Жаңа идеологияның бағыттары


ƏЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ:
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
Тексерген:Мамытханов Дархан
Орындаған: Јшірбекова Эльмира
Журналистика факультетінің
301 топ студенті
Идеолог - грекше таптың я қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.
Идеология - (гр. idea ой, пікір, идея, + logos сөз) ілім қоғамдық сана. Идеологиялық - бір идеологияға жататын, болмаса соны бейнелейтін деген мағынада.
Қазақ Кеңес энциклопедиясының 4 - томында ол “таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін, қоғамдық сана, саяси, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы. ” деген анықтама берілген.
Сонымен, идеология дегеніміз бүгін ғана қалыптасқан ұғым емес. Қоғамдық - экономикалық формациялармен, мемлекеттік құрылыспен қатар туып, байланысты дамып келе жатқан табиғи да толассыз қоғамдық құбылыс. Әбіш Кекілбаев бейнелеп көрсеткендей, идея, идеология дегеніміз “тек қалыптасып қалған қасаң түсінік емес, даму барысында күн тәртібіне қойылып отыратын мақсат-мүдде ғой. ” Болмаса, “идеология дегеніміз - белгілі бір мақсатқа бағытталған идеялар жүйесі. Осы идеяларды жүзеге асыру арқылы ұлттық немесе әлеуметтік топтың түпкілікті мақсатқа жетуі көзделеді. ”
Деректі жәйттің бірі - идеологияның қоғамның материалдық өмірімен тығыз байланыстылығын, оның осы қоғамдық болмыс, тұрмыстың туындысы екенін баса көрсету қажет.
Идеологияның негізгі обьектісі - адамдар қауымдастығы болса, оны жүргізетін субьектісі адамдар болса, оның сүйенетін басты принциптері де болса керек. Олар:
- Адамдар қауымдастығының әлеуметтік құрылымын, олардың басқа да, өзара ерекшеліктері мен өзгешеліктерін ескеру
- Қоғамның ішкі саясатқа тән ұлтаралық келісім (консенсус) принципін негізге ала отырып, ұлттар өкілдерінің ынтымақтығы мен ықпалдастығын байыптау
- Түрлі таптар мен топтасқандар, партиялар мен қоғамдық қозғалыстар сан қилы, кейде қарама қарсы көзқарастар мен ұштасып жатқандықтан, ізгі мемлекет құру.
Ұлт біріктіруші
әлеуметтік
қорғау
ұлттық,
ИДЕОЛОГИЯ
Топтастыру Плюралистік
Ал негізгі субьектісіне, идеологияны жүзеге асыратын күштері, институттарына нені жатқызамыз? Идеологияның жалпы атқаратын қызметі - осы идеологияны қолданушы, сақтаушы, қорғаушы әлеуметтік субьектінің тұрақтылығын, бірлігін идеялық қалыптастыратын тәсілі, идеялық күш.
Н. Ә. Назарбаевтың ойынша, идеолгияның міндеті көп ұлттылығын тұрақты бірлесуші факторға айналдыру. Ұлтаралық жарастықты нығайту мен қатар Қазақстан қоғамының бірлесуі идеясын жүзеге асыра отырып, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту.
Адамдардың әлеуметтік мінез
қоғамдастығын құлықты қалыптастыру
топтастыру механизмі
мен
жұмылдыру
тәсілі
Адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі
Идеология
Обьект Мемлекет Қоғам Субьект
Қысқаша түсініктеме есебінде еске түсіре кетер мысалдар бүгінгі қоғамдық өмірдің қай саласында да баршылық. Тек экономикалық қатынастардың күрделі өзгерістердің өзі (мысалы, кешегі Одақтың экономикалық жүйесінің толық күйреуі, Қазақстанда меншіктің санқилы жаңа түрлері қалыптаса бастауы), саяси өмірдегі мүлдем жаңа құбылыстар қоғамдық сана мен сезімге қаншалықты түбегейлі әсер етіп отырғандығы - кімді күмәндәндіре алады.
Осы тұста бір-екі жанама мәселеге назар аудара кетсек пе деген де ойымыз бар. Оның бірі - түсініксіз қоғамдық пікір қалыптасып қалғандай: кешегі коммунистік идеология мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің идеологиясы арасында бір бос кеңістік, қуыс пайда болды, қоғам бір кезең идеолгиясыз қалды деген қағида. Осының өзі ақиқатқа жата ма деген сұрақ туындайды. Қарсы пікіршілеріміз сол идеологиялық қуыстың дәлелі ретінде - империялық идеологияның “қазасын”, оның өзімен бірге ала кеткен идеологиялық мекемелерін уәж етеді.
Идеологияны тек оны ұйымдастырушы, жүргізуші аппараттың қызметіне бағыныштылық жағдайға қоюға бола ма? Жаңа құрылып жатқан идеологиялық бөлім қызметкерлері де әлсін-әлсін сездіріп қалады: міне, енді Президент те түсінді, әкімшіліктер де мойындай бастады, сондықтан ішкі саясат бөлімдері құрылды - идеологияның негізі салынды, идеологиялық жұмысқа жағдай туа бастады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік идеологиясын қалыптастыру, оны бұқара арасында жаю, сол арқылы қазақ қауымын, қала берді елімізді мекендеуші ұлт пен ұлыстарды ортақ іске - мемлекетті нығайту ісіне жұмылдыру үлкен жұмысқа айналып отыр.
Кешегі коммунистік идеологиядан мезі болған Ресей жұрты ешқандай да идеологияның қажеті жоқ, мемлекеттің құдіретін адам құқын сақтауға бағыттап, белгілі бір реттеушілік қызметтерді атқаруымен шектеу керек деп жатқанда, біз Қазақстанда өз идеологиямызды қалыптастыруды қолға алғанымыз қалай деген заңды сұрақ көкейге оралары сөзсіз. Мұның өзі Ресей мен Қазақстанның қазіргі өміріндегі айырмашылықтардан - еліміздің демографиялық, геосаяси ерекшеліктерімен - туындап отыр. Ұлтаралық келісім, олардың белгілі бір дүниетанымдық идеялар төңірегінде топтасуы - біздің мемлекетіміздің кепілі.
Жаңа идеологияның бағыттары
Н. Ә. Назарбаевтың идеологиялық ұғым төнірегіндегі ізденістеріне тоқталсақ, “мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет ендігі бір бұтағы, қомақты тармағы - халықты, ұрпақты, патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру. ”
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz