Жұмыссыздықты күту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыссыздық мәні және оның түрлері
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..


1.Жалпы жұмыссыздық және жұмыссыздықты топқа бөлу

1.1 Жұмыссыздық түсінігі. Құрылымдық және циклдік
жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2 Экономикадағы толық
жұмылдыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .


2.Жұмыссыздық және инфляция арасындағы байланыс

2.1 Филлипс
қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.2 Қысқа мерзімдегі жұмыссыздық пен инфляцияны таңдау
мәселесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .1 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...


Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .1 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .


Тест ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .1 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

Есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 20


Пайдаланған 21
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі. 30-шы жылдардан бастап Гэллап ұйымы мемлекет
үшін қандай мәселе күрделі екендігі туралы қоғамдық пікірді білу мақсатында
сұрақ-жауап жүргізе бастаған болатын. Экономикамен шектелмей қалған
жауаптар қатарында нашақорлық, қылмыстылық, қоршаған ортаның ластануы және
ядролық соғыстар болды. Ал 1981 жылы құнсызданудың өсуіне көпшілік оны
мемлекет алдында тұрған маңызды мәселе деп есептеді. Арадан екі жыл
өткеннен кейін жұмыссыздық көрсеткіші өсіп, көпшілік жұмыссыздықты маңызды
мәселеге айналдырды. Адамдарға көптеген себептерге байланысты жұмыссыз
қалулары мүмкін. Мұндай себептер қатарына олардың алғаш рет жұмыс іздеуі,
адамдардың жағдайы жақсы жұмыс табу мақсатында бұрынғы жұмыс орындарын
тастап кетулері, уақытша жұмыстан босағандық және де фирмалардың жабылып
қалуларына байланысты жұмыстан босаулар жатады. Жұмыссыздықтың осы соңғы
түрі мәжбүри жұмыссыздық деп аталады.
Көптеген елдердерде жұмыссыздықпен күресу жолында бірқанша шаралар
жүзеге асырылуда. Мұндай шаралар қатарына жұмыссыздарды жұмыс күші ретінде
тіркеуге алу, жұмыспен қамтамасыз ету агенттіктері, жасөспірімдер
арасындағы жұмыссыздықпен күресетін жастар ұйымдары құрылуда. Сонымен қатар
жұмыссыз ретінде тіркеліп, соңғы төрт аптада жұмыс іздеу шаралары нәтижесіз
аяқталған тұлғаларға көмек ақы төлеу жұмыстары да алып барылады. Бірақ
соңғы кездері жүргізіліп жүрген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша көмек
ақы төлеу шарасы ел бойынша жұмыссыздық коэффицентін өсіруге себеп болып
жатқандығы туралы айтылуда. Осындай кемшіліктеріне қарамастан
жұмыссыздықпен күрес бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Себебі жұмыссыздық
мәселесі қазіргі таңда бүкіл дүние жүзі бойынша кең көлемдегі маңызды
мәселеге айналып отыр. Сондықтан да жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда
кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мәселенің тарихнамасы. Курстық жұмысты жазу барысында біз көптеген
ғылыми зерттеулерді пайдаландық. Мысалы, Р. Дорнбуш пен С. Фишердің 1996
жылы Мәскеуде жарық көрген “Макроэкономика”, Д. Ж. Сакс және Ф. Б.
Ларреннің “Макроэкономика. Глобальный подход”, А. М. Гальпериннің 1997 жылы
жарыққа шыққан “Макроэкономика”, Эдвин Дж. Доланның “Макроэкономика”,
сондай-ақ 1994 жылы шыққан “Микро-макроэкономика. Практикум”, 2000 жылы
жарық көрген “Экономическая теория. Микроэкономика. Макроэкономика.
Мегаэкономика” сияқты ұжымдық еңбектерді де пайдаландық.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмысты жазудағы негізгі
мақсатымыз қазіргі таңда дүние жүзі бойынша ауқымды мәселеге айналып
отырған жұмыссыздық мәселесін жан-жақты және терең зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни жұмыссыздық мәселесін әлемдік
дәрежедегі зерттеушілер еңбегін пайдалана отырып, оқырман қауымға жеткізе
білу.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмысты біз екі тарауға бөліп
қарастырдық. Бірінші тарауда жалпы жұмыссыздық мәселесіне тоқталып, онда
жұмыссыздықтың жалпы түсінігі мен жұмыссыздықты топқа бөліп қарастырдық
және циклдік және құрылымдық жұмыссыздыққа тоқталдық. Демек, жұмыссыздық
дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан босаған немесе алғаш
рет жұмыс іздеу барысында сәтсіздіктерге ұшыраған тұлғалар. Жұмыссыздықтың
себептері әр түрлі болып, ол негізінен жұмысшылардың нәсіліне, жасына және
жынысына қарай топтар арасында әр түрлі болып келеді. Әсіресе түрлі түсті
нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші ақ түсті нәсілдер арасындағы
жұмыссыздық көрсеткішіне қарағанда әлдеқайда жоғары болады.
Курстық жұмыстың екінші тарауында экономикадағы толық жұмылдыру
мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздық дәрежесіне баға бердік және де оны
анықтаушы жакторларға жан-жақты тоқталдық. Сонымен қатар жұмыссыздық
дәрежесін төмендету мен жұмыссыздық бойынша көмек ақы мәселелерін
қарастырдық. Экономиканың қандай кезде толық жұмылдыру жағдайында
болатындығын анықтау экономикалық саясаттың шешуші мәселелері болып
табылады. Ал жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін анықтаушы факторлар
жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі болып келеді. Жұмыссыздық дәрежесін
түсіру жолында дүние жүзі бойынша маңызды шаралар жүзеге асырылуда.
Солардың бірі жастардың жұмыссыздығымен күресу. Сонымен қатар жұмыссыздарға
көмек ақы төлеу шаралары да алып барылады.

1. ЖАЛПЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛУ

1.1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ.ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ЦИКЛДІК ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Америкалық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер
жұмыссыздықтың бес негізгі мінездемелерін анықтады:
1. Жасы, жынысы және еңбек тәжрибелеріне байланысты жұмыссыз топтар
арасында үлкен айырмашылықтар бар;
2. Еңбек базарында үлкен ағым байқалады. Жұмылдыру мен жұмыссыздықты
өсіруші және де кемітуші қарсы ағымдар жұмысты және жұмыссыз адамдармен
салыстырғанда үлкен көрсеткіштерді көрсетеді;
3. Осы ағымның маңызды басым бөлігі циклдік сипатта болады, яғни
жұмыстан босату мен еңбек келісім-шарттарын бұзу төмендеу кезінде үлкен
мөлшерге жетсе, ал өз еркімен жұмыстан босау жоғарылау кезінде үлкен
мөлшерге жетеді;
4. Кез келген айда жұмыссыз қалған тұлғалардың көпшілігі тек қана
қысқа мерзім аралығында жұмыссыз болады;
5. АҚШ-тағы жұмыссыздық басым бөлігі ұзақ уақыт бойына жұмыссыз
отырғандардың үлесіне тиесілі болып келеді.
Бұл фактілер жұмыссыздықтың не екендігі туралы және сонымен қатар
онымен не істеуге болатыны немесе болмайтындығы туралы маңызды түсінік
береді.1, 534б.

Кесте 1 – Қазақстандағы 1995-2001ж арасындағы жұмыспен қамту
органдарында жұмыссыз есебінде тіркелген адамдар саны.

1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001
1995-2001ж арасындағы
жұмыссыз есебінде
тіркелген адамдар 139,6 282,4 257,5 251,9 251,4 231,4 216,1
саны
Экономикалық белсенді
ьхалық үлесіндегі 2,1 4,2 3,8 3,7 3,9 3,7 2,9
тіркелген
жұмыссыздар; %

Қазақстан Республикасының стат агенттігі.-Алматы.-2002.-574б

Адам төрт себепке байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін: (1)ол жұмыс күшіне
жаңадан енгендер, яғни жұмысты алғаш іздеп жатқандар, жұмыс іздегеніне төрт
апта болған ұзілістен кейін жұмыс күші құрамына қайтушылар болуы мүмкін.
(2) адам басқа жұмыс іздеу үшін жұмыстан босауы және іздеу барысында
жұмыссыз ретінде тіркелуі мүмкін. (3) адам уақытша жұмыстан босатылуы
мүмкін. Анықтама бойынша уақытша босату дегеніміз - бұл ақысыз белгілі
мөлшерге босату. (4) жұмысшы қайта оралуы мүмкіндігінсіз жұмыс орнынан
босауы немесе фирма жабылуына байланысты жұмыстан айырылуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың осы соңғы жолы мәжбүрлі кету немесе жұмыстан айырылуды
білдіреді.
Жұмыссыздық резервуарына түсудің бұл жолдары жұмыссыздықтан шығудың
өзіндік бейнесін көрсетеді. Жұмыссыздық резервуарынан шығудың жалпы үш жолы
бар: 1. тұлға жаңа жұмыс орнына қабылдануы мүмкін. 2. уақытша жұмыстан
босатылған адам бұрынғы жұмыс орнына қабылдануы мүмкін. 3. жұмыстан
айырылған тұлға жұмыс іздеуді тоқтатуы, сонымен анықтама бойынша жұмыс күші
құрамынан шығып қалуы мүмкін. Мұндай адамның жоспарында жақын арада жұмыс
іздестіруді қайта тіктеу де болуы мүмкін. 2-кестеде адамдардың жұмыссыз
қалу немесе жұмыссыздық резервуарына түсі себептері бөліп көрсетілген.

Кесте 2 - Жұмыссыздық себептері ( жұмыссыздар санын көрсету %).


Жұмыстан жұмысты жұмыс күші жаңадан
тастап құрамына қосылған.
айырылғандар кеткендер оралғандар


1979 42,9 14,3 29,4 13,3

1983 58,4 7,7 22,5 11,3

1988 46,1 14,7 27,0 12,2

1979 жыл мен 1988 жылдар арасындағы айырмашылықты атап өту қызықты.
Алғашқы екі жыл жұмыссыздықтың төмен көрсеткішін, ал соңғы жылдар жоғарғы
көрсеткіштерін көрсетті.
Еңбек базарына талдау жасау оның үнемі қозғалыста болатындығын
көрсетеді. Жұмыссыздық жалға алу санының өсуіне және жұмысшыларыдң жұмыс
күші құрамынан шығуына байланысты қысқарып отырады. 1, 535б.
Жұмыссыз болудың тағы бір себебі – жалақының қатаңдығы, яғни икемді
өзгере алмайтындығынан. Тепе-теңдік еңбеак нарығының үлгісіндегі нақты
жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады. Бірақ шын мәнінде
жалақы әрқашан икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе-теңдіктен жоғары
деңгейде болады.
Бұл мысал не себептен жұмыссыздыққа әкелетінін көрсетеді. Жалақы
сұраныс пен ұсыныс тепе- теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда,
нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Фирмалар тапшы орын
санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады. Сондықтан, нақты
жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді
және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.
Жалақының қатаңдығы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын
жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады. Жұмысшылар
жұмыссыз болуының себебі олардың мамандығына сәйкес ең жоғары дәрежедегі
жұмыс іздеуінен емес, берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынан фирмалар
жағынан еңбек сұранысы артық болғандығынан. Жұмысшылар тек жұмыс алу
мүмкіндігін күтеді.
Жалақы қатаңдығы және жұмыссыздықты күту ұғымын түсіну үшін, ең
алдымен еңбек нарығы неге тепе-теңдік жағдайға келмейтінін білу керек.
Жалақының нақты деңгейі тепе-теңдік нүктесінен жоғары болғанда, ал еңбек
ұсынысы сұраныстан көп болса, жұмыс берушілердің жалақыны төмендетулерін
күтуге болатын еді. Жұмыссыздықты күту болуының себебі, еңбек ұсынысы артық
болса да, фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмауынан.2, 71б.

Сурет 1.- Жұмыссыздықты күту
Енді жалақы қатаңдығының үш себебін қарастырайық: ең төмен жалақы
туралы заң қабылдау, кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы және
фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы.
Үкімет жалақы қатаңдығын сақтауды, оны тепе-теңдік деңгейге дейін
түсіруге кедергі жасауға мүмкіндік туғызады. Ең төмен жалақы туралы заң
барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін
белгілейді. Есеп бойынша, жалақының шегін белгілеу жасөспірімдер арасындағы
жұмыссыздыққа үлкен әсер етеді, өйткені әдетте жасөспірімдер жалақысының
тепе-теңдік деңгейі өте төмен. Оған екі себеп бар:
Біріншіден, жасөапірімдер ең аз маманданған және тәжірибесі аз жұмыс
күшіне жататындықтан, олардың еңбегінің шекті өнімі де үлкен болмайды.
Екіншіден, жасөспірімдерге көбінесе ақшалай түрде емес, белгілі бір
өтем түрінде өзінің жұиыс орнында мамандықты тегін оқып үйренуге
мүмкіндік беріледі.Сондықтан жасөспірімдер үшін жалақының тепе-теңдік
деңгейі төмен болып келеді және жалақының шегін белгілеудің жұмысшылардың
осы тобы үшін үлкен мәні бар.2, 72б
Уақыттың кез келген мерзімінде жұмыссыздықтың жиынтық дәрежесі немесе
жұмыссыздық коэффиценті болады. Мысалы, 1989 жыл наурызда жұмыссыздық
коэффиценті 4,9 пайыз болды. Бұл сандар астында жынысы және жас тобына
қарай көлемді қайшылықтар жасырынады.
Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі
топтар бойынша жалпы коэффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және uі
жұмыссыздық коэффиценті арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс
күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коэффицент
жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коэффиценті болады:

u = w1 + u1 + w2 u2 + ... + wn un.
(1)

мұндағы
wi салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі. 3,
602б.
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коэффиценті
негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық
коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша
етекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі
айырмашылықтарды жасырынуы мүмкін болып табылады.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылдырылған
деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық
жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс
орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал
ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары
институттарынан туындайды. 1, 536б.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт
өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз
алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің
нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде
жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл
жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге
бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір
қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес
келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскекрлігі технология
мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз
болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы
әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы
үшін арнайы оқу курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек.
Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті
болып келеді.2, 63 б
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен
бірдей болады.
Циклдік жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып
озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған
түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.1,536 б
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық
шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар
мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді,
жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс
тапшылығына байланысты жұмыссыздық” деп атайды.2, 64б

1.2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ

Экономикалық саясат үшін маңызды мәселе – бұл экономика қай
уақытта толық жұмылдырылған жағдайда екендігін анықтау болып
табылады. Толық жұмылдырылған кезеңдегі жұмыссыздық дәрежесі табиғи
дәреже болып, жұмыссыздықтың құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша
сәйкес келетін түсініктер болады.
Табиғи дәреже бағасын кейбір кезеңдерден табады, яғни еңбек
базары тепе-тең болғанда және жалпы жұмыссыздық дәрежесі мен топтар
бойынша жұмыссыздық дәрежелері теңестіруде олардың табиғи
маңыздарында болғанда табылады.
Мұндай кезеңге 50-шы жылдардың ортасы жатады және осы кезеңдегі
жұмыссыздықтың жалпы дәрежесі 4% сәйкес келеді. Сонан кейін жұмыс
күші құрамындағы өзгерістерге түзетулер және де жұмыс күшінің әр
түрлі топтарындағы өзгерістерге түзетулер жасалады. Біз (1)
теңестіруге жақын u* табиғи дәрежесі үшін теңестіруді жазуымыз
мүмкін:

u* = w1 u*1 + w2 u*2 + ... + wn u*n (2)

(2) теңестірудің көрсетуі бойынша табиғи дәреже дегеніміз – жұмыс
күшінің топшаларындағы жұмыссыздықтың өлшенген табиғи дәрежесі болып
табылады. Әр бір топқа бағаланған табиғи дәреже 4% - дан
ерекшеленетін болады, яғни жасөспірімдер үшін ол бірқанша жоғары
болса, орта жастағы еркектер үшін төменірек болады. 3, 561б.
Осы уақытқа дейін толық жұмылдыру кезінде жұмыссыздық
коэффицентіне арнайы баға бер мүмкіндігі болды. 60-шы жылдары ол 4
пайызға тең болды. Жұмыс күші құрамындағы өзгеріске түзетулер 70-шы
жылдары бағаны 4,9 пайызға дейін көтерді. 80-90 жылдары
экстраполяциялау кезінде 60-шы жылдардың 4 пайыздық дәрежесі 5-тен
6 пайыздық интервалға сәйкес келеді.4, 301б.

% 11 фактическая

10

9

8

7

6

5

4 полная занятость (u*)

3

0

63 66 69 72 75 78
81 84 87 1990
1960

Сурет 2.
Жоғарыдағы суретте DRI фирмасының толық жұмылдыру кезіндегі
фактілік дәрежесі және зерттеу бағасы көрсетілген. Бұл жерде
толық жұмылдыру кезіндегі u* коэффиценті статистикалық база болып,
соған сәйкес 1%-тік пункт ретінде амплитудалы интервал ретінде
қарастырылуы тиіс болып табылады.
Табиғи жұмыссыздық дәрежесін анықтаушы факторлар
жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрінуі мүмкін.
Жұмыссыздықтың жалғасуы циклдік факторларға және еңбек базарының
мынадай құрылымдық сипаттамаларына да байланысты болады:
- жұмыспен қамтамасыз ететін агенттіктердің, жастар арасында
жұмылдыру қызметтерінің болуы немесе болмауын есепке алатын еңбек
базары ұйымдары;
- жұмыс күшінің демографиялық құрылымы;
- жұмысыздардың жақсы жұмысты іздеу мүмкіндігі мен қалауларының
болуы,
- жұмыссыздық бойынша көмек алу.
Соңғы екі бөлім ерекше назар аударуды талап етеді. Жеке тұлға
жаңа және бұрынғыдан да жақсы жұмыс орнын табуға көп уақыт бөлу
үшін жұмысын тастап кетуі мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл түрі ізделімді
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздык пен жұмысбастылык
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары
Инфляция және инфляция теориялары
Инфляцияның түрлері
Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы
Ұмыссыздықтың теориялық негіздері
Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Пәндер