Ақша - несие саясатының теориялық негіз


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

1 Тарау. Ақша-несие саясаты - мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі

1. 1. Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі . . . 5 1. 2. Ақша-несие саясатының теориялық негіз . . . 9

1. 3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары . . . 14

2 тарау. ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері

2. 1. Қазақстан Республикасының ақша реформасы . . . 19

2. 2. Қазақстанның ақша-несие саясатын жасаудың негізгі проблемалары және оларды шешу жолдары . . . 22

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3. 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32


Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.

Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.

Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.

Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.

Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.

Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:

  • ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
  • ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
  • ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау;
  • қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру;
  • Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру;

Курс жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге қажетті мақсаттар мен міндеттер анықталған, жұмыстың құрылымдық мазмұны берілген.

Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік құралдар, шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары, периодикалық баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары пайдаланылды.

1 Тарау. Ақша-несие саясаты - мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі

1. 1. Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі

Ақша-несие саясаты салық, инвестициялық, құрылымдық және т. б. сияқты кез келген дамыған қоғамның экономикалық саясатының бір бөлімі болып келеді. Ақша-несие саясаты мәнінде монетарлы өкіметтердің ақша-несие сферасындағы конъюктура және қайта даму процесін жөнге салуы мақсатындағы өзара байланысқан шаралардың кешенін түсіну керек. Шаралар кешенінің мінез-құлқы және мазмұны қоғамның экономикалық стратегиясымен және жалпы шаруашылық жағдаймен анықталады. Ақша-несие саясатының әрекеттілігі оның мүмкіншіліктерімен шектеледі, осы шектерді анықтау экономикалық теорияның аса күрделі мақсаты болып табылады.

Ақша-несие саясатының негізгі әсер ету объектісі ақша айналымы болып келеді. Ақша айналымы өз алдына қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың толассыз қозғалысын құрайды. Ақша айналымының кеңейтілген түсінігі оның құрылу принциптерін түбірінен өзгертеді. Осы анықтамаға сәйкес ақша айналымын реттеу ақша массасы, ақша массасының агрегаттары, орталық банкі ақшалары, несие мультипликаторы, ақша сұранысы және ұсынысы және т. б. сондай жаңа ұғымдардың негізінде жүзеге асады. Өз кезегінде түсінік аппаратын жаңарту кейнсиандық және монетарлық ақша айналымын реттеу концепцияларын зерттеу қажеттілігіне әкеледі, өйткені бұл теориялық құрылыстардың негізінде Маркстің ақша айналымының өзгертілген құрылымды заңы жатыр. Ақша айналымы заңы құн заңынан шығады. Демек айналымға қажет ақша массасын анықтағанда тек қана тауар айналымының көлемі мен құрылымын қарастыру жеткіліктісіз, мұнда табыстың мөлшері мен құрылымын, ақшаға ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеру керек.

Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы бойынша жүйелі түрде екі ірі мектепті бөліп көрсеткені өзімізге белгілі - кейнсиандық және монетарлық мектептер. Егер де кейнсиандықтар ақша - несие саясатын рольді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары бағалауды нақты қолдайды. Олардын арасындағы келіспеушілік әртүрлі методологиямен шартталған - біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері - барлық нәтижелер кешенінің негізіндегі тиімділік туралы айтады.

Ақша-несие саясатының нәтижелі жұмыс жасауына институционалдық негіз болып келетін екі деңгейлік банкілік жүйе және ақша-несие сферасындағы нарықтық жүйе.

Банкілік секторды қарастырғанда, монетарлық саясатты табысты орындау мақсатында жаңа банкілерді, олардың барлық деңгейдегі филиалдары мен бөлімдерін жасау, экономикалық мақсаттылық және нәтижелілік принцибімен банкілік қызмет бағыттарын таңдау, ерекше экономикалық әдістермен банкілердің мінез-құлқын реттеуді қамсыздандыру процесі демократизациялануға тиісті. Екі деңгейлік құрылымның нәтижелі жұмыс жасауына сенімді кепіл пассивтер, клиентура, қорлардың пайдалы орналастырылуы үшін бәсекелес шарттарының теңдігі болып табылады. Орталық банкі (бірінші деңгей) бірыңғай ақша-несие саясатын жасап, ақша айналымын және екінші деңгей банкілерінің қызметін белгілі дүниежүзілік тәжірибедегі әдістердің көмегімен реттейді. Ол клиентураға несие-есеп айырысатын қызметтерді көрсетумен шұғылданбайды, оның клиенттері тек қана банкілерден тұрады. Сайып келгенде, әңгіме иілгіш құрылым шектерінде жүйенің тұрақты эволюциясының жүріп жатқаны туралы айтылады.

Банкілік мекемелердің әр түрлілігі мен аса көптігіне, олардың әр түрлі елдерде түрлі үйлесушілігіне қарамастан, екі деңгейлік құрылымның болғаны орталық банкіге экономикалық әдістердің жиынымен екінші деңгейдегі банкілердің мінез-құлығын жөнге салуға және қайта өңдеу процесіне әсер етуге мүмкіндік береді. Банкілер арасындағы іскерлік бәсекенің болуы барлық елдерде олардың нәтижелі жұмыс жасауының негізгі шарты деп қаралады.

Қазіргі ақша-несие саясатының институционалдық негіздеріне нарықтық жүйе кіреді. Ақша-несие сферасындағы нарықтық жүйесіз екі деңгейлік банкілік жүйелердің нәтижелі жұмыс жасауын ұғыну қиынға соғады. Ол экономиканы ақша-несиелік реттеудің нарықтық үлгілерінің маңызды буыны болып келеді: мұнда несиелердің әртүрлі мезгілдерге сұранысы және ұсынысы шоғырланады, монетарлық саясаттың өте маңызды айнымалысы - пайыздық ставкалар қалыптасады.

Ақша-несие сферасында нарықтық класификациялаудың негізінде ең алдымен үш белгі жатады: келісім объектісі, уақыт арасындағы қатысушылардың құрамы және келісімдердің ұзақтығы. Осыған қарап нарықтың екі тобын айырып көрсетеді: несие және қаражаттық, олардың өз алдына нақтылы бір түрлері бар. Егер келісім несие нарығында 24 сағаттан бір жыл мезгілге жасалса, қаражаттық нарықта ұзақ мезгілдік келісімдермен сипатталады.

Несие нарықтары банкаралық және ақшалай болып бөлінген. Күнделікті банкілердің мезгіл бойынша активті және пассивті операцияларының теңелетін банкаралық нарыққа тек қана банкілердің қатысуға мүмкіндігі бар. Қатысушылар мен келісім объектілерінің құрамы көбірек болатын ақша нарығы болып табылады. Оған банкілерден басқа кәсіпорындар, қаржы мекемелер, сақтандыру компаниялары және зейнетақылық қорлар қатыса алады. Ұзақ мерзімге ақша қорларын сатып алу және сату келісімдері алғашқы және екінші қаржы нарықтарында жүргізіледі. Алғашқыларға облигациялардың және акциялардың эмиссиясы жатады, ал екіншіге - қор биржа.

Ақша-несие саясаты экономикалық саясаттың тек бір элементі болып келеді. Демек, оның стратегиялық мақсаттары елдің жоғарғы органдарымен анықталатын глобальды стратегияның бір бөлімі болып келеді. Жүйенің бір элементі болып ақша-несие саясаты тек қана анықталған жалпы мақсатқа жетуге жағдай жасайды. Өз алдына ол қажетті нәтижелерге жеткізуге мүмкіндігі жоқ.

Ақша несие саясатының стратегиясын жасау екі кезеңді ұсынады: оның ең маңызды ақырғы мақсатын анықтау; монетарлы өкіметтерге делегирленген аралық мақсат пен өкілеттіктерді анықтау.

Мемлекеттік органдардың басты мақсаты белгілі бір саясатты таңдап және оны орындап жоғарғы тұрақтылыққа жету және сол тұрақтылықты ұзақ дәуір ағымына сақтау болып табылады. «Жалпы экономикалық тұрақтылық» ұғымы негізінен макроэканомикалық параметрлердің күй-жағдайының айқын болуын көрсетеді, атап айтқанда: өндірістің тұрақты өсуі, тұрақты бағалар, жұмысшы күшінің толық жұмыс бастылығы және төлем балансының дұрыс сальдосы.

Ақша-несие саясатының мақсаттары оның стратегиясы болып көрсетіліп, былай класифмкацияланады: іс-әрекет шегімен - ішкі және сыртқылар, іс-әрекет уақытымен - аралық және ақырғы. Ішкі және сыртқы, аралық және ақырғы мақсаттардың шектелуі олардың абсолютті қарама-қарсы қойып салыстырылмай қабылдануға тиісті. Негізінен олардың арасындағы байланыстарының бар болғанын шамалайтын жалпы ақша-несие саясаты ғана болып отыр.

Ақырғы мақсаттар. Ақырғы мақсаттарды анықтағанда «сиқыршылық төрт бұрыш» туралы жиі сөйлейді, оның шектері макроэкономикалық көрсеткіштер схемасында көрсетілген. Экономикалық саясаттың мәні осы параметрлердің оптималды үйлестіруінде жатыр.

Ақырғы мақсаттар арасында бір мақсат бар, оны орындау орталық банкінің жауапкершілігінде жүктеледі: күрес ұлттық валютаның ішкі және сыртқы құнын сақтау үшін инфляциямен. Бұл мақсат ақша активтерінің эмиссиялауында емес, жинақтардың тұрақты артуына айрықша жағдай жасайтын инвестициялық қаржыландырудың нарықтық механизмдерінің даму жолымен шешіледі. Ақша-несие саясаты инфляцияның ақшасыз себептерімен күресе алмайтыны айдан анық. Құрылымдық және әлеуметтік факторлар экономикалық саясаттың басқа құралдарымен жойылуға тиісті (табыстар саясатымен, сауда-өнеркәсіптік құрылымдар саясатымен және т. б. )

Аралық мақсаттар. Орталық банкілер аралық ретінде ақырғы мақсаттардың орындалуына қолайлы мақсаттар анықтайды. Аралық мақсаттардың анықтамасы бірнеше болжамдардың қатарында құрылады. Аралық мақсаттар (мысалы, ақша массасы) мен ақырғы мақсаттар (мысалы, бағалар) арасында біршама байланыс бар. Басқаша айтқанда, ақша-несие саясатының аралық мақсаттан ақырғыға трансмиссия процесі тұрақты және жеткілікті түрде көрсетілген. Орталық банк оның бұйрығында бар құралдарға байланысты мақсаттардың бірлігін көрсете білуі тиіс.

Календарлық жылға ұсынылған аралық мақсаттарды ресми жариялай отырып орталық банк, болжауға арналған негізгі нүктені орнатып, сөйте тұра «құлағдар ету күшті әсерін» іске асыра алады. Оған қоса, ақша-несие саясаты табыстар саясатына қарағанда аса жеңіл өткізіледі, сонымен қатар экономикаға азырақ «ауырғыш» әсер көрсетеді.

Орталық банкі аралық мақсаттардың екеуінің біреуін ғана таңдау мүмкіншілігіне ие: пайыздық ставка немесе ақша массасы, немесе екі мақсатты бірге таңдайды. Бұл дегеніміз, ақша-несие саясатының стратегиясы сандық мақсаттардың екі категориясымен көрсетіледі: ақшалардың санынымен және несиелердің көлемімен.

Экономикасы дамыған елдердің орталық банкілері экономикаға әсер етудің белгілі бір әдістеріне ие. Оларға дәстүрлі түрде мыналар жатады: минималды резервтер саясаты; депозиттық саясат; есептік және кепілдік саясатын қосатын ұлттық несие жүйесін қайта қаржыландыру; ашық нарықтағы операциялар; валюталық саясат. орталық банк ақша-несие саясатының стратегиялық концепциясын жасайды, ол мақсаттарға жету үшін құралдар қолданылады. Сонымен қатар құралдардың белгілі бір құралдарын қолдануда реттелетін экономика күй-жағдайы ғана емес, сонымен қатар орталық банкінің банкілік жүйемен өзара қатынастарындағы дәстүрлері үлкен роль ойнайды.

Кейбір елдерде ақша-несиелік реттеудің негізгі түрлері заңмен бекітілген. Мысалға, Австрия мен Германияны айтуға болады, онда орталық банкілер құралдардың стандартты түрлерін қолданады. Англияның орталық банкісінің жүргізетін саясаты мүлдем заңмен реттелмейді, және әрбір нақтылы кезеңде Англия Банкісі ақша нарығына әсер етудің жаңа әдістерін қолданады. Сондықтан да Англия Банкісінің қолданылатын ақша саясатының негізгі құралдарын ерекшелеп көрсету жеткілікті түрде қиын, өйткені олардың жиыны саяси режимге аса тәуелді болады, яғни билік басында консервативті немесе лейбористтік өкіметтің ауысып отыруы жиі болып тұрады. Неміс федералдық банкісі заңмен көрсетілген құралдарды модернизациялау жолын ұстанып отыр. Сөйте тұра неміс федералдық банкісі ақша-несие саясатының түрлі механизмдерін қолданады.

Ұзақ мерзімдік аспектіде орталық банк стратегиясының компромистік вариантын таңдау туралы айтуға болады. Қазіргі кезде реттеудің әкімшілік механизміне қарағанда нарықтық механизмге үлкен маңызды бөліп отыр. Ұлттық Банк үшін өтпелі экономика шарттарында Австрияның және Германияның орталық банкілерінің тәжірибесін қолдану аса тиімдірек келеді, яғни ақша-несие саясатының құралдары заңменен бақылануы керек, сонымен қатар танымайтын әдістерді эксперименталды түрде пайдаланғанша қолда бар құралдарды тиімді қолданған дұрыс және маңызды болып табылады.

Орталық банкінің концепциясын бірнеше критериялар негізінде мінездемелеуге болады. Орталық банкілердің стратегиясын класификациялаудың негізгі принциптерінің бірі болып қызмет ететін ақша массасының өсу қарқынын реттеу немесе ұлттық ақша бірлігінің басқа бір тұрақты шетел валютасына қатысты валюталық курсын реттеуге бағдарлану, яғни ішкі және сыртқы көрсеткіштер. (1 кестені қараңыз)

Кесет-1. Валюталық курсты реттеудің ішкі және сыртқы көрсеткіштері.

Ішкі көрсеткіштерге

Бағдарлану

Сыртқы көрсеткіштерге бағдарлану
Ішкі көрсеткіштергеБағдарлану: Ақша массасының өсу қарқынын реттеу
Сыртқы көрсеткіштерге бағдарлану: Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын реттеу
Ішкі көрсеткіштергеБағдарлану:

Ескерту-Автормен құрастырылған: Нуреев Р. М «Ақша, Банк және ақша несие саясаты»

Мәліметтер негізінде алынған.

  1. Ақша-несие саясатының теориялық негізі

Өндірісі дамыған елдердің экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты өте белсенді қолданылады. Бұл ертеден келе жатқан экономиканы реттеудің алғашқы формаларының бірі екені белгілі. Ақша-несие саясаты әр-түрлі позициядан аса талғамды болып қарастырылады. Тарих позициясынан қарағанда, оның мүмкіндіктері 30-шы жылдарда дүниежүзілік экономикалық кризис кезінде шығып жүрген еді, сол кезде оның ролі қарастырылған еді. Теорияның көзқарасымен зерттегенде макроэкономикалық көрсеткіштер ақшаның ауыспалы мәндерінен тәуелді: яғни айналыстағы ақша көлемінің өзгерісі өндірісті, айырбасты, тұтынуды, жалпы сұранысты қозғауы мүмкін. Эмпирикалық позициядан қарағанда: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция өте төмен пайыздық ставканың деңгейіндегі экспансиялық ақша-несие саясатымен арандатылған еді, ал рестрикциялық саясат оның дамуын тоқтататын белгілерін анықтап берді. Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясын және тактикасын анықтау алдымен теориялық принциптерін анықтауды және оның ішкі механизмдерін ашуды талап етеді. Өзіміз білетіндей, ақша-несие саясатында схемалық түрде екі ірі мектепті бөліп көрсетеді - кейнсиандық және монетарлық.

АҚШ-тың экономикалық ғылымында ең ірі танымал кейнсиандық лагерь болып табылады, әсіресе П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобин. Олардың жұмыстары экономиканың ресми танылған ілімінің негізін қалайды. Оларпдың «жалпы теориясының» негізгі мақсаты - әрбір макроэкономикалық теория міндетті түрде ақшалай болатынын дәләлдеу, бұдан ақшалай феноменнің макроэкономикалық анализде кездейсоқ түрде маңызды болып саналады. Сонымен қоса бұл ілім өзінің бойына соңғыкейнсиандық ақша нейтрализмінің өркендерін қамтыған еді.

Келесі концептуалдық бағыт 50-ші жылдардың ортасында кейнсиандықтарға қарсы қалыптасқан еді. Оның жақтаушыларын алғашында сандық деп атайтын еді, содан кейін нақты - «монетаристтер» деп атады, өйткені олар экономикалық белсенділіктің тербелісін және инфляцияны түсіндіруде ақшаның рөліне маңызды қарады. Бұл теорияның идеологі әйгілі экономист М. Фридмен болып табылады.

Егер кейнсиандықтар ақша-несие саясатынның рөлін бюджет саясатының немесе табыстарды бақылау саясатының пайдасына шешсе, монетаристтер ақша-несие саясатының өзін таңдағанды қалайды. Олардың келіспеушілігі тек мына әдістемемен ғана пайда болған: біріншілері саясаттың тиімділігін әрбір жеке жағдайдың негізінде болатынын айтады, ал екіншілері барлық нәтижелер кешенінің негізінде болатынын айтады.

Фишер айналыста жүрген ақшаның көлемінің өзгеру эффекті экономикаға әсері тимейінше ақшаның сандық теориясы дұрыс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Бірақ ол сонымен қатар бұл теорияның нақты «өтпелі кезеңдерде» түзелетінін түсіндіреді, оның қадамында ақша санының өзгерісі олардың айналысының жылдамдығына, өндіріс және келісімдердің көлеміне, бағалардың жалпы деңгейіне әсер етеді. Басқаша айтқанда, оның әртүрлі анықталатын факторлармен ұзақ мерзімді экономикалық концепциясы, экономикалық циклдің ақшалы теориясымен қамтамасыз етіледі.

Алдымен кейнсиандықтардың концепциясының өзінің ішінде тайталасты айту керек. Кейбір экономисттер кейінгі кейнсиандық мектептің зерттеушілерін нағыз ілімді бұзды деп санайды. «Хикс-Хансен парадигмасы» ілімнің неокласикалық моделін бағалардың икемсіз жағдайында, әсіресе номиналды жалақы немесе пайыздық ставка қолданылатын жеке жағдайлар түсіндіруге ұмтылады. Басқаша ойланатындарға кейнсиандық бағыты өзге түсте көрсетіледі: кейнсиандық экономика міндетті түрде монетаристті болса, онда ол тепе-теңдікте болуы мүмкін емес.

Кейнс макроэкономикалық анализ тек ақшалай болатынын нақты түрде айтқан. Ақшаның маңыздылығын көрсету үшін ол анализдің класикалық схемасын керісінше өзгертті, яғни жұмысшылардың толық жұмыспен қамтылуы автоматты түрде нақты жалақының өзгеруіне байланысты қамсыздандырылады. Кейнстің схемасы бойынша керісінше: жалпы сұраныс өндірісті анықтайды, оның деңгейі толық жұмыс бастылыққа жету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Ақша жалпы сұраныстың айқындалуына жағдай жасап стратегиялық маңызға ие: олардың жеткіліксіздігі жұмыссыздықтың немесе артықшылығы инфляцияның қайнар көзі болуы мүмкін.

Дегенменде, қарыз капиталына деген ұсыныс пен сұраныс пайыздық ставканы анықтайды. Кәсіпорын иелері капиталдың шекті тиімділігі (немесе қаржы салудың рентабельділік нормасы) пайыздық ставкаға тең болып тұрғанша қаржы салып отырады. Өз алдына жалпы табыстың өсімі қаржы салудың өсімінен шығып қысқа мерзімді болып табылады. Сондықтан, айналыстағы ақша массасын өзгерте отырып монетарлы өкімет табыс өсімінің бәсеңделуіне немесе тездетілуіне әсер етеді.

Бұл кезде депрессияның кейнсиандық схемасы келесі түрде бейнеленуі мүмкін. Белгілі бір себептермен нақты сұраныс төмендеді делік. Жалпы бұл төмендеуді кәсіпкерлер біле алмайды, олар өздерінің болжамдарында өткен кезге қарайды. Сөйтіп олардың болжамы қате болып, олар тауарды аз сатып қояды да қоймада өнім көбейіп қалады. Артық өнімді азайту үшін олар өндірісті қысқартады. Кәсіпкерлердің бұл іс-әрекеті өндірістің көлеміне бағытталып, сонан кейін бағаға да бағытталады, ал материал құндылығы нарығында тепе-теңдік бұзылып, бұрынғы бағалар тепе-теңдік жағдайының бағасы болып табылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - несие реттеу
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың механизмі
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Несие берудегі несие саясаты
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Ақша-несие саясаты
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Ақша-несие саясаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz