Жұмыссыздық және еңбек нарығы
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Жұмыссыздықтың экономикалық мазмұны
1.1. Жұмыссыздықтың мәні және түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Жұмыссыздықтың себептері мен оның экономикалық салдары
және Оукен Заңы

... ... 9
ІІ. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы
2.1. Жұмыссыздық және еңбек
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .12
2.2.Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың
мемлекеттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..15
ІІІ. Қазақстан мемлекетінің тұрғындарын жұмыспен қамтудың
саясаты
3.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту орындары ... ... ... .21
3.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты жоюға бағытталған
іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Қолданылған әдебиеттер
жинағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе
Жұмыссыздық – қоғамдағы адамдардың денін діңкелетіп отырған аса
күрделі мәселе. Жұмыссыздықты әр түрлі мектеп өкілдері әр түрлі
түсіндірген. Мысалы, Мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын
тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты
рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік
мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен
туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік
теориясының қазіргі өкілдері монетаристер – осы көзқарасты құптайды.
К. Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технолгиялық теория
жұмыссыздықтың болуын біріншіден – капиталдың қорлануымен, екіншіден–
техника прогресімен болатындығын айтады.
Сондай-ақ, жұмыссыздық Қазақстанның экономистерін де алаңдатуда. Бұл
өзекті проблеманы еліміздің көрнекті ғалым-профессорлары А.Аубакиров,
Е.Жатқанбаев, К.Нарибаев, Ө.Шеденов зерттеген.
Жұмыссыздықтан бүгін көп адам зиян шегуде. Жұмыссыздықтың
салдарынан инфляция өсіп, еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім
өндіруге қатыса алмайды. Осыдан келе, олар жұмыспен қамтылмағандықтан,
ақшалай жұмыссыздыққа ақша алады, осыдан барып, мемлекеттік бюджеттің шығыс
бөлігі өсе түседі. Жұмыссыздықтың апарар жолы – кедейшілік екенін барлығына
мәлім. Статистикалық мәліметерге жүгінсек 2007 жылдың бірінші тоқсанында
еліміздегі жұмыссыздар саны 634,2 мың адамды құрады. Бұдан шығатын басты
сұрақ – жұмыссдықтың көлемін төмендету үшін не істеу керек? Осы сұраққа
жауап іздеу, Қазақстандағы жұмыссыздықты макроэкономикалық талдау жүргізу
арқылы зерттеу, жұмыссыздықты шешудің тиімді жолдарын қарастыру - менің
курстық жұмысымның басты мақсаты болып табылады. Курстық жұмысымның міндеті
– жұмыссыздықтың мәні мен түрлеріне тоқталу, жұмыссыздықтың пайда болу
себептері мен оның экономикалық салдарын қарастыру, ҚР-дағы еңбек нарығының
қазіргі жағдайын анықтау,еліміздегі тұрғындарды жұмыспен қамту саясатын
баяндау. Жұмыссыздық мәселелерін зерттеу кезіндегі туындайтын негізгі
қиындықтар - мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың зерттеу ісін
жүргізгендегі бір-бірімен келіспеушілігі, еңбек нарығының және тұрғындарды
жұмыспен қамту нарығының толық жетілмеуі, тұрғындардың және басқару
органдарының талғамсыздығы, социалистік құрылым кезінен қалған, халықтың
менталитеттік өзіндік ерекшелігі. Дегенімен, қандай да болмасын қиындықты
шешетін жолы бар, тек оның дұрыс бағытын табу керек. Ал, осы бағытты табу
үшін, жұмыссыздыққа талдау жүргізіп, салдарын, пайда болу себептерін және
осындай көлемге қалай жеткендігін зерттеу керек. Осы мәселелерді зерттей
келе біз жұмыссыздықты шешудің оптималды жолын табамыз.
І.Жұмыссыздықтың экономикалық мазмұны.
1.1. Жұмыссыздықтың мәні және түрлері.
Жұмыссыздық еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады.
Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең
өткір мәселелерінің бірі. Осы бөлімшеде әр түрлі мектеп өкілдерінің
жұмыссыздықты зерттеу нәтижесінде қандай қорытындыға келгенін қарастырайық.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-
1834 ж.ж.) жасаған.Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі
кітабын шығарған. Оның дәлелі өте қарапайым тамақ ресурстары, қосымша жер
және адам ресурстарын пайдалану нәтижесінде, өсетіндіктен, ол арифметикалық
прогрессия бойынша (2,4,6,8,10 және т.с.с.) өседі, ал халық саны
геометриялық пргрессия бойынша (2,4,8,16,32 және т.с.с) өседі. Сонымен,
халық санының көбеюі және тамақ өнімдерін өндіру әртүрлі қарқынмен
жүретіндіктен адамзаттың үлкен бөлігі қайыршылықта өмір сүру заңды нәтиже
деп қорытындылайды Мальтус. Осыған орай, геометриялық прогрессиямен дамитын
халық, арифметикалық прогрессиямен өндірілетін өнімнің жетіспеушілігін
көріп, аштық, жалаңаштық және аурудан өлімнің деңгейі көтеріліп, қайтадан
тамақ ресурстары мен халық санының тепе-теңдігі сақталады. Сондықтан да
Мальтустың айтуынша, аштық пен жалаңаштықтан құтылудың бірден-бір жолы, ол
кедей халықтың туып көбейюін күштеп төмендету болады. Осы себептен, ол
жоқшылықта тұратын қандай да болмасын көмек көрсету туралы заң жобаларының
барлығына қарсы болды. Оның ойынша мұндай көмек, тек қана кедейлердің
балаларының санын көбейтіп, олардың жағдайларын одан әрі нашарлатады.
Біздің дәуірімізден Мальтустың бұл көріпкелді болжамдарының
орындалмауының бірнеше себептері бар. Оның ішіндегі ең ақиқаты, ол бір
жағынан тамақ өнімдерін өндірудің алып қадамдарымен дамуы және екінші
жағынанан өнеркәсібі дамыған елдердегі дамыған елдердегі халық санының туып
көбеюінің азаюы болып отыр. Ауыл шаруашылығындағы ғылыми – техникалық
прогресс тамақ өнімдерін өндіру қарқынын, Мальтус ойлап тұжырымдаған,
әлдеқайда тездетті.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар
қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын
экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жыл шыққан Қоғам тарихындағы ғылым
кітабында былай жазған: Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде
ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде
күтуге толық негізі бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін
көрсетеді.
1936 жылы Джон Кейнстің Жұмысбастылықтың, проценттің және ақшаның
жалпы теориясы,- атты кітабы баспадан шықты. Бұл кітап ХХ ғасырдағы
экономикаға көзқарасты, ХVIII ғасырдағы Халықтар байлығының табиғаты мен
себептері туралы зерттеулер сияқты түбегейлі өзгертті.
Кейнс өз кітабында, жалпы сұраным мен жалпы ұсыныс бір-біріне тепе-
тең болып тұрғанның өзінде, кейбір жағдайларда, толық жұмысбастылық бәрі
бір болмайтындығын дәлелдеп көрсетті. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен
қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың ақша жинауға бейімділігін жою
қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғары деңгейлі күрделі қаржыны
қарастырған дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ –шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық – жалдамалы
жұмыскерлердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс
жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл
теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А.Пигу өте
дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан “Жұмыссыздық”
теориясында баяндаған. Алайда ХХ –шы ғасырдың 30-шы жылдарындағы жаппай
жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын
көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебі мемлекеттің
ақша саясатын дұрыс жеткізбеуінде екендігімен түсіндіреді.Ақша массасын
дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша,
түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы,
жаңа зеландиялық экономист О.Филлипс (1914 ж.ж.) осы тәуелдікті
математикалық тілде қисық түрін көрсетіп, кейінірек ал Филипс қисығы
аталды. Жұмыссыздар олар кімдер?
Осы сұраққа жауап бермес бұрын еңбекке қабілетті адамдардың кім екенін
қарастырайық. Еңбекке қабілетті адамдар –жасына және денсаулығына қарай
еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі
олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларына жұмыс
істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек емес адамдардың құрылымынан
нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдарды бөліп
қарау керек. Нарықтық емеске –мемлекеттің әскер, полиция, мемлекеттік
аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың
қатарына экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.
Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмысшы
күштің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып бөлінеді. Осыларға жұмысы
жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына (тілегіне) сәйкес келмейтіндер жатады.
Осындай адамдарға еңбек нарығында жұмыс іздеуге бейімділігі жоқ деп болжау
(жорамал) жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әр түрлі
себептермен жұмыс іздеуден бас тартқан адамдар категориясы болады, бұл,
былайша айтқанда – жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардаң осы
категориясы жұмыссыздарға кірмейтін адамдарға жатады. Жұмыссыздықпен қамту
және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды:
• Институционалдық емес адамдар (Чни);
• Жұмыс істеушілердің саны (Чз);
• Жұмыссыздар саны (Чб);
• Жұмысшы күштің құрамына кірмейтін адамдардың сканы (Чнрс)
Осы көрсеткіштердің арасында мынадай байланыстар бар:
• Жұмысшы күшінің саны Ч рс= Ч з + Ч б;
• Институционалдық емес адамдар Ч ни =Ч з + Ч б + Чнрс;
• Хаклықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі У з = Ч з Ч ни;
• Халықтың жұмыссыздық дәрежесі Уб = Ч б (Чз + Чб);
• Жұмыссыздықтың нормасы Nб = Ч б (Чз + Ч б) × 100%;
• Халықтың жұмысшы күші құрамына тартылу дәрежесі Үврс = (Чз +Чб) Ч
ни.
Макроэкономикада осы көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы бірнеше
факторларға - демографиялық, жыныстық-жастық, этникалық, халықтың
әлеуметтік құрамына, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек нарығындағы
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасынан тәуелді болады.
Жұмыссыздықтың табиғи формасы бірнеше түрге бөлінеді:
• Фрикционды жұмыссыздық
• Институционалды жұмыссыздық
• Ерікті жұмыссыздық
Еріксіз жұмыссыздық түрлерін де бірнешеге бөлуге болады:
• Технологиялық жұмыссыздық
• Құрылымдық жұмыссыздық
• Жасырын жұмыссыздық
Жасырын жұмыссыздық. Өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күнімен атқаруға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмысссыздықтың қашан болмасын,
адамдардың бір жерден екіншіге жылыжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға
жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір
дәрежесі болады.
Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылар белгілі
бір квалификациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс
іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық
жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакакансия туралы толық
информация болмағанда немесе осы информация тым қымбат болғанда,
жұмысккерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын белгілі
сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жзаңа жұмыс іздеуге кеткен
уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1айдан 3 айға дейін).
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің
нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы
профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымыдық
жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымыдық
өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда
болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып
отырады. Осының нәтижесінде жұмысшы күшінің профессионалдық
–квалификациялық құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл –жұмысшы күшінің
тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді.
Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде,
жұмыстан айырылған жұмыскерлер, басқа салалардағы (секторлардағы,
аймақтардағы) бар бос жұмыс орындарына орналаса алмағандықпен
салыстырғанда, құрылымдық жұмыссыздықтың мезгілі ұзақ болады (әдетте
қатарынан алты айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен
квалифмкациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол
экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс
көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы,
құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдік жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдыраумен және
сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен
қамтудың көлемдерінің циклдік ауытқулары құрайды. Циклдік жұмыссыздық
жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ -нің азаюымен және жұмысшы
күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты.
Осымен қатар, нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда,
адамның еңбекке қабілеті және ықыласы болады, бірақ еңбек нарығындағы түрлі
жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әр түрлі себептермен
еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұмыссыздық ашық және
жасырынды, ұзақ мерзімжді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ
мерзімдікке циклдік және құрылымдық, ал қысқа мерзімділікке – маусымдық
және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Ол жаңа технология мен жаңа жабдықтар
енгізумен байланысты және ол адамдарды машинамен алмастырып, жұмыссыздық
тудырады.
Батыс экономистері әдетте табиғи жұмыссыздықты және толық жұмыспен
қамту болғандағы объективтік диспропорцияларды көрсететін құрылымдық
жұмыссыздық деп қарайды. Сонымен қатар табиғи жұмыссыздыққа фрикциондық
және сезондық жұмыссыздықты жатқызады. Шынында жұмыссыздық дәрежесінің оның
табиғи нормасынан артып кетуі, экономикадағы құрылымындық өзгерістермен
байланысты, оның циклмен дамуының ерекшеліктері көп салалардағы өндірістің
маусымдық сипатымен байланысты болады.
Еркін жұмыссыздық – бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің
еңбек нарығынан шығуы және әр түрлі себептермен өз еркімен жұмыссыдарға
айналуы (ұжымдық келісім – шартқа сәйкес немесе өзінің жұмыс күшінің
қолайлы еңбек шартын және жақсы төлем табуды көздеп). Осыдан басқа, еңбек
нарығын талдап зерттегенде қайталанып келетін (әлсін-әлсін) жұмыссыздықтың
және жұмыс табудан күдер үзіп, жұмысшы күші есебінен шығып кеткен адамдарды
есепке алатын, тоқыраулық жұмыссыздық та болады.
Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына
жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар
формаларына нақты қауіп тудырады.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел
авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын
қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша
комиссиясының жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың
әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Экономистер барлық
жұмыссыздықтықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды.
Жұмыссыздықтың бірінші тобына – жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен
туындауын жатқызады, алдымен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың
екінші тобына –жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық,
құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін жатқызамыз.
Кез-келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық
және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің
абыройын жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде
бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде
қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегі формуламен анықталады:
ЖБ = ЖС ЖК *100
Мұндағы :
ЖБ – жұмысыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны.
1.2. Жұмыссыздықтың себептері және оның экономикалқ салдары
және Оукен Заңы
Біріншіден, жұмыссыздықтың шығар көзі дамыған елдерде ғылым мен
техниканың шарықтай дамуы. Адамның ақыл-ой еңбегі автоматика және компьютер
алып келеді, яғни адам қолымен атқарылатын жұмыстар техника күшімен істеліп
ақырында ол адамның өзін еңбек, жұмыс алаңынан ығыстырып шығарады.
Екіншіден, нарық экономикасының парқы-жеке меншік. Меншік иесі қашан да аз
күшпен пайда табуды ойлайды. Ол өз өндірісіне жаңа жабдықтарды тез еңгізіп,
адам күшінен гөрі техника күшін пайдаланғанды жөн көреді. Өйткені сол
арқылы аз шығынымен таза пайданы көп таппақ. Ал дамушы елдерде
жұмыссздықтың пайда болу себептерінің бірі миграциялық процестер арқылы
және арзан қолды жұмыс күші ретінде қолдану. Біздің көршіміз қытайлар
міне, осындай бейбіт жолмен бүкіл әлемді жаулай бастады. Демек, қазіргі
жаһандану үрдістерінен біз секілді шағын мемлекеттер ғана емес, дамыған,
бай мемлекеттердің өздері де тысқары тұра алалмайтындығы белгілі бола
түсуде. Сонымен қатар, көптеген кәсіпорындарда еңбек шартын бұзу, еңбек
заңдылықтарын сақтамау, өздерінің лауазымдық міндеттерінміндеттерін асыра
орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің құқықтарын шектеу, олардың
әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді келеңсіз жайттар орын алуда.
Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп
салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар тарапынан кездеседі. Олар тек
еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай қойғанда, адам денсаулығына зиян келетін
ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға, сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс уақытын
пайдалануға жол беріп отыр. Себебі, елдегі арзан жұмыс күші және жұмыс
орнына деген жұмыссыздар арсындағы қатаң бәсекелестік жағдай жұмысшылардың
жұмысынан айырылып қалмауы үшін барлық шараларына көнуіне тура келеді.
Қазір біздің елімізде туып отырған жұмыссыздықтың себеп-салдары
дамыған елдерден өзгешелеу. Мемлекет мүлкін жаппай жекешелендіру алдымызға
көптеген мәселелерді көлденең тартуда. Қандай да бір меншік иесі аз шығын
шығару үшін жұмысты ықшамдайды және пайдасы өте аз, әйтпесе мүлдем жоқ
кәсіпорындар қазірдің өзінде жабылуда. Бұрын мемлекет қаржысы мен күн көріп
келген мекемелердің кейбірі жабылып немесе қызметкерлерін қысқартуда.
Осының бәрі қаншама адамды жұмыссыздыққа ұшыратуда. Қазірдің өзінде
республика бойынша жұмыссыздардың саны 634,2 мың адамға жетті, алдағы
уақытта бұл сан өсе түспек. Себебі бұрын жұмысшы қолы жетпейді деп жататын
облыстардың өзінде де жұмыссыздық тууда. Мысалы республика бойынша жұмысшы
болуға тілек білдіргендер саны күрт өсуде. Соның салдарынан әсіресе Атырау,
Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс күшіне сұраныс
күрт төмендеді яғни жұмыссыздар күрт төмендеді.
Ауыл шаруашылығын жекешелендіру, яғни арендалық әдіске көшу ауылды
жерлерде де жұмыссыздықты туғызды. Атап айтатын болсақ Ақтөбе, Қостанай,
Ақмола және Оңтүстік облыстарында жұмыссыздар саны өсуде. Ойланатын бір
нәрсе –республикамызда жұмыссыздықтың алғашқы құрұғы қазақтар көп
мекендейтін Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарына түсіп отыр.
Егер процентке шығатын болсақ жұмыссыз отырғандардың 80 % әйел аналар.
Жалпы жұмыссыздардың 74 % орта және арнаулы білімі бар адамдар болса, оның
20 % жоғары білімді мамандар. Олардың көбісі кезінде жоғарғы оқу орны
берген жолдамамен жіберген жағына бармай, басқа мамандық иелері болып
кеткендер. Нарық экономикасының қымбатшылығы келгенде бір кезде алған
мамандықтары, сандық түбінде дипломдары ойларына түсіп, жұмыс істей
бастады. Қазір олардың көбі алған мамандықтары бойынша кәсіби шеберлігінің
жоғалтқандығын өздері де мойындайды.
Сонымен қатар, жұмыссыздықты қазіргі кездегі ең өзекті
проблемалардың бірі – кедейшілік. Ал кедейшілік өз ішінде қазіргі күні біз
лаңкестік деп атап жүрген аса қорқынышты кеселдің бір төркіні.
Кедейлік жағдайы қазіргі күні әлем халықтарының тең жарымына қатысты
десек, артық айтқандық емес. Өйткені осы мәселені зерттеп жүрген
мамандардың мәлімдеуінше, қазіргі күні жер бетіндегі алты миллиардтан астам
адамның үш миллиардқа жуығының күндік табысы 2 доллардан аспайды екен,
соның ішінде 1 миллиардқа жуығының күндік кірісі 1 доллар шамасында ғана.
Сонымен жұмыссыздықтың қоғамға келтіретін зияны өте көп:
инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың
бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен
қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік
бюджеттің шығысы өсе түседі. Кез-келген жұмссыздың деңгейімен байланысты
болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы
қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж.ж.)
есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен
жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты
көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса
онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен
коэфициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы болып табылады және
жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.
2008 жылы халықтың жұмыспен қамтылуының сауалнамалық ішінара зерттеу
мәліметтері бойынша қазіргі уақытта 15 және одан жоғары жастағы,
экономиаклық тұрғыдан белсенді халық саны 7,9 млн. Адам. Бұл өткен жылмен
салыстырғанда 68,6 мың адамға немесе 0,9 % -ға көп.
Республика экономикасында 7,3 мың адам жұмыспен қамтылған болатын, бұл
2007 ж-ға қарағанда 76,3 мың адамға немесе 1,1% -ға артық. Бұл америкадағы
1989 жылда болған мұнай кризисі кезіндегі болған көрсеткіштен жоғары. Сол
қиын жылдары Америкадағы жұмыссыздар саны толық жұмыспен қамтылған
жұмыссыздар санының 9,4% -ын құраған болатын.Бұдан шығатын қорытынды:
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық көлемі үлкен қауіп төндіруде.
Енді жұмыссыздықтың макроэкономикалық түпнегізін қарастырайық:
Қазіргі уақытта үкіметтің ең көп назар аударуын қажет ететін міндеті
–инфляциямен күресу, оның көлемінің артып кетпеуін болдырмау, инфляцияға
мемлекетік бақылау орнату, өндірістің төмендеп кетпеуін бақылау.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы.
2.1. Жұмыссыздық және еңбек нарығы.
Бұл бөлімде еңбек нарығы және жұмыссыздықты қарастырамыз.
Жұмыссыздық нарықты экономоканың айырылмас серігі деуге
болады. Белгілі экономистер пікірі бойынша жұмыссыздықтың белгілі бір
деңгейден аспауы – нарықты экономикаға тән табиғи құбылыс деп білінеді.
Мысалы, кейбір экономистер (Дж. Кейнс) 3-4 %, (М. Фридмен) 5-6 %-ке дейін
жұмыссыздықты табиғи мөлшер деңгейі деп белгілеген. Ал, осы деңгейден
жұмыссыздық аса бастаса онда амалсыз, еріксіз жұмыссыздық пайда бола
бастайды. Бұл жағдайда мемлекет еңбек нарығындағы процесске белсене кірісу
керек.
Әдетте жұмыссыздықты екі көрсеткіш арқылы сипаттайды: жұмыссыздық
деңгейі және жұмыссыздық ұзақтығы. Жұмыссыздық деңгейі ресми түрде
тіркелген жұмыссыздар санын экономикалық белсенді халықтың санына бөліп
табады. Ал жұмыссыздық ұзақтығы жұмыспен қамтылмаған адамдардың жұмыссыз
жүрген орташа уақыт мерзімін көрсетеді.
Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштер
бойынша – оның тартылуы мен мерзімінің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге
болады. Жұмыссыздықтың тарауының көрсеткіші жұмыссыздықпен жұмысшы күшінің
қамтылғаннын сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық мерзімінің көрсеткіші бір
болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын сипаттайды.
Қазіргі кезде жұмыссыздардың белгілі санының болуы ешкімді онша
аландатпайды. Бірақ, ол қандай көлемдегі сан? Қандай жұмыссыздық деңгейін
болдыруға болады? Жұмыссыздық қай кезде проблемаға айналады?
Бұл сұрақтарға жауаптарды білу өте маңызды, себебі, жұмыссыздық
өзінің шегінен артып кеткен жағдайда, саясаткерлердің алдында сол
мәселелерді шешуге міндеттері арта бастайды.
Өндірісті жекешелендіру және кәсіпорындарды тарату мөлшерінің
қарқынды түрде жүргізілу жағдайында жұмыссыздық мәселесін шешу едәуір
қиындықтар туғызуда. Әдеттегідей көптеген жұмысқа орналастырушылар алғашқы
кезекте әйелдарді әсіресе жас балары бар әйелдерді жұмыстан босатуға
тырысады.
Біріншіден, әйелдер мен ерлер арасындағы экономикалық теңдік және
олардың жұмыс күштерін қолданудағы бірдей емес мүмкіндіктері, өйткені еңбек
нарығына ұсынылған әйелдер жұмыс күшінің ерлермен салыстырғанда
бәсекелестік қабілеті төмен.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей американдық экономист
А.Оукен ( Оукен заңы) көрсеткен заңдылық бойынша жұмыссыздықтың іс
жүзіндегі деңгейі оның табиғи деңгейінен 1%-ға артуы іс жүзіндеүгі ЖҰӨ
көлемін әлеуметтік көлемімен салыстырғанда 2,5%- ға кейіндеуге жеткізеді.
Мұндай жағдайларда еңбек рыногы мынаған міндетті:
1. Өте жоғары жинақылыққа жетуге (кәсіпкқойлық біліктілік, аймақтық және
халықаралық көзқарастар аясында).
2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте жақсы
бейімділік танытуда.
3. Еңбек ақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны нақтылы жұмыскердің
ағынды еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге адмның жұмысқа
лайықтылығын, әлеуметтік мүмкінлігін және біліктілігінің өсуін есепке
ала отырып құру керек).
Сонымен еңбек нарығын реттеу формасы болып тек Қазақстан
Республикасындағы күшінде бар жалпы еңбек заңнамасы ғана емес, қайта еңбек
келісімдер институты болуға тиісті.
Қазақстанда әлеуметтік еңбек қатынастары сферасы аса бір
реттелінбеген
Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және
сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады.
Еңбек нарығы – экокномика жағдайын көрсетудің анасы, тұрғындарды жұмыспен
қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-
біліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын
байқатады.
Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы
экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында
жоғары білікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы
өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте
қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал талдау жүргізіледі.
нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол
еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен жоғары
шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады.
Жұмыссыздық мәселелерін зерттеу кезіндегі туындайтын негізгі қиындықтар:
зерттеу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар арасындағы
келіспеушілік, еңбек нарығының және жұмыспен қамту нарығының толық
жетілмеуі, үкіметтің және халықтың талғаусыздығы.халықтың социалистік
құрылыс кезіндегі қалыптасқан менталитетінің қалуы.

Берілген жағдайда өндіріс көлемінің төмендеуін қарастырамыз. Шын
мәнінде, өндіріс көлемінің төиендеуі, жұмыссыздық көлемінің өсуіне алып
келеді. Бірақ ол нөлден бастап өспейді және де, өндіріс көлемі төмендегенде
нөлдік деңгейге түсіп кетпейді.
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-
біріне әсер етуімен белгіленеді.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге
жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұлар психофизиологиялық,
әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы
ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивизацияларына, еңбек белсенділік
дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал
етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты
айырмашылығы – еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік
мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы – ресурс
бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік
мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны
болып табылады. Сондықтан, еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда
адамгершілік элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды, жаны бар
адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-
еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен
ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы
бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек
төлемі дәрежесі орнайтын (қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс
болып табылады.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды көзі.
Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік ресурс
(фактор) болып табылады. Осыған сәйкес, еңбек нарығы басты екі қызмет
атқарады: әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс
халының әдеттегідей дәрежесінің қаматмасыз етілуі және жұмыскерлердің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі
жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбеке рационалды тарту,
оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру
функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі
жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарылауына, мамандықты
ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай
принциптер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс
жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және
оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы
субъектередің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және
пайда табуды көздегендігімен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін
әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс
орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен
қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы,
жетілген бәсекелік нарығы, болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген
жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете
алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың непмесе
жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы
конъюктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мұшелерінің жалпы өзара
әсерлерімен белгіленеді.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың қисық сызығының еңкеюі
теріс бұрышы болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс
төмендей түседі. Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе
отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар
жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен
белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың
өздерінің қабілеттерін әдеттегідей ұдайы өндіру керек қажеттіктерімен және
жиынтық экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап
тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді.Сұраныс та ұсыныста әр түрлі
факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен,
еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық
–мамандық құрылымымен, несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың,
мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметтерімен қалыптасады.
2.2. Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты.
Қазақсатн Республикасында қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты
еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай
тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен
шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің
еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.
Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбек
рыногы басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар
дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер
құрайды.Осы ретте статистикалқ мәліметерге біраз тоқталайық:
2004 2005 2006 2007 2008
Экономикада жұмыспен
қамтылғандар саны (мың6201,0 6698,8 6708,9 7,2 млн. 7,3 млн.
адамға)
Еркекте 3255,5 3470,2 3486,4 3,7млн 3,8млн
Әйелдер 2945,5 3228,6 3222,5 3,4 млн 3,5 млн
Одан жұмыпен қамту 231,4 216,1 193,7 172,3 159,7 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz