Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы.
1.1 Еңбек рыногы және жұмыссыздықтың экономикалық мәні мен
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері және оның
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ..10

2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі.
2.1 Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесін реттеу
жағдайлары ... ... ... .16
2.2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық шаралар...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздық басты ерекше орын алады.
Жұмыссыздық сұраныстың жеткіліксіздігінен пайда болады. 1990 жылы жұмыспен
қамтамасыз ету туралы заң қабылданды. Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі
тек теоретикалық тұрғыдан, батыс елдер тәжірибесіне сілтеп, негативтік
түрде қарастырылды. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген
әлеуметтік - экономикалық мәселелерді алып келеді. Жеке адам үшін ол
өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып,
көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Қоғам үшін ол жоғары салық шығынында
ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді,
жастарға байланысты мәселелер асқынады және т.б. Бос уақыт пайдасы
жұмыссызбен келетін кемшіліктерді басып кетуі шүбәлі болып келеді. Сонымен
қатар бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес.
Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің
белгілі резерві әрқашан да болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы
нарықты экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.
Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені
жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген.
Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау
өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын барлық
критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себеппен
жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді. Оған себеп – осы
қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде
тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және т.с.с. Екінші жағынан,
халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады:
олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын
әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т.с.с.
Қызметкерлер жұмыс істеушілер қатарында есептелінеді, ал шынында жұмыссыз
болып келеді. Біздің байқауымызша, бұндай адамдар өзін-өзі және жақын
адамдарын белгілі кәсіпорынға жататындығымен жұбатады. Бұл құбылысты
жұмыстан босамаған қызметкерлер жұмыссыздығы деп атауға болады. Ең
соңында, жұмыссыздық деңгейін есептерде біраз адамдардың көлеңкелі секторда
істейтіндігі ескерілмейтінін айта кеткен жөн.
Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз – ол қазіргі жалақы мен еңбек
жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген
адам. Жұмыссыздық, әдетте экономиканың тұрақсыздығынан, қоғамда ұлттық және
т.б. әлеуметтік шиеленістердің күшейе түсуінен, саяси күштердің тепе-
теңдігі болмағандығынан, еңбекшілерді әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғаудың
жоқтығынан, өкіметтің халықты жұмыспен қамту саласында атқарылатын жұмыстың
нашарлығынан, әлсіздігінен және т.б. болатын құбылысқа байланысты болып
келеді. Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін
жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек
ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп елдегі экономикалық белсенді
халықтың кейбір бөлігінің біршама уақыт бойы немесе тұрақты жұмысы немесе
табысы болмайды.
Курстық жұмыс тақырыбын бұлай таңдаған себебім жұмыссыздық мәселелері
көптен бері зерттелуде. Бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек,
жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және
т.б. сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл
мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік
еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі
өзгешеліктер енді. Тақырыптың өзектілігі: жұмыссыздар санына еңбекке
жартылай жарамдылығын сақтаған мүгедектерді де жатқызуға болады. Толықтай
жұмыссыздықдармен қатар жұмыссыздарды да жалпы жұмыссыздар қатарына жатады.
Жұмыс іздестірудің де көптеген әдістері: жұмысқа орналастыру қызметі
орындары арқылы неесе газеттерде жарияланған хабарламалар бойынша жұмысқа
жалданушыларға, тапсырыс айтатындар. Ғылыми-техникалық революция да
өндірістен жұмыс күшін ығыстырудың ерекше формасын туғызатындығын да атап
өткен жөн. Жұмыссыздықтың түрлерін атап кету.
Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесін көтеріп
оның ерекшеліктерін көрсету болып табылады. Ол үшін жұмысқа келесідей
міндеттер қойдым:
- Жұмыссыздықтың экономикалық мәнін ашу
- Жұмысссыздықтың түрлеріне, көсеткіштеріне сипаттама беру
- Қазақстандағы жұмыссыздықпен күрес және жұмыссыздар санын азайту
жолдарын белгілеу.
Курстық жұмыс Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы,
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі атты 2 тараудан тұрады.
Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы Еңбек рыногы және жұмыссыздық,
Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері, Жұмыссыздықтың
әлеуметтік-экономикалық салдары сынды мәселелер қарастырылса, Қазақстан
Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі атты тарауда Қазақстандағы
жұмысдық мәселесін реттеу жағдайлары, Қазақстандағы Республикасындағы
әлеуметтік- экономикалық шаралары жайлы айтылады.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. Еңбек рыногы және жұмыссыздықтың экономикалық мәні мен түсінігі

Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының рыногы,
олардың тепе – теңдік бағасы мен саны сұраныс пен ұсыныстың бір – біріне
әсер етумен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рынок
агенттері, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек
рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып
табылады. [ 1, б 277]
Еңбек рыногы басты үш қызмет атқарады: 1) әлеуметтік қызметте
адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен
жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді
қамтамасыз ету; 2) экономикалық қызметте еңбекке рационалды тарту, оны
бөлу, реттеу және пайдалану; 3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің
күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің
жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек рыногында жұмыс күшіне сұраныс жалақы көлеміне кері
тәуелділікте болады. Жалақы өскенде, басқа жағдайлар тұрақты болғанда,
кәсіпкер теңдікті сақтау үшін еңбекке сұранысты азайтуы тиіс, ал жалақы
төмендегенде еңбекке сұраныс та артады.

Еңбек рыногы (жұмыс күшінің) - капиталдар, тауарлар, құнды қағаздар
және т.с.с. рыноктары сияқты, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси
өміріндегі маңызды және көп қырлы саласы. Еңбек рыногында жұмыс күшінің
құнына баға беріледі, оны жалдаудың талаптары белгіленеді, соның ішінде
жалақының шамасы да, еңбек шарттары, білім алу мүмкіндігі, кәсіби жетілу,
жұмыспен қамтылудың кепілдігі сияқты мәселелер қозғалады. Одан бөлек, еңбек
рыногында әлеуметтік қатынастарды басқару қажеттілігінен туындайтын
мемлекет мүдделері көрінеді.
Еңбек рыногы талдауының негізі – жұмыс күшіне сұранысты белгілеу және
оның ұсынысы.
Еңбек рыногы жалпы сұраныс және ұсыныс заңдарына бағына отырып, өзінің
жұмыс істеу механизмінің көптеген қағидаттары бойынша өзге тауар
рыноктарынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар айрықша түрдегі рынок
ретінде бой көрсетеді. Жұмыс күшіне сұраныс экономикалық жағдаятқа
(конъюнктураға), еңбекті механикаландыру дәрежесіне, еңбек пен жабдық
төлеміне жұмсалатын шығындардың арақатынасына (ара салмағына) қатысты
болады. Жұмыс күшінің ұсынысы еңбек әлеуетіне (потенциалына) (еңбекке
қабілетті халықтың саны, олардың денсаулығы, мінез-құлықтары,
белсенділіктері, білім деңгейлері, біліктіліктері мен жинақылықтары),
жалақының ықтимал шамасына, дәстүрлер мен ғұрыптарға қарай белгіленеді.
Елге халықтың көшіп келу (иммиграция) үдерісі еңбек рыногында жұмыс күшіне
жалпы ұсынысты ұлғайтады және бәсекені күшейтеді. Еңбек рыногының құрылымы
кәсіби білікті және әлеуметтік топтардың арақатынасымен (ара салмағымен)
сипатталады, солар бойынша сұраныс пен ұсынысқа талдау жүргізіледі.
Сарапшылардың бағалары бойынша еңбек рыногын құруда екі үлгідегі
рыноктың қалыптасуы байқалады: сыртқы (кәсіптік) және ішкі рыноктар.
Сыртқы немесе кәсіптік еңбек рыногы фирмалар мен кәсіпорындар
арасындағы жұмыс күшінің жұмылдырығыштығын жобалайды және ішкі рынокпен
салыстырғанда кадрлардың жиі тұрақтамауларымен (ауысуларымен) сипатталады,
ол горизонталь (деңгейлес) және вертикаль (сатылас) бойынша кәсіпорын
ішіндегі жұмыскерлердің қозғалысына негізделеді. Ішкі еңбек рыногында еңбек
қатынастарын реттеу жұмыспен қамтылу кепілдіктеріне және бір кәсіпорында
ұзақ жұмыс істеу стажын ынталандыруға негізделеді.

1 сурет - Еңбек рыногының үлгілері.
Түсініктеме: құрастырылған [ 2] әдебиет бойынша.

Жапондық үлгі. Ұйымдасқан ішкі еңбек рыногының классикалық үлгісі.
Еңбек қатынастарының жүйесі фирмада шектеулі 55-60 жасқа келгенге дейінгі
жұмыспен қамтылу кепілдігін көздейтін ғұмырлық қағидатқа негізделеді. Осы
жүйе компанияларға фирма ішіндегі деңгейде біліктілікке толық жасақтауға,
жұмыс орындарының құрылымымен кадрлар құрамын жедел жүргізуге мүмкіндік
туғызады.
АҚШ үлгісі. Осы үлгі үшін еңбек рыногын орталықсыздандыру әрекеті тән.
АҚШ-тың әр штатында жұмыспен қамту және жұмыссыздарға көмек көрсету туралы
өз заңнамасы, жұмыссыздық бойынша өздерінің сақтандыру қорлары бар.
Конъюнктура (жағдаят) өзгерген және өндіріс көлемі азайған жағдайларда
американдық фирмалар жұмыскерлерді жұмыстан босатады. АҚШ үлгісі үшін
кәсіптік жұмылдыру немесе сыртқы еңбек рыногының ерекшеліктері тән.
Швед үлгісі халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатымен
өзгешеленеді. Үлгінің негізгі элементтері: еңбек биржасының тиімді жұмыс
істеуі ; жұмыссыздық бойынша сақтандыру; тұрғын үй кепілдігі; жұмыс күші
жұмылдырғыштығының жалпыэкономикалық алғышарты ретінде жалақыны
бірдейлендіру саясаты; аймақаралық айырмашылықтарды деңгейлестіруге
бағытталған аймақтық саясат. Осы саясат жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысқа
орналастыру, кадрларды қайта даярлау, жастар мен мүгедектерді жұмысқа
орналастыру арқылы белсенді саясат жүргізуді көздейді. [ 2, б 6-8]
Жұмыссыздық туралы түсінік. Жұмыссыздық – экономикалық теорияның
бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты
әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория
жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді.
Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен
дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы
деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.
Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - ″монетаристер″ - осы
көзқарасты құптайды.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономиксі Томас Роберт Мальтус(1766-
1834жж.)жасаған. Ол 1798 жылы ″ Халық саны туралы заңның тәжірибесі″
кітабын шығарған. Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқынына
көп көңіл бөліп мынадай қорытындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен
өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.
Ағылшын экономиксі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға
сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте
жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігін
ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға
ынталандырудың әлсәздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен
қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы
қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны
қарастырған дұрыс.
Батыс мектеп өкілдері. XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жұмыссыздықты – жалдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді.
Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне
сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономиксі Кембридж
университетінің профессоры А.Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын
1923 жылы шыққан ″Жұмыссыздық теориясы″ кітабында баяндады.
Алайда XX – шы ғасырдың 30 – шы жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде
бұл позицияның дұрыс еместігін барынша айқындала түсті. 1958 жылы Жаңа
Зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті
математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, ал кейінірек ″Филлипс сызығы″
деп аталды.Инфляция мен жұмыссыздық бір-бірімен тығыз байланысты. Егер
жұмыссыздық жоғары болса, онда инфляция төмен деңгейде және керісінше
болады. Оны осы Филлипс қисығында көрсетеді.
Қазіргі заманғы экономика жағдайындағы маңызды категориялардың бірі –
нарық екені белгілі. Нарық әртүрлі болып келетіні мәлім және олардың
әрқайсысының өзіне тән теориялары бар. Ал енді нарықтың негізгі түрлерінің
бірі еңбек нарығының теориялық негіздерін анықтап көрейік. Еңбек нарығының
теориялық негіздерінің тарихына тоқталатын болсақ, оның іргетасының
қалануына классикалық мектеп өкілдері көп үлес қосқанын байқаймыз. XIX және
XX ғасырларда еңбек нарығы теориясы А.Маршалл, Д.Кейнс, П.Самуэльсон,
К.Маркс сияқты т.б. көрнекті экономист –ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылды. Қазіргі еңбек нарығы жалдау және еңбек ұсынысымен байланысты
қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Еңбек нарығының негізгі
элементтерінің бірі ретінде жұмыспен қамтудың теориялық негіздері болып
табылады. Жұмыспен қамту – бұл халықтың еңбекке кірісу мөлшерін, жұмысшы
мен оның жеке мұқтаждықтарының қанағаттандырылу дәрежесін, ақы төленетін
жұмыс орындарындағы табыс табуға мүдделілігін көрсететін еңбек қызметіне
қатысуы жөніндегі қатынастар жиынтығы.
Экономика ғылымында алғаш және айтарлықтай көлемді түрде еңбек
нарығының теориялық іргетасын қалаған классикалық мектеп өкілдерінің
үлесіне тоқталар болсақ, алдымен ауызға шотланд экономисті Адам Смит
алынары сөзсіз. Адам Смиттің еңбек нарығының теориялық негіздерін қалаудағы
үлесіне келсек, оның ілімі материалдық, қаржылық және адамзат ресурстарын
оптимал түрде пайдалану шарты ретіндегі еркін бәсекелестік туралы тезисіне
негізделді. Ол ел экономикасындағы халықты жұмыспен қамту көлемі бір
жұмыскердің жалақысының орташа ставкасының мөлшерімен анықталатынын
дәлелдеді. Давид Рикардо жалақы мөлшерінің еңбек ұсынысына тәуелділігі
туралы қағиданы дәлелдеді. [1, б 173-176]
Маршалл жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру, білікті жұмыскерлерге
нарықты кеңейту қажеттігін, оның жұмыс күші нарығында жұмыспен қамтуды
арттыратынын айтты.
Жұмыспен қамту жөнінде Д.Кейнс жасаған экономикалық теория нарықтық
экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін, еңбек нарығының өзін -
өзі реттейтін механизмнің болмауы, тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе –
теңдігіне инфляция мен жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғары деңгейінде
де қол жеткізу, мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау, процент нормасын реттеуге
ықпалын күшейту мақсатында экономикаға қажет инвестицияны жұмсау, жиынтық
сұранысты, оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді
макроэкономикалық саясат өткізу сынды қағидаларға сүйенеді.
Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі неоклассикалық теорияның
жаңа бағыты – монетаризмнің негізін америкалық экономист М.Фридман қалады.
Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары
деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты. Жұмыссыздықты жеделдетілген
инфляция көмегімен сол деңгейден төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен
жоғары ұстап тұруға болады... Инфляцияның өспелі қарқыны жұмыссыздықты
азайтуы мүмкін, ал жоғарға қарқыны өсірмейді..., - деген тұжырым айтты.
Олай болса, жұмыссыздық табиғи деңгейінде еңбек нарығындағы ұзақ және
тұрақты тепе – теңдігіне қол жеткізуге болады. Ал бұл жұмыспен қамтудың
негізгі тұжырымы болып табылмақ. Жұмыссыздық деңгейі өспелі болып келеді
және еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының тепе – теңдігі
арқылы анықталады. Мемлекет тарапынан ұзақ мерзімде жасалған кез – келген
әрекет нәтижесіз болады, ал қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Ондай кезде
нақты қарқыны күткендегіден жоғары болады. Демек, жұмыссыздық деңгейі
табиғи деңгеймен теңескен кезде мемлекет еңбек нарығына араласпауға тиіс.
К.Маркстің зерттеуіндегі маңызды қағида – капитал құрылысы және
жинақталу барысында басынан кешетін өзгерістері. Тұрақты капиталдың
айнымалы капиталға қатынасын ол капиталдың органикалық құырылысы деп
атаған. Мұнда құрылыс өзгеріссіз қалатын болса, еңбекке деген сұраныс
капитал өсіміне попорционал ұлғаяды. Олай болса, өндіріс және жұмыспен
қамту өсімімен қатар жалақы да өсуі мүмкін. Осыған байланысты К.Маркс
өндірістің капиталистік тәсіліне тән халықтар заңын қалыптастырады, ол
мынадай: жұмысшы халық капиталды жинақтай отырып, өспелі мөлшерде қаражат
өндіред, ал оны салыстырмалы түрде артық халыққы айналдырады. Бұл артық
халық капиталистік өндірісті дамытуда, оны қажетті жұмыс күшімен тұрақты
қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады. [3, б 209-215]
Сонымен қарастырылған теориялық сұрақтар еңбек нарығы мен жұмыссыздық
пен жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайын анықтауға, сондай – ақ, аймақтық
деңгейде еңбек нарығындағы жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарын жасауға
мүмкіндік береді.

1.2 Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері

Жұмыссыздықты әр автор өзінің жүргізетін зерттеулері тұрғысынан
жіктейді. Көп жіктеудің бір түрін келтірейік. Ол жұмыссыздықтың амалсыз
және еркін түрін ажыратады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы
деңгейінде жұмыс істегісі және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс
табылмайды.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт
түрге бөлуге болады:
-Фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда
болады;
-Құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер
болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік
деңгейі және маман түрі бойынша сәйкестіксіз пайда болады;
-Циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз
жағдайында туады;
-Маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл
бойында теңселуімен байланысты болады.

1. сурет – Жұмыссыздықтың түрлері.
Түсініктеме: құрастырылған [ 1] әдебиет бойынша.
Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс
таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы, ұсынылған жалақыдан
жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады. Еркін жұмыссыздық – бұл
жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек нарығынан шығуы және әр түрлі
себептермен өз еркімен жұмыссыздарға айналуы.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Бұған
берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар
жатады, бірақ олар егер де ұсынылған жұмыс күші қатарына қосылуға даяр.
Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде
қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен
ресми түрде үзбеген (осы себепті жүмыс істеушілер қатарында болып
есептелінеді) және мөлшерленген жүмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс
істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жүмыс
істемеушілік деп атайды. [ 2, б 147,148]
Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан
болмасын, адамдардың бір жерден екіншіге жылжуымен және бір кәсіпорнынан
басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер
өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылар белгілі квалификациясы бар
жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық
жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен
байланысты: бар вакансия туралы толық информация болмағанда немесе осы
информация тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының
арасында қашан болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың
дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді
( бір айдан үш айға дейін).
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің
нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы
профессионалдық – квалификациялық және территориялық сәйкессіздік
құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы
құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар
пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып
отырады. Осының нәтижесінде жұмысшы күшінің профессионалдық –
квалификациялық құрылымында өзерістер пайда болады, бұл – жұмысшы күшінің
тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді.
Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде,
жұмыстан айырылған жұмыскерлер, басқа салалардағы бар бос жұмыс орындарына
орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады.
Фрикциондықпен салыстырғанда, құрылымдық жұмыссыздықтың мезгілі ұзақ
болады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациялы немесе
ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан
артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс
көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы,
құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдік жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдыраумен және
сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен
қамтудың көлемдерінің циклдік ауытқулары құрайды. Циклдік жұмыссыздық
жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты жалпы ұлттық өнімнің азаюымен
және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға
экономистер уақытша жұмыссыздар деген термин қолданады
Нақты жұмыссыздық - адамның еңбекке қабілеті және ықыласы болады,
бірақ еңбек нарығындағы түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды.
Жалған жұмысыздық- әр түрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін
адамдарды сипаттайды. [ 1, б 283-285]

Жұмыссыздық

Ашық Қысқа Ұзақ Жасырын

Маусымдық Фрикциондық Циклдық Құрылымдық

Технологиялық жұмыссыздық

2. сурет – Жұмыссыздық.
Түсініктеме: құрастырылған [ 1] әдебиет бойынша.
Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына
жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар
формаларына нақты қауіп тудырады.
Жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады.
Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты
бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді. [ 4, б 205]
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің
арнайы заң нормаларымен есептелінеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін
есептеумен Статистика бойынша агентство шұғылданады. Статистикалық
мәліметтерде соңғы кезде екі көрсеткіш есептелініп жүр: жұмыссыздықтың
ресми және жалпы деңгейі.

2002
II тоқсан 2009ж.
I тоқсан
2007ж. 2008ж. 2009ж.
Жұмыссыз халық, мың адам 601,8 557,2 568,1 583,1
Жұмыссыздық деңгейі, % 7,3 6,6 6,7 6,9
15-24 жастағы жұмыссыздар, мың адам 133,0 97,5 94,6 100,5
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % 9,6 7,4 7,2 7,7
(15-24 жастағы)
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % 3,3 2,7 2,6 2,7
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам 7642,1 7868,4 7896,6 7830,4
Жұмыспен қамту деңгейі, %-бен:
15 жас және одан асқан жастағы халыққа 65,4 66,5 66,0 65,5
шаққанда
Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа 92,7 93,4 93,3 93,1
шаққанда
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам 4953,4 5186,0 5209,7 5199,1
Жұмыспен қамтылған халық санындағы 64,8 65,9 66,0 66,4
үлесі, %
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың 2688,7 2682,4 2686,9 2631,3
адам
Жұмыспен қамтылған халық санындағы 35,2 34,1 34,0 33,6
үлесі, %
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, 8243,9 8425,6 8464,7 8413,5
мың адам
Халықтың экономикалық тұрғыдан 70,5 71,2 70,8 70,3
белсенділік деңгейі, %
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың 3447,3 3401,9 3497,6 3548,8
адам
Халықтың экономикалық тұрғыдан 29,5 28,8 29,2 29,7
енжарлылық деңгейі, %

2007- 2009 жылдардың II тоқсанында Қазақстан Республикасындағы еңбек
рыногының негізгі индикаторлары [ 5]

Жалпы көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып жұмысшы күшін табатын
болсақ, Жұмысшы күшін =Жұмыс істейтіндер саны + Жұмыссыздар саны, яғни
L=E+U. L=7830,4+583,1=8413,5. Бұдан жұмыс күші L= 8413,5 екенін біле
аламыз.
Сонымен қоса осы көрсеткіштердің дұрыстығын көз жеткізу үшін жұмыссыздық
деңгейін есептеуімізге болалы. Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмысссыздар санын
(U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және
пайызбен көрсетіледі: u=UL=UU+E,яғни u=583,18413,5=6,9

2007- 2009 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері[ 5]

Қазақстанда 2009 жылғы сәуірде жұмыссыздық деңгейі 7,2% құрады. Бұл
туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында айтылған.
"2009 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны 611 мың адамды құрады, жұмыссыздық
деңгейі - 7,2%, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
жұмыспен қамту органдарында 86,9 мың адам ресми тіркелген (экономикалық
белсенді халықтың 1%)", - делінген хабарламада. [ 6,7]

Барлығы соның ішінде
мың жұмыс ерлер әйелдер
адам сыздық
деңгейі
, %
мың жұмыс мың жұмыс
адам сыздық адам сыздық
деңгейі, деңгейі
% , %
Жұмыссыздар - барлығы 568,1 6,7 245,5 5,7 322,6 7,7
соның ішінде жасы:
15-24 94,6 7,2 42,6 6,0 52,0 8,7
25-29 135,5 10,8 62,8 9,5 72,7 12,4
30-34 81,5 6,5 30,3 4,9 51,2 8,0
35-39 51,8 5,6 22,1 4,9 29,7 6,3
40-44 47,3 4,9 22,6 4,8 24,7 5,0
45-49 56,5 5,2 24,1 4,6 32,4 5,7
50-54 51,0 5,8 19,1 4,5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық проблемасы туралы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары туралы
ҚР жұмыссыздық себептері және формалары
Экономикалық өсу жайында
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары. Жұмыссыздықтың пайда болуы
Еңбек қызметтің себептері. Еңбек социологиясының категориялары. Жұмыссыздықтың отбасына, қарт адамдар мен әйелдерге әсері
Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге тигізетін әсері
Джон Мейнард Кейнстің экономикалық теориядағы жалпы орны
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыз қылмыскердің типологиясы
Пәндер