Египет мәдениеті мен құдайлары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М. Әуезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика және мәдениет» факультеті
«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ежелгі Мысырдағы құдай бейнесі және әлемнің жаратылысы туралы ілім»

Орындаған: Байзакова С. Д

Тобы: ПИК - 15 - 3к

Қабылдаған: Отарбаева А. К

Шымкент, 2018

Жоспар:

Кіріспе

І. Египет мәдениеті мен құдайлары

ІІ. Егіншілікпен байланысты наным-сенімдер және патшаны құдай деп тану

ІІІ. Жерлеу рәсімі

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мысыр(Египет) - өте ежелгі өркениеттердің бірі. Мысырдың басты өзені - Ніл. Ежелгі мысырлықтардың өмірі көп ретте осы ұлы дарияға тәуелді болды. Олар Нілдің тасуы аспандағы жұлдыздардың орналасуымен байланысты екенін байқады. Мысырлықтар жерде және аспандағы құдайлар өмір сүреді, жер бетіндегі оқиғалар солардың ықпалында деп ойлады. Молалар мен храмдардағы жазулар мен суреттер, папирус жапырағындағы жазбалар арқылы мысыр мифологиясы бізге жеткен. Мысырлықтар құдайлардың және жердегі барлық жан иелерінің жаралуы туралы мынадай аңызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Бір күні судың түбінен жоталанып жер өсініп шығады, оның үстніде лотос гүлі пайда болады, ал гүлдің ішінен күн құдайы Ра шығады. Раның демінен ауаның, бос кеңістік пен жарықтың құдайы Шу мен ылғал құдайы Тефнут пайда болады. Шу мен Тефнуттан Геб пен Нут туады. Осыдан кейін Ра мысыр пантеонына кірген басқа да көптеген құдайларды жаратады. Геб жерге, ал Нут - аспанға айналады. Нут Гебтің қарындасы әрі әйелі болады. Кешке ол жұлдыздарды туады да, таңертең оларды жұтып қояды. Сонда оны Геб "өз торайларын жеген шошқа" деп атайды. Геб пен Нут дайласпасын деп, олардың әкелері, ауа мен жел құдайы Шу олардың құшақтарын ажыратып жібереді. Осылайша аспан жерден бөлініп, олардың арасында ауа кеңістігі пайда болады. Геб пен Нуттың төрт баласы болады:Осирис(табиғат құдайы), Исида(құнарлылық пен аналық құдайы), Сет(шөл мен найзағай құдайы) және Нефтида(о дүние құдайы) . Бір күні Ра даналық құдайы Тотты шақырып алып, былай депті:"Мен жер асты әлемінде жүрген кезімде, аспанда менің орнымда бола тұр. " Аспанда ай осылай пайда болыпты. Тот құдай да Ра сияқты құрметтелген. Ежелгі мысырлықтарда құдайлар көп болған. Алғашқыда мысырлықтар құдайларды жануар түрінде бейнелеген. Неғүрлым қастерлі жануарларға бұқа, сиыр, қой, жылан, қолтырауын, мысық, арыстан, шибері және сұңқар мен тырнақұтан құстары жататын. Бірақ бірте - бірте құдайларға адамдардың бейнесі де беріле бастады. Мысалы, қуаныш пен маххабат құдайы Баст әйел тұлғалы, ал басы мысықтыкі болды.

І. Египет мәдениеті мен құдайлары

Мысыр Құдайлары Күндіз Ра аспан өзені бойымен жерге жарық түсіріп, күндізгі қайығы Манджетпен жүзіп жүреді, кешке жанындағы нөкерлерімен бірге түнгі қайығы Месектетке отырып, жер асты әлеміндегі өзенмен жүзеді. Мәңгі түнек кеңістігіндегі түнгі саяхатында Ра басқа құдайлармен бірге он екі тозақ аймағынан өтеді, түнек әзәзілдерімен сайысады. Раның қатерлі жауларының бірі, жер асты әлемінің әміршісі алып жылан Апоп оның жолына тосқауыл қою, жазым ету үшін өзен суын жұтып қояды. Жыланмен соғыста Ра мен оның нокерлері жеңіске жетіп, Апоп суды қайта қалпына келтіруге (құсуга) мәжбүр болады. Ра, таңертең жерге жарық түсіру үшін жолын жалғастырады. Мысыр аңыздары ішінде күнді құс ретінде бейнелейтіндері де бар. Мысалы, аңыз бойынша, мұхиттан көтеріліп төбе көрінеді. Ондағы жер мен ылғалдың қосындысынан жұмыртқа пайда болып, соны жарып құс - күн шығады. Келесі аңызда қүдайлық қасиеті бар Гоготун қаз төбеге үя салып, кейін күн қүдайы шығатын жүмыртқаны туады. Бүлармен қатар, күнді кешкісін жұтып қоятын, нәтижесінде түн келетін, ал келесі таңда оны қайта шығаратын аспан құдай әйелі туралы да аңыз айтылады.
Ежелгі Мысырда егін, мал шаруашылығының пайда болуы, күнделікті тұрмыста ірі қара малдың қолданылуына орай, күн қүдайы туралы аңыздарға өзгерістер енеді. Елдің белгілі бір аймақтарында аспан әлемі үлкен сиыр түрінде сипатталады. Аңызда осы сиырды Шу құдай өз қолымен демеп, оның арқасына Ра отырады. Аспан сиыры өмірге әкелген алтын бұзау күн түрінде көрінеді. Ра ежелден қалыптасқан аңыздық белгілерді сақтап, басы құс, денесі адам ретінде бейнеленді.
Ежелгі тұрғындар Күн қүдайы Ра және онымен байланысты құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Сондықтан Ніл өңірінде өмір сүрген түрлі аймақ тұрғындарының бәрі Күнге табынып, Күн қүдайы туралы аңыздардың көбеюіне әсерін тигізеді. Ніл аңғарындағы халық бірігіп, бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғаннан кейін, Ра, Амон және Осирис барша халыққа ортақ құдайлар ретінде мойындалады. Өзіндік шығу тарихтары бар бүл құдайлар табиғат қүбылыстарын, әлемнің пайда болуын түсіндіруге қызмет етеді. Егер аңыздық деректерге сүйенер болсақ, онда хаостан шыққан Ра басқа қүдайларды жаратады, өз әйелі мен балаларының көмегімен хаостан жарық пен ғаламдық денелерді бөледі. Ғаламды жарату кезінде оған аспанды жерден ажыратқан баласы, жел құдайы Шу ерекше көмек көрсетеді.
Ежелгі грек авторларының мәліметтері бойынша, қүдайлар ішіндегі ең танымалы - Осирис. Аңызда ол жер қүдайы Себтің (қайсыбір мәліметтерде Кеб немесе Геб) аспан әйел қүдайы Нутпен байланысынан дүниеге келеді. Күн құдайы Ра әйелі Нуттың зинақорлыққа барғанын біліп, ашумен оның ешбір айда сәбиін босана алмайтынын мәлімдейді. Бірақ, әйел қүдайдың жанашыры Тот құдай аймен дойбы ойнап, әрбір күннің жетпіс екіден бір бөлігін ұтып алады. Оларды қосқанда шыққан толық бес күнді Мысырдың үш жүз алпыс күннен түратын жыл күнтізбесіне тіркейді. Мысырлықтар ай күнтізбесін күн күнтізбесіне сәйкестендіру үшін, жылдың соңында қосылатын күндердің пайда болуын осылай түсіндіреді. Жылдың он екі айына қосымша болатын осы бес күн ішінде, күн қүдайы қарғысының әсерінің болмайтынын аңыз жеткізеді. Осы күндердің бірінде Осирис дүниеге келеді.

Ежелгі Мысырдың Абидос қаласы орнына қазба жүмыстары жүргізілгенде, жер қүдайы Себ пен аспан сиыры Нуттың баласы Осирис қүдайға арналган ірі діни орталық, Мысырдың алғашқы билеушілерінің қабірлері орналасқан ғибадатхана табылды.
Осиристің дүниеге келу сәтінде Фива ғибадатханасынан үлы билеушінің, қүдіретті иенің дүниеге келгенін жариялаған дауыс естіледі. Абзал мемлекет басшысы ретінде ол елін адам етін жеген жабайылық жағдайынан қүтқарып, заңға бағындырып, қүдайларды қүрметтеуді үйретеді.
Осириске қатысты тағы бір аңыз түрі егін шаруашылығының кёң таралуынан мәлімет береді. «Өлілер кітабында» - дән, ал «Пирамида мәтіндерінде» жүзім шоғы аталатын Осирис - табиғи өндіргіш күш, өлетін және қайта тірілетін осімдіктер қүдайы. Сондықтан егіннің егілуі г дәннің (Осиристің) жерленуі, коктеп жер бетіне шығуы - қайта тірілуі, піскен соң дәннің жинап алынуы - қүдайдың олтірілуі ретінде тусіндіріледі. Егіншілікке бай-ланысты жүргізілетін жү_мыстар Осиристің өлімі мен қайта тірілуі ретінде мысырлықтар санасынан кең көрініс табады. Осыған орай, өлген пергауындар магиялық жерлеу рәсімі арқылы Осиристің тірілгені тәрізді қайта өмірге ке-луге қүштарлық танытады.
Ортаңғы патшалық дәуірінен бастап Осириске тек перғауындар ғана емес, әрбір танымал, қара-пайым ортадан шыққан байлар да теңестіріледі. Қабір мәтіндерінде өлген адам атынан бүрын міндетті түрде «Осирис» есімі жазылады. Егер әрбір мысырлықтың жерленуі кезінде жасалуы керек болатып рәсімдер толық сақталса, о дүниеде мәңгілік өмір сүреді деген сенім қалыптасады.
Жер өңдеуді, дәнді дақылдарды егуді қолға алып, мысырлықтарға егін шаруашылығын үйреткен, жемістерді жинауды, жүзімнен шырын алуды жолға қойған Осирис, пайдалы еңбегінің нәтижесін адамзатқа үйретуге үмтылады. Астық, жеміс өнімдерін пайдалануға көшкен Мысыр билігін жүбайы Исидаға беріп, бар әлемді аралап жер өңдеу, егін егу өнерін басқа елдерге таратады.
Барлық халық оны жақсы қарсы алып, қүрмет көрсетеді, белгілі уақыттан кейін ол, алғысын білдірген халықтардың берген үлкен сыйын алып, еліне оралады. Оның бүл ісіне қызғаныш білдірген бауыры Сет басқа қүдайлармен бірігіп, қастандық ұйымдастырады. Қүпия түрде ағасының бой өлшемін алып, соған шақтап өрнекті сандық жасайды. Бірде, құдайлардың көңіл көтеруі кезінде, Сет сандықты әкеліп, кімнің денесі мен бойына шақ келсе, соған сандықты сыйға тартатынын жариялайды. Отырғандардың ешқайсының ойына сандық шақ келмейді, оған ең соңғы болып Осирис кіреді. Осы сәтті күтіп тұрған қаскөйлер сандық қақпағын жабыла жауып, шегелеп, Ніл өзеніне ағызып жібереді. Осирис пен оның баласы Гор туралы аңызда жарық пен түнектің арпалысы айқын көрсетіледі. Осирис өлгеннен кейін жұбайы Изида босанып, Гор дүниеге келеді. Ай құдайының көмегімен Сетті жеңген Гор әкесін тірілтеді. Бірақ, жеңіс толық, түпкілікті болмайды. Осирис жер асты әлемінде қалады. Жеңімпаз Гор тек күндіз үстемдік жүргізсе де, түнді Сетке беруге мәжбүр болады. Демек, күнделікті тұрмыс тәжірибелерінде көзге түсетін күн мен түн ауысуының аңыздық діни түсінігі, әлем құпиясын тануға талпыныс ежелгі Мысырда ерте пайда болады. Аңыз бойынша, кейде күндіз де қиянатшыл қара Түнек құдайы аз уақыт болса да, нұрлы Күн құдайын жеңіп, өз жеңісін тойлайды.
Ежелгі мысырлықтар күннің тұтылуын: «Сет жабайы қабан бейнесінде Горға шабуыл жасап, оның бір көзін ойып алады. Көзінен айырылып, ауруға шалдыққан құдайды Тот емдейді, жанарын қалпына келтіреді» деп түсіндіреді. Гор зұлымдықты жеңіп, жердегі өміршеңдікті, өнімділікті қамтамасыз етеді. Ал о дүниеге барғанда өлілер патшалығына билігін жүргізеді.

ІІ. Егіншілікпен байланысты наным-сенімдер және патшаны құдай деп тану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне Египет мәдениеті
Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Ежелгі Рим діні
Ежелгі Египеттің діні
Ежелгі тарихи діндер
Мәдениет туралы түсініктің тарихи дамуы туралы
Көне Мысыр діні
Ежелгі Египет мәдениеті
Әлемдік өркениеттер
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz