Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеумен кедендік
бақылау механизмін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1. Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ. Бөлім. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды
жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2. Кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын жетілдірудің
кейбір
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 16
3. Қазақстан Республикасының интеграциялық қауымдастықтарға кіруде
кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауға өзгеріс енгізу
шаралары ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі экономикалық даму ұлттық экономикалардың елдер
арасындағы аймақтық және бірлескен шаруааралық кешенге интеграциялаудың
айқын көрінетін тенденциямен, сондай-ақ кең еркін сауда аумағын құруға,
тауарлар мен қызмет көрсетуді айырбастау, қаржылық ресурстардың қозғалуы
бойынша халықаралық келісімдер маңыздылығын арттыруға ұмтылумен
сипатталады. Материалдық құндылықтар мен қаржы құралдарының айналымын
реттейтін жалпыға ортақ ережелері бар қаржы нарығы қалыптасып келеді.
Барлық елдерде ұлттық экономика біршама ашық бола келе, әлемдік еңбек
бөлінісі мен халықаралық бәсекелестікке қосылуда.
Сыртқы экономикалық байланыстар объективті шартталған болып,
экономикалық өсудің ең маңызды факторына айналды. Көптеген елдерде міне
осылар ұлттық экономиканың жағдайын анықтайды, және де бұл беталыс
болашақта өседі.
Сонымен қатар кедендік жүйе атқаратын қызметтің маңыздылығы -
Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсетін табыс бөлігінің ең тұрақты көзі
кедендік салықтар мен жиналымдар болып табылады.
Кеден жүйесінің қызметін ұйымдастырудың негізгі элементтері кеден
қызметінің тиімді құрылымын және оның органдарын Қазақстан Республикасы
аймағында орналастыру нұсқасын таңдау болып табылады.
Кеден органдарының бірыңғай жүйесінің қағидалары кеден ісін,
бірыңғай кеден саясатын, бірыңғай кеден аумағын, бірыңғай кеден заңдылығын,
бірыңғай тарифтік реттеу мен оның экономикалық саясат шараларымен үйлесуін
ұйымдастыру және жүзеге асыруға негізделген біртекті қағидалармен тығыз
байланысты.
Алғашқы кезекте кеден қызметі мемлекеттік шекараны кесіп өтіушілерге
бағытталды. Өйткені, алдымен жалпы қоғамның мүддесін, содан кейін әрбір
жекелеген азаматтардың, олардың жай-күйі мен қауіпсіздігін қорғауға тиісті
болды. КСРО кезінде кеден тек мемлекеттік шекараны кесіп өтушілер үшін ішкі
сауда қызметін шектеуді сақтауға, тауарлар мен мүліктерді бақылауды жүзеге
асыруға жауапты орган ретінде ғана жұмыс істейтін. Бұл міндет әрқашанда
екінші кезекте қалып отыратын.
Бүгінде біз өткенге көз сала отырып, Казақстанның кеден қызметінің
қалыптасу кезендеріндегі қиыншылық жылдарды іштей еске аламыз. Алайда, біз
сол қиыншылықтарды жеңіп шығып, он жыл ішінде көп тер төктік, зияндар мен
табыстар да болды, нәтижесінде жаңа саланы көтеріп, әлемдік деңгейде де өз
орнымызды таптық.
Кедендік рәсімдеу - бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты Қазақстан
Республикасының кеден органдары мен тұлғалар жүзеге асыратын әрекеттер мен
процедуралар жиынтығы.
Сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы сауда ең алдымен заңды және
жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып
өтуімен байланысты. Мұндай тауарлар мен көлік құралдары міндетті түрде
кедендік бақылаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілерінде сыртқы
экономикалық қызметті реттеу жүйесі кеден органдарының атқаратын ролі мен
орны анықталып, олардың мақсаттары мен функциялары құрылды.
Кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау кеден органдарының маңызды
функцияларының бірі болып табылады. Өйткені кеден органдарының лауазымды
тұлғалары тауарлар мен көлік құралдарының құжаттарын, ҚР кеден шекарасы
арқылы өткен жүктерді, көліктерді кедендік қарау, тексеруден өткізеді,
шектеу шаралары қолданылған тауарлардың өтуін қадағалап отырады, шектеу
қойылған тауарлардың шекарадан кіру немесе шығуын тоқтатуды қамтамасыз
етеді (есірткі, қару-жарақ, психотроптық заттар).
Менің Курстық жұмысымның мақсаты кедендік саясатты іске асыруда
мемлекетіміздің кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүргізудің маңыздылығын
ашып қарастыру, жүзеге асыру тәртібін анық көрсету, кедендік рәсімдеу мен
кедендік бақылау механизмін зерттеу және оны жетілдірудің жолдарын,
әдістерін ұсыну болып табылады.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында ҚР кеден шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік
бақылауда қолданылатын түсініктерді, жүргізу тәртібін, нысандарын ашып
көрсетіп, мәселенің нормативтік-құқықтық негізін анықтадым.
Екінші тарауда ҚР кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік
бақылауды жүргізудегі алатын орнын, негізгі мақсаттары мен міндеттерін,
механизмін, атқаратын функцияларын Қызылорда облысының кеден органдары
үлгісінде қарастырдым; республика бойынша өткен жылдары істеген қызметінің
қорытындыларын талдап, жеткен жетістіктерін кестелер, диаграммалар арқылы
көрсеттім; қазіргі кездегі кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге
асырудың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын, әдістерін табу
қажеттілігін белгіледім.
Екінші тарау ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын жеңілдету
әдістерін, оған кететін уақытты қысқарту және кеден төлемдері мен алымдарын
өндіріп алудың ең тиімді жолдарын, жетілдірудің кейбір аспектілерін
қарастырады. Сонымен қатар Қазақстанның әр түрлі интеграциялық
қауымдастықтарға кіруде, халықаралық келісім-шарттар жасасуға қатысатын
елдер арасында кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын
жүргізудің оңайлатылған, жеңілдетілген тәртібін қолдануды енгізу,
тауарларды тасымалдау кезінде СЭҚ қатысушыларының қақтығысып қалатын
кедендік бөгеттерді жою сияқты мәселелерді шешу үшін шаралар қолдану, ол
шаралардың іске асырылуын қадағалап, халықаралық кедендік қызметтесуді
жетілдірудің ұсыныстары жасалды.

1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы Өткізілетін
тауарлар мен кӨлік құралдарын кедендік рӘсімдеу мен кедендік
бақылау механизмін талдау
1.1. Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау
жүргізудегі ролі
Қазақстан Республикасының заңды және тағы басқа нормативтік
актілерінде кеден органдарының сыртқы экономикалық, сондай-ақ сыртқы сауда
қызметін реттеу жүйесіндегі ролі мен орны анықталған, олардың функциялары
мен мақсаттары тұжырымдалған, оларды орындаудың негізгі қағидалары,
әдістері мен құралдары, кеден органдары қызметінің тәртібі белгіленген.
Кеден органдарына жүктелген функциялар кешенін жүзеге асыру үшін, ең
алдымен елдің кедендік шекарасы арқылы СЭҚ қатысушылары өткізетін тауарлар
мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуін жүзеге асыру
қажет.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекараны кесіп өткен кезде
негізделген шешімдерді қабылдау үшін, өткізілетін тауарлар туралы бүкіл
қажетті ақпаратты және сол тауарлардың өзін бір жерде, бір органда жинап
қою, құжаттағы тауарлар туралы мәліметтерді іс жүзіндегі деректермен
салыстыру, екі түрлі мәліметтің кездейсоқ не қасақана үйлесімсіздігін
айқындау, оларды анықтап белгілеу, қателіктерді түзеп, мемлекетке тиюі
мүмкін зиянкестіктің алдын-алу, заң мен кедендік ережелерді бұзушылықтардың
пайда болуының себебі мен шартын анықтау және жою, оларға қатысты адамдарды
анықтап алу бойынша шара қабылдау, осы бұзушылықтардың заңды
квалификациясын беру мүмкіндігімен байланысты бұл функциялар кеден
органдарына жүктелген[1].
Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік рәсімдеу функциясын орындаудың арқасында жасалады.
Бұл функцияның мақсаты мәліметтердің есебін жүргізу мен тіркеу, тиімді
құжаттық және іс жүзіндегі кедендік бақылау үшін, сондай-ақ валюталық,
экспорттық, ветеринарлық, экологиялық және тағы басқа бақылау түрлері үшін
жағдайлады қамтамасыз ету мақсатымен тауарлар мен көлік құралдарын өткізу
туралы толық, нақты құжаттық ақпараттық негізінің құрылуы; сыртқы сауданың
кедендік статистикасы мен арнайы кедендік статистикасын жүргізу; СЭҚ
қатысушыларына сәйкес кедендік режимді дұрыс таңдауына, тауарлар мен көлік
құралдарын сол режимге орналастыруға, режимді орындау мен оның әрекет
етуінің уақытылы аяқталуына көмек көрсету.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу
бөлек функциялар болып табылғанымен, сонымен қатар өзара тығыз байланысты
және параллельді, жиі-жиі бір уақытта жүзеге асырылады. Бұл процестер
төменгі бөлімдерде ашылып қарастырылады. Осы нақтылықты тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді ұйымдастыруды
қарастырудан бастайық.
Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру – бұл тауарлар
мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден
органдары жүргізетін шаралар кешені. Бұл кешенге кедендік бақылау мен
кедендік рәсімдеуді іске асыруға арналған орындарда, сондай-ақ кедендік
бақылаудан өтетін тауарлар мен көлік құралдары орналасқан, я болмаса
бақылауы кеден органдарына жүктелген қызметті жүзеге асырыла алатын басқа
да орындарда кедендік бақлау мен кедендік рәсімдеуді қамтамасыз ететін
кедендік және кеден маңындағы инфрақұрылымды жасау кіреді.
Сонымен қатар кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру
мына мәселелерді шешуді қамтиды:
- кеден шекарасын нақты орында және уақытта кесіп өту;
- кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді іске асыру орны мен уақыты;
- СЭҚ қатысушыларының экспорттық немесе импорттық операцияларды жүзеге
асыру ниеті жөнінде хабарлау тәртібі;
- тауарлар мен көлік құралдарын ұсыну, жеткізу уақыты, орны және әдісі,
олардың құжаттарын кеден органына беру;
- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауға алу және оларды УСҚ
орналастыру тәртібі, т.б.
Кеден органының дислокациясы орнында тауар ағымының интенсивтілігі мен
сипаты, СЭҚ қатысушылары қолданатын көлік түрі мен саны, сондай-ақ кеден
органының бар мүкіншіліктері (кадрлық, техникалық және т.б.) талдау
негізінде кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру процесінде
оларды өндірудің технологиялық схемасы жетілдіріледі, кеден органының
қызметкерлері жұмыс орындарына орналастырылады, олар арасында нақты
функциялар мен кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді іске асыру бойынша
жұмыс операциялары бөлініп беріледі, олар арасындағы өзара іс-әрекеттер
ұйымдастырылады, кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыруды
бақылау және жұмысты координациялау, осы процестерге қатысушыларды
ынталандыру мәселелері шешіледі.
Міне сондықтан да кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру
өте күрделі және көпқырлы процесс болып табылады. Бұл процестің
ерекшеліктері төменде айтылатын көптеген факторларға тәуелді болады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді
ұйымдастырудың кейбір мәселелерін анықырақ қарастырайық.
Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу жасаудың орны мен уақыты.
Кеден заңдылығы мен ведомстволық нормативтік актілерде тауарлар мен көлік
құралдарының кеден шекарасын кесіп өту, кедендік бақылау мен кедендік
рәсімдеуді іске асыру орындары және уақыты, сонымен қатар тауарлардың
кедендік бақылаудан өту уақыты анықталған.
Тауарларды негізгі кедендік рәсімдеу жөніндегі кедендік операциялар
кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша негізгі кедендік рәсімдеу
жөніндегі кедендік операциялар Кеден кодексіне сәйкес кеден органдары
орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
Тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдер, Кодексте белгіленген
жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.
Кеден органдары көлiк құралдарын тоқтатуға, Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан кеден органының рұқсатынсыз кетiп қалған теңiз, iшкi
сулардағы және әуе кемелерiн күшпен қайтаруға құқылы. Сонымен қатар басқа
мемлекеттер аумағында орналасқан кемелердi және шетел кемелерiн ұстау
(қайтару) бойынша әрекеттер Қазақстан Республикасы заңдылығына және
Қазақстан Республикасымен мақұлданған халықаралық келiсiм-шарттарға сәйкес
жүзеге асырылады[2].

ҚР кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлiк құралдарын,
соның iшiнде тауарларды басқа көлiк түрiнен автокөлiкке қайта тиегеннен
кейiн, ҚР кеден органдары орналасқан жерден тыс жерде кедендiк бақылауды
кеден органдарының лаузымды тұлғалары келесi тауарларды айқындау мақсатында
жүзеге асырады:

1) ҚР кеден заңдылығын бұзумен Қазақстан Республикасына әкелiнген
тауарлар;

2) жеткiзiлетiн кеден органына белгiленген мерзiмде ұсынылмаған
тауарлар;

3) ЕврАзЭС қатысушы мемлекеттерiнiң кеден кызметтерiнiң бiрiккен
нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген ережелердi бұза отырып,
ЕврАзЭС қатысушы мемлекеттерде рәсiмделген тауарлар;

4) акциздiк, акциздiк маркалармен маркировкалауға жататын, сондай
маркаларсыз немесе бекiтілмеген үлгiдегi маркалармен тасымалданатын
тауарлар;

5) кедендiк құқық бұзушылық объектiсi болып табылатын басқа да
тауарлар.

Кедендiк бақылауды жүргiзу орны мен уақыты. Тауарлар мен көлiк
құралдарын кедендiк бақылау Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында
кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен күндiзгi және түнгi уақытта
тiкелей кеден шекарасы бойымен шекаралық кеден бекеттерi мен өткiзу
пунктерiнiң дислокациясы шегiнде (жақын жердегi айналып өтетiн және
ауыларалық жолдарда, жергiлiктi рельеф пен табиғи бөгеттерге қарай
шекарадан 100 шақырымнан аспайтын алыста) iске асырылуы мүмкiн.

Кедендiк бақылау жүзеге асырудың нақты бағыттары мен кеден органдары
лауазымды тұлғаларының санын ҚР аумақтық кеден органың бастығы белгiлейдi.

Кедендiк бақылауды ұйымдастыру. Аумақтық кеден органы бастығы
белгiлейтiн құрамына ҚР кеден органдарының лаузымды тұлғалары, сонымен
қатар бiрлескен шараларды қолдану жоспарлар мен келiсiлген бұйрықтар болған
жағдайда, ҚР басқа да мемлекеттiк органдарының лаузымды тұлғалары кiредi.

Кеден нарядын ҚР кеден органдарының кедендiк қорғау мен режим
бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғалары iшiнен тағайындалатын наряд үлкенi
басқарады.

Кеден нарядының қызмет ету шарттары мен тәртiбi, сондай-ақ қызмет ету
аймағы ҚР аумақтық кеден органы бастығының бұйрығымен анықталады.

Кеден нарядының қару-жарақпен, байланыс құралдарымен және тағы басқа
жабдықтармен, көлiк құралын қоса, қамтамасыздандырылуын, нарядтың жеке
құрамының нұсқаулығын жүргiзуiн кедендiк қорғау мен режим бөлiмiнiң бастығы
iске асырады.

Кеден нарядының кедендiк бақылауды жүргiзуi үшiн ҚР аумақтық кеден
органының бастығы қол қойған және елтаңбалық мөрмен бекiтiлген жазбаша
хаттама негiз болып табылады.

Жазбаша хаттаманы есепке алу мен тiркеу кедендiк қорғау және режим
бөлiмшесiнiң хаттамаларды белгiленген нысанда есепке алу мен тiркеу кiтабы
бойынша жүзеге асырылады.

Кеден нарядының кедендiк бақылауды жүргiзген кезде мыналары болуы
тиiс:

1) жазбаша хаттама;

2) пломбалау құрылғысы;

3) дәрiгерлiк аптечка;

4) аймақты жарықтандыру құралы (сигналды пистолет);

5) қызыл жарыққайтарғышы бар жезл немесе диск;

6) ҚР жол жүру ережелерiнде белгiленген “Кеден” деген уақытша
белгiлерi;

7) тексермелеудi жүргiзу үшiн техникалық құралдар (арнайы айналар,
қысқыштар және т.б.);

8) көлiк құралдарын күшпен тоқтату үшiн техникалық құралдар;

9) айқындалған құқық бұзушылықты бекiту, тауарлар мен көлiк құралдарын
алу, шұғыл процессуалдық әрекеттердi (тексерiп қарау, пiкiр сұрау және
т.с.с.) жүргiзу үшiн қажеттi процессуалдық және басқа құжаттар
бланкiлерiнiң жиынтығы.

Кеден нарядының лауазымды тұлғалары кедендiк бақылауды жүргiзу
кезiнде:

1) қозғалатын көлiк құралдарын қадағалауды жүргiзу;

2) жүк накладнойларын, тауармен бiрге жүретiн құжаттарды, кедендiк
мөрлердiң көрiнуiн тексеру;

3) көлiк құралдарының жүк бөлiмдерiне қойылған кедендiк мөрлер мен
пломбалардың күйiн, сонымен қатар тасымалданатын тауарларды
сәйкестендiрудiң басқа құралдарын тексеру;

4) қаруды және арнайы құралдарды қолдануға әрдайым әзiр болу;

5) қызмет тiртiбi мен заңдылықты, сондай-ақ кедендiк бақылау жүргiзуде
кауiпсiздiк шараларын қатаң сақтау;

6) кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткiзудің алдын алуға
негiзгi күштi салу, қару-жарақты, есiрткi заттарын, радиоактивтi заттарды,
түстi металдарды, акциздiк және кеден заңдылығын бұзуға әкеліп соғатын
басқа да тауарларды тасымалдайтын адамдарды айқындау және ұстауға ерекше
көңiл бөлу.

Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден наряды:

1) тауармен бiрге жүретiн құжаттарды тексеру кедендiк қамсыздындыру
құралдарының болуы мен сақталуы мақсатында, сонымен қатар кеден заңдылығын
бұзу туралы ақпарат болған жағдайда, көлiк құралдарын тоқтатады;

2) тасымалдаушы ҚР заңдылығын сақтамайды деп есептеуге негiз болған
жағдайда, тасымалданатын тауарлардың сәйкестендiру тексермелеуiн жүргiзедi;

3) ҚР кеден заңдылығын бұзуы туралы ақпараттың болуы кезiнде, сондай-
ақ мұндай құқық бұзушылықтың белгiлерiн айқындаған кезде, тауарлар мен
көлiк құралдарының бар болуын тексередi, оларды қайта кеден тексермелеуiн
өткiзедi, кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi қайта тексередi,
сыртқы экономикалық және берiлген тауарлармен өткiзiлетiн басқа да
операцияларға қатысты құжаттарды тексередi.

ҚР заңдылығына сәйкес кеден заңдылығын бұзуға қатысы бар адамдарды
ұстайды.

Көлiк құралдарын тоқтатқаннан кейiн, кеден наряды жүк накладнойларының
және тауармен бiрге жүретiн құжаттардың тексеруiн жүзеге асырады.

Тексеру кезiнде мыналарды айқындайды:

1) нормативтiк-құқықтық актiлерде қарастырылған жүк накладнойлары мен
кеден құжаттарының iс жүзiнде болуы;

2) кедендiк мөрлер мен мөртаңбалардың түпнұсқалылығы;

3) көлiк құралының белгiленген жеткiзу орнына дейiн жүру маршрутының
сәйкестiгi (егер мұндай маршрут жөнелту кеден органымен белгiленген болса);

4) тасымалданатын тауарлар атауының жүк накладнойлары мен кеден
құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгi.

Құжаттарды тексергеннен кейiн көлiк құралының жүк бөлiмшелерiнiң
сырттай тексерiп қарауы жүзеге асырылады. Бұл тексеру кезiнде кеден мөрлерi
мен пломбалардың, кедендiк сәйкестендiрудiң басқа да құралдарының сақталуы
тексерiледi.

Егер жүк накладнойларында кеден бажы мен салықтары салынатын, сонымен
қатар ҚР заңдылығына сай әкелуге (әкетуге) шектелген тауарлар көрсетiлген
жағдайда, кеден нарядының лауазымды тұлғаларынан (екi адамнан аз емес)
тұратын тексермелеу тобы тасымалданатын тауарлардың сәйкестендiру
тексерiсiн жүргiзедi. Маркировкаланатын акциздiк тауарлардың тексеруiн
жүргiзгенде тауарлардағы маркалардың болуы, сондай-ақ тауарларға
жапсырылған маркалар сериясының ұсынылған құжаттарда көрсетiлген
мәлiметтерге сәйкестiгiн тексерiледi.

Егер ҚР заңдылығы бұзылды деп есептеуге негіздер болса,
сәйкестендірушілік тексеріп қарау басқа да тауарларға қатысты жүргізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі айқындалған жағдайда тауарлар мен
көлік құралдары ҚР кеден органына жіберіледі.

Кеден наряды ұсынылған құжаттардың, кедендік мөрлер мен мөртаңбалардың
шындығына күмәнданатын болса, кеден нарядының үлкені тауарлар мен көлік
құралдарын кеден органына кеден нарядының шығарып салуымен құжаттарды,
мөрлерді және мөртаңбаларды қосымша тексеру үшін, ал қажетті жағдайда
тексермелеуді жүргізу үшін жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Тексермелеуді жүргізу тәртібіне сай және қауіпсіздік шараларын сақтай
отырып, ҚР-да бекітілген заңдылығына сәйкес тексермелеу жүзеге асырылады.

Тексермелеу нәтижелері кедендік тексермелеу актінде бекітіледі. Бұл
акт екі нұсқада, белгіленген нысанның бланкісінде толтырылады. Кедендік
тексермелеу актісіне тексермелеуді жүргізген кеден нарядының лауазымды
тұлғалары, мүмкіндігінше көлік құралының жүргізушісі (немесе берілген
тасымалдауға қатысы бар басқа тұлға) және тексермелеу кезінде қатысқан
басқа да тұлғалар қол қояды. Кедендік тексермелеу актісіне жүргізуші қол
қоюдан бас тартқан жағдайда, онда сәйкс жазу жазылады.

Кедендік тексермелеу актінің бірінші нұсқасы жүргізушіге немесе
тасымалдауға жауапты басқа тұлғаға беріледі. Ал екінші нұсқасы нарядтың
үлкенінде қалады.

Көлік құралының жүк бөлімдерін (жүк орындарын) тексермелегеннен кейін
кедендік сәйкестендірудің жаңа құралдары қойылады. Мұнда жүк
накладнойларында, тауармен бірге жүретін және кедендік құжаттарда
сәйкестендіру құралдарын қайта қолдануы туралы мәліметтер мен кедендік
тексермелеу актісінің нөмірі көрсетіледі.

Қосымша тексеру мерзімі тауар мен көлік құралының кеден органына
келген күнінен бастап үш күннен аспауы тиіс. Тексеру кезінде тауар мен
көлік құралы кедендік бақылау аймағында немесе уақытша сақтау қоймасы
иесінің келісімімен осы қойма аймағында тексеру жүргізу кезінде уақытша
сақтаумен байланысты шығындарды тасымалдаушы өтемеді деген шартпен
орналасуы қажет. Қосымша тексеруді өткізетін кеден органдарының басқа кеден
органдарынан сұрауына жедел ақпарат жіберу құралдарын қолданып, көп ұзамай
жауаптары жіберіледі.

Кедендiк бекеттегi бақылау жұмыстары. 2003 жыл аралығында кедендiк
бақылау бекетiндегi бөлiмшелер 325 тексерiс жүргiзген. Тексерiс нәтижесiнде
39 қылмыстық iс қозғалып, 682 әкiмшiлiк құқық бұзулылық анықталған. Оның
187 сотқа берiлiп, 325 кеден iсi саласындағы қылмыстар мен құқық
бұзушылықпен күрес бөлiмдерiне берiлген, ал қалған 29 басқа мемлекеттiк
бақылаушы органдарға iздестiрiлуге берiлген. Нәтижесiнде 9,2 млн. теңге
айыппұл алынған[3].

2003 жылы кедендiк төлемдер мен салықтардың жалпы сомасы 840 млн.
теңге құрап, кеден бақылау бекетiндегi бөлiмшелер 909,1 млн. теңгенi
бюджетке аударған.

Кесте 1.
1999-2002жж. республикалық бюджетке түскен кеден төлемдерінің үлесі

Көрсеткіштер 1999 2000 2001 2002 2003
Кеден төлемдері мен салықтардың38,2 58,7 102,5 155,3 198,5
түсімі, млрд. тенге
Өндіріп алынған кеден төлемдері7,5% 8,7% 11,1% 15,4% 17,2%
мен салықтардың импорт көлеміне
қатынасы
Бюджеттегі салық түсімдерінің 11,8% 11,3% 14,2% 19,6% 19%
жалпы сомасындағы кеден
төлемдері мен салықтардың үлес
салмағы

Қазақстан Республикасының кеден бақылау бекетiндегi қызметтер
көрсеткiшi 2002 жылмен салыстырғанда тексерудi 46%-ке дейiн төмендеткен
(2002 жылы – 605 тексерiс жүргiзiлген), алынған төлемдер сомасы 2,5 есе
көбейген (2002 жылы – 339,9 млн. теңге болған) (Диаграмма 1).
Диаграмма 1.

2003 жылы республикалық бюджеттің табыс бөлігіне кедендік төлемдер мен
салықтар 198,5 млрд. теңге түсті. Оның ішінде кедендік алымдардың үлес
салмағы кеден төлемдері жалпы сомасының 4%-ын құрады және 2002 жылмен
салыстырғанда 3%-ға төмендеді. Кеден төлемдері мен салықтар 43,2 млрд.
теңгеге немесе 1,3 есе өсті, ал бұл кезеңдегі импорт көлемі 21,5%-ға артты.
Салық түсімдерінің жалпы сомасында кедендік төлемдер мен салықтар
үлесі – 19%, ал республикалық бюджет кірісінің жалпы сомасында 30,6%
құрады.

Кесте 2.
ҚР бюджетіне түскен кеден төлемдері (млн. теңге)
1998 1999 2000 2001 2002 2003
Экспорттық 124,5 1073,4 3885 4433
баж
Кеден алымы 2994,2 4627 5249,5 6743,4 10979 7659
Қорғау бажы 308,9 353,5 276 12
Импорттық 7038,9 7110,7 12788,3 17776,4 23463,2 30326
Баж
Акциз 1936,4 821,1 762,8 2140 3626,4 5226,2
ҚҚС 21343,9 25628,3 39533 74230,9 113098,5 150823
Барлығы 33313,6 38187,6 58768 1025114,6 155328,1 198479

Кедендiк бақылау бекеттерiндегi бөлiмшелер кеден бақылау мақсатын
жүзеге асыруда, көбiнесе кедендiк төлемдер мен салықтарды мемлекет
бюджетiне аударуда Қазақстан Республиканың салық органдарымен бiрiгiп жұмыс
атқарды.
2003 жылы кедендiк бақылау бекеттерiнiң бөлiмшелерi салық органдарымен
бiрігiп, 57 тексерiс жүргізуінің нәтижесiнде 21 құқық бұзушылық анықталып,
республика бюджетiне 430577,9 мың теңге аударған.
Дәл осындай тексерiстi, Кеден бақылау Агенттiгiнiң төрағасының
тапсырысымен, кедендiк бақылау бекеттерiндегi бөлiмшелер қаржы полициясымен
бiрігiп ұйымдасқан аймақтық бақылау жүргiзген.
Тұтастай алғанда, 2003 жылдың қорытындысы бойынша, кедендiк бақылау
бөлмшелерiнiң қызметiндегi процестi бақыласақ, қызметтiң жетiлгенiн көруге
болады.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Кеден бақылау Агенттiгiнiң кеден
бақылау бекетiндегi бөлiмшелердiң тиiмдi және сәттi тексерiс жүргiзуi, тек
кеден бақылау бекеттерiне ғана емес, барлық кеден органдарының құрылымдық
бөлiмшелерiне жүктелген.
Кеден iсiне енгiзілген тәуекелдi басқару мен талдау жүйесi. Кеден
бақылау Агенттiгi Кеден кодексiнiң ережесiне сәйкес 2004-2006 жылдар
аралығына тәуекелді басқару жүйесiн енгiзу бағдарламасын әзiрледi.
Тәуекелді басқару жүйесi кеден органына қазiргi кезде ие беретiніне
тоқталсақ:
- кедендiк бақылаудағы іріктеу механизмi тәртiбiн транспаренттiк
жасау;
- жоғары тәуекел бар салаларда кедендік бақылауын топтастыру мен кеден
органдарында бар ресурстарды тиiмдi қолдануын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк
құралдарын тасымалдайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысатын тұлғалар
iшiнде кеден заңын сақтаушылар үшiн ең қолайлы жағдай тұғызу.
Әзiрленген бағдарламаны 2004 жылы кеден органының тәжiрибесiне
енгiзуде, арнайы қызметтiк топ құрылып, кезең бойынша тәуекелді басқару
жүйесiн қалыптастыруда.
Қазiргi кезде ақпарат көзi анықталған, соған байланысты тәуекелді
тауарлар, талдау аумағы, тәуекел индикаторы болып бөлiнедi.
2002-2003 жылдардағы құқық бұзушылық базасына сәйкес жұмыстар
жүргiзiлуде, ол тауарлардың сандық және сапалық сипаттамасында құқық
бұзышылық анықталса, онда әкiмшiлiк және қылмыстық кодекстiң нақты
баптарына сүйенiп шара қолдануды қалыптастыруда.
Барлық кезеңдер бойынша берiлген база мәлiметiне негiзделiп кедендік
бақылау нысанын оптимизациялау бойынша нақты ұсыныстарды бiлуге және
тәуекелді бағалау жүргiзуге болады (алдын-ала, негiзгi, бақылау
бекеттерiнде жүргiзу).
Кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi ұйымдастыру сауалы бойынша
республика бiрiккен бақылау-өткiзу бөлiмiн (ББӨБ) жүргiзу. Қазақстан
Республикасының Үкiметi министрліктер мен ведомстволарға Қазақстан
Республикасының территориясынан тасымалданатын автокөлiктерге бiрiккен
мемлекеттiк бақылау жүйесiн орнату тапсырылған.
Сонымен қатар, берiлген бағдарламаға жетекшiлiк ететiн және
жауапкершiлiкте болатын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау Агенттiгi болып табылады.
Берiлген мақсатты жүзеге асырудың негiзгi бағыттары келесiлер:
- көлiк құралдарын “бiр аялдамаға” бақылау қағидасы бойынша тәртiп
орнату;
- өткiзу бөлiмдерiн материальды-техникалық құралдармен жабдықтау,
кәсiби маман құрамымен қамтамасыз ету;
- бақылаушы органдармен өзара ақпарат алмасуды орнату және тағы
басқалар кiредi.
Осы үлгiде, бiр шекарада бiрiккен бақылау-өткiзу бөлiмінде барлық
бақылаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
БАРЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
Сыртқы экономикалық қызмет жайлы
Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Тауарларды сату есебі, оларды кірістеу және төлеу
Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Шетелдік валютамен
Пәндер