Жұмысшы күш категориялары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Экономикалық институт
Менеджмент кафедрасы
Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жұмысбастылық мәселелері: мемлекеттік реттеу.
Мазмұны
Кіріспе3
I. Жұмысбастылық мәселелеріне ғылыми көзқарас4
1. 1. Неоклассикалық мектеп4
1. 2. Кейнстік бағыт4
1. 3. Монетарлық мектеп5
1. 4. Инструкционалдық - социологиялық мектеп6
1. 5. Контрактілік теория6
1. 6. Икемді нарық концепциясы7
II. Жұмыссыздық және оның түрлері8
2. 1. Жұмысшы күш категориялары8
2. 2. Жұмыссыздық түрлері9
III. Жалақы: деңгейі, динамикасы11
3. 1. Жалақы деңгейі мен динамикасы11
IV. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу12
4. 1. Жұмыссыздықтың деңгейі мен ұзақтығын реттеу12
4. 2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау13
Қорытынды15
Қолданылған әдебиеттер тізімі16
Кіріспе
Осы замандағы нарықтық экономикада адам әр алуан экономикалық қызметтер атқарады. Жанды өндіргіш күш болғандықтан, адамға өзінен бөлінбес көп сапа мен қасиеттер тән болады, оның бірнеше түрлі қажеттері және қабілеттері болады. Адамның өндіргіш күшінің құрамының екі жағы: жұмысшы күші немесе еңбекке қабілетті және тұтынулық күші немесе тұтынуға қабілеті болады. Жұмысшы күші - бұл адамның тіршілігінен бөлінбейтін, еңбекке деген индивидуалдық қабілет және ол адамның өте маңызды атрибутивтік қасиеті.
Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың (есейген санының) жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Ал есейген еңбекке жарамды халықтың жұмысы жоқ, бірақ іздеп жүрген бөлігі жұмыссыздықты құрайды. Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффицентін құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс.
Еңбек нарығының дисбалансы хроникалық сипатты белгілейді. Сондықтан жұмысбастылық мәселелері барлық экономикалық мектептерде қарастырылады.
Сонымен қатар бұл рефератта жұмысбастылық мәселелерін мемлекеттік реттеудің бағыттары мен амалдары қарастырылады.
I. Жұмысбастылық мәселелеріне ғылыми көзқарас
1. 1. Неоклассикалық мектеп
Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдері Д. Гилдер, А. Лаффер, М. Фелдстайн, Р. Холл, т. б. Олар өздерінің концепцияларының негізіне А. Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның реттеушісі нарықтық механизм. Еңбек бағасы жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Жұмысшы күшінің бағасы нарық конъюнктурасына сезімшілдікпен жауап береді, осы конъюнктураның нақты қажеттігіне сәйкес өсіп, немесе, төмендеп отырады. Егер еңбек ұсынысының оған сұраныстан артық болуының нәтижесінде жұмыссыздық пайда болса, онда жұмыссыздық бағаның төмендеуіне, яғни жалақының төмендеуіне еңбек нарығында тепе - теңдік орнағанша әсер етеді. Классикалық үлгі еңбек нарығы өзін - өзі реттеуші деген принципке негізделеді.
1. 2. Кейнстік бағыт
Кейнстік бағыт еңбек нарығын, жұмысшы күшін қатал бақылап отыратын оқшау жүйе деп қарайды. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері - жұмыспен қамту мен жұмыссыздық дәрежесі, еңбекке сұраныс, нақты жалақының дәрежесі - еңбек нарығында белгіленбейді, олар тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы тиімді сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығында тек жалақының көлемі және осыған тәуелді еңбек ұсынысының көлемі қалыптасады. Бірақ еңбек ұсынысы нақты жұмыспен қамтуды қалыптастыруда жетекші роль атқармайды, ол тек жалақының берілген көлемі жағдайындағы оның барынша жоғары дәрежеде болатын мүмкіндігін сипаттайды. Жұмысшы күшіне сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар мен өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың амалсыз болуы жиынтық тиімді сұраныстың жетімсіз болуымен байланысты. Мұны реттеудің бюджеттік және ақша - несиелік реттеудің экспансионистік шаралары жоя алады. Жиынтық сұраныстың өсуіне әсер етіп, мемлекет еңбекке сұраныстың өсуіне көмектеседі. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыссыздықтың төмендеуіне жол ашылады.
Кейнстік концепция бойынша жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етіп қоймайды, оған жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуі де, яғни жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыспен қамтудың жеткілікті дәрежесінің тиімді құралына мемлекеттің инвестициялық іс - әрекеттерінің молаюы, мемлекет тарапынан инвестициялардың оптималдық көлемінің қамтамасыз етілуі жатады. Кейнстік үлгі мемлекеттің макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне негізделеді, ал оны жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар заңдылықтар мен құбылыстарға және басты экономикалық көрсеткіштердің арасындағы мультипликативтік байланыстарға негізделеді.
1. 3. Монетарлық мектеп
Монетарлық мектептің (М. Фридмен, Э. Фелпс, т. б. ) тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономика жұмыспен қамтудың рационалды дәрежесін өзі белгілейтін, өзін - өзі үйлестіретін жүйе бағалық механизм болып табылады. Осындай жүйеге мемлекеттің кірісуі нарықтық өзін - өзі реттейтін механизмін бұзады, ал мемлекеттің жиынтық сұранысқа ақша арқылы әсер етуі түбінде инфляциялық серіппенің шырқауына әкеліп соғады.
Монетаристердің болжауы бойынша қандай уақытта болмасын нақты жалақы ставкаларының құрылымдық тепе - теңдігімен үйлесімде бола алатын жұмыссыздықтың белгілі бір дәрежесі болады. Осы дәреже “жұмыссыздықтың табиғи нормасы” деп аталады. Бұл еңбек пен тауарлар нарығының нақты құрылымын сипаттайды, бұған қоса нарықтағы жетімсіз жағдайларды, сұраныс пен ұсыныстың кездейсоқ ауытқуларды, бос жұмыс орындары мен бар болып отырған жұмысшы күші туралы информациялардың құнын, т. б. сипаттайды. Жұмыспен қамтудың өзінің табиғи дәрежесінен ауытқуы тек қысқа мерзімдік сипатта болады. Оның дәрежесі тепе - теңдік дәрежеден жоғары болса, инфляция үдей түседі, егер төмен болса - дефляция жанданады. Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты жұмыссыздық нормасының, оның табиғи дәрежесінің ауытқуымен, өндіріс көлемі және жұмыспен қамтылғандардың санының ауытқуларымен күресуге бағытталуы қажет. Еңбек нарығын теңестіру үшін монетаристер көбінесе ақша - несие саясатының құралдарын пайдаланған жөн деп тұжырымдайды.
1. 4. Инструкционалдық - социологиялық мектеп
Т. Веблен, Дж. Данлоп, Дж. Гэлбрейт, Л. Ульман - жұмыспен қамтудың мәселелерін, әрқилы институционалдық реформалар арқылы шешуге болады деп тұжырымдайды. Еңбек нарығындағы мәселелердің шешілуін тек макроэкономикалық талдауға артуға болмайды. Осы мектептің өкілдері еңбек нарығындағы мәселелердің болуын жұмысшы күшінің құрылымындағы және оларға сәйкес келетін жалақының дәрежелеріндегі айырмашылықтардың әлеуметтік, профессионалдық, салалық, жыныстық пен жас жағынан үлкен - кішілік, этникалық және т. б. ерекшеліктерімен дәлелдеуді жөн көреді.
1. 5. Контрактілік теория
Жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы (М. Бейли, Д. Гордон, К. Азариадис) неоклассикалық және кейнстік бағыттардың синтезіне негізделген концепция болып табылады. Осы авторлар, бір жағынан, кейнстік ақшалай жалақының қатал болу тезисін мақұлдап, еңбек нарығында үйлесімдік баға арқылы емес, өндіріс және жұмыспен қамту көлемдеріндегі физикалық өзгерістер арқылы орнайды деп тұжырымдайды. Келесі жақтан, осы қаталдықтың өзін олар өз мүддесіне сәйкес әрекет ететін индивидтердің оптималдықтандыратын тәртібімен байланыстырады.
Бұл теорияның негізін кәсіпкерлер мен жұмысшылар бір - бірімен ұзақ мерзімдік келісім қатынастарын жасасады деген тұжырым құрайды. Жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасындағы келісім шарт - “имплициттік контракт” - құқықтық келісім шарт талап еткендігінен орындалып отырмайды, ол екі жаққа да экономикалық жағынан пайдалы болғандықтан орындалып отырады. Еңбекақыны фирма өндіріс төмендегенде төмендетпейді, ал өрлеу кезінде квалификациясы жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын күрт көтермейді. Ақшалай жалақының динамикасы тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда жалақы төмендейді, ал өрлеу кезінде күрт емес, бірте - бірте өседі. Жалақы дәрежесінің өсуі белгілі болжамған шеңберде өзгеріп отырады.
1. 6. Икемді нарық концепциясы
Икемді нарық концепциясы (Р. Буае, Г. Стэндинг) 70 - ші жылдардың аяғында батыстағы дамыған елдердің экономикасында құрылымдық қайта құру жүргенде пайда болып тараған. Бұл концепция бойынша еңбек нарығын реттеудің қажеті жоқ, жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес, функционалдық жағынан индивидуалданған және стандартты емес, икемді формаларына көшу қажет. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта құруға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті. Осыған жету жолдары:
жұмысқа жалдау (босату) мен жұмыспен қамту формаларын көбейту және икемді қылу;
жұмыс уақытын реттеу формаларының әр түрлерін пайдалану, нормаланбаған жұмыс тәртібінің икемді түрлерін пайдалану;
жалақыны реттеудің икемді, өзгермелі түрлерін қолдану;
жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды икемді әдістері мен формаларын, жұмысшы күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағасын еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру.
Еңбек нарығының икемділігі концепциясы, қорытындылап айтқанда, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер арасындағы қатынас формаларының әр түрлерінің қалыптасуын талап етеді және ол жиынтық шығындарды рационалдауға, табыстардың жоғары болуына, нарықтың динамизмінің жоғары болуына бағытталады.
II. Жұмыссыздық және оның түрлері
2. 1. Жұмысшы күш категориялары
Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.
Еңбекке қабілетті адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі, олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдарды бөліп қарау керек. Нарықтық емеске мемлекеттің әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына, экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.
Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмысшы күшінің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып бөлінеді. Осыларға жұмысы жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай адамдарға еңбек нарығында жұмыс іздеуге бейімділігі жоқ деп болжау жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әр түрлі себептермен жұмыс іздеуден бас тартқан адамдар категориясы болады, бұл былайша айтқанда жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы жұмыссыздарға емес, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтіндерге жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды:
институционалдық емес адамдар А ин ;
жұмыс істеушілер саны А з ;
жұмыссыздар саны А б ;
жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдар саны А нрс ;
Осы көрсеткіштердің арасында мынадай байланыстар бар:
жұмысшы күшінің саны А рс =А з +А б ;
институционалдық емес адамдар А ин =А з +А б +А нрс ;
жұмыспен қамту дәрежесі У з =А з /А ин ;
жұмыссыздық дәрежесі У б =А б /(А з +А б ) ;
жұмыссыздық нормасы N б =(А б /(А з +А б ) ) *100;
жұмысшы күші құрамына тартылу дәрежесі У врс =(А з +А б ) /А ин .
Экономикалық белсенді халық саны
2. 2. Жұмыссыздық түрлері
Экономикалық әдебиетте жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық, технологиялық.
Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын адамдардың бір жержен екіншіге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады.
Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын табу үшін, ал жалдаушылар белгілі квалификациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар ваканция туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда; жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында, қашан болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1 айдан 3 айға дейін) .
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы профессионалдық - квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде, жұмысшы күшінің профессионалдық - квалификациялық құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл - жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа салалардағы бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мезгілі ұзақ болады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте, төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдыраумен және сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ - нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
III. Жалақы: деңгейі, динамикасы
3. 1. Жалақы деңгейі мен динамикасы
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапатталу ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындайды. Бірақ олардың жалақыны түсіндірудегі бірлігі осымен бітеді және өзгешеліктер туындайды.
Маркстік концепциясы біріншіден, еңбек болашақ құнның қайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Бұл мынаған негізделген, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді.
Екіншіден, жалақы ретінде еңбектің барлық өнімі емес, тек қажеттісі, яғни жұмыс күшінің құнының орнын толтыратыны төленеді. Үшіншіден, тауар құнында басқа факторлардың да үлесі көрінеді.
Неоклассиктер теориясы негізінде басқаша, біріншіден, олар жалақыны еңбекке баға ретінде қарастырады, екіншіден, оларды жалақының мәні емес, сұраныс пен ұсыныс арақатынасы арқылы дәстүрлі түрде анықтайтын оның деңгейі қызықтырады. Еңбекке сұраныс пен ұсыныс теңескен жерде жалақының деңгейі орнатылады. Еңбекке сұраныстың өсуі жалақыны көтереді. Еңбекке сұраныстың төмендеуі жалақыны төмендетеді.
Жалақы номиналды және нақты жалақы ұғымдары болып бөлінеді.
Номиналды жалақы деп жұмысшыға өзінің еңбегі үшін төленетін ақша сомасы аталады.
Нақты жалақы дегеніміз алынған ақша сомасына толып жатқан өмірлік игіліктер мен қызметтерді иемдену мөлшерімен өлшенеді. Ол номиналды жалақымен тікелей байланыста және тауар мен қызметтерге баға деңгейіне кері байланыста тұр.
Жалақы екі формада болады - мерзімді және кесімді.
Мерзімді жалақы жұмыс ұзақтығымен анықталады. Оның өлшемі еңбекті сағатына төлем болып табылады.
Кесімді төлемде жалақы өндірілген өнім көлеміне байланысты болады. Оның мөлшері бір бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады.
Халықтың нақты және номиналды табысына бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz