Міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері мен басқа азаматтық - құқықтық қатынастардан айырмашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -----
3

І. Қ.Р. Азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелік
құқықтың ерекшелігі
1. Міндеттеме құқығының ұғымы және оның жүйесі-----------5
2. Міндеттеме түрлері---------------------------- --------------------9
3. Міндеттеме субъектілері----------------------- ------------------11

ІІ. Міндеттеменің орындалу және орындалуын қамтамасыз
ету тәсілдері
2.1. Міндеттеменің орындалу принциптері------------------------ 17
2.2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері-----21

III. Міндеттеменің тоқтатуы--------------------------- ------------28

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ---31
Қолданған әдебиеттер тізімі----------------------------- --------------32

Кіріспе
Қазіргі, тәуелсіздік таңы атып, еліміздің экономикасы, халықтың
әлеуметтік ахуалы көтеріліп келе жатқан таңда, азаматтық – құқықтық
қатынастарды оқып – үйреніп, оны зерттеп, түпкір – түпкірін түсініп,
Республикамыздың заңнамасын жоғары дәрежеге көтеру бірінші қатардағы
мәселелердің бірі болып отыр.
Ел Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ел
экономикасының дамушы елдер қатарындағы үздігі екенін баяндады. Банктік
жүйе жетілгендігін айтып, несие беру жүйесін, әсіресе жастарға, бюджет
қарамағындағы мекемелер қызметкерлеріне несие беруді жетілдіру қажет
екендігін айтып өтті. Осыдан орай міндеттеме бұл салалардың бөлінбес
бөлшегі болғандықтан, менің дипломдық жұмысымның өзектілігі күмәнсіздігіне
көз жетіп отыр деймін.
Осы жұмысты жазу барысында мен міндеттемелік құқықты егжей –
тегжейлі қарап, оның түрлерін, пайда болу, тоқтатылу негіздерін түрлі
әдебиеттерден ізденіп оқыдым.
Әдетте, екі немесе одан көп тараптар жасаған міндеттеме алдында
жасалған шарттар бойынша орындалады. Бірақ, өмірде әр түрлі себептерге
байланысты міндеттемелер сол келісілген күйінде орындама алмайтын жағдай
тууы мүмкін. Осы жағдайда тараптардың өзара келісім арқылы міндеттемені
өзгертуге жол беріледі.
Міндеттеменің негізгі субъектілері болады. Олар кімдер? Деген сұрақ
туады. Бұл сұраққа жауап қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодекстің III бөлімінде, міндеттемелік құқық бөлімінде дәлірек
негізделіп жазылған...
Міндеттемелік құқық – азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі,
міндеттемелерге қатысты нормалар Азаматтық кодекс көлемінің жартысынан
көбін алады.
Міндеттемелік құқықты заттық құқық, интеллектуалдық меншік,
мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық сияқты салалармен қатар азаматтық
құқықтың бір саласы деп қарауға болады.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол – ол қоғамдағы қалыпты
қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы
міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені
қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді.
Қазіргі Қазақстанда құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең
ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуге. Ептеп болса да маңыздылығы бар
барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға
өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Шарттардың жаңа түрле шығуды (рента, факторинг, франчайзинг,
форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т.б.). бұл процесс жалғасуда.
Міндеттеменің өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді
де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз.

І. Қ.Р. Азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелік құқықтың ерекшелігі
1.1. Міндеттеме құқығының ұғымы және оның жүйесі.

Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны
қалай түсінеміз? Міндеттемелік құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің III бөлімінде қарастырылған. Аталмыш кодекстің 268-бабында:
“Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің)
пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі
бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал
несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие
беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті”, - деп атап көрсетеді.
Демек, міндеттеме – азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету
мен міндеттеме – несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін
екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие
беруші трұғысынан қарағанда – талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан
алып қарағанда-міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері мен басқа азаматтық –
құқықтық қатынастардан айырмашылығы:
1. Міндеттеме – мүліктік құқықтық қатынас түрі болып табылады.
2. міндеттемелік қатынас үшін иеленіп қойған материалдық игіліктердің
ауысуын бекіту қажет, яғни мұнда жылжымалық сипат бар
3. міндеттемелік құқықтық қатынаста міндетті тұлғалардың белсенді
мінез – құлқы туындайды.
4. Міндеттемеде құқық берілген адамға нақты міндеті адам қарсы
тұрады.
5. Міндеттемеге затттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен,
тығыз байланыста болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық
құқықтар заттық құқықтық қатынастардың туындысы және олармен өзара
байланысты. Міндеттемелік заттық құқықтық қатынас, туындаған кезде
заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал өз тарапынан заттық
міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі болып
табылады.
Заңгерлер: талап етуді “міндеттемелік құқық” деп атайды. Бұл – “екі
жақты құқықтық қатынас ақыр ағына дейін жеткізілгенше жауапкершілекке
шақыруға, яғни, талап етуге құқылы” деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық
қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар
– субъект, мазмұн және объект.
Ал, енді, міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы Азаматтық
кодексін тағы да сол 268-бабында тайға таңба басқандай: “міндттеменің
субъектілері: борышқор мен несие беруші” деп жазылған. Осы екі субъектіге
нақтылы анықтыма беретін болсақ, борышқор – белгілі бір әрекетті жүзеге
асыруға міндетті, немесе одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын
жақ; несие беруші – борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап
ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар – азаматтар,
заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік
аталарымен нұсқаланады.
Азаматтық кодекстің 269-бабыны сәйкес, несие беруші немесе борышқор
ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты –
көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің
286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық
(жәрдем берушілік) міндттеме пайда болады.
Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға
өздерінің ортақ меншік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға
бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі
басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда
жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге
кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер заңды
түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор,
не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,
міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені
орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ
(бірлескен) болуы мүмкін.
Үлестік міндттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді,
ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті
талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген
борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала
береді.
Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес,
борышқордан міндеттемені толық атқаруды талап құқылы, ал борышқорлардың
әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жак қатысатын
міндеттемені ортақтасқан міндттеме деп атайды.
Ортақ міндттеменің үш түрі болады:
1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқанны – ортақтасқан
міндеттеме;
2) бір борышқор мен несие берушілер қатысқаны – ортаққан талап етуші;
3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқолар қатысқаны – аралас
ортақтасу,- делінеді.
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы
көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөлежарып анық нұсқаланбаса
– ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша берушінің
талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше
көзделмесе, – ортақтасқан міндет болып табылады.

1.2. Міндеттеме түрлері

Міндеттемелерді топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық
институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді.
М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин оқулықтарында міндеттемелерді келесі
топтарға бөлген.
Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер
төмендегідей бөлінеді:
- біржақты – міндеттеме субъектілерінің бірінде тек құқық, ал
екіншісінде тек міндет болады. Мысалы, заем, зиян келтіру
- Екіжақты немесе өзара – міндеттеме субъектілерінің әрқайсысында құқық
та міндет те бар кезде. Яғни, олар несие берушінің де, борышкердің де
рөлінде болады. Мысалы, сатып алу – сату шартында сатушы тауарды
беруге борышкер, сатып алушы ақша беруге борышкер және керісінше.
Орындау нысанының анықтылығы бойынша міндеттемелер:
- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер – міндеттеменің жиі кездесетін
түрі
- балама міндеттемелер – борышкер жасауға міндетті бірнеше әрекеттің
ішінен өзіне таңдап алу мүмкіншілігі бар. Мысалы, зиян келтірудегі
міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай немесе келген шығынды толық
өтеуге міндетті.
- Факультативтік міндеттемелер – борышкер белгілі бір әрекет жасауға
міндетті, ал оған мүмкіндігі болмаса, басқа әрекет жасайды. Мысалы,
борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, қандай да бір
жағдайларға байланысты ол өтей алмаса, автомобильдің құнын төлеуге
немесе сондай мүлік беруге міндетті.
Факультативтік міндеттеме мен альтернативтік міндеттеме өте ұқсас болып
келеді. Мысалы, факультативтік міндеттемеде автомобиль, болмаса ақша
болса, альтернативтік міндеттемеде автомобиль немесе ақша.
Бір бірімен байланысына орай міндеттемелер басты және
қосымша(акцессорлық) болып бөлінеді. Акцессорық міндеттеме негізгімен тығыз
байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды.
Сонымен қатар, міндеттеме нысанына қарай, бөлінетін және бөлінбейтін
болып бөлінеді.
Бөлінетін міндеттеме дегеніміз – бөліп орындауға болатын міндеттеме
болса(заем), бөлінбейтін міндеттеме дегеніміз – бөлуге болмайтын
міндеттеме, мысалы, сурет салу,ғимарат құрылысы.
Борышкердің жеке сипаттағы міндеттемесе де болады. Бұл міндеттеме
түрі борышкердің жеке басымен байланыс бойынша туындайды. Борышкердің
қайтыс болу жағдайы орын алса, міндеттеме тоқтайды. Мысалы, мақала жазу
жөнінде қаламгердің баспасөз алдындағы міндеті.

1.3. Міндеттеме субъектілері.

Міндеттемелік құқықтың субъектілер тізімі Қазақстан Республикасының
Ааматтық Кодексінің 269 бабында көрсетілген. Заңнаманың белгілеуі бойынша,
Міндеттеменің тараптары болып несие беруші мен борышкер болып табылады.
Осы баптың 1 тармағында көрсетілгендей, несие беруші мен борышкер ретінде
бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Несие беруші мен борышкермен қатар
міндеттемеге үшінші жақтың қатысуы да жіберіледі. Үшінші жақ ретінде
міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық
қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Міндеттеме үшінші жақ
міндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келісчімінде көзделген
реттерде міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі
тарапына да қатысты құқықтыр туғызуы мүмкін. (ҚР АК 27 бап)
Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-
жеке алғанда олардың кез келгенінен де сондай-ақ түгелдей де, бөлшектеп те
борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне қанағаттанбаған
несие беруші алымдарын оламдарын олардың қалғандаранан талап етуге де
құқығы бар.
Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті
болып қала береді.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындалуы қалғандарын
несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез
келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау
борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.
Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің
талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие
берушіге осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие
берушілердің береуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын
борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына
негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.
Азаматтық кодекстің 288-бабына сәйкес негізгі борышқор несие
берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда
бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға)
мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен
борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни
борышқор өзінің алған негізі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін
мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктеді. Мысалы,
субсидиялық міндеттеме заңды құрылтайшысының (меншік иесінің)
жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған
ондай заңды тұлғаның аурытпалығын негізгі қоғам көтеріп алады.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында
өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің
орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын
кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде
жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен
ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы
тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да
сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.
Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабылдаушылық
жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір
міндет өткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады.
Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде
жүзеге асады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады
(АК-тің 339-347 және 348-баптары).
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие
берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге
асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне
қарыз алушыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құқығын қалдыратын. Талап
етуді біреуге (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, оның
күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді
жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке
басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке
басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және
азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтіріген зиянның орнын толтыру
жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің 340-
бабы).
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң
құжаттарында немесе шарта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап
етілмейді (АК-тің 339-бабы 2-тармағы).
Дейтұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы
тиіс. Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде
борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын
өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. бұл жағдайда бастапқы несие берушіге
міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады (АК-
тің 339-бабы 3-тармағы).
Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы
несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған
көлемде және сондай жағдайларда аусады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге
міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның
ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар
(АК-тің 341-бабы). Борышқор талаптардың осы адамаға ауысқанына
дәлелдемелері өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді
орындамауға құқылы (АК-тің 342-бабы 1-тармағы).
Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету
құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін
маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті (АК-тің 342-бабы 2-тармағы).
Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге
ауысқаны туралы хабарды олар кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы
болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы
(АК-тің 343-бабы).
Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие
берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай
жағдайлардың болуы негізінде:
1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде;
2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі мүмкіндігі көзделсе, несие
беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме
бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы
нәтижесінде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие
берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн – несие беруші, борышқор
және үшінші тұлған арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі
келісім шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие
берушінің келісімімен ғана жол беріледі (АК-тің 348-быбы). Бұл түсінікті
де, өйткені несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой.
Сондай-ақ борышқорының тындырысды әрі төлем алатын қабілеті болғанын
қалайды.
Оның үстіне бұрынғы борышқордың міндеті жанасына айна-қатесіз ауысуы
шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы
қатынастарға негізделеген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы
қоюға құқылы (АК-тің 348-бабы 2-тамағы). Борыштың ауысуымен бірге үшінші
жақтың тағайындаған кепілі мен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол
кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге
келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.
Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе-талап
етуді беру нысанына сәйкес тиіс (АК-тің 348-бабы 1 және 2-тармақтары).
Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме
ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор
орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері қоюға құқылы, осыны
регрестік міндеттеме деп атайды.
Азаматтық кодексін 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері
салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді
талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған
борышқорлардың әрқайсына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен
кері талап қоюға құқылы.

II. Міндеттеменің орындалу және орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
2.1. Міндеттеменің орындалу принциптері.

Міндеттемелерді орындау дегеніміз – борышқордың алған міндеттемесіне
сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқықына
сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы.
Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не
әрекетін кейде тоқтатта тұруынан көрінеді.
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені
орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның
тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға
қол жеткізіледі.
Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі міндеттеменің жекелеген
түрлерін реттейтін (мысалы сатып алу сату, келісім шарт, жалға беру
нормативтік актілерінде бекітілген).
Міндеттемені орындау азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау, және
міндеттемені нақты орындау жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау
принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме
шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда –
дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқада кәдімгі қойылған талаптарға
сәйкес орындалуы мүмкін.
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен
шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде міндеттеме алған жақтардың
келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді,
мерзімді, және міндеттеменің орындау тәсілін анықтайды. Міндеттемені
орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені
тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, орнына мерзімі
мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме-дәл сақтай отырып,
орындау болып саналады.
Міндеттемені борышқор тап-тұйнақтай етіп орындауы үшін несие беруші
немесе оған уәкілетті орган заңда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен элементтері
Қазақстан Республикасындағы кепіл ннститутынын орнын, маңызын, құқықтық табиғатын және оның біздің мемлекетімізде практикалық колданылуы
Негізсіз баю міндеттеменің мазмұны
Шарттар міндеттемелері негізсіз баюшылықта
Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы
Адам өлтірудің ұғымы
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Пәндер