Жыраулар поэзиясының қазақ елінің тарихындағы маңызы, жаңа қоғамға тигізетін әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Алматы қаласы әкімшілігі
Тұран университеті

Оқушылардың қалалық ғылыми
жоба байқауы

Секция: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Жыраулар
жырындағы
отансүйгіштік, елдік тақырыптары
Мектебі: №59 қазақ орта
мектебі
Класы: 9а
Ф. И. О.: Ибраева Айгүл
Жексембіқызы
Байланыс телефондары: 785572, 785554
Ғылыми жетекшісі: Оразбекова Алмагүл Шаймұратқызы

Алматы - 2005

Жоспар
I. Отансүйгіштіктің, патриотизмнің жаңа қоғамдағы рөлі. 3-бет.
II. Жырау – ол кім? 4-бет.
III. Жырау жырындағы отансүйгіштік, елдік тақырыптары. 4-8-бет
1. Асан қайғы.
2. Қазтуған жырау.
3. Доспамбет жырау.
4. Бұқар жырау.
IV. Жыраулар поэзиясының қазақ елінің тарихындағы маңызы, жаңа қоғамға
тигізетін әсері. 8-9-бет.
Пайдаланған әдебиеттер. 10-бет.

І
Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы ең басты нәтиже – оның барысында
қалыптасқан жаңа адам, бостандықты жеңіп алып, оны ауыр күрестерде қорғай
білген, өзінің күш қуатын аямай, барлық қиындықтарға төтеп беріп, болашақы
құра білген, барлық сынақтардан өте алған тұлға. Өзінің бұрынғы
қасиеттеріне саяси мұраттылықтарды қосып, өмір жолының тәжірибелерінен қуат
алып, өзінің жеке басының мәдениетін, дәстүрін білімін пайдасына жарата
білген адам. Бұндай адам Отанының нағыз патриотыболуға тиіс.
Патриотизм деп Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман
саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну,
мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни, өткенімен, бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым-қатынасты айтамыз. Отансүйгіштік, елдіктің арқасында
еліміз қазақ деген атын өтеп, ірі тәуелсіз мемлекетке айналып, аты бүкіл
әлемге мәлім болып отыр. Ал осындай дәржеге жету үшін қазақ халқының
патриоттық сезімі талай ауыр сынақтан өтіп, қиындықтарды басынан кешірді.
Қазақ елі әлденеше жүз жылдар бойы сан қилы қиындыққа төтеп беріп,
елін, жерін, Отанын сақтай алды. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман
сау қалып, жер қайысқан қолымен талай жаудың бетін қайтарды. Жаудың бетін
қайтарған қазақтың батырлары мен ерлері болса, елдің рухын көтеріп,
халықтың жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті жандандырып, елім дейтін
адамдарға қайрат берген – жыраулардың жыры еді. Қиын замандарда жыршы,
жыраулардың басты мақсаты жайылып жүрген халқын төртеуі түгел болса
төбедегі келеді дегендей бірлікке шақырып дұшпанына қарсы бір болып
жұмылуға шақыру, ерлерге Отанына сүйіспеншілікке баулау, жас ұрпаққа
патриоттық сезімін тарату еді.

ІІ

Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен
толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы “жыр” сөзінен
туындайды. Махмұт Қашқари жырау сөзін “йырағу” -өлең шығарушы, музыкант деп
түсіндіреді Дәстүрлі қазақ қоғамында жыршылар халықтың рухани көсемі,
қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарады. Хандар мен басқа
да ел билеушілері жыршылар пікірімен есептесіп отырған. Жыршыларн өз
толғауларында замана туралы философиялық ойларын, адамгершілік құндылықтар,
этникалық өлшемдер хақындағы ойларын баяндайды, елеулі қоғамдық-әлуметтік
мәселелер көтереді. Әлем, болмыс, тіршілікте жүріп жатқан өзгерістер, оның
мән-мағынасы жөніндегі өз көз қарастарын көпшілікке білдіріп отырған.
Жыршылар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, кейде, батыр, қолбасшы
бола жүріп, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар
туғызған.

Жыршылар қолданған көркемдік тәсілдер оның поэзиясының ішкі мазмұнына
орайлас. Туындылары адам көңілін дөс басар әсерлігімен, ас сөзге көп мағына
сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және қуатты
серпімділігімен ерекшеленеді.

Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий, сақ, ғұн
дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатының тарихын тасқа
қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаты Қорқыт ата көшпелілер
қоғамында үлкен рөл атқарған, Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар
шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды.

ІІІ
Жырау деп елі үшін ғұмыр кешкен, халқының қамы үшін толғанған нағыз
отан сүйгіш адамдар екеніне күмәнім жоқ. Осындай жарауларға көрнекті мысал
ретінде Асан қайғыны жатқызуға болады. Асан өз заманының ақылгөйі, терең
ойшылы болған. Елдің тағдыры бұл жырауды толғандырмай қоймады. Асан атына
қайғы деген сөз текке тіркелмеген. Бұның мағынасы Асан халық қайғысын,
мұң-арманын, оның тағдырын ойлаумен өткен адам екенін білдіреді.

Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтып күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтып күн көрер,
Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтып күн көрер!? –

осы төрт жолда үлкен тәрбиелік мағына жатыр. Бұл жолдарда жырау ынтымақсыз
өмір не болмақ деп айтып тұрған секілді. Асан қайғы туралы халық аңыздары
да оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен
өмір кешкен халық қамқоры екенін танытады. Асан ел тыныштығын армандаған.
Әрине, мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік, алайда, ол кезең
жаугершілік, басқыншылық соғыс, құнарлы жер үшін ұрыстығымен ерекшеленген.
Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген
осы ауыртпашылықтарды көре білген. Асан қайғы Жәнібек ханға айтқан
толғауында Шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің деп
күйзелген халқының қамын ойлау орнына қымыз ішіп қызарып, массаттанып,
қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына
массаттанған ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ,
парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елдің қамын, ертеңін ойламаған
ханға жырау:

Ойыл көздің жасы еді...
Ойылдан елді көшірдің,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің...
Еділ деген қиянға.
Еңкейіп келдің тар жерге, –

деп кінә таға сөз қатады.
Асан келешек ұрпаққа да тәрбиелік мағынада көптеген шығармаларды мұра
етіп қалдырған. Оның бұл шығармалары жасөспірімдер қара мен ақты айыра
алып, ел дұшпаны мен досын тани білсін, атасының баласы емес, адамның
баласы болсын деген мақсатпен жазған.
Қазақ әдебиетінің төлбасыларының бірі – Қазтуған жырау еді. Ол
елінің нағыз патриотшыл жырауы, тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ
тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар шығармашылығы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы Еспенбет поэмасының халықтық сипаты
Пәндер