Биосфералық қорықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Ерекше қорғауға алынған
территориялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .5
1.1. Қақақстанның
қорықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Биосфералық
қорықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..7

II. Мемлекеттік табиғат
ескерткішткрі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІІ. Қазақстанда жаңа қорықтар
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ІV. Кіші өзендерді қорғау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...17
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .18

Кіріспе

1997 ж 15 Шілдеде қоршаған ортаны қорғау туралы, ал 1997 ж 6 Тамызында
ерекше қорғалатын аумақтар туралы заң қабылданып, оларды жүзеге асыру
жөнінде біраз игілікті жұмыстар жүргізілді. Республикамызда ерекше
қорғалатын аумақтарға : мемлекеттік табиғи аумақтар (қорықтар), ұлттық
табиғи саябақтар, республикалық мәні бар табиғи ескерткіштер, табиғи
қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы батпақты алқаптар,
зоологиялық саябақтар, батаникалық бақтар, дэндралогиялық саябақтар және
т.б экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени және тарихи құнды объектілер
жатады. Қазақстанда қазіргі кезде 9 табиғи мемлекеттік қорық, 5 ұлттық
табиғи саябақтар, 24 табиғи ескерткіштер, 66 республикалық мәні бар
қорықшалар оның ішінде, 17 ботаникалық, 44 зоологиялық, 4 кешенді, 1 әрі
ботаникалық әрі геологиялық қорықшалар бар. Қазақстанның
табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның территориясы кең-байтақ жерді
алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай-2,925 км(Каспий теңізі мен Алтайға
дейін. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай -1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал
тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін.
Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн шаршы км). Франциядан бес есе артық.
Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-біріне алмастырады;
орманды дала (6%), дала (28%) шөлейт (18%) шөлді (40%). Қазақстанның
Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар жатыр. Қазақстан халқы 16
милионнан астам адамды құрайды. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық
жағдайды қанағатанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі
экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге
болады.
Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына мамандалған облыстар
кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе-табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
Соған орай бұл күнде атмосфераның, гидросфераның, литосфераның
үздіксіз ластануын тежеп тоқтату мүмкін болмай бара жатқандығы да шындық.
Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және оны табиғи қалпына сақтау
мәселелері бүкіл дүниежүзі елдерінің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің
біріне айналып отыр. Оған әсіресе қоршаған ортаны қорғаудың мамандары
(экологтар, метеорологтар, гидрологтар, океанологтар, топырақтанушылар,
биологтар, т.б) тікелей қатысып, атсалысулар міндетті.

І. Ерекше қорғауға алынған территориялар.

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің
бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам
қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған
өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға
мүмкіндік туады. Кез келген мемлекеттердің ерекше қорғалған табиғи
территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын
қамтамасыз етуі тиіс.
1. Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен
өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі.
2. Жүиелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды топырақты
енгізе отырып өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және
микроорганизімдерді сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттықпарктерді ұйымдастыру
болып табылады. Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі-ерекше
қорғауға алынған территориялар осындай территориялардың түрлері
көп:қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштер, ұлттық және табиғат
бақтар, биосфералық резерваттар
Қорықтар-табиғат қорғаудың бір түрі қазіргі кезде қорықтар
территоиялар жер шарының шамамен 1,6-2,0 пайызын құрайды. Дүние жүзіндегі
ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда оның ауданы 7 млн га.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи
комплекс кіроеді де, табиғат ресурстарын шаруашылыққа пайдалануға рұқсат
берілмейді.Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың
ерекше объектілерін қорғауға алынған жүиені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар
болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи
саябақтар жатыр. Олардың негізгі міндеті – халықты рекреациялық қамтамасыз
ету.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының орны
ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено
болып табылады. Бірақ, 20 ғасырдың екінші жартысында қорық - өзгермеген
табиғаттың эталоны деген прицип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы
қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің
планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

1.1. Қазақстан қорықтары
Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас
Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр(оңтүстік Қазақстан облысы)
Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрған жерлер жоқ. Физико-
географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік
белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың 130-дан астам түрлері,
сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.
Барса – келмес Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса – келмес
аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км.
Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар
түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және
құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барығы 1927 жылы сырттан
әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары
аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында
орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің,
рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы құрылған Алматы облысында орналасқан. Іле
Алатауының тау жотасының топырақ жабына альпілік өсімдіктер жабына бар
таулы – шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен асьтам
кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілкрдің 3 түрі,
рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының
Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық
аңшылық шарушылығымен байланысты. Қорықта ғылыми-зерттеу жүргізіледі. Әсем
Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя
салынуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты
ретінде маңызы зор.
Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71 мың га. Територияны алып жатыр, оның
44 мың га-ын марқакөл көлі алып жатыр.
Қорық территориясы Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау
жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабына өте бай
және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан
астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де өте бай, құстардың 232 түрі
мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.
Бетпақ – дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында тарриторияда
орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына
кіреді.
Қаратау(Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және
Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га. 1990
жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы
Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға алынған. Өсімдіктердің
эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші
орында тұр.

1.2. Биосфералық қорықтар.
Соңғы жылдары қорғауға алынған бір формасы болып табылатын биосфералық
қорықтар көптеп құрыла бастады. Биосфералық қорық Жердің әр түрлі
аймақтарының табиғи комплекстерінің эталоны болып табылады. Олар
экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға
антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады.
Биосфералық қорық қорықтық буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық
белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және
бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналысуы қажет.
Биосфералық қорықтау туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕКСО- ның Адам
және биосфера бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар
құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324
резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҮҰ-ның қоршаған орта туралы
бағдарлама ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск қалдасында биосфералық қорықтар
бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмысы нәтижесінде
1984 жылы Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары қабылданды.
1992 жылы Рио-де- Жанейрода өткен Жердің жоғарғы форумында
Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның
негізгі мақсаты биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтерін
тұрақты қорғау болып табылады. Биосфералық қорықтардың осы конвенцияны
орындауға көмек беруге мүмкіндіктері бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға
алынған территориялар мәселесі бойынша Каракас қаласында өткен төртінші
Дүниежүзілік Конгресте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар
енгізілді және биорезерваттардың жаңа формалары жасалды. Мысалы,
Кластерлік және трансшекаралық қорықтар. Биорезерваттардың дамуы
саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оны қазір Интернет
жүйесі жүзеге асыруда.
Биосфералық қорықтар туралы Халықаралық конференция 21 ғасырдағы
биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады.
Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы үш функцияны атқару керек:
• генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен
пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы:
• тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму
функциясы:
• зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалдық қамтамасыз
ету функциясы.Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау,
жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты
мониторигті жүзеге асыру.
Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.
1. Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ
уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған эко-
жүйелерді бақылау, ғылыми-реттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы
білім беру саласында жүргізіледі.
2. Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтар белдеудің айналасында, шектесіп
жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде
экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолджанбалы және
фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.
3. Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлер тұрғын
жерлер, осы территорияның ресурстарын тұрақты игеру мен тиімді пайдалану
мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі
мүмкін. 1996 жылдың мамыр айында Алматыға биосфералық резерваттар туралы
Халықаралық конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы бірінші
Биорезерфат Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса,
биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда
өмір сүретін халыққа табиғатпен тепе-тендікте болатын ортамен дамуға
мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттілікткрін қамтамасыз етуге де
жағдай жасайды.Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін
көрсетеді.

ІІ. Мемлекттік табиғат ескерткіштері.
Мемлекттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге
тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы
табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен
жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар,
үңгірлер, әсем жартастар және т.б жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен
қатар, жасанды шығу тегі бар объектілеі – ертден келе жатқан аллелиялар мен
саябақтарды және т.б жатқызуға болады.
Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қорықтары
Ерекше қорғауға алынған территориялар жайында
Табиғатты қорғау мәселелері
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы мәлімет
Экологиялық білім беру жайлы
Ерекше қорғауға алынған территориялар
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі туралы
Пәндер