Отбасы құқығы ұғымы


Дәріс жоспары:
1. Отбасы құқығы ұғымы.
2. Отбасы құқығының қағидалары.
3. Отбасы құқығының қайнар көздері.
Дәріс мақсаты: Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар мен жеке адамның құқықтары мен міндеттеріноқытып үйрету.
Дәріс мәтіні:
1. Отбасы құқығы - некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы. Болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бір інші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәніні құруы мүмүкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады.
2. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байлансты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да міне осында жатыр. Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн:бұл қатынас-тардың барлығы бірдей құқықты реттеуге жатпайды. Професор О. С Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді. Сондай-ақ лардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе он жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады. Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М. Ворожейкін:”Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастарды тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек” деп жазды.
3. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы “Неке және отбасы туралы “Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.
“Неке және отбасы туралы” Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан 213 баптан тұрады. Бір інші бөлімдегі “Жалпы ережелерде” неке-отбасы заңдарының негізі жасалып,, осы заңмен реттелетін қатынастар, нек-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
“Неке” деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру,, он тіркеу, несені тоқтатау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
“Отбасы” деп аталатын 3-бөлім та-аналар мен балалардың құқықтар емн міндеттерінің негізіі туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады. ”Қорғаншылық және қамқоршылық” деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қоғаншылық пен қамқоршылықтң міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.
“Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары” деген 5 бөлімінде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-а Климент тағайындау және он төлеу тәртібі берілген.
“Азаматтық хал актілері “ деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетедіктер мен азаматтығы жоқадамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. “Неке және отбасы туралы” Заңның 4-бабында көрсетілгендей, неке және отбасы туралы заңға отбасы құқығының нормалары кіретін Қазақстан Республикасының басқа да норматив тік құқықтық актілер жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелер мен нұсқаулар жатады. Сонымен бірге осы Заңда кейбір басқа актілер де атап көрсетілген. Айталық, 1665- бапта азаматтық хал актілеріне тіркеу тәртібі туралы норматив тік құқықтық актісін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге тиіс екені көрсетілген.
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді. Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жататындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік мүліктік емес өзндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын арнайы атап көрсетеді. Азаматтық Кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт. ”Неке және отбасы туралы “ Заңның, 3-бабы Қазақстан Республикасының, неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделеді:
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2) Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі.
3) Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік.
4) Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу.
5) Балаларды отбасыда тәрбилеуге басымдық беру, олардың өсп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау.
- Отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7) Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамассыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері.
Бақылау сұрақтары:
1. Отбасы құқығының ұғымы.
2. Отбасы құқығының қайнар көздері.
3. Отбасы құқығының қағидалары.
4. Отбасы құқығының пәнімен әдістері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1998ж
- Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” заңы. 17. 12. 98ж. (2014ж толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) .
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы: Жеті Жарғы, 2013ж.
- Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы халықаралық конвенциясы. 03. 01. 2012ж
- Қазақстан Республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңы, 31. 03. 2011ж.
- Қазақстан Республикасының мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысы берілетін мемлекеттік, әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң. 16. 06. 2013ж.
- Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” заңы. 10. 12. 2009ж
- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 13. 07. 2012ж
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 2014ж (2 Тарау. Отбасы және кәмелетке тлмағандарға қарсы қылмыс) .
- Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы 6. 04. 97ж
- Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы” заңы. 14. 07. 2007ж
- Қазақстан Республикасының “Отбасы үлгісіндегі балалар аулы және жасөспірімдер үйлері туралы” заңы. 13. 12. 2008ж.
Дәріс №2
Дәріс тақырыбы: Неке ұғымы.
Дәріс жоспары:
1. Неке түсінігі және некеге тұру шарттары.
2. Некеге тұрудың тәртібі.
3. Некенің жарамсыздығы.
Дәріс мақсаты: Некенің түсіенігі мен некеге тұру шарттары және оның тәртібі туралы оқытып, түсіндіру.
Дәріс мәтіні:
1. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар .
Некеге тұруға :
- біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
- Тікелей ата-тегі бойынша жәнеөзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, тасының, әжесінің, және немерелерінің), ата-анасы бір және ат-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы -сіңлілердің(аға-қарындастардың),
- асырап алушылар мен асырап алынғандардың
- Біреуін болса да психикалық ауруыныңслдарынан немесе ақыл-есі кемдігініңсалдрынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру
1. Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалықмәселелер және репродукциялық денсаулыққорғау лері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналыққұпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген дамға тексеруден өткен адамныңкелісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некесін тіркегісі келетін адамдр арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі АХАЖ органына арыз береді. Арыз беруге төмендегідей құжаттар талап етіледі:
1. Жеке басын куқландыратын құжаттар;
2. Белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын құжаттар;
3. Бұрынғы некелері туралы мәліметтер;
4. Балалары туралы мәліметтер.
Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соңжүргізіледі. Дқлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органы 1 ай өткенге дейін неке қиюға, сонндай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ 1айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етілуі мүмкін Ерекше мән-жайлар болған кезде неке өтініш берілген күні қиылу мүмкін
Ерекше мән жағдайларға мынадай жағдайлар жатады. :
1. Жүктілік;
2. Бала тууы;
3. Бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі.
2. Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі.
Некенің жарамсыздығы.
Некені төмендегідей негіздер бойынша жарамсыз деп таниды.
1. Өзара ерікті келісімнің болмауы.
2. Неке жасына жетпеуі және бұған арнайы рұқсаттыңболмауы.
3. Некеге отыруға кедергі болатын жағдайларды ескермеуі (біреуі некеде тұрса, туыстары арасында немесе асырап алушы мен асырауға алынушы арасынд неке қиылса, әрекетке қабілетсіздер арасында жасалынса)
4. Мәжбүрлеп қиылған неке,
5. Егер некеге тұрушы адамдардыңбіреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының жәнеқоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырған жағдайда қиылған неке.
Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар .
Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға :
1. Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кәмелетке толмаған жұбайы, оныңата-анасы, қорғаншы жәнеқамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай 18 жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оныңөзі ғана құқылы.
- Егер некеге тұруға ерлі- келісімі болмаған жағдайда; мқжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей жәнеөзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор.
- Некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдыңқорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, сондай-аққорғаншы жәнеқамқоршы органдар
- Жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некеніңжалғандығын білмеген жұбайы.
Некеніңжарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар.
1. Егер некнені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сқтке заңға орай оныңқиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды.
2. Егер кәмелетке толмаған жұбайдыңмүдделері талап етсе, сондай-ақ оныңнекені жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады.
3Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.
4. Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тиым салынған туыстық дқрежесі болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардыңбіреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.
Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Некенің жарамсыздығы оныңқиылған күнінен бастап танылады. Егер некені жарамсыз деп тану туралы ісч қаралатын сқтке заңға орай оныңқиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, Некені жарамсыз деп тануға болмайды. Сондай-ақ, егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.
3. Некені жарамсыз деп танудың салдары:
1. Некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі қР Азаматтық кодексінің үлестік туралы ережелермен реттеледі.
2. Ерлі -зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады.
Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап 270 күн ішінде туылған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.
Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдықжәне моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Адал ниетті жұбай некені жарамсз деп таныған кезде өзі неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде таңдағанг тегін сақтап қалуға құқылы.
Некеге тұру шарттары мен некеге тұруға кедергі болатын мән -жайлар.
Неке -ерлі -зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Отбасылық заңнама келесі шарттар мен тәртіптерді реттейді:
Некеге тұру;
Некені тоқтату;
Некені жарамсыз деп тану.
Некеге тұрудағы маңызды шарттар:
-Некеге тұрушылардың өзара ерікті келісімдерінің болуы;
-Неке жасына жетуі;
-Некеге тұруға кедергі болатын жағдайлардың болмауы;
Неке жасы Еркектер мен әйелдер үшін -18 жас. Дәлелді себебтер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналарыы, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажнттігін туғызатын себептерді көрсете отыырып қозғай алады.
Барлық жағдайларды неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен рұқсат етіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Некеге тұру шарттары.
2. Неке ұғымы.
3. Некенің жарамсыздығы.
4. Некеге тұрушылардың өзара келісімдері.
Дәріс №3
Дәріс тақырыбы:Некені тоқтату түсінігі.
Дәріс жоспары:
1. Некені тоқтатудың тәртібіі.
2. Некені Ахаж органында бұзу.
3. Некені сот тәртібімен бұзу.
Дәріс мақсаты: Некенің тоқтатылуын жариялау туралы түсіндіру.
Дәріс мәтіні:
1. Некені тоқтатудың екі түрі бар: а) Некені өздігімен тоқтату.
б) Ажырасу жолымен некені тоқтату.
Жұбайыныңқайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткегн деп жариялау салдарынан тоқтатылуы.
Некен ерлі-зайыптылардың біреуініңқайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады Сот қайтыс болды деп жарияланған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайдың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.
Егер некен қию кезінде тарапртарға қайтыс болды немесе хабар- ошарсыз кетті деп танылған жұбай тірі екені белгілі болса, бұл ереже қолданылмайды.
Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүскін. Некені қйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жылдың ішінде қйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқжәне бір-біріне мүліктік талап қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларға ортақкәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуініңөтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:
1) Сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) Сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тқртіппен жүргізеді.
2. Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар азаматтық хал актілерін жазу органдарында сот тәртібімен қаралады.
Некені сот тәртібімен бұзу:
1. Ерлі- толмаған ортақ балаларының болуы.
2. Ерлі -зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;
3. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзініңқарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
4. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайда жүргізіледі.
Егер сот ерлі-зайыптылардың одан қрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі -зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нқтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір й өткен соң жүргізіледі. Ерекше жағдайларда сот аталған мерзімнен кемірек мерзім белгілеуі мүмкін. Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттыңқарауына кәмелетке толмаған балалар өздерініңқайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылрдың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады. Егер ерлі-зайыптылардың арасында келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім баллардың немесе ерлі- зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:
1) Неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмған балалар ата-насыныңқайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) Балаларды асырауға алимент ата-аналарыныңқайсысынан жәнеқандай мөлшерде өндіріліп алынтынын белгілеуге
3) Ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша, олардың бірдескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге
4) Екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіп бөлу туралы талпты жеке істе қозғауға құқылы.
3. Некенің ол бұзылған жағдайда тоқтатылу кезі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz