Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І БӨЛІМ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК КЕЗЕҢДЕРІН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... .
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу - тәрбие процесінде есепке алу принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ БӨЛІМ ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ОЛАРҒА СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Түрлі жастағыларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..
2.2. Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ...
IІІ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
V ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы т.б. біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
Дене, сол сияқты ақыл-ойдың дамуы жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты екенін адамдар ерте кезден-ақ білген. Жас ұлғайған сайын даналық келеді, ақыл-ой толысады, тәжірибе жинақталады, білімдер молаяды. Әр жасқа сәйкес дене, психологиялық және әлеуметтік даму деңгейі сәйкес келеді. Дегенмен жеке адамның дамуында жалпыға қарағанда өзгерістер болуы мүмкін.
Даму процестерін дұрыс басқару мақсатында педагог ғалымдар адам өмірінің кезеңдерін жіктеді (Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, т.б.).
Кезеңдерге бөлу белгілі бір жас ерекшеліктерін бөліп көрсетуге негізделеді. Жас ерекшеліктері деп белгілі бір өмір кезеңіне сәйкес анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапаларды айтамыз. Жас ерекшеліктерінің мәні адамның физикалық дамуы мысалында айқын көрінеді.
Бойдың, салмақтың өсуі, тістердің пайда болуы, жыныстық жетілу, т.б. биологиялық процестер сәл ауытқушылықпен белгілі жас кезеңдерінде жүзеге асады. Сол сияқты әлеуметтік жетілу (биологиялық тәрізді қатаң тәртіпте болмаса да), тұлғаның рухани дамуының жастық динамикасы жүреді. Бұл адам дамуының кезеңдерін бөлуге негіз болады.
Зерттеу мақсаты: балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдерін оқу - тәрбие процесінде есепке алу принциптерін және оның маңыздылығын анықтау.

Зерттеу міндеті:
балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдерін оқу - тәрбие процесінде есепке алу принциптерін теориялық негіздеу;
рүрлі жастағыларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерінің маңызын ашу;
оқушылардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу - тәрбие процесінде есепке алу принциптері мәселесін зерделеу.

Зерттеу нысаны: оқушының жас және дара ерекшеліктері.

Зерттеудің болжамы: егер балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдерін оқу - тәрбие процесінде есепке алу принциптерін теориялық негізделсе, онда оның маңыздылығы анықталар еді.



І БӨЛІМ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК КЕЗЕҢДЕРІН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері

Қоғамсыз, әлеуметтік қарым қатынассыз және ұжымсыз баланың жеке адам, тұлға болып тәрбиеленуі мүмкін емес. Сонымен қатар жаңа тұған бала, өзіндік даму қабілеті бар, спондандық дамуға ішкі күштері және ынтасы тән табиғи тірі жәндік.
Алдында балаларға итермеші шартсыз рефлекстер, инстинктер, табиғи қажетіліктер болса, олардың қанағаттандыру процесінде бірте-бірте икемділіктер, қабілеттер қалыптасады, дағдылар мен әдеттер, рефлексивті - шарты байланыстар, стереотиптік ойлау пайда болады. Әрекетінде ынталармен қоятын талабы мен баланың өзбеттілікке ұмтылуының арасындағы қайшылық "дағдарыс" кездеседі.
Л.С. Выготскийдің ойын жалғастырып Д.Б. Эльконин әр бір жас кезеңдерін бөлуде келесі белгілерді қолдануды ұсынады.
Дамудың әлеуметтік жағдайын. Әлеуметтік ортадағы баланың қарым-қатынас жүйесі;
Кезендегі баланың негізгі немесе жетекші іс әрекеті;
Дамудың негізгі жанадан пайда болған түрлері (жаңашылдық);
Дағдарыс. Дағдарыс бұл баланың даму қисығындағы бір жасты екінші жастан бөлетін өзгерісті нүктелер [1, 23 б].
Акселерация латын тілінің "акселерацио" - ускорение деген мағынаны білдіреді - бұл балалық шақ пен жеткіншек жасындағы физикалық пен психикалық дамудың жылдамдауы. Биологтардың айтуынша акселерация организмнің физиологиялық пісуімен байланысты, психологтар оны психикалық функцияларының дамуымен, ал педагогтар - тұлғаның рухани дамуымен және әлеуметтенуімен байланыстырады. Педагогтардың тұжырымы бойынша 50-60 жылдары балалар мен жеткіншектердің физикалық және рухани дамуы бір қалыпты болған оны суреттегі 1 қисық көрсетеді. Акселерацияның нәтижесінде 70-ші жылдары организмнің пісуі 2 қисық ақыл-ойдың психикалық, әлеуметтік дамудың 3 қисық қарқынынан озады. Осы кезде қайшылық туады. Интелектуалды, әлеуметтік, өнегелік қасиеттердің негізі психикалық функцияға қарағанда орта аумақтарында дене тез өседі. Сондықтан, мемлекеттің орта аумақтарында тұратын қыздарда 13-15 жаста, ұл балаларда 14-16 жаста организмнің физиологиялық дамуы негізінен бітеді де үлкен адамның деңгейіне жетеді, бірақ ақыл-ой дамуы туралы бұлай деп айтуға болмайды.
Акселерация қарқыны туралы келесі салыстырмалы көрсеткіштерді айтады. Соңғы үш он жылдықта 50-ші жылдардағы құрдастарымен салыстырғанда жеткіншектің бойының орташа көрсеткіші 13-15 сантиметрге, ал салмағы 10-12 кг көбейген. 80-ші жылдың ортасынан бастап барлық дүниежүзінде физиологиялық дамудың қарқыны тежеліп, біршама басылып қалды [2, 123 б].
Даму мен оқыту екі түрлі процесс. Егер даму адамның немесе тұлғаның қалыптасу процессі болса, оқыту - бұл баланың даму процесіндегі ішкі, жалпылама және керекті кезең болып табылады. Оқыту даму жақын арадағы зонаны қалыптастырады және дамудың ішкі процестерін қозғалысқа әкеледі.
Жақын арада даму зонасы дегеніміз - бұл баланың өзекті даму деңгейі мен мүмкіндік даму деңгей аралығы. Дамудың өзекті деңгейі деген дамудың кешегі күнде жеткен табысы, нәтижесі, ал жақын арада даму зонасы ол ертеңгі күндегі ақыл-ойдың дамуын көрсетеді.
К.Д. Ушинскийдің айтуынша, егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, ол оны жанжақты білу керек. Балалардың жас ерекшеліктерін табу және барлық шақтың кезенін белгілеуде оның анатомиялық көрсеткіштерің, физиологиялық процесстердің өтуін, өсудің сапалы өзгерістерін, психиканың дамуын, эмоционалды ерікті және әрекеттік-практикалық өрісін, рухани-өнегелі жетілуін еске алынады.
Л.С.Выготский баланын психикалық дамуынын (онтогенездін) бірнеше заңдарын тужырымдаған: "Баланың дамуы уақыт бойында күрделі құрылым, өзіндік ырғағы бар. Өзіндік ырғақ уақыт ырғағымен сәйкес келмейді және өмірдің әр жылдарында өзгеріп тұрады. Мысалы; бөбек кезеніндегі бір жыл өмір, ересектердің бір жыл өміріне тен емес".
"Баланың дамуындағы метаморфоза заңы даму сапалық өзгерістердің тізбегі. Бала аз білетін үлкен емес, ол сапасы ерекше психикасы бар жан".
Баланың психикасының әр жақтарына тән оптималды даму кезендері бар". Бұл жас кезеңінде нерв жүйесі жетіледі. Психикасы да тез дамиды. Мектепке дейінгілерге қарағанда түстерге сезімталдылығы 45 %, көру - 80 %, түйсікте 50 % өседі.
Дамудың жылдамдығы, жаңа қасиеттерді туындатуға, баланың іс -әрекетін, оқу-тәрбие процесін белгілі мақсатқа бағытталғандығын талап етеді. Кіші мектеп жас оқушыларында қабылдауы бір тұрақсыз және ұйымдаспаған.
Бұл жастағылар 9 және 6 санын және кейбір әріптерді шатастырады. Қабылдаудың эмоционалдығын пайдаланып тәжірибелі педагогтар оқушыларды мақсат қойып тыңдауға, көруге үйретеді. Зейін бұл жаста әлі толығынан тұрақты емес. Сондықтан оқу және тәрбие процесі баланың бойында зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Мектеп өмірі баладан ерікті жүріс- тұрысты ерікті зейіннің қалыптасуын қажет етеді, яғни еріксіз зейін оқу түрткісі мен оқу іс-әрекет табысынан жауапкершілік сезімінің дамуынан туындайды.
Балалардың ойлауы эмоционалды-бейнеліктен абстрактілі болып дамиды.
Бастауыш мектептің негізгі мақсаты-баланың ойлауын жаңа сапалы қарқынға көтеріп, интеллект себеп-сылтаулық байланыстарды ұғыну деңгейін дамыту. Бұл жерде мектептің, мұғалімнің ролі ерекше. Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, оқу-тәрбие процестерін құрастыру, оқу мазмұны мен әдісін өзгерту, танымдық іс-әрекетін құрастыру әдістері кіші мектеп оқушыларының ой дамуының әр-түрлі деңгейлерін көрсетеді.
Ой сөйлеу мен сөйлеумен бірге дамиды. Қазіргі 4-ші класс оқушыларының артық сөздігі орташа есеппен 3500-4000 сөзден тұрады. Егер мектепке дейінгілері 15 берілген сөйлемнен 3-5 есте қалдырса, ал кіші мектеп оқушылары 1-6-8 сөйлемді есте сақтайды [3, 32 б].
Бұл жастағы балалардың есі көрнекі - бейнелілік болып келеді де, қызықты, конкретті, жарық материалдар тез есте сақталады.
Бұл жас кезеңінде баланы үлкендер мен құрдастары тұлға ретінде қалыптасуы жаңа қатынастардың, іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болу нәтижесімен байланысты. Оқушылардың көнгіштігі мен иланушылығы, олардың сенгіштігі, еліктеуге бейімділігі мұғалімдердің авторитеттігі баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Бастауыш мектеп өздерінің тәрбиеленушілеріне дұрыс құрылымға сай еңбекті ұйымдастыруы керек. Еңбектің ойынмен араластырылғаны тиімді нәтижелер береді, балалардың бойында еңбекқорлық, қимыл мәдениетін, ұйымдастыру әрекеттерінің әдеттерін және жан-жақты белсенділік дамытуы керек.
Жеткіншектерге қарағанда бұл жастағылар адамдардың бойын интеллектуалды қасиеттерді, материалда тез ориентир ақылды, тапқыштықты бағалайды. Моралды көзқарастар бағалау этикалық көзқарас ұқтыру сезімдері пайда болса сезімдер толық, терең болады. Олар қандай әрекетпен болсын, өздеріне зейін аударғысы келеді.
Бірінші махаббат, этикалық проблемаларға назарын аударуға ықпал етсе, осы кезеңде, өмір маңызды бақыт, парыз, тұлғаны еркіндігі туралы ойланады. Жүріс-тұрыстың саналы түрткілері күшейеді, тұлғаның ұжымда алатын орны, қарым-қатынас ерекшеліктері терең мәнге ие болады. Өмірлік жоспарлары, кәсіпті таңдауы қызығушылықтары мен талаптарына жауап береді.
"Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде педагогикада жоқ, педагогта жоқ"-деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған, тәрбиенің негізі отбасынан басталады дейміз. Патриоттық сезім ана тілін қастерлеуден басталады. Туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып ұлттық рухты сіңіру, тіл мен әдебиеті, тарихы мен өнерін қастерлеп салт-дәстүрлерін меңгеру үйрету, оны талап ету - әрбір ата-ананың міндеті, өмірлік парызы. Халқымыздың күрескер ұлдары Кенесары, Махамбет пен Исатай бастаған азаттық қозғалысы, Отан қорғау соғысында Бауыржан Момышұлының, қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгі-өнеге боларлық тағылымдар.
Жеке адамды тәрбиесіне ұжымның тигізер әсері орасан үлкен. Баланы ұжым арқылы тәрбиелеу сонау көне заманнан бері күн тәртібіне қойылып келеді. Солардың ішінде балаларды ұжымдық негізде тәрбиелеу мәселесін тәжірибе арқылы іске асыру әрекетін жасаған швейцар педагогі И.Г.Песталоцин болды. Ол балалар үйін ұйымдастырып, оны үлкен отбасына айналдыруға тырысты, онда мейірбандық бірліккен әрекет және еңбек әуені орын алды.
Жалпы алғанда баланы өмірге қызықтыру отбасы - мектепте берілетін тәрбиеге баланың оқыған әдеби кітабына, ол қатынасқан әр түрлі кештерге, ол белсене арласқан пікір таластарына, т.б. сайыс - жарыстарға байланысты. Балалардың бойына оқу орындарында, отбасында, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдердің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың, бүкіл жұртшылықтың алдында тұрған аса жауапты міндет өсіп келе жатқан ұрпақ алдында жеке адам еңбексіз дамымайды. Еңбек арқылы адамның дене бітімі, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі. Кәсіби еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі. Кәсіби еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін, творчествалық қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының және отбасының бағыты толыса түседі.
Тұлғаны еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері төмендегілей.
1. психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау;
2. ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру;
3. еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту;
4. ынтасын және қабілетін дамыту;
5. өз бетімен өз еркін пайдаланып отыруға дағдыландыру
арқылы тұлғаның дербес ерекшеліктерін қалыптастыруға болады [4, 87 б].

Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу - тәрбие процесінде есепке алу принциптері
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу - оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістеріоқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.
Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дүниеәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің елдің ғылымдары - педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін
Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін
Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін
Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін
Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)
8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)
Жеткіншектік жас 13 - тен 16 жасқа дейін (ер балалар)
12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)
Жасөспірімдік шақ 17 - ден 21 жасқа дейін (ер балалар)
16 - дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)
Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 - ден 35 жасқа дейін (ерлер)
21 - ден 35 жасқа дейін (әйелдер)
Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 - дан 60 жасқа дейін (ерлер)
36 - дан 50 жасқа дейін (әйелдер)
Кексе жас 60 - дан 74 - ке дейін (ерлер)
56 - дан 74 - ке дейін (әйелдер)
Қарттық жас 75 - тен 90 - ға дейін
Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдантұрады.
Жаңа туған бала (туған сәттен 1 - 2айға дейін).
Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).
Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).
Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).
Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 - 12 жасқа дейін).
Жеткіншектік шақ (11 - 12 жастан 14 - 15 жасқа дейін).
Жасөспіроімдік жас (14 - 15 жастан 17 жасқа дейін).
Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт [5, 23 б] , бес, алты және жетісатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс - әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.
Мектепке дейінгі балалық шақта Бұл жастағы балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата - аналар балалардың күш - қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте - бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс - әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата - аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттері күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарық шарының функциялары дамиды. Бұл жастығы балалардың іс - әрекеті - оқу. Осы оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
Балбөбек бағдарламасы
Жас шамасына қарай дамуын кезеңдерге бөлу
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесстерінде есепке алу
Балалардың психикалық даму белгілері
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы
Бала психологиясы туралы
Пәндер