Араб жазуын орыс жазуына алмастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04 -08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

АҚЫЛБЕКОВА С. Д.

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫН ЛАТЫН ҚАРІПІНЕ КӨШІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ БАРЫСЫ

дипломдық жұмыс

Мамандығы: 5В011400 - «Тарих»

Шымкент, 2019

Ф. 7. 04 -09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. к., доцент

Отарбаева Г. К.

«»2019 ж.

дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Қазақ жазуын латын қаріпіне көшірудің өзекті мәселелері және зерттелу барысы»

Мамандығы: 5В011400 - «Тарих»

Орындады: Ақылбекова С. Д.

Ғылыми жетекшісі:

магистр, аға оқытушы Нарымбет Г. Б.

Шымкент, 2019

Ф. 7. 04 -10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және мәдениет факультеті

«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы

Мамандығы: 5В011400 - «Тарих»

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

«Жалпы тарих және мұражай ісі»

Г. К. Отарбаева

«___» 2019 ж.

Д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с т ы (жобаны) о р ы н д а у ғ а алған

Т А П С Ы Р М А №

Студент Ақыбекова Сабина ПИК 15-3к тобы

Жұмыстың (жобаның) тақырыбы: Қазақ жазуын латын қаріпіне көшірудің өзекті мәселелері және зерттелу барысы

Университет бойынша 20. 12. 2018 ж., № 10-406 с бұйрығымен бекітілген

Жұмысты (жобаны) аяқтау мерзімі: сәуір, 2019 ж.

Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер: Қазақстан Республикасының жаңадан оқу бағдарламалары, ғылыми әдебиеттер, архивтік істі арттыруға бағытталған шетелдік, отандық іс-тәжірибелер, мерзімді баспасөз беттерінен және республикадағы Президент архивінен, Алматы қаласының мемлекеттік орталық архивінен, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихи архивінен алынған құжаттық жинақтар, мақалалар, арнайы басылымдар, оқу-әдістемелік және бағдарламалық құжаттар, ғылыми зерттеулер.

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға қатысты сұрақтар тізімі:

1. Қазақстанда алғашқы латын әліпбиі қай уақытта қызмет етті?

2. «Күншығыстағы мәдени революция» әліппи саясатына қатысы неде?

3. Қазақстанда латын әліпбиінің пайда болу тарихы.

4. А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға және өзгертудегі рөлі.

5. Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ (ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ)

Бөлімдері

Кеңесшінің

аты, жөні, қолы

№: 1
Бөлімдері: 2
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: 3
№: 1
Бөлімдері: Кіріспе
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 2
Бөлімдері: Латын әліпбиіне көшу идеясының қалыптасуы
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 3
Бөлімдері: «Күншығыстағы мәдени революция» және әліпбиді өзгерту саясаты
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 4
Бөлімдері: «Жаңа әліпбешілер қоғамы» мен Жаңа қазақ әліпбиі комитетінің құрылуы
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 5
Бөлімдері: Латыншылардың әліпбиді жобалау ісінің іске асырылуы
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 6
Бөлімдері: А. Байтұрсынов бастаған алаш зиялыларының әіпбиді өзгертуге қарсы күресі
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 7
Бөлімдері: А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға және өзгертуге сіңірген еңбегі
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 8
Бөлімдері: Арабшылардың араб графикасының артықшылығы жайлы ой-пікірлері
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 9
Бөлімдері: Баку съезді және латын әліпбиінің ендірілу ісінің іске асырылуы
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 10
Бөлімдері: Қорытынды
Кеңесшініңаты, жөні, қолы: Нарымбет Г. Б.
№: 11
Бөлімдері: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кеңесшініңаты, жөні, қолы:

Ұсынылған негізгі әдебиеттер тізімі

  1. ҚР МОМ құжаттары: 81-қор: № 1, 2-істер.
  2. ҚР ОММ құжаттары, 81-қор, № 3-іс
  3. ҚР Президент Архиві:БКП (б) 1928-1937 ж. ж., № 708 КП (б) ОК, 141-қ., 1-т., 915 іс, 47-57 пп.
  4. ҚР Президент Архиві:БКП (б) 1928-1937 ж. ж., № 708 КП (б) ОК, 141-қ., 17-т., 111 іс, 549-558 пп.
  5. ҚР Президент Архиві:БКП (б) 1928-1937 ж. ж., № 708 КП (б) ОК, 141 - т., 1 - т., 1560 іс, 1-8 пп.
  6. ҚР Президент Архиві:БКП (б) 1928-1937 ж. ж., № 708 КП (б) ОК, 141 - т., 1 - т., 2800 іс, 206 - 207 пп.
  7. ҚР Президент Архиві:БКП (б) 1928-1937 ж. ж., № 708 КП (б) ОК, 141 - т., 1 - т., 2800 іс, 119-128 пп.
  8. Байтұрсынов А. «Жазу мәселесі: Қазақ тілінің мәселелері» //Қазақ. - 1913. 16 октяб. ( № 4)

Тапсырманың берілген күні: 2018 ж.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі Нарымбет Г. Б.

Тапсырманы орындауға алған студент: Ақылбекова С. Д.

Ф. 7. 04-11 Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕ

р/н

Бөлімдер
% орындалуы
Орындалу мерзімі
Тапсы-рма берілгенмерзімі
Тапсырманы орындаумерзімі
Кенесшінің қолы
№р/н: 1
Бөлімдер: Кіріспе
% орындалуы: 5
Орындалу мерзімі: 10 күн
Тапсы-рма берілгенмерзімі: 25. 10. 18
Тапсырманы орындаумерзімі: 06. 11. 18
Кенесшінің қолы:
№р/н: 2
Бөлімдер: Талдау бөлімі (тақырыпты зерттеу, ғылыми материалдармен танысу, жинақтау және өңдеу)
% орындалуы: 15
Орындалу мерзімі: 30 күн
Тапсы-рма берілгенмерзімі: 07. 11. 19
Тапсырманы орындаумерзімі: 11. 12. 18
Кенесшінің қолы:
№р/н: 3
Бөлімдер: Негізгі бөлім
% орындалуы: 70
Орындалу мерзімі: 85 күн
Тапсы-рма берілгенмерзімі: 12. 12. 18
Тапсырманы орындаумерзімі: 20. 03. 19
Кенесшінің қолы:
№р/н: 4
Бөлімдер: Қорытынды
% орындалуы: 5
Орындалу мерзімі: 5 күн
Тапсы-рма берілгенмерзімі: 21. 03. 19
Тапсырманы орындаумерзімі: 26. 03. 19
Кенесшінің қолы:
№р/н: 5
Бөлімдер: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
% орындалуы: 5
Орындалу мерзімі: 8 күн
Тапсы-рма берілгенмерзімі: 27. 03. 19
Тапсырманы орындаумерзімі: 04. 04. 19
Кенесшінің қолы:
№р/н:
Бөлімдер: Барлығы
% орындалуы: 100
Орындалу мерзімі:
Тапсы-рма берілгенмерзімі:
Тапсырманы орындаумерзімі:
Кенесшінің қолы:
Жобаның (жұмыстың) ғылыми жетекшісі Нарымбет Г. Б.

(қолы, дата)

Бітіруші түлек Ақылбекова С. Д.

(қолы, дата)

*Норма бақылау Мирзамсеитова Г. Е.

(қолы, дата)

АННОТАЦИЯ

Тақырып: Қазақ жазуын латын қаріпіне көшірудің өзекті мәселелері және зерттелу барысы

Студент: Ақылбекова С. Д.

Ғылыми жетекші: Нарымбет Г. Б.

Қорғау жылы: 2019

Дипломдық жұмыста қазақ жерінде «латын» әліпбиінің қызметі, өзгеру себептері және ерекшеліктері, тарихи маңызы және жалғасы, өзгеруіне үлес қосқан тұлғалар туралы жазылады. Атап айтсақ, латын әліпбиінің идеясының бастамасы, Қазақстанға келген уақытысы және қолдаушылары және қарсы болғандар жайы, құрылған ұйымдар мен өткізілген съездер, қабылдануы және тоқтатылу тарихы, сонымен қатар Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында жалғасы тапқаны туралы баяндалады. Осы стратегия негізінде зерттеуді қолға алдым. Латын әліпбиінің қазақ жерінде саяси тарихында алатын орыны ерекше және маңызы зор. Халықты сауаттандыру барысында, білімді қазақ жеріне әкелу мақсатында, қазақтардың тарихы артта қалмау үшін осы әліпбиіді қолдады. Араб әліпбиінің кемшіліктері өте көп екенін біліп, қазақтың әліпбиін латынға аусытыру керек туралы шешімге келді. 1929 - 1940 жылдардағы Қазақстан жерінде қолданған әліпбидің тарихын ашу, оның қолдаушылары мен жақтаушылары туралы мағлұмат беру. М. Жолдыбаев пен А. Байдильдиннің мақалалары бойынша латын әліпбиінің қазақтар үшін маңызын, араб әліпбиінің қолайсызды туралы еңбектері. «ЖӘҚ» ұймының құрылуы және олардың жарғысы қабылдануы. А. Байтұрсыновтың әліпбиді өзгеруіне сіңірген еңбегі және де «Алаш» зиялыларының қосқан үлесі. Жалпы 1 тарауда латынға көшу мәселесін көтерген Әзірбайжан халқы екендігі, Баку съезі, латынға көшу идеясының жақтаушылары туралы, «ЖӘҚ» ұйымының құрылуы, латын графикасын жобалау ісі, оны қазақ хақына ендіру мен оқытудың жолдары, латыншылардың баяндамалары мен сөздері қарастырылған.

2 тарауында А. Байтұрсыновтың латын графикасына қарсы алаш зияыларының күресі туралы және де араб графикасының артықшыығы туралы баяндамалары мен көзқарастары, ой-пікірлері, Н. Төреқұовтың жаңа әліпбиді дамытуға қосқан үлесі, атқарған қызметі жайлы зерттеіп көрсетіледі. Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы «2025 дейін латынға көшу» идеясына шолу жасалады. Оны жаңа замандағы тиімділігі айтып кетеді.

Жұмыс көлемі - 79 бет

Кестелер саны - 5

Пайдаланылған әдебиеттер саны - 33

Студент Ақылбекова С. Д.

(қолы)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 9

1 Латын әліпбиіне көшу идеясының қалыптасуы . . . 12

1. 1 «Күншығыстағы мәдени революция» және әліпбиді өзгерту саясаты . . . 12

1. 2 «Жаңа әліпбешілер қоғамы» мен Жаңа қазақ әліпбиі комитетінің құрылуы . . . 15

1. 3 Латыншылардың әліпбиді жобалау ісінің іске асырылуы . . . 36

2 А. Байтұрсынов бастаған алаш зиялыларының әліпбиді өзгертуге қарсы күресі . . . 51

2. 1 А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға және өзгертуге сіңірген еңбегі . . . 51

2. 2 Арабшылардың араб графикасының артықшылығы жайлы ой-пікірлері . . . 54

2. 3 Баку съезді және латын әліпбиінің ендірілу ісінің іске асырылуы . . . 58

Қорытынды . . . 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

Қосымша 1 . . . 74

Қосымша 2 . . . 75

Қосымша 3 . . . 76

Қосымша 4 . . . 77

Қосымша 5 . . . 78

Қосымша 6 . . . 79

Қысқартулар мен белгілер

ҚР - Қазақстан Республикасы

КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы

БЖӘОК - Бүкілодақтық Жаңа Әліппби Орталық комитеті

ЖӘҚ - Жаңа Әліппешілер Қоғамы

ҚКСР - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы

Қазақ АКСР - Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы

ЖОО - Жоғары Оқу Орны

ОАК - Орталық Атқару Комитеті

БКП(б) - Большевиктер Коммунистік Партиясы

КП (б) ОК - Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті

ХК - Халық комисарлар

ҰКО - Ұлттық Комитет Одағы

ҰКП - Ұлттық Комитет Президиумы

ҰТИ - Ұлттық Туризм Институты

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Әрбір халықтың ұлттық мәдениеті мен тарихында емленің және графиканың маңызды орын алатыны бәрімізге белгілі. Қазақ тілінің әлібиі тым тереңнен тамыр тартқан. VI-VII ғасырларда Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы қолданылды. V-XV ғасырларда түркі тілі ұлтаралық қатынас ретіне біздің еліміздің территориясында орнықтырылды. Мәселен, Алтын орданың барлық ресми құжаттары мен халықаралық құжаттары ортағасырлық түркі тілінде жазылды. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар бірітіндеп ысырылып, араб тілімен алмастырылды. Х ғасырдан бастап ХХ ғасырға дейін Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. Ұзақ тарихи үрдістер нәтижесінде қалыптасып, құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ата-баба мұрасы ретінде таңбалардың өзгерген тарихына назар аударылатын өзекті тақырыптардың бірі болып есептеледі. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерден рухани сала да шет қалмады. Кеңес өкіметі қарапайым халықты жаппай сауаттандыру және білім жүйесіне реформалар жасады. Қазақ әліпбиін ауыстыру мәселесі өзекті болып, күн тәртібіне қойылды. Осы тарихи кезеңде А. Байтұрсынов бастаған реформа, яғни латын әліпбиінің қажеттілігін дәлелдеуінің маңызы зор. Бұл уақытта ол өзінің латын әліпбиін жақтау позициясын ұстанып, көптеген дәлелдер ұсынды. Жалпы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін он екі жылда әліпби екі рет өзгертілуге енді. 1929 жылы 7 тамызда КСРО Орталық атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындырылған жаңа әліпби - «Біртұтас түркі алфавитін» еңгізу туралы қаулы қабылдады. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын лытындырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылдады. Осылаша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Елбасымыз 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан - 2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу керек» екедігін мәлімдеді. Осыған сәйкес қазақтың латын әліпбиінің тарихын зерттеуге кірістім.

Дипломдық жұмыстың деректік қоры. Негізгі деректер ҚР Президенті архивінің 141 қорларының 336, 915, 1560, Алматы қаласының орталық мемлекеттік архиві қорларынан, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 81, 83, 141, 740, 929, 1692 қорларындағы 1, 2, 231, 244, 307, 309 істерге зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл құжаттардың ішінде 1924 жылғы Орынбор съездіндегі А. Байтұрсыновтың және Н. Төреқұловтың баяндамалары, 1926 жылғы Баку съездінің құжаттары, латыншылар мен арабшылардың пікірталасы, Жаңа Әліпби Қоғамының Қаулысы және жақтаушылары туралы маңызды құжаттар мен деректер, мақалалар қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. А. Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен тіл саласына қосқан үлесі туралы филологиялық зерттеулер мен мақалалар жарық көрді. Әліпби тарихына байланысты М. Мырзахметұлының «Қазақ қалай орыстандырылды» еңбегінде отаршылдық саясаттың кейбір жерлері айқын көрсетілді. Тақырыпқа қатысты жазба жұмыстарының көпшілігі мақала ретінде, жарғылар, ажыратылымдар кездеседі. Барлық маңызды құжаттар ҚР Президент архивінен алынған және түпкідерек ретінде аударылған. 2000 жылы латын әліпбиіне көшу идеясының көтерілуіне байланысты ғылыми баяндамалар мен баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар жарияланды. Оларды атап айтсақ, З. Ижанов, Д. Қамзабекұлының мақалаларында ХХ ғ. 20-30 жж. әліпби айтысы мәселесі архив деректері негізінде зерттелді.

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері. ХІХ ғасырдың соңы - ХХғасырдың басындағы және 20-30 жылдардан бүгінгі 2019 жылға дейінгі құжаттарды қамтиды. Түркі халықтарының латын әрпін қабылдауы мен негізінен Қазақстандағы Алаш зиялылары мен латыншылардың әліпби күресі, Елбасы ұсынған жаңа әліпбидің жобасы зерттелді.

Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты және міндеті - Латын әліпбиінің қазақ жеріне қалай келгені, оның бастамасы мен тарихы қай жерден келгені, араб әліпбиінің қолайсыздығы туралы зерттеу. Қазіргі күнде Елбасымыз Н. Ә Назарбаев ұсынып отқан латын графикасына негізделген әліпбидің маңызы неде екендігін анықтау:

- латын әліпбиіне көшу идеясының көтерілу себептері мен барысын айқындау;

- А. Байтұрсыновтың араб әліппиіне жасаған реформасы мен араб әліпбиінің ерекшеліктерін қарастыру;

- А. Байтұрсыновтың қазақ жазуына сіңірген еңбегін айқындау;

- Орынбор съездінде араб жазуын қабылдануы;

- Баку съездінде алаш зиялыларының араб әліпбиін жақтау себептері мен дәйектерін айқындау;

- 1924-1928 жылдардағы арабшылар мен латыншылардың баспасөз бетіндегі айтысында келтірілген дәлелдерге талдау жүргізу;

- «ЖӘҚ» бөлімшелері мен Жалпыодақтық түркі жаңа әліпбиінің Орталық комитетінің қызметін қарастыру;

-Елбасымыз 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы жобасын және латындырылған қазақ әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негіздері. Бұл тақырыпқа қатысты барлық мақалалар, жарғылар және ресми құжаттарды қарастыра отырып, оларға сыни тұрғыдан талдау жасау. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығына Тәуелсіз Қазақстан тарих ғылымы мен ұлттық көзқарас тұрғысынан, ретроспективті әдіс пен объективтілік принциптерін ұштастыра отырып, қорытынды жасау. Архив деректеріне жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізу.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Тақырыпқа қатысты зерттелген архив құжаттарын ғылыми айналымға еңгізу. Әліпбиді өзгерту - әкімшіл-әміршіл жүйенің отарлық сипаттағы науқандарының бірі екенін ұғыдыру. Алаш зиялыларының елдік идеяларын насихаттау. Елбасы ұсынған жаңа қазақ әліпбиін қолдау және оның болашақ ұрпаққа қандай пайда тигізетінін дәлелдеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тараудан тұратын негізгі, қорытынды бөлімдер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін, соңындағы қосымшаларын қамтиды.

Диплом жұмысының базасы. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ақпараттық білім беру орталығы (АБО) .


1 ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 «Күншығыстағы мәдени революция» және әліпбиді өзгерту саясаты

Араб жазуы түркі тілдес халықтарға мәдениет ретінде, яғни ислам діні арқылы келіп, ұзақ уақыт бойы түркі, соғды жазуымен бірге қолданылып келген. Ал латын емлесі Батыста римдік-католиктік шіркеудің күшімен таралды. Орта ғасыр дәірінде Батыс Еуропа елдерінде діни-мәдени, ғылыми зерттеу салаларында баршаға ортақ жазба тіл ретінде қолданылғандықтан, латын тілі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарына да ортақ тіл болып қалыптасып қалған. Яғни, мұндағы латын графикасының рөлі және маңызы тым жоғары болды. Біздің зиялылар халқымыз сауат ашып, жаңа латын әліпбиіне көшіп білім алса, елдегі сауатссыздық жойылады деген ниетпен қолдаған болатын. ХХ ғасырдың 20 жылдарында социализмдік лениндік жоспарындағы мәдени көтерілісті іске асыру мақсатында біршама қиын әрі күрделі міндеттері шешу керектігін, және де соның ішінде ең алдымен сауатссыздықты толығымен жою проблемасы көтерілді. КСРО зиялылары арасындағы емлеге қатысты екі көзқарастар көрінді: біріншісі - араб әліпбиін жалпылама реформалау, ал екіншісі - жаңадан түрік әліпбиіне көшу. Бұл ойдың бастамасы түркі зиялылары арасында заманға, уақытқа лайықты жаңа қоғамдық қатынастар туралы проблеманы көтерген. Ұсынылған реформалар оқу орындарында жүргізілуін талап етті. Және де Батыс Еуропа елдерімен мәдени-рухани байланыс қалыптастыруды қолдайтын «жәдидшілдіктің» бір бағыты болып пайда болды. Латын әліпбине көшу туралы идея ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан өзектілігін көрсетті. Бұл идея тек КСРО-дағы ұлт өкілдері арасында емес, сонымен қатар сырттағы түріктер, мұсылман елдерінің арасында дамыды. Мәселен, Түркия журналисттерінің ішіндегі журналисті Сүлеймен Тевфикбей ХІХ ғасырдың ортасында латын негізіндегі албан ұлттық әліпбиінің авторы - Шамседдин Сами Фрашерибейдің тәжірибесін қолданып, латын әріптерінің көмегімен түрік тілінің грамматикасын қалыптастырды.

Латынға көшу туралы мәселені Әзірбайжан Республикасы алғаш көтерді. Ол туралы А. Байтұрсынов былай дейді: «Араб әрпін тастап, латын әрпін алу керек. Араб әрпі - қолайсыз, әлдеқашан аты шыққан, онымен жақсылап емле түзеуге болмайды . . . деп әріп мәселесін алдымен қозғаған әзірбайжан халқы ойлаған еді . . . ». Сөйтіп, Әзірбайжан халқы дәстүрлі жазуына зиялыларынан жобалар ұсыныла бастады. Ең алғашқы болып ұсынған - мырза Ф. Ахундов болды. Ол 1857 жылы және 1863 жылдары жаңа түрік емлесінің екі жобасын жасады. Бірақ, көпшіліктен қолдау таппады. Оның жобалары араб графикасының кемшіліктерін көрсетті, түркі елдерінің жазуына қолайсысздығын дәлелдеді. Сөйтіп, патша үкіметі осы еңбегі үшін оны «жаңа түрік әліпбиінің атасы және негізін салушы» деп атап кетті.

Түркі тілдес халықтарының санасы ислам дінінің ықпалында және олар араб емлесінен алына қоймайды деген пікірлер орын ала бастады. Орыс зерттеушісі академик Бартольд араб әліпбиі түркі тілінің дыбыстарын дұрыс бере алмайтындығына көзі жеткендігін айтып, былай көрсетті: «Араб әліппесін дін ғана сақтап келеді. Дін болмаса бұл әріп әлдеқашан тозғындар еді». Ресей, Түркия, Иран елдерінің әкімшілігі жақтаушылардың түсінігі бойынша халықтың білімді, өнерлі болуын қаламады. Яғни, «патша өзінің тағынан, молда сәлдесінен айрылып қалады» деген қауіп төніп тұрды. Осылайша әліпби мәселесі біраз талқыланса даа, ел назарынан қалмады. Бірінші орыс буржуазия көтерілісі 1905 жылы қарсаңында бұл тақырып тағыда қозғалды. Әзірбайжандықтар мен татар зиялылары баспасөзде, жиналыстарда латын емлесі туралы сөз қылсада, біржақты шешімге келмеді. Латынға байланысты 1908-1913 жылдарда Стамбулда көптеген айтыстар туындады. Татарлар арасында латынды қолдаушы ретінде бедел алған Сағит Рамиевтың 1911-1912 жылдарда «Идеал» газетінде жариялаған мақалаларында байқалды. Қазан төңкерісінен соң түркі орфографиясы жайында конференциялар және съезддерде қарастырылды. 1922 жылы наурызда Бакуде съезд өтілген. Онда түркі зиялылары жаңа әліппиге көшу жайлы жобаның алғышарттары жасалды. Бұдан алдын жоба тек баспасөзде талқыланып, аяқсыз қалдырылып отырды. Енді бұл істі жүзеге асыратын жаңа түркі әліпбиінің жақтаушылары комитеті құрылды. Басшылықты Ағамалы Оғлы алып, комитет 192-1925 жылдарда жаңа түрік әліпбиінің жобасын жасасуға шақырды. Сөйтіп, 1922 жылдын 11 тамызда Әзірбайжан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы және «жаңа түрік әліпбиінің» көшбасышылы ретінде С. А Ағамалы Оғлы В. И. Лениннің қабылдауында болды. Ленин ұсынған жобаны мұқият тыңдап, былай депті: «Латын графикасына өтуге бұқара қалай қарайды?». Сонда Ағамалы Оғлы: «Түгел қолдайды», - деп жауап береді. Ленин: «Бұл - Күншығыстағы мәдени революция», - депті. (Бакуде өткен түрік Білімпаздары съездіндегі Ғ. Шараф сөзінен) [14, 11б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графиканың қалыптасуы және дамуы
ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының әліпби айтысы
Қазақ жазуының бастаулары
Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясы
Графика мен әліпби туралы мәлімет
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Әліпби тақырыбының қазақ баспасөзінде жазылу мәселелері
Қазақ жазу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz