Президенттің нормативтік жарлықтары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПАУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: “ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”

Алматы- 2008 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4-6

1 НОРМАТИВТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ

СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 7-28

1.1 Нормативтік құқықгық актілердің түсінігі және түрлері ... ... ...7-
14
1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясының және

Конституциялық заңдардың заң жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ...15-23
1.3 Нормативтік құқықтық актілерді
жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... .24-28

2 ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29-44

2.1 Инкорпорация - заңдарды жүйелеудің бір
түрі ... ... ... ... ... ... ... 24- 29
2.2 Заңдарды
кодификациялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
5-39
2.3 Қазақстан Республикасындағы заңдарды жүйелеу кейбір

мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .40-44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 45-46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...47-52

КІРІСПЕ

Жалпы қабылданған заңдарды белгілі бір жүйеге келтіру үшін Қазақстан
Республикасында заңдар жинағын басып шығару аса өзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Кәзіргі кезде заңдар жинағын басып шығарудың қажеттілігі
көптеген ведомстволар мен мекемелерге зандарды есепке алу барлық уақытта
бірдей жақсы жолға қойылмағанымен іс басындағы қызметкерлерінің Қазақстан
Республикасының заңдарының барынша толық жүйеленген түрде берілетін
жинақтарға өте зәрулігінде де көрінеді. Алайда жүйеленген зандар жинағының
болмауы өз кезегінде ұлттық заң терминдерін қалыптастыруға да әсер етіп
отыр, мұнысыз Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік
бағдарламасын іс жүзіне асыру жөніндегі жұмыс қиындай түседі Яғни,
Республикамыздағы өзгерістің бір нышаны - кұқықтық мемлекетке өту
кезеңіндегі қазіргі жүріп жатқан құқықтык реформалар бағдарламасы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, заңдарды жүйелеудің
теориялық және тәжірибелік мәселелерін ашу, сонымен бірге Казақстан
Республикасындағы заңдарды жүйелеудін кейбір мәселелерін зерттеу және
Қазақстан Республикасындағы заңдардың жүйеленуі, олардың заң жүйесіндегі
орны, олардың бір-біріне сәйкестілігін немесе қарама-қайшылығын көрсету.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы Конституциясының заң
жүйесіндегі орнын, конституциялық заңдарды жүйелеудін түрі, жалпы
нормативтік-күқықтық актілерге түсінік, олардың түрлері мен заң жүйесіндегі
орнына тоқталып өттім. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өз
тізгінін өз қолына алғалы бері екі Конституция қабылданды. Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясының көптеген кемшіліктері мен
жетіспеушіліктер болды. Сондықган да ол келешектің ауқымды міндеттеріне
жауап бере алмайтын еді. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
тарихи маңызға ие болғанымен, жаңа мемлекеттің даму қажеттіліктеріне жауап
беретін құқықтық нормаларды, ережелер мен идеяларды тұжырымдаған жоқ.
Сондықтан да жаңа Конституция жасау күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің
біріне айналды. Ал Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының
қабылдану процесі бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды Казақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жаңа тұрпаттағы құқықгық акт
болды. Ол алдыңғы Конституциядан өзгеше болды, 1995 жылғы Конституцияда
мемлекеттің сипаты мен мәнің бұрынғыдан әлде қайда терең айқындады.
Конституциялық заң деген түсініктің өзі біздің қоғамымызға қоғамдық
қатынастарды реттеуде, күшінің дәрежесіне қарай, алғаш рет 1991 жылы
16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы"
конституциялық заңмен енгізілді. Кеңес кезіндегі заң
әдебиеттерінде конституциялық заңға типологиялық және табиғи заңдылық
тұрғысынан әртүрлі бағыттарда анықтамалар беріледі. Қазақстан
Республикасындағы конституциялық заңның кейбіреулері халықтық билік
институттарының басты қайнар көзі болса, ал келесі бір түрі - мемлекеттік
билік органдарының мәртебесі және олардың өзара әрекеттері туралы заңның
бір тобын құрайды Қазақстан Республикасының егемендігін
белгілейтін, оны баяндайтын мемлекеттік рәміздерін
ресми қолданылуын айқындайтын конституциялық заңды ерекше жіктеп
айту керек Конституциялық заңдар теориясының дамуы, олардын
заңдық табиғаттарының негіздерін, нормативтік-құқықтық актілер жүйесінде
жоғары дәрежеде болуы. Конституция және жай заңдар
арақатынасын дұрыс сәйкестелуіне, нормативтік-құқықтық
актілердің өзара бағыныштылықтарын туғызады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылы 24 наурызда
қабылданған "Нормативтік-құқықтық актілері туралы" заңы
Казақстанның құқық жүйесіне болжалынбаған зардаптар әкелу мүмкін.
Жалпы заңның тиімді жақтары, тәжірбиелік маңызы зор Бірақ осындай тиімді
жақтарын кемітетін жағдайлар да бар. Осы кемшіліктерді қолданылып жүрген
заңдарға сәйкестендірмесек, онда біздің құқық жүйемізге елеулі зардаптар
төнуі мүмкін. Заңдарды жүйелеу өзінің кең мағынасында біртектес ұғым
болып табылады оны ықшамдап реттейтін механизм ретінде көрінеді, заң
жүйесінің мәселелерінің бірі - керекті заңдарды нақтыда, қажетті кезде
шығару қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеуде
кодификация мең инкорпорация жүйеге келтірудің әртүрлі түрін
бейнелейді. Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы,
заңдар жүйесі - әрбір егемен мемлекеттің заңдар кұрылымында өзара
байланыстың алуаң қырың бейнелейтін аса күрделі де ауқымды теориялық
ұғым. Заңдардың белгілерін анықтау әлі "заң өмірің" толыққанды және әр
қырынан тануға мүмкіндік бере бермейді. Заң басқа, әсіресе реттеу
объектілері біріктекті, заң актілерімен табиғи байланысты өмір
сүріп, өзің көрсетеді Сондықтан теорияда және іс жүзінде "заң",
"заңдар саласы", "заңдар жүйесі" деген ұғымдар жиі кездеседі. Оларды қатаң
айыру қажет Заңдарды жүйелеу мәселесін қоюдың өзін біз
заңдардың және заңдылық құқықтық басқа да көздерінің құқықтық
мазмұнымен (немесе сипатымен, қасиетімен) ажырағысыз байланыстырамыз.
Дипломдық жұмыстың материалдарында, Қазақстан
Республикасының Конституциясы, арнайы әдебиеттер, оқулықтар мерзімді
басылымдар пайдаланылды. Сонымен катар, жұмыс барысында
академиктер С.Зимановтың және С.Сартаевтың еңбектерін, арнайы
оқулықтарын, профессорлар Ғ.Сапарғалиев пен С.Табановтың тақырып
бойынша арнайы оқулықтары мен мерзімдік баспа бетіндегі еңбектері
кеңінен пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы, жұмыс кіріспеден, 2 тараудан қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТЫ

1. Нормативтік қүқықтық актілердің түсінігі және түрлері

Қазіргі мемлекетте нормативтік-құқықтық акт құқықтың қайнар көзі болып
табылады. Нормативтік-құқықтық акт басқа құқықтың қайнар көздерімен
салыстырғанда, құқық шығармашылыққа уәкілдік берген органдардың құқықтық
нормаларды белгілеу, өзгерту және күшін жою туралы шешімі жазбаша түрде
бейнеленген және пайдалануға белгіленген тәртіппен ресми түрде ресімделуге
тиісті формальды мемлекеттік - құқылық құжат.
Басқа құқықтың қайнар көздері әдет-ғүрып құқығы, сот немесе әкімшілік
прецедентінің жалпы реттеу мәнісі, нормативтік-құқықтық актіден төмен, олар
қоғамдық қатынасты реттуде көмекші орында тұрады. Басқа құқықтың қайнар
көздерімен салыстырғанда нормативтік-қүқықтық актілердің мынадай
ерекшеліктері бар:
1. Мемлекеттік органдардың жалпыға қатысты ортақ мүдделерді анықтау
үшін үйымдастырушы мүмкіндіктерінің болуы;
2. Баяндаудағы белгілі бір ережелеріне қарай нормативтік акт біртұтас
нормалады ресімдеудің басты әдісі болып табылады;
3. Белгілі бір істерді шешкен кезде оған сілтеме жасау, қажетті түзетулер
енгізу, оның орындалуын бақылау мемлекетке жеңіл болады;
Құқық нормаларының көмегімен нормативтік-құқықтық актілерді
нормативтік емес нұсқаулардан ажыратуға болады.
Құқық нормалары - бұл субъектілердің (занды және жеке тұлғалар) қарым-
қатынасы жөніндегі мемлекет белгілеп, қамтамасыз ететін ережелер. Құқық
нормалары - субъектілердің қандай әрекеттер жасай алатынындарын, сондай-ақ
адамзат мінез-құлқын реттеп отырудың негізгі принциптерін анықтап беретін
ереже ретінде де қолданылады.
Құқық нормалары - бұл ұсыныс, тілек емес, ол мемлекеттік бұйрық. Кез
келген құқық нормасы талап болып табылады, өйткені оны белгілеген немесе
оған рұқсат берген қолында билігі бар орган мемлекеттің ерік-ықтиярын
бейнелейді және әр түрлі мемлекет көздеген мәжбүр ету шараларымен
қорғалатын жалпыға міндетт нұсқама ретінде көрінеді. Ол мемлекетпен
қамтамасыз етіледі.
Құқықтық норманың жалпыға бірдей міндетті сипаты бар
Құқық нормаларында нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін
қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы кұқық нормаларының талабына
бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң
нормасының талабың мүлтіксіз сақгауға орындауға міндетті. Заң нормасының
талабың оз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан
мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды1.
Заңдық нормалар тек міндет жүктемейді, сонымен қатар құқықты
білдіреді. Ол жеке адамға немесе құқықтың өзге де субъектілеріне құқықтар
беріп, мұндай құқықтарды мемлекет жариялайтындығы және арнайы құқықтық
ықпал ету шараларымен қорғалып, қамтамасыз етілетіндігі жағынан талап болып
қалады.
Нормативтік-қүқықтық актілердің жеке құқықтық актілерден де
өзгешеліктері бар. Бұл жеке құқықтық актілердің бір мәрте қолдану мәні
болады және белгілі-бір субъектілерге қатысты болады Мәселен, жұмысқа
қабылдаудың еңбек туралы заңдарда белгіленген жалпы тәртібі норма болса,
кәсіпорын немесе мекеме бастығының нақты бір азаматты жұмысқа қабылдау
туралы бүйрығы жеке акт2.
Адамдардын мінез-құлқын тікелей реттемейтін құқық нормаларын заңдық
ережелерден айтуға болады, себебі олар құқықтық реттеудің жалпы қағидаларын
бастапқы негіздерін тұжырымдайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады" немесе 3-бабынын тиісті тармақтарында "Мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастуы - халық. Халық билікт тікелей республикалық
референдум және еркің сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз
билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді"3 - делінген.

Мұндай ережелер заңдық жүйенің жалпы бағытын, бірлігін, құқықтық
реттеудің бірыңғай негіздерін қамтамасыз етеді. Заңдық ұғымдарды
көздейтін (мысалы, "жаза" "үйымның аты", "құнды қағаздар" және т.б)
нормалар органның ұйымның, мекеменің құқықтық жағдайын анықтайтын
мемлекеттік органдар жүйесін, үлттық-мемлекеттік құрылысты,
әкімшілік-аумақтық бөліністі белгілейтін нормалар, сондай-ақ
нормативтік актінің заңдық қозғалысы туралы, яғни олардың
қабылдануы өзгерілуі, толықтырылуы, күшінің жойылуы қосымша нормаларда
осылай болады.
Түсіндірмелерді Қазакстан Республикасының жоғары окілді
органы, Президент және басқа құқық шығарушылық органдар шығаруы
мүмкін. Нормативтік түсінік беру актісінің де заңдық күш және әдетте сыртқы
түрі түсінік берілетін акт сиякты болады.

___________________
1 Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева "Мемлекет және құқық теориясы", Алматы, Жеті-
жарғы, 1998 ж., 79 б.
2 С. Табанов "Зандарды жүйелеудің теориясы, тарихы және тәжірибесі",
Алматы, Жеті жарғы, 1996 ж.
3 Казақстан Республикасы Конституциясы, Алматы, "Казақстан", 1995 ж.

Жаңа заңдық нұсқамаларды әзірлеу түсіндірмесіз мүмкін емес себебі
заңдардың жетілдірілмегең жүйесінде де шығып жатқан нормалардың
көпшілігі белгілі бір дәрежеде қолданылып жүрген заңдық
өкілеттіктермен байланысты. Заңдар жиынтығын жинақтарын және
заңдар жөніндегі анықтамалар шығару үшін де нормативтік актілердін есебін
жүргізу үшін түсіндірудін де маңызы аз емес. Сот органдарынын,
прокуратураның, басқа да мемлекеттік органдардың құқық
нормаларын жүзеге асыруы кезінде де шаруашылық жүргізуші
субъектілер мәмілелер мен шарттар жасасқан кезде де, партиялардың, қоғамдық
бірлестіктердің қызметі кезінде де азаматтар, заңдық мәні бар іс-
әрекеттерді жүзеге асыру кезінде де түсіндіру процессі орындалуы керек.
Мемлекеттің қүқықшығармашылық қызметінің нәтижесінде әртүрлі
нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Сонымен
нормативтік-құқықтық акт дегеніміз - референдумда қабылданған не уәкілетті
орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған құқықтық нормаларды
белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін тоқтатын немесе тоқтата тұратын
белгіленген нысандағы жазбаша түрдегі ресми құжат.
Осы айтылғандарды қорыта келіп нормативтік-құқықтык
актілердің мынадай белгілерін анықтауға болады:4
1. Нормативтік-құқықтық актілердің биліктік сипаты. Мұндай акті
барлық тұлғалар мен ұйымдарға міндетті;
2. Нормативтік-құқықтық актілердің жалпы сипаты, яғни бұл актілер
субъектілерге арналған;
3. Құрамында құқық нормаларының болуы;
4. Бірнеше рет қолданылуы.
Құқықтық ілімде мемлекеттің еркі солардың көмегімен заңдық нормалар
болып табылатын нормалар "құқықтың қайнар көздері" "құқық тұрпаттары"
деген атаумен белгіленеді. Дүние жүзілік ауқымда құқық қайнар
көздерінің мынадай түрлері белгілі:
1. Әдет-ғұрып құқығы - бұл ұзақ уақыт бойы қолданылуына байланысты
және мемлекет жалпыға міндетті ереже ретінде мойындаған
мінез-құлық ережесі;
2. Сот немесе әкімшілік, президент;
3. Нормативтік-құқықтық акт (өкілеттілігі бар мемлекеттік орган
шығаратын және нормалары бар құқық шығарушылық актісі);
4. Заңдық нормалары бар нормативтік мазмұндағы шарт, әр түрлі құқық
субъектірі арасындағы келісім.

______________________

4 А.С. Ибраева. "Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша
қыскаша түсіндірме сөздігі". Алматы, Жеті-жарғы, 1996 ж.

Қазақстан Республикасында қолданылатын құқык Конституцияның, соған сай
келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың
халықаралық шарттық және озге де міндеттемелерінің сондай-ақ Республиканың
Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулыларының нормалары болып
табылады.
Казақстан Республикасында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер
зандық күшіне және қолданылу тәртібіне қарай негізгі және туынды түрлерге
бөлінеді.
Жалпы заң термині екі мағынада қолданылады - кең және тар Кең
мағынадағы заң деп - барлық нормативтік-құқықтық жоғарғы күші бар
нормативтік-құқықтық актіні айтамыз. Тар мағынадағы заң деп - қоғам
өмірінің бір саласындағы қатынастарды реттейтін зандардың жиынтығы.5
Заң деп - ең жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің жоғарғы өкілді органы
қабылдаған нормативтік-құқықтық ақтіні айтамыз.
Енді осы анықтамаға талдау жасайық. Заңның жоғарғы заңдық кұші мынадай
белгілермён сипатталады:
1. Заңдар Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республикалық жоғарғы өкілді органы - Парламентте
қабылданады.
2. Заңдар маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған
Мысалы: заң арқылы заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
органдарының жүйесі, олардың құрылу тәртібі мен қызметі
мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысы, адам және азаматтардың құқықгарын
жүзеге асыру және қорғаумен қатар тағы басқа мәселелер
бекітіледі.
3. Зандар нормитивті және бірнеше рет қолданылуға
бағытталған.
4. Заңдардың құрылымдық ерекшеліктері бар.
5. Заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясында
көрсетілген ерекше тәртіппен қабылданады.
6. Заңдар жарияланды жөне олардың орындалуы жалпыға бірдей
7. Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар ерекше тәртіппен
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында заң және заңға негізделген актілер бірнеше
түрлерге бөлінеді. Қазақстан Республикасында заңды
кабылдайтындар:
1). Парламент.
2). Егер Конституцияда көрсетілген жағдайда Парламент заң шығару
өкілеттігін берсе Президент.
3). Халық (референдум) арқылы.
4). Президент заңдық күші бар жарлықтар шығарады.
5 Ғ. Сапаргалиев "Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі", Алматы, Жеті
жарғы, 1995 ж. 62 б.
Заңдар - елдегі қолданылатын зандардың жиынтығы. Заңның ең негізгісі
Конституция, конституциялық заңдар, жай заңдар Президенттің
конституциялық заң күші және заң күші бар жарлықтары.
Конституция мемлекетіміздің Ата заңы деп танылады.
Конституция6 термині - латын сөзінен аударғанда бір нәрсеннің негізін
білдіруші, бекіту құрылыс деген мағынаны білдіреді екен.
Конституцияның маңызды белгісінің бірі - бұл Конституцияда мемлекеттік
биліктің ұйымдастырылуы, мемлекеттің Конституциялық құрылыс
негіздерінің, адам және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының
және т.б. маңызды мәселелерінің бекітілуі.
Конституцияның негізгі заң ретінде екінші бір белгісі, оның басқа да
мемлекеттік актілерге негіз, үлгі ретінде және Қазақстан Республикасының
территориясында тікелей қолданылуы.
Конституцияның тұрақтылығы - оны қабылдау, өзгертулер мен толықтырулар
енгізу тәртібімен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының
Конституциясына палаталардың бірлескен отырысында Парламент Қазақстан
Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер
енгізеді конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен
толықтырулар енгізеді7.
1998 жылы Президенттің ұсынысы бойынша қолданылып жүрген Қазақстан
Республикасының Конституциясына Палаталардың бірлескен отырысында Парламент
1998 жылы қазанның 7-ші жұлдызында "Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын қабылдады.
"Егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен
толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің
ұсынысын қабылдамай тастаса, оңда Парламент Палаталарының әрқайсысының
депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен
Парламент осы өзгерістер мен толықтырулардың Конституцияға енгізу туралы
заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол
қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық
референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы
дауыс беруге қатысса, ол өткізілді деп есептеледі. Республикалық
референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер
олар үшін дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс

________________________
6 О.Е. Кутафин "Основы государства и права". М., 1994 г.
7Казақстан Республикасының Конституциясы. 53-бап, 1-тармақ. Алматы,
"Казақстан"1995ж.

қабылданды деп есептеледі"8.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар Парламенттің әр Палата
депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен
берсе, енгізіледі.
Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік институттарының мәселелер
негізінде шығарылған, әдеттегідей Конституцияның өз текстінен туындайтын
(жалғасы іспетті) және ерекше тәртіппен (әр Палата депутаттары жалпы
санының төрттен үшінің немесе үштен екісінің даусымен) қабылданатын
Конституциялық заңдар.
Жай (дағдылы) зандар. Мұндай заңдар елдің саяси-әлеуметтік қоғамдық-
саяси және рухани өмірінің маңызды мәселелері бойынша Палата депутаттары
өздері жоғарғы заң күшіне ие бола тұрса да Конституция мен
конституциялық заңға сәйкес, депутаттардың жалпы санының көпшілік
даусымен қабылданатын актілер.
Жай заңдар - елдің саяси әлеуметтік, қоғамдық-саяси және рухани
өмірінің маңызды мөселелері бойынша, Конституция мен конституциялық
заңдардың негізінде қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер. Жай
зандардың бір түрі - кодекстер (латын сөз "содех" - кітап, заңдар жинағы
деген мағынаны білдіреді) қоғамдык қатынастардың нақты бір бөлігін
реттейтін құқықтық нормалары біріктіріліп, жүйелендірілген заңдар жинағы.
Біздің өмірімізде қоғамды қатынастарды реттеуге байланысты әр түрлі
кодекстердің өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттің өкілеттік беру
барысында шығарған заңдары Конституцияның 53-бабының 4-тармағында көзделген
жағдайда Республика Президенті заңдар шығарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің келесі бір түрі - заңға негізделген
актілер. Жалпы заң әдебиеттерінде заңға негізделген актілерге мынадай
анықтама беріледі. Заңға негізделген акті деп - заңға сәйкес және заң
негізінде, заңдардын орындалуы үшін шығарылған актілер.
Заңға негізделген актілер - олар заң негізінде, заңға сәйкес
қабылдануы қажет, сонымен қатар заңға қайшы болмауы керек Олар:
Президенттің нормативті жарлығы, Үкіметің қаулысы
министрліктердің нормативтік бұйрықтары, жергілікті өкілдік және атқару
органдарының нормативті шешімдері болып келеді.
Заңға негізделген актілердің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына
ортақ міндетті күші бар және олар мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Республика заңдары мен Конституциясының негізінде және оларды
жүзеге асыру мақсатында өз мүмкіндіктері шеңберінде шығарылған

___________________________8 Казақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" Казақстан
Республикасының заңы. Астана, 1998 ж. 7-казан, 91-бап, 1-тармақ.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықгары.9
Жарлық - бұл Казақстан Республикасы Президентінің актілері Жарлықтарды
Қазақстан Республикасының Президенті жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың,
мекемелердің, үйымдардың, кәсіпорындардың белгіленбеген
шеңберіне қатысты түрде шығарады.
Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің мәні жағынан екіншісі
-өкімдер. Өкімдерді Қазақстан Республикасының Президенті жедел сипаттағы
мәселеле бойынша шығарады және олардың құқық нормалары болмауға тиіс. Атап
айтқанда:
а) әкімшілік-өкімшілік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешуді
жұзеге асыру үшін;
ә) Казақстан Республикасы Президентінің құзыретіне сәйкес лауазымды
тұлғаларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары. Үкіметтің
қаулылары Республика заңцары мен Президент актілері және басқа да
нормативтік-құқықтық актілер негізінде және олардың орындалуы мақсатында
оның міндеттеріне қатысты мөселелер бойынша қабылданады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана
әкімдерінің шешімдері (өкімдері).
4. Әкімшілік-аумақтық бөліністерге сәйкес өз міндеттеріне
қатысты мәселелер бойынша қабылданған мәслихаттар шешімдері.

______________________________
9 Қазакстан Республикасының Конституциясы, 45-бап, 2-тармақ, Алматы,
"Қазақстан" 1995 ж.
1.2 Казақстан Республикасының Конституциясының және
конституциялық заңдардың заң жүйесіндегі орны.
Конституция - бәрінен бұрын адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын жариялайтын, қоғамдық құрылыстың экономикалық
негіздерін, басқару нысаны мен мемлекеттің құрылысын,
биліктің орталық және жергілікті органдары негіздерін олардың құзыретін,
қарым-қатынасын, мемлекеттік нышандарын астанасын айқындайтын акт.
Қазақстанның жаңадан қалыптасқан қоғамы көбіне-көп қарама-
қайшылықтарға ұшырап жатады, бұл дегеніміз, яғни бұрынғы қоғам өмірінің
құбылысында реформаның үстіртін ғана өтуі, оның терең қойнау процестеріне
зер салмаған кезеңі өтіп бара жатыр деген сөз Сонымен бірге созылып кеткен
кризис әлі өзінің әлеуметтік қозғалысын тоқтатқан жоқ, соған қарамастан
диалектика зандарына сәйкес, мемлекет дамуына себепкер сапалы жаңа
импульстар пайда болып жатыр. Қоғамдық қатынастар динамикасында мұндай
импульс - 1995 жылғы жаңа Конституция болып табылады. Себебі, ол барлык
қоғам өмірін жан-жақты реформалау бағытын мықгы бастауына жол ашты. Әсіресе
оның мәні құқық шығармашылық қызметінде көбірек білініп жатыр, өйткені ол
Қазақстандағы барлық реформаның құқықтық инфрақұрылысының пайда болуының
алғы шарты.
Кез келген мемлекетте Конституцияны қабылдау әр түрлі қоғамдық
күштердің өзара күресімен өтеді, себебі Конституция -юридикалық құбылыстан
көрі көбіне саяси құбылыс, оңда қоғамдық күштердің арақатынасы көрінеді.
Казақстан Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылданған күні - 1993
жылдың 28 қаңтары. Бұл идеологиядан аулақтатылған, социалистік емес жаңа
мемлекеттік құрылысты нығайту барысында бірегей маңызға ие болатын мүлде
жаңа Конституция болды.10
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының жасалу тарихын
зерттеуде әртұрлі бағыттағы күштердің: либерал-демократиялық, социалистік,
үлтшыл-радикалдық күштердің карама-қайшылық, күресі анық байқалады. Әрине,
Қазақстанда Конституцияның айналасындағы күрес соншалықты ашық түрде
болмады. Бірақ, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қабылданған
Конституциясында маңызды зардаптарға әкелген көптеген ережелер бекітілді.
Ең біріншіден. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында
шешілмеген мәселелердің бірі - үлтаралық келісім болып табылады. Үлтаралық
келісім мәселесі, бүгінгі күні Қазақстан қоғамының алдына қойған шешуге
тиісті маңызды мәселелерінің бірі. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
Конституцияда қоғамды

___________________________________
10 Сапарғалиев "Қазақстан Конституциясы: кеше, бүгін", Казақстан заңдары
№2, 1998 ж. 39 б.

қобалжытқан біздің мемлекетіміздің мәнділігі және тіл мәртебесі жағдайлары
болды.
Қазіргі жағдайда Қазақстанның көпұлттылығы күш-қуаттың қайнар-көзінен
оның әлсізділігіне, тұрақсыздылығына айналмау үшін ұлттық саясатты нақты
және келісілген үстемдігімен құрастыру қажет еді. Мұны Президент
Н.Назарбаевтің өзі "Қоғамның идеялық консолидациясы - Қазақстан дамуының
шарты ретінде" (Идейная консолиация общества - как условие прогресса
Казахстана) атты жұмысыңда ұлттық саясат концепциясын құрастыруды айтқан
болатын.11
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы бойынша "билікті
бөлу" оның құқыққа сүйенетін және онымен байланысты адам құқығын қорғайтын,
қоғамдақ-саяси жағдайда қалыптастыратын күшті мемлекеттік билікті құру
мақсатына жете алған жоқ. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
Конституциясындағы "билікті бөлудің" қателіктерінің себептерін бірнеше
топтарға топтастыруға болады:
1. Билік тармақтарының өздеріне тиесілі атқару және шектелген
қызметтерінің болмауы.
2. Атқарар істерінің, конституциялық құқықтық мәртебелерің
ажыратудағы кездесетін қайшылықтар мен істелмеген істері
дұрысырақ айтқанда қызметтерінің жұмыс барысының
толымсыздығы.
3. Бір биліктің екінші бір билікке тойтарыс беру
тетігінің жоқгығы.
Осы айтылғандарды толығырақ қарастырсақ, мемлекеттік-билікшіл
ұйымдардың құрылымдық өрісіндегі қайшылықтардың бір ұшы ол Парламенттің,
құрылысы мен атқарар істерінің мәселесі. Мәселе мынада болып тұр, үнемі
жұмыс істейтін кәсіпті заңшығарушы органдардың концепцияларын іс жүзіне
асырушы Жоғарғы Кеңестің орнына Парламенттін болуы керектігі. Көптеген
тәжірибелі заңгерлер, ғалымдар, саясаттанушылар, сондай-ақ
Парламенттегілердің өздері де атағандай. Қазақстан Республикасының 1993
жылғы Конституциясы үлгісіндегі Жоғарғы Кеңес кеңестік стереотиптерден алыс
кетпеген, ол кезде Жоғарғы Кеңес "бәрін және ештемені" басқаратын еді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
бойынша Жоғарғы Кеңестің билігі шексіз болды. Сонымен қатар әлемдік
конституциялық парламентарии кұрылысында алғаш рет іс жүзінде депутаттық
дербестікті сайлау аяқталғаннан кейінде екі жылға созу шешімі
қабылданды.

___________________________________ _______

11 Н.А. Назарбаев. "Идейная консолидация общества - как условие прогресса
Казахстана" Казахстанская правда, 1993 г.
Сонымен, мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заңда
жарияланған билік бөлу принциптер Парламенттің құзыретінің арқасында тек
бос сөз болып қала берді. Бүл жағына Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
Конституциясы бұрынғы кеңестік кейіптегі мемлекеттік құрылысты сипаттап
берді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының көптеген
кемшіліктері мен жетіспеушіліктері болды. Сондықган да ол келешектің
ауқымды міндеттеріне жауап бере алмайтын еді Қазақстан Республикасының 1993
жылғы Конституциясы тарихи маңызға ие болғанымен, жаңа мемлекеттің даму
қажеттіліктеріне жауап беретін кұқықтық нормаларды, ережелер мен идеяларды
тұжырымдаған жоқ. Сондықган да жаңа Конституция жасау талабы күн
тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналды.
1995 жылы ақпан айында Конституция жобасының алғашқы варианты
жасалды. Бұл жоба қолданылып жүрген Конституциядан маңызды айқындалып
тұрды. Ұсынылған жобаның маңызды ерекшелігі президенттік билікті
күшейтетін мемлекеттік - билікт қайтадан бөлу болды.
Сонымен, жаңа Конституция жобасы 1994 жылдың аяғъшда басталды,
1995 жылы қарқыны қатты күшейді. 1995 жылдың конституциялық
реформасының аса бір ерекшелігі, ол 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық
референдумда қабылданғандығымен оның инициаторы Президенттің өзінің
болуы. 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанда болған
оқиғаларға талдау жасайтын болсақ, біздің ойымызша, мынадай
қорытынды жасауға болады Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясын қабылдауға себеп болған жағдай, ол
заңшығарушы биліктің әрекетсіздігі, жұмыс жасай алмайтындығы. Жоғарғы
Кеңестің XIII шақырылымы өзінің жұмыс барысының басында, атқарушы билік
пен Үкіметке қатысты оппозицияда болды да, өткізілмекші
реформаның тиімсіздігінің кінәсін атқарушы билікке "аудара"
салғысы келді.
Сонымен, Казақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясын
қабылдауға себеп болған заң шығарушы биліктің жүмыс істеу қабілетінің
жоқтығы болды.
Конституция жобасын құрастыру кезіндегі - негізгі мәселелер осындай
болды. Осындай өте күрделі жүмыс нөтижесінде шілденің соңында бүкілхалықтық
талқылауға арналған Конституцияның жобасы құрылды. 30 маусымнан 30 шілдеге
дейін бүкілхалықгық талқылау өтеді деген Президенттің 1995 жылы 28 маусымда
өкім шықты. 30 маусымда жоба баспада басылып шығарылды.
1995 жылы 25 шілдеде Конституция жобасының бүкілхалықтық талқылауы
басталды. Талқылауға 58 республикалық ұйымдар қоғамдық
бірлестіктер мен қозғалыстар қатысты, олардан жобаға 678 ұсыныстар мен
пікірлер түсті.12 Конституция жобасының талқылануы саяси флангтарды
жандандырды. Сонымен, халықтың көпшілігі жобаның басқа идеясы
- Президенттік биліктің нығайтылуын қоштады. Мамандар арасында
талқыланған мәселелердің бірі болып Конституциялық Соттың ары қарайғы
тағдыры жайлы сұрақ болды Ол кезде көзқарастар бөлінді: Конституциялық Сот
керек пе, әлде керек емес пе?13
Конституциялық Сот мүшелерінің өздерінің көзқарастары осы мәселе
жөнінде ажырады. Маусым айынын бас кезінде жалпы бұқаралық басылымдарда
Конституциялық Сот соттарының жаңа Конституцияның жобасы жөнінде
Президентке арналған үндеу жарық көрді, онда жоба қатты сынға алынды.14
Сонымен, талқылау жемісті болды. Республика аймақтарында 34011
талқылаулар болды. Президент сендіргендей, бүкілхалықтык талқылаудан
кейін Конституцияға 1100 өзгерістір мен түзетулер енгізілді.
Қонституция жобасының соңғы варианты бүкілхалықгық референдумға шыққаннан
кейінгі негізгі өзгерістерін қарастырсақ Қазақстан Республикасы деген
қазіргі аты сақталып қалды, Жер қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар
әлемін және басқа да ресурстарды меншіктеу мүмкіндігінің жоқтығы. Соңғы
вариантқа сәйкес бұл объектілердің бәрі, жеке меншіктегі жерден
басқа Қазақстан Республикасының меншігіне жатады. Ең көп өзгеріске
ұшыраған бөлімдері, ол мемлекеттік құрылысқа байланысты
бөлімдері болды. Конституциялық Кеңес деген жаңа бөлім кірді Мәжіліс
саны 10 орынға өсті. Парламент таратуының негіз анықгалды.
Үкімет мүшелерінің иммунитеті жайындағы жағдай шығарылып тасталды.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өтті
Бюллетеньге жазылған сұрақ былай деп қойылды: "1995 жылы 1 тамызда
басылымдарға шығарылған Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?"
Ресми мәліметтер бойынша, референдумға сегіз миллион екі жүз он екі
мың жеті жүз жетпіс үш адам қатысты (яғни 89,14% халық тұрғыны). Қарсы
шыққан сегіз жүз мың сегіз жүз отыз тоғыз, референдумға қатысқан азамат
немесе 9,9% болды. Жетпіс сегіз мың жүз үш бюллетень жарамсыз деп танылды.
Референдум барысын бақылаушы куәлігі берілген тоғыз жұз жиырма сегіз адам
бақылап отырды.

___________________________________ __
12 Сведение о предложениях и замечаниях по проекту Конституции Республики
Казахстан поступивших в адрес ЭКС от центральных республиканских
организаций, общественных объединений и движений по состоянию на 31. 07.
95 г.
13 С. Журсимбаев. Еще раз о Конституционном Суде. "Вести Казахстана".
Опубл 25.07.95г.14 Конституционный Суд должен быть вне политики.
"Казахстанская правда". 27.07.95 г.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықгық референдуммен қабылданған бұл
Конституция жаңа тұрпаттағы құқықтық акт болды. Ол алдыңғы Конституциядан
мүлде өзгеше болды.
Ол Қазақстан мемлекетін жекелеген бір ұлтты емес, бүкіл
халықтың саяси ұйымы деп жариялады. Конституцияда мемлекеттің сипаты мен
мәнін бұрынғыдан әлде қайда терең айқындады Конституция
мемлекеттік органдар мен лауазым иелерін жаңа мемлекеттің
нығаюына ықпал жасауға бағыттайды. Конституция Қазақстан
парламентаризмінің қалыптасуына нақты қадам жасады. Ол бойынша қүрылған
Парламенттің жұмыс істеу үстемдігі заң шығарушы органның басты
белгілеріне ие. Парламенттің Президентпен, Үкіметпен арадағы
құқықтық негіздері айқындалған Басқарудың президенттік жүйесі
бекітілді. Президенттің конституциялық өкілеттігі, оның
мемлекеттік тетіктегі орны белгіленді. Конституция жалпы танылған
халықаралық құқықтык актілерде дәйектелген адам құқығы, бостандықтары мен
міндеттер туралы негізгі идеяларды қабылдап, бекітті.
Конституция конституциялық заңдық мәселесіне ерекше
мін берді Конституцияның тікелей әрекет етуі туралы мәселе туындаған
жаңа жағдайда конституциялық заңдылық мәселесі пайда болды. Жаңа
Конституция қолданыстағы құқық ұғымын береді. Ғ.С
Сапарғалиевтің айтуы бойынша, қолданыстағы құқық ұғымына
кіретіндер:15
1. Конституция тұтастай алғанда: Конституциялық нормалар
принциптер, идеялар.
2. Конституциялық заңдар.
3. Жай заңдар.
4. Конституциялық заң күші бар Президент жарлықтары.
5. Президенттің заң күші бар жарлықтары.
6. Президенттің нормативтік жарлықтары.
7. Үкімет қаулылары.
8. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары.
9. Сот тәжірбиесі мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік
қаулылары.
10. Халықаралық шарттар мен республиканың басқа да міндеттемелері.
11. Орталық атқару органдарының (министрліктердің мемлекттік
комитеттердің, басқа да ведомстволардың) нормативтік құқықтық актілері.
12. Жергілікті мемлекттік басқару органдарының (мәслихаттарын,
әкімшіліктердің) нормативтік құқықтық актілері.

___________________________________ __
15 Ғ.С. Сапарғалиев. Проблемы соотношения Конституции и законов Республики
Казахстан. Материалы международной научно-практической конференции. 27-28
марта 1997 года. Адматы, 1997 г. с. 23.

Конституциялық деген ұғым Конституция деген ертеден келе жатқан
ұғымнан шыққан. Көне ғасырларда ол “мемлекттік құрылым” және “мемлекттік
билікті” ұйымдастыру деген ұғымдармен байланысты болған (ежелгі Рим,
Греция). Орта ғасырларда Конституция түсінігі Жоғарғы заң күші бар
мемлекттің “негізгі заңы” деп түсіндіріледі. Тек XVIII ғасырда ғана
Конституция деген ұғым ресми тағайындалды. Конституцияның ерекше биліктерін
көрсете отырып, құқықтанушылар Конституцияны – мемлекеттік билікті
ұйымдастыратын, мемлекттік органдардың өкілеттілігін анықтайтын азаматтар
арасындағы қарым-қатынасты реттейтін құқықтық құжат деп біледі.
“Конституциялық” деген ұғыммен бірге “конституциялық
құрылым”,”конституциялықтәртіп”, “конституциялық заң” ұғымдары да қатар
пайда болды. Кейбір елдердегі конституциялық заң жағдайына тоқтала кетсек,
мысалы, АҚШ-та конституциялық емес деп аталған заңдар жарамсыз деп
танылып, ал ол заңдар жинағына кірмеген. АҚШ-та заңның конституциялығы
жалпы адамзаттық құндылық, өнегелі бастаулар, әдет-ғұрып, дәстур түрғысынан
өлшем ала бастады.
70-80 жылдарың заңгерлері Кеңес заңдарының теориялық мәселелерін
зерттегенде, барлық заңдардың ішінде, ерекше бір – конституциялық топты
бөліп алды. Бұл топқа С.С. Алесеев қоғамдық және мемлекттік құрылыстың
негізгі мәселелерін шешуге арналған Конституцияны және оған кіретін негізгі
заңдарды жатқызды.16
Көптеген авторлар конституциялық заңдарға мына заңдарды жатқызды:
1. Конституцияға өзгеріс енгізетін заңдар.
2. Конституцияны қалыпқа келтіретін заңдар.
3. Конституцияда ерекше көрсетілетін заңдар.
4. Өзінің негізгі жүйелілігімен заң аясында конституциялық-
заңдылық қатынастарды, халықтық билік
институттарын
азаматтардың құқықгық жағдайын қамтитын зандар.
Қазақстан Республикасында жаңа конституциялық заңдардың қалыптасуының
бірнеше тарихи кезеңдері болды. Қазақ КСР Конституциясына Қазақ КСР-ның
"Президентінің қызмет орынын белгілеу туралы" 1990 жылдың 24 сәуріндегі
Заңымен өзгеріс енгізу кезеңінен басталды.17 Аталған заң мемлекеттің
басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ
КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің
конституциялық сипаттағы маңызды

_________________________________
16С.С.Алексеев. Общая теория права.Том2. М.,1982,б.224.
17 Новые законы РК. Алматы, 1992 г., с. 31.
актісі болып табылды. Бұл Декларацияның нормативтік-құқықгық сипаты
болды.18
Декларация - Қазақ КСР-ның бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде
үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу принципін бірінші рет
жариялаған акт.19
Қазақстанда тәуелсіздікті жарияламастан бір жылдан астам бұрын КСРО
Конституциясындағы негізгі нормалардың қолдануын тоқтатқан және дербес,
тәуелсіз дамудың алғашқы қадамын жасаған конституциялық сипаттағы актілер
қабылданды. Қоғамдык қатынастарды реттеуде күшінің дәрежесіне қарай
конституциялық заң деген түсініктің өзі біздің қоғамымызға алғаш рет 1991
жылғы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы"
конституциялық заңмен енгізілді.
Біздін Республикамыздың конституциялық заңдары Франция
Республикасының органикалық заңдарына ұқсас. Францияда
органикалық заңдар мемлекеттік органдар мәртебесін белгілейді
сондай-ақ Конституцияның сілтеме баптарының негізінде халықтық дауыс беру
жүйесін бекітеді. Мысалы, органикалық заңдар арқылы Францияда
Конституциялық Кеңес Әділсоттың Жоғарғы соты Экономикалық және
әлеуметтік кеңес, Парламентке сайлау тәртібі т.б. мәртебелері
қарастырылған.20
Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларында конституциялық
заңдардың негізгі табиғи белгілері көрсетілген Біріншіден, 62-
баптың 4-тармағында көрсетілгендей "Конституциялық заң
Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы
санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданатын" заңдар.
Екіншіден, барлық Республикадағы қолданылып жүрген заңдардың ішінде
Конституциядан кейінгі қоғамдық қатынастарды реттейтін ерекше мәні бар
екендігінде. Үшіншіден, басқа заңдармен салыстырғанда заңдылық күшінің
басым екендігі. Төртіншіден, жалпы конституциялық-құқықтық реттеу аймағында
өзінің ықпалы өрісі бар заң екендігі айтылып, бекітілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабының 1-
тармағында көрсетілгендей, конституциялық заңдар Конституция күшіне
енген күннен бастап бір жыл ішінде қабылдануы тиіс. Осыған

_______________________________
18 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заңының 18-
бабында былай делінген: "Осы заң Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы
Декларациямен бірге республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз
болады".
19 Ғ.С. Сапарғалиев. Казақстан Республикасының конституциялық
құқығы. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 1998 ж., 58 б.
20 Б.А. Страшун Конституционное право зарубежных стран. М.: БЕК, 1996 г.
орай Қазақстан Республикасы Президенті өзінің
конституциялық жағдайына байланысты 1995 жылдың қыркүйек айынан
бастап 1996 жылдың қантар айына дейінгі аралықта конституциялық
заң күші бар. Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы түрінде Конституцияның 9, 41, 49, 64, 71 75-баптарында
көрсетілген конституциялық заңдарды қабылдады. Яғни, олар
Казақстан Республикасы Президентінің туралы конституциялық
заң күші бар "Қазақстан Республикасының Президенті туралы",
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі
туралы", "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы",
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" және
"Қазақстан Республикасының Сот және сот мәртебесі туралы" Жарлықтары.
Осымен бір мезетте Қазақстан Республикасының "Республикалық референдум
туралы" заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясында айтылмағандығына қарамастан, жаңа
Конституцияға сәйкестендірілген болатын. Мұндай жағдайда
Казақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарынан тыс басқа
конституциялық заңдары қабылдануы мүмкін бе?", - деген сұрақ туады, В.Д.
Шопиннің ойынша ондай конституциялық заңдар қабылдануы мүмкін емес деп
көрсетеді.21
1999 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының
бірлескен отырысында 5 конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Олар: "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы
Президенті туралы" конституцңялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасы Президентінің
"Казақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі
туралы" конституциялық заң кұші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы", "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан
Республикасының Үкімет туралы" конституциялық заң кұші бар Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", тағы басқа Заңдарының жобалары.
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң
күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

____________________________

21 В.Д. Шопин. Конституционные законы Республики Казахстан.
Законотворческий процесс в Республике Казахстан: состояние и проблемы.
Материалы международной научно практической конференции 27-28 марта 1997
года. Алматы, 1997 г. с. 101

Қазақстан Республикасының конституциялық заң жобасы қолданылып жүрген
заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен
толықтыруларға сәйкестендіру мақсатында әзірленген.22
Сонымен, конституциялық заң дегеніміз - Конституцияда көрсетілген аса
маңызды мәселелер бойынша қабылданатын және заңдық күші жағынан
Конституциядан төмен, ал жай зандардан жоғары тұратын ерекше тәртіппен
қабылданатын, заң жүйесінде ерекше орны бар нормативтік-құқықтық акт.

__________________________________
22 Ж. Темірғали. "Заң газеті". 1999 ж. 28 сәуір, №17 (240)
1.3 Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу
Саясатта, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуде орныққан
жаңаша ойлау принципі заң шығаруда да қажет Нормативтік-
құқықтық актілерді жүйелеудің мақсаты құқықтық материалдарды ретке
келтіру заңдылық талаптарын орындау шарты болып табылатын, оны тарауларға,
бөлімдерге бөлу.
Қоғамды қайта құру барысының әртүрлі кезеңінде бір мәселе бойынша
қабылданған актілер әртүрлі заңды ұстап жүр.
Көптеген актілер ескерді, бір-біріне қайшы келеді. Заңдардың мүндай
күй-жайы оны қолдануды қиындатады, заңдылық пен құқык тәртібін одан әрі
нығайту міндеттеріне жауап бере бермейді, оны өмірдің түрлі саласында
қолданудың тиімділігін көтеруге кері әсер етеді, қоғамдық қатынастарды
демократияландыру бағытымен келіспейді.23
Қәзіргі заң ғылымы нормативті актілерді жүйеге келтіру
жұмысымен үдайы айналысатын тиісті мемлекеттік органдарға
көсіпорындарға және қызметкерлерге міндетті шешуді: біріншіден актілерді
басып шығаруға әзірлеу; екіншіден, қоғамдык
қатынастардың әр түрлерін құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне
сәйкес олардың түсірген жүйесін жасауға бұл нормалардың қажетт байланысын,
бағыныстылығы мен үйлесімін орнатуға көмекке келуге тиіс. Жүйелеу ең
алдымен екінші міндетті шешуге бағытталған, бұл орайда, жүйелеу кезінде
қолданылып жүрген нормаларды ретке келтіру (күші жойылған
жекелеген баптарды, тармақтарды абзацтарды текстен алып тастау)
және керісінше, оған кейінгі барлык өзгерісті, толықтыруларды осындай
өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген актілер декреттерін көрсете
отырып енгізу; актіден нормативті нұсқаулары жоқ бөліктерін алып
тастау, тексте мұндай бөліктердің болмау себептері туралы белгілер
жасау; нормативті актіге қол қойған адамдар туралы
мәліметтерді алып тастау қолданылып жүрген актілерді заңдардың салалары
бойынша бөлу ғана емес, заңдарды жаңарту (түрлі кодекстер, ережелер,
жарғылар және тағы басқа жасау) жүзеге асырылатыны есте болу
керек. Мұндай сипаттағы қызмет құқықтық актілерді жүйелеу
ұғымын қамтиды.
Заңдарды жүйелеу қолданылып жүрген нормативтік-құқықтык актілердің
мазмұнын өзгертпей, ішкі үйлесімді жүйеге келтіруді айтамыз.
Зандар жүйесі - әрбір егемен мемлекеттік зандар құрылымында өзара
байланыстың алуан қырын бейнелейтін аса күрделі де ауқымды теориялық ұғым.

_______________________________
23Совершенствование законодательства - закономерность развития
социалистического общества. Сов. гос. и право, 1981 г., №3, с.26.

Құқық ғылымында заңдардың және түрлі мемлекеттік органдардың заңға
қосымша нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ құқықтың басқа да заңдық
көздері - көсіпорындардың, шаруашылық бірлестіктерінің, қоғамдық ұйымдардың
ішкі өмірлік қызметін реттейтін шарттардың, сот шешімдерінің, актілердің
және келісімдердің, қоғамда қалыптасқан нормативтік-құқықтық мәні бар
салттар мен жоралардың барлық алуан түрінің әркелкі қисындары немесе
астарлары, жүйел көзқарастары ажыратылады. Осы көзқарастардың ішінде ең
бастысы қоғамдық қатынастарды айырықша тәртіптеуші түріндегі негізгі бағдар
ретінде құқық жүйесін бөліп алу болып табылады. Онды заңдық құқық жүйесі,
яғни, танылған және белгіленген мемлекеттік нормалар жүйесі заңдардың және
оның нормаларының тікелей мазмұны болмақ.
Көріп отырғанымыздай, заңдарды жүйелеу мәселесін қоюдың өзін біз
заңдардың және заңдылық құқықтың басқа да көздерінің нормативтік-құқықтық
мазмұнымен (немесе қасиетімен, сипатымен) ажырағысыз байланыстырамыз.
Құқық жүйесі заңдар жүйесі негізінде жатыр деген тұжырымды
қазақстандық құқық ғылымынды сондай-ақ ТМД-ға қатысушы басқа
да мемлекеттер құқықтанушылары арасында жалпы мойындалған
деп есептеуге болады.24
Заңдарды жүйелеу өзінің кең мағынасында біртектес ұғым болып табылады,
оны ықшамдап реттейтін механизм ретінде көрінеді, заң жүйесінің даму
мәселелерінің бірі - керекті заңдарды нақтыда қажетті кезде шығару,
қолданылып жүрген нормативтік-құқықтык актілерді жүйелеуде, кодификация мен
инкорпорация жүйеге келтірудің әртүрлі түрін бейнелейді.
Әлемдік тәжірибеде нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің әр түрі
қолданылады. Мысалы, атап айтқанда Францияда - 1804 жылы, Германияда -1896
жылы, Швейцарияда - 1881-1907 жылдары азаматтық кодекстер қабылданды.
Европада және одан тысқары басқа да мемлекеттердің кұқық принциптерінің
орнығуына айтарлықтай ыкпал еткен француздың жүйелеудің, әсіресе азаматтық
кодекстің (Наполеон кодексінің) - орны ерекше болды.
Англияда XIX ғасырдан бастап қазірге дейін жалғасып отырған бірнеше
заңнан бір акт жасау туралы жандарды топтастыру туралы арнайы акт
қабылданған.25
Заң шығару қызметіндегі ең күрделі, қиын әрі жауапты кезең -заң
жобасын талдау және әзірлеу. Бұл кезеңге бірінші заңның нақты өмірге
қажеттілігін білу, мақсатын жете түсіну және ұғыну.

___________________________________ _
24В.С. Нерсесянц. Право и закон: их различие и соотношение. Вопросы
философии 1988г. №5, с. 35.
25 Нено-Неновский. "Закон и его толкование". М., 1986 г., с.32.
Екінші құқықтық нормаға ие болып отырған өмірдегі қатынастарды жаңаша
белгілеу, олардың мүмкіншіліктерін толық көлемде білу талаптары қойылады.
Нормативтік-құқықтық актінің дайындалудағы басты шарт -жобалардың
жасалуына қойылатын талаптар. Жоба дайындалу кезінде былай болады, заң
шығарушы ерік-ықтиярының алдын-ала қалыптасуы. Бұл процесс жоба дайындау
туралы шешім қабылдаудан басталады. Ол бәрінен бұрын, заң дайындау
жұмыстарының бекітілген жоспарларынан бейнесін табады, мұндай жоспарлар
Республикамыздың заң шығару тәжірибесінде бар. Заң жобаларына катысты
мұндай шешімді мемлекеттің ең жоғары заң шығару органы Парламент, өзінің
тұрақты комиссиялары мен комитеттеріне Үкіметке немесе солардың бәріне
нақты бір актінің жобасын әзірлеу жөніндегі берілетін тапсырма түрінде
қабылдауы мүмкін. Сонымен қатар, заң жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің Үкіметінің, заң шығарушы орган тұрақты комиссиялар мен
комитеттерінің, заң шығару бастамасы құқығына ие басқа органдар мен
ұйымдардың бастамасы бойынша да дайындалуы мүмкін.
1. Жобаларды дайыңдау кезінде ведомстволық, салалық принцип
қолданылады, бұл принципке сәйкес бастапқы жобаларды қызмет бағыты сай
келетін органдар мен ұйымдар жасайды; жобаның мазмұнына
байланысты басқа да принцип қолданылады, бүл жағдайда заң
жобаларын Қазақстан Республикасы жоғарғы өкілді органның, яғни
Парламенттің тұрақты комиссиялары мен комитеттер дайындайды.
2.Заң жобасын дайындау кезінде заң тексін жазудың алдында орындалуға
тиісті жұмыстарды жүргізу қажет. Біріншіден, жобаны дайындауға кіріспей
тұрып қоғамдық қатынастардың осы саласын нормативтік реттеуге деген
қоғамдық қажеттілігінің қандай екенін анықтап алу маңызды.
Екіншіден, қозғалып отырған мәселе бойынша қолданылып жүрген
заңдар туралы хабарлама алып, анық жай-күйін, қолданылу тәжірибесін талдау
аса маңызды.
3. Жобаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Конституциялық құқық қайнар көздері
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Президенттің нормативті жарлығы
ҚР-ның конституциялық құқығының қайнар көздері
Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары
Нормативті актілердің әрекет ету уақыты және кеңістікте ие болуы
Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу
Пәндер