Сатылардың негізгі сипаттамалары


ЖОСПАР:
КІРІСПЕ:
ТАРАУ I. ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АДАМ ДАМУЫ
- Адам капиталы теориясы- білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы
- Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім
- Әлемдік білім беру прогресінің үрдістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күш-жігерлері
ТАРАУ II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ДАМУЫ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
2. 1. Білімнің әлемде қолданылатын деңгейлік құрылымдары мен үлгілерінің жіктелімі
2. 2. Адам дамуы міндеттерінің тұрғысында қазақстандық ұлттық білім үлгісін қалыптастыру
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
ТАРАУ I. ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АДАМ ДАМУЫ
- Адам капиталы теориясы- білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы
Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш ролін тану адам капиталы териясының негізін құрды, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылды.
Адам капиталының теориясы - білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас.
Сансыз көп теорияларда білім н еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып елді, бірақ барлдық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді. Қоғамға білімді шыңдап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті, әрі ол ең құнды және ең ссенімді капитал болады.
Осындай ұғымды біз сонау 18 ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту замаңында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций білім мен ғылымның қоғам дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты. Одан кейінірек уақытта Бенджамин Франклин бүкіл даналық пікірлерге тән қарапайым ой айтты: «Егер әмиянның ішіндегісін басыңызға құйсаңыз, оны сізден ешкім де тартып ала алмайды . . . ».
Адам капиталының теориясы өзінің қазіргі заманғы қалпында алғаш рет «чикаголық мектептің» өкілдері, американдық екі ғалым Т. Шульц пен Г. Беккердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды. Т. Шульц 1960-1961 жж. «Білім капиталын жасау» және « Адам капиталына инвестициялар» мақамаларын жариялады, мақамаларда жаңа теорияның негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Г. Беккер 1964 жылы «Адам капиталы: теориялық және эмпирикалық талдау» іргелі еңбегін шығарды. Кейіннен екі ғалым да өз еңбектері үшін Нобель сыйлығын алды.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге XX ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімінің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның « Білім революциясы » мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды.
Адам капиталы теориясының тағдыры бақытты болды. Оның практикалық құндылығын озық елдердің үкіметтері тез арада мойындады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары білімге арналған инвестициялардың күрт өсуінің, білім беру қызметтері ауқымдарының таң қаларлық ұлғаюының, жаппайлығы мен мүмкіндігінің заманы болды.
Енді адам капиталы теориясының өзекті тармақтары туралы әңгіме қозғайық. Ең алдымен мынаны атап көрсетелік, ол бірден-бір экономикалық ілім, осы ілім дәстүрлі экономикалық санаттарға сүйенуге ұмтылып, соның ішінде рухани, зиялы бағыттылықтағы институттарды да қарайды.
Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білімді экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды. Теорияның авторлары білім мен экономикалық өсудің байланыстылығын белгілейтін математикалық есептеулердің бірқатар әдістемелерін әзірледі.
- Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім
Адам капиталы теориясы әлемдік білім беру прогресінде аса көрнекті роль атқарды. Білімге жұмсалатын инвестициялардың тиімділігі мен айрықша пайдалылығы, білім жүйесін қаржыландырудағы « қалдық қағидасының » дәрменсіздігі дәлелденді. Білім әйтеуір теория мен мемлекет мағлұмдайтын саясатта, қалай болғанда да, бұрынғыдай өндірістік саланың қарауындағы сала, қоғам зейінінің қосалқы дәрежелі объектісі ретінде ұғынылмайтын болды.
Адам капиталы теориясының « экономикалық ауытқуы » тосын ашылған қарама-қайшылықтар және білім мен экономикалық дамудың өзара қатынастарындағы нағыз оғаштықтарды түсіндіруде оны дәрменсіз етті. Мәселен, « білім беру шиыршығының оғаштығы » аталатын көзқарас жатады. Оның тұжырымы былай, білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым көп төмендесе, білімді жұмыс күшінің арасында жұмыссыздық неғұрлым көп болса, соғұрлым аттестат алудың маңызы арта түседі, өйткені тек аттестаттың болуы ғана әйтеуір бір жұмысқа орналасуды кепілдейді. Яғни білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым аз болса, соғұрлым оған сұраныс көп болады.
Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік экономикасында проблемалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйеге өту кезінде қорланған адам капиталы құнсызданатыны анықталды. Бұл жалақының, ал одан кеңірек тұрғыда адамдар мәртебесінің білімге байланыстылығын бұзады. Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік кеңес қоғамында да орын алды. мұнда ол еңбек рыногының жоқтығымен, көбіне « қоймаға » жұмыс істейтін кәсіпорындардағы қоғамға керек емес қыруар жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ жұмысшы табын идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумен байланысты болды.
Адам капиталы теориясына тән білімнің экономикаға ықпалын өлшеу және математикалық сипаттау әрекеттері әр елдердегі білімділік деңгейін формалистік бағалауға апарып соқтырды. Өлшеулер шегінің сыртында американдық мектептер түлектерінің арасында кең тараған функционалды сауатсыздық, дипломға кезекке тұру және қазіргі Қазақстандағы көптеген жеке оқу орындарының кадрлар даярлаулың орнына дипломмен нақты сауда жасауы сияқты құбылыстар болды.
Экономикалық тәсілдер жиынтығында білім сапасын өлшеудің тиімді тәсілдері осы уақытқа дейін табылған жоқ.
Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторының мәні былай, осы теория даму логикасы мен постиндустриаялық өркениеттің іргелі әлеуметтік мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.
Жаңа үрдістер мен талаптарға адам дамуы тұжырымдамасының контексіндегі білімге арналған тәсіл жауап қайтарды.
Адам дамуының аса маңызды факторы ретінде білім экономикалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас жиынтығын шешуге айқындаушы немесе біршама елеулі ықпал көрсетуге лайықты. Ондай проблемаларға мыналар жатады: әр елдегі халықтың қазіргі заманғы өрккениет деңгейі мен тұрмыс сапасына қол жеткізу, кедейшілікті бағындыру мүмкіндігі, тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыздандыру, әлеуметтік теңсіздіктің деңгейін төмендету, гендерлік және этникалық теңсіздіктен арылу, қылмыстылықты азайту, саяси және ұлысаралық жанжалдардан арылу және сақтандыру, орнықты дамуды қамтамасыз ету, тұлғаның өз мүмкіндіктерін толық және жан-жақты іске асыруы үшін жағдайлар жасау. Сонымен, білімді аса маңызды адам капиталы ретінде қарай отырып, адам дамуының тұжырымдамасы білімнің кең ауқымды және көп қырлы әлеуметтік қызметтерін бекітіп, оған осы заманғы социумның іргелі проблемаларын шешуде басты роль береді.
- Әлемдік білім беру прогресінің үрдістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күш-жігерлері.
XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның « әлеуметтік салдарларының » бірі ретінде қарап келді. Ол бастапқыда да осындай еді, бірақ одан әрі салдар себепке дейін өсті. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік құрылымды жасауда, әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.
Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі демократияландыру болды. Осы, шүбәсіз, прогрессивті үрдіс жаңа индустриялық, және белгілі бір дәрежеде, дамушы елдерді қамтыды.
Анағұрлым дамыған мемлекеттерде жоғары білімнің барған сайын кеңейе түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе қойылды.
Осыладың барлығы қоғамдық сана мен мемлекет саясатына соны, нағыз революциялық принципті енгізуді дайындап берді: білім- мамандар даярлаудың ғана емес, сонымен бірге ол қоғамның жалпы парасаттылық, технологиялық және мәдени деңгейін арттырудың, қоғамның инновацияларға және прогреске қабілетін демеудің, тұрмыстың осы заманғы стилін қалыптастырудың құралы. Осыдан экономикалық қажеттіліктерге катаң қазықтаусыз білімді мүмкіндігі туралы тұжырым жасалды.
50-ші жылдардың аяғында - 60-шы жылдардың басында үздіксіз білім алу идеясы туындады да, содан соң ол кезде күш алып кетті. Біздіңше. Батыста оны « Lifelong Learning » - « өмір бойы оқу » деп аталған.
Үздіксіз білімнің мәні - ғылыми-техникалық революция жағдайларында білімнің тез арада ескеруіне байланысты кәсіптік жинақтылықты көтеруде емес, әңгіме білімнің өзіндік құндылығы туралы болып отыр.
Сонымен, дүниежүзілік қоғамдастық білім беру қызметтерін тек жұмыс күшін құраумен немесе кадрлар даярлаумен шектеуге қарсы шықты. Осыған байланысты Париж конференциясы жоғары мектептің жалпы мәдени және өнегелік қызметтерінің әлсіреуіне үлкен алаңдаушылық білдірді.
Халықаралық қоғамдастық ең алдымен БҰҰ мен құрылымдары әзірленген, адам дамуының аса маңызды бөлігі ретіндегі білім дамуының стратегиясы білім беруді барлық деңгейлерде жетілдіруді жүзеген асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мүдделер бойынша оқу жүйелеріне реформалар жүргізуге барлық елдерге көмектеседі.
2. 1. Білімнің әлемде қолданылатын деңгейлік құрылымдары мен үлгілерінің жіктелімі.
Елдегі білім жүйесінің бінеше құрылымдық бөліктері бар, олар - деңгейлік, ұйымдық, мазмұндық болып бөлінеді. Кейде әр елдегі білім жүйесін ұлттық үлгі деп атау қалыптасқан.
Білім- күрделі және созылыңқы үдеріс, ол қазіргі дамуының тұжырымдамасы тұрғысынан адам өмірінің үлкен бөлігін қамтуы тиіс. Осыған байланысты, әрине, оның көп деңгейлік құрылымы бар.
XX ғасырдың орта шеніне дейін әлемде білім деңгейлері туралы қайсыбір ортақ « халықаралық » ұғым орын алды, ал түрлі мемлекеттер өздерінің дербес оқыту сатыларын белгіледі.
Ұлттық білім градацияларының негізін әркелкі жас критерийлері, зерделілік кемелдігінің көрсеткіштері, ақпараттық көлемдері мен алынған білім мен машықтарды қолдану мүмкіндіктері туралы түсініктер құрайды.
Алайда әлемдік экономикалық, ғылыми және мәдени интеграцияладың кеңею және тереңдеуіне, планетарлық ақпараттық кеңістік құруға қарай, ал ең бастысы-еларалық білім беру мен кадр алмасудың жалпыға бірдей және жүйелі практикаға байланысты білім деңгейлерінің халықаралық жіктелімін әзірлеудің зәру қажеттілігі туындады.
Білім сатылары және олардың негізгі сипаттамалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz