Еңбек қорғауды басқару жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
1. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... . ..6 1.1 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 1.2 Қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 1.3 Еңбек қорғауды басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 9 2. ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 2.1 Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 2.2 Қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14 2.3 Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері ... ... ... ... ..19 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру Бұл тақырыпта 2 тарауды қарастырдым. Бірінші тарауда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қандай мемлекеттік органдар басқаратынын және қызметкерлердің құқықтарының кепілдіктері туралы жаздым. Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде атап айтар болсақ, оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз. Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстар да айтылып отыр. Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі - ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін тексеру отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңына орай, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті. Қазіргі таңда, сондай ақ Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, осы ұйым бөлімшелерінің басқа жетекшілері ұйымдағы тұрақты әрекет етуші ұйымдарда (ТӘЕК-тен) оқытылып, білім тексеруінен өтуге тиіс. Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Еңбекті ұйымдастыру - жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші - адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер - еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны - мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру. Еңбек Кодексінде сәйкес, қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi. Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады.

1. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 1.1 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару
Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегi уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi қағидаттары мыналар: 1) өндiрiстік қызмет нәтижелерiне қатысты қызметкердiң өмiрi мен денсаулығын қорғау басымдығы; 2) өндiрiстік факторлардың қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиянды әсерiнiң қайтымсыз салдарын болдырмау; 3) нормативтік құқықтық актілер әзiрлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласында талаптар белгiлеу; 4) еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу; 5) еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау жөніндегi уәкiлетті орган, оның аумақтық бөлiмшелерi және жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкілдерi арасында келiсілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету; 6) еңбек қауiпсiздігінiң және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы мен растығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын белгiлеу;
2) еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласында ұйымдастыру тәртібiн белгiлеу және мемлекеттiк бақылау жүргiзу;
3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құра отырып ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргізу тәртібiн белгiлеу;
4) еңбек қауiпсiздігі және еңбек қорғау проблемалары бойынша зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыреті
1. Еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретiне мыналар жатады:
1) еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау проблемалары бойынша зерттеулер бағдарламаларын әзiрлеу;
3) еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiнде мониторинг өткiзу;
4) басқа уәкiлетті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкілдерiмен еңбек қауіпсіздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестiру және өзара әрекет ету;
5) еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласында салааралық нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқыту және аттестаттау;
6) еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру;
7) заңда белгіленген тәртіппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға зерттеу жүргiзудi уақытылы және объективті бақылауды жүзеге асыру;
8) еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
9) Қазақстан Pecпубликасының заң актілеріне сәйкес еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде:
1) еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету жолымен еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына азаматтардың конституциялық құқықтарын iске асыруына бақылауды;
2) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiби сырқаттың себептерiн талдау және олардың алдын-алу жөнінде ұсыныстар әзiрлеудi;
3) өндiрiстегі жазатайым оқиғаларды заңдарда белгiленген тәртіппен зерттеудi;
4) еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк орган бекiткен ережеге сәйкес ұйымдағы еңбектi қорғау және еңбек қауіпсiздiгін қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен адамдардың еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмiн тексерудi;
5) өндiрiстiк тағайындау объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысуды;
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өтiнiштерiн қарауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1.2 Қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
Ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда әйелдердiң және жасы он сегiзге толмағандардың, сондай-ақ бұл жұмыстар денсаулық жай-күйiне қайшы келетiн адамдардың еңбегiн қолдануға тыйым салынады. Әйелдердің және он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегiн қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайлары ауыр, зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауiптi) өндiрiстердiң, кәсiптер мен жұмыстардың тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіпті) және қолайсыз өндiрiстiк факторлары бар жұмыстарға адамдар қабылдауды жұмыс берушi алдын алу медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтік құқықтық актiлерiмен бекiтілген талаптарға сәйкес денсаулық жай-күйi бойынша терiс айғақтардың болмауы айқындалғаннан кейiн жүзеге асыруға тиiс. Он сегiз жасқа толмаған адамдар міндеттi алдын алу медициналық тексеруден өткеннен кейiн ғана жұмысқа қабылданады және одан әрi, он сегiз жасқа толғанға дейiн жыл сайын міндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс. Жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi мерзімдiк медициналық байқаудан және тексеруден өткiзудi заңда белгiленген тәртiппен өзiнің жеке қаражаты есебiнен ұйымдастыруға міндетті. Қауiптілiгі жоғары жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдында медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап ететiн кәсіптердің тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Медициналық қараудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
Жұмыскердің еңбек қызметi процесіндегi еңбек қауiпсіздігіне және еңбектi қорғауға берілетiн құқығының кепілдiктерi ұйымдардағы, әр жұмыс орнындағы еңбек қауіпсiздiгiнің жағдайлары еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жөнiндегі стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиісті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау талаптарын ұйымның бұзуы салдарынан жұмысын тоқтатқан уақытқа қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады. Қызметкер өзiнің немесе айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртiптiк жазалауға және (немесе) оған материалдық айып салуға әкеп соқтырмайды. Қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етiлмеген жағдайда жұмыс берушi қызметкерден еңбек міндеттерiн орындауды талап етуге құқылы емес және осы себеп бойынша туындаған тоқтап тұруға жеке еңбек немесе ұжымдық шартқа сәйкес ақы төлеуге тиiс. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда оған келтiрiлген өтем Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсiби ауру немесе зиянды жәненемесе қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалуы байқалған жағдайда жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзінде қызметкердi өзiнің келiсiмi бойынша денсаулығына терiс айғағы жоқ басқа жұмысқа ауыстыруға тиiс.

1.3 Еңбек қорғауды басқару жүйесі
Еңбек қорғауды басқару жүйесіне жоғарғы Мемлекеттік билік пен Прокурорлық қадағалаудан басқа мемлекеттік басқару мен салалық, ішкі және қоғамдық бақылау кіреді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік басқаруды еңбекті қорғаудың ережелері және нормаларын ескере отырып Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіндегі еңбекті қорғау Департаменті жүргізеді. Мемлекеттік органдарга Мемлекеттік энергетикалық қадағалау, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Госгортехнадзор, Мемлекеттік өртті қадағалау, қоршаған ортаны қорғау бойынша Мемлекеттік комитеті кіреді. Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің немесе қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауына тексеру жүргізуі жолымен жүзеге асырылады.
Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:
1) жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру. Бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен асырылмай, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты - үш жылда бір реттен жиі емес өткізілуі тиіс.
2) жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы туралы өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететін фактілерді анықтаған немесе осындай бұзушылықтар белгілерінің болуын куәландыратын немесе өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу кезінде анықталған құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алған жағдайларда жүргізіледі.
Мемлекеттік еңбек инспекторы жоспардан тыс тексеру немесе өндірістегі жазатайым оқиғаға тексеру жүргізген жағдайда, жоспарлы тексерулер тексеру жүргізу жоспарын бекіткен лауазымды адаммен келісім бойынша басқа мерзімге ауыстырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларына төмендегілер жатады:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады. Жұмысшыларының саны 50-ден асатын өндірісте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі. Жұмысшыларының саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандық лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.
Өндірісте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсіпорында қоғамдық бақылауды кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Жұмысшылардың республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады. Әрбір министрлік өзіне бағынатын өнеркәсіптерде еңбекті қорғау жөнінде салалық бақылау жүргізеді. Өнеркәсіп орындарының әкімшілік тарапынан да еңбекті қорғау бойынша үш сатылы бақылау жүргізіледі.. Бақылау жұмыс орындарында, өндіріс учаскілерінде, цехтарда жүргізіледі.
1- саты бойынша бақылауды күн сайын учаске бастығы және еңбекті қорғаудың қоғамдық инспектрі жүргізеді.
2- саты бойынша цех бастығы және еңбекті қорғау бойынша аға қоғамдық инспектор басқарған комиссия жүргізеді.
3- Саты бойынша директор немесе бас инженер басқаратын комиссия жүргізеді.

2. ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
Қызметкерлер саны 100-ден асатын өндiрiстік ұйымдарда еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау қызметiн құруға міндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнің мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстік қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйым қызметiн тоқтатқан жағдайда ғана жойылады. Қызметкерлер саны 100-ге дейiнгі ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешiмді жұмыс берушi осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды.
Еңбек қауiпсiздігі, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары саласындағы нормативтер техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердің еңбек қызметi процесінде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды, ереженi, рәсiмдер мен өлшемдердi белгiлейдi. Еңбек қауiпсiздігі, еңбектi қорғау және еңбек жағдайлары саласында салалық нормативтердi әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. Жұмыс берушi ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеудi және бекiтудi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк орган бекiткен тәртіппен жүзеге асырады. Өндірiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қойылатын еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптары мемлекеттік стандарттардың, еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нормалар, санитарлық және құрылыс ережелерi мен нормаларының талаптарына жауап бермейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта жаңғыртуға, технологияларды әзiрлеу мен пайдалануға, машиналар мен тетiктердi, жабдықтарды және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Еңбекті қорғауды басқару кәсіпорында тиіс кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болу
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
OHSAS менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
ЕҢБЕКТІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары
Еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру
Еңбекті қорғау пәні
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Пәндер