейнесі
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
Абылайдың өмірі
Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы
Пәндер