Заңды тұлғаны құру тәсілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Заңды тұлға ұғымы мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Заңды тұлғаны құру тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3. Заңды тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1 8
a) коммерциялық үйым;
б) коммерциялық емес ұйым.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 21
Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Кіріспе

Соңғы 10 жыл ішінде біздің елдің экономикасы көптеген өзгерістер
болды. Жаңа ғана тәй-тәй басып келе жатқан ел экономиксы аяқ тұрар
шағында көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерді басынан кешірді. Осы тар
жаол тайғақ кешкен жылдардан аман есен шығу жолында мемлекеттің арнайы
механизмі мен республикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үлкен
көмек болды десек те болады. Мемлекет , заңды және жеке тұлғалар бірлесіп
құрған көптеген заңды тұлғалар бүгінгі күні біршама дамып, нарықтық заман
баспалдақтарымен батыл жоғары дамып келеді.
Курстық жұмысыма заңды тұлғалар тақырыбын алу себебімнің бірі осы
жоғарыда айтылған жағдайлардың көрінісі. Ел экономикасында жеке меншік
секторы көбейіп келеді. Соған сәйкес заңды тұлғалар саны да күн санап
көбеюде. Бұл жерде тек қана мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке меншік
заңды тұлғалардың саны көбейіп келе жатқанын айтқан жөн деп ойлаймын.
Осыған байланысты жаңа нысандағы заңды тұлғалардың ерекшелігін зерттеу аса
өзекті мәселе деп ойлаймын.
Қазір осы заңды тұлғалар түсе алатын азаматтық-құқықтық
қатынынастардың да шеңбері кеңеюде. Егер бұрынға Азаматтық кодекс
бойынша заңды тұлғалар заңдармен рұқсат берілген ғана қатынастарды жасай
алса, ал бүгінгі әрекет етуші кодекс (1994 жыл 27 желтоқсан) бұл
қатынастар шеңберін мейлінше ұлғайтты. Яғни, олар заңмен “тиым салынбаған
қатынастардың бәрін жасай алу” принципіне негізделеді.
Жалпы курстық жұмысымның мақсаты заңды тұлғаларға кең түсінік
беру, заңды тұлғалар ұғымының болмысын түсіндіру. Сонымен қоса заңды
тұлғаларды құрудың тәсілдері, олардың бір ерекше белгілерінің бірі заңды
тұлғалардың әрекет қабілеттігі туралы біршама зерттеулер жасадым.
Жұмысымның үшінші бөлімінде мен заңды тұлғалардың негізгі түрлеріне, яғни
коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, көңіл бөлуді мақсат еттім.
Сонымен қоса бұл жерде заңды тұлғаларды жіктеудің негізгі прициптеріне
назар аударамын.
Қурстық жұмыстың жаңалығы оның Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясының танымал заңгерлерінің монографиялық еңбектері мен
кітаптарындағы мәліметтерді қорытындылап жазуымда деп ойлаймын. Сонымен
қоса курстық жұмысты жазу барысында Қазастан Республикасының Азаматтық
кодексінің заңды тұлғаларға қатысты жекелеген баптарына нақты мысалдар
келтірілді.

1 1. Заңды тұлғалар ұғымы мен белгілері

Қазақстан Республикасының әрекет етуші Азаматтық кодексінің 1-
бабына сәйкес азаматтық қүқықтық-қатынастардың субъектісі болып жеке тұлға,
мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер және заңды тұлғалар табылады.
Заңды тұлға ұйымдасқан, арнайы құқықтар мен міндеттерге ие, азаматтық-
мүліктік қатынастар субъектісі болып табылатын ұйым. Заңды тұлғаның
құрылтайшылары (оның қатысушылары) заңды тұлғаны мүліктік қатынастар
субъектісі ретінде өзінен бөліп шығару үшін құрады. Қазігі күні заңды
тұлға институтының азаматтық мүліктік қатынастар үшін маңыздылығы мынада:
оның құрылтайшылары мүліктік қатынастарға түскен кезде өздерінің
кәсіпкерлік тәуекелдерін өзіне керек деген сомамен шекиеуге мүмкіндігі
бар.[1]
Бірақ та, қанша айтқанмен де заңды тұлға құқықтық категория
ретінде заң әдебиеттерінде бірыңғай анықтама тапқан жоқ. Соан байланысты
қазіргі кезде азаматтық құқық ғылымында заңды тұлғалар туралы бірнеше
теориялар мен тұжырымдамалар бар.
Кеңес мемлекеті өмір сүрген кезде азаматтық құқық теориясында заңды
тұлғалар мәні туралы пікір таластар көп болған еді. Бұлкезде зерттеу
объектісі ретінде көбінесе мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер болды,
бұл мнің ойымша, КСРО экономикасында тек қана мемлекеттік меншіктің
доминант болғандығымен түсіндірілді. Бұл жерде заңды тұлғаларға
мемлекеттік сипат беретін зерттеулерді атақты академик А.В.Венедиктов
өзінің ұжымдық теориясымен түсіндіреді. Бұл ғалымның айтуы бойынша
мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а)мемлект
атынан барлық халық; б) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, академик Д.М.Генкин “әлеуметтік ақиқат теориясын” ұсынды, яғни
онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық
заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, заңды тұлға азаматтық құқықпен
жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой
“директор теориясын” алға тартады, оның пікірінше, мемлекеттік заңды
тұлғаның еркін білдіруші – директор болып табылады.
Бірақ бүгінгі күні теориялық дискуссияларда заңды тұлғалардың
мәні туралы пікірталастар аса маңызды деп айтуға болмайды. Ғылыми
әдебиеттердегі соңғы пікірлер мен тұжырымдамаларға жүгіне отырып,
заңды тұлғаға “мақсатты мүлік” деген түсінік беруге болады.
Е.А.Суханаовтың айтуы бойынша бүгінгі күндердегі коммерциялық практика
“мақсатты мүлік” териясын растап отыр. Яғни бұл жерде заңды тұлғаны
тұлғаландырылған мүлік деп түсінуге болады, оның негізгі мақсаты
азаматтық және сауда айналымдарына қатысу.
Батыс елдерінде заңды тұлғаға қатысты фикция теориясы мен шындық
теориясы кең тараған.
Фикция теориясы герман юристі, герман тарих мектебінің атасы
К.Ф.Савиньи атымен тығыз байланысты. Оның ойынша адам және тек қана адам
әрекеттегі азаматтық құқық субъектісі болып келеді. Оның тұжырымдамасы
бойынша, заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі болып табылмайды, тікелей
субъект болып заңды тұлғаны құрайтын жеке тұлғалар болып саналады. Фикция
теориясы Англия мен АҚШ-та кеңінен қолдау тапты.
Шындық теориясының шығыуы XIX ғасырдағы неміс заңгері Гиркемен
байланысты. Ол заңды тұлғаны азаматтық құқықтың бірден-бір субъектісі
ретінде таниды. Гирке заңды тұғаны біріккен тұлғалы, мемлекеттен бөлек
әлеуметтік шындық ретінде бейнелеген. Шынымен айтқанда, Гирке Савиньи
сияқты да идиологилық позициядан шықты, бірақ ол заңды тұлғаны біріккен,
құрама шынайы тұлға деп айтты. Бүгінгі органикалық теорияны ұстанушылар
да заңды тұғаны құқықтар мен міндеттер жүктелген ерекше мүдделердің
бірлігі деп те атайды. Яғни арнайы адамдар, құрылтайшылар, заңды тұдғаны
белгілі бір мақсатқа жету үшін құрады (пайда табу, құықтарын жүзеге асыру).
Батыс құқығында заңды тұлғаны азаматтық құқықтық
қатынастардыңмүшесі болып табылатын ұйым немесе мекеме деп таниды. Заңды
тұлғаға неғұрлым кең түсінікт Латын Америкасының азаматтық кодекстерінде
берілді. Мысалы, 1865 жылғы Чили азаматтық кодексі бойынша азаматтық
айналымға қатысып, құқықтарға ие болып, азаматтық міндеттерді орындай
отырып, құқықтық және құықтық емес қатынастарға фиктивті қатысатын
тұлға. Оған ұқсас анықтамаларды Колумбия, Сальвадор және Эквадор
азаматтық кодекстері береді.[2]
Заңды тұлғаға құықтық анықтаманы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіні 33-бабы береді: меншік, шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз
міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік
емес жеке құқықтаррға ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта
жауапкер және талапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды
тұлғаның дербес баланасы мен сметасы болуы тиіс (АК. 33б). Жоғарыда
көрсетілген анықтамадан бізде Қазақстан Республикасында кез-келген ұйым
заңды тұлға бола бермейтіндігін көруге болады. Заңды тұлға статусына ие
болу үшін ұйым келесідей белгілердің бірлігіне ие болу тиіс:
• ұйымдық бірлік;
• мүліктік оқшаулық;
• дербес мүліктік жауапкершілік;
• азаматтық айналымға өз атынан шығу.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаға ұйым деген анықтама береді, бұнысын
бізолардың коммерциялық және коммерциялық емес деп болінуәнен көреміз. Ұйым
деген термин астарынан біз азаматтардың арнайы құрылған, жұмыс істеу мен
әрекетену ережелеріне бағынатын бірлестігін түсінеміз. Ал жай ғана жеке
индивидтердің бірлесуі заңды тұлға бола бермейді, онда ең бастысы
келіскен білрлік балу керек. Көптеген адамдардан тұратын заңды тұлғаның
ұйымдық бірлестігі дегенде, олардың азаматтық құқықтық, ақша тауарлы
қатынастарға бір бүтін ретінде қатысуын түсінуіміз қажет.
Сонымен қоса ұйымдық бірлестік дегенде бұл жерде міндетті түрде көп
азматтардың болуы шарт емес. Заң бойынша заңды тұлғаларды бір немесе
бірнеше қрылтайшылар құра алады. Өйткені көптеген мемлекеттерде соңғы он
жыл ішінде капталдың бір орталыққа жиналуна байланысты бір ғана
құрылтайшыдан тұратын заңды тұлғаларсаны көбеюде. Бұл құдылысты нарықтық
қатынастардың ықпалы деп түсінуге болады. Мысалға, 70-жылдардың басында
ФРГ-дегі 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 9300 (яғни 22
пайызы) бір адамнан тұратын компанияларға ауысты. Германияда бір мүшеден
тұратын акционерлік қоғам құруға рұқсат беретін заң актілері қабылданған
балтын (1968 жылғы 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруға рұқсат беретінзаңдар
қабылданды(1980 жылғы 4 мамырдағы Заң).Осындай көріністерді Франция, АҚШ,
Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания және Англия мемлекеттерінің заң
актілерінен көруге болады.
Біздің бұрынғы азаматтық кодекс бойынша бір адамнан тұратын заңды
тұлға құруға рұқвсат берілмеген болатын. Ал қазіргі әрекет етуші кодекс
бойынша бізде бірадамнан тұратын заңды тұлға құруға рұқсат берілді.[3]
Мысалға, АК-тің 58-бабының бірінші тармағына жүгінсек: Шаруашылық
серіксестіктерді бір адам құруы мүмкін, ол оның біден-бір қатысушысы болып
табылады. Қазіргі күні республикада бір адамнан тұратыншаруашылық
серіктестіктер, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құру
тәжрибесі кең таралып отыр.
Заңды тұлғаның ұйымдықбірлігі оның құрылтай құжаттарынан да көрініс
табады. Азаматтық кодекстің 41-бабына сейкес заңды тұлға өз қызметін, егер
заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы, не құрылтай шарты мен жарғысы
негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарында көрсетілген реттерде
коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлғаларға осы түрдегі ұйымдар
туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады. Шағын кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатыын заңды тұлға өз қызметін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен типтік жарғы негізінде жүзеге асыра алуға
мүмкіндігі бар. Бұл жерде заңды тұлғаның жарғысы мен оның құрылтай шарты
оның мүшелерінің әрекет ету мінез-құлық ережелері ретінде түсініге болады.
Құрылтай шартында оның құрылтайшылары заңды тұлға құруға міндеттенеді,
оны құру жөнінде бірлескен қызмет тәртібін, оның мүлікіне өз меншігін беру
және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді, бұл жерден заңды тұлғанын
ұйымдасқан бірлігін көре аламыз. Жарғы кәсіпорын құрылтайшыларымен
бекітіледі, ал құрылтай шарты құрылтайшылары арасында жасалады. Заңды
тұлғаның жарғысы оның атауын, тұрғылықты орнын, оның органдарының құрылу
тәртібі мен олар құзіретін, оның қызметін, қайта құру мен қызметінің
тоқтатылу ережелерін қамтуы тиіс. Егер заңды тұлғаны бір адам құрса, онда
мүлікті құру және табысты бөлу тәртібі де белгіленуі тиіс. Мемлекеттік
кәсіпорын үшін жарғының болуы міндетті болып табылады.
Мүліктік оқшаулық – ол заңды тұлғаның негізгі белгісі болып
табылады, бұл белгіден дербес мүліктік жауапкершілік белгісі туындайды.
Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы ол өзіне жекеше қолданатын мүліктің
бекітілуінен көрінеді. Ю.К.Толстойдың айтуынша ұйымды заңды тұлға айту
үшін деп оқшауланған мүлкі бар ұйымды емес, мүліктік оқшаулықта функция
ететін ұйымды айтады, ал бұл екеуі бір нәрсе емес.[4]
Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы оның мемлекеттік тіркеуден
өткенінен кейін пайда болады. (Мысалға акционерлік қоғам үшін сол үшін
арнайы қаражатты құйған соң; 8-бап Акционерлік қоғам туралы Заң).
Заңды тұлғалардың мүлкінің оқшаулануы ол мүлікке деген меншік
нысанына байланысты (мемлекеттік меншік, жеке меншік). Егер ол мемлекеттік
кәсіпорын болса, ондағы мүлік шаруашылық басқару немесе оралымды басқару
құқығында болады, бұл белгі оны басқа кәсіпорындар мүлкінен
ерекшелендіреді. Мүліктік оқшаулық заңды тұлғаның жеке бухгалтерлік болуына
мүмкіндік береді. АК-тің 33-бабының 1-тармағына сәкес заңды тұлғаның
дербес балансы мен сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның дербес мүліктік жауапкершілігі оның мүліктік
оқшаулығына негізделеді. АК-тің 33-бабында ...оқшау мүлкі бар және сол
мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін деп жазылған анықтама
осыдан шығады. Бұл белгі өз көрінісін Ак-тің 44-бабынан да тапты:
құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және
қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша
өздеріне тиесілі барлық мүліпен жауап береді.
Мекеме міндеттемелері бойынша өз билігіндегі барлық ақшамен жауап
береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайларда олардың міндеттемелері бойынша
олардың құрылтайшылары жауап береді. Мемлекеттік мекеме міндеттемелері
бойынша өз билігіндегі барлық ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің
ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазастан
Республикасының Үкіметі немесе тиісьі әкімшілік-аумақтық бөлініс жауап
береді. Егер де заңды тұлғаның банкротығы оның құрылтайшысының немесе
мүлкінің меншік иесенің іс-әрекеттерінен туындаған балса, заңды тұлғаның
қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшы немесе мүлкінің меншік иесі
несие беруші алдында субсидарлы жуаупкершілікте болады.
Заңды тұлғаның құрылтайшы немесе мүлкінің меншік иесі заңды
тұлғаның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал заңды тұлға
құрылтайшының немесе мүлкінің меншік иесінің жеке міндеттемелері бойынша
жауп бермейдіБұған азаматтық кодексте және де өзге де заң актілерінде
көрсетілген жағдайлар қосылмайды.
Азаматтық айналымға өз атынан түсуі заңды тұлғаның процессуалды
белгісі болып табылады. Заңды тұлғаның бұл белгісін Азаматтық кодекстің
заңды тұлғаға анықтама берген 33-бабынан көре аламыз; ...өз атынан мүліктік
және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды
тұлғаның атауы оны азаматтық қатынастарға түскен кезде индивидтендіретін
және жекешелендіретін құрал болып табылады.
Заңды тұлғаның атауы оның тікелей қалай аталатындығын және де оның
ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды.Атау заңда көрсетіген басқа да
мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мысалға, Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
ЖАҚ. Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаның атауа ол
мемлекеттік тіркеуден өткен соң сол ұйымның фирмалық атауы болып та
табылады. Заңды тұлғаның атауы онын меншігі болып табылады, егер оны басқа
да бір заңды тұлға заңсыз түрде пайдаланса, ол сот алдында жауапқа
тартылады. Заңды тұлғада атауымен қоса тауарлық белгі немесе қызмет көрсету
белгісі сауда маркасы болады. Тауарлық белгі дегеніміз – заңдарға сейкес
заңды тұлға атауымен бірге тіркелетін белгі болып табылады. Тауарлық белгі
маңыздылығы – ол заңды тұлғаның шығрған таурларын басқа да заңды және жеке
тұлғалардың шығарған тауарларынан айырудың құралы болы келеді. Тауарлық
белгі немесе қызмет көрсету белгісі заңды тұлғаны айқандаушы белгі ретінде
тұтынушыға да, тауарды ұсынушыға да практикалық маңызы зар. Тауарлық белгі
арқылы тұтынушы сол тауарды шығарушыны қарсылық пен талап қою үшін оңай
табуға ықпалын тигізеді. Сонымен қоса тауарлық белгі атақты таур
өндірушіні айқындауға зор көмектеседі.
Тауардың шыққан жерінің атауы да заңды тұлғаны айқындаудың құралы
болып табылады. Егер тауардың сапасы саол таурадың шығарылатын жерінің
табиғи жағдайларымен немесе сол жердегі адами фактормен айқындалатын
болса, онда заңды тұлға тауардың аты ретінде тауар шығарылатын жер атын
бірге тіркеп, пайдалануға құқықлы (Қарағанды конфеті, Павлодар жанар-жағар
майы, Атырау балығы, Семей байпағы). Тауарлық белгіден қарағанда
тауардын шыққан жерінің атын пайдалануға шек қойылмайды, Ол жердің атауы
кез келген мүдделі заңды тұлға пайдалана алады.
Сонымен жоғарыдағы көрсетілген төрт белгіні қорыта отырып заңды
тұлғаға Азаматтық кодекс мынадай анықтама береді: Заңды тұлға - меншік,
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалардың жауапкершілігі. Азаматтық құқық
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Коммерциялық заңды тұлға
Азаматтық құқыққа, жеке меншікке қатысты сұрақтар
Заңды тұлғаның құқық қабіліттігі
Заңды тұлға туралы түсінік
Заңды тұлға
Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Азаматтық құқық субъектісі коммерциялық емес тұлғасы ретінде
Пәндер