Мартин Хайдеггер өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы ҚазақҰПУ ның Жаратылыстану және география институты

6В01512-Химия-биология
Мамандығы

СӨЖ
Пән атауы: Философия
Тақырыбы: М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары.

Дайындаған: ХБК 5 тобының студенті
Сәрсенғалиқызы Асылтас
Тексерген: Батырханова Әсел Қалманханқызы

Жоспары:
I. Кіріспе.
1. Мартин Хайдеггер өмірбаяны.
I. Негізгі бөлім.
1. М.Хайдаггер философиясы
2. Онтология ұғымы
3. М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары.
4. Мартиннің философиясы мен қазақ философиясы.
II. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger) -- неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол Құрлықтық философия (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның Болмыс және уақыт (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.

Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.

1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде Психологизмнің тұжырым ілімі атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды.

1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын. 1920 жылы қазанда Фрайбург университетіндегі сабақ сағаты жетіспеген соң Гуссерль Хайдеггерді Марбург мектебінің үлкен өкілі, Марбург университетіндегі Пауль Герхард Наторпқа таныстырады. Ол кезде Хайдеггер Гуссерль бас болып құрастырған Философия және феноменологиялық зерттеу жылнамасының VII томында өзінің Аристотель туралы көлемді мақаласын басуға әзірленіп жатқан болатын. Ол 40 беттік қолжазбаны екі нұсқа етіп бастырып, біреуін Наторпқа жіберіп береді. Наторп қолжазбаны оқыған соң қатты таңырқап, жас философтың идеясына тәнті болады да, дереу Гуссерльге қабылдау туралы хабар жібереді.

1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын (the Hütte) салдырып,] Болмыс және уақытты жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды. Теолог Рудольф Бультманн (Rudolf Bultmann), Эрнст Фридлендер (Ernst Friedländer), Николай Гартман (Nicolai Hartmann), неокантшыл философ Пауль Наторп (Paul Natorp) қатарлылар Хайдеггермен бірге жұмыс жасады. 1925 жылы жазда Уақыт ұғымының тарихы атты дәріс қолжазбасын таярлады. Бұл Болмыс және уақыттың алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиіс болатын. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында оқшау жатып Уақыт ұғымының тарихы дәріс қолжазбасын Болмыс және уақыт кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. Бұл мезгілде Гуссерль де Тодтнаубергке келіп, оның "дүниедегілік" ұғымын талқылаған екен. Келесі жылы ақпанда Болмыс және уақыт Феноменология жылнамасының VIII томына енді және жеке кітап болып та басылып шықты. Жарты жылдан кейін Берлиннен ресми профессорлыққа бекіту мәлімдемесі келіп жетті.
1928 жылы Гуссерль зейнетке шықты. Хайдеггер Марбург университетіндегі жұмыс орнынан бас тартып, Фрайбург университетіне барып Гуссерльдің орнына философия сабағын берді. 1931 жылдан бастап Хайдеггердің Германия нацистік партиясымен байланысы қоюлады.[16] 1933 жылы Адольф Гитлер құрған нацистік Неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясына мүше болды және Фрайбург университетінің ректоры болып тағайындалды. Оның ректорлық баяндамасында (Rektoratsrede) нацистік үгіт-нәсихат сөздері де мол болды. Ол университетте "еңбек ету міндеті, әскери міндет және білім-парасат міндеті" сынды үш міндет туралы айтты.[17] Бір жылға жетпей 1934 жылы ректорлықтан бас тартса да нацистік партиядан тек соғыстан кейін ғана шықты.[18][19][20]

1946 жылы Француз әскери билігі Хайдеггердің нацизммен байланысына бола оның университетте сабақ беруін шектеу бұйрығын жариялады.Нацизмнен арылту 1949 жылға дейін жалғасты. Бірақ одан нацизмдік қылмыс дерегі табылмаған соң ақыры оны жазалау күшін жойды. Сөйтіп 1951 жылы құрмет мәртебесі беріліп, сабақ беруіне мүмкіндік туды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін Фрайбург университетінде тұрақты сабақ берді және 1967 жылдарға дейін ұсыныспен сабақ өтті. Соғыстан кейін ол экзистенциализмдік мағынада көптеген шығармалар жазды. 1976 жылы 26 мамырда адамзаттың ой-парасат тарихына бірегей идеяларымен үлкен ықпал еткен ойшыл Мартин Хайдеггер өз туған жері Месскирхта 86 жасында қайтыс болды және Католик шіркеуі дәстүрі бойынша жерленді.

II. Негізгі бөлім

1. М.Хайдеггер философиясы
Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.
Ол заманауи мода болған ұғымдардан - шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.

2. Онтология ұғымы
Онтология (гр. ontos - болмыс, logos - ілім) - философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі. Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология - "мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім" ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология - болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология "болу" деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.

Болмыс (бытие) катег Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс -- бар болып отыр-ғанның (сущее). өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін -- бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория.

Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде космос, дүние, табиғат ұғымдарын атауға болады, бірақ болмыс категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең.ориясы огтологиялық философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Болмысқа қарсы категория -- болмыс емес (небытие) немесе болмау (кейбір ғалымдар қазақтіліндегі фило-софиялық әдебиетте биболмыс ұғымын да қолданып жүр).
Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Ре-алды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құнды-лықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмыс деп таниды.

Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам бол.мысы; әлеуметтік болрухани болмыс; материалдық заттар мен олардың тусінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.

Тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Онын санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мартин Хайдеггер
Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі
Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Болмыс ілімнің онтологиясы
М. Хайдаггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Заттар болмысы
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Болмыс және тіршілік. Болмыс және тіршілік
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Пәндер