Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2008 жылғы 30 қыркүйектегі

№246 қаулысына

ҚОСЫМША

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2009-2011 жылдарға арналған

орта мерзімді фискалдық саясаты

Орал қаласы 2008 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

  1. Әлеуметтік-экономикалық ахуал . . . 4

1. 1. Облыстың 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және 2008-2011 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштер серпінін бағалау . . . 4

1. 2. Бюджет жүйесін жетілдіру . . . 5

  1. 2009-2011 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері . . . 10

2. 1. Фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері . . . 10

2. 2. Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары . . . 10

  1. Фискалдық саясатты іске асыру тетіктері . . . 11

3. 1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері . . . 11

3. 2. Кірістер саясаты . . . 16

Облыс бюджетінің кірістері және салық саясаты . . . 16

3. 3. Шығындар саясаты . . . 20

Басқару органдары . . . 21

Қорғаныс . . . 23

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік . . . 23

Білім беру . . . 24

Денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиолог. салауаттылық . . . 27

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек . . . 30

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық . . . 31

Мәдениет, спорт, туризм, мұрағат және ақпарат кеңістігі . . . 34

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау. 36

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі . . . 37

Көлік және коммуникация . . . 37

Басқалар . . . 38

3. 4. Бюджеттік несие беру… . . . 39

3. 5. Бюджетаралық қатынастар . . . 39

3. 6. Жергілікті атқарушы органның борышын басқару . . . 41

4. Қорытынды . . . 42

Қосымша . . . . . . …43

Кіріспе

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысына сәйкес, Мемлекет Басшысының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін», «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының «Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексі;

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты;

Батыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары;

аймақтық және салалық бағдарламалар негізінде әзірленді.

Орта мерзімді фискалдық саясаттың болжамды көрсеткіштері бюджеттің атқарылуын талдау мен бағалауды, бюджеттік бағдарламалардың іске асыру тиімділігін, Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі әлеуметтік индикаторларын және макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын ескере отырып әзірленді.

Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асырудың негізгі тетіктерін құрайды, тиісті кезеңіне арналған облыстық бюджет жобасын қалыптастыру негізі және мемлекеттік басқарудың мен бюджетаралық қатынастардың облыстық және аудандық (қалалық) деңгейінде салық және бюджет саясатын іске асыру кезінде үйлестіруші құжат болып табылады.

Осы құжатта 2009-2011 жылдарға арналған фискалдық саясаттың негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары айқындалды.

1. Әлеуметтік-экономикалық ахуал

1. 1 Облыстың 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және 2008-2011 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштер серпінін бағалау

2007 жыл (есеп)

Облыстың 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша орнықты экономикалық өсу қарқынының сақталғанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің өсу қарқыны 112, 7% құрады, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде - 12, 5%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 14, 8%-ға, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлуде - 20, 8%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі шаруашылықтың барлық санаттарында 32, 7 млрд. теңге немесе 2006 жылдың деңгейіне 112% құрады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 620, 7 мың га құрады, бұл 2006 жылғыдан 6, 6% аз. Соның ішінде дәнді дақылдардың үлесіне 85, 7%, азықтық дақылдарға - 10, 2%, майлы дақылдарға - 2, 8%, көкөніс-бақша дақылдарына - 0, 7%, картопқа - 0, 6% тиесілі.

Орта есеппен 8, 5 ц/га шығымдылықпен 422, 9 мың тонна бидай (өңделгеннен кейінгі салмақпен) орылды, 2006 жылғы деңгейден 1, 6 есе көп.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаты бойынша 34, 8 мың тонна мал мен құс сойыс салмағында етке өткізілді немесе 2006 жылдың деңгейіне 102, 1%, 228, 7 мың тонна сүт сауылды (104%), 106, 5 млн. дана жұмыртқа өндірілді (114, 1%) .

Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 186, 3 млрд. теңге көлемінде инвестиция салды, ол 2006 жылғы көлемнен 67, 2% көп.

Шағын бизнестің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің саны 23, 7 мың бірлікті құрады немесе 2006 жылға 110, 4%, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 56, 1 мың адамға дейін өсті (119, 1%), шығарылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің көлемі 88, 4 млрд. теңге (126, 5%), бюджетке түсімдер 11, 6 млрд. теңгені құрады (126, 8%) .

Жұмыссыздардың жалпы саны 2007 жылдың аяғында 2006 жылмен салыстырғанда 7, 8% азайды және 25, 5 мың адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар саны 12% азайып, 3277 адамды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 0, 8 пайыздық пунктке азайып, 7, 8% құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі 0, 2 пайыздық пунктке азайып, 1, 0% құрады.

2008 жыл (бағалау) және 2009-2011 жылдарға болжам

2008 жылы алдын ала бағалау бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 800, 7 млрд. теңгені құрайтын болады, бұл 2007 жылғы деңгейден 4, 7%-ға артық.

2008 жылы етке өткізілетін мал мен құс (сойыс салмағы) 2007 жылмен салыстырғанда 2, 4% өсіп, 35, 7 мың тоннаны құрайды. Сүт өндірісі 1% (230, 8 мың тонна), жүн 1, 1% (1, 7 мың тонна), жұмыртқа 1, 9% (108, 5 млн. дана) өседі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру бойынша күтілетін көлем 43, 6 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы деңгейден 4, 4% артады.

2008 жылғы бағалау бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілері 24779 бірлікті немесе 2007 жылмен салыстырғанда 104, 5% құрайды, соның ішінде заңды тұлғалар - 2901 бірлік (101, 1%), жеке кәсіпкерлер - 21878 (105%) .

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 58, 3 мың адамға жетеді, бұл 2007 жылғы деңгейден 3, 9% артық, өнімдер, тауарлар өндіру, атқарылатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер 98, 3 млрд. теңгені құрайды, бұл 11, 2%-ға көп.

Жалпы аймақтық өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 7% құрайды. Жан басына шаққанда жалпы аймақтық өнімнің көлемі 2011 жылға қарай 1724, 4 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Еңбек өнімділігінің деңгейі 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 17, 4%, 2010 жылы - 16, 3%, 2011 жылы - 9, 4% өседі.

2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2008 жылғы бағалауға қатысты 1, 6% өседі (895, 8 млрд. теңге), 2011 жылы - 3, 6%-ға (1033, 6 млрд. теңге) .

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2009 жылы 47, 9 млрд. теңге құрайды немесе 2008 жылғы бағалаумен салыстырғанда 9, 8% ұлғаяды, 2011 жылға қарай 57, 7 млрд. теңге құрайды немесе 32, 4% өседі.

2009 жылы шағын бизнестің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің саны 2008 жылғы бағалаудан 4, 7%-ға өседі және 26 мың бірлік құрайды, 2011 жылы - 15, 8% (28, 7 мың бірлік) . 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен тауар өндіру, қызмет көрсету 2008 жылғы бағалаумен салыстырғанда 11, 3% өседі және 109, 5 млрд. теңге құрайды, 2011 жылы - 38, 5% (136, 2 млрд. теңге) .

2009 жылы жұмыссыздар саны 2008 жылдың бағамымен салыстырғанда 1, 6% азаяды және 24, 9 мың адамды, 2011 жылы - 3, 2% (24, 5 мың адам) құрайды, жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы 7, 5%, 2011 жылы - 7, 4% құрайды.

  1. 1. 2. Бюджет жүйесін жетілдіру

Ағымдағы модель

2005 жылдан бастап бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бірыңғай қағидаттары, ережелерімен бірге бюджеттік қатынастар жүйесінің тұтастығын орнатуды, бюджет саласы шекараларын жете анықтауды, бюджет үдерісі және олардың өкілеттігін анықтауды, бюджет құрылымын және бюджет үдерісін жүйеге келтіруді, бюджет заңнамасының бұзылуына жауапкершілік нормаларын енгізуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі енгізілді.

Бюджеттік бағдарламалау мынадай үш қағидатқа негізделеді:

  • бағдарламалық даму стратегияларын анықтау;
  • бюджет ресурстарын анықтау;
  • бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау.

Бағдарламалық даму стратегияларын анықтау әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларында және салалық, аймақтық бағдарламаларда іске асырылады.

Бағдарламалар негізгі экономикалық, әлеуметтік және басқа да міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысқан ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық шаралар кешенін анықтайды, олар жіті анықталған мақсаттарға негізделеді және Батыс Қазақстан облысының 2015 кезеңге дейінгі даму стратегиясы анықтаған экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып іс-шаралардың мерзімдерін, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамтиды.

Қолданыстағы және әзірленетін өңірлік бағдарламалардың тізбесі Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының құрамында бекітіледі. Барлық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларда қаржылық қаражаттар көлемі жылдар және қаржыландыру көздері бөлінісінде анықталды.

Бюджет ресурстарын анықтау орта мерзімді макроэкономикалық сценарийлер негізінде, бюджеттік бағдарламалар - бастапқы екі элемент негізінде жүзеге асырылады.

Бюджеттік бағдарламалар экономикалық нәтижелерге байланысты облыстың ағымдағы қажеттіліктерін орындауға бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларына бөлінеді. Бұл заңнамада анықталған және қолданыстағы мемлекеттік мекемелер желісін ұстауға бағытталған және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталатын бюджет қаржыларының орындалу көлемінің құнын жергілікті атқарушы органдар функцияларының жіті бағалауына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Бюджет қаржыларының жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету және олар арқылы бюджеттік бақылау жүргізу үшін әкімші қызметіне жүктелген функциялардың орындалуын бағалайтын негізгі құжат ретінде бюджеттік бағдарламаның паспорты енгізілді. Мұндай шара бюджеттік бағдарламаларды тиімді жоспарлау мен орындалу қажеттігіне және бюджет қаржыларын тиімді пайдаланудағы әкімшілердің жауапкершілігін көтеруге байланысты қабылданып отыр.

Облыста тұрақты негізде жұмыс істейтін бюджеттік комиссия жұмыс жасайды, оның мақсаты тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және облыстық бюджетті нақтылау және оның орындалуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Комиссияның негізгі міндеттері :

алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу;

тиісті қаржылық кезеңге арналған облыстық бюджет жобасының көрсеткіштерін анықтау;

алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарлы қаржылық кезеңде қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатқа сүйене отырып олардың іске асырылу тетігін анықтау;

жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюы немесе түсімдерінің азаюын қарастыратын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

тиісті қаржылық кезеңге арналған облыстық бюджетті нақтылау;

облыстық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және осылар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Орта мерзімді фискалдық саясатты қалыптастыру

Келешектегі модель

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына арнаған өзінің жыл сайынғы Жолдауында таяу он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде стратегиялық міндет қойды. Бұл, өз кезегінде, әртүрлі салаларда, соның ішінде бюджет саласында реформа жасауды талап етеді. Бұнда, бюджет пен әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімді міндеттерін интеграциялау тұрғысында бюджет үдерісін жетілдіру нысана болып қалады.

Стратегиялық мақсаттарға жетуге және әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың тұтас, тиімді жүйесін қалыптастыру және түпкі нәтижелерге жетуге бағытталған бюджеттеу жүйесін құру үшін бюджеттік жоспарлауды жетілдіру мақсатында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі Тұжырымдама қабылданды.

Осы Тұжырымдаманың мақсаты мемлекеттік жоспарлаудың тиімді жұмыс істейтін жаңа үлгісін кезең-кезеңмен қалыптастыруға және енгізуге негізгі тәсілдер мен қағидаттарды әзірлеу болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:

мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау мен оларды орындаудағы дербестігін арттыруға, сондай-ақ нысаналы көрсеткіштер (индикаторлар) арқылы олардың ұсынылатын қызметтер мен соңғы нәтижелерге қол жеткізу жауапкершілігін күшейтуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің және ұстаудың жаңа тәсілдерін тұжырымдау;

мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру: мемлекеттің дамуының мақсаттары - мемлекеттік органдарды дамытудың стратегиялық мақсаттары - нақты міндеттер - индикаторлар - бюджеттік ресурстар;

бағдарламалық құжаттарды әзірлеу мен іске асыру және мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын пайдалануына байланысты олардың қызметінің ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік үдерісті реформалау.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа үлгісі жергілікті деңгейде мынадай элементтерді қарастырады:

1) стратегиялық бағдарламалық құжаттар - «Қазақстан-2030». Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Стратегиясы, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, облыстың 2015 кезеңге дейінгі даму Стратегиясы;

2) макроэкономикалық болжам және фискалдық саясаттың негізгі параметрлері;

3) мемлекеттік орган дамуының стратегиялық жоспары;

4) мемлекеттік органның есебі және бірқатар тағы басқа құжаттар.

Макроэкономикалық болжам және фискалдық саясаттың негізгі өлшемдері (бұдан әрі - Макроэкономикалық болжам) - бұл экономиканың ағымдағы жай-күйіне оның әр түрлі бөлінділерінде жасалған талдау мен құрастырылған кезде қабылданған бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ салық-бюджет саясат бағыттарын, соның ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде бюджеттің параметрлері мен бюджет шығыстары лимиттерін ескере отырып әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қамтитын құжат.

Мемлекеттік органның стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) - бұл мемлекеттік органға бөлінген бюджеттік лимиттермен өзара байланыста оның орта мерзімді кезеңге арналған қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын қамтитын құжат.

Стратегиялық жоспар мемлекеттік органның ағымдағы қызметінің миссиясын, көрінісін, талдауын, қызметтің стратегиялық бағыттарын, даму мақсаттарын, міндеттерді, әрбір стратегиялық бағыттар бойынша қызметтердің саны мен сапасының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктерін, оларды іске асырудың мүмкін құралдарын анықтайды.

Стратегиялық жоспардың құрамына Макроэкономикалық болжамда айқындалған бюджеттік өлшемдер мен бюджеттік лимиттер шеңберінде мемлекеттік органдар үш жылға әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар кіреді.

Мемлекеттік органның есебі - бұл мемлекеттік органның өткен жылғы Стратегиялық жоспары мен бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есебін, көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есепті, мемлекеттік орган қызметінің нәтижелілігі индикаторларына әсер ететін сыртқы факторларды бағалай отырып, мемлекеттік орган қызметінің тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуі туралы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге қажетті ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру туралы ақпараттарды қамтитын құжат, ол одан әрі ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Түпкі нәтижелерге жетуге бағытталған бюджеттеу жүйесін құру үшін бюджеттік жоспарлауды жетілдіру мынадай жолмен іске асырылады:

Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге негізделеді және стратегиялық бағыттар мен мақсаттарға сәйкес оларды пайдаланудың жоспарланған (іс жүзіндегі) нәтижелері мен бюджет қаражатын бөлу арасындағы тікелей байланысты көрсететін болады.

Бюджеттік жоспарлау мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларында белгіленген мемлекеттік органдар қызметі нәтижелілігінің нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталатын болады.

Бюджет үдерісінде нақты орта мерзімді бағдарлар шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджет үдерісінің барлық қатысушыларының жауапкершілігін арттыру мен дербестігін кеңейту арқылы «бюджет қаражатын басқару» әдісінен «нәтижелерді басқару» әдісіне көшу қамтамасыз етіледі.

Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуге көшу бір жылдан асатын кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде бар және олар басқаратын ресурстар көлемінің болжамдылығын арттыру мақсатында орта мерзімді бюджетті қалыптастыруды көздейді.

Өйткені, көптеген бюджеттік бағдарламалар бір қаржы жылының шегінде аяқталмайтындықтан, бюджеттік шығыстарды жоспарлау орта мерзімді келешекте жүзеге асырылуы қажет. Жергілікті бюджетті әзірлеудің жоспарланған мерзімі үш жылды құрайды. Бұл ретте, бекітілген бюджеттің екінші жылының жоспарланған көрсеткіштері сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың өзгеруін талдау есебінен келесі үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын әзірлеу кезіндегі бастапқы қадам болады.

2. 2009-2011 жылдарға арналған фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері

2. 1. Фискалдық саясаттың мақсаты мен міндеттері

Орта мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың басты мақсаты тұрақты экономикалық дамуды және өңірдегі барлық азаматтардың әл-ауқатының өсуін айқындайтын өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде осы мақсаттарға қол жеткізуге келесі негізгі міндеттерді шешу ықпал етеді:

- орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру;

- бюджеттік бағдарламалар жоспарлаудың сапасын жақсарту арқылы мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін және тиімділігін арттыру;

- жүргізіліп жатырған әлеуметтік реформалар, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларын және қоғамдық инфрақұрылымды дамытуды және басқа да басымды сала қызметін қаржылай қамтамасыз ету;

- экономикада салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін белгілей отырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;

- мемлекеттік қызметтерге барлық әкімшілік-аумақтық бірліктегі халықтың тең қол жеткізілімін қамтамасыз ете отырып, бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- бюджетті жоспарлау және атқару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету;

- бюджет қаражаттарын аймақтың орта мерзімді (бағдарламалық) құжаттарымен өзара байланыста басым сектораларға бағыттай отырып экономика салаларын әртараптандыру;

- мемлекеттік ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін жеткілікті стимулдар құра отырып, көрсететін мемлекет қызметтердің сапасын арттыру.

Қысқа мерзімді келешектегі негізгі мақсаттар: экономиканың қарқынды өсімін сақтау үшін жағдайлар жасау, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, «экономиканың қызып кетпеуіне» жол бермеу және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру, осы негізде макроэкономиканың тұрақтылығын сақтау басты міндет болып табылады.

2. 2. Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары

Фискалдық саясат міндеттерін іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша:

стратегиялық, орта мерзімді, өңірлік бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен тиімділігін бағалау, осы бағдарламалардың санын және іске асырылу тиімділігін оңтайландыру мақсатында жаңа тәсілдер енгізу;

салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту және салық салынатын базаны кеңейту;

шығыстарды, бір жағынан, мемлекеттік функциялардың толық көлемде тиімді орындалуын және екінші жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесуді қамтамасыз ететін деңгейді ұстау;

мемлекеттік шығыстардың нәтижелілігі мен тиімділігін, соның ішінде бюджет үдерісінің барлық деңгейлерінде бюджеттік бағдарламалау әдістерін одан әрі енгізу жолымен арттыру;

дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастырудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды дайындау, қарау, іріктеу үдерісін реттеу;

бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс және шығыс өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату;

бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың құнын анықтау үшін бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың, сандық көрсеткіштердің құнын анықтау нормалар мен нормативтерді енгізу;

Қысқа мерзімді келешекте Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған іс-шаралардың іске асырылу қажеттігіне бағдар ұстай отырып және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдауға, бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында, мемлекеттік шығындардың шектілігіне, қатаң бюджеттік тәртіпті қадағалауға, экономика әртараптандыруды ынталандыруға, бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіруге арналған таразыланған фискалдық саясат жүргізу керек.

Атап айтқанда, мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануын арттыру, жоспарлау жүйесін жетілдіру мен жаңғырту бойынша жұмыстарды жоспарлауды және жүргізуді айқындайтын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясы әзірленетін болады, ол:

бюджет жүйесінің барлық денгейлерінде нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізуге;

үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізуге;

мемлекеттік органдардың қызметі мен олардың бюджет қаражаттарын пайдалану ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын орнатуға;

бюджет қаражаттарын игеруден нақты нәтижелерге қол жеткізуге мемлекеттік органдардың қызметін қайта бағдарлауды жүзеге асыруға ықпал ететін болады.

3. Фискалдық саясатты іске асыру тетіктері

  1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері

2009-2011 жылдарға арналған негізгі стратегиялық міндеттер:

өңдеу өнеркәсібін, машина жасау, аграрлық сектор, шағын кәсіпкерліктің дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

жаңа ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдегіш технологиялар, инновациялық шешімдер негізінде өндірілетін өнім сапасын көтеру;

кәсіпорындарда әлемдік стандартты енгізу бойынша жұмыс жүргізу;

әлеуметтік бағдарланған тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету және тұрғын-үй шаруашылығын дамыту жеке сектор мен мемлекет арасында өзара іс-қимыл орнату;

ұсынылатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы қызметтің тиімділігін жақсарту үшін кешенді шараларды іске асыру;

макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және елді мекендерді газдандыру;

жұмыспен қамтуға ықпал ететін белсенді шараларды әрі қарай дамыту және жетілдіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Салық жүйесiнің экономикалық мазмұны
Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
Бюджетті жоспарлау негіздері
Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz