Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Білім беру үдерісінде ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды пайдалануға тарихи-теориялық талдау
Қазіргі кезде кез-келген елдің экономикалық әлеуеті, халқының өмір сүру
деңгейі, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны сол елдің технологиялық даму
деңгейімен бағаланбақ. Қоғам дамуында жаңа технологияларды пайдалану сапасы
осы елдегі білім беру жүйесін ақпараттандыру мен әлемдік білім кеңістігіне
ықпалдастырумен тығыз байланысты. Осыған орай білім беруді ақпараттандыру
тек оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана
қоймайды, сонымен қатар білім беру үдерісін басқарудың және бақылаудың жаңа
мүмкіндіктерінің пайда болуына жағдай жасайды.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның
негізгі қызметі-адамның менталитеті мен адамгершілігін, шығармашылық
қабілетін қалыптастыру, дамыту болып табылады.
Білім- кәсіби құзырлы қоғам мүшесінің адамгершілік, парасат, мәдениет
және дене тәрбиесінде жоғары деңгейлі жетістікке жетуін, сондай-ақ
мемлекет, қоғам, жеке адам мүддесіндегі тәрбие мен оқытудың үздіксіз,
белгілі мақсатпен ұйымдастырылған үдерісі [15].
Білім беру саласындағы саясаттың басты принциптері: білім беру
сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру үдерісінің
үздіксіздігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің,
ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушылардың
кәсіптік бағдарлануы, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру.
Осыған орай Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат
тұжырымдамасында ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық
үдерістің білім, ғылым саласында кең өріс алуы деп көрсетілген. Демек,
қазіргі таңдағы ақпараттық қоғамның қалыптасуының басты тетігі – қоғамның
барлық саласында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану негізінде
ақпараттық қорларды өндіру индустриясын құрайды және өңдеуді қажет ететін
ақпараттандыру болып табылады. Қазіргі кезде біздің елімізде алдыңғы
қатарлы дамыған елдер сияқты білім беру саласын ақпараттандыруды жетілдіру
іске асырылуда. Бұл білім беру саласын ақпараттандыруда тек оқытудың
ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгерту ғана емес, сонымен қатар оқыту
үдерісін басқарудың және бақылаудың жаңа әдістерін пайдалануға жағдай жасау
болып табылады.
Қарастырып отырған мәселе бойынша жүргізілген шет елдік және отандық
ғылыми зерттеулерді саралау барысында білім беру жүйесін ақпараттандыруда
(Б.С. Гершунский, Е.И. Мащбиц, Е.С. Полат, В.Т. Волов, Б.Ю. Дерешко, Э.М.
Кравченя және т.б.), отандық ғалымдардың
(Ж.А. Қараев, Е.И. Бидайбеков, Г.К. Нұрғалиева, М.Б. Есбосынов,
Д.М. Жүсібалиева және т.б.), оқу үдерісінде электронды оқулықтарды
құрастыру мен енгізуде (Ш.Х. Курманалина, Р.Ч. Бектұрғанова,
С.С. Құнанбаева, А.І. Тәжіғұлова және т.б.) ғылыми еңбектері пайдаланылып
келеді.
Сонымен қатар компюьтерлік технологияларды білім саласында кеңінен
қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп, жаңа ақпараттық технологияларды
пайдаланып кез- келген оқу пәндері бойынша электронды оқыту мен оқу
құралдарын даярлау мен енгізуді жетілдіру қажет. Оқу материалдарының
компюьтерлік нұсқасын жасау - өте маңызды мәселе, білім беру жүйесін
ақпараттандыруды ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша электронды оқыту
мен оқулықтарды кеңінен оқу үдерісіне енгізу арқылы жаңа сатыға көтерудің
алғы шарттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, дүниежүзі бойынша
қабылдау және телекоммуникациялық жүйені пайдалану қоғам мен халық
игілігіне айналуда. Ақпараттық жүйелер бағытының дамуының алғы шартының
бірі − қоғамды ақпараттандыру, яғни өндірістің жалпыға ортақ әлеуметтік
үдерісі мен ақпаратты экономиканың нығаюын қамтамасыз ететін, еліміздің
ғылыми-техникалық прогресін, қоғамды демократияландыру мен интеллектендіру
үдерісін жеделдететін қоғамдық байлық ретінде пайдалану өзекті болып отыр.
Ақпарат ұғымына сараптау жасасақ қоғамды ақпараттандыру адамзат
өркениетінде ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдарынан басталған.
Ақпарат термині латын сөзінен аударғанда informatio − мазмұндау,
түсіндіру деген мағынаны білідіреді. Тұрмыста, күнделікті өмірде ақпаратты
адамдардың бірі-бірімен ауызша, жазбаша немесе басқада әдістермен берілетін
мәліметтері ретінде түсіндіруге болады. Ақпарат − бұл ақпараттық үдеріс
барысында түзілетін қозғалыстағы обьект [57].
Ақпарат дегеніміз − қоршаған орта құбылыстары мен нысандарының
қасиеттері, қалпы туралы мәліметтер. Ақпарат жалпы тұрғыда нақты деректер
мен олардың арасындағы тәуелділіктер жиыны, қоғам сол арқылы өзін-өзі
танып, біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара алады [58].
Ақпарат ұғымына нақты анықтама беру ғылымдағы күрделі мәселенің бірі
деуге болады. Кибернетика ғылымында ақпарат − деп деректер, мәлімет, хабар
туралы бастапқы хабарлау ұғынылады. Кибернетика ақпарат ұғымын адам сөзі
мен коммуникацияның басқа да формалары аясы негізінде кез-келген мақсатты
түрде бағытталған жүйелермен байланыстырады. Ақпарат үш түрлі формада:
биологиялық (биоток, генетикалық механизм байланыстары), машиналық (электр
тізбегіндегі сигналдар) және әлеуметтік (қоғамдық жүйедегі білім
қозғалысы ретінде) көрінеді.
Ақпараттандыру − деп әртүрлі ақпараттық қорларды қалыптастыру мен
пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік өкімет және жергілікті өзін-
өзі басқару органдарының, ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын
жүзеге асырып, олардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру үшін тиімді
жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-
техникалық үдеріс болып табылады.
Ал ақпараттық үдеріс − деп ақпаратты жинақтау, жіберу, өңдеу, іздеу
және пайдаланушыға жеткізу қарастырылады.
В.А. Красильникова білімді ақпараттандыру − деп оқыту мен тәрбиелеу
ісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім
беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мен
қамтамасыз ету үдерісі деп көрсетеді [59].
Көптеген ғылыми әдебиеттерде ақпараттандыру ұлттық стратегиялық даму
қоры, ол қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуының жалпы деңгейін ғана емес,
әлемдік дамудағы жаһандық үдерістердегі оның орнын сипаттайды деп
көрсетеді.
Л.А. Шкутинаның пайымдауынша қоғамды ақпараттандыру − деп өнім өндіру,
қайта өңдеу мақсатында ақпараттық техниканы пайдаланудың прогерссивті өсу
үдерісі, ақпаратты сақтау мен тарату, әсіресе білімді [60].
Дж. Мартин ақпараттандыру индустриясының нақты аражігін ажыратып,
ақпараттық секторларды екіге бөліп көрсетеді: бірінші секторға ақпаратқа
қатысты (кітаптар және т.б.) қызметтер мен өнімдерді; екінші секторға
ақпартты өңдеуге, өндіру мен таратуға қажетті өнімдер мен қызметтерді
жатқызады (ақпараттық технологиялар). Оның пікірінше ақпараттық индустрияда
8 сектор: ақпараттық қызметтер (баспа агенттігі, кітапхана, мәліметтер
банкі); ақпарат таратушыларды өндіру (кітап, газет, фильмдер, дыбыс және
бейнежазбалар); көмекші қызметтер (мәліметтер дайындау); ақпараттық
технологиялар (ЭЕМ, терминалдар, принтерлер, графоқұрушылар); интеграциялық
технологиялық жанасу құрылғылары және байланыс құралдары (радио, телефон,
теледидар), байланыс арналары (пошта, телеграф, спутниктік байланыс),
жаппай коммуникация арналары (радио, теледидарлық көздер, мәліметтер
банкісі) бар, алғашқы үш секторда ақпараттық мазмұн басым, қалған бесеуінде
ақпараттық технологиялар басым [61].
Б.А. Әлмұхамбетов жалпы ақпараттандырудың мақсаты − жаңа ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы адамның интеллектуалдық
қызметін қарқынды ету деп көрсетеді [62].
Білім беруді ақпараттандырудың тиімділігі мен сапасы мемлекеттің
саясатына, ашық ақпараттық кеңістіктегі білім берудің маңыздылығын
философиялық тұрғыдан саналы түрде ұғынуға және педагогикалық
технологиялардың даму деңгейі мен тәжірибесіне байланысты болады.
Білім беруді ақпараттандыру мынадай мәселелерді:
- ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру
үдерісіне енгізу;
- білім беру үдерісіне қатысушылардың ақпараттық (компьютерлік)
даярлығының деңгейін арттыру;
- білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың жүйелі енгізілуін қамтамасыз ету мен ғылыми
зерттеулер жүргізу;
- бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру мен дамытуды
қамтиды [63].
Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі – берілген кеңістіктегі
субьектілерді оқыту және тәрбиелеу ісін жетілдіру мақсатында ақпараттық
технология негізінде біріктіріліп, бірыңғай тұжырымдамалар, көзқарастар
және тетіктер арқылы жалпы стратегияны жүзеге асыру арқылы мәдени, білім
және кәсіби даярлық деңгейлерін арттыруға қол жеткізу мақсатында
ұйымдастырылып, басқарылатын орта. С.Т. Каргин бірыңғай ақпараттық-білім
беру кеңістігін бірнеше қырынан қарастыруға болады деп көрсетеді. Олар:
- тарихи тұрғыдан ата-бабалардың мәдени тәжірибесі мен білім
беру дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа жеткізу;
- ғылыми-әдістемелік негізде: біртұтас ғылыми-әдістемелік
тәсілді қолдану және әртүрлі деңгейдегі білім мекемелерінің
білім берудің үздіксіздігі факторы ретінде оқыту
бағдарламаларының жалғастығы мен оны ұйымдастырудағы біртұтас
тұжырымды бағытты ұстануын қамтамасыз ету;
- басқаруда: білім кеңістігін ұйымдастыру мен басқарудың
көпдеңгейлі біртұтас жүйесін жасау;
- әлеуметтік-экономикалық негізінде: бүкіл ғұмыр бойына білім
тезисін жүзеге асыруда білім алудың демократиялық ұстанымдарын
толығымен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау, оның ішінде
денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі және кеңістікте
қозғалуы қиын жандар үшін;
- мәдени-этникалық тұрғыдан: қарастырылатын аймақтың мәдени және
этникалық даму жағдайларын жетілдіру, компьютер және
ақпараттық технологиялар арқылы оқыту үдерісі студенттің
жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстар мен заңдылықтарды табуға, нәтижесінде өздерінің
кәсіби әлеуетінің қалыптасуы болып табылады [64].
Жалпы алғанда білім беру үдерісіндегі ақпараттық технологиялар мәселесі
кез-келген педагогикалық теория мен іс-тәжірибесінде өзіне тән тарихи-
педагогикалық дамуы: пайда болуы, қалыптасуы мен нығаю кезеңдерін қамтиды.
Білімді меңгерудегі ақпаратты жинақтау, өңдеу, жүйелеу және жеткізу
мәселелері адамзатпен бірге тарихи дамып келеді. Бастапқыда қоршаған орта
жайлы іс-тәжірибені жинақтау мен жеткізу ауызша әңгімелер, тастағы,
ағаштағы суреттер және т.с.с. арқылы жүзеге асырылды. Кейінірек бұл үдеріс
жазба мәдениетінің дамуына байланысты технологиялық қолдау тапты. Үңгір
тастардың беттері, ассириялықтардың саз тақтайшалары, египеттіктердің
папирустары, гректердің пергаменттері – жинақталған білімді келесі ұрпаққа
жеткізудің алғашқы ақпараттық құралдары деуге болады. Білімді меңгерудегі
ақпаратты жинақтау мен жеткізу үдерісінің соңғы технологиялық рәсімі кітап
баспасының пайда болуы мен дамуына байланысты, ақпараттық-технологиялық
төңкерістің ең алғашқы кезеңі болды.
Сонымен қатар, ақпаратты жинақтау мен пайдаланудың қағаздық
технологиясы ақпарат көзін тұтынушыдан (білім беру үдерісіне қатысушы)
маңызды материалдық, дене және интеллектуалдық ой шығындарын қажет ететін
тұрақты әрі көлемді жұмысты талап етті [65-66].
Бірте-бірте оқу ақпаратымен жұмыс жасауды қарқындатудың жаңа құралы
электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) пайда болды. Дербес компьютерлердің дамуы
алғашқы мәліметтер жиынтығының бастапқы ақпаратқа содан кейін оның –
дидактикадағы ақпарат жүйесіне айналуын қамтамасыз етті. Яғни автоматты
түрде іздеу, сақтау және өңдеу – қандай да бір тасымалдаушыларда тіркелген
кәсіби білімге, мәтіндік және графикалық құжаттарға, білім беру үдерісінің
қатысушыларына қажетті мазмұнды мәліметтерге - ақпаратқа түрлендіру дүниеге
келді [67].
Нәтижесінде, ақпаратты жинақтау жүйесінің өзегі және білім беру үдерісі
барысында оқытушылар мен білім алушылар пайдаланатын жергілікті немесе
дербестелген мәліметтер қоры қалыптасты. Машина графикасы мен дисплейлердің
пайда болуы білім алушылардың ақпаратты қабылдауын жеңілдетті, өйткені
дисплей экранынан оның графика түрінде көрінуі, символдық түрде көрсетілген
мәліметтерге қарағанда, адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне көбірек
сәйкес келді. Бағдарламалық құралдар білім беру үдерісіндегі арнайы
дайындығы жоқ қатысушылар мен компьютер арасындағы диалогты ұйымдастыруға
мүмкіндік берді.
Ақпаратты жинау мен оны пайдалану жүйесінің барлық құрамдас бөліктері
біртұтас құрылым негізінде бірінші деңгейдегі – ақпараттық технологияларды
(АТ), яғни оқытушылар мен білім алушылардың мәтіндерді түзету мен өңдеуде,
электрондық кестелерді, мәліметтер қоры мен файлдарды басқаруда қолданбалы
бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылды.
Ақпаратты сақтау мен оның тұтынушыларға сенімді әрі қарапайым түрде
жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттың қазіргі заманғы тасымалдаушы
құралдарын енгізу білім беру үдерісін педагогикалық мәліметтермен
толықтыратын ірі қорын жасауға мүмкіндік берді. Өмір мен өндірістің барлық
саласындағы мәліметтер қоры адам іс-әрекетін өзгертті. Тарихшылар ЭЕМ-ғы
мәліметтер қоры мен оған байланысты пайда болған мүмкіндіктерді – қоғамның
дамуындағы маңызды жаңа қадам ретінде қарастырады [70].
Тарихи педагогикалық әдебиеттерге жасалынған талдау ақпараттық-
телекоммуникациялық технологиялардың дамуы маңызды орын алатынын көрсетті.
Олар ЭЕМ-лар арқылы екінші деңгейдегі белгілі бір білім беру
мекемелеріндегі жергілікті мәліметтер қорларында сақталған бастапқы
ақпаратты бірыңғай бағытта пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
біріншіден, педагогикалық ақпараттар құрылымына енген ЭЕМ-лар паркін
біріктіретін, ақпараттық-педагогикалық инфрақұрылымына кіретін ақпараттық-
есептеуіш желіні құруға негіз болады.
Бұл педагогикалық ақпараттың кез-келген автоматтандырылған жұмыс
орнынан (жоғары оқу орны басшысынан, кафедра меңгерушісінен, оқытушыдан,
студенттерден және т.б.) кез-келген жұмыс орнына қажетті бағытта жедел
түрде тасымалдауды білдіреді. Екіншіден, жаңа типтегі кіріктірілген
ақпараттық массивтер құрылып, алуан түрлі ақпараттарға қол жеткізу
мүмкіндігі пайда болды.
Жоғары мектептің білім беру үдерісі мен білім алушының танымдық іс-
әрекетін басқару жүйесінде жедел байланыс түрі пайда болды. Үшіншіден,
қазіргі заманғы электронды есептеуіш технологиялар (ЭЕТ) мен
телекоммуникацияларға, педагогикалық эвристика әдістері мен моделдеріне,
білім беру үдерісіндегі субъектілердің білімі мен іс-тәжірибесін
шоғырландыратын білім банкілеріне, қорлар түріндегі ақпараттық массивтерге
сүйене отырып, инттеллектуалдық компьютерлік және сараптау жүйелері
қолданысқа енді.
Бірінші және екінші деңгейдегі ақпараттық технологиялардың жиынтығын
пайдаланып, мультипликациялық әсер беру арқылы телекоммуникацияларды
пайдаланудың нәтижесінде ақпараттық технологиялардың үшінші деңгейі –
кіріктірілген сипаттағы технологиялар қалыптасты.
Ғылыми еңбектер мен зерттеулерге жасалынған талдау негізінде, біз
қазіргі заманғы электронды есептеуіш техникалардың дидактикалық
мүмкіндіктеріне негізделген оқыту технологиялары КСРО-да 70-ші жылдардың
ортасынан бастап, 80-ші жылдардың ортасына дейін көпшілік пайдаланатындай
деңгейге жеткені анықталды [71-72].
Білім беру жүйесінің осындай деңгейдегі ақпараттандыру кезеңі көбінесе
жоғары оқу орындарында (ЖОО-да) қарқынды дамыды. Қазіргі уақыттағы жоғары
мектептің білім беру үдерісін ақпараттандырудың технологиялық құралдарын
пайдалану салыстырмалы түрде бәсеңірек қалыпта қалуда. Бұл отандық
бағдарламалау индустриясына да тән, мәселен, бағдарламалық құралдарды
өндіру, өңдеу, енгізу саласындағы мамандардың саны АҚШ-қа қарағанда әлі екі
есе және де бағдарламалық құралдардың көмегімен атқарылған жұмыс көлемі 20
есе кем екендігі байқалады.
Қазіргі кезде бағдарламалық-әдістемелік құралдар негізінде құрылған
автоматттандырылған оқыту жүйелері (АОЖ) кеңінен оқу үдерісіне таралуда.
АОЖ-нің даму тарихының бастауы оқу материалын меңгерудің белгілі бір
логикалық ретпен алдын-ала құрастырылған қолайлы алгоритм болып табылатын
бағдарламалық оқыту үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік беріп, шетелде 50-
60-шы жылдарда, ал Ресейде 60-80-да жылдарда құрастырыла бастаған оқу
машиналарынан басталады [73].
Елімізде білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында білім беру
жүйесінің барлық дегейлерін ақпараттандырудың негізгі мақсаттары мен
міндеттері, бағыттары анықталған. Сондай-ақ аталған тұжырымдамаға сәйкес
бағадарламада білім беру жүйесін ақпараттандырудың басым бағыттарының бірі-
білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін құру арқылы басқаруда шешім
қабылдаудағы ақпараттар ағымын статистикалық өңдеуге, ҚР бірыңғай
ақпараттық кеңістігін құруға, Интернет желісі арқылы ҚР білім беру жүйесі
мен бекітілген нормативтік құжаттар туралы мәліметтерге қол жеткізе алады.
Бүгінгі таңда КЛИЕНТ-СЕРВЕР локальді желісі жұмыс жасайды.
Оқыту үдерісін алгоритмдеу және студент пен оқытушының кейбір іс-
әрекеттерін автоматтандыру идеясы ғалымдар мен тәжірибелі педагогтардың
еңбектеріне арқау болуда. Қазіргі заманғы есептегіш техника құралдарының,
әсіресе дербес компьютерлердің, пайда болуына байланысты бұл идеяны
жақтаушылар оның мүмкіндіктерін жаңа техникалық және әдістемелік деңгейде
сынақтан өткізіп болды. Сонымен, 90-шы жылдардың басы мен ортасынан бастап
жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде автоматтандырылған оқыту
жүйелері (АОЖ-ны), оқу үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі
(электронды журнал, тестілеу және т.б), білім беру ұйымының қызметін
басқаруда электронды құжат айналымын қамтамасыз ететін бағдарламалар және
т.б. қолданыла бастады. Соңғы жылдары қашықтан оқыту технологиялары,
геоақпараттық жүйелер мен т.б. бағдарламаларды пайдалану жүзеге асырылуда.
Жоғарыда аталған бағдарламалық құралдарға жасалынған талдау АОЖ-ны
енгізу тәжірибелерімен оларды пайдаланудың әдістемелік және психологиялық-
педагогикалық негіздері айтарлықтай озып кеткенін көрсетеді. Кейбір
зерттеулер негізінде жуықта оқытушыны компьютер алмастыратыны жайлы
пікірлер қалыптаса бастады [74]. Мұндай пікірлер математикалық және
техникалық пәндер саласындағы автоматтандырылған оқытудың жетістіктерінен
туындап отыр.
Қазіргі кезде білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасы
жаңартылыуда, яғни 2900-ден астам мультимедиялық лингафондық кабинеттер
жасақталып, 3821 мектеп интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар On-lain оқыту студиясы құрылып, бір компьютерге 20 оқушыдан
келеді. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдарының 98 %-ы интернет желісіне
қосылғанын, оқу-тәрби үдерісінде компьютерлер мен жаңа коммуникациялық оқу
технологияларын, электрондық оқулықтарды кеңінен пайдалануға зор мүмкіндік
ашады [75].
Алайда жинақталған іс-тәжірибелерге сүйенсек, гуманитарлық және
әлеуметтік-экономикалық пәндер саласында айтарлықтай нәтижелердің
байқалмағаны аңғарылады. Сондықтан бұл мәселені ғылымның түрлі саласындағы
мамандардың, әсіресе философтардың, психологтардың, педагогтардың
зерттеулері маңызды деп санаймыз.
Мәселеге қатысты тарихи-теориялық талдауда 1979-1995 жылдар аралығында
КСРО-да түрлі ғылыми-техникалық бағдарламалар негізінде шешім қабылдауда әр
түрлі деңгейдегі оқу мекемелеріне компьютерлік технологияларды енгізу
мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылғандығы байқауға болады [76]. Осының
нәтижесінде оқытудың компьютерлік технологияларын жобалау мен пайдалану
тұжырымдамасы; қолданбалы бағдарламалық құралдар кешені; оқуға арналған
сұхбаттық бағдарламаларды құрастыруға бағытталған авторлық тілдер; авторлық
(оқу бағдарламаларын құрастыруды автоматтандыру) мен сараптық-кеңес беруші
тәжірибелік (оқуға қажетті білім қорына әдістемелік және техникалық қолдау
көрсететін бағдарламалық) жүйелер; түрлі оқу пәндерін оқытуға қажетті
қолданбалы бағдарламалық-әдістемелік құралдар жиынтығы қалыптасқандығы
анықталды.
70-жылдары ақпаратты тасымалдаушы: қағаз (кітаптар мен басқа да баспа
басылымдары) және пленка (фото-диопозитивтер, киноматериалдар) құралдарына
негізделген ақпараттық технология ұғымы пайда болды [71]. Ақпараттық
технологиялар ұғымының таралуына компьютерлер, аудио-бейне техникалар мен
коммуникация жүйелерінің әр түрлі электрондық құралдары себеп болды.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары ұғымы осы құралдарға қатысты
туындады.
Оқыту технологиясы – дегеніміз оқыту үдерісін ұйымдастырудың
тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, яғни білім алушы
тұлғасының сапалық өзгерісінің жүзеге асуы[77, 9-10 бб].
Оқыту технологиясы ақпараттық мәнге ие, яғни әртүрлі ақпаратты сақтау
және тұтынушыға (білім алушыға) жеткізумен байланысты болады. Оқыту
технологиясын пайдалануда: алғашқыда ауызша және жазбаша сөйлеу
арқылы, сурет немесе бейне, образ түріндегі модельдеу, манипульяциялық
және бейневизуальды техника компьютерлік оқыту мен мультипликациялық
техника мен технологиясы негізінде қарастырылады [78].
Ал А.Д. Иванниковтың пікірінше мұндай ерекшеліктерге оқыту жүзеге
асырылатын орта, оған тікелей қатысы бар техникалық (пайдаланылатын техника
түрі), бағдарламалық-технологиялық (жүзеге асырылатын оқыту технологиясына
қолдау көрсететін бағдарламалық құралдар), ұйымдастырушылық-әдістемелік
(оқытушылар мен студенттерге арналған ұсыныстар, оқу үдерісін ұйымдастыру)
компоненттері мен білімнің тиісті пәндік саласы жатады деп көрсетеді [79].
Жоғары оқу орнында теориялық зерттеу саласында АОЖ-рі мен
автоматтандырылған оқу дәрістерін пайдалану кеңінен таралуда. Осы кезеңде
ғылымда Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану мәселесі пайда
болып, ол бірқатар педагогикалық еңбектерге арқау болды [80-81].
Ақпараттық технологиялар құралдарына (АТҚ) ...микропроцессорлік,
есептеуіш техника арқылы жұмыс жасайтын, сондай-ақ ақпаратты жинақтауды,
өңдеуді, сақтауды, өндіруді қамтамасыз ететін ақпарат алмасудың қазіргі
заманғы құралдары мен жүйелеріне негізделген бағдарламалы-аппараттық
құралдар мен құрылғылар жатады [82].
Білім беру технологияларының АТҚ-ын анықтаудың теориялық маңызы зор,
оларға: ЭЕМ, ПЭЕМ; барлық кластағы ЭЕМ-ға арналған терминалдық жабдықтама
жиынтықтары, жергілікті есептеуіш желілер, ақпаратты енгізу-тарату
құрылғылары, мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу мен пайдалану,
көлемді ақпаратты мұрағатта сақтау және қазіргі заманғы ЭЕМ-ның басқа да
жасақтары; графикалық немесе дыбыстық түрдегі мәліметтерді сандық
мәліметтерге немесе керісінше түрлендіру; аудио-бейне ақпараттарды
пайдалану мен басқару (мультимедиа және Виртуальды шындыққа негізделген
технологиялар) құрылғылары, құралдары; жасанды интеллект және машиналық
графика жүйелері, бағдарламалық кешендер (бағдарламалау тілдері,
трансляторлар, операциялық жүйелер, контент, қолданбалы бағдарламалар
жиынтығы және т.с.с.) және т.б. жатады деп анықталған [79].
Жоғары мектептегі ақпараттық технологиялар мәселелерін зерттеудегі
білім беруді ақпараттандыру қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық
жағдайларына қарамастан шынайы болуы қажет деген тұжырымның ғылыми-
практикалық мәні зор[83].
Білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды енгізудегі өзекті
мәселенің бірі оларды педагогикалық мақсатта пайдалану болып табылады.
Мәселеге қатысты біз Е.С.Полат, В.А. Извозчикова т.б. ғалымдардың
пікірлерін қорыта келе, ақпараттық технологиялар білім беру үдерісінде
төмендегі бағыттар бойынша:
• ғылыми-педагогикалық, әдістемелік ақпараттық материалдарды,
автоматтандырылған мәліметтер қорлары мен коммуникациялық желілерді
қолдана отырып білім беру жүйесін басқаруды жетілдіруде;
• қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы білім алушы тұлғасын дамыту
міндеттеріне сәйкес оқыту мазмұнын саралау әдістемесі мен
стратегиясын жетілдіруде;
• оқытудың білім алушының инттелектуалдық әлеуетін дамытуға
бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру, тәжірибелік-
зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыру іскерлігі мен өздігінен білім алу
және ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;
• білім алушылардың білім деңгейін бақылау мен бағалауда компьютерлік
тестілеу, болжау әдістерін пайдалануда қолданылады деп
тұжырымдаймыз [80; 84].
Сонымен қатар зерттеулер нәтижесі ақпараттық технологияларды бірқатар
жаңа дидактикалық мәселелерді шешуде, яғни:
• модельдеу арқылы күрделі техникалық және биологиялық жүйелердегі,
микро және макроәлемдегі үдерістер мен құбылыстарды зерттеу;
• аса жоғары немесе төмен жылдамдықпен шынайы уақыт аралығында өтіп
жатқан әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік
үдерістерді оқудың қолайлы уақыт шегінде ұсыну мен пайдалануға
мүмкіндік береді.
Сондай-ақ білім беруді ақпараттандырудағы зерттеулер әлемдік ақпараттық
білім кеңістігіне кіріктіру мәселесі және қазіргі заманғы халықаралық
мәліметтер қорларына қол жеткізуді қамтамасыз етпей жоғары мектептегі
білім беру үдерісін жетілдіру мүмкін емес. Шет елдік және отандық
ғалымдардың пікірінше ...әлемдік білім беру жүйесіне кіріктірудің тәсілі
–білім беру субъектілері үшін Интернет ауқымды компьютерлік желісін
пайдалануға жағдай жасау деп көрсетілген [85].
Білім берудегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды
пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты зерттеулер әртүрлі бағытта жүзеге
асырылуда. Білім беруді ақпараттандырудың ең ірі жобаларының бірі-RUNNET
университтер желісін қалыптастыру болып табылады. Бұл желі мемлекет
территориясын толығымен спутник арқылы байланыстырып, халықаралық
мәліметтер қорына кіріктіруге мүмкіндік береді.
Білім беру үдерісінде негізгі желілерден басқа да желілер қолданылуда,
бірақ олар әр түрлі білім беру мекемелерінің бірыңғай ақпараттық ортасы мен
ресурстарын біріктіреді. Оларды білім беру үдерісінде пайдалану туралы
педагогикада бірқатар зерттеулер жүргізілген [86- 88].
Білім беру үдерісін ақпараттандыру мәселесін зерттеуде оның түрлі
салаларында ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың барлық
мүмкіндіктерін пайдалану жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл мәселені
теориялық тұрғыда қарастыру нәтижесінде ақпараттандыру өркениеттің
интеллектуалдық деңгейін түбегейлі жетілдіру мақсатында информатика
құралдарының көмегімен ақпаратты толықтай меңгерудің маңызды ресурстарына
негіздей отырып, адамның өмірлік іс-әрекетін гуманистік тұрғыда қайта құру
деп түсіндіреді.
Ақпараттандыруға берілген мұндай анықтама қазіргі заманғы білім беруді
жетілдірудің мақсаттарымен тығыз байланысты екені түсінікті.
Я. Янушкевичтің тұжырымдасы бойынша қоғамның ақпараттық ресурстарына
қол жеткізетін және оларды меңгерудің тиімді құралы болып саналатын
ақпараттану қазіргі заманғы білім беру жүйесін ауқымды дағдарыстан шығуына
мүмкіндік беретін білім берудегі төңкерістің басты тетігі болып табылады
[89].
Сондықтан да білім берудегі ақпараттық технологияларды пайдаланудың
дидактикалық негіздеріне назар аудару басымдық танытуда. Мәселеге қатысты
ғылыми-педагогикалық еңбектерге сүйене отырып білім беруді
ақпараттандырудың негізгі бағыттары ретінде:
- білім беру үдерісінде ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды пайдалануды жүйелі
түрде шоғырландыру мен жетілдіру;
- білім беруді басқарудың бірыңғай ақпараттық білім
ортасын құру және әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру
қарастырылады.
Соңғы жылдары ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды
пайдаланудың басым бағыттарының бірі қашықтан оқыту мәселесін жетілдіру
жатады. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен құралдары анықталып,
ауқымды компьютерлік желілер қашықтан оқытудың технологиялық базасы болып
табылады. Бұл бағытта ғылыми-зерттеулер кешенді атқарылуда, қашықтан
оқытуды пайдаланатын білім беру үдерістерін ұйымдастырудың әр түрлі
нұсқаларына талдау жасалынып, ұйымдастыру түрлері мен құралдары зерттелген
[81]. Қазіргі кезде қашықтан оқытудың модульдік оқу дәрістері мен білімді
тексеру тестілері кеңінен қолданылуда.
АТҚ-ын пайдаланудың дамуы және олардың білім беру үдерісіне қарқынды
енгізілуі педагогика ғылымының категориялық аппаратын түбегейлі өзгертті.
Мұндай өзгеріс педагогикалық теория мен іс-тәжірибенің кибернетика,
информатика және т.б. категориялық ұғымдық аппараты арасындағы симбиоздың
нәтижесінде пайда болды. Сонымен қатар оқытудың АТТ-ты ұғымын анықтауда
информатика ғылымы саласындағы ұғымдар басымдық танытуда.
Бағдарламалық-әдістемелік кешен, оқытуға арналған бағдарламалық
құралдар және т.б. сияқты ұғымдар пайда болды. Дәстүрлі оқыту құралдары
ұғымдарының мағынасы кеңейді. Баспадан шығатын оқу материалдарының
электрондық (компьютерлік) нұсқасы болып есептелетін, компьютердің
жадысында немесе сыртқы магниттік тасымалдаушыларда сақталатын электрондық
оқулықтар деген ұғым күнделікті пайдаланылуда.
Білім беруге қажетті телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану мәселесін
шешу жолдарының бірі − қазіргі уақытта орын алып отырған телекоммуникация
жүйелерін пайдалану. Қарқынды дамып келе жатқан және неғұрлым танымал
телекоммуникациялық желі ретінде Интернетті атауға болады [90]. Ауқымды
компьютерлік желілер қашықтан оқытудың технологиялық базасы болып
табылады. Әсіресе, желіні пайдаланушыларға жағымды интерфейс ұйымдастырушы,
электрондық оқулықтарды жасауға мүмкіндік беруші WWW-технологияларды атап
өтуге болады. Электрондық оқулықтарды пайдалану аясы өте зор: қарапайым
және қашықтан оқыту мен өзіндік жұмысқа дейін. Алайда студенттің білімін
қадағалайтын, оқытушы мен студент арасындағы шынайы уақыт барысындағы
қатынаспен (электрондық пошта, бейне-конференциялар және т.б.)
толықтырылған бағдарламаларды оқулықтармен біріктірудің мәні зор. Сонымен,
білім берудегі қарастырылып отырған АТТ-лар мәселесіне жасалынған тарихи-
теориялық талдау оның ғылыми-техникалық прогресс пен қоғамды
ақпараттандырудың қазіргі заманғы күйімен тығыз байланыста екенін
дәлелдеді. Бастапқыда ақпараттық технологиялар білім беру үдерісіндегі
компьютерлік технологияларға теңестіріліп, білім алушылардың танымдық іс-
әркеттерін белсендіру және педагог-білім алушы тізбегіндегі педагогикалық
қарым-қатынастарды жетілдіру құралы ретінде ғана қарастырылды. Жоғары
мектептің білім беру үдерісінде ақпараттық, телекоммуникациялық
технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесіне қатысыты
ғылыми зерттеулер негізінде оқыту бағдарламалары мен автоматтандырылған
оқыту жүйелері, педагогикалық жүйелерді басқару технологияларының мәні
анықталды.
Сонымен еліміздегі білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайына
жасалынған талдау білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі
ретінде педагогикалық және дидактикалық міндеттерді шешуде білім беру
саласында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану
өзекті болуда деген қорытындыға келеміз. Білім беру үдерісінде ақпараттық
технологияларды пайдалануда кеңейтілген теориялық база жеткілікті
қалыптасқан, әсіресе компьютерлерді тиімді пайдалану, педагогикалық іс-
әркетке оның ықпалы (Ж.А. Қараев, С.В. Рах, В.В. Гриншункин, М.Б.
Есбосынов, С.Т. Мұхамбетжанова, К.Ж. Аганина,
Б. Баймуханов, Г.К. Нұрғалиева және т.б.), ЖОО-ны студенттерінің болашақ
кәсіби әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалануға даярлауды
(А.Ә. Әбдіқадыров, Е.И. Бидайбеков, Д.М. Жүсібалиева, Р.А. Ильясова,
А.К. Мыңбаева және т.б.) отандық ғалымдар теориялық тұрғыда зерттеп,
дәлелдеген.
Аталған ғалымдардың еңбектерінде ақпараттандыру ғасырында оқыту
ұғымының мазмұны білімді игеруден ақпаратты пайдалана білуге өзгергені
байқалады. Білімді адам бәрін және барлығы туралы білуге міндетті емес,
бірақ ақпараттық білім кеңістігінде не керек екенін, қалай іздеуге және
пайдалануға болатынын білудің тиімді екендігі негізделген.
Отандық ғалымдардың М.Б. Есбосынов, А.І. Тажіғұлова, А.С. Қадыров және
т.б. ғалымдардың еңбектерінде:
- АТТ-ны пайдалану арқылы қашықтан оқытудың дидактикалық
ерекшеліктері мен ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
- оқытудың компьютерлік және педагогикалық
технологияларының өзара байланысы негізінде қашықтан
оқытуды жобалаудың дидактикалық шарттары мен
мүмкіндіктерін есепке алу;
- қашықтан оқыту құралдары мен компьютерді тиімді
пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін құрастыру;
- математика және ағылшын тілі курстарын компьютерлік
қолдауға арналған оқыту жүйелерінің мультимедиялық
пакетін құрастыру;
- электрондық оқулықтарды құрастыру үдерісінің құрылымдық
компоненттерін анықтау;
- оқыту үдерісінің жүйе құраушы компоненттеріне сәйкес
электрондық оқулықтарды құрастыру ұстанымдарының жүйесі
негіздеу мен оларды құрастыру әдістемесі;
- педагогикалық мамандарды даярлауда жетекші пәндер
бойынша электрондық оқулықтардың құрылымдық моделін
негіздеу;
- электрондық оқулықтар базасы негізінде оқыту мен
ұйымдастыру әдістемесі мәселелері жан-жақты зерттелген.
Білім беруді ақпараттандыру − бұл үздіксіз жүретін үдеріс, сондықтан
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру
тұжырымдамасында білім беруді ақпаратандырудың кезеңдері:
Бірінші кезеңде білім беру жүйесіне жаппай АТҚ-ны, ең алдымен
компьютерлерді енгізу, яғни:
• АТҚ-ны пайдалануды педагогикалық негізде зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, оқыту үдерісін интенсификациялауда пайдалану жолдары
іздестірілді;
• қоғамды ақпараттандыру үдерісінің қажеттілігі және мәні анықталды;
• үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысында информатика ғылымы
саласы негізінде базалық даярлау жүзеге асырылды.
Екінші кезеңде АТҚ-ны пайдалануды белсенді игеру және оларды дәстүрлі
оқу пәндеріне біртіндеп енгізуде:
• педагогтардың компьютерлік техниканың барлық мүмкіндіктерін
пайдалану және тәсілдерін игеру жүзеге асырылды;
Үшінші кезеңде:
• үздіксіз білім берудің барлық сатысының мазмұнын ақпараттандыру
мәселесі қайта қарастырылуда;
• оқытудың әдістемелік негізі өзгеріп, әрбір педагогтың АТҚ-ны
пайдалану негізінде оқытуды ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінің
кең көлемін игеру мәселесі өзекті болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ мамандарды кәсіби
даярлаудағы талаптар күннен-күнге өзгеруде. Ақпараттық қоғам жағдайында
білім беру үдерісіндегі педагогтың рөлі түбегейлі өзгеріп, яғни стандартты
емес жағдайында кәсіби әрекетінде информатика ғылымы саласындағы дайындығы
және АТҚ-ны пайдалану қажеттілігі артуда. АТҚ-ны оқу үдерісінде пайдалануға
қажетті білім мен тәжірибені жинақтау әдістемелік даярлықты қажет етеді.
Сонымен қатар құқықтық сауаттылығы мен даярлығы мәселесі де қажетті
шарттардың бірі болып табылады.
Себебі, қазіргі таңда Қазақстан Респуликасының ақпараттандыру
жүйесінде 360-қа жуық нормативті құқықтық құжаттар бар, оның 117-і тікелей
білім беру жүйесімен байланысты. Талдау–сараптау жұмыстарының нәтижесі
бойынша бұл құжаттардың барлығы дерлік әлемдік ақпараттық жүйені дамыту
тенденцияларына сәйкес қашықтан оқытудың жаңа формаларына баса назар
аударылуда.
Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы алғаш рет Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың шешімімен бекітіліп, жалпы орта білім беру жүйесінде
қабылданды (1997-2002 жж.). Сонымен қатар білімді ақпараттандыру жүйесінде
төмендегі нормативті-құқықтық құжаттар:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің №721 шешімі, 15 мамыр 2000 ж.
Бастапқы және орта кәсіптік білім беру мекемелерін
ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1281 7 желтоқсан 2004 ж.
Қашықтан оқыту формасын лицензиялау ережелері негізге алынуда.
Меторология комитетінде тіркелген құжаттар:
- Комитет шешімімен бектілген №1 СТ РК 34.017-2005. СТРК 1-2001 26
қаңтар 2005 жылғы Электронды оқулық: құрамына, мазмұнына,
безендірілуіне және құжаттарына қойылатын талаптар ҚР
мемлекеттік стандарты;
- СТРК 1-2001 ҚР Ақпараттық технология: 8-битті кодтық қазақ
алфавитінің таблицасы мемлекеттік стандарты;
- СТРК 34.016-2004 ҚР Ақпараттық технология: 16-битті кодтық қазақ
алфавитінің таблицасы мемлекеттік стандарты;
- ҚР Қашықтан оқытудың бағдарламалық және техниалық құралдары.
Жалпы техникалық талаптар мемлекеттік стандарты.
Сонымен қатар республикалық білімді ақпараттандыру орталығының
басшылығымен қазіргі уақытта білімді ақпараттандыру жүйесі мен қашықтан
оқытуға байланысты 46 нормативті-құқытықтық құжаттар:
- ҚР мамандарды үздіксіз дайындау жүйесі бойынша қашықтан оқыту
негізінде ашық білім беру тұжырымдамасы;
- ҚР қашықтан оқыту жағдайында мамандарды үздіксіз дайындауды
жүзеге асыру бағдарламасы;
- ҚР қашықтан оқыту жағдайында мамандарды үздіксіз дайындауды
жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары;
- Үздіксіз кәсіптік білім берудің классификаторы;
- ҚР ашық білім беру порталының стандарты;
- Портал жұмысының толықтырылуы бойынша нұсқау;
- Портал жұмысына экспертиза жүргізуге нұсқау;
- Портал жұмысын сынықтан өткізу туралы нұсқау;
- Порталдың әкімшілік жұмысының жүйесі туралы нұсқау;
- Портал жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқау;
- Тьюторлар әрекетіне нұсқау;
- Жоғары оқу орындары қызметкерлері мен оқытушыларының еңбегін
ұйымдастыру, қашықтан оқыту жүйесінде еңбек ақысы мен еңбек
тәртібі туралы нұсқау;
- Үздіксіз білім беру жүйесінде мамандарды ашық даярлау сапасының
бағалау әрекеті мен көрсеткіштерінің аккредитациялық нормаларының
лицензиясы қолға алынуда.
Қазақстан Республикасында біріңғай ақпараттық-білім беру интернет-
аумағын құру үшін қажетті нормативті-құқықтық құжаттар:
- ҚР біріңғай ақпараттық-білім беру интернет-аумағын құру тұжырымдамасы;
- Білім беру ұйымдарын ИНТЕРНЕТ глобальды жүйесіне қосу бағдарламасы;
- Білім беру ұйымдарын ИНТЕРНЕТ глобальды жүйесіне қосу бағдарламасын
жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары;
- Білім беру ұйымдарының Веб-сайттарының стандарттары;
- Веб-сайттарды пайдаланудың нұсқаулары;
- Білім беру ұйымдарында Веб-сайттарды пайдалануға байланысты
ұйымдастырушыларға, тьютерлерге және әкімшілікке арналған нұсқаулар;
- Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесін жасаудың стандарты;
- Интернет-конференциялардың өту ережесі;
- Веб-олимпиадалардың өту ережесі;
- Веб-байқаулардың (жекелеген пәндер бойынша) өту ережелері.
Сонымен қатар қазіргі кезде елімізде АТТ-ны мен информатика саласында
педагогикалық мамандарды даярлауды арттыру жұмыстары жүргізілуде. Мұндай
даярлық педагогтың ақпраттық қоғам жағдайында дүниетанымын қалыптастыруға,
АТТ-ны пайдалануға бейімдеу мен білім беру үдерісін қайта құруға
бағытталған [91].
Бірінші кезең міндеттерін жүзеге асыруда елімізде біршама нәтижеге қол
жеткізді. Білім беруді ақпараттандырудың екінші және үшінші кезеңінің
міндеттерін жүзеге асыру уақыт өткен сайын артуда. Мәселен, Өзгермелі әлем
жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік базисін құру
мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық ғалымдар ҚР-ның үздіксіз білім
беру жүйесінің ерекшелігіне бейімделген, өмір сүру мүмкіндіктері шектелген
тұлғаларға (мүгедектерге) білім беру, ересектер мен балаларға қосымша білім
беру, орта және жоғары білім берудің жаңа заман жүйесіндегі компьютерлік
оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізілді. Бұл зерттеулерде орта және жоғары, сондай-ақ
қосымша білім беру ұйымдарының оқыту жүйесінің ерекшеліктері есепке
алынған. Мұндай негіздегі отандық зерттеулер психологиялық-педагогикалық
өзара байланысты және тәуелді кешендерді жіктеу мен анықтауға, елімізде
ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыруда республикадағы білім беру
жүйесінің ұлттық-аймақтық қырларын есепке алатын оқу-әдістемелік кешендерге
қойылатын техникалық-технологиялық, эстетикалық, эргономикалық-дизайнерлік
және т.б. жаңа талаптарын анықтауға жағдай жасауда. Осыған орай зерттеу
жұмысымыздың келесі бөлмінде ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тұжырымдамалық негіздері мен мәні туралы толық
баяндалады.

2. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тұжырымдамалық негіздері мен мәні
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар ұғымының мәні мен
мағынасын, білім беру үдерісінде пайдалану тиімділігін арттырудың шарттарын
анықтау үшін алдымен олардың мәселелік-педагогикалық қырларына қатысты
түйінді ұғымдары мен категориялық аппаратының мағынасын ұғыну қажет.
Б. Наврочинский, Селест Френэ, Петр Гальперин және тағы да басқа
ғалымдар мен педагогтар оқу үдерісін технологияландыру мәселесіне баса
назар аударған. Жалпы оқытуды ұйымдастыруға қатысты ерекше технологиялық
көзқарас негізінде педагогикалық әдістер, яғни оқу үдерісі мен оқытуды
ұйымдастырудың технологиясы пайда болды. Сондай-ақ технология, оқыту
технологиясы, педагогикалық технология және ақпараттық технология
ұғымдары арасындағы қатынастарды анықтауға мүмкіндік берді.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде технология ұғымы өте ерте кезде
енген. Технология ұғымы грек тілінен аударғанда techne- өнер, шеберлік,
біліктілік және logos –ілім, яғни өнер немесе шеберлік туралы ілім
деген мағынаны білдіреді[92].
Сондай-ақ технология ұғымы алғашқыда өндіріс саласында қолданылып,
өнім өндіру үдерісінде жүзеге асырылатын материал, шикізаттың формасын,
қасиетін, күйін өзгерту, өңдеу мен даярлау әдіс-тәсілдерінің жиынтығы деп
анықталды [93].
Алғашқы оқыту үдерісін технологияландыру идеясы Ян Амос Коменскийдің
теориясымен байланысты. Ол ертеде-ақ адам табиғатының заңдылықтарына
сәйкес жүзеге асырылатын дидактикалық машина оқыту механизімін ұсынған.
Ал оқыту технологиясы ұғымы алғашқыда ағылшын және американ
мектебінде қолднысқа енді [94].
40-50 жылдары оқу үдерісінде техникалық оқу құралдарының қарқынды
енгізілуі оқыту технологиясы ұғымының мәнін анықтауға негіз болып,
кейіннен бұл ұғым педагогикалық технологияға өзгертілді.
60-шы жылдары оқытуда технологиялық тәсіл қалыптасты. Оның қалыптасуына
американдық психолог Б. Скиннер негізін қалаған материалды меңгеруді
ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру, бақылау арқылы
басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз
байланысты.
Оқыту технологиясы- бұл оқу үдерісін жоспарлау [95], оқу үдерісін
жобалау, оқыту жүйелерін оптимальды құруға бағытталған педагогика ғылымының
бағыты. Оның негізінде оқу үдерісінің басқарылуы, оқыту циклын жобалау мен
жүзеге асыру. Оқыту технологиясының ерекшеліктері: мақсатын анықтау, оқыту
мақсатына жетуде барлық оқу әрекеттерін бағыттау, ағымдық және қорытынды
бағалау мен жедел кері байланысты орнату [96, 168-171 бб.]
Оқыту технологиясының моделін: білім алушылардың дайындық деңгейін
диагностикалаудағы компьютерлік құралдардың жиынтығы, оқытуды басқарудың
бейімделген көпдеңгейлі үдерісі, оқу материалын игеру нәтижесі мен білімді
тестілеу арқылы бақылау, пәнаралық байланыс пен әртүрлі мамандардың
сараптық бағалауы құрайды [97].
Педагогикалық технология оқу үдерісі мен ғылым арасындағы рухани
өндіріс бөлігі болып табылады. Маман келбетін қалыптастырудың стратегиялық
тұжырымдамасы негізінде педагогикалық технологиялардың мазмұнына кәсіби іс-
әрекет (қажетті негізгі теориялық және іс-тәжірибеге қажетті нақтылы
қолданбалы білім, кәсіби іскерлік пен біліктілік) талаптары мен оқытудың
техникалық құралдарын пайдалану кіреді. Оқыту технологиясы кәсіби іс-
әрекеттің әр түрлі даму деңгейлеріндегі әлеуеттік құрылымын құрайды.
Оқытудың педагогикалық технологиялары кәсіби дидактикалық дайындық
жүйесіндегі өзіндік білім саласын қамтиды, дидактикалық теория мен оқыту
тәжірибесімен байланысты, оқу іс-әрекетін жобалау мен ұйымдастыру
қызметтерін қарастырады. Оқыту технологияларының құрамына теориялық
біліммен қатар нақтылы қолданбалы – оқу үдерісінің нақтылы бір түрі, оқыту
стратегиясына сәйкес оқыту әдістерінің жиынтығы, студент игеруге тиісті
білімді түрлендірудің педагогикалық процедуралары туралы – білімдер кіреді.
Педагогикалық технология- алдын-ала жоспарлаған оқыту үдерісін
тәжірибеде жүзеге асырудың және осы мақсатқа жетуді басқарудың әдіс-
тәсілдерінің жүйелі жиынтығы [98].
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – деп оқыту
үдерісі мен білімді техникалық және адами қорлардың бір-біріне өзара
әсерін, білім беруді оңтайландыру міндеттерін ескере отырып оны меңгеруді
жүзеге асырудың жүйелі әдісі [99]. [102].
Белгілі ғалым Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу үдерісіне
белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік
құралы; оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, құралдарын, формаларын
анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жиынтығы деген
анықтама береді [100].
Дидактикалық негізде оқыту технологияларын пайдалану ерекшелігіне қарай
төмендегідей:
- қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық, әдістемелік және
модульдік;
- философиялық негізде: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-
әкімшіл (авторитарлы);
- тұлғалық құрылымға бағдарлануына байланысты: ақпараттық (білім, білік
және дағдыларын қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті-ақыл-ой
әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын
қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер
қалыптастыру) және т.б. жіктеуге болады.
Жоғары мектептің білім беру үдерісінде педагогикалық технологиялар
ғылыми білімді дидактикалық негізде пайдалануға, оқу үдерісін ғылыми
тұрғыда ұйымдастыруға бағдарланып, болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда
жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады.
Бұл білім беру үдерісін басқаруда өзара байланысты: студенттердің оқу
іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау мен мониторинг жүргізу үдерістерін
құрайды. Бұл үдерістер өзара үздіксіз байланыста болады: бақылау мен
бағалау нәтижесі басқару қызметіне, яғни іс-әрекеттің әрі қарай
ұйымдастырылуына тікелей ықпал етеді.
Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологияның
мәні мен оның студенттердің танымдық оқу іс-әрекетінің педагогикалық білім
жүйесіндегі алатын орнына байланысты технологиялық тұрғыдан жобалау
төмендегідей деңгейлерде: тұжырымдамалық (мамандарды даярлау стратегиясы,
оқыту тұжырымдамасын таңдау, оқыту үдерісіне ғылыми тұрғыда толықтырылулар
енгізуді қамтамасыз ету, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын даярлау) және
технологиялық (оқу материалдарын даярлау, білім беру үдерісін
ұйымдастырудың түрін таңдау, дәрісті ұйымдастыру, тапсырмалар мен
есептерді, студенттердің оқу іс-әрекетін басқару қызметі мен тәсілдерін,
дидактикалық материалдарды даярлау) жүзеге асырылады.
Педагогикалық технологиялардың әрбір элементі тұтас педагогикалық
үдеріске тікелей ықпал етеді. Сондықтан да әрбір технологиялық процедура
мен тәсіл оқыту стратегиясын жүзеге асыруда, білім беру үдерісінде тиімді
шешімдер қабылдауда өзіндік мәнге ие. Білім беру үдерісіндегі қандай да бір
технологияны жобалау, жүзеге асыру барысында педагогикалық технологияның
мұндай құрылымдық бөліктері түрлі дәрежеде қолданылып, оны жіктеуге
мүмкіндік береді.
Білім беру үдерісінде педагогикалық технологиялардың пайдалану
ерекшелігіне қарай дәстүрлі және инновациялық деп жіктеп көрсетеді.
Мәселен, А.Я. Савельев педагогикалық технологияларды төмендегідей
ерекшеліктері бойынша: іс-әрекет мазмұнына байланысты (білім алушылардың,
оқытушылардың, тиісті сала қызметкерлерінің және т.б.); оқыту мақсаты мен
пәннің мағыналық ортасына байланысты (гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы
кәіби және арнайы пәндер үшін); пайдаланылатын техникалық құралдарға
байланысты (аудио-визуалды, бейне-техникалық, бейне-компьютерлік, медиа
және т.б.); оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты (жекелеген, ұжымдық,
аралас); әдістемелік негізіне байланысты (белгілі бір пәнге қатысты,
құралдары мен әдістеріне байланысты технологияларды) жікттеп көрсетеді
[101]. [307]
Ал В.А. Сластенин вариативті және түзету (коррекциялық) сипатындағы
оқытудың үйлесімді технологияларын қалыптастыру үдерісіне талдау жасай
отырып, модельдеу және диалогтік технологияларды қарқынды педагогикалық
технология ретінде оқытудың бейімдеу жүйесін бөліп көрсетеді [102]. [321]
Э.Н. Коротков оқыту технологияларын деңгейлері бойынша: жалпы теориялық
және оқытудың шынайы технологиясы деп бөліп көрсетеді. Автор соңғы
технологияның түрін жоғары мектептің (оқу жоспарының деңгейі) оқу үдерісі
мен пәннің, дидактикалық циклдың және жекелеген технологиялар деп жіктейді
[103]. [176]
Білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологияның мәнін анықтауға
жасалған талдау негізінде мынадай анықтама береміз:
Педагогикалық технология − деп білім берудің мақсатын анықтау, оқу
жоспары мен оқу бағдарламасын ұдайы жақсартуда, педагогикалық өзара
байланысты жүйелерді толығымен бақылау, бағалаудың және тиімділігін
анықтаудағы ақпарат негізінде жаңа мақсаттар қоюдағы үдерісті айтамыз.
Білім беру үдерісінде педагогикалық технологияларды пайдалануда:
- білім беру үдерісін ұйымдастыруда болашақ кәсіби-маман тұлғасын
қалыптастыруға бағытталған икемді моделдерді жобалау мен енгізу;
- мамандар даярлауда білім мен ғылым саласындағы қазіргі заманғы
жетістіктерді жан-жақты қарастырып, кешенді пайдалануға негізделген және
білім беру үдерісінде білім сапасын жоспарлауды жетілдірудің озық
технологияларын пайдалану;
- ғылыми білім мен ақпараттық құзыреттілікке ие, шығармашылық
тұрғыдан ойлау қабілеті жоғары, өзіндік іс-әрекетінде күрделі және
стандартты емес мәселелерді тиімді шеше алатын мамандарды даярлауға
негізделген оқыту технологияларының рөлін арттыру қажет.
Заман талабына сай ғылыми танымдық парагдиманың өзгеріске ұшырауының
нәтижесінде қазіргі кезде педагогикалық технологиялар студенттердің дайын
ғылыми теориялық формулалар мен нақтылы қолданбалы нұсқаларды меңгеруге
емес, жаңа білімді іздеу, меңгеруге байланысты үдерістер мен құбылыстарды
моделдеу және зерттеуге, кәсіби қызметті жобалауға қатысты шығармашылық-
ізденіс сипаттындағы іс-әрекеттерге бағытталуы тиіс.
Білім беру үдерісінде қазіргі заманғы есептеуіш техника мен
бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарына негізделген ақпараттық желілер мен
мәліметтер қоры педагогикалық технологияларды пайдалану тиімділігін
арттыруға негіз болып отыр.
Соңғы тенденцияның біздің зерттеуіміз үшін маңызы зор. Білім беру
үдерісінде қолданылып жүрген ақпараттық және телекоммуникациялық
технологиялар ұғымдарының ерекшеліктерін қарастырайық.
ХХ-шы ғасырдың 60-70-ші жылдарында кибернетика ғылымы дамыды.
Кибернетика ғылымының белгілі бір кезеңінде ақпаратты зерттеудің барлық
бағыттары шоғырланып, бұл ұғымның негізгі екені анықталды, жалпы күрделі
және жекелеген әлеуметтік жүйелердегі ақпараттық үдерістерге жасалаған
зерттеулерге қарқынды екпін берді [104]. [88]
Осындай тақырыптық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Oқытy тexнoлoгиялapын қoлдaнy әдіcтeмecі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Тәй - тәй технологиясы негізінде баланың даму ерекшеліктері
ТӘЙ - ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Оқыту жүйесі және орта білімді басқару пәнінің cтуденттерге арналған лекциялар жинағы
Оқытудың қазіргі технологиялары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Пәндер