Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1.Сайлау жүйесі туралы түсінік 4
1.1. Сайлау жүйесінің ұғымы 4
1.2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері 6
1.3 . Сайлау органдары 8

2.Сайлау үрдісі және референдумның конституциялық негіздері 13
2.1 Сайлау алдындағы үгіт 13
2.2 . Сайлау бостандығының кепілдіктері 15
2.3 Референдумның конституциялық негіздері 16

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің -
тепе-тең және мажорлық екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған
дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе-теңдік принципіне
құрылады. Тепе-тең жүйенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың
болуы қажет. Бірінші — үлкен аумақтық сайлау округтерін қүру қажет.
Әлбетте, аумақтық сайлау округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық
өзгертуге болады. Екінші — тепе-тең жүйенің тиімді жүмыс істеуі үшін
кемінде калыптаскдн екі партияның болуы қажет. Осыған орай, Қазақстанда әлі
де саяси партиялар әлсіз және азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан
тыс тұруына байланысты, тепе-тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ.
Мажорлық сайлау жүйесінің: абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік
деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға
сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да
азаматтардың 50 проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі;
2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге катысқан сайлаушылар
санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.
Мажорлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс беруге қатысқан
сайлаушылар санына карамастан өткен болып есептеледі, ал егер оған
сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25 проценттен астамы
дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған
кандидат сайланған болып есептеледі.
Курстық җұмыстың мақсаты Қазақстандағы сайлау жүйесіне сипаттама беріп
оның маңызы мен міндетін ашып ажыраты. Осы мақсатқа жету үшін мынадай
талаптар қойылған:
▪ сайлау жүйесінің ұғымын ашу
▪ азаматтардың сайлауға қатысу принциптерін белгілеу
▪ сайлау органдарының құқықтық-ұйымдастыршылық қызметін анықтау
▪ сайлау алдындағы үгіттің сипаттамасы мен ерекшелігін мазмұндау
▪ сайлау бостандығының кепілдіктерін көрсету
▪ референдумның конституциялық непздерін белгілеу
Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады [1].

1. САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1. Сайлау жүйесінің ұғымы

Қазақстан Республикасында абсолюттік көпшіліктің мажорлық сайлау
жүйесі қабылданған. Қазақстан Республикасынын сайлау жүйесі деп Қазақстан
Республикасы Конституциясынын және Президенттің "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығында
көзделгендей Қазакстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын
Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де, сондай-ақ жанама да
сайлайтын сайлау тәртібі түсініледі.
Президентті, Парламент депутаттарын және жергілікті өкілді органдарды
сайлаудың аталған тәртібі конституциялык-құқықтық нормалармен белгіленеді,
олар өз жиынтығында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін құрайды.
Сайлау жүйесін қүрайтын конституциялық-құқықтық нормалар Қазақстан
Республикасы конституциялық қүқығының бір бөлігі болып табылады. Олар
Қазақстан Республикасының Президентін, Мәжіліс депутаттары мен Сенат
депутаттарының бір бөлігін, жергілікті өкілді органдар депутаттарын
сайлауға байланысты қоғамдық катынастарды реттейді. Аталған қырдағы "сайлау
құқығы" ұғымы конституциялыққұқыкгың аса маңызды инсти-туты ретінде
пайдаланылады. Сонымен қатар "сайлау құқығы" ұғымы кәмелетке жеткен
Қазақстан Республикасы азаматтарының субъективтік сайлау құқығы мағынасында
қолданылады.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық
егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып,
азаматтар мемлекеттің жоға-ры өкідці органдарын қалыптастырады [2].
Президент пен Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді
есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың не Парламент Сенатының
депутаттарын сайлаған кезде тандаушылардың елу проценттен астамы қатысса,
сайлау өткен болып есептеледі;
2) дауыс берудің бірінші турында дауыс беруге қатысқан сай-лаушылардың
(тандаушылардың) елу проценттен астам дауысын жинаған;
басқа кандңцатпен салыстырғанда қайтадан түскен кезде сай-лаушылардың
(тандаушьшардың) елу проценттен астамы болуға тиіс дауыс беруге қатысқан
сайлаушылардың (тандаушылардың) көп санын алған;
бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс беру кезінде дауыс
беруге қатыскдн сайлаушылар (тандаушылар) санының елу проценттен астам
дауысын жинаса ол кандидат сайланған болып есептеледі.
Мәслихат депутаттарын сайлаған кезде дауыстарды есептеудің мынадай
жүйесі колданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса
сайлау өткен болып есептеледі;
2) егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушьшардың елу
проценттен астамы қатысса, ал қайтадан дауыс берген кезде - басқа
кандидатпен салыстырғанда сайлаушьшардың елу проценттен астамы болуға
тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып
есептеледі;
3) егер сайлауға бір кандидат дауыска түссе, егер оның кан-
дидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде елу проценті
қатысса, ол сайланған болып есептеледі. Қазак-стан Республикасы сайлау
құқығының көздері нормативтік кұқықтық актілер болып табылады, оларда
Қазақстан Респуб-ликасының сайлау органдарын қалыптастыруға бағытталған
қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық-құқықтық актілер болады. Бұл
көздерге:
— 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 кыркүйектегі
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар
Жарлығы1.
— Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан
Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы оргавдары туралы" Заңы;
— Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік
құқықтық актілері жатады [3].
Қазақстан Республикасының сайлау құқығының бастауы болып табылатын
нормативтік құқықтық актілер Президент, Парламенттің Мәжіліс пен Сенатының,
мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті сайлау органдары мүшелерін
сайлауға әзірлік және сайлау өткізу кезінде туындайтын қатынастарды реттей
отырып, азаматтардың еркін ерікті түрде бідціруін қам-тамасыз ететін
кепілдіктерді белгілейді.

1.2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері

Қазакстан Республикасындағы сайлау азаматтардың мемле-кеттік және
жергілікті басқарудың органдарына сайлау және сайлану кұқығын еркін жүзеге
асыруға негізделеді.
Сайлау кұқығы принциптері Қазақстан Республикасының Конституциясымен,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 кыркүйектегі
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар
Жарлығымен бекітілген. Ол мынадай принциптер.
Жалпыға бірдей сайлау құқығы принципі жынысына, ұлтына, нәсіліне,
дінге көзқарасына, әлеуметтік шығу тегіне және тағы басқаларына қарамастан
Қазакстан Республикасының белгілі бір жасқа толған барлық азаматы
мемлекеттік биліктің сайлау органдарына сайлауға және сайлануға қүқығын
білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқыш белсенді сайлау құқығына және бәсең
сайлау құқығына бөлінеді.
Белсенді сайлау құқығы — ол Республиканың 18 жасқа толған азаматының
сайлауда дауыс беруге қатысу құкығы.
Бәсен сайлау құқығы — ол Республика азаматтарының Конституцияда
белгіленген шектеулермен Президент, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттың
депутаты больт сайлану құқығы. Әлбетте, бәсең сайлау құқығы белсенді сайлау
кұкығынан ерекшеленеді. Бәсең сайлау құқығы кезінде азамат сайлануға
жататын субъект болып табылады. Бәсендіктің мәні мынада, ол сайламайды
(дауыс беру құқығынан айырылмаса да), оны сайлайды.
Мемлекет мемлекеттік органдарға сайланатын азаматтарға бірқатар
талаптар қояды. Бұл талап сайлау органдарының мем-лекеттік механизмдегі
сипатына, ерекшеліктеріне, айрықша жағ-дайына орай қойылады. Мысалы,
Президент орнына сайлану үшін жасына, біліміне, мемлекетке қатысына және
басқаларына байланысты талаптар қойылады. Осы ерекше талаптар Пре-зидент
орнының халық пен мемдекет аддындағы айрықша зор жауапкершілігіне орай
қойьшады. Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған
кандидатураларға да бірқатар талаптар қойылады. Аталған конституциялық
талаптар сайлаушылардың сайлау құқығын шектеушілік болып табылмайды [4].
Жалпыға бірдей сайлау құқығы сайлау құқығының шектелуін белгілеу
мүмкіндігін теріске шығармаңцы. Қазақстан Рес-публикасының Конституциясы
сотпен қабілетсіз деп танылған азаматтардың сайлауға және сайлануға,
республикалық референдумға катысуға құқығы болмайтынын белгілеген.
Бүл жүйкесі (ақыл-есі) кемістігіне байланысты өзінің азаматтық құқығын
толық пайдалануға және азаматтық міндеттерін орындауға қабілетсіз
азаматтардың сайлау кұқығының шектелетіндігін біддіреді. Бірақ мұндай
шектеу тек сот тәртібімен белгі-ленеді. Егер сот азаматты қабілетсіз деп
таныса, тек сонда ғана азаматтың сайлау күқығы шектеледі. Басқа ешбір
мемлекеттік органның қандай себептермен болсын азаматтың сайлау күқығын
шектеуіне құкығы жоқ.
Зандық күшіне енген сот үкімімен еркінен айырылу орындарындағы
адамдардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ. Тиісінше, қамауда отырған
адамға ол туралы айыптау үкімі шықпаған болса, оның сайлау құқығы
шектелмейді. Президенттің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Жарлығында тергеу изоляторлары мен уакытша ұстау изоляторларында сайлау
учаскелері құрылатыны және ондағы адамдардын сайлаушылар тізіміне
енгізілетіні белгіленген.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау кұқығындағы тепе-тендік
принципі сайлаушылардың Президент, Республика Парламентінің Мәжілісі мен
мәслихаттары депутаттары сайлауына тепе-тендік негізде және әр сайлаушының
бір дауысты ғана иеленіп қатысу құқығын біддіреді. Әр сайлаушы тек бір
тізімге ғана енгізіледі және осы сайлауца (Президент, Парламент депутаттары
жәнет.б.) бір-ақретдауыс бере алады. Сайлау бюллетені жеке басты
куәландыратын қүжаттар бойынша беріледі. Кандидаттардың (Президенттікке,
депутаттыққа) да сайлауға қатысуға тең құқығы болады. Сайлауға тепе-тендік
негізде қатысу, сондай-ақ бір де бір сайлаушының басқа сайлаушыға қарағанда
ешқандай жеңілдігі болмауын қамтамасыз етеді. Мысалы, өкідцік нормаларына
сәйкес халықтың саны бойынша тепе-тең сайлау округтері құрьшады.
Барлықазаматтардыңсай-лау қүқығы заңмен бірдей деңгейде қорғалады.
Қазақстан Рес-публикасының Қылмыстық кодексі республика азаматтарының
сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергі келтірушілікке қыл-мыстық жауаптылық
белгілеген.
Қазақстан Республикасында Парламентке депутаттарды төте және жанама
сайлау құқығы белгіленген. Төте сайлау қүқығы принципі Республика
Презвдентін, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарьш,
жергілікті өзін-өзі басқару ор-гандарының мүшелерін азаматтардың тікелей
сайлауынан көрінеді. Жанама сайлау қүқығы Парламент Сенатының депутаттарын
сайлауға тандаушылардың, яғни мәслихаттардың депутаты болып табылатын
республика азаматтарының қатысатындығынан көрінеді. Тандаушьшар Сенат
депутаттары сайлауына тепе-тендік негізде катысады жөне Сенат депутатын
сайлау кезінде әр тандаушы бір дауысқа ие болады. Сенат депутатын сайлау
кезінде бәсең сайлау құқығы мәслихат сессияларында Қазакстан Республикасы
Конституциясында белгіленген шектеулермен жүзеге асырылады [5].
Дауыс берудіңмұндай принципі болуының мәні мынада, республиканың
Президентін, Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын, мәслихат
депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жабық
өткізіледі. Жабық дауыс беру сайлаушылардың еркін білдіруге бақылау жасау,
сондай-ақ сайлаушылардың еркіне кдсым жасау мүмкіндігін жоқка шығарады.
Дауыс берілетін орындарда сайлаушылардың өз еріктерін еркін білдіруі үшін
арнайы кабинеттер жабдықталады. Жабық дауыс беруде сайлау бюллетеньдері
нөмірленбейді және ешкандай белгі соғылмайды, сөйтіп дауыс берушінің жеке
бас-тарын анықтауға жол берілмейді. Дауыс берудің бұзылуына кінәлі
лауазымды адамдарға заңи жауапкершілік белгілеген.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға ерікті түрде қатысу
принципі сайлауға қатысуға немесе қатыспауға күштеу мақсатында
сайлаушыларға ықпал етуге ешкімнің құқығы жоқтығын бідціреді. Сайлау
кезінде ерік білдірудің еркіндігі сайлау күні үгіт жүргізуге жол
берілмейтіндігімен де қамтамасыз етіледі.
Шет жерде тұратын немесе шет жерде болған Қазақстан Рес-публикасының
азаматы сайлау құқығьша толық иелі болады. Бұл, атап айтқанда, Қазақстан
Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы, Қазақстан
Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелердегі сайлау
учаскелері бойынша сайлаушьшар тізімі аталған өкілдіктердің басшылары мен
кеме капитандары берген деректер негізінде құрылуы қамтамасыз етіледі.

1.3 . Сайлау органдары

Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді
мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бүл ор-гандар бірыңғай жүйе
құрады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:
республиканың орталық сайлау комиссиясы;
аумақтық сайлау комиссиясы;
округтік сайлау комиссиясы;
учаскелік сайлау комиссиясы кіреді.
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жыл.
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) республиканың сайлау комиссиясының
бірыңғай жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып
табылады. ОСК Республика Президентінің үсынысымен Парламент Мәжілісі
қызметке сайлайтын және қызметтен босататын төрағадан, төраға
орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. ОСК
төрағасының және хатшысының жоғары заң білімі болуы тиіс. Тұрақты жүмыс
істейтін мемлекеттік орган ретінде ОСК-ның өз аппараты болады. ОСК-на кең
өкілеттіктер берілген [6].
ОСК-на мынадай өкілеттіктер берілген:
Республика аумағыцда сайлау туралы зандардың орындалуын бақылауды
жүзеге асырады; осы заңның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;
Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға әзірлік пен
оның өткізілуін ұйымдастырады; Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау
жөніндегі сайлау округтерін құрады; Президент сайлауы жөніндегі сайлау
комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешімдерін кері қайтарады
және тоқтата тұрады; олардың арасында сайлауға берілген қаражатты бөледі;
аумақтық және округтік сайлау комиссияларынын шешімдеріне және әрекеттеріне
жасалған өтініш пен шағымды қарайды;
Президент және депутат сайлаулары бойынша дауыс беру үшін
бюллетеньдердің, сондай-ақ Презвденттікке кандидатты қолдаушы
сайлаушылардың қолын жинау, сондай-ақ Сенат депутаттығына кандидатты
қоддаушы таратқыштардың қолын жинау үшін қол қойылатын парактың нысандары
мен мәтінін, басқа да сайлау кұжаттарын белгілейді;
сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойын-ша
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебін тындауға, сондай-ақ қоғамдық
бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңдарды сақтауы мәселелері
жөніндегі ақпараттарды тындауға кұкылы;
Президенттікке кандидаттарды, оның сенімді өкілдері мен бастамашылық
топтарды тіркейді; бұқаралық акдарат құралда-рында кандвдаттарды тіркеу
туралы хабарларды жариялайды;
Президент және Парламент депутаттары сайлауының қоры-тындысын
шығарады, сайланған Презвдентті және Парламент депутаттарын тіркейді, осы
туралы хабарларды жариялайды;
мәслихаттардың кезекті және кезектен тыс сайлауларын шақырады;
қайтадан дауыс беруді және қайтадан сайлау өткізуді тағайын-дайды және
ұйымдастырады;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлығына бірдей міндетті шешімдер
кабылдайды.
ОСК басқа да өкілеттіктерді жұзеге асырады.
Облыстық, қалалық, аудандық аумактық сайлау комиссиялары тиісті
әкімдердің шешімдерімен құрылады. Олар Президент, Парламент депутаттары
және мәслихаттары депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары
мүшелерінің сайлауын үйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді [7].
Аумақтық сайлау комиссиялары 9-дан 15 мүшеге дейін кұрамда белгіленген
сайлау күнінен жеті күннен кешіктірілмей құрылады.
Аумақтык сайлау комиссиясының өкілеггігін шартты түрде екі топқа
бөлуге болады:
ОСК-ның өкілеттігін қамтамасыз етумен байланысты топ. Оған, атап
айтқанда, әкімшілік бірлік аумағында сайлау туралы зандардың орындалуына
бақылауды жүзеге асыру, Президент, Парламент және мәслихат депутаттары,
жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері сайлауын әзірлеу мен
өткізуді қамта-масыз ету жатады.
Аумақтық сайлау комиссиялары қызметі ерекшелігімен си-патталатын топ.
Оған Сенат депутаттары сайлауын өткізуді қам-тамасыз ету, Сенат
депутаттығына кандидаттарды, олардың сенімді өкілдері мен
бастамашьшықтоптарды тіркеу, гтункттерді дауыс беруге әзірлеу, Сенат
депутаттары сайлауындағы берілген дауыстың нәтижесін шығару және оны ОСК-на
беру; мәслихат депутаттары сайлауы бойынша сайлау округтерін құру, сайлау
комиссияларын хабарландыру, мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысын
шығару, Сенат пен мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына қайтара
дауыс беру мен қайтара сайлау өткізуді ұйымдастыру жатады. Аумақтық сайлау
комиссияларының ерекше өкілеттігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
органдары мүшелерін сайлау да жатады. Олар тиісті әкімшілік бірліктер
(қалалар, аудандар) аумағында орна-ласқан жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының
қызметін орындайды.
Тиісті әкімдердің шешімдерімен құрамында 9-15 мүшесі бар округтік
сайлау комиссиялары құрьшады. Олар сайлау округ-терінде Парламент Мәжілісі
мен мәслихаттарының депутатта-ры сайлауын ұйымдастырып, өткізуді камтамасыз
етеді. Округтік сайлау комиссияларына олардың жүктелген міндеттерді
орындауын қамтамасыз ететіндей өкілеттіктер берілген. Олар Парламент
Мәжілісі мен мәслихаттарының депуттаттары сайлауын өткізуді үйымдастырады,
учаскелік сайлау комиссияларының қызметін үйлестіреді, олардың шешімдерін
кері қайтарады және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының
шешімдері мен әрекеттеріне түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды;
Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылған кандидатураларды, олардың
сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркейді, оларға тиісті
куәліктер береді; сайлаушьшар тізімінің уақытыңда және дұрыс жасалуын
бақылайды. Округтік сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларьшың,
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайлауды әзірлеу және өткізу, тағы
басқа мәселелер бойынша есебін тындауға құқылы [8].
Учаскелік сайлау комиссиялары құрамында 9-15 адамнан тиісті әкімдердің
шешімдерімен құрылады. Олар тиісті сайлау учаскелерінде Президент,
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі
басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз
етулері тиіс.
Учаскелік сайлау комиссиялары учаскеде сайлау шараларын өткізеді:
сайлаушылардыңтізімін жасайды, учаскелік комиссия-лардың орналасқан жері
туралы хабарлайды, сайлаушыларға дауыс беру күнін, уақытын және дауыс
беретін орнын хабарлайды, дауыс беруді ұйымдастырады, берілген дауыстың
есебін шығарады жөне дауыс берудің қорытындысын анықтайды, дауыс беруді
әзірлеу және ұйымдастыру және басқа мәселелер бойынша түскен өтініштер мен
шағымдарды қарайды.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары,
олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияла-рының қызметін жүзеге
асыруларьша ықпал етуге, оларға қажетті мәліметтер мен материалдар беруге,
сайлау комиссияларының өтініштеріне үш күндік мерзім ішінде жауап беруге
міндетті. Сөйтіп, сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезівде оны ойдағы-дай
өткізу үшін барлық мемлекеттік органдардың күші жұмыл-дырылады. Өйткені ол
маңызды саяси шара, мемлекеттік органдардың маңызды буындарын
қалыптастыруда демократизм көрінісі болып табылады.
Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының депутаттарьш, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиялары
құрылады. Олар республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып,
шамамен сайлаушылардың тепе тең санымен қүрылады. Облыс көлемінде,
республикалық дәрежедегі қалаларда және республика астанасында сайлау
округтеріндегі сайлаушылардың сан жағынан айырмашылығы 25 проценттен аспауы
тиіс [9].
Қазақстан Республикасы Презвдентін сайлау кезінде сайлау округтері
құрылмайды. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы Президент сайлауы
жөніндегі бір сайлау округі болып табылады.
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттары сайлауьш өткізу
кезінде сайлаушылардың саны шамамен тепе-тең мөлшерде бір мандатты аумақтық
округгер құрылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезінде қалалык
және селолық жергілікті қоғамдастықтар аумақтарын қамтитын көпмандатты
аумақтық сайлау округтері қүрылады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін
Орталық сайлау комиссиясы құрады. Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі
сайлау округтерін тиісті аумактық сайлау комиссиялары құрады [10].

2. Сайлау үрдісі және референдумның конституциялық непздері

2.1 Сайлау алдындағы үгіт

Сайлау алдындағы үгіт үшін жағдай жасау сайлауды ұйымдас-тыру мен
өткізудің демократиялык кепілі болып табылады. Сайлау алдындағы үгіт
кандидаттарды тіркеумен басталады және сайлау аддындағы күні жергілікті
уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады. Қазақстан Республикасының белсенді
сайлау құқығы бар азаматтары, қоғамдық бірлестіктері сайлау алдындағы
үгітті жүргізуге құқылы. Мемлекет қай кандадаттың болсын кедергісіз үгіт
жүргізуіне кепілдік береді.Сайлау аддындағы үгіт әртүрлі жолдармен
жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылады, сайлау аддындағы
жария шаралар (жиналыстар, сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулер,
сайлау алдындағы айтыстар мен тартыстар, митингілер, шерулер,
демонстрациялар) өткізіледі. Баспа, дыбысжазу және басқа үгітшілік
материадцар шығарылады және таратылады. Мемлекеттік органдардың, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар-дың өздерінің қызметтік
міндеттерін орындау кезінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге құкығы жоқ.
Мұндай тыйым бағдарламасын қолдайтын кандидатураның сайлануы үшін
сайлаушылардың өз еріктерін білдірулеріне ықпал ету мүмкіндігін болдырмау
қажеттігінен туындап отыр. Сондай-ақ әскери бөлімдерге, әскери мекемелерге
және ұйымдарға, сайлау комиссияларының мүшелеріне де сайлау аддындағы үгіт
жүргізуге тыйым салынады.
Сайлау алдындағы үгіттің объективті болуы үшін бұқаралық ақпарат
құраддары қызметкерлерініңтіркелген кандидаттармен не олардың сенімді
өкілдерімен бірге сайлаудың бұқаралык ақпарат кұралдары арқылы жариялануына
қатысуына болмайды.
Жоғарғы Кеңеске 1994 жылғы сайлау кезінде кандидаттардың сайлаушыларға
арзан тауарлармен "сый-сияпат" көрсеткен жағдайлары аз болмады, ол
сайлаудың барысы мен түпкі нәтижесіне әсер етпей қоймады. Осындай теріс
тәжірибені ескере отырып, заң сайлаушыларға тегін немесе жеңілдетілген
тауар беруге не сатуға, қызмет көрсетуге, ақшалай қаражат төлеуге не
төлеймін деп уәде беруге тыйым салады. Алайда, баспа материалдарын,
значоктарды, жалаушаларды және тағы басқаларын тегін таратуға тыйым
салмайды. Сайлау комиссияларында тіркелген сәтінен бастап кандидаттарға
бүқаралық акларат құралдарында өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын
үгіттеуге және насихаттауға күқық берілген. Кандидаттардың өздерінің
бағдарламаларымен тиісті облыстық, қалалық және аудандық мемле-кеттік
бүқаралык ақпарат құралдарында жариялануына мемлекет кепіддік береді.
Мұндай кепілдік әр кандидаттың мемлекеттік теледидар арқылы бір рет он бес
минут сөйлеуіне, мемлекеттік баспасөз органдарында екі рет мақала
жариялауьша құқык берілгенінен көрінеді. Заң кандвдаттардың сөзін үзуге,
оған түсініктеме беруге тыйым салады.
Сайлау алдындағы жария шаралар жүргізу үшін сайлау ко-миссиялары
кандидаттарға тең мөлшерде акшалай қаражат бөледі1. Мемлекеттік органдар
және жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттардың сайлау алдындағы
шараларын ұйымдастыруына және өткізуіне ықпал етуге міндетті. Плакаттар,
листовкалар және басқа үгіттік материалдар шығару үшін сайлау комиссиялары
кандидаттарға тең мөлшерде ақшалай қаражат бөледі.
Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары мүшелеріне кандидаттардын сайлау алдындағы
бағдарламаларына белгілі бір талаптар қойылады. Кандидат бағдарламасы
конституциялык кұрылыс-ты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу,
мемле-кеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік,
ұлттық, діни, топтык-тектік және рулық басымдыкгар, жеке бас-ка табыну және
күштеу идеяларын жоғары қоймауы тиіс. Атал-ған талаптарды бүзу тіркеу
туралы шешімді өзгертуге әкеліп соқ-тырады [11].
Кандидаттардың тілектері бойынша азаматтардың бастама-шылық тобы
қүрылуы мүмкін. Бастамашылық топтың құрамы мен санын сырттан ешкімнің
араласуынсыз кандидаттың өзі белгілейді. Бастамашылық топ сайлау
комиссияларында тіркеледі. Ол Президеттікке, Сенат Парламентінің
депутаттышна ұсынылған кандидатураларды қолдайтындардан қол жинау, сол
немесе басқа кандидатураларды қолдау науқанын өткізу үшін кұрылады.
Кандидаттар сенімді өкілі болуға құқылы. Олар сайлау нау-қанын
өткізуге, сайлау алдындағы үгіт жүргізуге көмектеседі, кандидаттың
мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сайлау
комиссияларына қатысты мүдделерін білдіреді. Сенімді өкілдер сайлау
комиссияларында тіркеледі. Олар кандидат берген өкілеттіктер шегінде әрекет
етеді.

2.2 . Сайлау бостандығының кепілдіктері

Заң, аталған кепілдіктерден өзге, материалдық, ұйымдык - және зандық
кепіддіктерді де көздейді. Кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау
корытындысы жарияланғанша жұмыстан, әскери қызметінен және әскери
жиындардан босатылып, олардың орташа жалақысы мөлшерінде шығындары
өтеледі.Кандидаттың сайлауға қатысқан уақыты ол тіркелген күнге дейін жұмыс
істеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледі. Кандидаттарды осы уақыт
ішінде өздерінің келісімінсіз жүмыс-тан шығаруға, басқа жұмысқа ауыстыруға
және басқаларына рұқсат етілмейді. Президенттікке, Парламент депутаттығына
кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
Сайлау жүйесі жайлы
Сайлау жүйесінің ұғымы
ҚР сайлау жүйесінің түсінігі
Қазақстандағы сайлай жүйесі және оның ерекшеліктері
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі
Сайлау органдары
Шетел конституциялық заңнамаларындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелерінің негізгі қағидалары
Сайлау құқығы принциптері
Пәндер