Ұжым әлеуметтік жанды тұлға
МАЗМҰНЫ
І БӨЛІМ. ҰЖЫМ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДАҒЫ ТҰЛҒА РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Ұжым - тәрбиедегі маңызды құрал ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Ұжым және тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 БӨЛІМ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫ НЫҒАЙТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Ұжымның даму кезеңдері және олардың бір-бірімен сабақтастығы ... ... ...
2.2 Оқушылар іс-әрекеті ұжымын нығайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IІІ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
V ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Латынның коллектив деген сөзі жиын, ұжым, топ дегенді білдіреді. Коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез келген топ ұжым ба? Қазіргі еңбектерде ұжым түсінігінің екі мағнасы қолданылады. Біріншісі: кез келген адамдар тобы ұжым болып табылады, екіншісі: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым бола алады. Ұжым педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал. Мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар.
Адамдар белгілі бір мақсатта ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшеленетін белгі- олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары қзіндік жауапкершіліктің болуы.
Ұжым- аталған қасиеттерден басқа да маңызды қасиеттерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі ахуалын, ұжым мүшелерінің бір- біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат- перспективалар.Перспективалардың жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс -әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С. Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш - деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімді орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек маман-дықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Ұжым жеке адамның игі өнегесін ықпалын күшейте, ал теріс қылықтардың ықпалын әлсірете отырып тәрбиелейді.
Зерттеудің мақсаты:
Зерттеудің міндеті:
Зерттеу әдістері:
Зерттеу болжамы:
І БӨЛІМ. ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНА ЫҚПАЛЫ
1.1. Ұжым - тәрбиедегі маңызды құрал ретінде
Ұжым - тәрбиедегі маңызды құрал. Жеке адамның дамуында ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Оның жан-жақты дамуына, дамудың мүмкіншіліктерін тек қана ұжымнан алады.
Ұжымның іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай бірнеше түрге ажыратылады, тізімі төмендегідей:
кәсіпшіл ұжым (өндіріс орындарындағы, шығармашылық, әскери, оқу орындарындағы);
қоғамдық ұйымдар (партия, қоғам қозғалыс ұйымдары, кәсіподақ ұйымдары);
ерікті қоғам (ғылыми, ғылыми-насихаттаушы, әскери-спорттық);
өз әрекетімен істелінетін ұйымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер қоғамы, жеке және шағын фирмалар).
Осы айтылған ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері: еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету, саяси тұрақтылықты сақтау. Халық шаруашылығының барлық салаларын демократиялық және жариялық принципін қолдауды т. б.
Ұжым проблемасына еңбек сіңірген педагогика ғылымдарының қайраткерлері, халық ағарту озат өкілдері: А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, М. П. Блонсы, С. Т. Шацкий, В. А. Сухамлинский аса көп назар аударды.
А. В. Луначарский айтуынша: Жаңа адамды қалыптастыруда негізгі жағдайы ұжым,-дейді.
Н. К. Крупская: жеке адамның дамуы және қалыптасуы ортасы ол - ұжым,-дейді. Мектептегі қоғамдық ұйымдар балалардың қарым-қатынасына үлкен әсер етеді.
Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: "Дұрыс тәрбиелеудің бірден - бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы -- жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады." -- деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.
Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.
Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).
Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі -- талаптың бір -- бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын -- ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді.
А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.
А.С.Макаренко: "Өз тәжірибесінде мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді -- кесілді талап қою педагогиканың дұрыс заңы болуға тиісті деп санаймын" деген.
Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс - әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ -- мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақьш тірегі ретінде қараған.
Белсенділер дегеніміз балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.
Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және гуманистік қатынастың мәні. Қазіргі мектеп ұжымы бір -- бірімен тығыз байланысты болатын екі ұжымның - педагогтар және оқушылар ұжымдарының құрамынан тұрады. Тұтас педагогикалық процесс барысында бұл ұжымдардың өзара байланысты әрі сабақтастық қызметі атқарылады.
Қазіргі жағдайда педагогикалық ұжымның негізгі міндеттері қоғамның мектеп алдына қойып отырған әлеуметтік талаптарына байланысты күрделеніп отыр.
Педагогикалық ұжымның ең негізгі тәрбиелік міндеттеріне мыналар жатады:
* оқушыларды қайта құру ісіне белсенді қатысуға, негізгі әлеуметтік
қызметтерді жауапкершілікпен орындау үшін мақсаттылыққа
тәрбиелеу; оқушылардың рухани қажеттілігін және творчестволық
қабілеттерін, интеллектуальдық потенциалын айқындау және
дамыту;
* оқушыларды талаптылық пен инициативаға, іскерлік пен саналы
тәртіптілікке тәрбиелеу;
* ұжымды демократияландыру, гуманитарландыру, оқушылардың
өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге асыру.
Педагогиклық ұжымның жоғарыдағы аталған міндеттері оқушылар
ұжымымен өзара пікірлестік принципі болғанда ғана орындалады. Оқушылар ұжымы - өте күрделі, өзіндік арнайы құрылысы бар әлеуметтік бірлестік. Жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында бірнеше оқушылар ұжымы болады: бастапқы ұжым, жеке - жеке сыныптар, жастар ұйымдары, бүкіл мектептік оқушылар комитеті. Оқушылардың талап -- тілектері қызығушылығы мен бейімділігіне, мамандық бағыт -- бағдарларына қарай әр салалы оқушылар топтары құрылады.
Оқушылардың өзін - өзі басқаруын дамыту, оқушылардың қоғамдық белсенділігін көтермелеу әрқашан мектептің өзекті міндеттерінің бірі болып келді.
Педагогика ғылымының теориясында оқушылардың өзін - өзі басқару проблемасы қоғамдық өзін - өзі басқарудың бір түрі ретінде қарастырылып, болашақ ұрпақты өмірге, еңбекке, қоғамдық жұмысқа дайындаудың маңызды жолы болып есептелінеді. Сонымен бірге өзін - өзі басқару проблемасы жайлы білім беретін мектеп жұмысының әртүрлі кезеңдерінде тұтас педагогикалық процесті жолға қоюдың неғұрлым сипатты ерекшеліктерін бейнелейтін өзіндік ерекшелікке ие болып отырды.
2.1 Ұжым және тұлға
Тұлға мен ұжымның даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ақыл-ой дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен қабілеттері ұжымның тәрбиелік күші мен әсерін айқындайды. Соңғы нәтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, олар өздерінің дербес мүмкіндіктерін ұжым өмірінде барынша толық пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне түседі.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дербестігінің дамуы олардың ұжым ішіндегі өзіндік деңгейімен және шығармашылық белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамға пайдалы іс-әрекетте өзін көрсеткен сайын оның ұжымдағы статусы жоғарылайды және оның ұжымға әсері де арта түседі. Керісінше, оның статусы жоғарылаған сайын ұжымның оның өзіндік дамуына әсері де жемісті бола түседі.
Тұлға мен ұжымның дамуы - өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын процесс. Адам табиғатпен және өзін қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өмір сүреді және дамиды. Байланыстардың молдығы тұлғаның рухани байлығын анықтайды, ал байланыстар мен қатынастар молдығы адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді.
Ұжым және жеке адам проблемасы ең әлеуметтік проблемалардың бірі болғандықтан педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі. Қазіргі әдебиеттерде "ұжым" түсінігі 2 мағынада қолданылады:
- ұжым - кез келген ұйымдасқан адамдар тобы;
- ұжым - жоғары ұйымдасқан топ.
Ұжым тәрбиеленушілердің ұйымы ретінде бірнеше маңызды белгілермен анықталады:
- ұжым - басқа ұжыммен байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;
- жалпы әлеуметтік маңызды мақсат болуы, ұжым мақсатының қоғамдық мақсатпен сәйкес келуі;
- ұжымның барлық мүшелерінің ортақ мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсының өзіндік пікірі болуы;
- ұжым мүшелерінің өз араларындағы міндеттерді белгілеуі және оларды мұқият орындауы;
- ұжым мүшелерінің арасында өзара жауапкершілік, көмек және жолдастық, қайырымдылық қарым-қатынас болу.
Ұжым - іс-әрекетте үнемі дамып отыратын, әрі іс-әрекетті қажет ететін әлеуметтік организм.
Балалар ұжымы - балалардың әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып табылады. Тәрбиеленуші тәжірибені отбасында, ұйымдаспаған мектептен тыс жағдайда құрдастарынан, жолдастарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кітап оқу, т.б. ақпарат көздері арқылы жинақтайды. Тек ұжымда ғана оны меңгеру арнайы жоспарланады және бағытталады. Адамдардың еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда оның ролі өте жоғары. Сонымен бірге, ол балаларға дене және көркемдік потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік береді.
Бала тұлғасын дамытудағы ұжымның ролі оның өмірлік іс-әрекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыруды практикалық жағынан игеруге мүмкіндік беруінде. Педагогикалық жағынан дұрыс бағытталған ұжым әлеуметтік құнды тұлғаның қалыптасуына және оның дербес ерекшеліктерін көрсетуіне жағдай жасайды.
Мақсатты бағытталған оқу-тәрбие жұмысы жағдайында балаларда ұжымдықты дамытудың қажеттілігін А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, және басқада көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады.
А.С. Макаренконың идеяларын кейін В.А. Сухомлинский өз тәжірибесі мен зерттеу еңбектерінде одан әрі дамытты.
Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы сынды бағыттарда жүргізіліп келеді.
Тәрбиелік ұжымның қазіргі кездегі тұжырымдамасы (Т.А. Куракин, Л.И. Новикова, А.В. Мудрик) ұжымды қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады. Ал балалар ұжымы қоғамның бүгінгі күнгі қатынастары мен оның болашақтағы даму тенденцияларын көрсететін қоғам моделі ретінде көрсетіледі.
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К. Крупская, А.С. Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К. Крупская 1926 жылы Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы атты еңбегінде: Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету, - деп атап көрсетті.
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С. Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеген.
А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі сезімдер мен қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С. Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі.
В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелген.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы бір орнында тоқырап қалмайды, даму, ілгері жылжу - ұжым өмірінің заңы, бұл жерде қозғалыстың себебін, даму мүмкіндігінің сырын ашып алған дұрыс.
Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым, балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне, қоғам талабына сай келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінеміз.
Болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл - нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетуге көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс - тәрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу - балаларды еліктірудің, ұжым істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Кез келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей болуы керек. Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің үлкен ұйымдастырушылық жұмысы қажет.
Балалар ұжымын педагогикалық басқарудың практикасында келесі маңызды ережелері қалыптасқан:
· педагогикалық басқаруды балалардың өзіндікке, тәуелсіздікке табиғи ұмтылысымен, өзінің инициативасы мен өзіндік іс-әрекеттерін көрсетуге тырысуымен үйлестіру;
· ұжым - ылғи даму үстінде болатын дамымалы жүйе болғандықтан, оны педагогикалық басқару да үнемі өзгеріске түсіп отыруы керек. Яғни ұжымның даму сатысына қарай педагог та өз тактикасын өзгертіп отыруы керек;
· ұжымдық тәрбиеде жоғары жетістікке жету үшін жетекші сол ұжымда жұмыс жасайтын басқа педагогтарға сүйенуі, ұжымды жалпы мектептік әрекетке, басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеуі қажет;
· формализмнен аулақ болу, уақыт өткен сайын ұжымдық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қайта құру;
· ұжымда ортақ пікір қалыптастыру, өзара көмек, бір-бірінің пікірін сыйлауға үйрету;
· ұжымдық тәрбиені демократияландыру, бақылау жүйесін жетілдіру;
· ұжымда тұлғааралық қатынастардың дұрыс дамуына ықпал жасау;
· оқушыларға жүктелетін міндеттерді олардың қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкестендіру;
· ұжым ішінде стихиялы қалыптасатын қатынастарды тудыратын факторларды бақылау;
· оқушылар арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында уақытша ұжымдар қалыптастыру;
· балаларды жаңа қарым-қатынасқа тартатын ұжымдық іс-әрекеттің сипаты мен түрлерін өзгерту.
Сонымен бірге, ұжымды басқаруда мына жайларды еске алған жөн:
- ұжым мүшелері тең құқықты болады;
- басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым жасалмайды;
- жауапкершілік пен өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынастар ерекше орын алады, оның негізгі белгілері мынадай:
· сергектік стилі - ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелернің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
· балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы керек;
· басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру.
Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстарының дамуының құралы болады.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар( көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1.Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4.Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері - ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т.б.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл іс-әрекетімен тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке адамның санасын қалыптастыру әдісін (әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б.
Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмідегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А.С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі - баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс -әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттардың, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- оқушыларда нақты моральдық сапалары тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс - әрекет құру, осы іс -әрекет барысында балаларға (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың бастауыш ұжымдар деп атайды.
2.1. Ұжымның даму кезеңдері және олардың бір-бірімен сабақтастығы
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез - құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
* ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
* ұжым іс - әрекетінің дамуы;
* жеке адам арасындағы қарым - қатынас іскерлік және
гуманистік қатынастардың пайда болуы;
* барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі;
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі -- коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz