Заңды тұлға белгілері
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы:
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Заңды тұлға
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4
1.1. Заңды тұлға
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...7
1.2. Заңды тұлға
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10
1.3. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі ... ... ... ...12
II. Заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Заңды тұланың пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
2.2. Заңды тұлғаның қайта
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3. Заңды тұлғаның
таратылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .20
2.4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .22
IV. Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...25
Қолданған әдебеиттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .27
Кіріспе
Бүгінгі күні елдегі экономика аяғына тұрып, мемлекетіміз даму
үстінде. Жаңа дамып келе жатқан ел экономиксы аяқ тұрар шағында
көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерді басынан кешірді. Мемлекет, заңды
және жеке тұлғалар бірлесіп құрған көптеген заңды тұлғалар бүгінгі күні
біршама дамып, нарықтық заман баспалдақтарымен батыл жоғары дамып келеді.
Курстық жұмысыма заңды тұлғалар тақырыбын алу себебімнің бірі осы
жоғарыда айтылған жағдайлардың көрінісі. Ел экономикасында жеке меншік
секторы көбейіп келеді. Соған сәйкес заңды тұлғалар саны да күн санап
көбеюде. Бұл жерде тек қана мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке меншік
заңды тұлғалардың саны көбейіп келе жатқанын айтқан жөн деп ойлаймын.
Осыған байланысты жаңа нысандағы заңды тұлғалардың ерекшелігін зерттеу аса
өзекті мәселе деп ойлаймын.
Қазір осы заңды тұлғалар түсе алатын азаматтық-құқықтық
қатынынастардың да шеңбері кеңеюде. Егер бұрынға Азаматтық кодекс
бойынша заңды тұлғалар заңдармен рұқсат берілген ғана қатынастарды жасай
алса, ал бүгінгі әрекет етуші кодекс (1994 жыл 27 желтоқсан) бұл
қатынастар шеңберін мейлінше ұлғайтты. Яғни, олар заңмен “тиым салынбаған
қатынастардың бәрін жасай алу” принципіне негізделеді.
Жалпы курстық жұмысымның мақсаты заңды тұлғаларға кең түсінік
беру, заңды тұлғалар ұғымының болмысын түсіндіру. Сонымен қоса заңды
тұлғаларды құрудың тәсілдері, олардың бір ерекше белгілерінің бірі заңды
тұлғалардың әрекет қабілеттігі туралы біршама зерттеулер жасадым.
Жұмысымның үшінші бөлімінде мен заңды тұлғалардың негізгі түрлеріне, яғни
коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, көңіл бөлуді мақсат еттім.
Сонымен қоса бұл жерде заңды тұлғаларды жіктеудің негізгі прициптеріне
назар аударамын.
Қурстық жұмыстың жаңалығы оның Қазақстан Республикасының және Ресей
Федерациясының танымал заңгерлерінің монографиялық еңбектері мен
кітаптарындағы мәліметтерді қорытындылап жазуымда деп ойлаймын. Сонымен
қоса курстық жұмысты жазу барысында Қазастан Республикасының Азаматтық
кодексінің заңды түлғаларға қатысты жекелеген баптарына нақты мысалдар
келтірілді.
І. Заңды тұлға ұғымы және атауы.
Жеке тұлғалар мен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық
қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз – Азаматтық Кодекстің 33-бабының 1-тармағының 1
бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жежел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйымды біз заңды тұлға деп атаймыз. Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып
табылады. Салыстырып қарасақ: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын ұйымдар танылады.
Тағы бірін қарасақ: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде
немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы
мүлікімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөйлейтін
ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен
міндеттерге ие бола алады. Кодексте ұсынылған анықтама іс-жүзінде 1963
жылғы Азаматтық Кодекстің, сол сияқты 1991 жылғы Негіздерінің идеясы мен
рухын сақтап қалды. Заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міндеттерге ие
болу мүмкіндігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы,
оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы айтылған.
Заңды тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған,
құрған және құқықтары мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның
құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері
ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық
қатынантар үшін заңды тұлға институтының практикалық мағыздылығы мынада:
заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін
орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар.
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы
анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында
заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған-ды.
Негізінен алғианда, заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер
зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік
етуімен түсіндіруге болады еді.
Мемлекетік ұйыдарға қатысты алғанда, заңды тұлғианың академик А.В.
Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне ұжым теориясы
деген атпен енді.
Қазіргі уақытта тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық
пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы
пікірлердің ішінен заңды тұлғаның мақсатты мүлік ретіндегі анықтамасын
атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша ... осы заманғы
коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына
қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін
түсіндіретін мақсатты мүлік теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті.
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған – жалған
теория және шындық теориясы, бұларға лотақ нәрсе- ұжымдық құрылымдардың
құқық субъектілерін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері XXI ғ. Пайда болған құқық
тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты . Ол құқықтың
нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның
тұжырымдамасы мынаған негізделді: Заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік
арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық
субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері – жеке тұлғалар заңды
тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды
тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең
алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын кқөздемейтін адамдар
бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация
құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың
корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теориямен
практикада мәлім болды: Корпорация дегеніміз – бұл көрінбейтін,
сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым.
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. Герман заңгері Гиркенің есімімен
байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік
етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, әлде бір
әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға
ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де нақты одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра
отырып, Савиньи ұстанған идиалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқықтық тәртібі құқықтар мен
міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес
қатысушы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді.
Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде
анықтама бермеуді артық көреді. (ФРГ-де 1978 ж. Дейін заңды тұлға деген
терминнің өзі болған емес, Италияның АК-де 1942 ж. Заңды тұлғалардың
дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте
қысқаша тұжырымдамалармен шектелген. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж.
Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат
үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде
анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің
азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. Азаматтық
кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тқжырымдама береді: Құқықтарды жүзеге
асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес
қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлғаболып табылады.
Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай
анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты
азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың
ұйымдық құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату
тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы
ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды
етілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқықғындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпн өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттемелерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым заңды тұлға деп аталады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды:
1) ұйымдасқандық бірлігі;
2) мүліктік оқшаулығы;
3) дербес мүліктік жауапкершілігі;
4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы;
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды.
1.1.Заңды тұлғаның белгілері.
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде
таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай
белгілердің жиынтығы болуы қажет:
- ұйымдық бірлік;
- мүліктік оқшауланушылық;
- дербес мүліктік жауапкершілік;
- азаматтық айналмда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды.
Индивидтердің жай ғана белгілері белгілі бір мөлшерін емес, өзара
әрекеттесу мен қызмет етудін белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар
ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда
бір тұтас ұжымдық құрылым – заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну
керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде
қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы оңжылдықта көптеген елдерде
капиталдың ортақтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-
де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын
компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік
қоғам құрауға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат
ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар
байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ- пен салыстырғанда бір адамнан тұратын
корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың
нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпарацияның
борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама
жолмен тану жүзеге асырылады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет
етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушылан тұратын заңды тұлғалар
құруға мүмкіндік көздейді (АК-ның 40,58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдықбірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК-
ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметінің жарғының және құрылтай
шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын
құрылтайшысы бекітеді, ал құрылтай шартын – құрылтайшылар жасайды. Жарғыда
заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері , нысанасы, қызмет мақсаты және басқа
да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы - заңды тұлғаның –
мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103,104-
баптары).
Мүліктік оқшауланушылық – заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның
дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік
жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой Заңды тұлғаның белгісі, бәрінен
бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес ұйымның қызмет етуінің
мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес деп
әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол
тіркелген сәттен басталады (мысалы, АК үшін төленген қаржы (Акционерлік
қоғамдар туралы Заіның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғаларды оқшалану дәрежесі түрліше және ол осы мүлікке меншіктің
түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын
болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқықғымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың
мүлкінен оқшауланады.
Өзінен-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы – заңды
тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы
немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына
сүйенеді. Бқл белгі Ак-ның 44-бабында былайша дербес азаматтық-құқықтық
жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы
(немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге,
кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл
жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық
кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары
бойынша өзінің барлық мүлкімен емсе, олардың қолында бар ақшасымен ңана
жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын
қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР
Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелі бойынша
ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының
207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз).
Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктік
меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың
кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық
ортақ жауаптылығ туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке
ережелері белгіленген (АК-ның 70,84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған
қоса, заңды тұлғалар құрылтайшүыларының олардың борыштары бойынша қосымша
жауаптылығ құрылтай құжаттарында көрсетәлуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2 -
тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның
өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер
атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымы құқықтық қатынастардың субъектісі
деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып табылады.
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету – заңды тқлғаның басқа
белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына
сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны нақ осындай
атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында
кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-
бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық
атауы болуы тиәс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны
үшін кінәлі субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық
атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін
заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету
белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы
мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз – бұл тіркелген
ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық
жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа
шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлар мен көрсететін қызметтен
айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы Тауарлық белгілер, қызмет
көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы
Заңның 4-бабы). Заңды тұлғаның даралану құралы ретінде тауарлық белгінің
немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін
де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы,
өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылуы қажет
болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу
мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі тауарлық марка белгінің
тауарлдың өндірушісін айыру құралы болып табылпды.
Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі міндеті
қызмет көрсету болатын заңды тұлгалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы болып
саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына немесе олардың
шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді
дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауын тіркеуге және
пайджалануға құқылы (Мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары).
Тауарлық белгіден өзгеше, тайардың шығарылатын орнының атауын пайдалану
құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа
заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз – бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу
құқығында оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері
бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін азаматтық айналымда өз атынан
әрекет ететін ұйым.
1.2. Заңды тұлғаның органдары.
Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері
алдында арнайы уәкілетсіздік (сенімхатсыз)өз атынан әрекет етуге уәкілетті
заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымлары заңды тұлғаның органдарына
жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық
(алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі
және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін,
олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау
түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекеленген
түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес,
заңды түлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші
тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз
өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді
(АК – ның 44-бабынының 4-тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару
әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын
растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық-құқықтарды иелену және өзінің қатысушылар мен
өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты
түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаны мұны істеуге құқықсы жоқ дегенді
білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады. (АК-
ның 5-тарауын қараңыз).
Азаматтық Кодекстің 35 бабына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқықтарға
ие болып, оның қызыметімен байланысты міндеттер атқара алады “Заңды
тұлғаның органы ” ұғымы мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиетте әртүрлі
пікірлер айтылған. Мәселен, М. И. Брагинский “орган оның еркін сыртта
қалыптастырып білдіретін оның бір бөлігі болып табылады” деп есептейді. Нақ
өзінің органдары арқылы заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне
азаматтық міндеттемелер алады.
В.В.Даличскаяның пікірінше, “заңды тұлғаның органдары өзінде бар
өкілеттіктерге сәйкес заңды тұлғаның еркін қалыптастыратын және білдіретін,
оның қызыметін басқаратын оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Заңды тұлғаның органдары – заңды тұлғаның заңнамаларына немесе
құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері”– бұл
В.К.Мукашеваның көзқарасы бойынша.
Әдебиетте заңды тұлғаның органдарын жіктеудің әртүрлі негіздері
ұсынылған. Мысалы, В.В.Дашнская, жоғарыда атап өтілгендей, органдарды
өкілеттіліктер сипаты бойынша, оларға кіретін лауазымды тұлғалар санымен,
өкілеттіліктерді қалыптастыру тәртібі мен оларға ие болу әдісі бойынша,
сондай-ақ қызыметінің мерзімдері бойынша жіктейді:
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттер алуы туралы Азаматтық
Кодекстің 37–бабының мазмұны бірқатар қарсылықтар туғызады. 1998 жылғы 2
наурыздағы Заңымен бірқатар бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізгенін
атап өткен жөн. Мәселен, заңды тұлғаның азаматтық құқықтар алуы және өзіне
міндеттері заңнамалық актілер мен құрылтай құжаттарына сәйкес тек өзінің
органдары арқылы қабылтыны анықталды. Сондай-ақ, баптан бұған дейін
олардыалу және заңды тұлғаның қалыптасушылары мен оның өкілдері арқылы
қабылдау мүмкіндігі қарастырылған тармақ алынып тасталды. Әдетте “заңды
тұлғаның іс-әрекетке қабілеттілігін жүзеге асыруды екі түрін айыну қажет”
екендігі атап көрсетіледі 1–ден, заң тұлғаның азаматтық айналымда, оның
өзге қатысушылармен қарым-қатынасында етуі, яғни әртүлі мәмілелер, шарттар
жасау, заңды тұлғаның құқықтарын қорғау кезінде сотта немесе төрелік сотта
сөз сөйлеу және; 2-ден заңды тұлғаның өзіне қабылдаған міндеттерді атқару
бойынша ішкі шаруалық қызметі. “Сыртқы айналымда” заңды тұлғаны оның
органдары немесе өкілдері білдіреді. Сонымен бірге, мәмілелер, соның ішінде
келісімдер-бұл Азаматтық Кодекстің 7-бабымен көзделген азаматтық құқықтар
мен міндеттердің пайда болу негіздерінің бірі ғана. Демек, заңды тұлғадағы
құқықтар мен міндеттер заңмен жас берілетін өзге де негіздер бойынша пайда
болуы мүмкін. Мәселен, егер 3-ші тұлғаларға заңды тұлғаның жұмысшыларының
еңбек міндеттерін орындау кезінде зиян келтірілсе, зиянның орнын толтыру
бойынша жауапкершілік заңды тұлғаға жүктеледі.
Заңды тұлғаның органдары туралы мәселеде олардың құдыретін анықтап
айыру проблемасы аса манызды болып көрінеді, өйткені, 1-ден, заңды тұлға
ортақ ереже бойынша құрылтай құжаттарымен белгіленгенімен өзінің
өкілеттігін асырумен заңды тұлғаның органы қабылдаған міндеті бойынша 3-ші
тұлғалар алдында жауапты болады, ал екінші жағынан, органың өзініңқұдіретін
бұзуы кейбір жағдайда оның жасаған мәміле жарамсыз деп тануға әкелуі
мүмкін. 1963 жылғы ҚазКСР-нің Азаматтық Кодексте осы секілді жағдайды
келесі түрде реттегенін еске сала кетейік: заңды тұлғаның өзінің қызметінің
белгіленген мақсаттарына қарай қайшы жасалған мәміле жарасыз саналады. Бұл
нормаға түсініктеме бере отырып, Ю.Г.Басин былай деп атап көрсетті: “заңды
тұлғаның органдарының құзыретін бұзатын мәмілелерді жарғыдан тыс деп
есептеу қажет. Жарғыдан тыс мәмілелердің маңызы жоқ”. Біздің пікіріміше
норманың бастапқы және қазіргі редакциясы арасындағы принциптік айырмашылық
жасалған мәмілені жарамсыз деп тануды талап ету құқығы бар тұлғалар тобын
өзгертуден тұрады. Мәселен, 1998 жылғы 2 наурыздағы түзетулерге дейін
мұндай құқыққа:
– заңды тұлғаның өзі;
– оның құрылтайшысы (қатысушысы);
– заңды тұлғаның қызметі үстінен бақылауды немесе қадағалауды жүзеге
асырушы мемлекеттік орган иеболды. Қазір мұндай талап беру құқығына тек
заңды тұлға мүлікінің меншік иесі болады. Сондықтан Азаматтық Кодекстің
159-бабының 11 тармағын қазіргі редакцияда сөзбе-сөз түсіндіру шаруашылық
серіктестіктердің қатысушыларына, акционерлік қоғамдардың акционерлеріне
талаптар беруге құқық бермейді.
1.3. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы
табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс
қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық
қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар
қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін
құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай
белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір
құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз – бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік
азаматтық құқықтарыд иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару
жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың
субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1-бабы), ол құқық қабілеттігіне ие
болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттіліг мен әрекет қабілеттілігі
олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда
болатындықтан (АК-ның 42-бабының 3-тармағы), заңды тұлғалар үшін бұл
санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабілеттіліг бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты
қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35-бабы) және жарғылық міндеттерді
жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілер негізінде пайда болады.
Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып табылады.
Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінін мазұнын анықтауда ең
алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілердің ауқымы назарда болады.
Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға зағдарға немесе құрылтай
құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай
келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігі рұқсат етілгеннен басқанын бәріне тыйым салынған деген
принципте бейнеленеді.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметінде икемділіктің болуын талап етті, ал заңды тұлғалардың тар өрісті
арнайы құқық қабілеттілігі бүгінгі күннің шындығына сай келе алмады.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі және оған сәйкес
қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігін ұлғайтты.
Алайда объективтік мағынада алғанда заңды тұлғаларға қатысты жалпы немесе
әмбебап құқық қабілеттілік жайында сөз қозғауға болмайды, өйткені заңды
тұлға дегеніміз – бұл белгілі бір мақсаттар үшін ұүрылатын және сондықтан
жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысынан нақты
құқықтар мен міндеттер алатын құқық субъектісі болып табылады. Сондықтан
кез келген заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі арнай сипатта болады. Олардың
кейбіреуінің құқық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай құжаттарында
егжей-тегжейлі көрсетілген. Басқа түрлерінің құқық қабілеттілігі әмбебап
қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мұның ең алдымен, коммерциялық заңды
тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабының 1-тармағы). Олардың құқық
қабілеттілігін тыйым салынғаннан басқанын бәріне рұқсат етілген
принципімен бейнелеугеболады. Алайда кейбір заңды тұлғалардың, ең алдымен,
мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі арнайы сипатта болады.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда
болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында
тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлеріментек лицензия негізінде ғана
айналыса алады. Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет
болтын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен, сол лицензияны алған сәттен
бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-
тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне
байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа
коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым
салынбайтын кез-келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz