ЗАТ ЕСІМДІ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
әл-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА

ЗАТ ЕСІМДІ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ

ЖАСАЛУЫ

Баяндамашы: Л.Бегалиева
ҚазҰУ ізденушісі
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор,
А.Б.Салқынбай

Алматы-2009 ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Тіл біліміндегі синонимдердің зерттелуі мен жасалу жолдары
2. Зат есімді синонимдік қатарлардың жасалу жолдары
1. Зат есімді синонимдік қатарлардың фонетика –семантикалық тәсіл
арқылы жасалуы
2. Зат есімді синонимдік қатарлардың семантикалық тәсіл арқылы жасалуы
3. Зат есімді синонимдік қатарлардың синтетика –семантикалық тәсіл
арқылы жасалуы
4. Зат есімді синонимдік қатарлардың аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер бастауы тереңде жатыр. Түркітанушылар
зерттеуі – өз алдына үлкен іргелі еңбектер. Ал лексикология саласының
зерттелуі түркітану ілімінде де, жалпы тіл білімінде де кеш қолға алынған.
Қазақ тілінің лексикологиясының ғылыми түрде зерттелуі Кеңес дәуірінен,
ғылымның бір жолға қойылуынан басталды. Қазақ тілінің лесикологиясының
құрамында қарастырылатын термин сөздерді ретке келтіру қазақ тілі ғылымының
бір жүйеге түсіріп алудың негізгі көзі болды. Ғылыми пән ретінде оқытылмай,
бұрын зерттелмей келе жатқан тіл білімінің саласы лексикология еді. Тіл
білімінің бұл саласы 40 жылдардың екінші жартысы мен 50 жылдарға тура
келді. Бұл жылдары қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы зерттеу
нысанына айналды. С. Малов пен Н. Сауранбаевтың қазақ (түркі) тілінің
тарихы туралы зерттеулер жазса, диалектология саласында С. Аманжолов, Ж.
Досқараев сынды ғалымдар жергілікті тіл ерекшеліктерін, лексикалық
ерекшеліктерді, олардың әдеби тілде қолданылатын сөздермен синонимдік қатар
құрайтынын сөз етеді. Сонымен бірге 1950 жылдары синонимге, олардың
мағыналық ерекшеліктеріне қатысты біраз ой-пікірлердің Н. Сауранбаев, І.
Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев сынды алғашқы тіл зерттеушілерінің еңбектерінде
синонимдер жайлы үстірт қарастырылғаны Ә. Болғанбаевтың зерттеуінде айтылып
өтеді [3].
Қазақ тіл білімінде синоним сөздер, олардың мағыналары, синонимдік
қатардың тізбегі, синонимдердің жасалуы жайлы жүйелі зерттеуге айналуы,
ғылыми айналымға енуі Ә. Болғанбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ғалым зат
есімді синонимдерді зерделей келе, олардың қасиеті мен заңдылығын, мән-
мағынасын, түрлерін түгел қамтып көрсетіп бере алмайды деп санайды. Себебі
әр сөз табының өзіне тән ерекшелігі, грамматикалық заңдылығы, өзгеру жүйесі
бар екендігін сөз ете келіп: “Қазақ тіліндегі синонимдерге қатысты барлық
мәселені түбегейлі зерттеп, егжей-тегжейіне дейін тәптіштеп түгел шешіп
беру мәселесін” 1970 жылы жарық көрген “Қазақ тіліндегі синонимдер”
еңбегінде негізгі мақсат ретінде алғанмен, басты шешім болмайды деп
есептейді [3, 5 б]. 1962 жылы тұңғыш рет жарық көрген “Қазақ тіліндегі
синонимдер сөздігі” 4500-ге жуық жеке сөз, яғни 1400-ден астам синонимдік
қатарды қамтыған. Ал соңғы 2007 жылғы С. Бизақовтың авторлығымен жарық
көрген “Синонимдер сөздігінде” 3800-дей синонимдік қатар еніпті. Бұл жарты
ғасыр ішіндегі синоним сөздердің сөздік құрамымызды толықтырғанын, сондай-
ақ қазақ лексикологиясының дамығандығын көрсетеді.
Жалпы ғалымдардың еңбектерін қарасақ, олардың барлығы да синонимдерге
анықтама беруден бастаған. Мысалы, Ә. Болғанбаев өз еңбегінде Н.Т.
Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов сынды ғалымдардың
синонимге берген анықтамаларын саралай келе, тілдегі синонимдерге тән
белгілерді санамалап көрсетеді. Жалпы тіл білімінде танылып жүрген 1)
сөздің сырт формасында аз да болса, өзгешелігі болуы шарт; 2) сөздер бір
ғана ұғымды білдіруі шарт; 3) синоним болып жұмсалатын сөздер бір сөз
табына қатысты болуы шарт деген үш түрлі шартқа қосымша мынадай белгілердің
болуын дұрыс деп санайды: 1) бір сөз табынан болған синонимдердің бірыңғай
грамматикалық тұлғада келуі, 2) бір синонимдік қатарға енген сөздер сөйлем
ішінде алмасып келгенмен бір қызметті атқарып, бір сөйлем мүшесі ретінде
танылуы керек [3, 15 б]. Негізгі зерттеу нысаны синонимдер болғандықтан,
ғалым мұндай белгілерді тап басып тани алған.
Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы
түркітанушылар мен қазақ ғалымдарының зерттеулері негізінде біріккен
авторлар Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томановтың “Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі” (1971) [4], К. Мұсаевтың “Лексикология тюркских
языков” (1984) [5], “Қазақ тілі тарихи лексикологиясы” [6] еңбектерінде
синонимдер жайлы, олардың көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетіні
туралы, сонымен бірге орта дәуірдегі, ұлт болып қалыптасқанға дейінгі және
кейінгі кезеңдердегі шығармалардағы синонимдердің қолданылуы жайлы молынан
жазды. Дегенмен, синонимдердің берілу сипаты тек құрылымдық тұрғыдан ғана
көрсетілді. Олар танымдық, болмыстық тұрғыдан зерттелмеді.
Ғылыми еңбектерден байқағанымыздай, соңғы жылдары синонимдерге, олардың
жасалуына, синонимдік қатарларға қатысты материалдардың аздығынан, дәлірек
айтсақ, когнитивті мәніне қатысты ғалымдар пікірлерінің аздығы да
зерттеуіміздің өз шешімін табуына әсерін тигізіп отыр. Қазақ тіл білімінде
синонимдерді алғаш терең зерттеген, тамаша еңбек жазған ғалым Ә.
Болғанбаев. Ғалымның 1957 жылы жарық көрген “Қазақ тіліндегі зат есімдік
синонимдер” атты зерттеу еңбегінен бастап, “Қазақ тіліндегі синонимдер”,
“Қазақ тілінің синонимдер сөздігі” атты еңбектері жарық көрген. Ә.
Болғанбаев синонимге алғаш толық анықтама берген, жүйелі зерттеген
ғалымдардың бірі болды. Ол синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналарын,
олардың қолданылу дәрежесіне байланысты былай бөледі:
1) Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары
және төмен дәрежеде болуы мүмкін. Синонимдер градация жолымен (бірден-
бірге басқыштап) өзгеріп отырады: аяз сөзіне қарағанда үскірік
сөзінің мағыналық салмағы күштірек;
2) Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады: ұрыс –
соғыс, мұғалім – ұстаз, жабу – кілттеу.
3) Синонимдер бір-бірінің мағыналарының аз-көбіне қарай ажыратылуы
мүмкін: ат – көп мағыналы, ныспы – бір мағыналы.
4) Бір синонимдік қатарда жатқан мағыналас сөздердің біреуі деректі,
екіншісі дерексіз болып келеді: маңдай – пешене, жүрек – көңіл т.б.
5) Синонимдік қатар құрайтын жұптардың біреуі тура мағынада қолданылса,
екіншісі ауыспалы мағынада қолданылады: көмей – көмекей. Көмей сөзі
ауыспалы мағында жұмсалады, ал көмекей сөзі тек адамға қатысты тура
мағынада жұмсалады.
1) Жаңа атау жасауға қабітті, қабілетсіздігіне қарай өзгешеленеді: сапар
– жол, сүрлеу – жол. Сапар, сүрлеу сөздерінің көп жаңа атау туғызу
мүмкіндіктері шектеулі болса, жол сөзінің сөз тудыру мүмкіндігі мол
[3, 106 б.]. Тіліміздегі жалпы синонимдердің тұлғалық, мағыналық,
функционалдық қызметтеріне орай бөлінген белгілері осындай. Ал мәдени
бағдарлама аясында С. Бизақовтың авторлығымен жарық көрген
“Синонимдер сөздігінде” синонимдердің лексикалық, морфологиялық,
синтаксистік түрлері бар екендігі айтылады. Бұл еңбек соңғы синоним
саласындағы жарық көрген ірі еңбектердің біріне саналады. Профессор
М. Серғалиев синонимдерді синтаксистік синонимдер тұрғысынан
зертттеді. Бұл синонимдер аясының кеңдігін көрсетеді. Ғалым
синтаксистік синонимияның бірнеше принциптерін атап көрсетеді. Сондай
принциптердің бірі — мағыналық жақындық принципі [12, 746 б.].
Синонимдер тек лексикологияның ғана зерттеу нысаны болып қалмайды.
Сонымен бірге ол жасалу жүйесі мен жолы жағынан сөзжасаммен, мағыналық
құрылымының өзгешелігі жағынан семантикамен, қолданыс аясы мен мүмкіндігі
жағынан стилистикамен, сөйлеу тілінде жұмсалуы жағынан функционалды
грамматикамен, тарихи қалыптасуы мен даму жолына байланысты тарихи
лексикологиямен де байланысты қарастырыла алады. Синонимдердің жасалу жолы
мен пайда болуында, қолданысында өзіндік ерекшелік бар. Синонимдердің пайда
болуы ең алдымен ұлт өкілдерінің таным–түсінігінің кеңеюімен түсіндіріледі.
Синонимдердің пайда болуының басты шарты да осы танымда қалыптасып танылған
бір–біріне жақын, мәндес ұғымдарды белгілеу болып саналады. Осы реттен
алғанда, синоним сөздердің мағынасын қосымша реңкті ғана білдіреді деп
санауға болмайды. Қосымша реңкті білдіру қосымшаларға тән құбылыс.
Синонимдер өзге де жеке атаулар сияқты жеке сөз ретінде танылады, демек
мұның толық жеке мағынасы бар сөз. Синонимдердің ішкі семантикалық
мағынасын терең ашу біздің болашақтағы жұмыстарымыздың басты негізі
болмақшы.
Бұл зат есімді синонимдер жайлы жазылған ебектердің жоқтығын, өзге
синонимимяның зерттелгенін Ф. Оразбаеваның сын есімдер синонимиясы туралы,
М. Серғалиевтің синтаксистік синонимия, Г.Н. Смағұлованың фразеологиялардың
мағыналастығы, ал А.Ә. Османның етістіктер синонимиясы жайлы жазылған
еңбетерін ғана атап өтуімізге болады. Бұл қазақ тіл білімінда саусақпен
санарлықтай ғана зерттеулер. Ал еңбектерде ішінара синонимдердің жасалуы,
олардың стильдік ерекшеліктері, дыбыстық сәйкестіктер арқылы кейбір
синонимдердің туыстас екендігін айқындаған аз да болса, үлкен ғылыми жүк
көтеріп тұрған ой-пікірлер Б. Сағындықұлы, А.Б. Салқынбай еңбектерінен
көрініс табады.
Тілімізде фонетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің көп екені
байқалады. Бірақ олардың қай сөз табында тұрғандығы сөзжасам үшін жасай алу
қабілетінде. Сондықтан тілімізде тек фонетика-семантикалық тәсіл арқылы
жасалған зат есім синонимдер ғана емес, қимыл мәнді синонимдік қатарлар,
сын-сапа мәніндегі синонимдік қатарлар да туындаған.
Нысан, нышан. Заттың белгісі. Белгілі бір заттың құбылыстың негізгі
нүктесін айқындауда, сонымен бірге басты белгі мағынасында да жұмсалады.
Мысалы, ағаштың алғашқы берген жемісін нышан деп атайды. Мұндай жағдайда
халқымыз ағаш нышан көрсетіпті деп айтады. Сонымен бірге ұлтымызда
Нышанбай, Нышанкүл, Нышаналы, Нысаналы деген есімдер де ол баланың белгісі
бар боп туылағандығынан хабар береді. Сондықтан оларға осындай ерекше
есімдер қойылады. Бұл жағдайда қазақтар нысаналы болып туылыпты немесе
нышаналы болып туылыпты деп айтып жатады. Міне, осының өзінен-ақ нысан және
нышан сөздерінің мағыналас екендігін айқындауға болады. Ал нысан деп
отырғанымыз көзге көрінетін немесе көзге көрінбейтін объект, яғни зат.
Әрбір заттың өзіне тән белгісі бар. Осы себептен де олар мәндес сөздер
қатарынан орын алады. Бұған қоса нысана сөзінің де осы сөздермен еш
талассыз мағыналас, төркіндес екендігіне дау жоқ. С ~ ш сәйкестігі арқылы
тілімізде бұдан өзге де көптеген мысалдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні (зат есімдердің негізінде)
Қазақ тіліндегі синонимдердің және синонимдік қатарлар
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары
Синоним қатары
Қазақ тілі - менің тілім, бабамның тілі
Қазақ тіліндегі периссология мәселесі
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Синонимия және сөз варианттары
Синонимдердің мағыналық реңкі
Пәндер