Заем шартының элементтері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Заем шарты

Оқытушы: Ынтымаков С. А

Орындаған: Муканқызы Г.

Алматы 2006

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Заем шартының нысаны. . . 4

2 . Заем шартының элементтері . . . 4

3. Заем шартының нысанасы . . . 5

4. Заем шартының мазмұны . . . 5

5. Заем шартының түрлері . . . 7

Қортынды . . . 9

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 10

Кірспе

Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылык жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе те, ктік белгілерімен айқындалған заттарды береді (беруге міндеттенеді), ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қаитаруға міндеттенеді.

Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзднлген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап бекітіледі деп саналады. Егер шарт тараптардың алдын ала келісіміне негізделсе, онда ол консенсуалды болып табылады.

Реалды заем шарты көп жағдайда бір жақты болып табылады, өйткені заем беруші ақша немесе заттарды бергеннен кейін міндетті тарап болып заемшы ғана табылады, ал заем берушіде оған талап қою құқығы ғана болады. ҚР Азаматтық кодексінің 717-бабының 2-бөлігіне сәкес ақша мен заттарды бөлшектеп (бөліп-бөліп) беру жүзеге асқанда да шарттың біржақты сипаты сақталады. Заемшының ақша немесе заттардың белгілі бір мөлшерін тиісті мерзімдерде қайтару міндетімен қатар заем берушіде ақша немесе заттарды одан әрі беру жөніндегі міндеті де болады. Осылайша, екі тарап бір-біріне қатысты талаптар қоя алатын болды, бірақ олар қарама-қарсы бағытталған сипатқа ие емес. Ақшаны (затарды) бөліп-боліп берудегі заем шарты реалды шарт болып табылады, өйткені, ол ақашаның (заттардың) бірінші бөлігін беген сәттен бастап жасалады деп есептеледі.

Егер заңды актілерімен немесе шартпен өгеше көзделмесе заем шарты ақылы болып табылады. Заем шартының ақылы екендігі туралы жалпы ереже ҚР Азаматтық кодексіне 718-бабының 1-тармағында белгіленген. Бұрын егер сыйақыға деген құқық шартпен тікелей көзделмесе, азаматтар арасындағы заем шарты ақысыз деп қабылданған. Азаматтық кодекстің жаңа редакциясына сәйкес жалпыереже бойынша ақысыз болып заттар берілетін заем шарты табылдады. Мұндай шарта оның ақылығы ескерілетін аз болғандай, сыйақының мөлшері мен нысаны заттай немесе ақшалай да ескертілуге тиіс.

  1. Заем шартының нысаны

Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151, 152-шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалады деп есептеледі. Мәселені осылай шншу заемшының міндеті күрделі құрылымды сипатқа ие емес екендігінен және заемдық міндеттемеге кез келген біржақты ақшалай міндеттеме айнала алатындығымен байланысты. Сонымен қатар заем жағдайларытуындаған сот талқылауы барысында одан әрі нақтылануға тиіс болады.

  1. Заем шартының элементтері

Заем шартының тараптары-заем беруші мен заемшы болып азаматтық құқықтың кез келген субъектілері шыға алады. Жеке тұлғалар әрекет қабілеттіліктің тиісті көлемін иеленбеу себебіне байланысты заем шартының қатысушылары бола алмайды. Осы айтылған сөз құқық қабілеттілігі арнайы сипатқа ие болатын заңды тұлғаларғадп қатысты. Олар заем берушілер болып тек олардың жарғысында көзделген жағдайларда не осы заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің нақты рұқсатымен ғана бола алады. ОЛлар ақшаны өздерінің жарғылық қызыметін немесе оларға заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызыметті қаржыландыру үшін қарызға ала алады. Бірақ мемлекеттік мекемелер үшін елеулі шектеулер көзделген, шарт бағасын төлеу үшін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуден басқа олар заем қаражаттарын тарта алмайды . Жоғарыда атап өтілгендей бұл өз алдында дербес сатып алу-сату шартының, басқа шарттардың аясына жүзеге асырылады, ал шарт бойынша төлем жүргізуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді көздейтін жағдайлардың өзі тиісті шарттардың кәдімгі жағдайларына жатады.

Заңда тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік қызымет ретінде азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады. Сондай-ақ олар банкілік заем шарттары бойынша заем беруші ретінде болуға құқылы емес.

3. Заем шартының нысанасы

Заем шартының пәні болып тектік белгілермен анықталатын ақша немесе затар табылады. Мүліктік құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды. Қазақстан Республикасының « Төлемдер және ақша аударуларытуралы» Заңы «қолма-қол емес ақша қаражаттары» түсінігін кеңінен пайдаланады, олар азаматтық құқықтың дербес объектісі болып табылмайды, өйткені олар банктен ақша алуға міндеттемелік құқықты ғана сипаттайды. Сондықтан қолма-қол және қолма-қол емес ақшаларды шартардың объектісі ретінде бөліп қарастырудың ешқандай тәжірбиелік маңызы жоқ. Заем шартының нысынасы ретінде толық көлемде шетел валютасы боа алмайды, өйткені ол Қазақстан республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңның 1-бабымен валюта құндылықтарына жатқызылған, ал валюталық құндылықтарға өтеуімен байланысты мәмлелер валюта операцияларына жатқызылған.

  1. Заем шартының мазмұны

ҚР АК заем пәнін беру тәртібін реттейді. Заем пәнін беру мерзімдері, мөлшері, жағдайлары шартта анықталады. Егер шартпен өзгеше көзделмесе, заем пәні оны заемшыға беру немесе оның банкілік шотына ақша аударған сәтте беріледі деп есептеледі. Заемшы заем алудан бас тартуға құқылы, бұл туралы ол заем беружіні оны берудің шартпен белгіленген мерзіміне дейін толығымен немесе ішінара хабарландыруға тиіс. Заемшының бас тарту құқығына тікелей заңнамада немесе шартта көрсету арқылы тыйым салыну мүмкін. Тектік белгілермен анықталатын заттарды беру жөніндегі заем берушінің міндетін анықтайтын. Азаматық кодекстегі норма жаңа болып табылады. Оларды беру сатып алу-сату шарттары бойынша заттарды сатушылармен беру жағдайы үшін белгіленген, саны, сапасы, ыдысы мен буып-түйілуі бойынша көзделген талаптарды сақтаумен жүзеге асырылуға тиіс.

Жалпы ереже бойынша заем нысанасы болады. Бұл орынды, өйткені заемшы заем пәнінөз меншігіне алады және оған оның кездейсоқ жойылуының барлық қауптері жүктеледі. Сол себепті заемшы алған пәнін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Кейбір жағдайларда заем берудің ерекше жағдайларына байланысты, мысалы, егер заем ерекшелік ретінде берілген болса, заем беруші қарызға алынған соманы қайтаруды шынайы түрде қамтамасыз ете алатын жағдайларды заемшының сақтауына мудделі болуы мүмкін. Аталған ұқсас себептердің салдарынан заем оны нысаналы пайдалану щартымен берілуі мүмкін (ҚР АК 720-б. 2-т. ) . Нысаналы заем берген заем беруші заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауға құқық алады. Заемшыға заем берушінің осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Егер заемшы заем пәнін нысаналы пайдалану жөніндегі, сондай-ақ оған заем берушінің бақылау жасауын қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамаса, онда заем беруші шарттан бас тартуға және заем пәнінің берілмеген бөлігін бермеуге құқылы. Сондай-ақ ол заемшыдан заем пәнін және ол бойынша сыйақыны мерзімнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Заемшыға заем пәнін қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі өз міндетін орындауды қамтамасыз ету міндеті жүктелуі мүмкін. Қамтамасыз ету тәсілдері басқа міндеттемелерді орын-дауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәсілдер сияқты. Түсіндіріле алатын себептерге байланысты міндеттемені орындаудың кепілпұл сияқты тәсілі қолданыла алмайды, жалпы, ол реалды шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылуға жатпайды. Негізінен тәжірибеде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің кепіл сияқты тәсілі қолданылады. Заем берішуге, сондай-ақ, заемның қамтамасыз етілуіне бақылау жасау мүмкіндігі де беріледі, егер заңды актілермен немесе шартпен өзгеше белгіленбесе. Бақылау заемшының жалпы міндеттемесін орындауға қамтамасыз етуді қолдануға да және қамтамасыз етудің тиісті тәсілін қолдануға да жүзеге асырылуы мүмкін.

Заемшы қарызды қайтару бойынша өз міндетін өзінің орындамау қауіпін сақтандыруға құқылы. Қазіргі кезенде сақтандыру бірқатар міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тиімді тәсіліне айналып отыр, алайда таза заңдық мағынада ол міндетемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсіліне жатпайды.

Заешы заем пәнін қайтаруды және сыйақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамаған кезде, сондай-ақ заем беруші жауап бермейтін мәнөжайлар бойынша қамтамасыз етуді жоғалтқан немесе оның шарттын бас тартуға құқылы.

Заем шартының негізгі мазмұны: заемшының заем сомасын қайтару міндеті және тиісінше заем берушінің оларды қайтаруды талап ету құқығы.

Заем пәнін қайтару тәртібі ҚР АК 722-бабымен реттелген. Қайтару мерзімі заем шартының мәнді жағдайларына жатпаса да оның өзіндік маңызы бар, заем шарты барлық жағдайларда дерлік шарт маңызы бар, заем шарты барлық жағдайларда дерлік шарт пәнін беру мерзімін көрсете отырып жасалады, соған сәйкес қайтару мерзімі де анықталады. Заем мерзімі көрсетілмей берілген кезде немесе оның мерзімін анықтау мүмкін болмаитын жағдайда ҚР АК-ң 722-бабының 1-тармағының ережесі қолданылады. 277-бабтың 2-тармағына сәйкес орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған міндеттемені орындау үшін 7 күндік жеңілдік мерзім белгіленгені белгілі. Заем щарты үшін осындай мерзім 30 күнді құрайды, ол заем берушінің қарызды қайтару туралы талапты қойған сәтінен бастап есептеледі. Бұл жеңілдік мерзім орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған шарттар бойынша заем пәнін қайтару кезінде ғана емес, сонымен қатар заем берушінің талап етуі бойынша заем пәнін мерзімінен бұрын жағдайларда да қолданылады.

Сыйақы төлеу туралы шартсыз берілген заем пәні мерзімнен бұрын қайтарылуы мүмкін. Егер шартпен сыйақы төлеу көзделсе, онда бұл жағдайда заем пәнін қайтаруға заем берушінің алдын ала келісімі талап етіледі. Бұл ҚР АК-ң 282-бабының 2-тармағында белгіленген ереженің әрекет етуімен түсіндіріледі. Соған сәйкес негізгі қарызды өтеу мен сыйақы төлеу жөніндегі міндеттеме қатар туындаған жағдайда бірінші кезек сыақы төлеуге беріледі. Әсіресе жоғарыда келтірілген жағдайда, заем пәнін қайтару мерзімі әлі туындаған жоқ, сондықтан заем беруші қосымша пайда таба алады, яғни заем пәнін мерзімінен бұрын қайтару оның мүддесіне сай емес.

Егер заттар заемы шартта жасалса- борыш есебін ақша берілуі мумкін. Заттардың құны тараптардың келісімімен анықталады. (ҚР АК-ң 722-б, 2-т. ) .

Заем шартының жазбаша нысанында бекітілуі заем беруші заемшыға шарт бойынша талап етілетін орындауды іс жүзінде бермейтін жағдай қалыптасуы мумкін екеніне кепілдік бере алмайды. Осыған байланысты даулар сот тәжірибесіне жиі кездеседі. Әрине, заемшынң мүддесін қалай да қоғау қажет, сондықтан оған заем шартын оның валютсыздығы бойынша даулау құқығы берілген. Бұл кейінгі уақыттың тапқырлығы емес, өйткені осындай даулау мүмкіндігі рим құқығында да мойындалған. Заемшы заем шартын заем берушіден өзінің заем пәнін іс жүзінде алмағандығына немесе шартта көрсетілгеннен аз мөлшерде алғаандығына сүйене отырып даулауға құқылы. Дәлелдеу міндеті бұл жағдайда заемшыға жүктеледі. Егер заңнамаға сәйкес заем мәмлесінің жазбаша нысаны талап етілсе және ол сақталмаса, онда оны куәгерлік көрсетулер арқылы даулауға жол берілмейді. Бұған шарттың алдау, күш қолдану, тараптар өкілдерінің қаскүнемдік келісімі немесе ауыр мән-жайлар тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайлар қосылмайды.

  1. Заем шартының түрлері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заем шарты
Заем шартының нысанасы
Заем шарты және жалпы сипаттамасы
Несие және есеп айырысу қатынастары
Заем шарты туралы
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Қарыз алу шартының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz