Мерездің ауруының белгілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Гуманитарлық институт

Тақырыбы:

Жыныстық
қатынастар арқылы таралатын аурулар түрлері

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...1

Жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулар

Иммунитед дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Жұқпалы аурулардың таралу жолдары ... ... ... ... ... ... ...3
Жұқпалы аурулардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Мерез (сифилис) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5
Мерез ауруының белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6
Мерез ауруының кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 7
Мерезбен кім ауырады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Соз (гонорея) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
Соз ауруының белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 10
Соз ауруы кімдерде болады ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...11
Соз ауруының профилактикасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .12
Трихономоз ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Трихономоз ауруының белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...14

СПИД
СПИД деген
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
СПИД-тің белгілері(симптомы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
СПИД ауруының профилактикасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ..18
СПИД-ді жазуға бола ма? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Кіріспе
Жыныстық тәрбиеде еңбек пен спорттың алатын орны ерекше, себебі олар тек
денені шынықтырып қана қоймай, сана – сезімді оятады, шын бақыттың, адам
қарым-қатынасы әсемдігінің не екенін түсінуге көмектеседі. Осымен қатар
еңбек, спортпен шұғылданған жастардың жыныстық қатынас жайлы ойлануына
уақыты қалмайды. Оларға әйелмен жақындасу өмірдегі басты мақсат болып
көрінбейді. Ал шын махаббат келсе, бұл жастар оны түсіне алады, бұл
тамаша сезімді өмір бойы аялап сақтай алады. Сөйтіп өзін де, өзгені де
бақытты етеді. Бұған керісінше, жеңілмінезділер, адам қадірін білмейтін
арамзалар өз өмірінің ең жақсы кезін қоғамға жат, дарақылық өмірмен босқа
өткізеді, ата-ана, туған-туыстарына тек қайғы-қасірет әкеледі.
Бұл арада ескере кететін тағы бір жай, жасөспірімдер өз организмінің
анатомиялық және биологиялық ерекшеліктерін білгені жөн. Кешегі көбіміз мән
бермей, елеусіз санап келген нашақорлық тәрізді жаман әдеттер бүгінде аз
болғандай, жыныстық қатынастар арқылы жұғатын індеттер жер жүзіне жайылып
кетті.

-1-

Жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулардың түрлері

Иммунитет дегеніміз не?
Адамдарды қоршаған табиғи ортада есепсіз микроорганизмдер бар екені,
олардың әр уақытта жұқпалы аурулардықоздыра бермейтіні баршамызға белгілі.
Оның себебі, адам организміндеэволюциялық өзгерістерге сәйкес пайда болатын
микробтар системасы – и м м у н и т е т т і ң барлығы.
Иммунитет дегеніміз – адам организміне кірген микробтарды бөтен белок,
клеткаларды жоюға немесе шығарып жіберуге бағытталған организмнің
қорғаныс, жауап шараларының жиынтығы. Бұл реакцияға сүйектің миы, төс асты
безі (айыршық безі), көк бауыр, қанның макрофагі, Т және Б лимфоциттер
аталатын клеткалары қатысады.Организмнің иммунитедтік жауап қызметі нерв
жүйесі және ішкі секреция бездері системаларының басқаруымен атқарылатын
күрделі биохимиялық реакциялар арқылы орындалады. Адамның терісінде,
ауыздың, ішек-қарынның, тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығында
миллиардтаған микроорганизмдер өмір сүреді. Олар әдетте
-2-
асқорыту жұмысына араласады, организмге патогенді (ауру шақыратын)
бактериялар мен вирустардың енуіне жол бермейді. Микробтардың ауру
қоздыруына қажетті бірден-бір шарт – адам организмінің әлсіреуі, оның
қорғансыз қалуы. Басқаша айтқанда, организмде иммунитед жетіспеушілігі
пайда болады. Осы жағдайда ауру қоздырытын микробтарды шартты - патогенді
микробтар деп атайды.
Дені сау организмге түскен микробтардың өсіп-өнуіне айрықша жағдай
қажет. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде тек
белгілі клеткаларда өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек
қанның эритроцидінде өсіп-өне алады, ол ұшін қанға масаның көмегімен жетуі
қажет. Сол сияқты тек ішек-қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге
бейімделген, осы қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ,
дизентирия, іш сүзегі микробтарын теріге қанша жақсаң да аталған сырқаттар
пайда болмайды.

Жұқпалы аурулардың таралу жолдары
Бейімделген клеткаларына микробтардың жету механизміне қарай жұқпалы
аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді.

-3-

1. Ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни, жұқпалы
аурулардың тыныс жолдары арқылы жұғуы, сөйлегенде шашырайды да ауамен
бірге өздері бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына
жетеді. Осындай механизм арқылы тарайтындарды – а у а л ы-т а м ш ы л ы
ж ұ қ п а л ы а у р у т о б ы деп атайды. Оларға тымау, қызылша,
қызамақ, күл жел шешек т.б. аурулар жатады.
2. Ауыз арқылы тарау, яғни, микробтардың ішек-қарын жолдарына
түсуі. Ал, қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет
арқылы шығады. Бұл жол арқылы – і ш е к –қ а р ы н ж ұ қ п а л ы а
у р у л а р т о б ы тарайды.Олардың қатарына дизентерия, тырысқақ,
сальмонеллез, полиомиолит т.б. аурулар жатады.
3. Қан арқылы тарау, яғни, микробтардың маса, бүрге, қандала, бит
сияқты жәндіктер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына безгек ,
бөртпе сүзек, қайталама сүзек, оба, туляремия, энцефалиттер т.б.
жатады.
4. Жұқпалы ауру қоздырғыштарымен зақымдалған адамдардың терісі
мен шырышты сілекей қабығының бір-біріне жанасып тиюі немесе сүйкесуі
арқылы тарауы.

Жұқпалы аурулардың түрлері
-4-
Көңілдің қошы, еңбектің өнімділігі , адамның бақытты да ұзақ өмір сүруі
ең алдымен денсаулыққа байланысты, ал денсаулықтың ойдағыдай болуы
медицинаның негізгі талабын сақтап, кеңесін орындауға келіп саяды.
Әдепсіз жастар арасында жыныстық жұқпалы аурулар жиі кездеседі. Бұл –
қыздар мен жігіттердің махаббатты бағаламай, ұяттан безіп, батыс жастарына
еліктеунің, жасы үлкендердің ақыл-кеңесімен санаспауының салдары деу керек.
Әрине, бұған жұбайына қыз күйінде қосылуына немкетті қараушылық, бала
түсіру мен маскүнемдік сияқты жаман әдеттердің ықпалы.
Жастардың арасында түрлі жыныстық жұқпалы аурулардың болуы кейін
басқа семья мүшелеріне, жақындарына және балаларына да залалды. Ондай
жастардың көбі ауруларын өздерінен де, өзгелерден де жасырып қателеседі.
Еренсіз санап шала емделу де зиянды, өйткені ондай аурулар көбінесе аса
жанға батпай ұзақ созылып жүре береді.
Жыныстық жолмен тарайтын жұқпалы ауруларға СПИД, мерез, соз,
трихономоз т.б. жатады.

МЕРЕЗ
Мерез (сифилис) – жұқпалы созылмалы ауру 1905 жылы
-5-
неміс ғалымдары Гофман және Шаудин ашқан бұл жаңалықтың зор маңызы болды,
себебі мерез ауруына қарсы күрес жүргізуге, оны болдырмау үшін алдын ала
шаралар жүргізуге , оны болдырмау үшін алдын ала шаралар ұйымдастыруға кең
мүмкіндік туды. Мерез микробы ылғалды, көлеңкелі жерде, сілекейдеұзақ өмір
сүріп, өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін көпке дейін сақтай алады.
Мерез тек адамда ғана болады. Сондықтан оо адамға адамнан
көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде ол мерез болған адаммен
сүйіскенде, ол пайдаланған орамал, шанышқы, тіс тазалағыш, ерін бояуы,
темекі арқылы жұғуы мүмкін. Мерездің ананың емшек сүті, донордың қаны
арқылы жұғатыны туралы деректер бар.
Тіпті мерез анадан балаға құрсақта жатқанда-ақ жұғуы мүмкін.Соңғы
кезде халықтың санитарлық мәдениеті артуына байланысты бұл аурудың адам
пайдаланған заттар арқылы жұғуы шұғыл кеміді. Сондықтан оның негізгі тарау
жолы жыныстық қатынас жасау жолы болып отыр.
Мерездің ауруының белгілері
Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі – қатты шанкр. Бұл
бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып
қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте ол алдымен
мерезбен
-6-
ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде, т.б. жерлерінде
кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк
дәрі жағып, немесе басқа шаралар қолданып, өзі емдемей, тезірек дәрігерге
көрінуі қажет.
Әдетте мерез жұқтырғандар жұрттан ұялғансып, тәжірибелі дос-
жарандарының немесе басқа да білгіштердің ақыл-кеңесімен әрекет жасайды.
Ал бұл барып тұрған қателік.
Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі рір апта ішінде жара
маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ ол жанға батып
ауырмағандықтан сырқаттың оған көңіл аудармауы мүмкін. Ауру жұққаннан
кейінгі бр-жарым екі ай ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі бәлендей
өзгере қоймайды, бірақ онда аздаған әлсіздік, буындарының сырқырауы, дене
қызуының ептеп көтерілуі байқалады.
Ауру жұққаннан кейін 2-3 ай өткесін
Мерез ауруының кезеңдері
Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Б і р і н ш і ауру байқала
бермейтін жасырын кезеңде сырқаттың алғашқы белгілері ол жұққаннан кейін 3-
4 апта өткесін біліне бастайды. Бұл кезде тәжірибелі дәрігерлердің өзі де
оның диагнозын тап
басып қоюы оңай емес. Бозғылт спирохета қан арқылы адам
-7-
организміне түгел тарайды. Бұл кезең 3-4 аптаға, куейде үш айға шейін
созылады. Мерездің жасырын кезеңінің бұлай ұзаққа созылып кетуіне көбіне
науқастың ауру жұқтырғаннан кейін дәрігерге барып көрінбей, өзін-өзі емдеуі
себеп болады.
Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сол себепті оған тиісті
ем-дом мезгілінде жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады.
Ауру жұққаннан кейін 2-3 ай өткесін мерездің е к і н ш і кезеңі
басталады. Бұл кезеңде теріні шұбар бөртпе қаптап кетеді, бірақ ол теріні
түсірмейді және науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Ернінің, аузының
ішкісілекей қабығына ақ таңдақтар түседі, кейде дауыс қарлығуы мүмкін.
Сонымен қатар қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан
майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде бір біріне қосылып үлкен
жараға айналады. Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене
қызуы көтеріледі (38-40 градус). Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез
ауруын тарату мүмкіндігі және дерттің жұққыштығы айрықша қауіпті. Арада
біраз уақыттан кейін әлгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді, ауру өзін
жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан Вессерман реакциясы арқылы
ғана табуға болады.
Егер ауру адам емделмесе, мерездің е к і н ш і кезеңі 3-
-8-
4 жылға созыладыжәне әлсін-әлсін жоғарыда жоғарыда айтылған белгілер
қайталанып көрініп отырады. Мұндай жағдай әсіресе темекі шегіп, арақ ішетін
созылмалы басқа аурулары бар басқа адамдарда жиі ұшырайды.
Осыдан кейін мерез өзінің ү ш і н ш і кезеңіне өтеді. Бұл
кезеңде адам организмі мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы
бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді. Жүкті әйелдер бала
тастайды, бала туа қалса, өлі туады. Немесе нәресте іште жатқанда мерезбен
ауырып, жарымжан болып туады.
Жүрек, өкпе, бауыр қызметтері нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам
пұшық болып қалады.
Мерезбен кім ауырады?
Мерез ауруымен ауырғандар дәрігерлік есепке алынады, бұл есептен
олар жазылғаннан кейін 2-5 жылдан соң ғана шығарылады.
Әдетте мерез ауруы араққұмар, қоғамдық мораль қағидаларына құлақ
аспайтын жүгенсіз, бұзық адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан оны
түбегейлі жою ең алдымен жастарға берілетін тәрбиенің тиянақтылығына
байланысты. Көрггенді, тәрбиелі жастар арасында мерез ауруы сирек ұшырайды.
Мерез жазылмас ауру емес. Мұны оған шалдыққан әрбір
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
СПИД ауруы туралы
Мерез ауруы
Мерез кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы
Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Екіншілік мерез
Жүйке жүйесінің аурулары
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар
Пәндер