Бизнес идеяларды таңдау


КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ
СТУДЕНТТІҢ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Студенттің аты-жөні
НҰР-СҰЛТАН 2019Әдістемелік құрал: "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы бойынша студенттерге арналған жұмыс дәптері / Е. С. Дүйсенханов, Н. Е. Жұлдызбаев, А. С. Успаева, А. С. Өтепқалиев, С. Атагельдинова - "Атамекен" ҰКП - Нұр-сұлтан: "Шаңырақ-Медиа" ЖШС, 2019 ж. - 200 б.
Әдістемелік құрал: «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған жұмыс дәптері қазақстандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, менеджмент, маркетинг, қаржы, бизнестің операциялық қызметі, стартап жобаларды бизнес-моделдеу бойынша базалық білімнің кіріспе курсын қамтиды. Әдістемелік құрал студенттердің кәсіпкерлік ойлауы мен XXI ғасырдың негізгі дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін оқытудың практикалық-бағдарлы моделін жүзеге асырады.
Әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру студенттері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес Қазақстанды жаңғырту контексінде және жарияланған басымдықтардың бірі - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру арқылы бизнесортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге арналып жасалынған.
ISBN
© «Атамекен» ҰКП, 2019
МАЗМҰНЫ
10. 1.
11. 1
Құрметті студент!
Бұл курсты оқу барысында сіз базалық және кәсіби құзыреттілікке ие бола аласыз, яғни интеграцияланған есептер, іскерлік және тәжірибе, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шеше аласыз., сонымен қатар сіз өз бетіңізше маркетингтік зерттеулер жүргізе аласыз және клиенттерді тарту және ұстап қалу бойынша сату техникасын қолдана аласыз, операциялық қызметтің; бизнес-модельдер мен бизнес-жоспарды құрудың; бизнестің құқықтық негіздерін; идеяларды іске асыру үшін қажетті өмірлік маңызды дағдылардың; электрондық қызметтерді қолдану, бизнесті масштабтау және кәсіпкерліктің жауаптылығының мәнін түсіне аласыз.
Осы курс "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша факультативтік сабақтар түрінде енгізіледі. Пәнді оқытудың мақсаты-білім алушылардың кәсіпкерлік қызмет негіздерінен базалық білім алуы, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуі; өз таңдауына және кәсіпкерлік ойлауды, белсенді өмірлік позициясын қалыптастыруға жауапкершілікті дарыту; қазіргі нарықтық жағдайларда болашақ дербес іс-әрекеті үшін практикалық дағды базасын құру болып табылады.
Курс келесі міндеттерге қол жеткізуге бағытталған:
- білім алушыларда кәсіпкерліктің теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет туралы білім жүйесін игеру;
- өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдары үшін жауапкершілікті тәрбиелеу;
- білім алушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді көре білуді қалыптастыру;
- бизнес-идеяларды генерациялау және оларды кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдыларын меңгеру;
- бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің өзгермелі жағдайларында бизнес-модельдеу және бейімдеу дағдыларын дамыту;
- білім алушыларда жеке қаржылық сауаттылық пен бизнес-жоспарлаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
"Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы 11 бөлімнен тұрады. Курстың ұзақтығы 36 академиялық сағат. Қорытынды нәтиже бизнес-жобаны қорғау және сертификат алу болып табылады. Әрбір бөлімнің соңында сынақ жұмыстарына арналған тапсырмаларды бағалау келесі критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады:
- теориялық және практикалық білім көлемі;
- командада жұмыс істей білу;
- креативтілік;
- нақты мәселелерді шешу үшін білімді қолдана білу; 5) өз мәтіні мен презетнациясын қисынды жасай білу; 6) шешендік қабілеттер.
- Кәсіпкерлік ойлау;
- Кәсіпкерлік түрлері;
- Кәсіпкерліктің мәні
Таяуда Қазақстан дамудың келесі кезеңіне өтті. 2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласын жария етті. Осы еңбегінде Мемлекет басшысы қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап өтті: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; елдің эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы ("Рухани жаңғыру"бағдарламасы) .
Кәсіпкерлер экономикалық қатынастардың қатысушылары ретінде осы процесте жетекші рөл атқарады. Қазақстанды және қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ету; әділдік пен прагматизм негізінде серіктестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас жасау; ұлттық бірегейлікті жоғалтпай, бизнесті жүргізудің үздік инновациялық тәсілдері мен тетіктерін таңдау; бизнес-процестерге жаңа білім мен технологияларды әкелу кәсіпкерлердің қолынан келетін іс; олар елдің эволюциялық және ашық дамуына көмектеседі.
Кейінірек біз кәсіпкерлердің экономика үшін маңыздылығын талқылаймыз. Қазір кәсіпкерлердің кім екенін және олардың басқа - кәсіпкер емес адамдардан айырмашылығы қандай екенін екенін талдаймыз.
1-тапсырмаТөмендегі кестеге өз ойларыңызды жазыңыз.
Кәсіпкер
Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы - олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие - олар белсенді, жауапты және нәтижені мақсат тұтады.
XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер айтқандай, ойлау типі осындай адамдар әрқашан өзгерістер іздейді, оларға жауап береді және оларды мүмкіндік ретінде пайдаланады. Олар әлемді өзгертуге ұмтылады және осы себеппен, Evernote бас директоры Фил Либин пайымдауынша, компанияларды ашады. Американдық инвестор Джеймс Алтачердің пікірінше, олар сәтсіздікке төзе алады, идеяларды генерациялай алады, осы идеяларды сата алады, осы идеяларды жүзеге асыра алады және өз қателіктеріне қарамастан, алға қарай келесі әрекеттерге ұмтылады. "Ашока: қоғам үшін инновациялар" коммерциялық емес қорының негізін қалаушы және төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер Билл Дрейтон оладың қиындықты көре білетінін және оған жауап іздейтінін растайды. Garage Technology Ventures компаниясының басқарушы директоры, Apple Computer компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Гай Кавасаки олар үшін бизнес - жұмыс емес, болашақты өзгертетін ақыл-ойдың күйі екеніне сенеді.
Қарапайым адам пассионарлық тәсіл принциптерін ұстамайды (мақсатқа ұмтылу және көптеген адам үшін құрбандыққа шалуға дайындықты білдіреді), ол өте сақ болады, тәуекелге ұшыраудан қорқады және ешқашан өз еркімен ешқандай жұмысты мойнына алмайды, қиындықтардың алдында ол басын ала қашады және кім келіп, оған не істеу керек екенін айтар екен деп күтеді. Тығырықтан шығудың амалы ретінде ол кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдарға үміт артады.
Кәсіпкерлік ойлау - XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл - ойлап табушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсені - армандарды іске асыру қабілеті.
Сонымен қатар бұл - өте жоғары бейімделушілік (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған іске жылдам әрекет ете білу) - адамның өзгермелі жағдайларға икемделе алу қабілеті, икемді болу, қалыптасқан жағдайлардда эволюциялану (дами білу), қалыпты сценарийлермен әрекет ету мүмкін емес кез келген жағдайдан пайда таба білу, өмірге мүмкіндіктер әлемі деп қарау.
"Шын мәнінде, мен ақша таба аламын деп күткен жоқпын. Тапқан табысым жалдау ақысы мен азын-аулақ азық-түлік сатып алуға жетсе, маған сол жеткілікті болатын. Бірақ ақыр соңында, мұның бәрінің құнды екеніне көзім жетті. Қателесуден қорықпау керек. Ең бастысы - әр жолы жаңа қателіктер жіберу", - деп есептейді кәсіпкерлік ойлаудың символы болған Илон Маск . Дәл осы ойлау қабілеті Маскқа төлемдердің электрондық жүйесін жасап, қаржы әлемін өзгерткен PayPal стартапын құруға, ғарыштық зымырандарды құрастыратын әлемдегі алғашқы жеке компания - SpaceX негізін қалауға, Tesla электромобилін жасауға, бүкіл қалаларды және т. б. жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренуге мүмкіндік берді.
Жуырда ғалымдар адамның бизнестегі табысы үшін жауап беретін арнайы "кәсіпкерлік гені" жоқ па деген сауал қойды.
Көптеген табысты кәсіпкерлерді талдай отырып, зерттеушілер адамның бизнестегі табысқа жетуіне әкелетін қасиеттердің жиынтығын анықтауға тырысады.
Мысалы, Тулса университеті кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Роберт Хисрич кәсіпкердің келесі басым мотивтерін атап көрсетеді: тәуелсіздікке, іс-әрекет бостандығына, шығармашылық жұмысқа және капитал құруға ұмтылу. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер үстемдікке, билікке, ықпалға, жеңіске деген жігерге, қарсыластармен және өзөзімен күресуде табысқа, шығармашылық қуанышқа ұмтылысты атап көрсетеді. Колорад университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Томас Дуэнинг кәсіпкерге қажетті бес негізгі дағдыны атап өтті: мүмкіндіктерді тану, жобалау, тәуекелдерді басқару, сәтсіздікті бастан кешіре білу, жоспарлауға емес, әрекеттерге бейімділік.
Массачусетс қаласындағы Бабсон колледжінің зерттеушілері 1985 жылдан 2009 жылға дейін 4000 студентті зерттеді және кәсіпкерлік бойынша бірнеше курсты таңдаған адамдар бір ғана курсты алған адамдарға қарағанда өз бизнесін жиі ашқанын анықтады. Цюрих университетінен Уши Бакес-Гельнер және Зигендік Петр Моог кәсіпкерлердің және жалданып жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты анықтау үшін 2000 неміс студентін зерттеді. Олардың пікірінше, білімнің бір ғана нақты саласын игерудің орнына, жаппай бар нәрседен үстіртін хабары бар адам бизнес жүргізуге бейім болады. Тар шеңберлі мамандар оларға бағынышты болады. Олар стэнфордтық экономист Эдвард Лейзирдің кәсіпкер туралы теориясын "барлық іске шебер" деп растады. Ол көптеген пәндерді оқитын және түрлі салаларда жұмыс істейтін студенттер қалғандарына қарағанда кәсіпкер болады деп санайды.
Көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтап, мынадай қорытынды жасауға болады: кез келген адам кәсіпкер бола алады . Өз ісін өмір тарихы, мінез-құлқы мен мақсаттары мүлдем әртүрлі адамдар ашады. Тек бизнесте іс жүзінде табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс. Біріншіден, олар шын мәнінде ойына алған істі істегісі келеді. Екіншіден, жетістіктерді үлкен емес, кішкентай қадамдардан бастау. Үшіншіден, әрбір кішкентай қадамнан кейін өз идеясын зерделеу және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадамды жасау.
2-тапсырмаӘр түрлі ғалымдар анықтаған кәсіпкердің барлық қасиеттерін жинақтайық. Олар: 1) тәуелсіздікке ұмтылу, 2) іс-әрекет еркіндігі, 3) шығармашылық жұмыс, 4) капитал құру, 5) үстемдікке, билікке, беделге ұмтылу, 6) жеңіске деген ерік-жігер, 7) қарсыластармен және өзімен күресте табысқа ұмтылу, 8) мүмкіндіктерді ажырата білу, 9) жобалай білу, 10) тәуекелдерді басқара білу, 11) сәтсіздікті бастан өткере білу, 12) жоспарлау емес, әрекеттерге бейімділік.
Енді сіз осы қасиеттерді кестеде тарата аласыз: бірінші бағанада - сізде бар қасиеттер, екіншісі-сізде әлі жоқ қасиеттер.
Біз мұндай кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық. Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік - адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға пайда әкелетін және рахат сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.
3-тапсырмаКәсіпкерлердің қандай игіліктерді өндіре алатыны туралы ойланып көрейік. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар, болжамдап көріңіз.
Кәсіпкерлік әртүрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі мыналар болып табылады: B2C, B2B және B2G.
Business to Consumer B2C (яғни "тұтынушыға арналған бизнес") - бұл өндіруші немесе сатушы өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара әрекет жасайтын кәсіпкерлік түрі.
"Business to Business" B2B, (яғни, "бизнеске арналған бизнес") - өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске өткізетін кәсіпкерлік түрі.
Business to Government B2G (яғни "мемлекетке арналған бизнес") - қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске емес, мемлекеттік құрылымға өткізетін кәсіпкерлік түрі.
Егер сіз кез келген дүкенге кірсеңіз, сөрелерде көптеген азық-түліктерді, мысалы, сүтті көресіз. Ол сүт фермасында өндірілген. Фермада сиырлар бар, оларды ең соңында соңғы тұтынушы - біздер сатып алатын негізгі өнім - сүтті алу үшін бағып-қағады. Бұл B2C бизнестің үлгісі.
Бірақ ол сүтті сату үшін оны Tetra Pak қаптамасына, пластик немесе шыны бөтелкеге құю қажет. Барлық осы қаптамаларда қақпақтар мен заттаңбалар болуы тиіс. Қаптаманы, қақпақтарды сататын және сүт фермасына арналған заттаңбалар шығаратын компаниялар - бұл B2B-бизнестің мысалдары.
Бизнес жасай алатындардың барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады, бұл - тауарлар мен қызметтер.
Тауарлар - ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйуге болатын материалдық заттар немесе бұйымдар. Тауарды кімнің өндіргені, станокта кімнің тұрғаны, оны кімнің қаптағаны тауарға маңызды емес. Тауарларды сатып алуға, үйге әкеліп, пайдалануға болады.
Қызметтердің заттай нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады. Қызметтер деп шаштараз, мұғалім, пәтер сатушыға сатып алушыны, кеңесшіні және т. б. табуға көмектесетін риелтордың жұмысын атауға болады. Қызмет үшін оны кім өндіретіні өте маңызды, қызметтің нарықта танымал болуы қызмет өндірушісінің шеберлігі мен кәсібилігіне байланысты. Нашар шаштаразға ешкім бармайды, сондай-ақ клиенттің қиындықтарына көмектесе алмайтын кеңесшіге де ешкім бармайды.
Осы екі жіктеменің тоғысында ("B2C, B2B, B2G" және "тауар немесе қызмет") бизнестің көптеген түрлері туады.
Олардың әрқайсысынан бірнеше мысал келтірейік.
B2C тауары - дүкенде сатып алуға болатын кез келген тауар - азық-түлік, киім, техника және т. б.
B2C қызметі - бұл сіз өмір бойы үнемі алатын қызметтердің кез келген түрі - шаштаразға бару, курстарда оқу, салтанатты іс-шарадағы фотограф қызметі, егер сізге сенімхат немесе ата-аналардан шетелге шығуға рұқсат алу қажет болса, нотариус қызметі және т. б.
B2B тауары - кейіннен пайдаланушылар сатып ала алатын соңғы өнімді алу үшін қажет кез келген қосалқы тауарлар. Бұған буып-түю, кез келген полиграфиялық арналған заттаңбаларды, визиткаларды немесе баннерлерді басып шығару, автомобильдер мен техникаға арналған қосалқы бөлшектер, құрылыс компаниялары үйлер салатын кірпіш өндірісі және т. б. жатады.
B2C қызметі - бұл соңғы тұтынушы үшін емес, бизнес үшін көрсетілетін кез келген қызмет. Оған өзіне белгісіз нарыққа шыққалы жатқан фирмаға консалтингтік агенттік көрсететін консультациялық қызметтерді, бизнеске арнап сайттар жасайтын вебстудияларды, банктерді, зерттеу институттарын және т. б. жатқызуға болады.
Әдетте тауарлар өндірісі бастапқы үлкен шығыстармен байланысты. Егер сізде сүт фермасы болса, ол жұмыс істеуі үшін сізге сиыр сатып алу, сиырлар жайылатын жайылымдық жерлерді сатып алу, мал қора салу, жұмыскерлерді - мал дәрігерлері мен техниктерді жалдау керек. Есесіне сіз өз қаражатыңызды салып, процесті реттегеннен кейін, ол сіздің тұрақты араласуыңызды талап етпей, жұмыс істейтін болады, ал шығындар сіз алатын кірістермен өтеледі. Сиырлар сатып алынған жерде жайылады, жалданған сауынышлар сиыр сауады, мал азығы мен қызметкерлердің жалақысы сүт сату арқылы өтелетін болады.
Тауар өндірісі әр түрлі тәуекелдерге байланысты. Ол көптеген стандарттарды сақтауды талап етеді, яғни әр түрлі құзыреттердің болуын талап етеді. Сүт фермасын ашу үшін көп бастапқы салымдар қажет. Сонымен бірге сиырлар ауырып қалуы мүмкін, сүт қажетті сапаға сәйкес келмеуі мүмкін, кәсіпкер нарықтың қажеттілігіне қарағанда көбірек сүт өндіруі мүмкін және тауар көп мөлшерде артылып қалуы мүмкін және т. б. Бұл ретте өндірушінің жауапкершілігі де өте көп: ол серіктестермен жасалған ыдыс, қақпақ, қаптама және т. б. сатып алу бойынша барлық уағдаластықтарды сақтауы, мемлекетке салық төлеуі, сүт клиенттерге зиян келтірмеуі үшін санитарлық нормалардың сақталуын қадағалауы, фермадағы іс қалай жүрсе де барлық қызметкерлерге жалақы төлеуі, өз өнімдерінің сапасын қадағалауы және т. б. тиіс.
Қызмет көрсету өндірісі, әдетте, стартта азырақ қаржы құюды талап етеді. Егер сіз веббағдарламашы болсаңыз, сізге керегі - жұмыс іздеу сайтында өз қызметтері туралы хабарландыру орналастыру, қуаттылығы жеткілікті компьютер сатып алу және бірінші тапсырыстарды күту. Бірақ қызмет көрсету өндірісі өндірушілердің үнемі тұрақты назарын талап етеді. Өйткені оның сапасы, қызмет көрсету деңгейі және т. б. қызметтің өтуіне тікелей әсер етеді. Уақыт өте келе сіз жұмыстарыңызды атқаратын бағдарламашыларды жалдай аласыз, бірақ оған дейін қаражат табудың көзі сіздің толық назарыңыз бен еңбегіңізді талап етеді. Жұмыс істемесеңіз - қызмет көрсетпесеңіз немесе қызметті нашар көрсетсеңіз - сіз қаражатсыз қаласыз.
Егер сіз тұтынушыларға немесе басқа фирмаларға қандай да бір мәселелер бойынша кеңес берсеңіз де, сізге үнемі өзгерістерден хабардар болып отыру керек. Риелтор сатуға қойылған барлық пәтерлерден хабардар болуы, қаланың әртүрлі аудандарында пәтердің бағасы қандай екенін білуі, әртүрлі факторларға байланысты олардың өзгеруі мүмкін екенін түсінуі тиіс. Мысалы, бұрын үйдің жанында бос жер болды, терезеден қарағандағы көрінісі онша тартымды емес еді. Енді ол жердің орнына саябақ салынды, саябақтың жанында сауда орталығы мен бірнеше мейрамханалар пайда болды, әрине үйдің де бағасы сәйкесінше өседі.
Қазақстандық бизнес әлемді жақсы жаққа қарай өзгертетін табысты В2В, В2С және
B2G жобаларының көптеген мысалдарын паш етіп отыр. Мысалы, B2C Kaspi экожүйесі . "Kaspi дүкен" - Kaspi. kz онлайн-платформасының бір бөлігі, ол қаржы қызметтерін, онлайнмаркетплейсті, онлайн-төлемдерді, мобильді қосымшаны, бонустық бағдарламаны қамтиды. "Kaspi дүкен" әр түрлі сатушылардың тауар бағасын салыстыруға, қолайлы нұсқаны таңдауға, сатып алуды бөліп-бөліп немесе несиеге ресімдегісі келген жағдайда, сондай-ақ тауарды кеңсеге немесе жұмысқа жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Мобильді қосымша интернет-дүкен, төлемдер, банк, бонустық бағдарлама, "Kaspi Гид" сұрақтарына жауап сервисі және Kaspi Bank бөлімшелері, терминалдары және "Kaspi Maps" барлық банктерінің банкоматтарын іздеу бойынша сервисті біріктіреді. 2018 жылы Kaspi. kz-тегі дүкен "Қазпошта" АҚ нұсқасы бойынша Қазнеттің интернет-дүкендері арасында бірінші орынды иеленді. "Kaspi дүкен" үшін маңызды оқиғалардың қатарына, сондай-ақ Kaspi Goldпен төлемді қосу, жаңа 15 қаланы кеңейту, ассортиментті қосу (жиһаз, сантехника, Құрылыс материалдары, шиналар), "Kaspi жеткізу"сервисін дамыту жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz