Жоспарлаудың принциптері
Пәні: Менеджмент негіздері
Тақырыбы: Жоспарлау – басқару функциясы ретінде
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Жоспарлау – басқарудың орталық функциясы
ретінде ... ... ... ... ... .. 4
2. Жоспарлаудың
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... . 6
3. Жоспарлаудың түрлері және
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
4. Стратегиялық жоспарлау және жедел (тактикалық) жоспарлау
4.1 Стратегиялық жоспарлау мен жедел (тактикалық) жоспарлаудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11
4.2 Стратегиялық жоспарлау мен жедел (тактикалық) жоспарлауды
іске асырудың құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 19
Кіріспе
Жоспарлау дегенiмiз ұйым мақсаттарын, оның қызмет ету нәтижелерiн
және белгiлi бiр мақсаттарға жету үшiн қажеттi ресурстарды алдын ала бiлу.
Жоспарлау – шешімді негіздеу және оны жүзеге асыру мақсатымен ресурстарды
(материалдық, қаржылық, адамдық, ақпараттық, уақыттық) үлестіру үрдісі.
Жоспарлау – бұл уақыт пен кеңістікті ескере отырғанда не нәрсеге қол
жеткізу керек және қандай тұтқалар арқылы қол жеткізуге болатынын
анықтайтын жоспарды жасап шығару.
Жоспарлау кезінде әрбір өндірістік буынның ресурстарды ең тиімді
пайдалануын ескергендегі нақты мақсаттарға қол жеткізудің тізбектілігін
анықтайтын шараларының кешені жасап шығарылады. Жоспарлаудың арқасында жеке
құрылымдық бөлімшелердің технологиялық тізбектіліктегі функцияларының:
ғылыми зерттеулер, өндіріс, өткізудің ұйқасуы қамтамасыз етіледі.
Жоспарлаудың негізі – бұл тұтынушылық сұранысты айқындау және болжау, қолда
бар ресурстарды талдау және бағалау, сондықтан жоспарлау нарықтағы
сұраныстың өзгерістері салдарынан өндіріс пен өткізуді реттелуін қамтамасыз
ету үшін маркетингтік қызметпен келісілуі тиіс.
1 Жоспарлау – басқарудың орталық функциясы ретінде
Ұйым алдында тұрған басқарушылық мақсаттарға қол жеткізу және оларға
сәйкес мәселелердің шешілуі еңбек ұжымдарына және жеке жұмыскерлерге
басқарушылық ықпалдарды жүзеге асыру арқылы басқару функцияларының
арқасында жүзеге асады. Функция сөзі латынның functio – атқару, қызмет ету,
орындау деген сөзінен шыққан. Сондықтан, басқару функциялары белгілі бір
мақсаттарға қол жеткізуге бағыталған басқарушылық қызметінің мәнін
анықтайды.
Ұйымды басқарудың келесідей негізгі функцияларын қарастырайық:
1. Жоспарлау,
2. Ұйымдастыру,
3. Үйлестіру (координация),
4. Ынталандыру,
5. Есепке алу (учет),
6. Бақылау,
7. Реттеу,
8. Нормалау,
9. Маркетинг.
Жоспарлау функциясы басқарудың қалған функцияларының арасында орталық
болып табылады. Оның басты тағайындалуы басқарылатын жүйені оның алдында
қойылған мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыру барысында мінез-құлығын
қатаң регламенттауға негізделеді. Жоспарлау функциясы әртүрлі жоспарлық
кезеңдерге бүкіл ұйым үшін және оның жеке бөлімшесі үшін нақты бір
мәселелерді анықтау және қойылған мәселелерді шешуге бағытталған іс-
әрекеттердің сәйкес бағдарламаларын жасап шығару арқылы іске асырылады.
Кең мағынада жоспарлау – бұл басқарушылық шешімдерді жасап шығару
мен қабылдау бойынша қызмет. Қаланылған нәтижеге қол жеткізуге бағытталған
өзара байланысқан шешімдердің жүйесі ретіндегі жоспар келесілердің болғанын
көздейді.
Мақсаттар мен мәселелер. Экономикалық дамудың қазіргі заманғы
сатысында нарықтық экономиканың стратегиясы жүзеге асырылады. Оның жоғары
мақсаты – халық тұрмысының материалдық және мәдени деңгейін әрдайым көтеру,
жеке тұлғаның жанжақты дамуы үшін бүкіл қоғамдық өндірістің тиімділігін
кейінгі жоғарылауы негізінде ең жақсы жағдайларды жасау.
Жолдары мен құралдары. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өзара
байланысқан іс-әрекеттер жиынтығының әдістері таңдап алынады.
Қойылған мәселелерге қол жеткізу үшін қажетті ресурстар. Жоспарда
қойылған мақсаттар мен мәселелер материалдық, қаржылық және еңбек
ресурстарымен ұйқасуы тиіс.
Пропорциялар. Өндірістің жеке элементтері арасында пропорционалдықты
ұстану – оның тиімділігінің ең маңызды шарттарының бірі.
Жоспардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Жоспарлық жұмыстың
өндірістің ақырғы мақсатымен, қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырумен
диалектикалық байланысы орнатылады.
Өндіріс дамуының жоспарлығы еңбектің қоғамдық үрдісінің тізбекті
сұлбасының: қажеттілік – мәселе – функция – шешім жүзеге асырылуын мүмкін
қылады. Басқару иерархиясының әрбір деңгейіне оның орталық буыны ретіндегі
жоспарлау сәйкес келеді. Мақсаттық бағдарламалардың орындалуына көп көңіл
бөлінеді: ресурстар шоғырлануының жоғарылуы, еңбек өнімділігін жоғарылату
мақсатымен жоспарлық көрсеткіштер жүйесінің жақсаруы, негізгі қорлардың
максималды пайдалануы, шикізат пен материалдардың үнемделуі.
Жоспарлаудың шығындары. Жоспарлық қызмет кемшіліктерінің біреусі –
бұл келесідей шараларға қосымша шығындардың талап етілуі:
1. зерттеулер;
2. жоспарлау бөлімшесінің ұйымдастырылуы;
3. қосымша персоналды тарту.
Бұнда басқа маңызды экономикалық мәселелерді шешуге пайдаланыла
алатын қаражаттар туралы сөз болып жатыр. Егер ақшалай емес шығындар туралы
айтатын болсақ, жоспарлау тағы ды бір шығындардың маңызды категориясын –
уақыт шығындарын – талап етеді. Бұл да тапшылық және аса шектелген ресурс
болып табылады.
Жоспарлаудың минималдық нәтижесі – бұл экономикалық қызмет етуде
үлкен қателіктерді жасамау, яғни болашақтың жағымсыз жағдайларын алдын ала
көру қабілетіне ие болу және оларды мүмкіндігінше жою. Егер жоспарлауға
кеткен шығындар осындай нәтиежег әкелегн болса, онда бұны жеткілікті деуге
де болады.
Жоспарлаудың шығындарын анықтаудың келесідей ережесін қалыптастыруға
болады: кезкелген қосымша шығындар жұмсалуы керек, тек қана сол жағдайда,
егер олар қосымша оң эффект әкелетін болса.
2 Жоспарлаудың принциптері
Жоспарлаудың принциптері экономикалық ұйымдағы жоспарлық қызметтің
сипатын және мазмұнын анықтайды. Жоспарлау принциптерін дұрыс ұстану фирма
қызметінің тиімді жұмысына алғы шарт болып табылады да, жоспарлаудың теріс
нәтижелерінің мүмкіндігін азайтады.
Анри Файоль жоспарлаудың төрт негізгі принципін анықтаған еді. Олар
– бір тұтастық, үзіліссіздік, икемділік, дәлдік. Р.Акофф кейіннен
жоспарлаудың тағы да бір принципін ұсынды – қатысушылық (принцип участия)
принципін.
Бір тұтастық принципі (принцип единства). Бір тұтастық принципі
экономикалық ұйымдағы жоспарлау жүйелік сипатқа ие болу керектігін
болжайды.
Жүйе түсінігі мынаны білдіреді:
• элементтер жиынтығының бар болуы;
• олардың арасындағы өзара байланыстың болуы;
• жүйе элементтері дамуының бірыңғай бағытының, ортақ мақсаттарға
бағдарланған мінез-құлықтың бар болуы.
Қатысушылық принципі. Қатысушылық принципі бір тұтастық принципімен
тығыз байланысты. Қатысушылық принципі экономикалық ұйымның әрбір мүшесі
лауазымына және орындайтын функциясына тәуелсіз жоспарлық қызметтің
қатысушысы болып келеді. Яғни жоспарлау үрдісі өзіне қатысты барлық
тұлғаларды тартуы керек деген сөз. Қатысушылық принципіне негізделген
жоспарлауды партисипативті деп атайды.
Үзіліссіздік принципі. Үзіліссіздік принципінің мәні мынада:
• кәсіпорындардағы жоспарлау принципі орнатылған циклдің шеңберінде
әрдайым жүзеге асырылып тұруы қажет;
• жасап шығарылған жоспарлар бірінің орнына бірі келіп тұруы тиіс
(екіншісі – біріншісінің орнына, үшіншісі – екіншісінің орнына және
т.с.с.).
Икемділік принципі. Икемділік принципі үзіліссіздік принципімен
байланысты болып келеді және жоспарлардың алдын ала көзделмеген
жағдайлардың пайда болуы есебінен өздерінің бағыттылығын өзгерту қабілетіне
негізделеді.
Икемділік принципінің жүзеге асырылуы үшін жоспарлар оларға ауыспалы
ішкі және сыртқы жағдайлармен байланыстырып, өзгертулерді жасай алатындай
етіп құрастырылуы тиіс. Сол себепті, жоспарларда қауіпсіздік үстемелері
деп аталатын резервтер болады.
Дәлдік принципі. Кезкелген жоспар фирма тағдырына түскен
белгісіздікке сәйкес келетін дәлдіктің деңгейімен құрастырылуы керек.
Басқаша айтқанда, жоспарлар фирма қызметінің ішкі және сыртқы жағдайлары
рұқсат ететін деңгейде нақтыланып, дәлденуі қажет.
3 Жоспарлаудың түрлері және сатылары
Жоспарлаудың жетілдірілуі нәтижесінде өндіріс дамуының салалық және
аймақтық дамуының ағымдық және болашақ мәселелерінің шешімдері тығызырақ
ұйқаса бастайды. Жоспарлаудың үш әдісі бар: қол жеткізілген деңгейден,
оңтайлы (оптимальное) және бейімделгіш (адаптивті).
Ең қарапайым әдіс – қол жеткізілген деңгейден жоспарлау. Ол ұжымды
өндіріс тиімділігін жоғарылатудың резервтерін іздестіруге бағыттамайды.
Оның консерватизмі – қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін ерекше күш
пен білімнің керек еместігі. Жоспарлаудың бұндай әдісі кезінде ғылыми-
техникалық прогреске көп көңіл бөлінбейді.
Одан гөрі прогрессивті әдіс – бұл оңтайлы жоспарлау. Ол ғылыми
негізделген нормативтердің жүйесіне, экономикалық-математикалық әдістерге,
өзара байланысқан объекттердің жоспарларын бірлесіп қарастыруға
негізделеді. Оның мақсаты – ең жоғары соңғы нәтижелерге қол жеткізу. Бұндай
жоспарлау жүйедегі түбегейлі сапалық түрлендірулермен, ресурстардың,
күштердің және қаражаттардың шоғырлануымен байланысты болады. Дегенмен,
өндіріс барысында орындарда пайда болатын тапсырмалар түзетулері
ескерілмейді.
Сыртқы ортадағы өзгерістерге икемді түрде жауап беруге, яғни оларды
жоспарда ескеруге және оларға тиімді бейімдлуге жәрдемдесетін бейімделгіш
(адаптивті) жоспарлау кең қолданыс табуда. Негізгі акцент енді қабылданған
шешімдердің орындалуын қамтамасыз ететін факторлар мен стимулдарға ауысады.
Бұнда жергілікті инициатива, резервтер пайдаланылады, өндіріс тиімділігін
кейінгі көтерудің жолдары зерттеледі. Көп көңіл жоспарды құрастыру үрдісіне
бөлінеді.
Экономикалық дамудың қазіргі заманғы сатысында жоспарлау кешендік
болуы тиіс. Алдымен шаруашылық жағдайының, оның қызмет етуінің алуан түрлі
жақтарының талдауы жүргізіледі, бұдан кейін қоғамдық қажеттілік, қолда бар
еңбек, материалдық және қаржылық ресурстар сияқты факторлар ескеріле
бастайды. Сонымен қатар, нормативтік база, табиғи және құн баланстары,
өндірістік қуаттар мен еңбектің баланстары негізінде жоспарлардың
баланстандырылуы (сбалансированность) ескеріледі. Басқару функциясы
ретіндегі жоспарлаудың құрылымы 1 суретте көрсетілген.
1 сурет – Жоспарлау сатылары
Ұйымдастырушылық (фирма ішіндегі) жоспарлау өндіріс дамуының басты
бағыттарын анықтауға негізделеді. Бұнда жоспарды қамтамасыз етудің
материалдық көздері және нарықтың сұранысы ескеріледі. Жоспарлау барысында
уақыттың берілген аралығындағы бүкіл кәсіпорынның және оның жеке
бөлімшелерінің дамуы нақтыланады, шаруашылық мәселелер, оларға қол
жеткізудің құралдары, мерзімдері және жүзеге асырылу тізбектілігі
анықталады, қойылған мәселелерді орындауға қажетті барлық қажетті
ресурстардың түрлері айқандалады. Ұйым оның қалыпты қызмет етуі мен дамуы
үшін жағымды жағдайларды қамтамасыз ете алатын барлық ішкі және сыртқы
факторларды алдын ала ескеріп кеткенді дұрыс көреді.
Жоспарлардың екі түрі бар:
• қызмет етудің мазмұнына тәуелді: Ғылыми-Зерттеушілік Жұмыстардың
(ҒЗЖ), өндірістің, өткізудің, материалдық-техникалық жабдықтаудың
жоспарлары, қаржылық жоспарлар;
• ұйымдастырушылық құрылымға тәуелді: өндірістік бөлімшенің жоспарлары.
Жоспарлаудың сапасына келесі жағдайлар ықпал етеді: басқарудың
барлық деңгейлеріндегі менеджерлердің құзыреттілігі (компетентность),
олардың біліктілігі, сонымен қатар, ақпараттық қамтамасыз ету.
Жоспарлау басқарудың бастапқы сатысы болып табылады, алайды бұл бір
реттік әрекет емес, алдын ала көзделініп қойылған операциялардың кешенін
құрайтын үрдіс және де жоспарлау осындай операциялардың аяқталуына дейін
созылады.
Келесі саты – бұл жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттер. Олар
ресурстардың барлық түрлерін пайдалану бойынша ұйымның оңтайлы
мүмкіндіктеріне және ұйымның қызмет ету тиімділігін төмендетуге әкеле
алатынның барлығын жоққа шығаруға, жоюға бағытталады.
Ұйым мәселелерінің бағыты мен сипатына қарай жоспарлау стратегиялық,
немесе перспективалық (болашақ); орташа мерзімдік, тактикалық, немесе
ағымдық болып бөлінеді.
Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты – бұл ұйым болашақта кездесе
алатын мәселелерді кешенді түрде негіздеу. Бұның негізінде ұйымның
жоспарлық кезеңіндегі даму көрсеткіштері анықталады. Ұзақ мерзімді
жоспарлардың мақсаттары бағдарламалар, жылдық жоспарлар, пайдалар
жоспарлары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламалар ұйымның бөлімшелеріне
бекітіледі.
Орташа мерзімдік жоспарлар, әдетте, бес жылдық мерзімді қамтиды.
Оларда сандық көрсеткіштер бейнеленеді, соның ішінде ресурстардың
үлестірілуі, өндіріс, капитал салымдары және қаржыландырудың көздері жайлы
деректер де көрсетіледі.
Ағымдық жоспарлау жалпы ұйым және оның жеке бөлімшелері үшін жедел
жоспарлардың бөлшек жасап шығаруларын қамтиды (әдетте бір жылға). Ағымдық
өндірістік жоспар календарлық (айлық, тоқсандық немесе кварталдық, жарты
жылдық) жоспарлардан тұрады. Оның ішінде перспективалық және орташа
мерзімдік жоспарларда қойылған мақсаттар мен мәселелер нақтыланады.
Өндірістің календарлық жоспарлары тапсырыстардың бар болуы, олардың
материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі, өндірістік қуаттардың жүктелу
деңгейі туралы деректердің негізінде жасалады.
Ақашалай түрде өрнектелген жедел жоспар қаржылық жоспар болып
табылады.
Жоспарлау әдістемесі бағдарламалық-мақсаттық қатынасты кең қолдануға
негізделеді. Ол ұйым мақсаттарының дәл формулировкаларын және олардың
ресурстармен ұйқастырылуын талап етеді. Мақсаттар ұзақ мерзімге қойылады
және ұйымның даму бағдарламасының басты бағыттарын бейнелейді, оған сәйкес
әрбір бөлімшеге нақты мәселелер беріледі. Міндетті түрде пайданың жалпы
көлемі, рентабельділіктің нормасы, сонымен қатар, маркетингтік қызметтен
және қаржыландырудың нормативтерінен шығатын көрсеткіштер де анықталады.
Стратегиялық және ағымдық жоспарлаудың арқасында белгілі бір кезеңге
қаржылық-шаруашылық қызметтің мәселелері және оларды орындаудың нақты
тәсілдері қалыптасады.
Жоспарлардың ішінде мәселелердің орындалуы үшін қажетті материалдық
және қаржылық ресурстар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz